Ғалымдардың араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына білдірген пікірлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

СӨЖ

Тақырыбы: Ғалымдардың араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына білдірген пікірлері

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы, 20. .

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

a. Қазақ әліпбиінің құрастырылуы

b. Араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына ғалымдардың көзқарастары

III. Қорытынды

Кіріспе

Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың мәдениеті мен сауатын көтеруге көп еңбек сіңірген XX ғасырдың алңашқы жартысында өмір сүрген халық ағартушысы. А. Байтұрсынұлы қазақ тарихында ағартушылық, қайраткерлік істерімен үлкен орын алады. Оның қазақ халқына сіңірген еңбегі орасан зор.

А. Байтұрсынұлының еңбектерінің ішіндегі ең шоқтығы биік деп қазақ әліпбиін құрастырғанын айта аламыз. Сол кездері қазақтың нақты алфавитінің болмауы халықты оқытуда қиындықтар тудырған еді. Ағартушы ғалым осы бір қиындықтың басын шекен болатын. Араб алфавитіне негіздей отырып, қазақтың төл дыбыстарын таңбалайтын, жазуға да оңай қаріптер ойлап тапты. Сол әліпбимен А. Байтұрсынұлы қазақтың тұңғыш газеті - «Қазақ» газетін шығарып тұрды. «Газет -халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген еді Ахмет Байтұрсынұлы. Ал жазу турасына келгенде оның да халың үшін аса маңыздылығын ашып көрсеткен. Жазу дегеніміз - кез келген халықтың рухани деңгейі мен мәдени дамуын көрсететін негізгі құрал. Ғалым осы құралды ұлттық деңгейге көтеру жолында жан аямай еңбек етіп, тер төкті.

Қазақ әліпбиін, яғни төте жазуды орыстың саясаты өктем болып тұрған халық арасында қолданысқа енгізу көп қиындықтар тудырды. Қазақ қайраткерлері ішінде оны жақтаушылар мен қолдаушылар көп болды әрине. Бірақ бұл әліпби шикі, қолдануға қиындық туғызады, тіпті дұрыс емес деушілер де жеткілікті еді.

Қазақ әліпбиінің құрастырылуы

Халқымыз бұған дейін жазуда араб алфавитін ұзақ уақыт бойы қолданып келген. Бұл араб жазу жүйесінің мынадай кемшіліктері бар болатын:

  1. Бір дыбысты жазу үшін бірнеше әріптер пайдаланылатын;
  2. Сөзді жазғанда оның тек дауыссыз дыбыстары ғана таңбаланатын да, дауыстылары жазылмаған сөздің мағынасын түсіну қиындық тудыратын;
  3. Әліпбиінде дауысты дыбыстарды белгілейтін таңбалар саны үшеу ғана болғандықтан, бұл таңбалар тоғыз дауыстысы бар қазақ тілі үшін жеткіліксіз болды;
  4. «Мұсылманша са­уат ашу» әдісінде әріптердің таза араб тіліндегі дыбысталуы мен айтылуын жаттатумен ұзақ уақыт кететін;
  5. Ол кездегі жазба тілдің құрылымында араб, парсы, «ескі тілдің» сөздері көп қолданылатындықтан, қалың бұқараға емес, азғана топтың мүддесіне қызмет ететін.

Аталған жазудың осындай кем­шіліктері халықты сауаттандыру ісін тежейтінін түсінген А. Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тіліне ыңғайластырып, жақындатуды қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгізеді. А. Байтұрсынұлы бір халықтың әліпби (алфавит) жүйесін екінші бір халық қабылдағанда, оны өз тіліне «икемдеп, үйлестіру» қажеттігін, олай етпеген жағдайда әріп мәселесінің дұрыс шешім таппайтынын 1924 жылы өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде» ашық түрде айтқан еді. Ғалым сиезде сөй­леген сөзінде: «Осы күнгі жұрттардың бәрі де өзі шығарған әліпбиін тұтынып отырған жоқ. Бәрінікі де өзгеден алған әліпби. Еуропа жұрттарының тұтынған әліпбиінің түбі көне семит әліпбиі. Көне семит әліпбиін өз тіліне үйлестіріп финикий жұрты алған, онан грек алған, гректен латын, Еуропа жұрттары алған. Түркі әліпбиінің түбі де көне семит әліпбиі, олардан куфалықтар алған. Куфалықтардан араб өз тіліне үйлестіріп алған. Арабтан Иран, Түрік және басқа мұсылмандар алған. Солардың қайсысы да бірінің әліпбиін бірі алғанда тұрған қалпында алмаған. Өз тілдерінің дыбыс­тарына қарай өзгеріс кіргізіп алған. Тіліне әліпбидің артығы болса алып тастаған, кемтігі болса әріп қосып толықтырған» дейді.

Жалпы қазақ қоғамында ұзақ ғасыр­лар бойы қолданған араб жазу жүйесі үш сатыда қызмет етті: қадим, жәдид, төте жазу. Осылардың ішінде, соңғысы, яғни Ахаңның әліпбиі «ана тілінде сауат ашудың ең тиімді құралы» болды. А. Байтұрсынұлының 1912 жылы осы «төте жазу жүйесімен» «Оқу құралы» деп аталатын тұңғыш кітабы жарыққа шықты. Бұл оқу құрылының сауат ашу жолындағы алғашқы баспалдақ іспеттес еді. қазақ балаларының өз ана тілінде оқу оқып, жазу жазуына ашылған есік еді.

Араб әліпбиін қазақ тіліне, қазақ қріптеріне икемдеп жасауда бірнеше қырынан ашылып қаралған. Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын өзгерту барысында мына мәселелерді басты назарда ұстады:

  1. Араб әліпбиін қазақ тілі­нің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қосымша таңбалар ендіру;
  2. Араб әліпбиіндегі (алфавитіндегі) қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық әріптерді қолданыстан шығару;
  3. Араб жазу заңдылығына тән харакат, ташдид, сукун, тануин сияқты диакритикалық белгілерді қолданбау;
  4. Үш дауыстыға ғана негізделген араб әліпбиіндегі дауыс­тылар жүйесін қазақ тілінің үндестік заңына сәйкестендіріп дәйекше арқылы беру;
  5. ұзақ ғасырлар бойы «ескі тілде» қызмет етіп, «бөтендік сипатта» болған жазу жүйесін барша қазақтың түсінікті сөйлеу тіліне бейімдеп, негіздеу.

Осындай мәселелерді қарастыра отырып, бұл әліпбидің қазақтың төл дыбыстарына, сөйлеу заңдылықтарына толықтай сай келуін қамтамасыз етті.

Араб алфавитінде негізінен үш дауысты дыбыс қана қызмет етеді. Ал қазақ тілінде дауысты дыбыстардың саны көп болуына байланысты А. Байтұрсынұлы қосымша таңбалар ойлап тапқан болатын. Жіңішке дауысты дыбыстарды белгілеуге арнайы таңбаны қолданысқа енгізді. Осы сияқты тілдегі таңбаларды жазуда жеңілдету барысында көптеген жаңартулар жасады.

А. Байтұрсынұлы 1924 жылы Орынбор қаласында өткен съездегі баяндамасында: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Жақсы әліпби жазуға жеңіл болуға тиіс, әліпбидің әріп суреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып, уақытты көп алады. Әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс. Әрпі тізілгенде оңай тізілетін, басқанда орынды аз алатын әліпби баспасөзді арзандатады. Жақсы әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс. Әріп сара жазуға оңай, бас­пасы мен жазбасының суреті жақын әліпби үйренуге жеңіл болады. Жақсы әліпбиге лайық бұл төрт сипатқа келмейтін әліпбидің бәрі де кемшілікті әліпби болмақ» деп латын әріптеріне қызықпауға шақырады және «орыстар аяқ баспай тұрғанда бізге не жорық, алу қиын болғандықтан алмай отыр. Аз күшімізді керексіз іске салғанша, басқадан кейін тұрған жағымызға жұмсауымыз жөн емес пе деймін» деп өз ойын айтады.

Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиіндегі жетістіктерді лингвист-ғалым Құдайберген Жұбанов өте жоғары бағалаған. Және Қ. Жұбанов кім көрінгенге әліпбиді таптатпауға бар күш-жігерін жұмсаған. Мәселен: « . . . возрежение не выдерживают критики, потому что всякие культурное и иное достижение, оставленное нам нашими врагами - это наше законное наследие ( . . . ) Отказываться от подобного наследия так же глупо ( . . . ) мы не откажемся ни от чего, что составляет лучшее творениях предыдущей истории, если оно в наших руках может быть полезно для нас» деген айшығынан қазақтың қай-қай оқығандарының, оның ішінде қалам ұстап, ұлт намысын жыртқан әрбір еңбектің қадір-қасиетін біліп қана қоймай, оны асыл мұра деп таныған және ұрпаққа жалғасты көпірдей аялағанын көреміз.

Ғалым мектеп оқулықтарын жазу ісіне кенеттен келмеген. Ол бұл жолға қазақ арасындағы ұзақ жылдардан бері артта қалып келе жатқан осы бір кенже салаға үлкен дайындықпен, кіріссе керек. Ағартушы ұстаз 1913 жылы ғылым-білім туралы: « . . . ғылым, өнер турасында біздің жайымыз . . . жарлының халі сықылды. Ғылымның жаңа жолын табуды іздемек түгіл, тапқан ғылымға қолымызды жеткізерлік бізде еш нәрсе жоқ. Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, білумен жайылады. Білімнің бас құралы - кітап. Қазақ арасына білім жайылуына, әуелі, оқу үйрететін орындар сайлы болу керек, екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық арасына көп жайыларға керек» дейді.

Араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына ғалымдардың көзқарастары

Ахмет Байтұрсынұлы «өзінің құрастырған әліпби жүйесіне» қатысты қоғамда орын алған екі түрлі көзқарастың екеуіне де дәлелді, әрі ғылыми негіздегі тұжырымдарын айтумен болды. Оның бі­ріншісі, араб әліпбиіне өзгеріс ендір­мей қолдана беруді жақтаушыларға ғалым қазақ балаларының тез сауаттануы үшін «ұлттық әліпби» мәселесін дұрыс шешу керектігін, араб графикасында қазақ тілі үшін қажетсіз таңбалардың көп екендігін алға тартса, екіншісі араб жазуын мүлде тастап латынға көшуді қолдайтындарға «мәдени-рухани» дүниеміздің қайнар көзі болып табылатын араб жазуының ислам дінімен біте қайнасқандығын, әрі өзі реформалаған жазу жүйесінің қазақ халқының барлық мұқтажын өтеуге қауқарлы екендігін, осындай алфавит бола тұра, басқасына көшеміз деудің еш қисыны жоқтығын алға тартқан еді. Алайда, «астыртын саяси» идеологияның ықпалынан араб жазуын тастап, латынға көшу мәселесі күн сайын күшейе берді. Көп жиындар мен баспасөз беттерінде латынға көшуге үгіттеп, насихаттау белең алды. Мәселен «әліпби» мәселесіне қатысты өткен жиындардың бірінде Ахмет Байтұрсынұлы: «Менің алдымдағы баяндаманың ғылымдық пішіні болмады, үгіт пішінді баяндама болды. Бұл ғылымдық мәселе болғандықтан бұған ғылым мұнарасынан қарауымыз тиіс. Араб әрпінің орнына латын әрпін алу деген мәселе тұрмыс жүзінде өте керек болғандықтан туып отырған мәселе емес. Мұнда өте керектік түгіл, әншейін керектік те жоқ. Тұтынып отырған әрпі­міз қай жағынан да болса, басқалардың әрпінен артық болмаса кем емес» деп, латынға деген мұқтаждықтың жоқтығын айтады және әліпби өзгертудің зияны мен қиындығын: «Түркі халқының араб әрпі негізінде жүргізген жазу мәдениеті бар. Жазу мәдениеті бар жұрттарға бір әріптен екінші әріпке көшу оңай жұмыс емес. Жайлап көшуге көп қаржы, уақыт, көп күш керек, өйткені екі әріппен іс жүргізуге екі есе қаржы, екі есе күш керек болады. Ондай қуат түркі жұртының бірінде де жоқ. Өнерлі жұрттың ортақ әрпі екен деп орыстар алмай отырғанда, ортақтығынан дәмелі болып біз аламыз деуге болмас» деп ескертеді («Еңбекші қазақ», 1926, №282. 19 желтоқсан) .

А. Байтұрсынұлының латын жазуына қарсы шыққандағы негізгі ойлағаны - елдің мәдениеті мен экономикалық жағдайы еді. Ахаң латынға көшу арқылы бүкіл қазақ халқы біріншіден, рухани-мәдени дүниесінен айрылатындығын, екіншіден, оқулық шығару, баспа ісі, т. б. латындандыру үшін орасан көп қаржы керек болатындығын қатты ескертумен болады.

Бұл таласта латынды жақтаушылар А. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, Ә. Ермекұлы, т. б. өз пікірлерін дәлелдеуге тырысып бағады. Алайда бұлардың қай-қайсысы да А. Бай­тұрсынұлы жазуын жоғары бағалайтындығын өз сөздерінде білдіре оты­рып, латынға көшудің қажеттілікте­рі туралы айтады. Мәселен, Т. Шонанұлы: «Бізде Ахаң еңбегімен, білім ордасының жігерімен жасалған жақсы емле бар. Емлеміз жақсы дегенге қосыламыз. Бірақ таңбамыз, әліппеміз, әрпіміз жақсы дегенге қосылғым келмейді» дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғ. басында Қазақстанда латын алфавитіне көшу идеясы
Қазақ жазуының бастаулары
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы
Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары
Латын әліпбиіне көшу қазаққа не береді?
Қазақ әліпбиінің жүйелері
Әліпби тақырыбының қазақ баспасөзінде жазылу мәселелері
Қазақ халқының Түркі халықтарымен бірге латын графикасына көшуі
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz