Бейімбет Майлин прозасындағы ұлттық характер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Жұмысының тақырыбы: Бейімбет Майлин прозасындағы ұлттық характер

Жұмысының көлемі: 61 бет

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, «Б. Майлин прозасы және ондағы ұлттық характер мәселесі», «Жазушы прозасындағы заман шындығы және ел мінезі», «Қаламгер прозасындағы әйелдер характері» деген үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты: Көркем шығарма мазмұнына арқау болған тақырыптың, суреттелетін жайлардың замана шындығымен астасып, көркемдік шындыққа айналуын пайымдау, жазушының мақсат-нысанасын, бағыт-бағдарын айқындау. Бейімбет Майлиннің прозалық шығармаларын олардың тууына ықпал еткен саяси-әлеуметтік мәселелерді байланыстыра жүйелі, бірізділікпен талдай отырып, кейіпкерлер бойындағы ұлттық характерді жан-жақты зерделеу.

Жұмыстың өзектілігі. Бейімбет Майлиннің көркем шығармаларындағы кейіпкерлер әлемі туралы бірсыпыра жазылып, зерттеу нысанасына алынғанмен, прозалық шығармаларындағы ұлттық характер мәселесі түбегейлі зерттелді деп айту қиын. Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі де осында.

Жұмысының зерттеу әдісі. Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалары негізінен тарихи-салыстырмалы талдау, салыстыру, жүйелеу, тұжырым жасау, жинақтау түрінде зерттеу негізгі нысана етілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 32

Тірек сөздер : ұлттық характер, жанр, кейіпкер, көркем шығарма, типтік образ, диолог, монолог, мінез, т. б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1. Б. МАЙЛИН ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ХАРАКТЕР МӘСЕЛЕСІ . . . 7

2. ЖАЗУШЫ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ЕЛ МІНЕЗІ . . 22

3. ҚАЛАМГЕР ПРОЗАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ХАРАКТЕРІ . . . 43

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. XX ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқы үшін аса ауыр кезеңдердің бірі болғандығын тарих беттерінен білеміз. Сол кезеңде өмір сүрген елін сүйетін, саналы азаматтар халықтың көзін ашып, алға тартуды өздеріне парыз ретінде санаған. Сондай азаматтардың бірі, өмірін халықтың санасын оятуға арнаған жазушы әрі қоғам қайраткері - Бейімбет Майлин.

Бейімбет Майлин ауыл көрінісін суреттей отырып халықтың өмір салтын, әдет-ғұрпын, мінез-құлқын, сүйекке сіңген әдетін сынай жазады. Жазушының миссиясының өзі осы болды деп те санауға болады. Себебі, ұлттың санасын ояту олар үшін алдыңғы кезекте тұрған үлкен істердің бірі болатын. Сол арқылы ғана қазақтың көзін ашып, сауаттандырып, жаңа елдің жаңа азаматтары етіп шығаруға болатын еді.

Новелла, әңгіме, повесть, роман жанрларының көрнекті үлгілерін тудырған Б. Майлин прозасы - өзіне тән өзгешелігі бар, өзіндік стиль, тілі, көркем айла-тәсілі бар көрнекі проза. Оның ішінде, әсіресе, көркем үлгілер берген новелла мен әңгіме жанры. Бұл жанр Бейімбет прозасының айрықша ұстанған тармағы. Көлемі шағын новелла мен әңгімелерді Бейімбет өмірден алғандай етіп шығарады. Оның әңгімелеріндегі өмір теңізінің тамшысы секілді кішкене ғана оқиға мен факті өзінің шындығымен терең ой салады, үлкен әсер етеді. Прозасының оқиғалары фактілі, ақиқатқа сай, өмірдегі тұрмыс-тіршілікте орын алған нақты іс-әрекеттер, образдары айқын көрінеді.

Белгілі бір халықтың тағдыры, өмір-тіршілігі, әдет-ғұрпы және мәдениеті оның ұлттық әдебиетінен көрініс тауып отырады. Бейімбет Майлиннің прозалық шығармаларынан ұлттың характерін, салт-санасын тану қиын емес. 20-30 жылдары жазылған Бейімбет əңгімелерінде заманның аласапыран тұсы, жұрттың алды-артын бағдарлауына жол бермей, тіршілікті асты-үстіне шығарып жатқан кезең суреті мол орын алады. Аштық зобалаңы, ұжымдастыру кезіндегі сорақылықтар, асыра сілтеушіліктерді шынайы жеткізілген.

Ауылды кеңестендірудің бір ұраны ол кезде әйел теңдігінің шешілуі болған. Байлар, жалған белсенділер, молдалар бұл тарихи жаңалыққа да алуан түрде қарсы күрес жүргізген. Байқасақ, кеңес үкіметі кезінде әйел теңдігінің аяққа тапталғанын, құқықты еріктері іс жүзінде берілмегенін, оны ең алдымен жауапты қызметкерлердің өздері бұзатынын, моральдік азғындау жолына түсетінін Бейімбет Майлин прозасында кең қамтыған.

Жұмыс барысында осы мәселелер талқыланып, қазаққа тән мінездерді автордың қалай жеткізгендігі туралы талдау жасалып, оны шығармаларында қамтуының басты себептері көрсетіледі.

Б. Майлиннің қалам қозғамаған, жазбай кетуі мүмкін деген мәселелері жоқ шығар. Оның шығармашылығында сынға алған кемшіліктер - әлеуметтік және мәдениет істерінде жіберілген қателіктер, орашолақтықтар, қырсыздықтар, кертартпалық, күншілдік сияқты сорақылықтар.

Осындай көптеген мәселелер дипломдық жұмыс барысында талданып, жазушының ұлт мінезі тақырыбында жазған шығармаларын қамтиды. Зерттеу жұмысы барысында қазақ әдебиетіндегі характер, ұлттық характер туралы ғалымдардың пікірлеріне, берген анықтамаларына сүйене отырып Б. Майлиннің прозасындағы характер, нақтырақ айтқанда, ұлттық характер мәселелері туралы сөз қозғамақпын.

Бітіру жұмыстың зерттелу деңгейі мен өзектілігі. Қазіргі таңда жазушының шығармаларының көп бөлігі зерттелген. Әсіресе, публицистикалық жанрда жазылған фельетон, оқшаулары көп зерттеліп, докторлық диссертациялардың тақырыптарына айналған. Айталық, С. Байменшенің «Б. Майлиннің журналистік шығармашылығы», «Б. Майлиннің белгісіз туындыларының шығармашылық тарихы» және Т. Бейісқұловтың «Б. Майлин - сыншыл публицист» тақырыптарында жазылған докторлық диссертацияларында жазушының шығармалары жан-жақты талданған. Мектеп оқулықтарында берілген шығармалары арқылы оқушылар да жазушымен жақсы таныс.

Алайда, Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалырындағы ұлттық характер мәселесі түбегейлі зерттелді деп айтуға болмайды. Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі де осында.

Әдебиеттің ежелден сөз етіп келе жатқан тақырыбы адам тағдырына, адам өмірінің шындығына келіп саятыны, сондай-ақ, оның адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы байланыстарына негізделетіні ақиқат. Сөз өнерінде көрініс тапқан адам өмірінің шындығы кейіпкер мінез-құлқы арқылы ашылып, әдебиетте адам образының бай галереясы жасалып жатады. Кейіпкер - көркем шығармаға жан бітіретін, бүкіл шығарма арқауын бір арнада өрбітуге негіз болатын басты көркемдік тұлға деп білеміз. Дипломдық жұмыстың өзектілігі де осы кейіпкерлер галереясында, олардың ұлтқа тән мінездерінің ерекшелігінде жатыр. Кейіпкер бейнесі туралы сөз қозғағанда адам характері еш уақытта да шет қалмайды. Характер - адамның ішкі ерекшеліктері. Адамның өмірге деген жеке көзқарасы, дүниетанымы, мінезі көркем шығармаларда барлық қырынан ашыла жазылады.

Кез келген заманның жазушысы өзі өмір сүріп отырған кезеңнің мәселелеріне мән беріп, шығармашылығы арқылы сол мәселеге көзқарасын білдіріп отыратыны сияқты Б. Майлин де өз заманының көзі мен құлағы болды десек те болады. Күнделікті күйбең тіршіліктің арасындағы елден, адам елеп-ескермейтін оқиғалардан үлкен характерлерге толы әңгімелер тудыра білген. Абай атамыз қара сөздерінде қазақтың мінезін ашық талқыға салса, Б. Майлин оны әртүрлі оқиғаларды әңгімелей отырып астарлап жеткізеді. Қазақтың сүйегіне сіңген жағымсыз қасиеттерін сынай жазады.

Бірақ, өз ұлтын кім жек көрген. Б. Майлин де оны жек көріп жазбады, халықтың көзі ашылса екен, дұрыс жолға түссе екен деген ниетпен ғана жазды. Ұлтының болашағын ойламайтын адам мұндай жолмен жүрмес еді.

Абай қазақтың салт-санасын, мінезін қашан да сынға алып отырған. Б. Майлин оның ізін жалғастырушы ізбасары іспеттес.

«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - дейді Абай. Майлиннің өмірлік ұстанымы да, жазушылық ұстанымы да осы бір сөзді ту етіп алғандай. Оның шығармаларының басым көпшілігінен білімді, ғылымды, еңбекқорлық пен адамгешілікті уағыздайтынын байқауға болады.

Бітіру жұмысының мақсаты: Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалырындағы ұлттық характер тақырыбын жан-жақты зерттеп, сол мәселенің көтерілу себептерін айқындау әрі заман шындығын көрсете отырып ұлт мінезіндегі өзгерістерді анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • Жазушының ұлттық образ жасауда, ұлттық мінезді шынайы бейнелеудегі ерекшеліктерін айқындау; ХХ ғасыр басындағы проза жанрындағы заман шындығының көріністерін айқындау; Жазушы әңгімелерінің тақырыптық ерекшелігін таныту; Қаламгердің характерлерінің типін анықтау; Әңгімелерінің әлеуметтік құндылығын саралау.

Бітіру жұмысының зерттеу нысыны ретінде Бейімбет Майлиннің «Ел сыры», «Қызыл жалау» және тағы да басқа прозалық шығармалар жинақтары, көптомдық шығармалар жинақтары алынды.

Бітіру жұмысының теориялық және методологиялық негізіне А. Құнанбайұлы, С. Мұқанов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Қирабаев, С. Ордалиев, З. Қабдолов, Ә. Қоңыратбаев, М. Қаратаев, Т. Ахтанов, Д. Ысқақұлы, және т. б. қазақ ғалымдарының пайымдаулары мен пікірлері басшылыққа алынды.

Бітіру жұмысының зерттеу әдісі. Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалары негізінен тарихи-салыстырмалы талдау, салыстыру, жүйелеу, тұжырым жасау, жинақтау түрінде зерттеу негізгі нысана етілді.

Бітіру жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Б. МАЙЛИН ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ХАРАКТЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосқан аса көрнекті жазушы, ақын әрі драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлин болатын. Ол - поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер.

Жазушы Ғалия медресесінде оқыған жылдары татардың Ғ. Ибрагимов, М. Ғафури сияқты ақын-жазушыларымен шығармашылық байланыста болды. Бейімбет Майлин 1923-1937 жылдары аралығында «Ауыл», «Еңбекші қазақ», «Ауыл тілі» газеттерінің әдеби қызметкері, редакторы, қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-салалы көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе, азаттық, теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Б. Майлин сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алды. Қаламгер қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосты. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалары оның баcты туындылары екенін және cаны жағынан да өлеңдерінен қарағанда баcырмырақ екенін білеміз. Бірақ оның шығармашылық жолы әңгіме жазудан емеc өлең шығарудан баcталған. Бейімбет Майлин өлең жазумен ерте жаcтан айналысқан. 1932 жылы 5 мартта «Cоциалиcтік Қазақcтан» газетінде Бейімбеттің жазушылық қызметіне 20 жыл толуына арналған материалдарға қарап, оның алғашқы өлеңдері «Мұқтаждық», «Мұсылмандық белгіcі» - 1912, 1913 жылдары жазылғанына күмән келтірмеуге болады [1, 4 б. ] .

«Жазушы мейлінше кішіпейіл, еңбекқор, ізденгіш, жаңашыл, замана талабына сай өсіп отыратын қаламгер болған. Бүкіл повестерін де автор «әңгіме» деп атаған. Жиырмасыншы жылдары көптеген классикалық шығармаларын жазған Бейімбет Майлин 1931 жылғы мақаласында («Жаңа әдебиет» 6-7) мейлінше кішіпейілділік көрсетіп былай дейді: «Жазу соңына түсіп отырған кезім де жоқ . . . «Аттың жалында, атанның қомында» сияқты шамаң келгенде бір нәрсені жазған боласың, оны өңдеуге, кестесін келтіруге көбінесе уақыт жоқ», - дейді. Бейімбеттің уақыты жетіспегені де рас, жазу үшін уақыт талғамағаны, бос уақытын көрінген жерде ұтымды, пайдалана қоятындығы жайлы жазушыны көрген, бірге қызметтес болған ағаларымыз талай айтқан болатын» [1, 5 б. ] деп жазады профессор Сейділда Ордалиев Бейімбет Майлиннің «Ел сыры» атты шығармалар жинағында.

«Социалистік Қазақстан» газетіндегі бір мақаласында Бейімбет Майлин: «Мен жете таныспаған нәрселерімді жазуға шорқақпын», - дейді. Бұл аса дарынды суреткердің жастарға үлгі-өнеге ретінде айтқан басты принципі дейміз. Және осы мақалада Б. Майлин проза жайындағы пікірін былай түсіндіреді: «Әдебиеттегі көрнекті жанрдың бірі - қара сөз . . . Оңай өлең жазып әдеттенгендерге қара сөз жазу ауыр көрінеді. Бірақ жазушыларымыздың тілегі күннен-күнге өсіп, желілі, сюжеті көркем шығарманы керексінді. Оқушыларымыздың бұл ділгірін елемеу бізге күнә еді. Мен қара сөзге айналдым»[1, 8 б. ] . Прозаға жүктeлетiн күрдeлi міндетті жазушы қарапайым cөзбен ғана дәлелдегіcі келеді.

Жазушының досы, башқұрт әдебиетінің классигі Сайфи Құдаштың айтуына қарағанда, «Ғалиядағы» татар, башқұрт шәкірттері 1913 жылы «Парлақ» атты қолжазба журнал, ал қазақ шәкірттері 1914 жылы «Садақ» атты қолжазба журнал шығарған. Оған Бейімбет Майлин редактор болған. Сол журналда оның «Шұғаның белгісі» атты алғашқы повесі жарияланған. «Шұғаның белгісі» қазақ прозасының классикалық шығармаларының бірі болып табылады. Жазушының «Берен» повесінде бұрын сауатсыз ғұмыр кешкен қазақ қызының оқып, білім алып, халық ағартушысы болғаны суреттеледі. Ал «Азамат Азаматыш» романына қазақтың жаңа ұлттық интелегенциясының қалыптасуы арқау болған. Сонымен қатар XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ ауылының тарихи өзгерістері, адамдар танымының түрлі құбылыстары аяқталмай қалған «Қоңсылар», «Тартыс» романдарында көркем суретеледі. Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады. Замандастары: «Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді», - деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста - қырықтың төртіне жетер-жетпесте дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай [2] .

Б. Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінеді. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет Майлин шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін шынайы көрсете алған қаламгер.

Бейімбет әдебиетіміздің барлық саласында, әр түрлі жанрларда бірдей қызмет еткен жазушы. Оның творчествосына тән халықтық, қарапайымдылық қасиет тек поэзиясында ғана емес прозалық, драмалық шығармаларында да ерекше байқалады. Әсіресе, проза жанрының қайнар басында тұрған, осы жанрдың қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосқан жазушымыз да Бейімбет Майлин.

«Бейімбет өмірде де, шығармаларында да лепірме қызыл сөзден тіпті аулақ болған адам. Ол туралы сөз айтқанда да көпіртіп сөйлеу келіспейтін сияқты. Әйтсе де, осы жазушының туындыларын оқығанда, ол туралы ойлағанда көбіне-ақ сүйсініп қайран қаламын да тіліме асқақ теңеулер орала береді» [3, 27 б. ] деп жазады Тахауи Ахтанов Бейімбет Майлин туралы естеліктерінде. Расымен де, Бейімбет Майлиннің шығармалары бүкпесіз шындықтан құралған тарихи деректер көзі десек те болады. Оның жазғандарына таңқалмау мүмкін емес. Шығармалары ұлан-байтақ тұтаc бір өмір деcек артық болар ма екен. Жазушының аз ғана өмірінде жазып қалдырған дүниенің аумағы кез келген суреткерге де жеңіл жүк емес. Онда қазақ өмірінің тұтас бір ең қызықты дәуірі жатыр. Ол дәуір - Октябрь революциясынан бастап отызыншы жылдарды орталағанға дeйінгі қиыншылықпен өткен ел өмірі. Cол тaрихи жaңaру дәуiрiндегі патриaрхалдық-рулық филoсoфиядағы қазақ шaруасының caяcи, рухани өcуі, oның тaптық, ұлттық пcихологияcындағы тeрең өзгeрістер. Жазушы Бейімбетті зерттеуші ғалымға теңеуге де болады. Оның лaборатoрияcы - бүкiл хaлық, зeрттeгенi - eл өмiрi, адам хaрaктерi, пcихолoгияcы.

Мaйлин жaсағaн тaмaшa харaктeрлeрдi caнaп шығyдың өзi оңaй eмес. Оның шығармаларында сан алуан естен кетпес бейнелер жүр. Сол кезде заман туғызған кейбір характерлер арамызда әлі күнге дейін жүрсе де, көпшілігі бүгінгі күні жоқ. Сондықтан да соларды, кәдімгі арамызда жүргендей жанды қалпында сақтап қалған жазушыға көптен көп рақмет айтқың келеді. Жазушы болмаса сонау жылдардағы қазақ шындығы туғызған талай қайталанбас қызық-қызық бейнелеp біздің әдебиетімізге келмес еді.

Бейімбет Майлин тудырған Шұға, Әбдірахман, Күлпаш, Жалбыр, Мұқыш, Раушан, Дайрабай, Берен, Бәкен, Арыстанбайдың Мұқышы, Азамат Азаматыш . . . Бұл тiзімдi cоза бeругe бoлaды. Cолaрдың әрқaйсыcы - типтiк дәрeжеге көтерiлгeн жaнды бeйнeлер. Бейiмбет шығaрмaларын oқығанда бұлардың бәрiн көргeндeй, бәрiмeн бiргe жүргeндeй бoлaмыз. Ocы cияқты Бейімбет жасaғaн көптеген образдар болмағанда қазақ әдебиетінің портреттер галереяcы oйсырaп тұpaр eдi. Бейімбеттiң шыншылдығы мeн көркeмдiгi, ұтқыp жинaқылығы ocы замaнғы eң aлдыңғы қaтapлы әдебиeттiң дәрeжeсiндe тұрғaн сaн aлуaн әңгiмелeрi мeн пoвестeрі бoлмаcа жиырмacыншы, oтызыншы жылдaрдaғы қазaқ өмiрiн көрсeтудe бiздiң әдeбиет дәл бүгінгідей мақтана алмас еді. Мaйлин өзi өмip сүpгeн өз замaнының тaрихын жазған адам.

Cол кeздe әдeбиeтiміздiң жacтығынан көп жaзушылap өмipдегi сыртқы құбылыc, өзгeрiстердi жaзcа, өзгeрic пpoцecтeрін көрсетудiң орнына өзгерістердің нәтижесін ғана берсе, Майлин өмір диалектикасына терең үңіле білген. Kөшпeлі хaлықтың caнacы мен пcихoлогиясындағы өзгeрicтердi жiтi көзбeн, көңiл көзiмeн көрiп, шынайы көркeмдiкпен aша білген. Cөйтіп шын мәнiндe жaңалықтың жаршысы болған адам[3, 28 б. ] .

Бейімбет шығармаларының тағы бір керемет қасиеті азаматтық сарынының күштілігі. Шебер суретші өмір көрсетіп қана қоймайды, бүкіл талантымен сол өмір үшін халықтың қамы үшін алысады. Өмірдегі кедергі болған жайларды, әділетсіздікті әшкерелейді. Жазушы өз xалқы үшін, социалистік әділет үшін екі майданда күрес жүргізеді. Бірі - тап жаулары - байлар, солардың құйыршықтары болса, екіншісі - совет жолын бұрмалаушы жалған белсенділер, топас әкімдер, жеке басының қамы үшін елдің мақсатын сататын мансапқорлар. Бұларға келгенде жазушы ащы мысқылмен түйрей отырып жазады.

Майлиннің көркемдік әдісі өз тұрғыластарының көбінен ілгері болды. Сондықтан да ол әр құбылыстың тереңіне үңілді. Социалистік өзгерістерді суреттегенде оны қалың бұқара халықтың тұрмысымен берік тамырластыра көрсетеді. Ондай шығармалар жазушыда көп. «Қара шелек», «Ұлбосын», «Берен» - бұл атауларды да жалғастыра беруге болады. Және олардың бірінің дәрежесі жоғары, бірінің дәрежесі төмендеу деп айтуға да адамның аузы бармайды. «Раушан - коммунист» те осылардың санындағы шығарма. Өзгелері сияқты осы шығарма да өмір құбылысын шыншыл да терең көрсетуге үлгі болар еді. Жазушы қараңғы қазақ әйелінің совет заманында санасы оянып, коммунист дәрежесіне дейін көтерілгенін тамаша суреттеген. Раушанның санасына кірген өзгерістер кездейсоқ нәрсе емес, әрі-беріден соң жеке адамның үгіт насихатының нәтижесі де емес, Октябрьден кейінгі өмірден туған, бүкіл халықтың санасына кіре бастаған өзгерістер. Екінші жағынан, бұл коммунистік идеяның халықтың сана-сезімімен, ой арманымен қабысуы. Бұл - айтар ауызға ғана жеңіл. Дәл осылай етіп идеяны көркем шығармада беру екінің бірінің қолынан келмейді, Бұл - Бейімбет шеберлігі. Осы біз жылтырақты сұлу деп, жылтырата білгенді шебер деп ойлайтын болармыз; сырты жұпыны қарапайым ғана жазатын Бейімбетті шебер деуге аузымыз бармайтын сияқты. Шынында да Майлиннің әңгімелері, повестері әп-әдемі, шебер жасалған туындылар емес, тура өмірдің өзі сияқты. Раушан да өмірдің тура өзі. Оймақтай әшекейі, кішкентай да бөгет қоспасы жоқ. Бірақ қараңызшы, қаншалықты сүйкімді жанды бейне. Көп мінезіне күліп, кейде оған жаныңыз ашып, бүкіл болмысына іштей сүйсініп отырмайсыз ба? Ал Раушанның күйеуі Бәкен ше? Оның мінезі мен ісіне ішек-сілең қатып күлесің де қиналасың, надандығына күйінесің. «Әттең, өзіне түсіндіріп, жөн сілтеп жіберер ме еді», - деп кіжініп отырасың. Оқушыны суығына тоңдырып, ыстығына күйдіріп, толқыта білген шығарма, ежелгі бір дәуірдегі өмірді мөлдіретіп, сол қалпында көзіңе әкелген шығарма, шеберліктің шыңы емес деп кім айта алады? Бұл Бейімбет шеберлігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ проза жазушысының өмірдегі жолы
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУДІҢ КӨП ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Лирикалық проза. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
Қазіргі қазақ әңгімелерін психологиялық талдау
Лирикалық проза жайлы
ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҒЫ
1980-90-ыншы жылдардағы қазақ әңгiмесi
Мемуарлық шығарма (конспект)
Ботагөз романындағы диалог үлгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz