Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I Тарау. Ұлттық зиялыларының қалыптасуы мен қызметі

1. 1. Зиялылардың қалыптасуы (тарихнамалық шолу) . . . 16

1. 2. Ұлттық зиялылар және ұлттық мемлекеттік идеясының қалыптасуы мен тағдыры . . . 24

II Тарау. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде

2. 1. 1916, 1917 жыл: қазақ интеллегенциясының көзқарасы . . . 32

2. 2. Қазақ зиялылары еңбектеріндегі мемлекеттік автономия мәселесі . . . 41

ІІІ Тарау. Кеңестік саяси билік және ұлт зиялылары

3. 1. Ұлт зиялыларының тәуелсіздік мәселелеріндегі бағдары . . . 52

3. 2. Қазақстанда Кеңес автономиясы жағдайында ұлттық мемлекеттің қалыптасуы . . . 56

Қорытынды . . . 65

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 68

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының Ресейдің отарлық саясатына қарсы үздіксіз жүргізген ұлт-азаттық күресінің құрамдас бөлігінің бірі- қазақ зиялыларының қозғалысы. Бұл қозғалыс қоғамдық құбылыс ретінде және өзінің ішкі сипаты мен мазмұнының күрделілігіне байланысты Отан тарихы ғылымындағы аса өзекті мәселелердің қатарына жатады. Сонымен бірге, зер сала қарағанда қазақ зиялылары қозғалысының тарихы мен еліміздің бүгінгі тарихи шындығы арасында өзара байланыс пен сабақтастық бар екенін аңғаруға болады. Бұл сабақтастықтың өзегі-ұлттық мемлекеттік мәселесі.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ұлттық мемлекеттілікті нығайту бағытындағы ізденіс үстінде. Мемлекеттің ұлттық негізінің беріктігі-әлемдік жаһандану үрдісінен туындайтын ұлттық болмысқа қауіп төндіретін кері әсеріне тосқауыл болудың бірден-бір кепілі болып табылады.

Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағлымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз. Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда шығармашылық мұралары насихатталуда. Алайда, әлі де болса жан-жақты ғылыми зерттеуді қажет ететін тұстары да жеткілікті. Сол қажеттілікке зәру мәселелердің қатарына біздің тақырып яғни ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық зиялылар еңбектеріндегі мемлекеттілік даму мәселесін жатқызуға болады.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе саяси қуғын-сүргінге ұшыратқан қазақ ұлттық интеллигенциясының есімдері және еңбектері негізінен еліміз тәуелсіздік алған соңғы кезеңдер де ғана, қоғамға таныла бастады. Алғаш оларды мемлекеттік деңгейде ақтау процесі басталса, соңынан олардың еңбектерін қайта басып шығару қолға алынды. Қазақстан тарихшылары жалпы қоғамымыз тәрізді ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ ұлтының мүддесі тұрғысынан қараған қазақ ұлттық интеллигенциясының еңбектеріне тарихнамалық талдау жасаудың маңызы зор. Бұл, біріншіден, бүгінгі ұрпақтың тарихи дүниетанымын кеңейтеді, тарихи білімді толықтыра түседі. Өйткені қазақ ұлттық интеллигенциясының еңбектерінде тарихи оқиғаларға, тарихи тұлғаларға байланысты тың көзқарастар, қызықты тұжырымдар және бүгінгі зерттеушілерді ойландырарлықтай салиқалы қорытындылар баршылық. Ал бұлар жаңа тарихи концепциялардың және салыстырмалы ой-пікірлердің өмірге келуіне негіз болулары немесе ықпал жасаулары әбден мүмкін. Екіншіден, кезінде кеңестік тоталитарлық жүйе қуғындаған бұл еңбектер бүгінде тарихи ұлттық сананы қалыптастыруға белсенді қызмет жасай алады. Бұл әсіресе қазақ интеллигенциясының тарих мәселелеріне байланысты еңбектеріне қатысты. Тарихи көзқарастары қазақ ұлтының мүддесімен тікелей қабысып жатқан бұл кісілердің еңбектері шын мәнінде бүгінгі ұлт тарихшыларына үлгі боларлықтай. Рас, аумалы-төкпелі үрдіс тарихи оқиғалар арнасында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ интеллигенциясының архив қорларында тапжылмай отырып жұмыс жасауға, кең көлемде тарихнамалық талдаулармен айналысуға мүмкіндіктері шектеулі болды. Солай бола тұрса да туған халқына деген сүйіспеншілік және құрмет сезімі оларды шынайы тарих жасауға итермеледі. Сондықтан көрсетілген кезеңдегі ұлттық интеллигенция өкілдері еңбектеріндегі тарихи көзқарастар бүгінгі ұрпақтың ұлттық сезімін оятуда, оларда ұлттық ойлау жүйесін қалыптастыруда елеулі рөл атқара алады деген [1, 4 б] - Талас Омарбековқа толықтай қосыламыз.

Тағы бір ескеретін мәселе-тәуелсіздігімізді алғалы бері ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи мұраларды едәуір зерттелді. Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Тынышбаевтың, Ж. Ақпаевтың, Х. Досмұхамедовтың, кеңестік кезеңдегі Т. Рысқұловтың, С. Асфендиаровтың және т. б. өмірі мен қызметіне арналған жеке зерттеулер жазылды немесе диссертациялар қорғалды. Оларда қайраткерлердің өмірі, саяси немесе тарихи көзқарастары талданды. Алайда Кеңестік жүйеде саяси қуғындалған ұлттық интеллигенцияның тарихи көзқарастары тарихнамалық тұрғыдан тарихи - салыстырмалы түрде жалпылама және біртұтас алынып талдана қойған жоқ. Әрине, ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи көзқарастарында өзіндік ерекшеліктері баршылық. Оларда кейбір мәселелерде тіптен қайшы, қарама-қарсы пікірлер де ұшырасады. Дегенмен де ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында сталиндік таптық көзқарасқа ауытқи бастаған тарихи пікірлерден басқалары, яғни осы кезеңнің 20-шы жылдарындағы және оған дейінгі уақыттардағы еңбектер негізінен алғанда қазақ ұлтының мүддесіне қызмет ету рухында, яғни методологиялық тұрғыдан алғанда ұлттық принциптер мен құндылықтарды нақты басшылыққа алып жазылды. Мұның өзі бүгінгі тәуелсіз ұлттық тарихымыздың мүддесі тұрғысынан оларды тарихнамалық тұрғыдан талдау ісін жеңілдете түседі.

Дегенмен де тарихнамалық талдау мәселесін әңгімелегенде мынаны да ескергеніміз жөн: ұлттық интеллигенция өкілдері еңбектеріндегі мәселелер көбіне жүйелі баяндалмаған. Олар шашыраңқы және жеке тақырыптарға арналған, оларда авторлардың нақты деректерді пайдалануларынан гөрі мәселеге өзіндік көзқарастарын білдірулері, ел аузындағы аңыздар мен ауызша деректерді көптеп пайдаланулары, жер-су атауларына байланысты тарихи пайымдаулар мен болжамдар жасаудалы жиі кездеседі. Солай десекте, олар тарихи тұрғыдан аса құнды. Осы айтылғандар қазақ ұлттық интеллигенциясының еңбектеріне тарихнамалық талдаулар жасап, бүгінгі тарих ғылымының методологиялық принциптері тұрғысынан оларды сараптаудың, бағалаудың аса қажет екендігін тағы да дәлелдей түседі.

Кеңестік жүйе тұсында Қазақстандағы тарих ғылымының басты бағыттарының бірі тарихнама ғылымы едәуір кенже қалып келді. Тарихнамалық ой-пікірлер, тарихнамалық талдаулар жетіспей жатты және осы саладағы оқу құралдары мен оқулықтар, іргелі еңбектер тіптен аз, негізінен орыс тілінде жазылған. Мұның өзі тарихнамашы - тарихшы дайындау ісін де едәуір қиындата түсетіні рас. Осы орайда қазақ ұлттық интеллигенциясы өкілдерінің тарихи көзқарасын жүйелі түрде топтап талдаудың бүгінгі күні аса қажеттігі тағы да байқалады. Сондықтан да өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттелуі. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық зиялылар еңбектеріндегі мемлекеттілік даму мәселесіне қатысты еңбектер мен зерттеулерді хронологиялық шеңберге сай Патша өкіметі тұсындағы қазақ зиялыларының өз еңбектері, кеңес өкіметі тұсындағы деп шартты түрде екіге бөлуге болады. Мұнда қазақ зиялыларының өз еңбектерін қарастырамыз. Кеңестік дәуірде қазақ зиялыларының еңбектеріне теріс баға берілсе, кәзіргі Қазақстан зерттеушілері тарихи шындықты қалпына келтіруде. Бұл жөнінде кәсіпқой ғалымдардың еңбектерінде, арнайы зерттеулерде, жекелеген зерттеулерде, қорғалған диссертацияларда көрініс тапты. Оларды тарихнама пәнінің қағидаларын негізге ала отырып шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

Бірінші-зерттеулер: Д. Аманжолованың «Қазақ автономизмі және Ресей «Алаш» қозғалысының тарихы» [2] деген монографиясы «Тұңғыш монография» сериясының топтамасымен шығарылып, қазіргі ұлттық проблемалардың бастаулары мен себептеріне, Еуразия халықтары болашағының ортақтығын ұғынуға арналды. Автор алаш қозғалысы дамуының маңызды кезеңдерінің негізгі мазмұнын неғұрлым толық қалпына келтіруге, «оның сипатын, идеялық-саяси және әлеуметтік базасын анықтауға, революцияға дейінгі кезеңде, 1917 жылғы және азамат соғысы жағдайында Ресейдің саяси күштерімен және партияларымен өзара қатынастарын ашып беруге, Алаш жеңілісінің себептерін және оның қазақ халқының тарихындағы маңызын көрсетуге» ойдағыдай әрекет жасаған. Осы кезге дейін арнаулы сақтау орындарында шоғырландырылған деректемелердің автор келтірген кешенді сипатын атап көрсеткен жөн. Зерттеудің басты жаңалығы - қазақ автономизмі, Алашорданың Комунистермен, Колчактың Уақытша Сібір үкіметімен, Орынбор, Орал, Сібір және Жетісу казактарының басшылығымен, алаш құрамаларының тұрақты «ақтармен» және қазақ бөлімдерімен өзара қатынастары тарихының өзекті беттерін жүйелі түрде көрсетуі болып табылады. «Алаштың» әскери доктринасын, алаш әскери бөлімдерінің құрылуын, олардың құрамын, санын, соғыс қимылдарына қатысуын, Алашорда басшылығының Түркістан майданымен келіссөздерінің барысын және мазмұнын, Алаш жетекшілерінің эволюциясы мен азамат соғысы барысындағы бұқараның Алашордаға көзқарасын автор тұңғыш рет ашып көрсетеді.

К. Нұрпейісовтің [3] кітабында «Алаш» қозғалысының бастауларына, монархия құлатылғаннан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың өзгерістеріне, «Алаш» партиясының құрылуына, Алашорда мен Кеңес өкіметінің өзара қатынастарына баса назар аударылады. Тараулардың бірі деректемелер мен проблемалар тарихнамасына талдау жасауға арналған. Автор Алаш дамуы тарихының негізгі проблемаларына: Алаш-Қазақстандағы тұңғыш саяси патрия; Алаш автономиясы-болашақ мемлекеттіліктің құрылымы; Алашорда - автономияны басқаратын үкімет деп ерекше көңіл бөледі.

Нақты мәселелерді объективті ұғыну мен түсіндіру «Алаш» қозғалысының шын мағынасын ашып көрсетуге жағдай жасайды. Кеңес өкіметінің Алашқа көзқарасына талдау жасау автордың бірнеше кезеңді: ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы большевиктік тұрғыдағы жарияланымдардағы «алаш қозғалысы» ұғымы; проблеманы зерттеуге алпыс жыл бойы тыйым салу мен «буржуазиялық ұлтшыл», «халық жауы» атағын таңу кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік берген 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланып, проблеманың тарихнамасында әділеттілік пен шындық жағына қарай бетбұрыс жасалғаннан кейін ғана ақиқат кезеңі туғанын айтқан. Сонымен бірге К. Нұрпейісов «Алаш» қозғалысының мәнін неғұрлым толық ашып көрсету үшін зерттеушілерден әлі де көп күш-жүгер жұмсауды керек ететін бірқатар мәселелерді меңзейді. Оларға мыналар жатқызылады: оның басшыларының тәуелсіздік идеяларының, саяси және экономиялық көзқарастарының бастаулары; ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде «Алаш» қозғалысының атқаратын рөлі мен алатын орны; 1917 жылғы екі революция аралығындағы кезеңде Алаштың басқа партиялармен байланыстары мен өзара қатынастары; Алаштың және Алашорданың Кеңес өкіметімен өзара қатынастары; Алаштың ортаазиялық және Еділ бойындағы түркі халықтарымен, мұсылмандық саяси партиялармен және қоғамдық қозғалыстармен ішкі қайшылықтары; «Алаш» қозғалысы және қазіргі Қазақстан. Кітапқа қосымшада «Алаш» қозғалысына қатысты бірсыпыра құжаттар келтірілген. Ең алдымен, бұлар - «Алаш» партиясының мүшелері мен олардың пікірлес адамдарының тізімі, «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы және Алаш басшылары көзқарастарының эволюциясы және олардың Кеңес өкіметі жылдарындағы тағдыры туралы материалдардан тұрады. Сонымен қатар Бүркіт Аяғанның бас редкторлығымен Кеңес Нұрпейсовтың «Тұлғалар» [4] кітабында кейінгі жылдары жазып, кезінде баспасөзде жариаланған материалдары жинақталған. Есімдері аталмай келген көрнекті қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі, тәуелсіздік жолындағы күресі, ұлттық мемлекеттік құрлыс пен Қазақстанның ХХ-ғасыр басындағы жағдайды ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы зерттелген. Атап айтсақ Мыржақыптың «Оян қазағы», Халел Досмұхамбетов, Нәзір Төреқұлов, Тұрар Рысқұлов, Қаныш Сәтпаев, Ыдырыс Көшкінбаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Ораз Жандосов, Мұхтар Әуезов, Мұхамеджан Тынышпаев сияқты зиялыларымыздың тәуелсіздікке қосқан үлесі, тарихи көзқарастарынан тұрады.

М. Қойгелдиевтің [5] монографиясында ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның тарихи дамуына байланысты проблемалардың кең ауқымы қамтылған. Кітаптың бүкіл арқауы басты мәселе - «Алаш» қозғалысына арналған. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты, ұлттық езгіге наразылықтың күшеюі және қазақ зиялыларының 1905-1916 жылдардағы қоғамдық - саяси қызметі; ұлт зиялыларын қудалау саясаты; «Қазақ» газеті және 1908-1916 жылдарда тәуелсіздік жолындағы күрес идеологиясының қалыптасуы; бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы және 1916 жылғы ұлт-азаттық күрес кезеңіндегі қазақтың демократияшыл зиялылары; Ақпан революциясының жеңісі және ұлт-азаттық қозғалысының жаңа міндеттері; қазақ демократияшыл зиялыларының Уақытша үкімет жұмысына қатысуы; жалпықазақтық бірінші және екінші съездер, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрылуы жан-жақты көрсетіледі. М. Қойгелдиевтің кітабында «Алаш» қозғалысының тарихнамасы иланымды берілген. Автордың қазақ зиялыларының қоғамдық - саяси қызметін зерттеудің тарихнамалық негізін Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышбаев және басқалар революцияға дейін-ақ қалаған деуімен келісуге болады.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы» [6] еңбегінде Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан кейінгі кезеңдегі қазақ өлкесінде отаршыл - құқықтық жүйенің орнығуы және оған қарсы Алаш қайраткерлерінің саяси күресі олардың қазақ елінің мемлекеттік құрылысы жөніндегі саяси- құқықтық көзқарасының эволюциясы негізінде зерттелген. Кітапта Алашорда үкіметінің мүшесі, қазақтың аса көрнекті заңгер-ғалымы Ж. Ақбаевтың өмірі мен саяси күресі арқылы оның серіктері болған Алаш жетекшілері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов тағы да басқа қазақтың азаттық жолындағы арыстарының қоғамдық-саяси қызметі сараланып, Алаш бағдарламасының құқықтық негізі талданады.

Ғалымның келесі еңбегінде [7] «Алаш» партиясының саяси-құқықтық идеялары, Қазақстанда мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарын құру тұжырымдамасының түпнұсқасы, аударма нұсқалары салыстыра қарастырылған. Монографияда, сондай- ақ, «Алаш» партиясының қалыптасу кезеңдері, қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының басшылары жасаған бағдарламаның бағалы қағидалары, атап айтқанда, мемлекеттік өкімет билігінің бөліну принципі, жалпыға бірдей, демократиялық сайлау жүйесі сияқты мәселелер егжей- тегжейлі талданған.

Алаш қозғалысын жаңа тұрпатты қазақ мемлекетігінің бастауына балаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» [ 8] - деп аталатын кітабының тұтас тарауы «Алаш Мұрасы» деп аталады. Автордың осы тарауында жиырмасыншы ғасырдың алғашқы отыз жылында қазақ зиялылары тұлға танытып үлгерді. Оларда ой еңбегімен кәнгігі түрде шұғылдану атадан балаға жұғысты болып отырған. Бұл жерде автор тарихшы ретінде алаштанушы С. Аққұлы, Катагойшина И. Т., Әтышев А. Ә., Тұрсынов Х. Т., Қазақстан тарихы, Алаш Орда деп аталатын құжаттар жинағы осы еңбектерге сүйеніп жазады. Бұл ХХ ғасыр басындағы Қарқаралы петициясы, Ресей Думасындағы қазақ депутаттары, Айқап журналы, Қазақ газеті, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, Ақпан революциясы, Алаш партиясы, Алаш Үкіметі қорыта айтқанда жалпы Әлиханнан бастап тарихи тұлғаларымызды, бірде-біреуін қалдырмай зерттеген. Бұларды «Тарих толқынындағы мәдениетіміздің кіндік тұлғалары» деп бағалады.

Тарихтағы ақтаңдақтармен күресуші жерлесіміз академик Манаш Қозыбаев Алашты зерттеуге жол салып берді. Алаштану салаларын зерттеуді, Алаш ұғымының тарихи негіздерінің басталуын көрсетті.

Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Біз сол себептен де қазақ халқының бір-біріне ұласқан ұлы дәуірді дұрыстап тану үшін, соңында мол мұра қалдырған Манаш Қозыбаев еңбектеріндегі тарихи тұлғаларды тілге тиек етеміз. Академик еңбектерінің хронологиялық көрсеткішін қарап отырсақ 1953-2002 жылдар аралығында 800-ден аса еңбегі жарияланса, оның 167-і тұлғаға арналған. Оның редакциясымен 118 еңбек баспадан шықса, оның 18-і тұлғаға арналған. Өз мектебін қалыптастырып, 90-ға жуық ғылым докторлары мен кандидаттарын қорғаттырса, олардың ішінде 6-ы тұлғаға арналған. Алыс-жақын шетелдерде 182-дей баяндама мен ғылыми хабарлар жасаса, оның 59-ы тұлғаға арналған. Жалпы баласы Ілияс Қозыбаев әкесі Манаш Қозыбаевтың еңбектеріндегі тарихи тұлғалар туралы бұрын жазылып жариаланған еңбектерінен құрастырып «Тұлғалар тұғыры» [9] атты кітабінда, «Ғұмырнама жанрын зерттеу», «Азамат», «Қазақ зиялылары хақында», «Бізде ұлттық элита бар» мақалар мен баяндамалар жинағы біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болды. Сонымен қатар әр жылдары жарық көрген еңбектеріндегі қазақ ұлттық зиялылар көтерген мемлекеттік даму мәселелері туралы мәліметтер беретін кітіптарына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

1994 жылы «Жауды шаптым ту байлап» [10] деген еңбегі жарық көреді. Монографияда Абылай хан, Бұқар жырау, Бөкенбай батыр, Шақшақ Жәнібек, Сырым батыр, Кенесары, Исатай батыр, Махамбет батыр, Әмір Әбдіғапар, Амангелді, Кейкі, Оспан туралы тың деректер келтіреді. Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовқа жабылған Амангелді Имановтың өліміне себепшілер деген жаланың терістігін баяндайды. Бұл кітап тұтасымен тарихи тұлғаларға арналған атына заты сай еңбек. Халқымыздың ел бастаған көсемдерін, қол бастаған батырларын сөз етеді.

1998 жылы «Тарих зердесі» [11] атты 2-томдық кітабы шықты. Бұл еңбектері қиын-қыстау күндерде халыққа бағдар нұсқаған, оның тәуелсіздігі, бостандығы үшін күресте ту ұстаған, өркениетті озық халықтардың қатарына қосылу жолында ұлттық мүддені мұра етіп, әлем көгіне шырқаған арыстардың өмір жолына арналған. Атап айтсақ Абылай, Бұқар. Кенесары, Абай, Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, Т. Рысқұлов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ә. Жанбосынұлы Т. Кәкішев, Ж. Аймауытов, Тоқтар Бейісқұлов, М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұландар туралы зерттеу жүргізген. Сондай-ақ I. Омаров, М. Ғабдулин, Б. Момышұлы, I. Есенберлин, Ж. Шаяхметов. Н. Оңдасынов, С. Зиманов, Е. Бекмаханов, А. Нүсіпбеков, Ш. Есенов, Ө. Сұлтанғазин, Х. Наурызбаев, К. Нұрпейсов, Т. С. Амандосов С. Сартаевтар туралы толғаныстары бар.

2000 жылы шыққан «Казахстан на рубеже веков: размышления пойски» [12] деген 2-томдық еңбегі бар. Бұған Абай Құнанбайұлы, Кенесары Қасымұлы, Лев Гумилев, М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, М. Вяткин және О. Жандосов туралы зерттеулері, тебіреніске толы ойлары мен сөйлеген сөздері енген.

Тарих ғылымындағы тың көзқарастары өзінің жаңашылдығымен ерекшеленетін академик Манаш Қозыбаевтың 2001 жылы шыққан «Өркениет және ұлт» [13] деп аталатын еңбегі. Бұл еңбек «Ақтаңдақгар ақиқаты», «Жауды шаптым ту байлап», «Тарих зердесі», «Казахстан на рубеже веков: размышления поиски» деген еңбектердің жалғасы. Автор тәуелсіздік заманасында қазақ ұлтының тарихын, өркениет дала өркениетінің аясында қарайды. Сонымен қатар өркениеттік тұлғалар туралы да айтады. М. Х. Дулати, Жалаңтөс Баһадүр, Қожаберген жырау, Абылай, А. Байтұрсыновты қарастырады. Автор «алдағы уақытта шешілмеген мәселелерді жүйелі түрде таразылауымыз керек. Соның кейбіреуіне тоқталайық: Ғылыми іс жүзінде маңызы бар проблеманың бірі-қазақ интеллигенциясының қалыптасуы, дамуының тарихы қазақ зиялы қауымының бірнеше толқыны болды. Шоқан заманындағы зиялы қауымның толқыны - М. С. Бабаджанов, М. Шорманов, Т. Сейдалин, А. Жантурин. Одан кейінгі Әлихан бастаған толқын А. Байтұрсын, Шәкәрім, т. б. Міне, осылардың дүниетанымдық көзқарасы салыстырмалы түрде талданбай келеді.

Қазақ элитасының тарихы-тарихи шежірелік деңгейде жеке жанр болып қалыптаспай келеді. Қазақстанда бар тарихи әулеттер Уәлихановтар, Шормановтар, Бөкейхановтар, Кенесариндер шежіреленбей зерттеледі. Олардың әлеуметтік салттары, дәстүрлері қазақ халқының дамуына қосқан үлестері тереңнен зерттелсе, XVIII-XX ғасырларда белгілі бір региондарда болған тарихи оқиғаларды толықтыра түсер еді.

Қазақстан тарихнамасында өткен заманғы көрнекті қайраткерлердің тарихи портреттері жасалмай келеді. Қазақ хандарының, билерінің, батырларының, қазақ ғалымдарының, зиялыларының бейнелері өте жұпыны. Жеке бастың, тұлғаның психологиялық ішкі сыры, кесек қимылдары тарихи шешуші сәттердегі ұлт мұддесін қорғауға қосқан үлестері жан-жақты ашылмай келеді.

Алаштану мәселесіне үлес қосқан Өмірзақ Озғанбай «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан» [14] атты еңбегінде архивтік түп деректер мен жарық көрген еңбектер негізінде 1905-1917 жылдар аралығындағы Ресейде жүзеге асқан демократиялық өзгерістерге жасалған бет бұрыс және осы тұстағы қазақ зиялыларының туған елін бодандықтан құтқарып, отанының тәуелсіздік жолындағы тарихи күресі жан- жақты баяндалған.

Р. К. Нурмағамбетованың «Алаш және Алаш орда қозғалысы» мәселенің тарихнамасы еңбегінде, [15] . ХХ ғасырдың 1920-1990 жылдарындағы уақыт аралығын қамтиды. Зерттеу үш тарау, тоғыз бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы Алаш қозғалысының ролі, кеңес үкіметі, зиялылардың тағдыры, тарихының айтыла бастауы. 1920-1930 жылдардағы тарихнамадағы Алаш мәселесі қарастырылған. 40-80 жылдардағы әдебиеттегі Алаш және Алаш орда тарихнамасы деп аталады. Онда 40-50 жылдардағы идеология уақытындағы алаш мәселесі, Сталиннен кейінгі уақыт, 70-80 жылдардағы зерттеулердегі Алаш мәселесі қарастырылады. Үшінші тарауда қазіргі уақыттағы Алаш қозғалысының тарихнамасы деп аталады. Мұнда 80-90 жылдардағы зерттеулердегі демократиялық интеленцияның қозғалысы, олар көтерген ұлттық мемлекеттіліктің даму мәселесі қарастырылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
Сералин Мұхамеджан шығармашылығы
Алаш партиясы программасының жобасы
XX-шы ғасырдың басындағы Қазақ зиялылары
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz