Нұрғали және Нәзипа Құлжановтардың қоғамдық өмірі мен қызметі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Нұрғали және Нәзипа Құлжановтардың қоғамдық өмірі мен қызметі

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. Өнегелі, ғибратты ғұмыр
1. 1. Ел үшін атқарылған еңбек
1. 2. Ел қамқоршысы, қоғам қайраткері
1. 3. Журналистика мен оқу-ағарту саласындағы жасалған жұмыстар
2. Ұлы мұрат жолында төгілген тер жемісі
2. 1. Ерлі зайыпты Құлжановтардың жарық көрген еңбектері
2. 2. Құлжановтардың Абай мұраларын зерттеудегі ролі
2. 3. Құлжановтардың мұраларының зерттелуі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ұлттық мемлекеттілікті нығайту бағытындағы ізденіс үстінде. Мемлекеттің ұлттық негізінің беріктігі-әлемдік жаһандану үрдісінен туындайтын ұлттық болмысқа қауіп төндіретін кері әсеріне тосқауыл болудың бірден-бір кепілі болып табылады.
Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағлымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы жиырмасыншы ғасырдағы ел қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз. Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда шығармашылық мұралары насихатталуда. Алайда, әлі де болса жан-жақты ғылыми зерттеуді қажет ететін тұстары да жеткілікті. Сол қажеттілікке зәру мәселелердің қатарына біздің тақырып яғни Нұрғали және Нәзипа Құлжановтардың қоғамдық өмірі мен қызметін жатқызуға болады.
Қазақстан тарихшылары жалпы қоғамымыз тәрізді ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ ұлтының мүддесі тұрғысынан қараған қазақ ұлттық интеллигенциясының еңбектеріне тарихнамалық талдау жасаудың маңызы зор. Бұл бүгінгі ұрпақтың тарихи дүниетанымын кеңейтеді, тарихи білімді толықтыра түседі. Өйткені қазақтың тарихи тұлғаларының еңбектерінде тарихи оқиғаларға, тарихи тұлғаларға байланысты тың көзқарастар, қызықты тұжырымдар және бүгінгі зерттеушілерді ойландырарлықтай салиқалы қорытындылар баршылық. Ал бұлар жаңа тарихи концепциялардың және салыстырмалы ой-пікірлердің өмірге келуіне негіз болулары немесе ықпал жасаулары әбден мүмкін. Бүгінде тарихи ұлттық сананы қалыптастыруға белсенді қызмет жасай алады. Тарихи көзқарастары қазақ ұлтының мүддесімен тікелей қабысып жатқан бұл кісілердің еңбектері шын мәнінде бүгінгі ұлт тарихшыларына үлгі боларлықтай. Сондықтан көрсетілген кезеңдегі ұлттық тұлғалардың өкілдері еңбектеріндегі тарихи көзқарастар бүгінгі ұрпақтың ұлттық сезімін оятуда, оларда ұлттық ойлау жүйесін қалыптастыруда елеулі рөл атқара алады.
Осы кезеңнің 20-шы жылдарындағы және оған дейінгі уақыттардағы еңбектер негізінен алғанда қазақ ұлтының мүддесіне қызмет ету рухында, яғни методологиялық тұрғыдан алғанда ұлттық принциптер мен құндылықтарды нақты басшылыққа алып жазылды. Мұның өзі бүгінгі тәуелсіз ұлттық тарихымыздың мүддесі тұрғысынан оларды тарихнамалық тұрғыдан талдау ісін жеңілдете түседі.
Осы орайда қазақ ұлттық интеллигенциясы өкілдерінің тарихи көзқарасын жүйелі түрде топтап талдаудың бүгінгі күні аса қажеттігі тағы да байқалады. Сондықтан да өзекті болып табылады.
Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақ Совет Энциклопедиясы , 7- томында Н. Құлжанованың белсене араласуымен сонау 20-жылдардың өзінде-ақ мектепке дейінгі қазақ педагогика ғылымының іргетасы қалана бастады. Мәселен, Алматыда Тұңғыштар атты жинақ, нұсқау кітабы жарық көрді[1]. Кейіннен Әйел теңдігі журналында осы ізгілікті іс әрмен қарай жалғастырылды. Журнал беттерінде қазақ балабақшаларының озат тәжірибелері, онда жүргізіліп жатқан түрлі тәрбие жұмыстарының жай - жапсары, мақсат - міндеттері жайында көптеген мақалалары жарияланды. Осы журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған Н. Құлжанова осынау көшпелі қазақ елінде бұрын - соңды болмаған бала тәрбиесінің жаңа түрін аяғынан тәй тұрғызуға себепші болды. Тағы да бір еңбек ол Мәпиам Хакімжанованың Үш томдық шығармалар жинағы: естеліктер, мақалалар. Т. 3 жинағы[2]. Алматының арыс баспасында жарық көрген Алаш. Алашорда: энциклопедиясында Құлжанов Нұрғали еңбегі жарияланады[3]. Оның бұл еңбектері Қазақ балалар педагогикасының алтын қорына қосылды деген пікір бар. Одан бөлек Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия[4], Белгібаев, М. Семей Орыс Географиялық бөлімінің XX ғасырда атқарған жұмысы[5], Жәрімбетова, Н. Егемен Қазақстан. - 2008. - 13 мамырда берген сұхбатында Екеуі де еліне еңбек етіп еді, алайда қостанайлықтар Құлжановтар атын елемей отыр[6], Сәрпеков, Р. Дидар мерзімдік баспасына берген сұхбатында Қазақтың мақтанышына айналған ғұламалар Құлжановтардың шәкірті болған[7], Сейсенұлы, Д. Депутат сыйы[8], Жанаева, Ш. Семей қаласы М. Әуезов атындағы колледж туралы [9]Киелі білім ордасындағы отыз екі кабинетке атақты түлектері мен оқытушыларының есімі берілген деген шығармаларда көрініс табады.
Тарих сахынасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыра білген қайраткерлердің, ұлт зиялыларының, ғалымдардың өмір жолын зерттеуге шындап мән беруіміз керек. Бұл жөнінде академик М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты атты еңбегінде: Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді Қайраткерлер ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер-жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек. Ендеше, Отан тарихынан кейбір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек,-жазған еді[10].
40 жылдай үзілістен кейін алғаш рет Нәзипа, Нұрғали Құлжановтардың есімін Социалистік Қазақстан газетінде жариялаған белгілі ақын Мәриям Хакімжанова екен. Онан кейін де Семей таңы және Қазақ әдебиеті газеттерінің № 96,97 сандарында (19 мамыр 1967жыл), Сарғайған сурет сыры атты К. Сәкиева мен С. Сырымбетовтардың бірігіп жазған, екі газетте бір мезгілде жарық көрген шағын мақала мен қоса екеуінің түскен суреттері шыққан[11].
Ө. Жәнібеков: Тағдыр тағылымы атты кітабында 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдаң қайтыс болуына байланысты әдеби кеш өткізіліп, оған Семейдің 5 кластық училищесінде оқитың М. О. Әуезовтың қатысқаны, келесі жылы Семей мұғалімдік семинарияның оқытушылары ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтардың ұйымдастыруымен және бір кеш өткендігін айта отыра Құлжановтар 1915 жылдың 15 ақпанында бұрыңғы Приказчиктер клубында Біржан мен сара айтысын сахнаға бейімдеп көрсеткен. Бұл ойынды ұйымдастыру жұмысына сол кездегі оқушылар Қаныш Имантайұлы Сәтпаев пен Мұхтар Әуезов те қатысқан-дейді.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Алаштың ақиық ақыны Сұлтанмахмұт Торайғырдың Таныстыру атты поэмасы бар. Бұл поэма - ХХ ғасыр басындағы ренессанстық құбылыс тудырған тұтас қазақ элитасының портреті іспетті. Егер, бұл поэма болмаса қазақтың тасын өрге сүйреген атпал азаматтарын біле алмас па едік?! Себебі, жетпіс жыл бойы қазақты түп тамырынан айырған Кеңес үкіметі асылдарымызды тануға, білуге мүмкіндік берді ме? деп Нұрғали Құлжанұлының болмысын сипаттайды. Міне, Сұлтанмахмұт ақынның бұл поэмасы - қазақтың оқығандарын қазаққа таныстырған құнды еңбек. Енді осы өлең жолдарындағы Нұрғали Құлжанұлы мен Нәзипа кім.
Керуен дүниенің көшінен Нұрғали, Нәзипа есімді ерлі-зайыпты Құлжановтар өткен екен. Екеуі де Жазған сөзім жаным ашып Алашыма дегеннің нақ өзі болған. Нұрғали мен Нәзипаның қоғамдық-саяси, ағартушылық қызметтері С. Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешу романында, С. Бегалиннің Замана белестері романында жан-жақты сөз болған.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының Н. Қ. ханымға атты өлеңі бар. Бұл Н. Қ. ханым кім? Н. Қ. ханым ХХ ғасыр басындағы оқыған қазақ қыздарының бірі Нәзипа Құлжанова болатын. Бұл - ұлт ұстазының қарындасына берген ілпипат, ақ пейіл батасы, лебізі. Ахаң бұл өлеңін Нәзипаның кітабына алғы сөзін ретінде жазып берген болатын. Бір тарихи деректі айта кетейік, Н. Құлжанова бір жылдары Қазақ АКСР Оқу-ағарту комиссариатының қазақ тілінде шығатын оқулықтар, кітаптар және баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның мүшесі болады. Сол оқу комиссариатының арнайы тапсырмасымен Н. Құлжанова Мектептен бұрынғы тәрбие атты оқу құралын жазған. Осы аталған кітабына ұлт ұстазы алғы сөз жазған болатын. Сол алғы сөзінің соңын: Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек деп аяқтапты. Міне, сол бабаларымыздың арқасында бүгінгі қазақ ғылымының іргетасы қаланды, іргелі ғылымға айналды.
Қызыл Қазақстан журналында Н. Құлжанованың Қазақ әйелдеріне арналған корреспонденциялар туралы (№13, 1922 жыл, 53-55 б.), Күн тұтылғанда (№23-24, 1923 жыл, 111-134 б. ), Жалпы әйелдер мейрамы (№15, 1923 жыл, 68-70 б. ), Дала соты (№16, 1923 жыл, 91-103 б. ), В. И. Лениннің туған күні - 1870 жылғы апрель (№1-2, 1924 жыл, 97-99 б. ) мақалалары жарияланған.
Жаңа мектеп (бүгінгі Қазақстан мұғалімі) журналына талантты қайраткердің аудармалары жарияланған. Мысалы, М. Горькийдің 1905 жылғы январьдың тоғызы күні (№14, 1926 жыл 47-53 б. №1, 1927 жыл, 79-84 б. ), А. Куприннің Лапылдап жанған крейсер (№2, 1927 жыл, 84-88 б. ), Б. Лавреневтің Қырық бірінші (№9, 1928 жыл, 107-118 б. ) шығармаларын атауға болады.
Қайраткер, қаламгер Н. Сегізбайқызының әдеби-публицистикалық мұраларын іздестіріп, ескі газет-журналдарды ақтарып, оқып шықтым. Сонау жылдары Арқалықта оқығанымда пединституттың жатақханасынан өз еркіммен шығып, Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақханасына орналасып едім. Колледж директоры, білікті басшы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сабыржан Тасмағамбеттің қолдауымен бір адамдық бөлме алдым. Кең әрі жарық бөлме еді. Бұл ғимарат бұрындары әйгілі Арқалық қонақ үйі болған ғимарат екен. Менің бөлмем - №314. Осы бөлмеде отырып көптеген шығармашылық жоспарларымды жүзеге асырдым. Нәзипа Құлжанкеліні туралы сол кезден бері жазғым келіп жүр еді...
Нәзипа сауатты, өте зерек, ілімі мен білімі бір кісіге жетіп артылатын адам-ақ екен. Мысалы, Әйел теңдігі журналына жарияланған Ақын Шолпан (№3, 1927 жыл, 28-31 б. ), Бала емізудің дұрыс тәртібі (№4, 1927 жыл, 22-29 б. ), Шай дейтініміз не? (№6, 1927 жыл, 26-29 б. ), Баланың жұқпалы аурулары (№8-9, 1927 жыл, 37-42 б. ), Қышыма қотыр (№4,1928 жыл, 44-47 б. ), Малдың сүті (№10, 1929 жыл, 40-42 б. ) мына еңбектерінің мәні мен маңыздылығы әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.
Қазақ ғылымының, соның ішінде педагогика, психология саласының бастауындағы ғылыми негіздердің бірі - ағартушы, қайраткер Н. Құлжанованың мұралары. Нәзипа - Ыбырай Алтынсары, Ахмет Байтұрсынұлы үлгісіндегі тәжірибелі педагог, ғалым. Өмірлік тәжірибесі негізінен Мектептен бұрынғы тәрбие (1923), Ана мен бала тәрбиесі (1927) сияқты іргелі кітаптарды жазды.
Қайраткер, ғалым 1927 жылы Қызылорда қаласынан 5000 данамен басылып шыққан Ана мен бала тәрбиесі атты кітабының кіріспе сөзінде: Бала қалай бітеді, қалай туады, әйел босанған кезінде қалай күтінуі керек, жаңа туған баланы қалай тәрбиелеу дұрыс, баланың тамақтандыру тәртібі қандай болуы керек? деп зор мәселені көтерген екен.
Георгий Михаилович Хамутов - Құлжановтар семьясының жақын досы болған. Семейдің мұғалімдер семинариясында оқып жүрген кезінде ол екі жыл (1906-1907 жылдары) Құлжановтардың үйінде тұрып, тәрбиеленген. Өз ұстаздары Нұрғали мен Нәзипа туралы 1967 жылы жазған естелігінде:
1905 - 20 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен. Батыс Сібір Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болған. Ол туралы Семей облыстық өлкетану музейінің ғылыми кітапхана қорында сақталған жазбалардың деректері бойынша:
1914 жылғы Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела РГО, выпуск ХІ, 1917 год деген кітапшада Географиялық қоғамның мүшелері Федор Николаевич Белослюдов, Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар деп жазған деректер бар.
- Список членов общества изучения Киркрая 1923 год деген құжатта Нәзипа Құлжанова бар, осы қоғамның мүшесі болғанын растайды.
- 1924 жылғы 1 шілде ОРГО-да Географиялық қоғамның мүше-қызметкері Құлжанова Нәзипа Сағызбаевна - Оренбург деп көрсетілген. Бұл Нәзипаның қоғамдық ұйымдар ісіне қатысын айғақтайтын тарихи деректер. Бұл деректер 1993 жылы Д. Дәуренбекованың құрастыруымен шыққан Алғашқы қарлығаштардеген кітабының 23-24 беттерінде жазылған.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысның мақсаты ХХ ғасырда өмір сүрген белгілі қоғам қайраткерлері, ерлі зайыпты Құлжановтардық қоғамдық өмірі мен қызметіндегі өнегелерін келешек ұрпаққа үлгі боларлықтай тарихи рухани сабақтастығын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:
oo Ел үшін атқарылған еңбектерін саралау
oo Ел қамқоршысы, қоғам қайраткері ретінде сипаттау
oo Журналистика мен оқу-ағарту саласындағы жасалған жұмыстарын талдау
oo Ерлі зайыпты Құлжановтардың жарық көрген еңбектерін зерттеу
oo Құлжановтардың Абай мұраларын зерттеудегі рөлін айқындау
oo Құлжановтардың мұраларының зерттелу деңгейін анықтау
Зерттеудің теориялық және қолданыстық маңызы. Тұлғалық деректерді сараптау арқылы елдегі тарихи тұлғалардың ғұмыры мен үлгі етер істерін өскелеген ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге зерттеудін тәжірибелік маңызы зор. Осыған байланысты жаңа ғылыми тәсілдер мен талдау әдістерін жетілдіру тарих ғылымының теориялық негізін кеңейте түседі. Зертрттеудің жекелеген тұжырым, қорытындылары тарих факультеті және филология факультеті тәлімгерлеріне деректану негіздерін, қоғам мен мәдениеттің даму тарихын оқыту пәндеріне пайдаланылуы тиіс. Зерттеу жұмысын жазу барысында жинақтау, талдау, саралау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, іріктеу т.б. әдіс - тәсілдер қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Өнегелі, ғибратты ғұмыр
1. 1. Ел үшін атқарылған еңбек

Құлжанов Нұрғали 1896 жылы Торғай уезінде дүниеге келген ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың бағына біткен мәдениет қамқоршысы, Алаш қайраткерлерінің бірі. Орынбор мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905 жылда Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында сабақ беріп, соңынан жоғары бастауыш колледжде қазақ тілін оқытады. 1906 жылы 1 қаңтарда 3-дәрежелі Қасиетті Станислав орденімен марапатталған. 1908 жылы Батыс Сібір Географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болып қабылданады. Бөлімшенің тексеру комиссиясы құрамында болып, аймақ тарихы мұражайы бөліміне көне тарих, музыка, фольклорлық мұра туралы материал жинауды тапсырған. 1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына Нәзипа Құлжановамен бірге әдеби кеш өткізуге қатысады. Облыстық қазақ съезінде 1917 жылы Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі болып сайланған. Қазақ комитетінде жүріп, ұлт-азаттық қозғалыстың өрістеуіне үлес қосады. Қазақ, Бірлік туы, Үш жүз газеттерінде жазған мақалалары жарияланды. 1919 жылғы тарихи оқиғалар барысында Колчак жендеттерінің қолынан қаза тапты[1].
Нұрғали Құлжанов аласапыран ауыр күндерде өз халқының болашағы үшін күрескен қоғам қайраткерлерінің бірі. Ол өткен қаратүнек заманда орыс мәдениетінен нәр алып прогресс жағында болды, қазақ жастарының оқып білім алып, азамат болып қалыптасуына айрықша көңіл бөліп еңбек сіңірді.
Нұрғали Құлжанов сияқты жайсаң жанның таңғажайып тұлғасын, өмір жолын бір мақалада түгел қамту, әрине, мүмкін емес. Сондықтан біз бұл жерде ұстаздың жүріп өткен ізін, халық үшін аянбай істеген қызмет жолын шолып қана өтуді дұрыс көрдік.
Нұрғали Құлжановтың балалық шағы қазақ аулында, еңбекші бұқараның арасында өтеді, білімі артып, сана-сезімі өсіп, ұлғая келе оның дүние тану дәрежесі де биіктей түседі, өзін қор - шаған шындыққа сыншыл көзбен қарап, өз халқының өміріндегі құбылыстарды ұға бастайды[2].
Бостандыққа білім мен әлеуметтік про - греске ұмтылған өршіл қайсар Нұрғали Құл - жановтың бет алысы билеуші үстем тап өкіл - деріне, патша чиновниктеріне ұнамайды. Қа - зақ даласын емін-еркін билеп төстеген бай-феодал - дарға алдына тосқауыл болатын Нұрғали Құл - жанов сияқты қайсар көзі ашық жастың ізіне түседі, айтқанына көніп, айдағанына жүріп келген қазақ аулының тыныштығын бұзатын Құлжановтарды ертерек елден айдап шығып, көзін жоғалтудың қамына кіріседі. Оның үстіне, орыстың алдыңғы қатарлы таңдаулы дәстүрінде тәрбиеленген Нұрғалидың зайы - бы Нәзипа Құлжанова жұрттан бұрын азаттық жолына түсіп бостандық, теңдік туын көтерген, күң болып қасірет шеккен, ошақ басындағы қазақ әйелдеріне игі әсерін тигізеді. Бұл жағдай қазақ аулын билеп-төстеушілердің ашу ызасын келтіреді. Сондықтан жаңалықтың батыл жаршыларының соңына түсті, оларды қуғынға ұшыратты. Патша жендеттерінің улы тырнағына ілініп кетпеуі үшін Құлжановтар өз қонысын тастап, Семей қаласына келді [11].
Олардың Семейді қалауы ол кездейсоқ емес еді. Өйткені ол үлкен облыстың ор - талығы ретінде оған Қарқаралы, Павлодар, Өс - ке - мен, Зайсан, Се - мей уездері қарады. Семейде орыс, қазақ оқу орындары басқа жер - мен салыстырғанда көп еді. Жас қазақ интеллигенттері өсіп келе жатқан дала өлке - сіндегі мәдениет орталықтарының бірі сана - латын[6].
Оның үстіне Ресейдің алдыңғы қатарлы ойшылдарын, олармен пікірлес азаматтарды Семейден жиі кездестіруге болатын еді. Бұлар жергілікті қазақ халқына, оның озық пікірлі оқыған жастарына игі ықпалын тигізіп, оларды артынан ертіп, алғы арман мақсаттары үшін күреске бастады. Сол орыс халқының демо - кратиялық, революциялық бағыттағы аяулы ұлдарының қатарына қазақтың ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ағартушыларының жолын қуған про - гресшіл ағартушы, демократ қазақ инте - ллигент - терінің тобына Нұрғали Құлжанов та енді.
Көптеген ұлттар мен халықтарды қыспаққа ұстап отырған патша үкіметі тұсында мектепке қазақтың ана тілін оқытудың қаншалықты қиындыққа түскені өзінен өзі мәлім. Қазақ тілінің оқулықтары, көмекші құралдары әлі жасалмаған кезде, ұлы орысшыл шовинистер бұратана халықтың тілі деп қарайтын кезде, әртүрлі ұлттан құралған оқушылардың сүйікті мұғалімі болу Нұрғали Құлжановтың аса білімді, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарының методикасын жете меңгерген озат педагог болғандығын аңғартады.
Нұрғали Құлжанов кезінде Алтынсарин бастаған дәстүрді одан әрі дамытып, қазақ балаларына арнап сауат ашу мектептерін ұйымдастырды, және сол мектептер үшін қазақ тілінің әліппесін жазу жұмысымен шұғылданды[9].
Қызметтес болған жолдастарының және өз қолында оқып білім алған шәкірттерінің ай - туынша Н. Құлжанов жазған қазақ тілінің әліппесі өзінің мазмұны және құрастыру прин - ци - пі жағынан жақсы туынды болған. Мұнда автордың орыстың атақты педагогтарының оқулықтар құрастыру жөніндегі методикалық табыстарына сүйенгендігі байқалады. Бірақ, әртүрлі себептермен Әліппе басылмаған. Алайда оны қазақ мұғалімдері кезінде қолжазба ретінде бірінен бірі көшіріп алып, тіл құралы ретінде пайдаланып жүрген.
Нұрғали Құлжановқа мамандығы жағынан жақын, пікірлес дос, жолдас болғандардың ішінен Мұстахим Малдыбаев, Бекенғалиды (Бекмұхамбет Жақыпұлы) атап кетуге болады. Осылармен бірігіп Н. Құлжанов 1913 жылы Семейдің Заречная слабодкасында қазақ бастауыш мектебін ашады.
Мұндай мек - тептер ол кезде Ашық типті мектептер деп атайтын. Бұл мектептерге қазақ тілінің оқу құралы өте қажет еді. Әліппені жазуға басты себептің бірі де осы[12].
Сонымен қатар, Нұрғали Құлжанов сол кезде Семей қаласында жетім балаларға арналып ашылған Жамияти Хайрия (садақа қоғамы) деп аталатын тәрбие үйлерін ұйымдастыруға да белсене қатысады. Онда қазақтың бір - сыпыра жетім балалары тәрбиеленді. Өйт - кені Жамияти Хайрия негізінен халықтан жи - налған қаржымен күн көретін. Сол қаржыны қазақ азаматтарынан жинау жұмысына Нұрғали Құлжанов белсене араласады.
Нұрғали мен Нәзипа екеуі де өздері өскен ортасында жайсаң мінездері, жолдасқа, досқа деген адалдықтары, турашыл, әділетті, адам - гершілік қасиеттері ерекше көзге түсіп, көп - шіліктің құрметіне бөленген[15].
Құлжановтар оқу іздеп Семей қаласына даладан келіп жататын қазақ жастарына қолынан келгенінше қамқорлығын жасап, оларды оқуға орналастыруға, қаржымен көмектесуге көп күш жұмсады. Тіпті көптеген жастар оның үйінде тұрып оқыды. Нұрғали мен Нәзипаның осындай көмегі тиген адамның бірі - қазақтың белгілі жазушысы Сапарғали Бегалин. Ол алғаш рет Семейге оқу іздеп келгенде, бір жылдан астам сол Құлжановтардың үйінде жатып оқы - ғанын айта келіп: Күндіз жұмыс істеп кешкілікте бір-екі сағат Нәзипаның өзі, кейде Нұрекең де сабақ үйретіп, жазу жаздырып, есеп шығартады деп жазды. Сапарғали осы үйде жүріп сол кездегі жаңа шыққан кітап, журнал, газеттермен танысып, оларды оқып үйренеді. Нұрғалидың тікелей көмегімен қызыл школ деп аталатын орыс мектебіне түскен Сапарғали сабақты жақсы оқиды. С. Бегалин көзбен көрген, бастан кешкен жайларға құрылған өмірбаяндық романы Замана белестерінде жоғарғы айтылған жағдайды еске ала келіп: менің осы мақтана айтып отырғанымның ерекше бір нәрі - Нұрекең мен Нәзипа жеңгейдің үйінде тұрған бір жылдық өмірім еді. Өйткені, ол үйде Нұрекең мен Нәзипа жеңгейдің адамгершілік ерекше қасиеттерін өзіме өнеге етсем, оның үстіне сол үйде тұрғанда жаңа заман сәулесін ана тілімді құрметтей оқитын газет, журнал болды деп зор шабытпен жазды[15].
Октябрь революциясының алғашқы жыл - дарында Зайсан уезінде алғаш уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, сауатсыздықты жою және балалардың панасыздығымен күресу жөніндегі төтенше комиссияның председателі болған Георгий Михаилович Хамутов - Құлжановтар семьясының жақын досы болған. Семейдің мұғалімдер семинариясында оқып жүрген кезінде ол екі жыл (1906-1907 жылдары) Құлжановтардың үйінде тұрып, тәрбиеленген. Өз ұстаздары Нұрғали мен Нәзипа туралы 1967 жылы жазған естелігінде: Мен 1906-1907 жылдары Семейдің мұғалімдер даярлайтын семинариясында оқып жүргенде Құлжановтан сабақ алдым. Орыс тілін аса жақсы сөйлейтін, оқымысты қазақ көргенім осы еді... Мен Құлжановтардың үйінде екі жыл пәтерде тұрғанымда тағы да бір білгенім, олардың саяси және әдеби кітаптарды өте көп оқитыны. Мен алғаш рет [13].
А. С. Пушкиннің Капитан қызы повесін Нәзипаның қолынан көріп: Бұл неғылған кітап? - деп сұрағанымда, Нұрғали қатты ренжіп: Пәлі, оны білмесең несіне орыс болып жүрсің, - деп артынан мазмұнын ұзақ әңгімелеп бергені бар. Өзінің Құлжановтар туралы пікірін қорыта келіп, Г. М. Хамутов: Менің олармен бірге өткізген уақыттарымды өмірімнің ең бір жақсы кезеңі деп есептеймін. Жасымнан жетім өскен мен бұл үйде таза әкелік көзқарасты, күнделікті аналық қамқорлықты кездестірдім. Ол екеуінің мейрімі кеудеме нұр құйды. Мен олардың алдындағы адамгершілік парызымды қалай өтесем деп терең ойға қалушы едім. Бұларды құлай сүйгенім, құрметтегенім сонша, Нұрғали Құлжанұлы оқытқан қазақ тілін бар ықыласыммен оқып, мұқият үйренуге бел будым. Менде қазақ тілінен әр уақытта өте жақсы деген баға болды ... Нұрғали мен оның әйелі Нәзипа сол кездегі жоғары мәдениетті, прогресшіл көзқарастағы кісілер еді [14].
Адам баласына жақсылықты ғана ойлайтын жаны кең, бауырмал Нұрғали мен Нәзипа өзде - рінен дәріс алып жүрген оқушыларға және Семей қаласында тұратын, оған сырттан келіп кетіп жүретін ойшыл талапты жастардың бәрі - не де ақылшы ұстаз, жаттығы жоқ жақын жол - дас, жанашыр дос болды, оларға кішіге - аға, апа, үлкенге - іні, қарындас болды. Мысалы, халық - тың сүйікті ұлы бола білген дарынды ақын Сұлтан - махмұт Торайғыров 1914 жылы Семейге келіп, орысша білімі жетпей, оқуға түсе алмай қиналып жүргенде оған жылы лебіз білдіріп - мұғалім бол, бала оқыт, сөйтіп жүріп орыс учителінен сабақ ал, Томск қаласына барып бір жылдық курске түс, орыс тілінен қосымша сабақ алып дайындал, келесі жылы гимназияға түс деп кеңес бергендердің бірі осы Құлжановтар болатын. Бұл секілді пайдалы кеңес көңіліне қонған Сұлтанмахмұт Томскідегі бір жылдық курсты бітіреді, оқып жүріп орыс тілінен қосымша сабақ алады, гимназияға түсетін болады. Не керек ауыр науқасқа шалдыққан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыра алмайды. Нұрғали мен Нәзипа Сұлтанмахмұттың талантын жоғары бағалады, оның дарынды ақындық қабілетіне қатты сүйсінді, қанаттана беруіне тілектестігін білдірді. Сұлтанмахмұттың өзі де Нұрғали мен Нәзипаға жиі-жиі кездесіп, өзінің жаңа өлеңдерін оқып та тұрды. Ал Құлжановтар да одан ақыл-кеңестерін аямады[14].
Қазақ жастары сүйіспеншілігіне бөленген ардагер азаматтар Нұрғали мен Нәзипаның адам - гер - шілік қасиеттерін Сұлтанмахмұт Торайғыров жоғары бағалады. Өзіне кезінде үлгі, өнеге болып өшпестей із қалдырған ізгі мақсаттарына игі ықпал жасаған Құлжановтар туралы Сұлтанмахмұт: жақын үшін жанын құрбан қылатұғын, ел үшін еңбек еткен кемеңгер Нұрекеңдей ұл қазақта туа бермес деп оның бостандық, теңдік, әділдік принциптерін қолдаған, барынша жаңашыл, халқын сүйетін гуманистік қасиеттерін паш етеді.
Нұрғали және Нәзипа Құлжановтар, жоғарыда айтылғандай, озық ойлы, биік мәдениетті жаңа - шыл жайсаң жандар еді. Олар қоғамдық саяси кітаптарды көп оқып, көркем әдебиет, әсіресе орыс классиктерінің шығармаларынан рухани нәр алған білімді, білгір ұстаздар болды. Сондай- - ақ, олар екі тілде (орыс-қазақ) бірдей таза сөйлейтін шешен кісілер еді. Сондықтан да бұлардың есімін қос қарлығаш деп халық үлкен құрметпен атайтын.
Нұрғали Құлжанов қашаннан-ақ жұрт - шылықтың үлкен құрметіне бөленген, зор абырой - ға ие болған ұстаз, тәрбиеші, ағартушы, қоғам қайраткері болса, оның сүйген жары Нәзипа Құл - жанова елін, халқын сүйген қа - зақ - тың сол кез - дегі мәдениетті, оқымысты, журналист қы - зы еді. Кезінде, - деп жазды жазушы Камен Оразалин, - Семейдің Қос қарлығашы атанған Құлжановтардың есімі зор құрметпен аталуы заңды да еді. Нәзипа Құлжанова сияқты бірен-саран жақсы білім алған қазақ қыздары сол кезде де болған шығар. Бірақ, олардың бірде-бірі Нәзипаның шыққан биігіне көтеріле алған жоқ [16].
Эстетикалық сезім, образды ойдың иесі Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар қазақ халқының өмірі үшін көркем өнердің қаншалықты қажет екендігін жақсы түсінді. Өйткені, өнер өмір шырағы, өнері жоқ елдің өмірінің мәні де, тірші - лігінің сәні де болмайды. Басқа елдер сияқты қазақ халқының да өз денесінен өніп, өсіп шыққан, өзіне тән, өз пішінін көрсететін өнері бар. Жылы күннің шуағы өмірге қаншалықты керек болса, қазақ халқына, оның бүгінгі тіршілігімен тамаша болашағына өнер де соншалық керек еді. Осы ойға, осындай шешімге келген Құлжановтар ол жұмысты қазақ халқының өмір сүретін өнер айнасына түсіруден бастады[15].
Қазақ театр өнерінің ірге тасы әлі қалыптасып болмаған, драматургтер мен композиторлар тума - ған заманда Құлжановтар халықтың өзі жасаған шығармаларды - ел арасындағы, от басындағы, киіз үй төріндегі, той жиынындағы айналып қойылып келген ойын өрнектерін ой елегінен өткізіп, өз мақсаттары үшін кеңінен пайдаланды. Әрине Нұрғали мен Нәзипаға қазақша алғашқы театрлескен ойын өткізу оңайға түскен жоқ. Патша үкіметінің қазақ даласына орнатқан қатаң тәртібі жағдайында үлкен көлемді ойын-сауық өткізуге рұқсат алу Құлжановтарға өте қиынға түсті. Олар қазақ оқығандарынан 30 адамның қолын қойдырып, өтініш жазып, Семей әскери губернаторы Тройницкийдің есігін тоздырып бақандай екі ай жүрді. Бір күні рұқсат берілді деген хабар да алды. Оған жүректері жарылғанша қуанды. Осыдан кейін қазақша ойын кешін өткізуге дайындық жұмы - сына кірісті. Ойын-сауық болатын күнге дейін Құлжановтардың үйі мәжіліс, басқосу, жаттығу өткізетін орынға айналды. Нұрғали мен Нәзипа қазақ ойын кешінің жүргізу тәртібін, екі тілде (қазақша, орысша) программасын жасақтап, оны қаладағы, даладағы ойын сауық көрермендер қауымына таратты [15].
Қазақша театрлескен ойынды ұйым - дасты - рушы әрі қоюшы Нұрғали мен Нәзипа өз маңына қазақтың алдыңғы қатарлы оқыған өнерлі жас - тарын топтастырды. Мұғалімдер семинариясы мен қалалық 5 класты училище оқушылары, кейін - гі біздің Совет заманында аса көрнекті сөз зергері, Советтік Қазақстанның мәдениеті мен ғылымының дамуына, молығуына орасан зор үлес қосқан қоғам қайраткерлері Мұхтар Әуе - зов, Қаныш Сәтбаев ол кезде Семейдегі орыс мектебінің оқушысы, қазір белгілі қазақ жазушысы Сапарғали Бегалин ойынды дайындау мен өткізуге бірдей қатысып, Нұрғали мен Нәзипаның белсенді көмекшісі болды. Қаныш бірнеше күй тартып, ән салса, Мұхтар ойынның программасын жасақтауға, Біржан-Сара айтыс дастанын сахнаға ыңғайлап әзірлеуге көмектесті, Абай елінен әншілер мен күйшілерді шақырып, оларды ойынға қатыстырды.
Демек, қазақ мәдениетін, оның ішінде театр өнерін өсіріп-өндіруде Нұрғали, Нәзипа Құл - жановтар өздерінің игілі істерімен көркемдік ойға елеулі жаңалықтар алып келді. Олар жаса - ған Біржан-Сара айтысын инсценировкасы, өнер - паздардың шебер ойнағаны, көрермендердің ойын - ды жылы қабылдағаны туралы баспасөз бетін - де көптеген пікірлер айтылды. Осы қазақша бастапқы ойын жөнінде Томск қаласында орыс тілінде шығатын Сибирская жизнь газеті (1915, № 52), Орынборда шығатын Қазақ газетінде де (1915, 9-май) басылды[15].
Н. Құлжановтың педагогикалық және қоғам - дық қызметі 1900 жылдардан басталды. Алғашқы кезде ол Семей қаласындағы мұғалімдер семина - риясында, одан соң сол Семейдегі жоғарғы бас - тауыш училищеде қазақ тілінен сабақ берді. Ал, 1917 жылы Ұлы Октябрь революциясы жеңгеннен кейін Семей гимназиясында оқытушылық қызмет атқарады[16].
Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысында өр тұлғалы қазақ қыздарының да үлесі зор болды. Қазақ қыздарының мінезіне тән ерекше бір қасиет оның қайтпас қайсарлығы, өжеттігі, тіпті керек кезде ел үшін Отан үшін отқа түсуге дейін баруға батылы жететіндігі дәлелденген. Тарихта ел намысын ерлерше қорғап, қайрат көрсеткен қазақ әйелдері де баршылық.
Осы тұрғыдан келгенде 20-30 жылдары қазақ қыздарының арасынан суырылап шыққан Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Шолпан Иманбаева, Аққағаз Досжанова, Мәдина Бегалиева, Сара Есова сияқты қайраткерлердің еңбегі жүйелі түрде зерттеле беруге тиіс[17].
ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлға - Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова. Ағартушы, ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, аудармашы Н. С. Құлжанованың тағдыр талайына Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы аса күрделі қоғамдық - саяси істеріне араласу тиесілі болды. Қазақ тарихындағы қайшылықтар мен өзгерістерге толы дәуірде Н. Құлжанова өз жолын тапты.
Н. Құлжанова бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданында туған. Ол Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған мектепте оқып, кейін Қостанайдағы гимназияға түседі. Бұны бітірген соң Орынбордағы мұғалімдер семинариясында оқып, үздік бітіреді[16].
Нәзипа Құлжанова есімін бірінші рет қазақ мәдениеті тарихында елеулі орны бар Қазақ газетінінен кездестіреміз. 26-январда Семейде Народный домда жағрафия жамиғатының әдебиет кеші болды. Бұл кеште халық аса көп болып үйге сыймағандықтан бірсыпыра адамдар кіре алмады. Барған халықтың көбі мұсылман еді, көбірегі қазақ - деп жазды газет.
Осы газеттегі тағы бір мақала Мұхтар Саматовтікі, Потанин докладынан деп аталады. Төңкеріске дейін Омбы қаласында оқыған, кезінде газет-журналдарға үнемі хат-хабарлар жазып тұрған М. Саматов атақты этнограф, фольклорист Григорий Николаевич Потанинмен таныс болған. Сол мақалада: Көп уақыттан бері қазақтың ертегісін, басқа нәрселерін жинамақ көңілімде еді. Өткен жаз Тоқырауын деген жерге барып 27 ертегі жинап қайттым- деген Потанин дерегін келтіре отырып, қазақтар туралы пікірін сөзбе-сөз береді[17].
Ал Нәзипа Сегізбайқызымен Тоқырауында кездескен соң таңдануында шек болмаған. Қазақтың қай жерінде болса да ғылым сәулесі түсті. Былтыр Тоқырауыннан келе жатып бір ауылға қондым. Бұл ауылда Семейдегі семинарияның қазақша тіл мұғалімі Нұрғали Құлжанов жамиғаты Нәзипа ханым келіп жатыр екен. Сонда Нәзипа ханым әдебиет кешін жасады. Ойнаушылар: Нәзипа ханым, гимназист, 11 жасар қыз гимназистка hәм бір қыз-бәрі де нағыз қазақ. Оқылған өлеңдердің ішінде Некрасовтың өлеңдері де болды[17].
Осы ретте айта кету керек Нәзипа Құлжанова Қазақстан мәдениеті мен өнері тарихында елеулі із қалдырған Александр Викторивич Затевичпен де таныс болды. Ол: Нәзипа Құлжанова Семей губерниясынан, қазақ әйелдерінен шыққан интеллигент, оқу-ағарту ісінің көрнекті қайраткері деп баға берген Н. Құлжанова әнші болмаса да, қазақ әндерін нақышына келтіре орындайтын өнері болған. Ең маңыздысы - ол кісінің әншілігі емес, қазақ әндерінің нотаға түсуіне көмек көрсетуі. Ол кісі Затаевичке Ғайни-ау, сәулем, Қадыр зары әндерін жаздырған.
Соңғы кеш туралы 1915 жылы Айқап журналы №5 санында Біздің қазақта ұлтқа қызмет еткен әйелдің алды Нәзипа ханым болып шежіреде жазылуы тиіс деп жариялады[17].
Қазақ газеті мен Айқап журналдарынан кейін Құлжанова қаламынан шыққан дүниелерге орын берген 1916 жылдың қарашасынан, 1917 жылдың ортасына шейін Ташкент қаласында шығып тұрған Алаш газеті болды. Онда Алаш жолына, Қайран ақ текемет пен алашам-ай! сынды мақалалары жарық көрді.
С. Сейфулин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, С. Бегалин, С. Торайғыров сынды ғалымдар, жазушылар Құлжановтардың қоғамдық жұмыстары, әдеби еңбектері жайлы реті келгенде еске түсіріп, өз шығармаларында айтып отырды.
Балаң шағында Семей қаласында Құлжановтардың үйінде тұрып, оқыған, қазақтың үлкен жазушысы Сапарғали Бегалин да Замана белестері мемуарлық романында олардың қайраткерліктерін ерекше өрнектейді.
40 жылдай үзілістен кейін алғаш рет Нәзипа, Нұрғали Құлжановтардың есімін Социалистік Қазақстан газетінде жариялаған белгілі ақын Мәриям Хакімжанова екен. Онан кейін де Семей таңы және Иртыш газеттерінің № 96,97 сандарында (19 мамыр 1967жыл), Сарғайған сурет сыры атты К. Сәкиева мен С. Сырымбетовтардың бірігіп жазған, екі газетте бір мезгілде жарық көрген шағын мақала мен қоса екеуінің түскен суреттері шыққан[18].
Құлжанова өмірінің Семейдегі кезеңі ерекше шығармашылыққа толы болды. Ерлі-зайыпты Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар Семей өңіріне шамамен 1904 жылдың аяғында ұлы Абай ақын дүниеден көшкен қаралы жылы қоныс теуіпті. Қос маман өздерінің ұстаздық жолдарын Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында қазақ тілінен сабақ беруден бастайды.
Құлжановтардың Семейге келуін зерттеушілер екі түрлі жағдаймен түсіндіреді. Бірінші пікір - 1905 жылы Құлжановтардың патша сақшы-ларының назарына ілігуімен байланыстырылады. Осыны сезген Нұрғали мен Нәзипа Торғай облысынан шеткері жатқан сахара төріне қарай - Семей қаласына кетеді, - дейді М. Ибраев. Екінші пікірдегілер - Нәзипаның ата-анасының ескі әдетпен біреуге атастырып, қызы үшін қалың мал алып қойғандығын тілдеріне тиек етеді. Санкт-Петербург қа-ласының мұрағаттар қорынан алынған деректе Нәзипа айттырып қойған адамына тұрмысқа шыққысы келмей, ал қалың малды қайтаруға мүмкін-діктері болмағандықтан облыстың әскери губернаторына осы жағдайдан құтқаруға өтініш жасап, солардың көмегімен аулаққа - Семейге жөнелтіл-гендігі айтылады. Сайып келгенде, екі пікір де олардың жолдарын ашу пиғылында екендігі дау туғызбайды[18].
Жазушы Кәмен Оразалин: Абай аулына саяхат атты кітабында 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдаң қайтыс болуына байланысты әдеби кеш өткізіліп, оған Семейдің 5 кластық училищесінде оқитың М. О. Әуезовтың қатысқаны, келесі жылы Семей мұғалімдік семинарияның оқытушылары ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтардың ұйымдастыруымен және бір кеш өткендігін айта отыра Құлжановтар 1915 жылдың 15 ақпанында бұрыңғы Приказчиктер клубында Біржан мен сара айтысын сахнаға бейімдеп көрсеткен. Бұл ойынды ұйымдастыру жұмысына сол кездегі оқушылар Қаныш Имантайұлы Сәтпаев пен Мұхтар Әуезов те қатысқан-дейді.
Нәзипа Құлжанованың Семейліктер үшін істеген ісі, қалдырған еңбегі айтарлықтай құрметті еді. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров өнегелі қыздың сіңірген еңбегіне осылай өлеңмен баға берген еді. Нәзипа мақтаса мақтауға тұрарлық орысша білім алып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан және өз бақыт үшін күресе білген өткір жан болды[18].
1982 жылы Ленинградтағы Орталық Мемлекеттік архив деректері бойынша Торғай облысындағы бірден-бір оқу орны - Қостанайдағы орыс-қазақ әйелдер прогимназиясының барлық төрт жылдық курсын ойдағыдай бітіріп шыққан.
1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін ойдағыдай аяқтап, біраз уақыт сол училищеде көмекші мұғалім болып тағайындалады. Ерлі-зайыпты білімді екі жас Нұрғали, Нәзипа Құлжановтардың Торғайдан Семейге келуіне не себеп деген сұраққа келсек, сол кездегі феодалдық-патриархалдық рушылдық қоғамның әдет-салты әлі үстем болып тұрғанда тыныштықпен, бейбіт өмір сүре алмады.Сондықтан, туған жерден алысырақ шеткері жатқан сахара төріне қарай - Семей қаласына сапар шегеді. Олар келген жыл Абайдың дүниеден өткен жылы 1904 жыл болатын. 1905 жылы Семипалатинский листок газеті Абайдың қайтыс болуына байланысты Ә. Бөкейханов көлемді қазанама жазды. Онда оның өмірін, халықтық ақын екенін жұртқа бірінші рет танытқан алаш азаматы Әлихан Бөкейханов болды. Құлжановтардың да ұлы Абаймен таныстығы да осы жылдардан басталды[19].
1905 - 20 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен. Батыс Сібір Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болған. Ол туралы Семей облыстық өлкетану музейінің ғылыми кітапхана қорында сақталған жазбалардың деректері бойынша:
1914 жылғы Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела РГО, выпуск ХІ, 1917 год деген кітапшада Географиялық қоғамның мүшелері Федор Николаевич Белослюдов, Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар деп жазған деректер бар[19].
- Список членов общества изучения Киркрая 1923 год деген құжатта Нәзипа Құлжанова бар, осы қоғамның мүшесі болғанын растайды.
- 1924 жылғы 1 шілде ОРГО-да Географиялық қоғамның мүше-қызметкері Құлжанова Нәзипа Сағызбаевна - Оренбург деп көрсетілген. Бұл Нәзипаның қоғамдық ұйымдар ісіне қатысын айғақтайтын тарихи деректер. Бұл деректер 1993 жылы Д. Дәуренбекованың құрастыруымен шыққан Алғашқы қарлығаштардеген кітабының 23-24 беттерінде жазылған[20].
Қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет Географиялық қоғамның мүшесі болған Нәзипа Құлжанова 1914 жылы 26 қаңтар күні Семей қаласында ұлы Абайдың қайтыс болғанына байланысты он жыл толуына орай әдебиет кешін ұйымдастырып, сол кеште орыс тілінде тамаша баяндама жасап шығады. Ақын Абайдың өлмес даңқының сыр-сипатына терең баға береді. Алғаш рет Абай өлеңдерінің орысша аудармасынан үзінділер оқиды. Бұл Нәзипаның ең басты тарихи еңбегі болып табылады. Ол Орыс Географиялық қоғамының мүшесі ретінде қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарын, ауыз әдебиеті мен фольклорлық шығармаларын зерттеп, оларды кеңінен насихаттаумен айналысты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш журналист
Н.Құлжанованың мұраларының зерттелуі
Семей бөлімшесінің мүшесі ретінде Орынборда Қазақстанды зерттеу жөніндегі қоғамда жауапты қызметкер атқарған алғашқы қазақ әйелі
Әйелдер публицистикасының ерекшеліктері
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Абайтануға кіріспе
Ұлы Абай шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі
Алаш арыстары және әдебиет
Періштелер Хауа анаға
«Қазақтағы» әдебиетті зерттеу мен әдеби сын мәселелері
Пәндер