Теодолитті жұмыс қалпына келтіру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Теодолитті жұмыс қалпына келтіру
Теодолитті жасауда сақталуға тиісті геометриялық шарттар (28-сурет) горизонталь бұрышты өлшеудің принципті сызба нұсқасынан шығады. Олар мынадай: аспаптың айналуының вертикаль осі - тік, лимбаның жазықтығы - горизонталь, ал көздеу жазықтығы - вертикаль болуы тиіс. Осы шарттар сақталу үшін теодолитті тексеріп, жөндеуден өткізеді.

Аспаптың конструкциясына қойылатын шарттардың сақталуын анықтау мақсатында жүргізілетін әрекеттер - тексерулер деп аталады. Аспаптың бұзылмау шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін жөндеулер (реттеулер) жасалады. Енді техникалық теодолиттердің негізгі тексерулері мен жөндеулерін қарастырамыз.

Горизонталъ дөңгелектегі цилиндрлік деңгейлеуіштің осі, UU1 теодолиттің айналу осіне ZZ1 перпендикуляр болуы тиіс. Осыны тексеру үшін деңгейлеуіштің осін екі көтеру бұрандасының бағытына сәйкестендіріп қояды да, оларды әр жаққа айналдыру арқылы деңгейлеуіштің көпіршігін нөл-пунктке келтіреді. Содан соң деңгейді 180°-қа бұрады. Егер бұрғаннан кейін де деңгейдің үлбіреуігі нөл-пунктте қалатын болса, онда UU1 және ZZ1 осьтерінің перпендикулярлық шарттары орындалғандығы. Көпіршік ортадан жылжығанда, деңгейдің орны түзетпе бұрандаларының көмегімен жасалады.

Практика жүзінде тексеру былайша жасалады: деңгейлеуіштің екі көтеру бұрандаларын параллель етіп қояды да, солар арқылы деңгейлеуіштің көпрішігін нөл-пунктке
келтіреді. Деңгейлеуіштің нөл-пункті, оның шкаласының ортасында болады. Бұл кезде деңгейлеуіш пен алидаданың айналу осьтерінің өзара орны өзгеріссіз қалады. Алидаданы 180°-қа бұрғаннан кейін деңгей осінің орнын, оның екінші қалпында нөл-пункт шкаласынан, көпіршіктің ауытқу доғасының жартысына түзетеді. Бұл деңгейлеуіштің түзету бұрандаларының көмегімен жасалады. Тексеруге қажетті шарт толық орындалғанға дейін қайталай береді.

28-сурет. Теодолиттің геометриялық осінің сұлбасы:
а - жалпы көрінісі, б - ғ - тексеру кезіндегі көрініс
. Дүрбінің нысаналау осі VV1 теодолит дүрбісінің айналу осіне НН1 перпендикуляр болуы тиіс. Осы жағдайды тексеру үшін вертикаль дөңгелектің екі қалпында (ОД және СД) алыстау орналасқан бір М нүктесін (27-сурет) нысаналайды да, лимбадан М\ және М2 есептеулерін алады. Одан кейін коллимациялық қателігін шығарады.

29-сурет. Дүрбінің нысаналау осін тексеру

Егер х-тың мәні - теодолиттің есептеу құрылғысының дәлдгінен артып кетсе, онда көздеу осінің орны түзетіледі. Коллимациялық қателіктің әсерін жою үшін лимбада есептеуді тауып көрсетеді:
Егер осы кезде жіптер торының центрі М нүктесінен шығып кетсе, онда түзету винттерінің көмегімен торды М нүктесінің кескінімен, жіптер торының центрі беттескенше жылжытады. Осы тексеруді, коллимациялық қателік аспаптың екі есе дәлдігінен аспайтын болғанға дейін қайталайды.
Дүрбінің айналу осі НН телдолиттің айналу осіне ZZ1

перпендикуляр болуы тиіс. Осыны тексеру үшін теодолиттен 10-20 м қашықтықта ұзын жіпке тіктеуішті іледі. Жіптер торының торабын тіктеуіштің жоғарғы нүктесіне бағыттайды да, содан кейін дүрбіні жайлап төмен түсіріп, жіптер торы торабынан тіктеуіш жіптің кескіні шығып кете ме, жоқ па, соны байқайды. Бұлардың дәл келмеуі, дүрбі орналасқан тұғырықтың тең болмауынан туады. Осы қателік дүрбінің екі жағдайында (ОD және СD) есептеулер алумен жойылады.

Қазіргі заманғы теодолиттерде осы тексерудің сақталуына, дайындаушы кепілдік береді. Аспаптың конструкциясына қойылатын шарттардың сақталуын анықтау мақсатында жүргізілетін әрекеттер - тексерулер деп аталады. Аспаптың бұзылған шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін жөндеулер (реттеулер) жасалады.

Түзеткіш бұрандалар - аспаптың геометриялық элементтерін жұмыс бабына келтіру үшін қажет. Дөңгелек пен цилиндрлік деңгейлеуіштердің түзеткіш бұрандалары, арнайы шпилкалар арқылы бұрылады.
Іштен фокусталатын дүрбілердегі жіптік тор горизонталь және вертикаль бағыттарға қозғау үшін қажет. Ал жіптік торды бұрау - окулярды бірге бұрау арқылы жүзеге асады.
1-тексеріс.
Олидаданың көкжиектік бағытта орналасқан цилиндірлік деңгей - теодалиттің негізгі осіне тіктеуш болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Далалық геодезиялық практика
Көмір қабаттарының сипаттамасы
Топографиялық жұмыстар
Геодезия, жер мәселелері (сұрақ пен жауап түрінде)
Теодолитті жұмысқа әзірлеу
Бөлу жұмыстарының жоба құжаттары
Теодолитті тексеру және түзету
Студенттің практикаға тапсырмасы
Координаталар өсімшелерінің ширектегі таңбалары
Кенді ашық әдіспен қазу жүйесі
Пәндер