Ғарышкер және Қазақстан
1. Т.Әубәкіровтың жастық шағы.
1.1 Отбасысы және балалық шағы.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді.Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын.
Халықтың соғыстан енді ес жиып, тұралап қалған шаруашылықты қайта қалпына келтіріп жатқан уақыты. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне енді осы жаманымыз аман болсыншы деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Өмірдің тауқыметін бесіктен белі шықпай жатып көрген,ол әпкесі Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.Тоқтар аға өзінің балалық шағы туралы журналистерге берген бір сұхбатында төмендегі әңгімені айтып еді. Тоқтар ағаның 3 жасар кезінде ауылына сырқат тұрғынды алып кетуге ұшақ келіп қонады. Бірінші көріп тұрған беймәлім дүниені ауылдың бар баласы жағалап жүр. Ұшқыш жігіттердің бірі ұшаққа зиян тигізе ме деп шыр-пыр боп жүр. Бір кезде Ал, балалар, кім батыл? Қане, ұшаққа мініңдер! Ұшамыз, - деді.
Тоқтар аға ойланбастан ұшақ ішіне қойып кетеді де, ұшқыштың қасына барып тұра қалады. Ағамыздың артынан еріп әртүрлі жастағы 5-6 бала кірген болатын. Ұшқыш сол алаңқайды екі рет айналып жүріп барып тоқтады. Көкке көтерілген де жоқ. Бала көңіл шат-шадыман. Біз ұштық, біз ұштық! деп айқайлаған дауыс ауылдың екінші шетіне жетердей болды. Ұшқыш оларды ұшақты қорғап тұратын батырлар деп атады. Ал содан кейін бірде бір баланы ұшаққа жақындатпай, қолдарына таяқ ұстап, жауынгердей сап түзеп тұрып алды. Ең мықты күзетші болды. Сол бір шуақты күнде ұшқыш болсам деген аяулы арман бала Тоқтардың жүрегінен орын тапты. Осыдан кейін ағаштан ойып, ұшақтар жасайтын бастады. Қанша ағаштан жасалған ұшақты көкке ұшырды. Әлі күнге естеліктер үйде сақталып қалған. Әкесі - Әубәкір үлкен ұста болған кісі екен. Ағаштан түйін түйген шебер болған. Әкесі Әубәкір Тоқтар ағаның 7 айлық кезінде дүние салған. Сәби Тоқтардың алғаш еңбектегенін көріп, көзіне жас алыпты. Маңдайынан иіскеп, жалғыз ұлына сенім артып кете барды. Т.Әубәкіровтің журналистерге берген сұхбаттарының бірінде өз отбасысы жайында былай дейді: Мен әке-шешем алдында мәңгілік қарыздармын. Ол кісілерді еске алмай болмайды. Менің жеті айлық кезімде әкем дүние салған. Мені өмірге әкеліп, қанат берген адам - анам... Біреуге қиянат қылма, өзіңе тиеді; өмірден қанша таяқ жесең де еңкейіп, басыңды име, тік жүр дегендері әлі құлағымда жаңғырып тұрады. Жалғыз баласын әскери училищеге шығарып салғаны қандай мықтылық десеңізші! Тек Балам, ұшқанда ақырын ұш, қатты ұшпа - деп қалғанын қайтерсің... [1.9б].
Құжат бойынша әкесінің аты фамилиясы болып жазылып, атасының аты әкесінің орнында қалып қойған. Өзі өскен ауылда 8-сынып болмағандықтан, 15 жасына толмай Теміртау қаласына көшіп келеді. Шешесін асырау үшін жүк тасушы болып жұмыс істеді. Басқа жерге жеке басын куәландыратын құжаты жоқ болғандықтан жұмысқа алмайды. Құжат алу үшін милицияның алдына барады. Басшысы Тоқтар ағаның жағдайына қарап, уақытша құжат жазып береді де, Сен баладан түбінде бір нәрсе шығады. Айтқаныңнан қайтпайды екенсің, - деп күліп шығарып салады. Қазақша әкесінің атымен жазылады. Орысша дұрыс болып жазылады да, кейін қазақшаланғанда ауысып кете барды. Кейін құжаттардың бәрі қазіргідей жазылып кетті. Өсе келе Нұркен Әбдіров - Тоқтар ағаның қиялындағы ұстазына айналды. Ол кісіге қатты еліктеп өсті. 10 жасында ауылдан 40 шақырым жерде Нұркеннің туып-өскен жеріне жаяу барып қайтқан кездері де болатын. Әйгілі ұшқыш басқан топырақты басу, ауасын жұту - бала Тоқтардың тілегі еді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт ең алдымен аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашютпен секіруге әуестенді. Армандар бірден орындалмайды ғой ол үшін еңбек ету керек. Тоқтар мойымады алдындағы бар қиындыққа төтеп беріп, балалық шағында алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылды.Бала Тоқтар ерте есейді, өз ортасынан бөлініп көрініп тұратын [1.3б].
Тоқтар Әубәкіров жайлы сыр-десте Жан серігі - жауһар жыр Өзі туып-өскен өлкеге барған сайын: Қарқаралы сынды ғажайып жер әлемде өте сирек шығар деген ой келеді Тоқтарға. Тау мен даланы көмкерген қа - лың орман, тек өзіне ғана тән - кербездікпен, сән-салтанатымен келген жолаушыны сүйсінтіп, жанарын талдырады, құмарын қандырады. Тау арасындағы ойдым-ойдым оймақтай көлдер, жиегін көмкерген қалың тал-қарағайлар тек өзіне ғана аян тылсым сырмен тіл қатысқандай. Ағаштың сыбдыры да, бұлақтың былдыры да, самал желдің салқын сабаты да - бәрі-бәрі бұл дүниенің абатына айналып, айналаңа қарауға мұрша бермейді. Ойға батқан ормандарды ұйқысынан оятқандай дүр сілкіндіріп, ертегінің ішіне еніп бара жатқандайсың. Шынында да - ертегі. Әсіресе, шым-шым қайнап, шымырлап жатқан Шайтанкөлді айтсаңшы. Шайтанкөлдің суы қысқа күнде қырық құбылып, сағат сайын, сәт сайын мың түске боялып, ертелі-кеш реңі сан рет өзгереді. Бұл көлдің тылсым сыры ғасырлар бойы адам баласына жұмбағын ашпай, әлі күнге дейін құпия болып келеді. Кез келген адамның бисмилләсін айтпай жалаңаш-жайдақ түсе беруіне болмайды. Аса бір ардақты, аса бір тазалықты талап ететін, тұңғиық, тұм - са көл. Анасы жас күнінен Тоқтарға:
- Балам, Шайтанкөлге байқап бар. Түсе қалсаң да, ішіңнен кәлимаңды қайтарып, адалдық тілеп түс. Бөгде ойды көкірегіңе ұялатпа! - деуші еді-ау. Балалық шіркін, алды-артыңа қарата ма, бірде Тоқтар Шайтанкөлге күмп беріп, тереңіне сүңгіп кетті. Сүңгігені сол, тұңғиық түбінен тылсым сырға тап болғандай, су астында біраз аялдап қалды, бірге келген балалардың мазасы кетіп, Тоқтар, Тоқтар! деп шуылдасып жатты. Бір кезде келесі жарқабақтың қуысынан шыға келді. Шыға сала, тау-тасқа өрмелеп, жағалауға келіп жығылды. Талықсып қалған екен. Бала Тоқтар қанша талықсыса да сыр бермей, үйге әзер жетті. Келген бетте төсегіне құлай кетті. Үш күн, үш түн тілсіз тылсым күйде жатқан баласына анасының жаны шырқырап, пұшайман күй кешті. Кейін тілге келген баласынан анасы Кәмия: - Саған не болды, жаным, не істеп қойып едің! - деп қиыла, қинала сұрады. - Шайтанкөлге түсіп ем...
- Саған түспе деп айтып едім ғой. - ?!
- Құдай сақтаған екен! - деп бір күрсініп қойды анасы. Жасынан Шайтанкөл туралы талай естіген аңыз-әңгімелердің шет пұш - пағы болса да, көзбен көрген бала Тоқ - тар табиғат тылсымының құпиясына таңғалмасқа дәті қалмады. Себебі, бұл жағдай Тоқтардың басынан бір емес, бірнеше рет өткен еді. Бала кездегі бар арманы, неге екені белгісіз, тауға қарай өрмелеп жүгіргенді жаны қатты ұнатушы еді. Сол кезде жабыққан жаны жадырап, құмыққан құмары қанғандай, құштар көңілі аңсаған арманына қарай қанат қаққандай әсер етуші еді. Содан кейін, жүгіре-жүгіре шаршаған сәтте, Қарқаралы құшағында аспанға қарап, ұзақ жатуды ұнатушы еді. Әсіресе, түн мезгілінде, жазғы жайлауда жападан-жалғыз жатып, аспандағы жұлдыздарды қиялмен кезіп, көксеңгір кеңістігінде құлаш ұрып ұшып жүргендей әсерге бөленуші еді. Сондай сәттерде Тоқтар күндей күр - кі - реген даусымен тау мен тасты жаңғырта: Шықшы тауға, қарашы кең далаға, Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? - деп Қасым жырын оқитын. Қарқаралы балапаны болып дүниеге келген жас Тоқтар бірте-бірте жан-жа - ғына қырандай мойын бұрып, биікке қа - нат қағуға құштар бола бастады. Бірте-бірте Қарқаралы тау-құздарына шығып алып, тастан-тасқа секіруді әдетке айналдырды. Кейде өзі көрген ақ тиіндер секілді ағаш басына өрмелеп шығып, сонау биіктен ен далаға көз жіберіп, ұзақ қарап отырушы еді-ау. Бала жасынан аспанға - биікке құмары мен құштарлығын жас Тоқтар кезінде көп аңғара қойған жоқ. Бірте-бірте санасына қияға ұшу, самғау сияқты ғажайып елестер ұялап, ол енді, анда-санда көріп қалса да ұшқан ұшақтарға ұмтыла қарап, көз айырмай тұрып қалушы еді. Аракідік, сирек болса да, аспанды тіліп өткен ақ жолақ әуе сызықтарына сүйсіне қарап, соның сыры мен қырын білуге өте құштар болды. Осы ойы оны Қарқаралы құшағынан қазандай қайнап бұрқырап жатқан қазыналы Қарағанды қаласына қарай бейімдей берді. ...
Бірде Тоқтардың анасымен бірге Қарағанды қаласына бара қалудың сәті түсті. Тоқтарды Қарағандыдағы биік үйлерден гөрі, тау-тау боп үйіліп жатқан төбелер қызықтырды. Анасынан сұрап еді: Шахталардан шыққан көмір қалдықтары ғой, - дей салды. Тағы бірде анасынан қаланың солтүстік бүйірінде алыстан қол бұлғағандай созылып жатқан қалың түтінді көріп, сұрағаны бар. Анасы: Бұл Теміртау деген қала. Онда темір өндірісі бар. Мы - нау Қарағандыдан шыққан тау-тау көмірлерді сондағы за - уытқа апарып, темір қорытады, - деді. Бала Тоқтар барғысы келіп, алыстан шұбалаңдап шыққан көк түтінге ұзақ қарап тұрды. Сөйтіп жүріп ол өзінің жаңадан тапқан жас достарынан сұрастырып, Қарағанды қаласында Парашютистер мектебі бар екенін біліп алды. Көзі көрмесе де қиялымен барлап жүрген сол мектепке бару туралы ой-арман Тоқтардың жүрегіне ұялай кетті. Бір қиыны, ол мектеп, анау жолы анасынан сұрағанда, сонау алыста түтіні будақтап жатқан Теміртау қаласы жақта екенін білді. Содан бастап бала Тоқтар Қарағанды қаласының сыртына шығып, көмір тө - белердің басынан Теміртау жаққа қиял жүгіртіп, ұзақ қарауды әдетке айналдырды. Қасым Аманжоловтың жауһар жыры жан серігіне айналған Тоқтар сондай сәттерде: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз, еркін жанбыз азатпыз, - деп жыр оқитын өзінің ұлы қазақтың ұланы болғанын мақтан ететін. Жалғыз тамшы жас Теміртау талай тарландардың тұғыры болған жер. Осы оймен өрістейтін бір қызық байланыс бар. Баршаға мәлім, тұңғыш Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, алтын ұясына айналып, болашақ Бәйтеректің тамыр тартқан жері - Теміртау болса, тұңғыш ғарышкер Тоқтардың да өсіп-шыңдалған ортасы - осы қала. Жас Тоқтар бұл қаладағы жұмысын қатардағы токарьлықтан бастады. Күні бойы өзіне бекітілген станоктың қасынан бір сәт ұзамай, темір жонып, маңдай терін тамшылатты. Тоқтардың бала күннен әдеті - бір жұмысқа кіріссе болды, оның түбіне жетіп тындырмай, беті қайтпайды. Еңбекте тындырымды болу, алған ісіне алғаусыз берілу - бала күннен бойына біткен қасиет. [3.12б]
Тоқтардың әкесі Оңғарбай өз ауылының атақты ұстасы екен. Бес-алты жасқа келіп, әкесі дүниеден өткенше, Тоқтардың бойына көрік иісі сіңіп, ұстаханада алаулап жанған шоқ пен оттың ортасында жалынға шарпылып-шыңдалып өскен еді. Әкесі дүниеден өткеннен кейін үйдің бар ауыртпалық салмағы Тоқтар мен анасы Кәмия екеуіне түсті. Ертеңнен қара кешке дейін бел шешпей, салпақтап жұмыс соңында жүрген аяулы анасына бала Тоқтар қатты алаңдаушы еді. Анасы сиыр сауады, бұзау бағады, от жағады, отын тасиды, су әкеледі, тамақ істейді, ара-арасында бала-шағасын тәрбиелеуі керек. Ауылдағы тіршілік қанша тырбаңдасаң да жыртығыңды жамауға жетпей, қу дүниенің қорлығын көруші еді. Бастауыш сыныпта оқып жүрген Тоқтарды туған жездесі Нығмет пен апасы Бикен екеуі - өндірісті қала Теміртауға көшіріп алды. Тоқтар осы қалада әртүрлі ұлт балаларымен араласып, бірге оқып, бірден оқушының алды болды. Спорттан да қатарластарынан үздік шығып, ұстаздарының өзі оған үмітпен қарай бастады. Тоқтар, әсіресе, анасының ақылына үнемі иек артушы еді. Анасы да бір киелі кісі еді. Алдын-ала болжап айтқаны үнемі шындыққа айналатын. Бала жүрек анасының айтқанымен жүрсе адаспайтынын білді. Анасы үнемі: - Балам, өз еңбегіңмен күн көр. Ешкімнің еңбегін жеме, ала жібін аттама. Ұрлық жасама. Қасыңдағы балаларға қамқор бол. Спортпен айналыс. Бәлкім, әкеңдей ұста болсаң да, жерде қалмассың. Өзіне сенген құстай ұшады, біреуге сенген мұрттай ұшады. Өзіңе сен! Адал еңбегіңе сен. Бар бақыттың бастауы - еңбек, - деп отырушы еді. Әкесінің ұсталығы бала Тоқтардың есінде еміс-еміс болса да сақталып қалған. Түсіне жиі кіріп, кейде, тіпті, ұстахананың отына шарпылып, балға мен төстің шыңылынан оянып кетуші еді.
Теміртаудан мектеп бітіруге тақаған - да оқушы Тоқтар бірден токарь болып, станокта жұмыс істеуге бекінді. Анасы: - Оқуыңды не істейсің! - деген. - Оқуымды үзбеймін, кешкі мектепте оқимын, апа! - деді. Анасы аз-кем аңтарылып қалды. - Ондай да бар екен-ау, екеуі бірдей өзіңе ауыр соқпай ма, балам. - Екеуіне де үлгеремін, анашым, бәрінен бұрын саған көмектесуім керек! Анасы көзінен мөлт етіп түскен жалғыз тамшы жасты баласына көрсетпеді. Күндіз жұмыс істеп, кешкісін оқып тынымсыз күй кешкен бозбала Тоқтардың көңілі ұшқыш болуға ауып, бірте-бірте аңсар арманына айналды. Ол үшін алдымен Парашютистер дайындайтын орталыққа бару керек екенін де алдын ала біліп алған болатын. Парашютистер дайындайтын орталық қаладан он шақты шақырым алыс еді. Оқу мен жұмыстан қолы тимей жүрген Тоқтар оның да амалын тапты. Таныстары арқылы секіруге сенбі-жексенбі күндері қатысуға болатын мүмкіндікке қол жеткізді. Сөйтіп, оқудан да, жұмыстан да қол үзбей, өзінің ұшқыш болу арманына жол ашқандай болды. Сағыныш әні - Қайтсем де ұшқыш болуым керек - деген асыл арман Тоқтарды Армавир жоғары ұшқыштар училищесіне алып келді. Үзіліссіз оқу, тынымсыз ізденіске толы күндер ешқайда мойын бұрғызбай, алыстағы ауылды да, туған бауырды да ойлауға мұрша бермей сынаптай сырғып өтіп жатты...
Арасында жеті күнде бір келетін жек - сенбінің еркін жүруге болатын екі-үш сағаты ойға - күш, бойға - қуат, көңілге дәт бергендей. Сондай бір сәттерде, Тоқтар өзін күнде ығыр қылған дулы ортадан бөлініп шығып, Тайганың ит тұмсығы өтпейтін қалың орманының ішіне еніп кетіп, еркін жүргенді ұнататын. Тұнжыраған орман. Тұманды күн. Тылсым дүние. Төңірек құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Тоқтардың анда-санда көңілі соққанда тыңдайтын кішкене қол радиосы болатын. Соны осы жолы білегіне қыстыра салған. Өйткені, осы құйтақандай қол радиосы дүниенің төрт бұрышынан хабар алатын. Әсіресе, Қазақстанның Шалқар деп аталатын радиохабарын естуге құштар. Радионың түймесін басып қалып еді, о, ғажап, бір ерекше әуен шалқи жөнелді:
Ажарың ашық екен атқан таңдай, Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай, Анаңнан сені тапқан айналайын, Күлім көз, оймақ ауыз, ашық маңдай... Беу, беу, Гауһартас...
- Апыр-ай, бүкіл ой-сананы, тұла бойды еріксіз билеп, естен тандырғандай әсер еткен мынау неғылған ғажап әуен. Сағынышы мен мұңы аралас мына сымбаты бөлек сұлу саздың сыры неде деуге мұрша келтірмей, ән әуені әрі қарай еліттіріп, төңірек ерекше әсем күймен тербеліп тұрғандай әсер етті. Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң, Сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң...
Ән күмістей сыңғырлап, баяу созылып барып ұзап кеткендей. Жаңағы айналасы алтын шуаққа айналып, шұғыла шашып тұрған нұрлы сәт әп-сәтте тыйылып қалғандай. Аяғында, әнді орындаған халық әртісі Бибігүл Төлегенова деген есім ғана есінде қалып үлгерді. Жаңа ғана бастан кешкен ғажайып сәт, әнмен бірге үзіліп келмеске кеткендей қапалы күй кешті. Баяғы тұнжыраған тундра, тағы Тайга көз алдына қайтадан тап бола кетті. Жан-жүрегі одан сайын езіле елжіреп, көзінен жалт етіп тамып түскен сағыныш сәтін сезбей қалғандай. Әйтсе де, осы бір ғажайып әуен болашақ ғарышкердің жан-жүрегінен өшпестей орын алып, санасында мәңгілік сақталды. Мәскеуде жүрген. Бір күні көшедегі көп жарнамалардың бірінен Қазақстанның халық әртісі - Бибігүл Төлегенованың концерті деген хабар жарқ ете қалды. Өз көзіне өзі сенбегендей, қайта бір тесіле қарағанда, баяғы ғажайып сәт есіне қайта оралып, көңіл күйі тербеліп қоя берді.
- Қайткенде де уақыт тауып баруым керек! - деп бекінді Тоқтар. Айтқандай-ақ, концерт болатын күні, сол сәтте, сол сағатта - Мәскеудің концерт залында, алдыңғы қатарда, қолында бір шоқ әсем гүлі бар - болашақ ғарышкер Тоқтар сол баяғы өзі аңсаған ғажайып әнмен қайта қауышты. Гауһартас әні орындалмайтын Бибігүлдің концерті бар ма? Тоқтардың сағындырған ғажайып әні аяқтала бере үсті-үстіне сатырлай соғылған шапалақтың ду-дуымен араласып, үстінде әскери киім, төсінде Кеңес Одағының Батыры деген белгісі бар, ұзын бойлы, қапсағай денелі, қыран мүсін, қара торы, бұйра шашты қазақ жігіті қолындағы қомақты гүл шоғын Бибігүлдің қолына ұстата берді. Кеңес Одағының Батыры деген алтын белгі иесі - қазақ жігітіне көзі түскен бұлбұл әншінің Сіз кімсіз! - деп айтуға да мұршасы келмей, таңғалған күйі қала берген еді. Әйтсе де, Тоқтардың құлағында: Сізді қонақ үйде күтеміз! - деген әншінің сыңғырлы сөзі оның туған жерге деген сағынышына сәл де болса сеп болғандай, Тоқтардың жан дүниесін сергітіп жібергендей әсер етті... Одан кейін Тоқтар, ғарышкер болғаннан кейін де ғажайып әншінің үнін сан рет естіп, концертіне қатысты. Әйтсе де, сол баяғы тұнжыраған қалың орман арасынан бұлт ішінен шыға келген күндей жарқ ете қалған алғашқы әуен әсері ерекше еді. Осындайда, Шіркін, сағыныштан асқан құдірет бар ма?! - деген ойға еріксіз берілетін еді ол. Өмірбаян өрнектері Осы орайда Тоқтар өміріне өрнек болған батырлық істері мен өнегелі ең - бектеріне аз-кем шолу жасай кетсек ар - тық болмас еді.
Бала кездегі бар арманы, неге екені белгісіз, тауға қарай өрмелеп жүгіргенді жаны қатты ұнатушы еді. Сол кезде жабыққан жаны жадырап, құмыққан құмары қанғандай, құштар көңілі аңсаған арманына қарай қанат қаққандай әсер етуші еді. Содан кейін, жүгіре-жүгіре шаршаған сәтте, Қарқаралы құшағында аспанға қарап, ұзақ жатуды ұнатушы еді. Әсіресе, түн мезгілінде, жазғы жайлауда жападан-жалғыз жатып, аспандағы жұлдыздарды қиялмен кезіп, көксеңгір кеңістігінде құлаш ұрып ұшып жүргендей әсерге бөленуші еді. Сондай сәттерде Тоқтар күндей күр - кі - реген даусымен тау мен тасты жаңғырта: Шықшы тауға, қарашы кең далаға, Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? - деп Қасым жырын оқитын. Қарқаралы балапаны болып дүниеге келген жас Тоқтар бірте-бірте жан-жа - ғына қырандай мойын бұрып, биікке қа - нат қағуға құштар бола бастады. Бірте-бірте Қарқаралы тау-құздарына шығып алып, тастан-тасқа секіруді әдетке айналдырды. Кейде өзі көрген ақ тиіндер секілді ағаш басына өрмелеп шығып, сонау биіктен ен далаға көз жіберіп, ұзақ қарап отырушы еді-ау. Бала жасынан аспанға - биікке құмары мен құштарлығын жас Тоқтар кезінде көп аңғара қойған жоқ. Бірте-бірте санасына қияға ұшу, самғау сияқты ғажайып елестер ұялап, ол енді, анда-санда көріп қалса да ұшқан ұшақтарға ұмтыла қарап, көз айырмай тұрып қалушы еді. Аракідік, сирек болса да, аспанды тіліп өткен ақ жолақ әуе сызықтарына сүйсіне қарап, соның сыры мен қырын білуге өте құштар болды. Осы ойы оны Қарқаралы құшағынан қазандай қайнап бұрқырап жатқан қазыналы Қарағанды қаласына қарай бейімдей берді[4].
Бірде Тоқтардың анасымен бірге Қарағанды қаласына бара қалудың сәті түсті. Тоқтарды Қарағандыдағы биік үйлерден гөрі, тау-тау боп үйіліп жатқан төбелер қызықтырды. Анасынан сұрап еді: Шахталардан шыққан көмір қалдықтары ғой, - дей салды. Тағы бірде анасынан қаланың солтүстік бүйірінде алыстан қол бұлғағандай созылып жатқан қалың түтінді көріп, сұрағаны бар. Анасы: Бұл Теміртау деген қала. Онда темір өндірісі бар. Мы - нау Қарағандыдан шыққан тау-тау көмірлерді сондағы за - уытқа апарып, темір қорытады, - деді. Бала Тоқтар барғысы келіп, алыстан шұбалаңдап шыққан көк түтінге ұзақ қарап тұрды. Сөйтіп жүріп ол өзінің жаңадан тапқан жас достарынан сұрастырып, Қарағанды қаласында Парашютистер мектебі бар екенін біліп алды. Көзі көрмесе де қиялымен барлап жүрген сол мектепке бару туралы ой-арман Тоқтардың жүрегіне ұялай кетті. Бір қиыны, ол мектеп, анау жолы анасынан сұрағанда, сонау алыста түтіні будақтап жатқан Теміртау қаласы жақта екенін білді. Содан бастап бала Тоқтар Қарағанды қаласының сыртына шығып, көмір тө - белердің басынан Теміртау жаққа қи - ял жүгіртіп, ұзақ қарауды әдетке айналдырды. Қасым Аманжоловтың жауһар жыры жан серігіне айналған Тоқтар сондай сәттерде: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз, еркін жанбыз азатпыз, - деп жыр оқитын өзінің ұлы қазақтың ұланы болғанын мақтан ететін. Жалғыз тамшы жас Теміртау талай тарландардың тұғыры болған жер. Осы оймен өрістейтін бір қызық байланыс бар. Баршаға мәлім, тұңғыш Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, алтын ұясына айналып, болашақ Бәйтеректің тамыр тартқан жері - Теміртау болса, тұңғыш ғарышкер Тоқтардың да өсіп-шыңдалған ортасы - осы қала.
Жас Тоқтар бұл қаладағы жұмысын қатардағы токарьлықтан бастады. Күні бойы өзіне бекітілген станоктың қасынан бір сәт ұзамай, темір жонып, маңдай терін тамшылатты. Тоқтардың бала күннен әдеті - бір жұмысқа кіріссе болды, оның түбіне жетіп тындырмай, беті қайтпайды. Еңбекте тындырымды болу, алған ісіне алғаусыз берілу - бала күннен бойына біткен қасиет. Тоқтардың әкесі Оңғарбай өз ауылының атақты ұстасы екен. Бес-алты жасқа келіп, әкесі дүниеден өткенше, Тоқтардың бойына көрік иісі сіңіп, ұстаханада алаулап жанған шоқ пен оттың ортасында жалынға шарпылып-шыңдалып өскен еді. Әкесі дүниеден өткеннен кейін үйдің бар ауыртпалық салмағы Тоқтар мен анасы Кәмия екеуіне түсті. Ертеңнен қара кешке дейін бел шешпей, салпақтап жұмыс соңында жүрген аяулы анасына бала Тоқтар қатты алаңдаушы еді. Анасы сиыр сауады, бұзау бағады, от жағады, отын тасиды, су әкеледі, тамақ істейді, ара-арасында бала-шағасын тәрбиелеуі керек. Ауылдағы тіршілік қанша тырбаңдасаң да жыртығыңды жамауға жетпей, қу дүниенің қорлығын көруші еді. Бастауыш сыныпта оқып жүрген Тоқтарды туған жездесі Нығмет пен апасы Бикен екеуі - өндірісті қала Теміртауға көшіріп алды. Тоқтар осы қалада әртүрлі ұлт балаларымен араласып, бірге оқып, бірден оқушының алды болды. Спорттан да қатарластарынан үздік шығып, ұстаздарының өзі оған үмітпен қарай бастады. Тоқтар, әсіресе, анасының ақылына үнемі иек артушы еді. Анасы да бір киелі кісі еді. Алдын-ала болжап айтқаны үнемі шындыққа айналатын. Бала жүрек анасының айтқанымен жүрсе адаспайтынын білді. Анасы үнемі: - Балам, өз еңбегіңмен күн көр. Ешкімнің еңбегін жеме, ала жібін аттама. Ұрлық жасама. Қасыңдағы балаларға қамқор бол. Спортпен айналыс. Бәлкім, әкеңдей ұста болсаң да, жерде қалмассың. Өзіне сенген құстай ұшады, біреуге сенген мұрттай ұшады. Өзіңе сен! Адал еңбегіңе сен. Бар бақыттың бастауы - еңбек, - деп отырушы еді. Әкесінің ұсталығы бала Тоқтардың есінде еміс-еміс болса да сақталып қалған. Түсіне жиі кіріп, кейде, тіпті, ұстахананың отына шарпылып, балға мен төстің шыңылынан оянып кетуші еді. Теміртаудан мектеп бітіруге тақаған - да оқушы Тоқтар бірден токарь болып, станокта жұмыс істеуге бекінді. Анасы: - Оқуыңды не істейсің! - деген.
- Оқуымды үзбеймін, кешкі мектепте оқимын, апа! - деді. Анасы аз-кем аңтарылып қалды.
- Ондай да бар екен-ау, екеуі бірдей өзіңе ауыр соқпай ма, балам.
- Екеуіне де үлгеремін, анашым, бәрінен бұрын саған көмектесуім керек! Анасы көзінен мөлт етіп түскен жалғыз тамшы жасты баласына көрсетпеді. Күндіз жұмыс істеп, кешкісін оқып тынымсыз күй кешкен бозбала Тоқтардың көңілі ұшқыш болуға ауып, бірте-бірте аңсар арманына айналды. Ол үшін алдымен Парашютистер дайындайтын орталыққа бару керек екенін де алдын ала біліп алған болатын. Парашютистер дайындайтын орталық қаладан он шақты шақырым алыс еді. Оқу мен жұмыстан қолы тимей жүрген Тоқтар оның да амалын тапты. Таныстары арқылы секіруге сенбі-жексенбі күндері қатысуға болатын мүмкіндікке қол жеткізді. Сөйтіп, оқудан да, жұмыстан да қол үзбей, өзінің ұшқыш болу арманына жол ашқандай болды. Сағыныш әні - Қайтсем де ұшқыш болуым керек - деген асыл арман Тоқтарды Армавир жоғары ұшқыштар училищесіне алып келді. Үзіліссіз оқу, тынымсыз ізденіске толы күндер ешқайда мойын бұрғызбай, алыстағы ауылды да, туған бауырды да ойлауға мұрша бермей сынаптай сырғып өтіп жатты... Арасында жеті күнде бір келетін жек - сенбінің еркін жүруге болатын екі-үш сағаты ойға - күш, бойға - қуат, көңілге дәт бергендей. Сондай бір сәттерде, Тоқтар өзін күнде ығыр қылған дулы ортадан бөлініп шығып, Тайганың ит тұмсығы өтпейтін қалың орманының ішіне еніп кетіп, еркін жүргенді ұнататын. Тұнжыраған орман. Тұманды күн. Тылсым дүние. Төңірек құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Тоқтардың анда-санда көңілі соққанда тыңдайтын кішкене қол радиосы болатын. Соны осы жолы білегіне қыстыра салған. Өйткені, осы құйтақандай қол радиосы дүниенің төрт бұрышынан хабар алатын. Әсіресе, Қазақстанның Шалқар деп аталатын радиохабарын естуге құштар. Радионың түймесін басып қалып еді, о, ғажап, бір ерекше әуен шалқи жөнелді: ...Ажарың ашық екен атқан таңдай, Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай, Анаңнан сені тапқан айналайын, Күлім көз, оймақ ауыз, ашық маңдай... Беу, беу, Гауһартас... - Апыр-ай, бүкіл ой-сананы, тұла бойды еріксіз билеп, естен тандырғандай әсер еткен мынау неғылған ғажап әуен... Сағынышы мен мұңы аралас мына сымбаты бөлек сұлу саздың сыры неде деуге мұрша келтірмей, ән әуені әрі қарай еліттіріп, төңірек ерекше әсем күймен тербеліп тұрғандай әсер етті. Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң, Сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң... Ән күмістей сыңғырлап, баяу созылып барып ұзап кеткендей. Жаңағы айналасы алтын шуаққа айналып, шұғыла шашып тұрған нұрлы сәт әп-сәтте тыйылып қалғандай. Аяғында, әнді орындаған халық әртісі Бибігүл Төлегенова деген есім ғана есінде қалып үлгерді. Жаңа ғана бастан кешкен ғажайып сәт, әнмен бірге үзіліп келмеске кеткендей қапалы күй кешті. Баяғы тұнжыраған тундра, тағы Тайга көз алдына қайтадан тап бола кетті. Жан-жүрегі одан сайын езіле елжіреп, көзінен жалт етіп тамып түскен сағыныш сәтін сезбей қалғандай. Әйтсе де, осы бір ғажайып әуен бо - ла - шақ ғарышкердің жан-жүрегінен өшпестей орын алып, санасында мәңгілік сақталды. Мәскеуде жүрген. Бір күні көше - дегі көп жарнамалардың бірінен Қазақ - станның халық әртісі - Бибігүл Төлегенованың концерті деген хабар жарқ ете қалды. Өз көзіне өзі сенбегендей, қайта бір тесіле қарағанда, баяғы ғажайып сәт есіне қайта оралып, көңіл күйі тербеліп қоя берді.
- Қайткенде де уақыт тауып баруым керек! - деп бекінді Тоқтар. Айтқандай-ақ, концерт болатын күні, сол сәтте, сол сағатта - Мәскеудің концерт залында, алдыңғы қатарда, қолында бір шоқ әсем гүлі бар - болашақ ғарышкер Тоқтар сол баяғы өзі аңсаған ғажайып әнмен қайта қауышты. Гауһартас әні орындалмайтын Бибігүлдің концерті бар ма? Тоқтардың сағындырған ғажайып әні аяқтала бере үсті-үстіне сатырлай соғылған шапалақтың ду-дуымен араласып, үстінде әскери киім, төсінде Кеңес Одағының Батыры деген белгісі бар, ұзын бойлы, қапсағай денелі, қыран мүсін, қара торы, бұйра шашты қазақ жігіті қолындағы қомақты гүл шоғын Бибігүлдің қолына ұстата берді. Кеңес Одағының Батыры деген алтын белгі иесі - қазақ жігітіне көзі түскен бұлбұл әншінің Сіз кімсіз! - деп айтуға да мұршасы келмей, таңғалған күйі қала берген еді. Әйтсе де, Тоқтардың құлағында: Сізді қонақ үйде күтеміз! - деген әншінің сыңғырлы сөзі оның туған жерге деген сағынышына сәл де болса сеп болғандай, Тоқтардың жан дүниесін сергітіп жібергендей әсер етті... [5.2б]
Одан кейін Тоқтар, ғарышкер болғаннан кейін де ғажайып әншінің үнін сан рет естіп, концертіне қатысты. Әйтсе де, сол баяғы тұнжыраған қалың орман арасынан бұлт ішінен шыға келген күндей жарқ ете қалған алғашқы әуен әсері ерекше еді. Осындайда, Шіркін, сағыныштан асқан құдірет бар ма?! - деген ойға еріксіз берілетін еді ол. Өмірбаян өрнектері Осы орайда Тоқтар өміріне өрнек болған батырлық істері мен өнегелі еңбектеріне аз-кем шолу жасай кетсек артық болмас еді. Қарқаралы құшағынан, Теміртау төсінен қыран боп ұшқан Тоқтар 1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін үздік бітіріп, 1979 жылы Авиация институтын тәмамдады. 1975 жылдан Кеңестер Одағы Әскери әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары міндетін атқарған. Бала жасынан ұшқыш болуды ар - мандаған Тоқтар жай ғана ұшқыш болмай, сынақшы болуды алдына мақсат тұтқан. Осы арман-мақсат үдесінен шы - ғу үшін маңдай терін төгіп, уақытын сарп етуге тура келді. Ақыры, асыл арманының алғашқы асуына да қадам басты. Сөйтіп, ол 1975-1976 жылдары Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін және ондағы Авиация институтын бітірді. Енді осы өзі армандаған ұшқыш-сынақшылар мектебінен сүрінбей өту үшін Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюросында білім алып, еңбек жолынан өтті. Оның осы жолы кейін ғарышкерлік өмірінің алтын арқауына айналып, үлкен өмір жолына ұласқан еді. [6.3б]
Үлкен өмірі, жұбайы мен балары жайында журналистерге берген сұхбаттарынан таныс бола аламыз.
Балаларыма жасынан қазақша үйрете алмадым, соған өкінем
- Тоқтар аға, балаларыңыздың ішінде жолыңызды қуғаны бар ма?
- Құдайға шүкір, жоқ.
- Неге "Құдайға шүкір" дедіңіз?
- Менің істеген жұмысымды біреудің басына бермей-ақ койсын. 76-77-жылдары мен он үш досымды жерледім. Жылда бірнеше достарым о дүниелік боп кетіп жатты. Оның ішінде менің ұстазым да қаза болды. Осы ұшқыш, ұшқыш болғанда да жай ұшқыш емес, сынақшы-ұшқыш мамандығын алған адамға Алла Тағала өзі бір сезім береді екен. Мына ұшақты зерттеу үшін, оны сынақтан өткізу үшін ерекше сезім керек. Бүкіл денең сол үшақтың темірлерін сезінуге тиіс. Онсыз алған білмін кәдеге жарамайды. Сондай қиын сәттерде дес бере алмай, көп кісілер о дүниге атанып кетті. Бір кезде жолдасымның айтқаны бар: "бір үйде қорқытатын бір адам ғана болуы керек. басқалары қуантсын" деп... Шүкір, балаларым өздерінің жолын тапты. Үлкен ұлым осында жұмысқа өз күшімен кірді. Кіші ұлым елшілікте істеп жүр. Олардын ешқайсысын мен сүйрелеген, ешкімнен ештеңе сұраған жоқпын. Өздері таңдаған кәсіптері бойынша білім алып, енді
өздері таңдаған салада жұмыс істеп жатыр.
- Балаларыңызбен қай тілде сөйлесесіз?
- Шынын айтайын, балаларыммен орыс тілінде сөйлесем. Кіші ұлым ептеп қазақша сөйлеп жүрген Женеваға елшілікке кетіп қалғалы қиын болды. Жаңа ғана қазақша тілі шығып келе жатыр еді .. Олардын туған жері - Мәскеу. Өскен жері - Мәскеу. Үйдегі анасы орысша сөйлейді. Менің өзім енді-енді қазақша сөйлеп жүрмін. Оларды қазақшаға кім үйретеді? Ешкім болмады...
(Тұнжырай сөйлеп) Балаларға мен кінә коя алмаймын. Кінә қойса, маған қою керек. Мен оларды үйрете алмадым. Ал шешесі орыс болып калды. [7.18б]
- Батыр ұлының жүрегін селт еткізетін қазақгың бір қызы кездеспегені ғой, шамасы?..
- Бұл сұраққа не десем екен?... Жас кезімде, біріншіден, жұмыстан бас көтере алмадым. Екіншіден, мен Қазақстанға жиі келе алған жоқпын. Алдында Қиыр Шығыста жүрдім. Бір қазақ жоқ. Үйленген жоқпын. Көп жыл сол жақта тұрдым. Сосын Мәскеуде тұрдым. Онда да елшілікке де барып жүрдім ғой. Бірақ расында, өзіме тең қатарлас қазақ қыздарын көрген жоқпын. Болғанда жоқ. Ол жаққа жастарды кім жібереді? Кеңес одағы Мәскеуге өңкей үйленген, отбасы бар, біраз жасқа келген мықтыларды жіберетін. Ал
Қазақстанға қонаққа келесің. Ауылға барасың. Әрі кете бір-екі күн боласын да, кайтып кетесін. Содан... (күрсініп) Алла Тағаланың бұйрығы шығар. "Мынау сенің жарын болады" деп жазғаны шығар, ұлты орыс, осы әйелімлі кезіктірдім... Зайыбым екеуміз казір бір кісідейміз. Белгілі бір келісімге, шартқа келіп алмай екеумізге ортақ нәрселерді екі жаққа тартып ренжіспейміз. Бәрін әңгімелесіп отырып, келісімге келіп отырып шешеміз. Балаларды да солай тәрбиеледік. Мысалы, үйде менің жылқыларым бар. Сол аттарға мен қалай қарасам, балаларым, зайыбым да солай карайды. Мен жоқта сол ат қораға барып, кантың беріп, менің орныма аттардың күтіміне
қарасады. Біз көп жағынан ұқсас болып кеткенбіз. [8]
Бар байлығым - балаларымның білімі!
Сіздің үлкен қызметтен кеткеніңізді үй-іші қалай қарсы алды?
Өзара түсіністік деген үлкен ұғым бар: жаны жақын адамдар бірін-бірі
айтпай түсініп тұрады. Біздің Татьяна Михайловна екеуіміздің бір-біріміздің айтпай түсінуіміз былай тұрсын, жан-жүрегіміз бірігіп кеткен десе де болатын шығар. Ширек ғасырдан бері осылай сыйластықпен өмір сүріп келеміз. Әрине, мәселені алдымен алдымен үй ішінде әйеліммен, балаларыммен бәріміз ортаға салып, кеңестік. Олар мені жақсы біледі. Олар мені түсінді. Анамнан солай туғанмын, қайтейін енді, жақтырмаған адамыма ойымды бүкпесіз бетіне айтатын мінезім бар...
-Жеңгеміз үйде... Балаларыңыз ер жетті ғой, олар немен айналысады?
- Кенжеміз - Миша Лондонда, болашақ бизнес мамандығына оқып жатыр. ТМД елдерінің балалары арасындағы білім байқауының жеңімпазы атанып, оқуға өз күшімен түсті. Компьютерді шебер меңгерді. Ал Тимур Алматыда турып жатыр. Ол Нью-Йорктегі Стоунбрук унверситетін халықаралық экономика мамандығы бойынша бітірген. Екі жылдай Алматыда қызмет еткен соң, АҚШ - қа қайта барып, тәжрибеден өтіп келді. Мишаның болашағы алдында Тимур қазір америкалық және еуропалық экономиканы қазақстандық экономикамен кірістіріп қызмет істеуде. Өз басым оған қатты сүйсінемін.
- Байырғы беймаза қызметіңіз есіңізге түсіп , дүбірден қалып қойдым - ау дегендей бір жабығатын кездеріңіз болмай ма?
- Әйелі мен балалары ақылды, әрі парасатты болып келетін адамның ешқашан да енсесі түспейді деп ойлаймын. Олар кісі бойындағы жауынгерлік рухты көтермелеп тұрады. Біздің отбасымыз сондай. Мен өзімді ең бақытты әке, ең бақытты отағасымын деп санаймын. Соған қуанамын, тәубә етемін. Бар байлығым - балаларға әперген білімім. [9.3б]
1.2 Білім алу мен еңбек жолы
Білім және ғылыми дәрежелер:
* 1965 жылы жас жұмысшылар қала Теміртауға жоғары орта мектебін бітірді.
* 1961 жылы 3-ші санаттағы нормативін орындады ДОСААФ парашютпен cекіру секциясын кірді, ал 1963 жылы Қарағанды оқу авиациялық орталығының пилоттық бөліміне жүгірді.
* 1969 жылы біліктілігін әскери инженер-ұшқыш Армавир ең жоғары әскери Қызыл Ту пилоттық мектебі (VVAUL) қорғаныс бітірді.
* Мамыр 1976 жылы, ол біліктілігі жоғары мектеп сынаушы ұшқыштардың авиация өнеркәсібін LII министрлігі (MAP) бітірген Test Pilot 3-ші сыныпты.
* 1979 жылы Ленин ордені авиация университетінің (АЕК) кешкі бөлімі Жуковский филиалын бітірген. Орджоникидзе мамандығы инженер аэродинамик. Техника ғылымдарының докторы.
2006 жылдың қазан айында, ол асыл азаматтық авиация (ПОГА) академиясының докторы, Алматы (Қазақстан) атағына ие болды.
Құзыретті жұмыс: 1956 жылы, ол МТС туралы оператор біріктіруге ассистент болып жұмыс істеді. 1962 жылдан бастап 1965 жылға дейін ол Теміртау қаласында құю-механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеді. Мамыр 1976 жылдан бастап Улан-Удэ қаласында Тест пилот әуе кемесі зауытта болып жұмыс істеді.
1976 жылғы тамызда жылдан бастап бюросы im.A.I.Mikoyana сынақ ұшқыш болып жұмыс істеді 1990 жылдың соңына дейін, бастығының орынбасары пилоттық EDO болды. МиГ-29 ( 9-14) (13021985), МиГ-31m 2 ( 052) (12271986), МиГ-29М 2 (1987), МиГ-29K ( 9- ның жүргізген тексеру 31 ) (06231988), МиГ-31B (30.06.1989). Ол, МиГ-29, МиГ-27, МиГ-25, МиГ-23 тестілеуге МиГ-31 және олардың өзгерістерді қатысты; МиГ-31 жанармай тексеру жүргізді. теңіз сынақ командасы Sunset, МиГ-29, МиГ-23, МиГ-21 теңіз астам ұшып -- мысалы SPARK, және әскери көлік құралдары ретінде. Ол белсенді тасымалдаушы негізделген кеменің бөлігі, және авианосец құру барлық қабілеттерін дамытуға қатысты, Николаев қаласында, сақ уақыт көп жұмыс істеді. (40 мин. Су-27K бойынша Кейінірек Виктор Пугачев) 1 қараша, 1989 КСРО екінші кейіннен КСРО Әскери-теңіз флоты қабылданды, ол авианосца Тбилиси (бойынша МиГ-29K бойынша жер Флот Ресей одағы Кузнецов Адмирал атағын алды ). Сол күні, қонғаннан кейін, КСРО бірінші бір жарым сағат арқылы Әуе кемесіне Трамплиннен қонуы орындалған.
1992 жылдың ақпан айынан бастап, ол Қазақстан Республикасының (ҚР) қорғау қалалық комитетінің төрағасының бірінші орынбасары болды. 1993 жылдың сәуірінде жылдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz