Еңбекті қорғаудың негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары -- Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады.
Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың өсуіне жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты құбылыстардың сақталуы көп жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-қүқықтық базаның жеткіліксіздігіне, оның экономикалық реформалар қарқынына үлгермей, артта қалып қоюына да байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі -- еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.
Жаңа технологиялар мен өндіріс жүйелерінің жасаудағы маңызды талаптардың бірі - бұл адмның еңбек етудегі салауатты және кауіпсіз шарттарды қамтамасыз етумен байланысты проблемаларды зерртеу және белгілі бір шешімдерді қабылдау. Өндірісте жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың, авариялардың, өрттің мүмкін болатын себептерін анықтау мен зерттеу, сонымен бірге оларды жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеу адамның еңбек етуге қалыпты және қауіпсіз шарттарды жасауға мүмкіндік береді.
Жасалған жұмыстың негізі мақсаты -- еңбекті қорғауға қатысты барлық негізгі мәселерді мен сұрақтарды қарастыру. Бұл аталған мақсатқа жету үшін келесідей талаптарды орындау қажет:
еңбекті қорғауға түсінік беру;
еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді реттейтін нормалардың қайнар көздерін көрсету;
еңбекті қорғауға қатысты еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары және міндеттерін қарастыру;
еңбек құқығының заңнамасы мен еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік жағдайларын анықтау;
қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуын бақылау (әйелдер, жасы кәмелеткет толмағандар, еңбек қабілеттілігі шектеулі тұлғалар).
Еңбекті қорғаудың негіздері

Еңбек - адамның қоғамдық өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық,руханижәне басқа да құндылықтардыжасауға бағытталған адам қызметі.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын және еңбекті қолдануға байланысты басқа да қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Еңбекті қорғау - құқықтық,әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастыру-техникалық,санитарлық-э пидемиологиялық,емдеу профилактика,оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын,еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Қазақстан Республикасының еібек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауы Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделеді және Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауы туралы заңынан, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінен және өзге де нормативтік актілерден тұрады.
Заңнамалар ережелері Қазақстан Республикасының азаматтарына,еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынасына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға,еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне,эеономикалық өсуге қол жеткізуге,өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл- ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттңк басқару.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды,бақылау,қадағалауды ҚР-ның Үкіметі,уәкілетті органжәне оның аумақтық бөлімшелері,сондай - ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де органдар жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер мыналар болып табылады:
1)өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
2)қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3)қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғац талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғаға мемлекеттің кепілдік беруі;
4)нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ьірыңғай талаптарды белгілеу;
5)еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
6)уәкілетті орган,оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс - қимылдарды қамтамасыз ету;
7)еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай күйі туралы ақпараттың жариялылығы,толымдылығы және дұрыстылығы;
8)мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға,нормативтік - құқықтық актілерді әзірлеуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргізуге мемлекеттің қатысуы;
9)қызметкерлер өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды бағдамаларды қарастыруға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаунормаларынан тұратын нормативтік актілерді әзірлеуге,сондай - ақ5еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Қазақстар Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс - шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты мен ҚР-ның заңдарында тиым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.Қызметкерлер бұл мақсатта шығыстар шығармайды.Сонымен бірге жұмыс беруші жыл сайын еңбек қауіпсіздііне және еңбекті қорғауға қажетті қаражат бөледі,бұл жек ұжымдық шарттарда белгіленеді.
Еңбекті қорғауда маңызды орынды қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері алады.
Қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын тұлға.
Қызметкердің құқықтары:
oo еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
oo жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орнымен аумағының сипаттамасы,еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай - күйі туралы,өмірге және денсаулыққа төнетін қауіп жөнінде,зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен оны қорғау жөніндегі шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;
oo өндірістік жарақаттануға,кәсіби ауруға немесе жұмыс қабілетін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғалған жұмыс орнына,жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен арнаулы киіммен қамтамасыз етілугі;
oo өзінің жұмыс орнындағы еңбек жағдайына,қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы уәкілетті органга және оның аймақтық бөлімшелеріне өтініш жасауға;
oo еңбек жағдайларын,қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға өкіл ретінде қатысуға;
oo өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл туралы тікелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып,жұмысты орындаудан бас тартуға;
oo еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіби даярлыққа;
oo шарттық міндеттемелерді,еңбек міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР- ның заң актілеріне сәйкес өтетуге;
oo ұйымның жұмысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегендіктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
oo жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға құқығы бар.

Осындай құқықтарды иелене отырып,қызметкер заң бойынша мынадай міндеттерді атқарады:
oo еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың ,ережелер мен нұсқаулықтың талаптарын,сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға
oo арнаулы киімді,жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға;
oo өндірісте болатын әрбір жазатайым оқиға туралы,кәсіби аурудың белгілері туралы,адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы өзінің басшысына хабарлауға;
oo мерзімдік медициналық тексеруденжәне ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетті.
Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынасында болатын жеке немесе заңды тұлға.
Жұмыс берушінің құқықтары:
oo өз өкілеттілігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде актілер шығаруға;
oo қызметкерлерден қауіпсіздік нормаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге;
oo жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқа үлесі ,қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеуге;
oo еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.
Сонымен бірге жұмыс беруші келесідей міндеттерді атқарады:
oo қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
oo еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудыңжай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
oo Қызметкерлерді ұйымның аумағында және жұмыс орнында болуы мүмкін зиянды өндірістік факторлар туралы хабардар етеді;
oo Өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерге профилактика жүргізу ,оларды неғұрлым қауіпсізіне ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген қатерді болдырмау жөнінде шаралар қаьылдайды;
oo Соның ішінде жаңа жабдықтар мен технологиялық процестерді еңгізу кезінде оқытудан,даярлықта өткізеді;
oo еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде іс-шараларды әзірлеуге және оларды ұйымда өткізуге арнап қаражат бөледі;
oo өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен ,арнаулы аяқ қиіммен және зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерәнен қорғайтын жеке қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етеді,жеке ұжымдық қорғану құралдарының,арнаулы киімнің мақсатында қолданылуын бақылауды жүзеге асырады;
oo өндірістік процестер мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалық өткізуге;
oo еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруден өтуге және ұйымдарда 5еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшы мен маманның білімін тексеруді ұйымдастырады;
oo Қызметкерлерді міндетті түрде алдын - ала,мерзімдік медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз қаражаты есебінен өткізеді;
oo Өз қаражаты есебінен қызметкерлерге қажетті санитариялық-гигиеналықжағдайлар жасауға,профилактикалық тазарту құралдарымен ,жуу және залалсыздандыру құралдарымен,медициналық дәрі - дәрмек қобдишаларымен,емдеу профилактикалық тағамдармен,сондай-ақ арнайы киімді және аяқ киімді жөндеумен қамтамасыз етеді;
oo Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын,қызметкерлер өкілдерін,еңбекті қорғау жөніндегі инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігіне,еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай күйіне және заңдардың сақталуын тексерулер жүргізу үшін,өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды зеттеуі үшін кедергісіз өткізеді,қажетті ақпарат береді;
oo Қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР-ның заңдарына сәйкес өтейді;
oo Авариялық жағдайдың өрістеп кетуін және зақым келтіретін факторлардың басқа адамдарға әсерін болдырмау жөнінде шара қабылдау;
oo Өндірісте болған жазатайым оқиға,кісі өліміне әкеп соқтырған оқиға туралы бір тәулік ішінде тиісті мемлекеттік органдарға хабарлауға,қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлауға міндетті.

І. Еңбекті қорғаудың жалпы негіздері
1.1 Еңбекті қорғаудың түсінігі және оның маңызы
Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалады. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері еліміздің ата заңында көрініс тапқан. Яғни, Қазақстан Конституциясының 24 - бабының 2-бөлігіне сәйкес әрбір азамат қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар, ал 29-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулық сақтауға құқығы бар.
Қоғамдық қатынастардың түрлі жақтарын қамтитын күрделі әлеуметтік-құқықтық санат бола отырып, еңбекті қорғау тек қана заңгерлермен ғана емес, өзге де техникалық, медициналық, әлеуметтік және т.б. салалық ғылымдармен зерттелуде.
Еңбек заңнамасы еңбекті қорғау ұғымына келесідей анықтама беріп отыр, яғни еңбекті қорғау - бұл құқықтық, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі үрдісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.
Шындығында да, еңбекті қорғау әр түрлі шаралардың, соның ішінде барлық жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығы мен еңбек қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық шаралардың да жиынтығы болып табылады. Еңбекті қорғау жүйесінің ең маңызды бөлігі еңбекті қорғау жөніндегі заңнама сөзсіз, себебі еңбекті қорғауды бұлжытпай жүзеге асыруды қамтамасыз ететін барлық нормалар жүйесін қамтиды.
Еңбек құқығында қалыптасқан еңбекті қорғау ұғымы екі түрлі жағынан берілген - аталған термин екі түрлі мағынада ажыратылған және оны кең де, тар да мағынада талдауға болады. Кең мағынада аталған санат ретінде құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және өзге де шараларды қамтитын еңбектік қызмет үрдісіндегі жұмысшы өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және еңбек қабілетінің сақталуын қамтамасыз ету жүйесі түсіндіріледі.
Қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына құқық - қызметкерлердің негізгі құқықтарының бірі болып табылады (Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңның 7-бабы 1- тармағының 3-тармақшасы). Еңбек заңнамасы түгелдей еңбекті қорғау мақсаттарына бағындырылған. Заңнама ұлттық саясаттың бұл саладағы негізгі қағидаларын, өндірістегі тосын жағдайлардың, денсаулықтың зақымдануының алдын-алу шараларын, шаруашылық жүргізудің барлық түрлерінде және меншік нысанына қарамай кез-келген кәсіпорында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша азайтуды қарастырады.
Тар мағынада еңбекті қорғау еңбектің қауіпсіз және қолайлы жағдайларын тудыру мәселелерін, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығына және өміріне келген зиян үшін жауаптылықты сақтау міндетін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді. Бұл мәселелерді реттейтін нормалар мен ережелер еңбек құқығының құрамдас бөлігі болып табылады [1, С.296].
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілерді қатыстыра отырып барлық деңгейдегі өкілді және атқарушы органдардың бірлескен әрекетін көздейді. Бұл саясат мына қағидаларға негізделген:
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
2) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3) қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
6) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
8) мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргізуге мемлекеттің қатысуы;
9) қызметкерлер өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларынан тұратын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы (Қазақстан Республикасының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңының 6-бабы)
Еңбекті қорғауға құқығы барлар: меншіктің және шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысанындағы жұмыс берушілермен, оның ішінде жекелеген жолдаушылармен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер; кооператив мүшелері; өндірістік тәжірибе өтуші және өндірістік оқудағы жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары; әскери міндетті атқарумен байланысты емес жұмыстарға тартылған әскери қызметкерлер; сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, егер олар үкімнің орындалуын басқаратын органдар анықтаған кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрсе, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған кез-келген еңбекке қатысушылар.
Халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен кәсіпорындары шет елдерде жұмыс атқарған жағдайда олар үшін еңбекті қорғау жөнінде халықаралық нормаларда белгіленгеннен төмен емес талаптар көзделеді. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істеуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты еңбекті қорғауға құқығы болады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару республикада мемлекеттік саясат қағидаларының жүзеге асырылуын, бұл салада заңнамалар мен басқа нормативтік актілердің дайындалуын, сондай-ақ өндіріс құралдарына, технологияға және еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптардың, еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалар мен басқа нормативтік актілердің сақталуына мемлекеттік қадағалаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңнамада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мынадай негізгі міндеттері анықталған:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттарды, ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу мен енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
8) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге, және т.б. бағытталған (Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңының 5-бабы).
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті өкілдік алған. Үкімет және басқа мемлекеттік басқару органдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастырады және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғаудың және оның жағдайын жақсартудың мемлекеттік бағдарламасын бекітеді, министрліктер мен басқа орталық атқарушы органдардың еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерін анықтайды, еңбекті қорғауға кететін шығындарды қаржыландыру тәртібін анықтайды. Арнайы өкілеттігі бар орган Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.
Ұйымдық - құқықтық нысанына және меншік түріне қарамастан әрбір кәсіпорында еңбекті қорғау қызметі құрылады. Өзінің мәртебесі жағынан еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі, ал оның еңбекті қорғау мәселелері бойынша шешімдері барлық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
Жеке еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Жұмыс беруші қызметкерді еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға қабылдау кезінде кәсіби аурудың туындау мүмкіндігі туралы ескертуге міндетті. Олардың арасында жасалатын жеке еңбек шартында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды қоса алған, жұмыс орнының шынайы сипаттамасы, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарында және ұжымдық шартта көзделген осындай жұмыс істегені үшін берілетін жеңілдіктер мен өтемақылар көрсетілуге тиіс. Осы жереде еңбекті қорғау ұғымын толығырақ ашу үшін кейбір терминдерге тоқталуды жөн көрдік. Қазақстан Республикасының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңының 1-бабына сүйенсек,
зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына әкеліп соқтыратын еңбек жағдайлары;
қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе жарақаттануына не өліміне әкеліп соқтыратын еңбек жағдайлары;
кәсіби ауру - қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;
зиянды өндірістік фактор - оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
қауіпті өндірістік фактор - әсерін тигізуі қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына (еңбек жарақатына немесе кәсіби ауруына) немесе өліміне әкеліп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.
Аталған анықтамалардың мазмұнын қорыта келгенде, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерінің сақталмауы салдарынан белгілі бір өндіріс факторларының әсерінен қызметкердің өмірі мен денсаулығына орны толмас зиян тигізетін қауіптің төнуі мүмкін екенін көріп отырмыз. Соныдқтан аталмыш жағдайлардың алдын алу шарасы ретінде азаматтарды олардың денсаулық жағдайына теріс әсер ететіні айқын жұмыстарға қабылдауға заңнамамен тыйым салынған.
Ұйымдарда зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) және қолайсыз өндірістік факторлары бар жұмыстарға, сондай-ақ жер асты жұмыстарына адамдар қабылдауды жұмыс беруші олар алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайларына қайшы келмейтіні айқындалғаннан жүзеге асырылуға тиіс. Жұмыс беруші еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін қызметкерлерді мерзімдік медициналық қаралудан және тексеруден өткізуді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті. Ал медициналық қаралудан және тексеруден өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберілмеуі тиіс.
Ұйымдардағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттар, ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Еңбекті жан-жақты қорғаудың үлкен әлеуметтік, экономикалық және құқықтық мәні бар.
Еңбекті қорғаудың әлеуметтік мәнінің маңызы келесіде:
1. Қызметкердің өмірі мен денсаулығын орын алуы мүмкін өндірістік зияндардан қорғайды.
2. Қызметкердің еңбекке қабілеттілігін сақтауға бағытталған.
3. Қызметкердің мәдени-техникалық өсуіне жәрдемдеседі, себебі лас, ауасы тар өндірістік бөлмелерде күні бойы жұмыс істеп шаршаған қызметкер кешкісін оқуға, біліктілігін көтеруге, сауықтануға, спортпен шұғылдануға, ой-өрісін дамытуға мүмкіндігі де, шамасы да болмайды. Еңбекті қорғау еңбекті гуманизациялауға жәрдемдеседі
Еңбекті қорғаудың экономикалық мәнінің маңызы келесіде:
1. қызметкердің еңбек өнімділігінің өсуіне жәрдемдеседі. Ал ол өз кезегінде өндіріс пен экономиканың өсуіне әкеледі.
2. әлеуметтік сақтандыру қорын үнемдеуге және жұмыс уақытын жоғалтуды қысқартуға жәрдемдеседі, себебі еңбектің жақсы қорғалуында өндірістік жарақаттар, кәсіби аурулар азаяды және сәйкесінше аурухана парақтары мен зиянның орнын толтыру, қызметкердің ауруы үшін жұмыс уақытын жоғалту азаяды.
Еңбекті қорғаудың құқықтық мәнінің маңызы келесіде:
1. Ол еңбек жағдайының ауырлығын, әйел ағзасының физиологиялық ерекшеліктерін, оның ана болу функциясын және жасөспірімдер ағзасының психофизиологиялық ерекшеліктерін және мүгедектердің еңбек қабілеттілігін ескере отырып, қабілеттілігіне қарай жұмыс атқаруына жәрдемдеседі.
2. Азаматтың құқықтық мәртебесі оның еңбек қорғауға негізгі құқығын және еңбек қызметінің үрдісінде ғана емес, сондай-ақ оларды жұмысқа қабылдаған сәттен-ақ ерекше қорғауды қажет ететін тұлғалар үшін бұл құқықтың заңдық мәртебелік кепілдіктерін қамтиды. Мысалы, әйелдер мен кәмелетке толмағандарды медициналық негіздер бойынша оларға тыйым салынған жұмыстарға қабылдауға болмайды.
3. Еңбекті қорғау бойынша мәселелер еңбек ұжымы мен профкомның әкімшілікпен, жұмыс берушімен арасындағы ұйымдастыру-басқарушылық қатынастардың, сонымен қатар салалық, республикалық және аумақтық деңгейдегі әлеуметтік-серіктік қатынастардың объектісі болып табылады.
4. Еңбекті қорғау қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбектік құқықтық қатынсатың маңызды элементі болып табылады және ол бойынша жұмыс беруші (әкімшілік) қызметкердің жұмыс орнында еңбектің қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс[4, С.312].
Еңбекті қорғау түсінігі және оның маңызы бөлімі бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Еңбекті қорғау қоғамдық қатынастардың түрлі жақтарын қамтитын күрделі әлеуметтік-құқықтық санат болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасы еңбекті қорғау ұғымына мынадай анықтама беріп отыр: еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі үрдісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.
3. Еңбекті қорғау ұғымы кең және тар мағынада қарастырылады.
Кең мағынада аталған санат ретінде құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және өзге де шараларды қамтитын еңбектік қызмет үрдісіндегі жұмысшы өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және еңбек қабілетінің сақталуын қамтамасыз ету жүйесі түсіндіріледі.
Тар мағынада еңбекті қорғау еңбектің қауіпсіз және қолайлы жағдайларын тудыру мәселелерін, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығына және өміріне келген зиян үшін жауаптылықты сақтау міндетін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді.

1.3.Еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігінің еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші еңбе қауіпсіздігімен еңбекті қорғау қызметін құруға міндетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі ұйымның қызметі тоқтаған жағдайда ғана тоқтатылады.Ал қызметкерлер саны 50 адамға дейін болатын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымын енгізу туралы шешімді жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелігін ескере отырып қабылдайды.
Еңбек қауіпсіздігінің еңбекті қорғау саласындағы нормативтік ұйымдық, техникалық технологиялық санитарлық гигиеналық, биологиялық, физикалық және қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған өзге де нормаларды , ережелерді , рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді және бұларды әзірлеуді және бекітуді тиісті өкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан республикасының үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді өкілетті орган бекіткен тәртіппен жұмыс беруші іске асырады.
Өндірістік объектәілер мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қойылатын талаптар келесідей: мемлекеттік стандарттардың еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың, санитарлық құрылыс ережелермен нормаларының талаптарына жауап бермейтін өндірістік ғимараттар мен құрылысты жобалауға, салуға , қайта жаңғыртуға, машиналарды , жабдықтарды, құрастыру мен жасап шығаруға, егер жаңадан салынған өндірістік объектілер, өндіріс құралдары, еңбекті қорғау талаптарына санитарлық, құрылыс ережелерімен нормаларына сәйкес келмсе пайдалануға жол берілмейді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыруда-мемлекеттік сынақтан, тексеруден метрологиялық аттестаттаудан өткізілмеген бекітілген үлгіге сәйкес келмейтін өлшеу құралдарын қолдануға санитарлық ережелермен және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін тауарларды, материалдарды, шикізаттарды қолдануға тыйым салынады

ІІ. Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау
Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы

Қазақстан Республикасы Констиутциясының 24-бабының 2-бөлігіне және Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңның 4-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбір азамат өзінің еңбек құқығын ешбір шектеусіз жүзеге асыруына тең мүмкіндікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Еңбекті қорғаудың заңды негіздері»
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғаудың негіздері мен еңбек қорғауды ұйымдастыру
Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау (әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектер)
Еңбек қатынастарында қолданылатын заң актілері мен құжаттар, олардың құрылымы.
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары
Еңбек қорғаудың теориялық негіздері
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары
Пәндер