Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Айымбетова Акмарал Рахымжанқызының Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері тақырыбына орындаған дипломдық жұмысына
Рецензия
Дипломдық жмыста зерттеудің жалпы сипаттамасы,тақырыптағы өзектілігі,нысаны,мақсат-міндеттері ,жұмыс жаңалығы,теориялық,практикалық маңызы мен зерттеу әдістері туралы айта келіп,яғни қазақ діліндегі сөйлемдердің түрлі құрылымдық өлшемдерінің жасалу,қалыптасуындағы ерекше ситуацияларды талдаудың өзекті нысандарын ашып көрсеткен.
Жұмыс зерттеу ретінде ғылыми терминдермен,грамматикалық лексикамен сипатталған,ғылыми талдау стилі талапқа сай,дипломдық жұмыстың тақырыбының мазмұнын ашуы,мақсат-міндеттерін анықтауы,зерттеудегі мәселедегі ғылыми жаңалыұ ретінде ұсынған таңдаудың нақты жасауы білімгердің теориялық білім деңгейінің жақсы екендігін және оны дипломдық жұмысты орындауда пайдалана білгендігін байқауға болады.
Жұмыстың түсіндірме хатында әр талаптың ішкі мазмұнын,сипаты,орындалу неіздіері,тақырыптың өзектілік мәні талапқа сай рәсімделіп,мазмұны ашылған.
Жұмыстың орындалу,жазылу мән-мазмұны дипломдық зерттеуге қойылатын талаптарға сәйкес келеді,жұмысты В 3,33 86 баллдың базамен бағалап, қазақ тілі мен әдебиетімамандығының бакалавры деген академиялық біліктілігін беруге болады.

Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктерітақырыбына орындаған Айымбетова Ақмарал Рахымжанқызының дипломдық жұмысына
Пікір
Дипломдық жұмыс қазақ тіліндегі әртүрлі сөйлемдердің жасалу және қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуге арналған.Жұмыс тақырыптың қазақ тіл білімінде зерттеу жайы мен тілдік ситуация жағдайына қарай сөйлем түрлерінің жасалуы мен қалыптасуы мәселелеріне арнайы талдау жасаған. Тілдік коммуникативтік бірліктері мен құрылымдық жақтан даму үстінде болғандықтан,зерттеуде мәселенің құрылымдық жақтан мән ады актуалдануы әрқашан өзекті болса,оның теориялық негіздерін анықтап,нақты материалдармен көрсете білген.
Зерттеудің негізгі мақсаты сөйлемдердің әртүрлі құрылымдарының семантикалық үлгіде қалыптасуын дәлелдеу үшін алдыңғы қойған бірнеше міндеттерді,мысалы коммуникативтік ситуациялардың мән алу сипатын анықтап көрсеткен.Зерттеу мақсаттары орындалған.
Сөйлемдердің жасалу мен қалыптасу үдерісіндегі қажетті әрбір сөйлемге тән болатын басты белгі предикативтілік категориясының сөйлемнің грамматикалық мағынасы ретінде танылуын сөйлем түрлеріне қатысты таңдай алған.
Жұмыста орфографиялық,пунктуациялық кемшіліктер кездесіп қалады.Кейбір түрлерде айтпақ ойлардың қайталануы кездеседі.Қорыта айтқанда,жұмыс талапқа сай талданып берілген.Дипломшаны қорғауға жіберуге болады.

Жұмыс жетекшісіғфғд,профессор А.Ә.Байтешев

Мазмұны
Кіріспе

1.Қазақ тіл білімінде сөйлемдердің құрылымдық үлгілерінің зерттелу жайы
2.Тілдік ситуация жағдайына қарай сөйлем түрлерінің жасалу және қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Тақырыбы: Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері.

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тіл білімінде жасалу және қалыптасу термині-тілдік таңбаның шындық болмысымен қатсытылығы,оның сөйлеу жағдайына мән алу үдерісіндегі бейімделуі,имплицитті және эксилицитті тұрғыдан қолданыста мағына жағынан мән алуы және қызметі мен мағынасының шынайы ашылуы деп никативтік құрылымы А.Байтұрсынов,Қ.Жұбанов,С.Аманжолов ,Н.Сауранбаев және т.б. белгілі қазақ лингвистерінің зерттеулерінде қарастырылып келеді.Бүгінге дйін қазақ тіліндегі сөйлемдердің неше түрлі құрылымдары анықталып,әлі де кейбір құрылымдары жаңадан анықталып жатыр.Олардың жалпы контексте,сөйлеуде,сөйлеу әрекетіндіе мән алу жағдаы түрліше жағдайларға адамның өзінің қасиеттеріне,ойлау,ой қорыту,танымдық ерекшеліктеріне қлттық менталитеті мен психологиясына байланысты де туындап жатады.
Зерттеудің өзектілігі.Қазіргі қазақ тілі синтаксисінде сөйлемнің коммуникативтік құрылымдарының синхронды сипаты олардың қалыптасуының дереккөздері,жеке сөйлемдер мен сөйлем жүйелерінің қалыптасу уақыты,жасалу әдіс-тәсілдері оның қаншалықты күрделі және саналуан түрлі ерекшелігін көрсетеді.Кез-келген ұлттық тілдің сөйлемдері сол ұлт өкілдерінің танымдық және тәрбиелік іс-әрекетінің нәтижесі,қоғамның әлеуметтік салаларындағы өмірлік ситуациялардан көрініс береді.Осы ретте арнайы қарастыруды қажет ететін өзекті мәселелер қатарына синтаксистік бірліктердің мән алуы мәселесі мен сөйлемдердің коммуникативтік өқрылымдары проблемалары жатқызылады.Қазіргі таңда жалпы сөйлем теориясы және сөйлемнің әртүрлі мән алу мәселесі тиісті дәрежеде зерттелгенімен,мән алу мәселесінің кері жақтары мен сөйлемдердің коммуникативтік құрылымдары әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ.Тілдің коммуникативтік бірліктері әрқашан құрылымдық жақтан,мән алуы жағынан даму үстінде,сол себепті бұл мәселелерді үнемі зерттеуді талап етеді.Осы тұрғыдан сөйлемдердің коммуникативтік өқрылымының әртүрлі санада қалыптасу үдерісін зерттеу оның теориялық негіздерін анықтап,құрылымдарын талдап,жинақтап жүйелеуді қажет етеді.Міне,сондықтан аталған мәселелерді арнайы қарастыру қажеттілігі жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Зерттеудің нысаны.Қазақ тілінің құрылымына сәйкес қалыптасқан әртүрлі сөйлемдердәі грамматикалық құрылымдардың қалыптасу ерекшеліктері,жасалу жолдары және ситуациялық сөйлемдердің жасалу және қалыптасу үлгілеріндегі ерекшеліктері зерттеу нысаны болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.Жұмыстың негізгі мақсаты-синтаксистік бірліктердің ішінде сөйлемдердің мән жасалу ерекшеліктері мен сөйлемдердің коммуникативтік құрылымдарының әртүрлі ситуацияға байланысты қалыптасу семантикасын анықтау.Осы мақсатты орындау үшін жұмыс алдына төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
-қазақ тіл білімінде сқйлемдердің мән алу үдерісі мен сөйлемдердің құрылымдық түрлерінің зерттелу жайын,нәтижесінде қол жеткен пайымдауларға шолу жасап,анықтау;
-сөйлемдердің әртүрлі коммуникативтік құрылымдарының қалыптасуы барысында қалыптасу дәрежесінің ситуацияларын талдап көрсету;
-синтаксистік коммуникативтік бірліктердің жасалу сипаты мен тілдік емес және тілдік ситуациялардың түрлерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.Дипломдық жұмыста жасалу мәселесі синтаксистік бірліктерге қатысты алғаш рет қарастырылып,оның мәні ашылып,белгілері көрсетіліп,анықтама беріліп отыр.Сонымен байланысты сөйлемдердің әртүрлі ситуацияға байланысты әртүрлі құрылымда қалыптасу жолдары,олардың қалыптасуына әртүрлі өмірлік ситуациялармен қатар адамдыұ факторлардың да ықпал жасайтындығы алғаш рет кешенді түрде зерттеліп,ерешеліктері анықталып отыр.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.Зерттеудің нәтижелері бірліктердің әртүрлі контекстік ситуацияда мән алу мәселесін дамытуға үлес қосады.Зерттеу барысында жасалынған сөйлемдердің коммуникативтік құрылымдарындағы ситуацияларға,адам факторларына байланысты тұжырымда пікірлер,нәтижелер синтаксис,мән алу мәселелерінің дамуына,қалыптасуына септігін тигізеді.Зерттеу нәтижелерін,материалдарын жоғары оқк орындарында синтаксис,мәтін теориясы,коммуникативтік лингвистика сияқты пәндерде арнайы семинарлар мен курстарда пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері.Жұмыстың теориялық мәселелерін қарастыру барысында қазақ тіл білімінің синтаксис саласындағы белгілі ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға сүйендік.Зерттеу барысында сипаттамалы,салыстырмалы әдістер,сондай-ақ компоненттік талдау,интерпретациялау,сұрыптау,жү йелеу,талдау тәсілдері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.Жұмыс кіріспеден,екі тараудан,қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Қазақ тіл білімінде сөйлемдердің құрылымдық үлгілерінің зерттелу жайы.

Жай сөйлемнің зерттелуі.Қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисіне арналған еңбектерде олардың категориясын анықтауда бірізділік басымдау,дегенен кейбір айырмашылықтар бар.А.Байтұрсыновтың еңбегінде сөйлемнің мынадай түрлері берілген:жалаң,жайылма,болымды,болы мсыз,толымды,толымсыз.Сөйлемдердің айтылуына қарай:сұраулы,лепті,тілекті ,жай сөйлем.
Қ:Жұбанов сөйлем түрлерін сөйлем сазы деп бере келе,оны мынадай түрлерге бөледі:хабарлы,сұрау,леп сазы сөйлем деп көрсеткен.Сонымен бірге жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем,толық сөйлем мен олқы сөйлем түрлерін көрсеткен.
САманжолов пен.Н.Сауранбаев Қазақ тілінің грамматикасы атты мектеп грамматикасында сөйлемдердің мынадай түрлерін көрсетеді:толымды,толымсыз,жақсыз,а таулы,сұраулы,хабарлы,лепті сөйлемдер.
Н.Сауранбаевтың еңбектерінде де жай сөйлемнің хабарлы,сұраулы,лепті,толымды,толым сыз,жақты ,жақсыз,атаулы сөйлемдер түрлері берілген.
М.Балақаев жай сөйлемді төмендегіше жіктейді:
-айтылу мақсатына қарай:хабарлы,сұраулы,бұйрықты,лепт і сөйлемдер.
-болымды-болымсыз;
-жақты-жақсыз;
-жалаң-жайылма;
-толымды-толымсыз;
атаулы;

Синтаксис термині грек тілінен алынған Онда syntaxis-қоспа,біріктір деген мағына береді. Синтаксис-грамматиканың үлкен бір саласы.Синтаксис үш бөлімнен тұрады:1.Сөз тіркесінің синтаксисі;2.Жай сөйлемнің синтаксисі;3.Құрмалас сөйлемнің синтаксисі;Синтаксис ғылымының зерттелетін обьектілері-тілдің синтаксистік құрылысы.Синтакситік құрылыс сөздердің әр алуан тұлғаларда жұмсалуы арқылы өзара тіркесіп барып сөйлем құрауының жүйелі ережелері мен заңдылықтарының жиынтығы болып табылады.Сөйтіп,синтаксис-жай және құрмалас сөйлемдердің сыр-сипатын,ережелері мен қолданылу заңдылықтарын айқындайын ғылым.Сөз тіркесі мен Сөйлем екі бөлек синтасистік тұлғалар:сөйлем қарым-ұытынас жасаудың,пікір алмасуды қамтамасыз етудің,ол сөз тіркесі сөйлем құраудың шоғырланған материалы.Сөйлем болу үшін сөздер өзара тіркесіп,белгілі синтаксистік қарым-қатынасқы түсіп,сөйлем құрамында жұмсалады,яғни, бірінсіз бірі өз бетімен өмір сүре алмайды.
Синтаксис олардың бөлшектері мен әр алуан синтаксистік категорияларын кісінің ойын білдірудің грамматикалық амалдары ретінде,оларлы өзара және морфологиямен байланыста қарастырады.
Қорыта айтқанда,синтаксистің басты,аранаулы обьектісі екеу:бірі-Сөз тіркестері,екіншісі-сөйлем.Сөз тіркестері мен сөйлем екі бөлек синтаксистік единицалар.
Сөз тіркесі-кемінде екі дербес сөздің емін-еркін тіркесінен жасалып,құбылыстарды бір-бірімен байналысында,қарым-қатынасында атайтын грамматиалық единица.
Сөйлем-сөздерден құралып,біршама аяқталған ойды білдіретін граммтикалық единица.Сөз де,Сөз тіркесі де сөйлем құрауға қажетті единицалар.
Әдеби тілдің жүйесі я нормасы дегенді Тілдің таңдамалы,қолайлы,ой-пікірді дәл беруге жарамды,жалпыға ортақ жүйелерін әдеби тілдің нормасы дейміз,-деп анықттайды М.Балақаев пен М.Серғалиев.
Қазақ тіліндегі Сөз тіркестерінің,сөйлем мүшелерінің,жай және құрмалас сөйлемдер мен олардың компоненттерінің орналысу,байланысу,қарым-қатынасқа түсу,т.б. тәртібі бар.Сол тәртіптерді,заңдылықтарды,жүйелілік ті сақтамай өзгеше қолдану нормадан ауытқу болып табылады.
Сөздердің өзара тіркесуі-олардың грамматикалық қасиеттерінің бірі.Сөдерді теңін тауып,дұрыс тіркестіру,сөйлемдерді өз заңдылықтарына сай құрастырып пікір жеткізу-синтаксистік норманы сақтауболып табылады.
Тілде бірінен-бірі оқшау жұмсалатын ешбір категория,тілдік единица жоқ.
Сонымен,сқйлемдерді құрайтын қарым-қатынастың,грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі зерттейді.
1.Асан алаған жабағы Қайсарда.Асан алған.
2.Қар жауды.Қар жауды ма?Қар жауды дейсің!
3.Қалың қар.Алқап-қып-қызыл су.
Бұл мысалдар сөздердің тобы тиісті формаларға еніп,сөйлем бола алатындығын дәлелдейді. Қалың қар жауды десек, қалың қар бұл сөйлемде сөзтіркесі ретінде қатысып тұр.Ал жеке тұрғанда сөйлем болып табылады.
Екінші қатардағы сөйлемдер бірыңғай сөздерден құралғанымен,түрлі көмекші сөздерді байланыстырып,интонациясын өзгертіп, мақсатына қарай құбылып тұр.
Синтаксис осы тұрғыдан сөйлемдердің құрамындағы сөздердің функциялық қарым-ұатынасын да зерттейді.
Синтаксис-сөз тіркестерінің,сөйлемдердің құрамын зерттейтін грамматиканың бір бөлігі.
Тілде мағынасыз,мағына білдіруге қатыспайтын,олардың тілде қалыптасқан жүйелері қалай болады,дәлелдерге жауап іздемейді.Стилистика кісінің мақсатты ойын қалайша дұрыс айтуға болады деген сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселесін қарастырады.Стилистиканың мақсаты-дұрыс сөйлеуге,дқрыс жазуға үйрету.Сөз шеберлерінің жазғандағы айтылған әсерлі терең мағына болуы тиіс.Тілдің ой өрнегін салған ұлы абай былай деген:Өткірлің жүзі,Кестенің бізі,Өрнегін сендей сала алмас.Білгенге мардан,Білмеске арзан,Надандар баһра ала алмас,Толғауы тоқсан қызыл тіл,Сөйлеймін десең өзің біл!
Әрбір стильдің синтаксисінде өзіне тән ерекшеліктері болады.Әрбір тілдің синтаксисін дұрыс бағдарлау үшін оны сөйлеу тілінің синтаксисімен салыстыруға болады.Әдеби тілдің қай стильде болмасын оның бәріне тән нәрсе-ой айқындылығы,ол үшін сөйлем дұрыс құрылуы керек.
Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі обьект болатын бір бүтін бөлшегі-сөйлем.
Хабарланатын ой және сойлеммен шектелмей,ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақтылып тұруы.Сондықтан сөйлем тізбектері бір-бірімен өзара дұрыс байланыста болуға тиіс.Сөз шеберлері де сөздер қатарын дұрыс тізіп,оларды әрі мағыналық ,әрі синтаксистік байланыста айтылады ,бұл-жазу,сөйлеу өнерінің басты шарты.Осылармен қатар стилистика ғылымы синтаксис синонимдерінің қолдану мәселесіне де көңіл бөледі.
Мақсатты ойды дәлме-дәл айтуға жарамды тілдік тәсілдер жүйесі стильдер тобын құрайды.Әдеби тілдің ондай жүйелік қасиеті қоғамдағы қызметінің арту нәтижесінде,халық тілінің байланысуын пайдалану қалыптасады.
Әдеби тіл жаңа сөз тудырады.Грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік құрылымдардың тілдегі қызметін жандандырып,молайтады,оларға ерекше мағына үстейді.
Синтаксистік стильдің қызметі,стилистикалық тәсілдері мол болатындықтан,әсіресе,көркем әдебиеттерде оның мүмкіншілігі кеңінен қолданылады.Сондықтан стиль дегеніміз-құрылымды-синтаксистік категория.Өйткені синтаксистік тәсілдің көріктеу мүмкіншілігі әр алуан болғандықтан,жазушының синтаксисінен оның шығармашылық стильдік ерекшеліктері айқын көрінеді.Шебер жазушы-стилистердің шығармаларында авторлық баяндаудағы эксперессивті-эмоциялы бояулар да,автордың өзінің де кейіпкерлелдің де дүниеге көзқарастарын да ,олардың ішкі сезімдері мен синтаксистік құрылғылар арұылы беріледі.
Кез-келген синтаксистік единицалардың бәрініңстилбдік қызметі болады.Мысалы,Мен оны көрдім.Екі бала кезектесіп жүгіріп келеді.
Қолыңды тарт деген сөйлем мен Тарт қолыңды деген сөйлемнің сөздерінің саны бірдей болғанымен құрылысы,стильдік түрлері екі түрлі:алдыңғы сөйлемде жай солғын бұйрық айтылса,екіншісінде өктемдікпен,кейін айтылған бұйрық айтылған.
Әр стильдің қызмет бабы ыңғайына қарай синтаксистік құрылыстың жеке түрлерінің жеке стильге тән екендігі байқалады.Мысалы,әдеби тілде жиі қолданатын қарқынды еңбек,құттықтау, сәтті бастама,зор ынта,саяси сабақ,қолдау табу, т.б. тәрізді сөз тіркестері публицистика стиліне тән болса,асау жүрек,салқын самал,оқыған өлке,ой астары,жүрек сыры сияқты ауыспалы мағыналардың сөз тіркестері көркем әдебиет стиліне тән,ал даусына қою,басшылық ету,қаулыны орындау,қол қою...сияөтылар кеңсе стиліне тән.Мидай дала.Жарық ай.Есік алды ығы-жығы сияқты атаулы сөйлемдер көркем әдебиет стиліне тән.
Сөйлеу тілі стилінде түсінігі ауыр күрделі орамдар,шұбатылған аралас құрмалас сөйлемдер көп айтылмайды.
Шешендер әдетте сөйлемді тап-тұйнақтай етіп ықшамдап,логикалық,синтаксистік байланыстарын берік етіп баяндауға тырысады.
Ғылыми әдебиеттер стиліне де сондай талаптар қойылады,бірақ тұтас сөйлемдер сіресіп құрастыратын жайылма сөйлемдер де жиі ұшырасып отырады.
Синтаксистік құрылыстың стильдік қызметін,бояуын айқын білдіруге себепкер болатын амалдың бірі-интонация.
Әдеби тілде жазылғандардың бәрі оқу үшін жазылады.Жақсы стилист әрбір сөйлемді құрастырғанда оның айтылуы мен мазмұны,стильдік қызметі арасында тығыз байланыс бар екенін сезеді.Сөйтіп келгенде ол байланыс жазушы мен оқырманның арасындағы байланыс болып шығады.
Әрбір сөйлемнің,ұтас сөйлеудің мазмұнына стильдік қызметіне лайық айту сазы болады.Оларды өздеріне лайық үнмен тиісті екендігін өз әуенімен дұрыстап,дұрыс айтылғанда,текс пен оның жеке сөйлемдеріне жан біткендей болады.Сондықтан әр сөйлемнің интонациясы мен оның өзіне тән лайық табиғаты болуы тиіс.
Р.Әмір жай сөйлемдерді мынадай қағидаттарға сүйеніп топтастырады:1.логика-грамматиканың ерекшеліктеріне қарай;2.сөйлеу мақсаттарына қарай,3.негізгі құрамының көрінісіне қарай;4.жақтық мағыналардың болу-болмауына қарай;5.информациялық көлеміне қарай; (7,199)
О.Төлегенов сөйлем типтерін былай жүйелеген:1.баяндаудың жалпы модальдік мағынада берілу сипатына қарай;2.нақты сөйлеу үдерісінде баяндаудың берілу мақсаты жағынан үш топқа:хабарлы,сұраулы,бұйрықты сөйлемдерге жіктейді.3.эмоциялық мағынасына қарай екі топқа:үстемелі лепті,арнаулы лепті сөйлемдерге бөледі.
Бір не бірнеше предикативтік қатынас негізінде құралып жұмсалуы жағынан сөйлемде екі салаға:жай және құрмалас сөйлемдерге бөледі.
Мүшеленетін сөйлемдер баяндауыш пен бастауыш арқылы қалыптасу құрылысына қарай:1.екі бас мүшелі;2.бір бас мүшелі сөйлемдер;
Бір бас мүшелі сөйлемдер қимылдың субьектіге қатысы жағынан үш топқа:1.белгісіз жаөты 2.жанама жақты,жалпылама жақты сөйлемдерге бөлінеді.
Контексте тұлғасы мен құрылысына қарай толымсыз болып та жұмсала береді.Мүшеленбейтін сөйлемдер:есімдерден құралған,арнаулы модальдік сөздерден,одағайлардан құралған сөйлемдер.
А.Әбілқаев жай сөйлемдердің 1.жақты және жақсыз сөйлем 2.толымды және толымсыз 3.атаулы 4.жалаң және жайылма түрлерін атайды. (9,59)
О.Күлкенова:болымды және болымсыз;2.хабарлы,сұраулы,лепті, 3.екі құрамды және бір құрамды деп,жай сқйлемдерді топтастырады.Төртіншітобына тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай:жалаң және жайылма,,қатыспағанына қарай:толымды жіне толымсыз деп бөледі. (10,75)
О.Д.Бекжан жай сөйлемнің мынадай типтерін берген:
1.жай сөйлемнің құрылымдық типтерң:жалаң және жайылма,толымды және толымсыз,бір құрамды және екі құрамды;
2.жай сөйлемнің логикалық-грамматикалық типтері:есімді және етістікті;
3.жай сөйлемнің сапалық типтері:болымды және болымсыз,жағымды және жағымсыз. (123)
Ж.Садуақасұлы Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер деген монографиясында жай сөйлемдерді мынадай ерекшеліктеріне қарай топтайды:
1.мағынасына қарай:хабарлы,сұраулы,лепті,бұйрықт ы;
2.предикативтік бас мүшелердің қатысы ыңғайында:бір құрамды,қос құрамды,сөз-сөйлем;
3.структура-семантикалық компоненттердің қатысына қарай:толымды және толымсыз,жалаң және жайылма,жақты және жақсыз. (12,71)
Қазақ грамматикасында жай сөйлемдердің 6 типі көрсетілген:
1.толымды және толымсыз;
2.номинативті,етістікті;
3.жалаі және жайылма;
4.айтылу мақсатына қарай;
5.екі негізді және бір негізді;
6.күрделенген;
О.Төлегенов сөйлемдердің модальдігіне тоқталады.Сөйлемнің тек құрылысын ғана емес,олардың адам эмоциясына да қатысты қарастыра келіп,сөйлемдерді топтастырудағы межені былай анықтайды: Сөйлемдер жалпы модальдік мағынада немесе шындыққа қатысты болу сипаты жағынан жіктеледі.
Ой мазмұны әрқашан мақсатты болып,сөйлемдер белгілі бір тұлғаларда ерекшеленіп жұмсалды.
Сөйлемдер предиктативтіліктің берілу тәсіл жүйесіне қарай,яғни грамматикалық жалпы қалыптасу құрылымына қарай таптастырылады.Мұнда тіл мен ойлаудың байланысы көзделетіні белгілі. (8,42-43)
Р.Әмір жай сөйлемдерді топтауда сөйлеудегі ерекшеліктеріне баса назар аударады. Сөйлемдердің коммуникативтік тұлға болуына байланысты тағы бір жайт бар.Сөйлемнің фомасы тек предикативті білдіруге ғана бағынышты емес.Оның көптеген формалары сөздің мақсатына да байланысты.Мысалы,хабарлау үшін,бұйыру үшін,сұрау,жауап алу үшін құралатын сөйлемдердің әрқайсысына тән формалары бар.
Сондай-ақ,Р.Әмірдің алдыңғы ғалымдардан тағы бір өзгешелігі-сөйлемнің логика-грамматикалық типтерін көрсетуі.Қазақ тіліндегі жай сөйлемдердің логикалық-грамматикалық жағынан мынадай топтарға бөледі:
1.Іс иесі зат пен қимыл-әрекеттәі өзара қатынасын білдіретін сөйлемдер.Бұл сөйлемдерде бастауыш ретінде зат есім сөз жұмсалып,баяндауышы өздік,өзіндік етіс формалы етістіктен болады.Мысалы: Ауылдың сырт жағында келе жатқан екі әйел көрінді.
2.Зат пен оның қимыл күйін хабарлайтын сөйлемдер.Мысалы:Мойнына жіп тағылды.
3.Субьект зат пен оның сындық,сандқ сапасының,күйінің қатынасын білдіретін сөйлемдер:Аспан бұлтсыз ашық.
5.Қимыл-іс пен логикалық субьект-заттың қатынасын білдіретін сөйлемдер.Орнынан секіріп шыққан көк шолақ.
6.Қимыл-іс пен оның сынының,обьектісінің қатынасын білдіретін сөйлемдер.Айтатыны Абдрахман болған.
7.Қимыл-іспен оның сынының себебінің қатынасын білдіретін сөйлемдер.Айтпағаны-ұялғаны. (7,59-61)
Құрылымдық сөйлем түрлерінің зерттелу жайы.Жай сөйлемдер жалпыланған айырып мағыналарды білдіріп,құрылымы жағынан түрлі-түрлі болып болып келеді.Қазіргі қазақ тіліндегі бастауыш-баяндауыш құрамды сөйлемдер;ілік,барыс септікті есім бастауыш-баяндауыш құрамды сөйлемдер,белгісіз жақты,жақсыз,атаулы дейтін сөйлемдер-осындай құрылымдық-грамматикалық түрлер болып келеді.
Грамматикалық қалыптасу тәсілдеріне қарай түркі тілдерінің сөйлем типтеріне ерекшелік бары даусыз.
Революциядан бұрынғы еңбектерге көз жібергенде,бастауыш-баяндауыш құрамды жай сөйлем туралы кейбір мәлімет М.А.Қазем бек Грамматикасы мен Алтай тілі грамматикасында берілген деуге болады.
М.А.Қазем - Бек Грамматикасының Словосочетание атты бөлімінде сөз тіркесін грамматикалық логикалық тұрғыдан айқындау қажеттігі ескертілген:...предложениеили суждение о предмете посредством сочетания нескольких слов деп тұжырымдау жасалған;
Түркологтардың бәрі дерлік баяндауышты басым қызмет атқаратын,сөйлемді құрастыратын ең маңызды бас мүше деп қараған.Дегенмен, бұл көзқарас әлі де болса нақтылауды қажет етеді.
Бастауыш-баяндауышты сөйлемдердің түркі тілдеріндегі құрылымдық өзгешелігін түсінуде ерекше мәні бар жай:бірқатар авторлар баяндауыштың грамматикалық жасалу тәсілдерін мақала ыңғайында арнайы қарастырып,жеке тілдердің деректері негізінде немесе салыстырмалы да тарихи аспекте тұжырымдаған.
Кейбір тұжырымдар екәұшты,қайшылықты айтылған.Біріншіден,орыс тілі мен башқұрт тіліндегі белгісіз жақты сөйлемдер жалпылама жақты деләнәп,бұлар,керісінше белгісіз жақты делініп отырған.Екіншіден, ...для выражения сказуемого в обобщенно-личных предложениях по башкирски,как и во всех тюрских языках,употребляется 3-е лицо ед.ч.страдательного залога...деген тезис теріс қорытылған.Үшіншіден,башқұрт тіліндегі белгісіз жақты,жалпылама жақты сөйлемдер жақсыз сөйлемнің түрлері тұрғысынан нұсқалған. Құмық тілі грамматиксында олар жақсыз сөйлемге жатқызылғанымен, белгісіз жақты, жалпылама жақты деп нақты аталмаған-ды.
Жалпы түркологияда жай сөйлемді құрылымдық типтер тұрғысынан алғашқы рет бағдарлап қарастырған автор-проф.А.Н.Кононов.
Оның еңбектерінде жай сөйлемдер двусоставные предложения, односоставные предложения деп бірден екі топқа жіктелген.Осының өзінде субьект пен предикаттың мына айырым берілу жолы мен меже етілген.
Простые предложения в зависимости от способа выражения субьекта и предиката делятся на двусоставные и односоставные.
Двусоставное предложение-предложение,в котором субьект и предикат обозначены особыми членами предлржения:подлежащим и сказуемым.
Односоставное предложение-предложение,в котором нет и не может быть подлежащего. (19,348)
Екі бас мүше-құрамды сөйлемдер тұрлаулы мүшелердің жасалуы,өзара байланысы,бірыңғай құрылысы жағынан қарастырылған. (25,360)
Етістік баяндауыштың,бор,йұқ,сөздерімен айтылатын баяндауыштың Грамматикалардағы тұжырымдалу дәрежесі біркелкі дерлік.
Ерекше мәні бар мәселе:өзбек тілі туралы еңбекте двусоставное модальное атты сөйлем қарастырылған.Оның өзі айырым модальдік мағынасы жағынан,баяндауыштарының шартты етістік арқылы,шартты етістік пен керак,экан,бұлмоқ,арзимоқ сөздері арқылы,жақтық жалғаулы:-и,ш,-у в,-моқ қимыл есімдері мен белгілі бір модальдік сөздерден құралатын сөйлемдер де екі басГлавные члены простого предложения в современном узбекском языке атты мүше-құрамды сөйлем типіне жатқызылған.
Бір бас мүше-құрамды сөйлемдер мынадай бес түрге бөлінген(26,247)
Модально-безличные,неопределенно-ли чные,обобщенно-личные,назывные,вока тивные.
А.С.Сафаевтың Главные члены простого предложения в современном узбекском языке атты кітабы екі бөлімнен құралған.1 бөлімінде предикативтілік,модальділік,шақ,жақ категорияларының жалпы сөйлемдегі берілу жолдары қарастырылған.2 бөлімінде бас мүшелерді сөйлем құрылымындағы рөлі мен мағынасы жағынан айқындау көзделінген,соған қарай сөйлем түрлері де сөз етілген.
Ол сөйлем түрлері-мыналар:
1.полные и неполные 2.личные и безличные 3.определенно-личные и неопределенно-личные 4.конкретно-личные и обобщенно-личные 5.именные односоставные (27,36)
Главные члены личных предложений, Главные члены личных предложенийдеген тақырыптарға ажыратылған.
Предикативтік жақ немесе грамматикалық субьект 1 бөлімде бастауыш пен баяндауышқа байланысты мегзелген болатын.Мысалы,Уйқим келди сөйлемінде пассив субьектінің қимылы,Сув салқын сөйлемінде жансыз субьектінің қимылы,күйі,белгісі,,Бундай ұйлаш-хато сөйлемінде қимылдың аты беріледі деп, бұл сөздерді семантикалық айырмашылығы жғынан нұсқағанда,не ұтпақпыз,олардың әрқайсысы айырым грамматикалық тұлға болып санала ма дегендей сұрақтар туады.
Главные члены личных предложений атты тақырыпта,екіншіден,төмендегідей тұжырымдау жасалған:
Личные предложения ву збекском языке бывают двусоставными,в которых реально выражены подлежащее и сказуемое;бывают односоставными,в которых подлежащее как грамматический член не выражено,но предикативное лицо,выраженное в сказуемом личными аффиксами сказуемости,указывает на лицо субьекта действия.
... .В современном узбекском языке есть ряд разновидностей личных предложенй,отсутствие подлежащего в которых является синтаксической нормой.
Ондай бір бас мүше-құрамды жақты сөйлем түрлеріне мыналар жатқызылған:1.баяндауышы бұйрық райлы сөйлемдер;2.баяндауышы қалау райлы сөйлемдер;3.баяндауышы тәуелдік қосымшалы қимыл есім мен белгілі бір модальдік сөздер тіркесінен құралатын сөйлемдер;4.жалпылама жақты сөйлемдер;5.белгісіз жақты сөйлемдер;
Байқалатын жай:жақты сөйлемдердің двусоставное, односоставное делінуінде толымды,толымсыз жұмсалу құрылысы ескерілген сияқты;
Жаопы алғанда, Главные члены предложения тақырыбы,қайшылықты,күңгірт қарастырылған.
Жақсыз сөйлемдердің грамматикалық субьектіні білдірмейтіні атап көрсетілген.Баяндауышының жасалу тұлғалары жағынан олар А.Ғумоловтың еңбегіндегілермен бірдей.Автор кітабындағы айырмашылық:бұл тұлғалар кеңірек сипатталған.
Односоставными именными мы называем предложения,главный член которых выражается всеми частями речи,кроме глагола.
Именные односоставные предложения по значению могут быть:1.бытийными 2.указательными 3.субьективно-оценочными 4.одобрительно-приветственными.
Суреттемелі атаулы сөйлемдердің мағыналық түрлері ыңғайында ремаркалық сөйлемдер мен мекеме,магазин аттары нұсқалған;есім бас мүшесі баяндауыш делінген.
Түрікмен тіл білімінде көзге шалынатын жұмыс-А.Ибраимовтың диссертациясы (28) Мұнда жай сөйлемнің грамматикалық типтеріне толымсыз,толымды,жақсыз,белгісіз жақты,атаулы сөйлемдер жатқызылған.
Полными предложениями в туркменском языке называются такие,в которых нет и не бывает пропущенных формально-грамматических членов или подлежащее подсказывается формой глагола.
Полные предложения отличаются от остальных грамматических типов простого предложения тем,что они полностью имеют формально-грамматический состав.
Жұмыстың 3 тарауы бір бас мүше-құрамды сөйлем түрлеріне арналған.Олар-жақсыз,белгісіз жақты,атаулы сөйлемдер.
Жақсыз сөйлем төмендегіше нұсқалған:оның грамматикалық бастауышы болмайды,баяндауышының жасалу тұлғалары 1.жекеше 3-жақтық ырықсыз етіс қосымшалы салт етістіктер;2.жақтық қосымшалы етістік пен гелмек етістігінің тіркесі.3.шартты немес инфинитив тұлғалы;5.көсемше тұлғалы-етістік пен болмак етістігінің тіркесі 6.танар ялы дәл-Даже нельзя было различить,какого цвета книги магазина.
Автордың пікірінше б пунктіндегідей сөйлемдерде логикалық субьект ілік септікті сөзбен айтылады,грамматикалық бастауышы болмайды, в, г пунктіндегідей сөйлемдерде логикалық субьект де,грамматикалық бастауыш та айқындалып тұрмайды.
Аталған тұлғалардың ішіндн талас туғызбайтыны-ырықсыз етіс қосымшалы салт етістіктер деуге болады.
Сонымен,жасалу және қалыптасу жағынан синтаксистік бірліктердің ситуация жағдайына байланысты шындық өмірдің бір қырынан,белгісімен қасиетімен т.б. арақатысты мағынаға ие болды мәнді фактор болып табылады.Белгілі бір сөйлеу жағдайына байланысты,белгілі бір тілдік тәсіл негізінде сөйлеу бірліктерінің нақты бір мәнде хабар беруін оның грамматикалық тұрғыдан жасалды,қалыптасуы деп аталады.

Тілдік жағдайына қарай сөйлем түрлерінің жасалуы ситуациялық және қалыптасуы.
Ситуациялық толымсыз сөйлемдер.
Ситуативті репликалар-толымсыз сөйлемнің ең көп тараған түрі.Олар белгілі бір ситуацияға байланысты қатынастың толық та түсінікті бірлігі ретінде қолданылады.Сөйлеу жағдайының өзі қарым-қатынасқа түсушілерге сөзбен жеткізілмей тұрған түсінік не көрініс туралы хабар беріп тұрады.Мысалы,Өлімді көп көрген Байсал Бөжейдің тамырын ұстап,үнсіз,ауыр күдіктің үстінде отыр еді.
-Соқпа!Сырттың соқпасы ма?Ішті жеген жегінің соқпасы ма?Әйтеуір...келді ғой толайым.Қуанбайдың жері кеңір!Мен...мен көшермін бұл дүниеден.Кетермін! (М.Әуезов)
Осы мысалда Бөжейдің ауруы,ашу-ызасы,достарымен арыздасуы қарым-қатынасқа түсушілер үшін әбден түсінікті.Бөжейдің Құнанбаймен жауласуы,бұл жаулықтың Бөжей өлімімен толас таппайтындығы Бөжейді қоршап отырған төртеуіне де белгілі жайт.
Соңғы кездері мәнмәтін мен ситуацияны бір-бірінен ара жігін ажырата қарау керек екендігі жиі айтылып жүр.
Контекст представляет собой соотнессенность языковых элементов,ситуация языковых с вне языковыми (38,240)
Демек,ситуация мен мәнмәтін өзара байланысты деген сөз. (39,25)
Ситуацияның өзін тілдік және тілдік емес деп бөліп, қарастыруға болады.1.тілдік емес:баяндау,суреттеу, 2.тілдік
Тілдік ситуация-мәселе адамға,оның іс-әрекеті мен сөзіне байланысты ситуация.
Тіл білімінде тілдік ситуацияларды үш аспектіде қарастырады:1.тілдік жүйелер ситуациясының аспектісі 2.сөйлеу қызметі аспектісі 3.сөйлеу аспектісі (40,21)
Мысалы,
1.Тосып тұрған жұрттың ішінен бірен-саран дәті шыдамағаны сусып,кетейін деп еді,Құнанбай:
-Ей,тарқама түге!Тоқта былай!-деп саңқ етіп зілді бұйрық берді.
Бұл үзіндіде ситуация құрылымымен екінші адамның сөзі сөйлемнің семантикалық құрылымының синтагматикалық аспектісі арасындағы өзара байланыс өзіне назар аудартады.Осылайша,берілген үзіндіде жүйенің ситуациялық аспектісі көрінеді.
2.Қалай жағдай? Болат жауап орнына алдында жатқан қағазды алып,бүктеп,төрт бөлікке бөлді де,бұрыштағы қорапқа лақтырып жіберді.
-Үшінші күн.Үшінші қорап,-деді Болат оған қарап. (Қ.Аманов).
Бұл суреттеу екі журналист арасындағы ситуация.Болат өз іс-әрекеті арқылы Серіктің сұрағына жауап беріп тұр.
Ситуациялық толымсыз сөйлемдер өз құрылымдарына байланысты бастауышы,толықтауышы, баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлемдер болып келуі мүмкін. (41,83)
Сондықтан болар,ситуациялық толымсыз сөйлемдер драмалық сөйлемдер шығармаларда аз көрініс береді.
1.Сөйлеу жағдайына түсінікті болатын бастауышы айтылмаған сөйлемдер.
Дегенмен тынышталайын деді,-деп,Малайсары шақшасын алды.-Өз жерлерінде жүргендей тайраңдауларын,Бәрібір біз жеңдік.
Бұл үзіндіде әңгіме жоңғар әскері туралы болып отыр.Жоңғарлардың қарқынды шабуылы туралы алдыңғы беттерде айтылды.Сондықтан кейіпкердің қимыл иесін нақты атамауы оқырманға жалпы оқиғаны толық оқығаннан кейін түсінікті болады.
Ал мына мысалдың алдыңғы сөйлемінде бастауыш мүлдем көрінбесе де,кейінгі сөйлемдерде бастауыштың үшінші жақта жасырын тұрғаны білінеді.
-Ендеше,Назыммен дұрыстап сөйлес,-деді батыр былай таман жүре түсіп.-Қараның бәрі Қабанбай болмаса,төренің бәрі Абылай емес. (Қ.Жұмаділов).
2.Толықтауышсыз ситуациялы толымсыз сөйлемдер.
Мұндай сөйлемдер диалогта көп кездеседі.Сөйлемдегі толықтауыш мүше тек алдыңғы сөйлемде ғана айтылады.
Жантастың есіне Аяужанның хаты түсті.
-Аяужан,кетерінде тастап кетіпті,-деді Шерубайға,-оқисың ба? (І.Есенберлин)
Және де толықтауыш мүше айтылмаса да,оқырман оны мәнмәтін арқылы түсіне аладыүМысалы,
-Көресің бе?
-Кеш көргем. (Ә.Нұршайықов)
3.Баяндауышсыз ситуациялы толымсыз сөйлемдер.
Бұл сөйлем көбінесе диалогта,драмалық шығармаларда кездеседі.Мысалы,
-Сен қайда барасың?-дейді Ұлмеке.
-Дүкен жаққа.Шылым әкелмесем,шылымым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синтаксистің стилистикалық қызметі
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Қазақ тіліндегі шарт қатынасындағы құрмаластық құрылымдардың функционалдық-семантикалық табиғаты
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Бір құрамды сөйлемдер
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде
Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер
Тілдегі үнемдеу заңдылығының теориялық негіздері
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Пәндер