Қанның құрамымен ерекшеліктері
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Қанның морфологиялық және биохимиялық құрамының түліктік ерекшеліктері
2. Қанның құрамымен ерекшеліктері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жас түліктерде қанның морфологиялық құрамын клиникалық практикалық зерттеу барысында, лейкозбен анимея ерекше диагнозтикалық мағынаны талап етеді. Сонымен жануарлардың интерьерлік ерекшеліктерін анықтау кезінде қанның морфологиялық және ондағы ақуыздың құрамының алатын орны да зор. Жануарлардың қаны олардың өнімділігі мен және биологиялық ерекшеліктерін анықтау да үлкен маңызға ие және де тірі кезінде зоотехникалық тәжірибелерді қоюда қанды зерттеу негізінен оның морфологиялық құрамын, ондағы зат алмасу процесінде негізгі рөл атқаратын эритроцит пен гемоглобиннің мөлшерін анықтау негізге алынады. Көптеген авторлардың зерттеулерінің арқасында жануарлардың қанының морфологиялық құрамы олардың өнімділік қасиеттеріне әсер ететіні дәлелденеген. Олардың айтуынша қанның гематологиялық көрсеткіштері жануарлардың жасына, жыл мезгіліне және де тұқымына да байланысты өзгереді.
Төлдердің қан жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшеліктері.
Қан жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Жануарлардың организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде жануарлардың денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар т.с.с. улы заттар пайда болады.т Сонымен, жануарлардың өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қан атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұнымен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар қанды тіршілік өзені деп бекер атамаған. Яғни қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік тоқталады. Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше құрылысы мен қасиеттеріне байланысты. Жануарлардың денесіндегі қан - организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек малдарда 4,5 - 6л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6 - 8%. Жаңа туған төлдерде ол 10 - 20%, 1 жаста 9 - 13%, 5 - 7 жаста 7 - 8% болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполдарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бұл мүшелердегі қан қоры мал жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50 - 60% жоғалса, мал өліп қалады. Қан өндіру ұрықтық кезенде басталады. Бұл кезде қан сары денеде, бауырда, көк бауырда және сүйектің кемігінде өндіріледі. Ұрықтың мөлшері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан ұрықтың 2 - 3 апталық кезеңінде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады.
Шошқаның қан айналым шеңбері.
Ірі қара малда сүйектің қызыл кемігі ұрықтық мерзімінің 4-ші айында қызмет ете бастайды да 6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Төл туар кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек майына толы болады. Ол негізінен қан клеткаларынан тұрады. Тек 1 - 2 айдан бастап қан клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды да, 5 айда майлы сүйек кемігі жілік сүйектерінің бастарында ғана қалады. 1 - 2 жаста барлық жіліктер майға толады деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан жіліктегі қызыл кемік майымен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіндегі қан ендіру қызметі 3 - 4 айдан, 1 және 2 жаста маңызды орын алады.
Лимфа түйіндері ұрықтық кезеңнің 2 - ші айында қан тамырлары жолының бойында пайда бола бастайды да, кейбіреулері төл туғаннан кейін түзіледі 8 - 9 ай арасында лимфа түйіндерінің ретикуло-эндотелиалдық жүйелері күшті дамып, 1 - 2 жас аралығында лимфа түйіні мүше ретінде толық жетіледі. Лимфа түйіндерінің құрылысы төлдің денесінің барлық жерінде біркелкі емес, олардың құұрылысы тұрған орнына байланысты: терең орналасқан лимфа түйіндерінен гөрі тері астындағы лимфа түйіндерінде трабекулалар көбірек болады. Дененің тұла бойындағы және аяқ - қолдардағы түйіндердің милы қабаты күштірек дамиды, ал кеуде қуысы мен құрсақтағы түйіндердің милы заттары көбірек болады. Лимфа түйіндерінің аумағы төлдің жасы ұлғая келе өседі.
Қанның құрамы мен қасиеттері. Қанның құрамы өте күрделі. Қан пішінді элементтер, яғни қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қанның пішінді элементтеріне қанның қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер және қызыл пластинкалары тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары күллі қанның 55 - 60% - ын, ал плазма 40 - 45%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90% - ға жуығы су, 7 - 8% белоктар, 2% түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3 - 0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор тұздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4 - 10 мг%, мочевина 10 - 25мг%, түрлі ферменттер, гормондар, түрлі витаминдер, холестерин т.б. заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, (3% глобулиндер 2 - 3%, фибриногендер 0,2 - 0,3%) жатады. Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны pH реакциясы (сутегінің көрсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды. Қалыпты жағдайда қанның pH = 7.36 тең, бұл әлсіз сілтінің реакциясы. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары, қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер.
Қанның қызметтері: тасымалдау - қанның ең әмбебап қызметі, тыныс алудағы - ерітілген, химиялық байланыстағы газдардың тасымалдауын (оттегі, көмір қышқылы) қамтамасыз етеді; қоректік - сіңірілген жерден қоректік заттарды ұлпаларға тасымалдайды; сыртқа шығару - ұлпалардан зат алмасу өнімдерін бөліп шығарады (зәрмен); реттеу - түрлі ұлпалар жасушаларына әртүрлі қызметтерді реттейтін гормон, өсу факторларымен биологиялық қарқынды заттарды тасымалдайды; ағзалар арасында жылуды таратып оны сыртқа бөліп шыарады; тұрақтылықты сақтау - организмнің ішкі ортасында қышқылды - сілтілі, осмостық тепе - теңдікті, су теңгерімін, дене қызуын, ұлпа сұйығының биохимиялық құрамын және басқа тұрақтылықты сақтайды; қорғаныш - бөгде тегіжатты бейтараптап, микроорганизмдерді өзіне тән және тән емес механизмдермен зиянсыздандырады. Организм дене массасының 7 - 10% қан құрайды, жоғары да көрсетілген қызметтерді атқарады. Төл және жас жануарлар қанның салыстырмалы көлемі, жетілгендерге қарағанда, көп болады. Құлында 10 литр қан болса, оның 23% көлемін құрады, жылқыда 50 литр қан болса, оның 7% ғана көлеміне тең болады. Сүтқоректілер қанының құрам бөліктеріне - қызыл қан түйіршіктері (эритроциттер), лейкоциттер, қан табақшалары (құстарда, төменгі сатыдағы омыртқалыларда тромбоциттер деп аталады) және қан плазмасы жатады. Мұндағы лейкоциттер ғана нағыз жасушалар, ал эритроциттер мен қан табақшалары - жасушадан кейінгі құрылымдар. Қан құрам бөліктері белгілі сандық ара қатынаста болатындықтан (шыны түтікте тұндырып, біртекті емес заттарды ажырату әдісімен анықтайды) - қан формуласы немесе гемограмма, ал лейкоциттердің процентпен көрсетілген ара қатысын - лейкоциттік формула деп атайды. Қан құрамбөліктері қоюлығын санау микроскопта арнайы есеп камерасы (Горяев) көмегімен жүргізіледі. Қазіргі кезде цитометр, автоматты талдағыш бейнелеуді пайдаланып, оны өте кең таралып келе жатқан автоматтық есеп әдісін қолдану арқылы алады.
Эритроциттер (erythrocytes, грек. erythros - қызыл, cytos - жасуша) қан құрамбөліктерінің ең көбі, миллиондап саналады. Эритроциттердің саны жануарлар түріне, тұқымына және жасына байланысты болады. Олар шаршағанда, барометрлік қысым күшейгенде, әртүрлі қан ауруларында көлемін, пішінін өзгерте алады. Сүтқоректілерді - ұсақ (4 - 7мкм), ядросыз, пішіні екі жақты ойық дискідей (пішін үйлесімі газ алмасуына өте қажет, көлемін ұлғайтады), цитоплазмасында ферменттері (олар эритроциттердің жарғақша құрылымын, екі жақты ойық дискідей формасын сақтайды, қабығы арқылы электролиттерді тасымалдап, жасуша ішінде шоғырлануын қамтамасыз етеді, гемоглобиннің молекуласында қалыптсақан темірді гемоглобиннің ерітінді күйін сақтайды), диаметрі 3 - 8 мкм, орта қалыңдығы 0,8мкм, шетінде 3,5 мкм, басқа омыртқалыларда тіршілік әрекеті нашар таяқша тәрізді ядролары болады. Эритроциттер саны, көлемі арасында кері байланыстық байқалады. Ешкі 1 мкл қанында 14 млн, эритроциттер болса, диаметрі 4 мкм, бақа 1 мкл қанында 0,35 млн, сопақ эритроциттер болса, ұзына бойындағы диаметрі 22,8 мкм, еніндегі диаметр 15,8 мкм тең болады. Әр жануарда эритроциттер көлемі бірдей болады. Қанда эритроциттер көлемі, формасы өзгерсе, оның бұзыла бастағанын көрсетеді. Оны анизоцитоз деп атайды. Жетілген эритроциттердің қабығы, жарғақшасы тамырлар арнасында амин қышқылдарын, антиденелер, уыттар, дәрілік заттарды ұстап, тасымалдап, едәуір серпімді болып, ол пішінін өзгертіп, тар қылтамырлардан (диаметрі 3 - 4 мкм) жеңіл өтеді. Цитоплазмасында тұрақты қосындылар болмайды, олардың орнын су, 34% гемоглобин, глюкоза, АТФ және ферменттер толтырады. Мұндағы гемоглобин хромопротеидтен тұрады, белоксыз бетінде екі валентті темірі болады. Гемоглобин арқасында эритроциттер басты қызметін - оттегіні өкпеден ұлпа, ағзаларға тасымалдап, гемоглобин оттегімен тұрақсыз қосылып, оксигемоглобин құрайды. Одан ағзада оттегі бөлініп, дене ұлпаларына өтіп, эритроцит олардан көмір қышқыл газын өкпеге алып шығады. Газ алмасуы организмдегі өкпе мен ұлпаларда оттегі мен көмір қышықылы қысым мөлшерінің әр түрлілігіне жүреді. Эритроцит қабығының көптеген жарғақша белоктары гликопротеидтер, гликолипидтер болады, олардың сыртқы соңғы қанты аз құрамбөліктері тиісті қан топтарын, эритроцит зарядын анықтайды. Қалыпты жағдайда ол теріс зарядты болады. Эритроцит заряды өзгерсе, олар бір - бірімен жабысып, түрі тиын бағанасына ұқсайды, ал заряды қалпына келсе, бағанадағы эритроциттер бұзылмай, қайта ажырай алады. Жас эритроцитті арнайы өңдегенде, эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрий, центриоль және Гольджи аппаратының қалдықтары жеке тетіктер немесе өте жұқа негіздік тор тәрізді байқалады. Мұндай, жалпы эритроциттер санының 12% құрайтын жасушаларды - ретикулоциттер деп атайды. Олар қан айналымына сүйек кемігінен түседі, құрамында рибосомалар, митохондрийлер, Гольджи аппараты сақталады. Ретикулоциттердің саны бауыр, көк бауыр және сүйек кемігінде өлген эритроциттер санына тең болады. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы ұсақ малдан гөрі ірі жануарларда ұзағырақ болады. ол бұқада - 120 - 140, қойда - 127, шошқада - 72, қоянда - 30, тауықта - 28 күнге тең. Қартая бастаған эритроциттердің (жарғақша асты кешен тұтастығының бұзылуына, жарғақшаның химиялық құрамы өзгеріп, жарғақшаның иондық сорабы бұзылуына, гемоглобин құратын ферментттер қарқындығының төмендеуіне, гемоглобин құрамы өзгеруіне байланыты) көлемі азаяды. Ретикулоцит диаметрі 7 мкм болса, эритроцит жас түрінің диаметрі - 5,5 мкм, ал қартайған эритроцит диаметрі 3 - 4 мкм тең болады. Эритроциттер тығыздығы үлкен болады. Қанды алдын - ала ұйытпайтын заттармен өңдеп, ыдысқа құйып қойса, эритроциттердің шөгуі байқалады. Ол жануарлардың жасына, жыныысына, түріне байланысты, бірдей болмайды ең жоғарғы эритроциттер шөгуі жылқыда, ең төменгісі ірі қара малда жүреді. Бұл әдәстің ауруды анықтаудағы оның алдын алудағы маңызы өте зор. Эритроциттер бүлінсе темірдің ионы, өкпе бөлетін көміртектің тотығы билирубинді (альбуминмен бауырға тасымалдап, өт құрамымен ішекке түседі) қалпына келтіретін биливердин құрады. Лейкоциттер қанның ақ түйіршектері - әртүрлі түссіз ядролы жасушалар тобы. Олардың цитоплазмасында тұрақты, тұрақсыз қосындылар болады. Әрбір 500 - 1000 эритроциттерге бір лейкоциттен келіп, қанның 1 куб мм лейкоциттердің жалпы саны сүт қоректілерде 5 - 20 мың құстарда ол 40 мыңға жетеді. Лейкоциттер қан ағынын енжар қозғалыс құралы ретінде пайдаланады. Онда жиырылғыш белоктар (актин, миозин) болады. Олардың белсенді ауысуға қабілеттілігі, қан тамырларынан шығып, эндотелий жасушаларының арасына еніп, негізгі жарғақты өзі бөлетін ферменттер көмегімен бұзуында байқалады. Олар микроорганизмдерді жойып, бөгде бөлшектерді және тіндердегі ыдырау өнімдерін ұсатып, гуморальді, жасушаның төтемелілік реакцияларын іске асырып қорғаныш, реакциясына қатысады. Лейкоциттерсанының көбеюін - лейкоцитоз, азаюын - лейкопения деп атайды. Оның цитоплазмасында арнайы, түрліше боялатын түйіршіктер болса - түйіршікті, тек азурофильді түйіршіктер болып, арнайы түйіршіктер болмаса - түйіршіксіз лейкоциттер деп атайды. Базофильдер жануарлар қан айналымындағы барлық лейкоциттердің 0,5 - 2% құрайды, құстарда 3 - 4% болады, қосмекенділерде - 20% ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz