Ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы



Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774, қазіргі Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Арықбұлақ ауылы - 1860, Қызылқұм) - батыр. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.
Осындай зорлық – зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмда жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын, Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774, қазіргі Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,
Арықбұлақ ауылы - 1860, Қызылқұм) - батыр. Сыр бойы қазақтарының Хиуа,
Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық
көтерілісінің басшысы. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал
теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе
бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа
өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария,
Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы
қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын
тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып,
1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып,
бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.
Осындай зорлық – зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан
әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне
топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының
жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған
жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған
қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды.
Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмда жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан
хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа
салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас
біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың
мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы,
Cушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын, Құрман би араша
түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап,
Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі
қоқандықтарды қуады.
1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген
қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа
жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан
бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман
биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының
Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа
хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе
деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп,
алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей
жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен
Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді.
1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды
Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас
сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы
қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-
жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа
бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр
бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады.
Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы
көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты
жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.
Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары
Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ
ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір
жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700
сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала
бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің
бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды.
1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа
қарсылық көрсетпеді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В. Обручевпен
жолығып сөйлескен Жанқожа оны мен орыс әскері жергілікті халықтың
тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан
қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады.
Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл
кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық
комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі
болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын
Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды орыс заңында мұндай салық мүлде
жоқ деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа
көтеріліске шығуға мәжбүр болады.
1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны
қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл
жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса,
1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал-
губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт
бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса
сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын
аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас
болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы
тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы
отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.
Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа
ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында
көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына
адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып
есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды.
Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен
елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер
тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз
отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп
кетеді.
Жанқожа батыр — 19 ғасырдың орта шеніндегі Сыр бойы қазақтарының Хиуа,
Қоқан отаршылдығына қарсы күресін суреттейтін жыр. Айтушысы — Мысабай
жырау, ол Қазалы маңындағы Қаракөл елді мекенінде тұрған. Жинаушысы – И. В.
Аничков. Ол Санкт-Петербург универсететі шығыстану факультетінің түлегі,
Сырдария губерниясының әр түрлі аймақтарында сот қызметін атқарған,
Орынбор, Түркістан ғылым қоғамдарының белді мүшесі болған. Аничков жырды
1893 жылы қағазға түсіріп, кейіннен Қазан уневерситетінің археология,
тарих, этнография қоғамының хабаршысында жарияланған. Шығармада Сырдың
төменгі ағысындағы қазақтардың Хиуа хандығына, әсіресе, Бабажан сартқа
қарсы күресі жырланады. Жанрлық тұрғыдан келгенде бұл тарихи жыр.
Онда Кенесары, Төлек, Арынғазы, Есет, Бекет, Бабажан, т.б. тарихи
тұлғалар мен Үргеніш, Бұхара, Райым секілді жер-су атаулары көптеп
кездеседі. Жекелеген ру аттары да көрініс тапқан. Жанқожа батыр жырының
көлемі шағын, 161 жол. Тілі көркем:
Қазаққа сарт та қылды үлкендікті,
Көркемдік Жәкең барда еш кемділті,
Қаласын Бабажанның бұзып алып,
Қазаққа алып берді бір теңдікті
- деген жолдар он бір буынды өлшемге құрылған.
Мысабай жыраудан жазылған осы жыр үлгісін Сәкен Сефуллин  Жаңа
әдебиет журналының 1926 жылғы 5- санында араб әрпімен жарияланған.
Жанқожа жайлы өлең деп аталған жырдың осы үлгісі Талғат
Қоңыратбаевтың  Ертедегі ескерткіштер  ( 1996 ) атты зерттеуінде қайта
басылған. Қазақстанның орта ғылыми кітапханасында  Жанқожа батыр  жырының
бірнеше үлгісі сақталған. Олар  Жанқожа батыр ,  Жанқожаның тарихи ,
 Жанқожа батыр мен Бабажан сарт . Айтушылары – Мысабай, О. Сұлтанов, Л.
Шаңғытбаев. Бұл нұсқаулардың біреуі қара сөзбен, өзгелері өлеңмен жазылған.
Жинаушылары – М. Ахметов, Баймұхамбетов, С. Бөлекпаев, К. Көрегенов,
Қалижанов, Қ. Сұлтанов, Н. Қарабатыров.т.б.
Жанқожа батыр ауылы – Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы ауыл,
Арыңбалық ауылдың әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы-Қазалы
қаласынан солтүстікке қарай 12 километр жерде, Сырдария жайылмасының қамыс,
құрақ басым өскен шалғынды сортан топырақты шөлдік белдемінде орналасқан.
Тұрғыны 1,7 мың адам (1999). 1962-1997 жылы Қазақстанның 40 жылдығы
атындағы Қаракөл кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан
Жанқожа батыр ауылында және округіне қарасты Шәкен, Шиелі, Шалқұм
аудандарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Округте 4 мектеп, бала-бақша,
кітапқана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшір-акушерлік
пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолымен қатынасады.
Ел аузында Жанқожа батырдың Созақ қамалын алмаққа келген қазақтың соңғы
ханы – Кенесары қолымен бірігіп жасаған шабуылдары жөнінде біраз әңгіме
сақталған. Батыр осы жолы әуелі өзінің жігіттерімен Созақ қамалына көмекке
келе жатқан Қоқан әскерінің алдынан шығып, оларды талқандап, кері қуып
жібереді. Содан кейін Созаққа қайта оралып, Кенесары қолымен тізе қосып,
қамалды алысады. Қамалдың қақпасын бұзып, алдымен ішке кірген осы Жанқожа
батырдың сарбаздары болыпты. 

Елін, жерін азат ету жолына бар өмірін арнап, сырт жаумен арыстандай
айқасқан есіл ер қартайған шағында, ауыл сыртындағы төбенің басында намаз
оқып, құдайға құлшылық етіп тұрған жерінде өз қандастарының қолынан
қапылыста қаза табады.
Ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы

Бұл оқиға 1850 жылы болып еді.
Батырдың бәйбішісінен Итжемес, тоқалынан Берді, Жолшы деген ер бала. Екінші
ұлы Бердінің өліміне себепші Жанқожаның өзі. Батырдың үйіне, кім екенін
нақты білмедік, ғұлама қонаққа келеді. Намазға ұйиды. Сол кезде таяқты ат
қып мініп шапқылап ойнап жүрген баласы ақ киімді адамның көлбеңдеген ұзын
киімін қызық көріп, сәждеге жығылып жатқанда көйлегі түріліп, көрініп
қалған ұмасын сыртынан түртіп келіп қалады. Шошып түскен ғұламаның намазы
бұзылады. Баланы қуып жіберіп, қайта бастайды. Баланың балалығы ұстап,
қызық көріп, мәз боп әлігіні тағы түртіп берекесін алады. Сөйтіп екеуі
арпалысып отырғанда уақыты да өтіп, намаз біржола бұзылады. Үйіне келсе,
“намазым қаза болды” деп, қонағы мұңайып отыр екен. Жанқожа қатты ашуланып
зекиді, бәлкім қолы да тиген болар. Бала ұзамай үш күннен кейін-ақ көз
жұмған.
Бізге батыр әлдеқандай бір діни мектептен сабақ алды деген дерек жеткен
жоқ. Сауатсыз екені рас. Бірақ көкірегі ояу. Қосымқожа Сәйекені пір тұтып,
сөзін тыңдап, жанынан тастамай беймағлұм жайлардан содан түсінік алып
жүргені анық. Батырдың ислам жолын мықтап ұстағандығында дау жоқ. Алланың
ақ жолын барынша берік ұстанған батыр, жау жабықтан найза сүңгітіп
тұрғанның өзінде намазын бұзбаған.
Ұрыс ойыншық емес, не жауыңа не өзіңе кәдік. Екінің-бірі. Жауының осал
еместігін жақсы білетін батыр алдын ала келісім бойынша Жаңақалаға келе
жатып, аттап өте алмай әкелері Нұрмұхаммед пен Өтегенге арнайы жылқы сойып,
зиярат етіп, көтерілісшілерді бір күн күттіріп алды. Қазалыға 10-15
шақырымнан қоршау қойып тышқан жорғалатпай орыстарды әбден састырып ертең
бір күн аламыз деп отырып тағы да Қылышбай қорымына ата-бабаларына зиярат
етуге кетті. Тап осы сәт қалың тұманды пайдаланып Р.М.Фитингоф пен Елікей
Қасымовтың отрядтары қалаға енді. Батырдың осы жолғы діндарлығы мүлдем
зиянға шықты, егесіп тұрған жау күш біріктіріп алды.
Көтерілісшілер қансырай жеңілді. Басқаша болатындай жөні жоқ еді.
Жарақаттанып қалған батырды ауылы тұсынан өтіп бара жатқанда Асан
Пұсырманның Әйімбеті: “Жәке, үйден сыбағалы тамағыңды жеп, тынығып
аттаныңыз”,– деп тізгініне жармасады. Сонда батыр сәл ойланып: “атадан келе
жатқан малың қайсы еді?” депті, дейді бізге осы әңгімені жеткізушілер.
”Анау, әне ақ іңген тұр ғой”. “Онда соны сауып бір тостақ сүт әкеле ғой“
Батыр көлігінен түспеген күйі бір тостақ сүт сіміріп, батасын беріп әрі
жүріп кеткен екен.
Жанқожа бұл заманның ұғым-түсінігіне мүлде сыюы қиын таңқаларлық тақуа адал
адам еді.
Орыс өкіметі батырдың басқан әр қадамын аңдып отырды деп, жоғарыда айтылды.
Соның себебімен бізге жеткен бір мәліметті қазақша түсінікке аударғанда
шамамен былай болып шығады. Атақты жымысқы ұры бар екен. Атқа бір жамбастап
отырып алып, жалғыздан жалғыз ел кезеді, ыңылдап өлең айтып мүләйімсіп
жүріп, ұрлауға оңтайлы мал барлайды. Көпті сіңіре алмайды, кедей-кепшіктің
жалғыз-жарым қарасын қолды етіп жұртты әбден мезі еткен. Әрі ескертеді,
бері айтады, ет-тәттілігін, бұл ұрлығын қоймайды. Сол жымысқыға малын
алдырған, енді шұрқыраған жетімді қыстан қалай аман алып шығудың амалын
таба алмай әбден сасқан байғұс Жанқожаға жылап келеді. Батыр ұрыны ұстатып
алыпты. Өзі құттыққа күйеу екен, ыржалақтап жесе жиендерің жейді да деп
алдымен сонысын сәлеттейді. Ашуға мінген батыр болмайды. Жақайым екен, енді
сонысын алға тартып, аузына Сартай батырды алады. Олай болса батыр атаңа
бара ғой, ендігі малды сол жақтан жерсің деп әлігі ұрыны Сартайдың басына
сағағынан іліп қойған. Батырдың қаhарынан қорыққан жұрт өлікке бес күн бойы
жолай алмайды. Бұл 1849 жылдың күзінде болған оқиға.
Батыр тым бірбеткей, ретті жерінде шешімді өзі-ақ қабылдап, онысын қолма-
қол орындай беретін. Жазықтыларға өте қатал еді, Құдай жөндемегенді, амал
жоқ, қолы жеткен жерде өзі-ақ жөндеп жіберетін, билер шешімін күтіп отырмай
жазаға лайық деп тапса өзі-ақ жазалай салатын.
Күнәhар Бабажанды қазыққа отырғызды. “Баланың не жазығы бар” деп жауының
ұлы Қарабекті қасына адам қосып еліне қайтарды “Бұта екеш бұта да торғайға
пана болады. Хан басыңмен пана болмай өз еліңді жаумен қоса тонадың” деп
Жанғазы ханды алдына салып қырға жаяу айдап кетті. Ханның қара жорғасын
Төремұрат жырау қуана-қуана мініп алды. Жанғазы болса нағыз хан ұрпағы. Өз
әкесі Шерғазы, оның әкесі Әбілғазы, Әбілғазының әкесі Қайып. Хиуаға екі
Қайып, екі рет хан болған. Хиуа бұны Бабажанның қасына әкеп берген, демек
әлім жұртына бекітілген кішігірім хан болатын, Хиуаға да пәлендей беделі
жоқ-тын.
Абдолла ханды табақпен ұрды, Қылышбай ханға балта жұмсады, Жанғазы ханды
алдына салып жаяу айдады, кейін Кенесарыға қырын қарады. М.Тынышпаевтың
“Жанқожа батыр ешбір ханды да мойындаған емес” дегені рас сөз.
Шаруасымен жүріп дүрліккен қазақтардың ортасына түсіп қалған Иванов деген
III гильд көпестен мынадай дерек жетті бізге. Атқа қонған сарбаздар – екі
иығын жұлып жердей әбден ашынған жұрт балық аулап келе жатқан орыс шаруасын
ұстап алып, жас жігітті дедектетіп батырдың алдына алып келеді. Әні-міне
шабамыз деп тап-тап береді. Батыр жауап алады. “Кімсің?” “Бәленшенің
баласымын.” “Не ғып жүрсің?” “Ауру әкеме балыққа шықтым.” ”Туыстарың бар
ма?” “Жалғызбын.” “Шешең қайда?” “Суға кеткен.” “Әкең нешеде?” ”Сексенде.
Науқас. Жас сорпа ішемін деп мені күтіп отыр”. Батыр ойланып қап: “Бейшара
шал жалғыз баласынан айырылған соң жылап қалады ғой” деп әлігіні босаттырып
жібереді.
Жанқожа жүрегі жылы өте мейірбан адам еді.
Осы жерде мынаны да айта кету парыз. Батыр жауым да жан иесі, ол қапыда
кетпеуі керек деп, қашықтан тиетін садақ, мылтық, тіпті ұзын сапты найза
сияқты қаруларды ұстамаған. Ғұмыр бойы талайлармен айқаса жүріп айбалта не
шолақ найза ғана пайдаланған. Адалдықпен қолына сенген “Шолақ найзалы
Жанқожа” деген атаудың қалыптасуы сол.
Жанқожа негізінен әділдік пен күшке сенген ғасырлар бойы қалыптасқан
далалықтардың адал ұрысы – жекпе-жек дәстүрін жан алқымға келгенге дейін
берік ұстанған ең соңғы батыр. Бұл кісі ата жауының өзін де қапыда алуды
харамдыққа жатқызған.
1993 жылы батырдың бейнесін шығаруға республикалық бәйге жариялануына орай
сол кезге дейін қолға түскен деректердің барлығын түзіп; “Жас алашқа”
арнайы мақала бастырғам-ды. Онан кейін де қолға бір дерек іліккен. Бұл да
бұрын айтылған, жазылғандарды бекерге шығармайды, қайта оларды мақұлдай
түседі. Сонда шөберелері болып келетін Қабылан Көрегеновтің суреттеп
жазуынша шамамен батырдың бейнесі мынадай: “Жанқожа төртпақ, орта бойлы,
шарты келген ет бетті, ат жақты, қалың қабақ, айна көз, сұрғылт бетті, қара-
сұр, ұзын сақал кісі еді. Арқасында желкесінен құйымшағына дейін жалы бар
еді. Жауырыны қақпақтай, үстіне түйе жүн шекпен (шекпен ішінен сауыт киіп,
белдемше тағатын), басына қара далбай немесе тымақ киетін. Аяғына етік,
беліне кісе буатын-ды”. Ұрпақтарының бірінің қолында сауыттың ішінен киген
төрт бөліктен тұратын темір белдемшенің бір бөлігі сақталған. Белдемшенің
екі шетінде шығыршық ілінген тесіктері бар. Тиген найзалардан қалған із
болу керек, темірдің өзі бірнеше жерден ішке қарай ойысқан. Сол белдемшенің
төрттен бір бөлігінің биіктігі – 18,5, ені – 22,5 см.
Нағыз көтеріліс басталған кезде жазалауға міндетті тікелей әскер басшылары
болмаса патшалық Ресейдің этнографтары мен зерттеушілері И.В.Аничков,
Н.Г.Веселевский, Э.Мейер, Н.Маев, А.И.Макшеевтер батырдың адами болмысы мен
тұлғасына, ісінің әділдігі жөнінде ғайбат айтпаған. Бұлардың қай-
қайсысылары да батыр харекетінің ақ, ісінің адал екендігін мойындаған.
Батыр тірі кезінде көресіні өз ағайындарынан көрді, көз жұмылған соң да бұл
кісінің ісі талай тәлкесекке түсті.
1947 жылы жас та талантты тарихшы Е.Бекмахановтың “ХIХ ғасырдың 20-40
жылдарындағы Қазақстан” деген монографиясы жарық көрді. Әркімнің де құдайы
бар, айтары жоқ, зерттеу салмақты, материалға бай. Осы еңбек шығу бойына-ақ
ғалымдарды қатты дүрліктірді. Тарихшылар негізінен екі жікке бөлінді. Еңбек
алдымен 1948 жылдың 28 ақпанында КСРО ғылым академиясының тарих
институтында, сонан соң сол жылдың 14-19 шілдесінде Алматыда бес күн бойы
талқыланды. Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Якунин 1950 жылдың 26 желтоқсанында
“Правда“ газетіне мақала жариялап, Кенесары көтерілісін Кеңіс идеологиясына
жат, демек бұл еңбек залалды деп тапты. “Правда“ газетінің бір сөзін
бекерге шығару құдайдың жағасынан алумен бірдей кез. Енді 1946 жылы “Есет
және Жанқожаның көтерілістерінің мақсаты – патша басшылығы мен Қоқан, Хиуа
хандықтарының қысымшылықтарына қарсы күрес”, “Халықтық күрес” деп бағалаған
Е.Бекмаханов 1957 жылы кілт айнып түсті. “Сонымен 1856-1857 жылдардағы
Жанқожа Нұрмұхаммедовтың қозғалысы кертартпа және феодалдық ұлттық қозғалыс
болды”. “Жанқожа Нұрмұхаммедов өзінің күресі арқылы Қазақстанда
ортағасырлық патриархалды тәртіпті мәңгілікке орнатып, феодалдық-діндік
элементтердің үстемдігін нығайтуға тырысты.” Бұнысы аз болғандай: ”Ғазауат
ұранымен өткен Жанқожа Нұрмұхаммедовтың қозғалысы етек алды“, “Оның үстіне
көтеріліс кезінде Жанқожа өзін қаныпезер, қанаушы және Хиуа ханының
пікірлесі ретінде көрсетті” “Хиуа ханы жағына шығып, оған да жан тәнімен
берілген одақтас” деп жерден алып жерге салып, мүлдем ақылға сыймайтын
тұжырымдарды айтты. Ақылға симайтын, бірақ саясат деп аталатын екіжүзді
қақпақылға сиятын. Феодал емес нағыз қара шаруа екендігін де дәлелдеп
жатпалық, Хиуа батырдың туғалы арпалысып келе жатқан ата жауы екендігін де
былай қоялық, қыстың көзі қырауда қолдарында айыр, кетпені, жауына бірі
өгізге мініп, бірі жаяу шығып жүрген қара сирақ кедейдің басына “ғазауат“
деген аса асқақ ұғымның келуі жараға жауыспайтынын да былай ысырып қоялық,
халық үшін кеудесін оққа төсеп жүрген қартты сол халықтың өзіне қарсы қою
қай ақылға сыюы мүмкін. Сөйтіп екі адамның бас араздығы үлкен әрі мүлт
кетпейтін сенімді шоқпар-саясатқа келіп телінді. Бұл жанқиярлық ерлік
ұғымды тәрк ету, бүтіндей бір халықтың намысын қорлау, негізсіз мұқатып,
жігерін құм етуден өзге не дейсің.
Айтпай кетуге болмай тұр. Ат жалын тартып мінгелі Хиуамен арпалысып, оның
талай-талай басқыншылығын тойтарып, қамалдарын бұзып, батырларын өлтіріп
жүргендігін тізбей-ақ қоялық. Хиуа ханы батырдың бір ағайынына оны өлтіру
туралы арнайы хат жазып, тапсырма бергендігі жайлы ауызша әңгіме бар-ды. Ал
мынау мұрағатта хатталып тұрған құжат:
“Жеңімпаз, жаулап алушы Хорезм Шахы.
Құрметті, сыйлы және адал Есет батырға.
Ханның қайырым–шапағаты мен мейрімділігіне сендіре және үміттендіре отырып,
білдіремін: Егер сен тілеу-қабақ руының ержүрек жігіттерімен бірге
Жанқожаны тірілей ұстап не өлтіріп әкеп берсең, сөйтіп менің тапсырмамды
орындасаң, шексіз құрметке, қайырым-шапағатқа және жебеушілікке, басқаларға
қарағанда құрмет пен ылтипатқа ие боласың. Ал олай жасамасаң, мен тілеу-
қабақ халқын ойрандаймын.
1260 жылдың дүйсенбісінде бата дарыған рамазан айының 10-ны күні жазылды.”
Кеңестік аса сақ саясаттың кесірінен тірісінде көрген зәбірі аздай өзі
өлген соң да бір жарым ғасыр бойы батыр жарыққа емін- еркін шыға алған жоқ.
Мүлде ұмытылуға да бет алған-ды. Кешеге дейін “мынау сендердің батырларың”
– деп солдаттар Жанқожаның суретін салып қойып атып жаттығатын. Жұртқа
құбыжық етіп көрсетілді. Үрей қолдан туғызылды. Батыр жайлы аңыз әңгімелер
мен хикаяттар дер кезінде жиналған жоқ. Соның кесірінен батырға байланысты
талай-талай деректер о дүниеге көне көздердің өздерімен бірге кетті.
ХIХ ғасырдағы Сырдарияның төменгі етегін Ресейдің жаулап алуы жөнінде
әңгіме болған жерде батырдың іс-әрекеті аталмай қалған емес. Жоғарыда
айттық, олардың бір де бірі Жанқожаның көтерілісі жайлы ғайбат айтпаған,
батырды тікелей жазалауға тиісті әскерилер болмаса, басқалар тұлғаның іс-
әрекетін жоғары бағалаған, бірақ бас-аяғы бүтін арнайы зерттелмеген. Кеңес
Одағы кезінде көтерілістің жай-жапсарын ғылыми түрде байыпты зерттеген
ғалым тек Т.Шойынбаев қана. Оның өзі де ұлтаралық саясаттан секем алып,
көптеген ушықты жайттарға жоламаған, білсе де білмегенсіген.
Тойымбет Күлімбетов, Елеусіз Едігеев, Өмірзақ Ахметов, Бегімбай Қосаев,
Аханжан Келімбетов, Балымбет Көптілеуов, Балмағанбет Меңдіқараев тәрізді
бұлардан да тыс көптеген авторлардың қолжазбалары мен әңгімелерінен
бірсыпыра деректер жетті бізге. Солардың ішінде анағұрлым жүйелі Тойымбет
Күлімбетовтің әңгімелері аты анық аталмай шикі күйінде пайдаланылып жүр.
Жылымық жылт еткен сәт 1991 жылы Асан Досжановтың сауатты аударасымен
И.В.Аничковтың еңбегі бұқараға жетті.
Мұсабай, Т.Меңдібаев, Ж.Шаңғытпаев, Нұрсұлтан Жұбатов, Лұқпан Кенжеұлы,
Орнықбай Сұлтанов бастаған авторлардың көркемдік дәрежелері әр түрлі
оншақты дастандары бар. Олардың бірсыпырасын қазір-ақ жұртқа ұялмастан
шығарып беруге әбден болады.
Батыр аты оқулықтарға ене бастады. “Ештен де кеш – жақсы”, тарихтың жөні
түзелді.
Осының барлығы мынабір аласапыран заманда кейінгі жас ұрпаққа шамшырақ,
отан сүюдің, еліне қалай қызмет етудің үлгісі, бағыт-бағдары.
Бір әттеген-айы, бұрынғы емес, қазіргі сауатты жұрт күтіп отырған батырдың
аса күрделі өмір жолы мен арпалысын, тағдырын, бар бітім-болмысын өз
заманымен астастыра суреттейтін басы бүтін толыққанды көркем шығарма тумай
жатыр. Қолға тиіп жүргендер үзіп-жұлынған эпизодтар ғана. Әйтеуір жоқтан
жақсы демесең ауызекі айтылған үш-төрт қарияның әңгімесінен, оның үстіне
шала журналистік жалаңқай баяндау болса, ондай дәлдүріш жазбаларды батырдың
бойына сай салмақты шығарма деп мойындай алмайсың.
Әр істің себеп-салдары бар. Аруақты қадір-қасиет тұтқандықтан жұрт батырдың
аты жазылған бір тілім қағазды аяқ астына тастамайды. Солай екен деп халқы
күтіп отырған тақырыпты қалпақпен ұрып алатындайын көру ең сыпайылап
айтқанда, желік, әруақ атын саудаға салу.
Жанқожа күрделі заманда күрделі ғұмыр кешкен аса қиын тұлға. Оның ортасын,
араласқан адамдарын, қала берді өзін түгелдей зерттеп, түсініп алмай асығыс-
үсігіс шығармасымақ құрастыра салу ол кісі туралы түсініктің кемшіндігінен,
қадір-қасиетін жете білмеуден.
Заманалар өтеді. Жапырағын жайған жас ұрпақ келеді әлі. Олар да “Осы біз
кімбіз?” деген сауалға талай рет жауап іздейді. Міндетті түрде тектерін
іздеп, саралайтын болады. Оларға ең бастысы-шалағай ұғым, жалған дәріп,
жеңіл-желпі шала-шарпы, шикілі-пісілі дүмбілез дүние қалмауы тиіс. Шығарма
екендігі рас болса, батырдың өз деңгейіне лайық уақыт тезіне сай көркем
болғанын күтуге құқымыз бар.
Азғантай халқының азаттығы үшін арыстанша арпалысып, бүкіл Қап тауын дүр
сілкіндірген Шәміл алып империяға шамасы келмей титықтай-титықтай келе
ақыры сол империяға бас иген. Тірі, әрі құрметті тұтқыны болған. Жаужүрек
батырдың тілегі қабыл болып, Меккеге қажылыққа барған жерінде дүниеден
өтті. Көтібардың Есеті өз жұртын жатқа бермеймін деп арпалыса-арпалыса келе
ақыр соңы орыспен келісімге келуге мәжбүр болды. Тіпті шен, дәреже де алды.
Пәленбай жылы табаны тозып жүріп жауласқан Саржан төре де шаршай келе соның
кебін киді.
Қарағайға қарсы біткен бұтақтай, қасық қаны қалғанша дегенінен қайтпай
жауымен арпалысып өткен саусақпен санауға ғана келетін батырлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс
Патша өкіметінің езгісіне қарсы күрес
XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы ұлт-азаттық көтеріліс
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліске қатысуы
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы Хиуа хандығымен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы хиуа хандығымен рассйге қарсы ұлт-азытық күресі
БЕЛГІБАЙ ШАЛАБАЕВ ЖАНҚОЖА БАТЫР ЖЫРЫ ЖАЙЫНДА
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774-1860) бастаған көтеріліс
Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өмір деректеріне шолу
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Пәндер