ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мелекеттік университеті

Инженерлік - технологиялық факультеті

Тақырыбы: ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау.

Орындаған: Советжанова Ж. Ә.

Тексерген: Ергалиева А. Н.

Группа: ТК-703

Семей қаласы 2018ж

ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау .

Әдістемелік нұсқау:

Сыртқы талдау: Құжат қашан қабылданды, қай кезде, қанша рет өзгеріс енгізілді, қанша бөлімнен, баптан тұрады т. с. с.

Ішкі талдау: Құжат мазмұны неде, яғни не туралы айтылған. Конституция баптарын немесе бөлімдерін көшірудің қажеті жоқ, Конституцияны мұқият оқып не түсінгеніңізді талдау

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Қазақстан осы уақытқа дейін екі рет Конституция қабылдады. Біріншісі 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданса, екіншісі - 1995 жылдың 30 тамыз айында қолданысқа енгізілді. Екі заңның бір-бірінен екі мемлекеттей айырмашылығы бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:

  • халықтық егемендік
  • мемлекет тәуелсіздігі
  • билікті бөлісу принципі
  • қазақ тілін мемлекеттік деп тану
  • Президентті мемлекет басшысы деп тану
  • сот органдарын - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.

1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. 1993-1995: Бірінші Конституция

  1. Бірінші Конституция бойынша Қазақстан парламенттік республика болды. Қазір бізде президенттік басқару жүйесі.
  2. Алғашқы Конституцияда Жоғарғы Кеңес жалғыз заң шығарушы жоғарғы билік органы болған.

Жоғарғы Кеңестің қызметі:

  • ҚР Конституциясын қабылдап, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • Заңдардың орындалуын қадағалау;
  • Келіспеушіліктер туындаған кезде заңды талқыға салу;
  • Елдің шекарасын анықтап, әкімшілік-аймақтық дауларды шешу;
  • Мемлекеттік бюджетті бекіту және өзгерістер енгізу және оны бақылау;
  • Қаржы жүйесін, салық саясатын құру, мемлекеттік қарыздар туралы шешімдер шығару;
  • Президент, премьер-министр, министрлерді тағайындау.
  1. Президент Жоғарғы Кеңеске есеп беретін және билігі шектеулі еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы - Сенат, төменгі палаталы -Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Конституция құрылымы
  • I бөлім. Жалпы ережелер
  • II бөлім. Адам және азамат
  • III бөлім. Президент
  • IV бөлім. Парламент
  • V бөлім. Үкімет
  • VI бөлім. Конституциялық кеңес
  • VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
  • VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
  • IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Қазақстан осы уақытқа дейін екі рет Конституция қабылдады. Біріншісі 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданса, екіншісі - 1995 жылдың 30 тамыз айында қолданысқа енгізілді. Екі заңның бір-бірінен екі мемлекеттей айырмашылығы бар.

1995 жыл: Екінші Конституция

Қалай қабылданды?

Әрине, халық бір айдың ішінде басты құжаттағы өзгерістер мен ерекшеліктерді түсініп үлгерген жоқ. Ол кезде халықтың саяси және мәдени білімі қазіргі деңгейде емес еді. Нәтижесінде жаңа заң 90% қолдауға ие болды. Дауыс беруге келгендердің үлесі 90, 6% еді.

Бірінші Конституциядан басты айырмашылықтары

1. Парламенттің билігі президентке өткізілді;

2. Жоғарғы Кеңес таратылды;

3. Парламент екі палаталы болды: сенат пен мәжіліс;

4. Парламент бақылаушылық функциясынан айырылды. Енді депутаттар мемлекеттік бюджет пен заңдарды бақылай алмайды.

5. Парламенттің заң шығарушылық функциясы үш институттың арасында (президент, үкімет және парламент депутаттары) бөлінді.

Қазақстан парламенті енді ештеңеге әсер ете алмайды десек те болады. Себебі қандай да бір заңды ұсыну немесе талқылау үшін қаражат керек. Қаражатты алу үшін депутаттар үкіметтен келісім алуға міндетті, демек қай заңға қаражат бөлу немесе бөлмеу керектігін үкімет шешеді. Сондықтан да қазір елімізде заң қабылдау туралы бастаманы үкімет көтереді немесе президент бұйырады. Ал парламентке тек мақұлдап, бекіту ғана қалады. Саяси тығырық.

Қазір парламент - қолынан іс келмейтін орган, және ол мұны күн сайын көрсетіп жүр. Мысалы, тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеудің айналасындағы мәселені алайық. Біз қоғамдық ұйым ретінде бұл заңның ел ішінде шу туғызатынан айтқан едік. Ешкім тыңдаған жоқ. Парламент те бұл заңды талқылап-талқылап, ақыры соңында қабылдады.

5. Парламент заң нормаларын түсіндіру құқығынан айырылды;

Әлі күнге дейін заң айналасында қандай да бір дау туындаса, ешбір институт оны дұрыстап түсіндіріп бере алмайды.

6. Конституциялық сот пен Арбитраждық сот таратылып, тек Жоғарғы сот қалды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында ҚР Конституциялық соты - сот билігіндегі жоғарғы және тәуелсіз орган болып бекітілген. Басты міндеті - ҚР Конституциясын қорғау. Кейін ол Конституциялық кеңеске айналып, өкілеттілігі біршама тарылды. Егер бұрын Конституциялық сотқа қарапайым азаматтар да жүгіне алатын болса, Конституциялық кеңес тек президенттің, соттардың, белгілі бір депутаттардың жолдауын қарайды. Қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар бұндай құқықтан қағылды.

Жаңа Конституциядағы үш өзгеріс

Екінші Конституцияға 1998, 2007, 2011 жылдары үш рет өзгеріс енгізілді.

1998 жылы: Бірінші өзгеріс президенттің басқару мерзімін ұзартуға арналды. Ол бұрын 5 жыл болса, енді - 7 жыл. Сондай-ақ, төрағалық қызмет орнына көп дегенде 2 рет қана дауысқа түсу шектеуін алып тастады. Сенаторлық пен депутаттық өкілеттілік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылды. Президент пен мемлекеттік қызметкерлердің жасына қойылған шектеу алынды. Ол бұрын 63 жасқа дейін болған. Яғни қазір Қазақстанда адамдар 100 жастан асып кетсе де мемлекеттік қызметте істей береді.

Осы өзгерістен кейін бірден 1999 жылы қаңтарда кезектен тыс президенттік сайлау өткізілді. Бір жылдан кейін, яғни 2000жылдың маусым айында Конституциялық кеңес президентке 2 рет қатарынан төрағалық қызметке дауысқа түсуге рұқсат берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республика президенті - біртұтас халықтын жəне мемлекеттін билікті жоғарыданбасқаратын тұлға
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Қорғанысты және қауіпсіздікті басқару
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы
Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының қалыптасуы, нығаюы және дамуы
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
Конституциялық құқық қайнар көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz