Қойшығара Салғараұлының тарих ғылымына қосқан үлесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
- Қойшығара Салғараұлының ғұмырнамасы . . . Қойшығара Салғараұлының балалық шағы, азамат болып қалыптасуы . . . Мемлекеттік, қоғамдық -саяси қызметі . . .
2. Қойшығара Салғараұлының тарих ғылымына қосқан үлесі . . .
2. 1. Әдеби-тарихи романдары дерек көзі ретінде . . .
2. 2. Қ. Салғары еңбектеріндегі қытай деректеріндегі түркілер тарихы
қытай деректеріндегі қыпшақтар тарихы . . .
2. 3. Қазақ-Қытай қатынасы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3
8
8
17
31
31
45
55
70
74
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі тарих ғылымында болып жатқан жақсы өзгерістердің бірі - төл тарихымыздың әлі де болса ашылмай жатқан тұстарын толықтыра түсіп, жан-жақты, сан қилы дәлелді дерек көздерін ғылым ағымына құю өз жалғасын табуда. Ал осы тарих ғылымына деген қызығушылықтың бүгінгі күні жоғарғы деңгейге көтерілуінің басты себебі - ол ел тәуелсіздігі. Тәуелсіз халықтың, еркін ұлттың өз өткенін, ата-баба тарихына деген қызығушылықтан туындаған ұлттық сұраныс. Қазіргі уақытта қазақ тарихы қайта өрлеу, қайта түлеу кезеңінде.
Қазақ тарихының түрлі кезеңдері әрқилы толғақты жәйттарға толы. «Қазақ» деген халықтың шығу тегі, қазақ хандығының құрылуы қазақ даласын мекендеген ру тайпалар, мәдениеті, әдебиеті, этнографиясы тағы басқа мәселелері бар. Олардың бәрі бірнеше жылдардан бұрын қалыптасып, баяндалып, қағаз бетіне түскен ді. Осы тұрғыдан қазақ тарихына байланысты мәліметтерді зерттеуге қазақ тарихына қомақты үлес қосқан ғалымдар да баршылық. Негізгі мамандығы басқа болғанымен, қызығушылығы бір атақты ғалым журналист, тарихшы Қойшығара Салғараұлы қазақ халқының шығу тарихы туралы бағалы тұжырымдар жасап, жаңашыл деректер ашуда.
Шалғай жатқан елдің өміріне араласып, келешекке қажет деген мақсатпен жиған тергенін қағаз бетіне түсіруде. Түркі тектес халықтардың лингвистикасы этнографиясы мен археологиясы, шығу тегі тұрғысындағы мардымды мәліметтері энциклопедия міндеттерін атқарарлықтай.
Қазақ тарихын зерттеуші ғалымдардың ішінде оқшауланып, шалғай жатқан елдерден қазақ халқының мәдениетімен тарихына ойы алаң болып, соны зерттеуге ғұмырын арнап жүрген зерттеуші ғалым Қойшығара Салғараұлын көп жұртшылық ең алдымен, тілші ғалым ретінде білетіні хақ. Осы сияқты Қойшығара Салғараұлының қыпшақ тарихы жөніндегі еңбектері де жан жақты зерттелген. Ғалым бірнеше саланың басын қосатын мол ғылыми мұра қалдыруда. Қойшығара Салғараұлының тілшілер үшін ғана емес, тарихшылар үшін де деңгейлі деректер қалдырды. Енді ол деректер жас буындардан оны әрі қарай әр қырынан аша түсуді талап етіп отыр. Қойшығара Салғараұлының аса іждихаттылықпен ғұмырын тарих ғылымына арнап, лингвистика, тарих, археология және этнография саласындағы көптеген түбегейлі еңбектер жазуда. ХХІ ғасырдағы қазақ, қыпшақ, түркі тарихын зерттеуші Қойшығара Салғараұлының өмірбаяны турасындағы тарихи әдебиеттер аздық етіп отыр. 2009 жылы Қойшығара Салғараұлы жетпіс жасқа толған кезде жерлестері мен жақын ғалым, журналист достары мен шәкірттері жазған азын-аулақ ой толғаулары болмаса басқа деректерді тек Қойшығара Салғараұлының әр түрлі баспалар мен телеарналарға берген сұхбаттарынан ғана ала алдық. Тарихты зерттеушілердің қазақ тарихының деректік қорын жасақтауда көп жылдар бойы күш жігермен атқарған жұмыстары қазақ тарихына қатысты деректердің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлкен үлесі. Ғалымның Түркі тектес халықтары жөніндегі еңбектері өз алдына бір төбе болса, қытай елінен әкелген деректерімен ғылыми еңбектері бізге қалдырған өлшеусіз мұра.
Зерттеу жұмысының тарихнамалық деңгейі. Қойшығара Салғараұлы жайлы арнайы немесе толыққанды тарихнамалық немесе тарихилық зерттеулер болған емес. Десе де осы зерттеліп отырған мәселенің кейбір аспектілері Қойшығара Салғараұлы жайында айтылған мақалаларда, сұхбаттарда көрсетіледі.
Қазақ тарихына қатысты шет ел деректерін зерттеуші, жинақтаушы ғалымдардың ішінде шоқтығы биік тұрған қазақ ғалымы - Қойшығара Салғараұлы. Ғұмырнамалық материалдар 2009 жылы Оразалы Жақсановтың «Тау алыстаған сайын биіктейді: Эсселер, портреттер» атты жарық көрген жинағында жан-жақты зертгелген[1] . Өзінің замандастары және әріптестері, әсіресе, ол жөнінде [2] Бектемісов Асқарбек «Ата жолға оралу» атты еңбегінді толық мағлұмат берген еді.
Атап өтсек, Қойшығара Салғараұлының ел тарихына жен қойғаны соншалық, газеттегі тілшілігінен ауысып, Қазақ Ұлттық ғылым академияcына жұмысқа орналасақаны жайында атап кетеді. Қойшығара Салғараұлының ішкі ойы жүзеге асып, ғылыммен айналысуына, ізденуіне мол мүмкіндік туғаны жайында деректер қалдырады. Осы жылдары «Абайдың тарихи танымдары» деген тақырыпта диссертация қорғағаны жайындада және филология ғылымының кандидаты атанды деп көрсетеді. Осылайша Қойшығара ағамыздың тыңбаған ізденісінің арқасында көптеген тарихи еңбектерімен елін сүйсіндірді деп айтып өтеді.
Оразалы Жақсановтың «Тау алыстаған сайын биіктейді: Эсселер, портреттер» атты еңбегінде Қойшығара Салғараұлының зерттеушілік еңбегі әрқашанда өзінің игі жемісін беріп келгені жайында сөз қозғайды. Халқымыздың төл тарихының ақтандақтарын толтыру барысындағы ізденістері өзіндік батыс болжамдарының ерекшеліктерін көрсетеді. Көркем шығармалары да әдеби тілімен оқырмандарының көзқарастары туралы айтады. Одан бөлек Қойшығара Салғараұлы жақсы таныс болғандықтан ол туралы жеке бас қасиеттерін сипаттап «ешқашанда өмірінде көтерілген биіктеріне мақтанғанды жаны сүймейді. Өзін әрдайым қарапайым, салмақты да сабырла ұстайды. Балаларын да адалдыққа, шыншылдыққа, ел мен халқына аянбай қызмет етуге баулыды» [1] деген пікірлер қалдырады.
Еркеғали Бейсенов http://tobyl-torgai. kz ақпараттық сайтында жазған мақаласында Қойшығара Салғараұлының еңбектеріне талқылау жүргізеді. Бұл мақалада көшпелілердің көне тарихы жайында Қойшығара аға «түбі бір түркінің ұрпақтарымыз» деген даусы әлемдік дәрежеде неге естілмей жатыр деген ойға өзіндік ой тұжырымдарын келтіреді. Мәселен: «Қазіргі тарих еуропалық таным-түсінікпен жазылған. Біздің ғана емес, әлемдік тарих солай. Сондықтан еуропалық таным-түсінікке келетіндердің бәрі «мәдениетті», «өркениетті» халықтар да, ал келмейтіндердің бәрін өркениеті мен мәдениетінің жоғары деңгейде екеніне қарамастан, «жабайы», «тағы» деген. Бұл ұғым жазу-сызуға қолы ерте жеткен елдердің қалдырып кеткен жазба мұраларының негізінде қалыптасты. Соған сүйене отырып, жалпы адамзат тарихын «тарихқа дейінгі кезең» және «тарихтан кейінгі кезең» деп екіге бөлді. «Тарихқа дейінгі» дегені - христианша жыл санауға дейінгі VIII ғасырға дейін. Ал «тарихтан кейінгі» дегені - содан бергі уақыттар. Енді осы христиан эрасына дейінгі VIII ғасырдан ІІ ғасырға дейінгі аралықтағы VI ғасырды «уақыт осі» деп атайды. Бұл - бүкіл таным-түсінік кеңейіп, байырғы дін атаулының басы басталып, жұрттың ой-санасы өсіп, жазу-сызудың дами бастаған тұсы. Ал одан арғы жақтың дерегі аз, дау-дамайы көп» [3] дегенді атап өтеді. Мұрат Алмасбекұлы 2014 жылдың 17 сәуірінде «Жебе» газетіне берген мақаласында Қойшығара Cалғараұлының түркі мәселесі бойынша деректердін аясы, олардың бүгінгі таңдағы мәселелері жайында Қойшығара Салғараұлы «Көне тарихымыз кешегі қытайдың Вій (Вэй) империясының елшісі Түрік хандығының орталығына келген кезінен басталады. Демек, түрік халқы -бүгінгі әлем және кешегі Кеңес тарихшыларының, өзіміздің қазақ тарихшыларының тұжырымы бойынша, VI ғасырда Алтайда пайда болған жас халық. Ал осы халықтың арғы ата-бабалары кім болды? VI ғасырда қағанат құрған түріктер көктен түсті ме, жерден шықты ма? Қайдан келді? Қандай кезеңдерді бастан кешіріп, қандай соқтықпалы соқпақты жолдан өтті?. . Ол туралы бір ауыз сөз тағы да жоқ. Оны іздеймін деген талап та болмай тұр. Біздің түріктер жөніндегі қазіргі дерек көзіміз Орхон-Енисей жазбаларындағы, Қытайдың жылнамаларындағы, әулеттік шежірелеріндегі деректермен шектеледі. Шын мәнінде, біз - сол VI ғасырға дейін Шығыс пен Қара теңіз аралығындағы жерді жаулап алған Түрік қағанаты деген үлкен империяның халқымыз. «Шегіртке емеспіз ғой, бір жылда пайда болған! Құрылыс емеспіз ғой, бір жылда салынған!» деген өкінішті ойларын білдіргені жайында айта келіп, түркі мәселесі бойынша берген деректерін тізбектейді.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының негізгі деректік қорын Қазақстандағы республикалық, облыстық кітапхана қорларынан, Алматы, Астана, телеарналар мен баспа беттеріне берген сұхбаттардан және де Қойшығара Салғараұлы туралы айтқан, пікір қалдырған, қызметтес болған кісілерден жиналып алынды.
Деректік негіз ретінде Қойшығара Салғараұлының зерттеу нысаны болған және де зерттеу қорытындысы болған еңбектері мен шығармалары алынды. Одан бөлек автордың зерттеулерін салыстырмалық сараптау үшін өзгеде қытай деректерін зерттеуші ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Қазіргі таңда тарихшы ғалымдар түркі тілдес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының этнографиясын, тарихын, тілін, әдебиетін жинауға, ғылыми талдаулар жасай отырып зерттей бастады. Зерттеу жұмысына бой салған тіл білетін шет ел деректерін ақтаратын ғалымдарда арасынан шыға бастады. Олар көбінесе қазақ елінің байырға халықтарына қатысты өзге елдер қалдырған деректерді жинап алып кітап қылып бастыруға тырысуда. Дегенменде, қазақ халқының шығу тегі, қазақ жерінде мекендеген ата-бабалардың тарихы жөнінде бағыт - бағдар беретін зерттеулері де баршылық.
Қойшығара Салғараұлының өмірбаянына қатысты деректерге келетін болсақ «Білім және мәдениет» арнасында «жүздесу», «Тарих айнасы» бағдарламасында берген сұхбаттарынан мол деректер және де болашақ зерттеу жұмыстарының бағыттары, көзқарастары алынды. «ХикметТВ» арнасына берген сұхбатында «дәстүрге берік елдің болшағы баянды болады» деген аталы сөзбен мол бейне баяндық дерек қалдырады. «Хабар 24»[6] http://khabar. kz/kz/kino/k-rkem-filmder/itemlist арнасындағы «Замандастар» бағдарламасында қонақ ретінде келіп мол ақпарат берді. Бұл деректердің барлығы дерлік бейнебаяндық деректер болса, мерзімдік баспалардағы берген сұхбаттары мәселен «Егемен Қазақстан», «Қостанай таңы» секілді баспаларға берген сұхбаттары мен мақалалары талқылауға алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - зерттеуші ғалым, тарихшы Қойшығара Салғараұлының қазақ халқының тарихына қосқан үлесіне талдау жасау. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей нақты міндеттер қойылды.
- Қойшығара Салғараұлының балалық шағы, азамат болып қалыптасуын зерттеу,
- Мемлекеттік, қоғамдық -саяси қызметіне талдау жасау,
- Әдеби-тарихи романдарын дерек көзі ретінде саралау,
- Қ. Салғарыұлы еңбектеріндегі қытай деректеріндегі түркілер тарихы қытай деректеріндегі қыпшақтар тарихын қарастыру.
- Қазақ-Қытай қатынасына қосқан үлесін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қойшығара Салғараұлының өмірі мен қоғамдық саяси қызметі алғаш дербес ғылыми айналымға алынып, зерттеліп отыр. Қойшығара Салғараұлының қазақ елінің тарихына мол деректік қор берген, Қытай елінің архивтерінен 5000 мыңнан астам деректер келтірген, одан бөлек ғұн, қыпшақ, түрік дәуірін зерттеуде өзіндік ой пікірлерімен жаңаша көзқарастар ұсынған, қазақ тарихиның ортағасырлық деректерін сипаттайтын жаңа мұрағат құжаттары ғылыми айналымға енгізілді. Ғылыми-саяси қоғамдық ойлары мен еңбектерінің саяси-әлеуметтік маңызы анықталды.
Жұмыстың сыннан өтуі және жариялылығы: Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары, ғылыми мақалалада жарияланды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіндегі әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің тарих кафедрасының ұйымдастырумен өткен конференциясында баяндалды. Аталған конференцияның мақалалар жинағында «Қойшығара Салғараұлы өмірі мен қызметі» атты тақырыпта басылды.
Зерттеудің теориялық және қолданыстық маңызы. Тұлғалық деректерді сараптау арқылы елдегі тарихи тұлғалардың ғұмыры мен үлгі етер істерін өскелеген ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге зерттеудін тәжірибелік маңызы зор. Осыған байланысты жаңа ғылыми тәсілдер мен талдау әдістерін жетілдіру тарих ғылымының теориялық негізін кеңейте түседі. Зерттеудің жекелеген тұжырым, қорытындылары тарих факультеті және филология факультеті тәлімгерлеріне деректану негіздерін, қоғам мен мәдениеттің даму тарихын оқыту пәндеріне пайдаланылуы тиіс. Зерттеу жұмысын жазу барысында жинақтау, талдау, саралау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, іріктеу т. б. әдіс - тәсілдер қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс негізінен кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қойшығара Салғараұлының ғұмырнамасы
- . Қойшығара Салғараұлының балалық шағы, азамат болып қалыптасуы
Қойшығара әу баста еңбек үшін және еңбегін мақсатына бағындыра жұмсау үшін жаралған жан.
Киелі Торғай қазаққа көптеген ірі тұлғаларды берді. Ол бәріміз үшін де қуаныш әрі абырой. Қойшығара Салғараұлы 1939 жылы Қостанай обылысының Жангелдин ауданына қарасты Көкалат деп аталатын ауылда кәдімгі қарапайым ғана шаруаның отбасында дүниеге келді.
Астана қаласы 25. 04. 2018 жылы Қойшығара Салғараұлымен кездесуде алыңған сұхбат. Қойшығара Салғараұлы соғыстың алдында 1939 жылы 1 ақпанда дүниеге келген. Руы қыпшақ, қыпшақтың ішінде торы. Ес білгелі білген тірлігі әкесі Салғара Баймағамбетұлы соғыстан жараланып келіп, әуелі сиыр бақты кейін жылқы, одан соң қой бағып қойшы болды. Сол қойшының баласы болды. Балалық шағында өзі оқшау өсті. Балалық шағында әдептәуір кедергілер болды, балалармен өз қатарымен болып солармен ойнап, солармен алысып-жұлысып өспеген. Тек мектепте ғана балаларға қосылыпты. Бірақ алысып-жұлысып ойнауға үйреніп қалған мектептегі балалар неше түрлі ойынның бәрін біледі, ал Қойшығара аға сол ойындарды білмейтін болғаннан кейін онымен онша араласпайтың, өзі де кішкене ұяндау болғаннан кейін ылғи оқшау тұратын. Балалар ойнап, алысып жүргенде ал Қойшығара аға ылғи көрермен болатын. Содан да болар, ол бала болып бір баламен төбелесіп көрмепті. Жоқтан өзге таласу сияқты әдеттер болмапты. Бала кезден оқшау жүргендіктен оның досы, оның серігі, оның ойнайтын ойыншығы қозы, лақ, күшік болатын. Барып сыр бөлісіп, сөйлесетін адамы анасы болған. Қойшығара аға бір үйде бір өзі өсті. Анасынан басқа ешкіммен араласа қоймайтындықтан әуелгі сөздік қорында әйел адамның айтатын сөздері болыпты. Бірақ кейін оның сөздеріне жұрт күле бастағандықтан, ол әдетінең тез айырылды. Мектепте 7 сыныпқа дейін не 4 не 3 алып көрмей тек 5-ке оқыған. 7 жылдық мектеп болатын онда, сол 7-ші сыныпты бітіріп Тәугіш деген жерде жанадан 10-жылдық мектеп ашылып 8-сыныпты сонда барып оқыды. Бұнда ол интернатта жатты. Балалар бұл мектепке әр ауылдан келіп оқитын. Арасында тентек балаларда болды. Ықпалы қалай түскенің білмей дұрыс емес балалардың қатарында болды. Содан 8-сыныпта оқып жүргенде 4 деген баға араласты, 9-сыныпта 3 араласты, 10-сыныпты тек қана 3-пен бітірді. Бірде бір сабақтан 4 не 5 болмады. Мектепті бітірген жылы Өскеменнің Шығыс Қазақстан облысы Ұлан деген ауданның балалары партияның саясатымен комсомол ұйымдастырып «сыныппен ауыл шаруашылығына бару» деген үндеу көтерді. Бастамасы жақсы болды да аяғы зорлау болып кетті. Оқушылардың аттестатарын бермей, мал шаруашылығына бару ғана қалды. Сол балалардың ықпалымен үйге берген тапсырманы уақытымен орындамай тентек балаларға еріп оқуды нашар оқығасын, өзі де оқығысы келмей кеткен. Сонымен сылтау тауып, қойға кетті. 1957 жылы оқу бітіріп барғанда әкесі әлі тірі еді. Ол әкесінің жалғыс баласы еді. Әкесің ренжітуден қатты қорқатын еді [63] . Қазақ үшін шаңырақта әкенің орны қашанда ерекше. Қойшығара ағаның асқар таудай әкесі Салғара Баймағанбетұлы сол елдегі мал баққан аталарымыздың бірі еді. Алайда, өзі қарапайым мінезді кісі болғанымен, кәдімгі көзі ашық, көкірегі ояу, ел мен жер тарихын жетік білетін, сөз өнерінің қадір-қасиетін де терең пайымдайтын жан болатын.
Кеудесі шежіреге толы отағасының осындай өнегелі қасиеттері ұлы Қойшығараға да жұқты. Бұл да кішкентайынан көркем сөзге жақын, ұлтымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүріне құмар болып өсті. Айналасындағы өмір көрген абыз қарттардан мән-мағыналы өсиетті сөздерін санасына сіңіріп, олардың тағылымды ғұмырларынан көп жайды көңілге түйді [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz