Қазақ фольклористикасы - Сәкен Сейфуллин


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

«БІРІШНІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ СЕМИНАРЫ» пәні бойынша

Тақырыбы: СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

Орындаған: Бултекова Аружан

­­­1 курс білімгері

Факультет :«Технологиялық»

Мамандық: «Метрология»

Тексерген оқытушы: Бейсембекова Алия

Бағасы:

« » 201 ж.

Тараз 2018ж

Жоспары:

Кіріспе . . .

  1. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы . . .

1. 1. Қазақ әдебиетінің негізін салушы . . .

1. 2. Бейнесі əр адамның жүрегінде . . .

  1. Сәкен Сейфуллиннің шығармаларындағы тарихи сөздер . . .

2. 1 Сәкен шығармалыры туралы қысқаша мағлұмат, сол шығармаларында кездесетін тарихи сөздер . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдығы қазақтың жаңа əдебиеті негізін салушылардың бірі Сəкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлшемейтін мол мəдени мұра қалдырды. Қазақ əдеибетінің барлық жанрында тамаша туынылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең көркем образдар арқылы, терең иделяар айтып, эстетикалық игіліктер жасады.

Ұлттық əдебиетке төңкерістік мазмұн жаңа нысан асқан идея əкелген жазушы туындылары халқымыздың рухани қазынасын қорландыра түсті.

Сəкен Сейфуллин кеңестік дəуірде туған қазақ əдебиетінің тұңғыш қаламгері болып, поэзия, проза, драматургия сияқты жанрлармен əдебиетіміздің басқа саласында да көрнекті қызметтер атқарды.

Сəкеннің ерлік күреске толы өмірі мен шығармашылық еңбектері біздің əдебиетіміздің идеялық қалыптасуы кезіндегі орасан қызметімен бірге, оның профессионалдық жағынан өсуіне, ер жетуіне зор үлес қосты. Ол қазақ əдебиетін барлық жанр жағынан ілгерілетіп, жаңа дəуір талаптары негізінде үлкен жаңалықтар жасады.

Мұның бəрі Сəкенді қазақ əдебиетінің негізін салушы деп айтуға дəлел.

Қазақ əдебиетінің негізін салушы, тамаша ақын жəне көрнекті қоғам қайраткері Сəкен Сейфуллиннің есімі халық арасына кең жайылған. Ол - қазақ ақындарының ішінде бірінші рет революцияны, сол арқылы тарихи кезеңдерді ашық бейнеледі.

Сəкен сол кездегі халықтың тұрмысын, хал - жағдайын жырлаушылардың бірі ретінде саналады.

1. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы

1. 1. Қазақ әдебиетінің негізін салушы

https://static-nur.akamaized.net/pogudx4nodgh6ef4d.c7504f2c.jpg

Сəкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңа - арқа ауданы) туған.

Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұры, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көщ тартқан Аба, Өр тауларының бауыры - болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рақатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял - ғажайып ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретін əн мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бəйгені қызықтаған алтын айтыс пен бəйгені қызықтаған алтын бесік ыстық ұясы.

Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сəдуақас деген есімнің орнына еркелетіп Сəкен атап кеткен.

Сөзге шешен, домбырашыл, саясатшы, аңшы Сейфолланың көп істері, əрекет қимылы, мінез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, əділ болып өсуіне əсер етеді. Ерлікті білмейтін орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрыштайдай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайтын. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса - хиқаяны өзі үйренемін деп Нілді заводына (орыс тілін үйренуге, орысша оқуға) жіберіледі. Қараңғылықтың қаймағы бұзылмаған алыс ауылдан келген Сəкенге мектеп есігі осылай ашылып еді. Одан кейін Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, үш кластық қалалық училищесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды.

Революцияның от - жалынына ертерек орналасқан Сəкен Ақмола (қазіргі Астана) аймағында Совет Өкіметін орнату ісіне белсене араласты.

1. 2. Бейнесі əр адамның жүрегінде.

Қазақ əдебиетінде ақын тұңғыш рет лирикаға, азаматтық революциялық əуен берді, қазақ поэмасын лиро - эпостық үлгілерімен байытты, проза мен драматургияда, сын мен əдебиеттану ғылымы саласында да революцияшыл жаңа шығармалар туғызды.

Сөйтіп, қазатың жаңа дəуіріндегі революцияшыл əдебиеттің көрнекті қайраткері болды.

Осы көптеген шығармаларымен Сəкен Сейфулиннің атағы шықты.

Ол өзінің өткірлігімен, шын өмірді айқын сипаттауымен (реализм) халық жүрегін жаулап алып, революция рухын алып келуші болды. Ақынның шығармашылық өсуі, ең алдымен оның поэзиясында анық көрінеді.

Ақын туған халқының бүгінгі тағдырына ойлана қарайды, надандық пен ескі феодалдық əдет - ғұрып заңдары езіп, тоздыра бастаған қараңғы қауымның күн көрінісіне налиды, оның келешегі туралы ойлайды.

Бұл 1988 жылдың ақпанның 22-ші жұлдызында Ақмола қаласында ашылған С. Сейфуллин атындағы мемлекеттік мұражай:

https://multiurok.ru/img/312085/image_59e2f393cef08.jpg

2. Сәкен Сейфуллиннің шығармаларындағы тарихи сөздер

2. 1 Сәкен шығармалыры туралы қысқаша мағлұмат, сол шығармаларында кездесетін тарихи сөздер

Поэзия саласындағы алғашқы қадамын Сəкен 1914 жылы шыққан Өткен күндер атты өлеңдер жинағынан бастаған. «Кел, жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар саяи лирикаларын» «Асау тұлпар» мен «Экспресс» жинақтарына ұластырып, атақты «Советстан» поэмасымен өз поэзиясының жаңашыл сырын əбден айқындады.

Қазақ совет əдебиетінің идеялық - творчестволық қалыптассуының жарқын бейнесі - «Көкшетау» поэмасы. Бұл поэма Сəкеннің əдебиетке қосқан зор үлесін еселей түсті. Жаңа заманды бейнелеген «Социалстан» поэмасы, азамат ақынның əлеуметтік күрделі мəселелерд і жасқанбай жырлап, «Кезеңнің қайшылық - қиындықтарын» батыл айтып берген. «Қызыл ат» поэмасы қазақ поэзиясының 30- жылдарындағы үлкен табысы болды. Əкенің поэзия саласына қосқан үлесімен бірге, оның қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесі де қомақты.

Ол 1917 жылы «Жұбату» атты əңгімесін жазды. «Тар жол, тайғақ кешу» романында Сəкен патшаның қазақ жастарынан солдат алу туралы жарлығын пайдаланып, болыс - билердің параға құныққаның, онсыз да жүдеу елді ашық танығанын айтады. Оның бұл еңбегінде көптеген тарихи сөздер кездеседі. Бұл сөздер арқылы ақын сол жылдардағы, жалпылай алғанда сол кезеңнің барлық көрінісін айқын суреттейді, осы сөздер арқылы бізге сол заманның қиыншылықтарын, зомбылықтарын ашып көрсетеді.

Сəкен драматургия саласында да еңбек етті. «Бақыт жолында» атты пьесасында жарқын болашақты аңсаған қазақ жастарының ой - арманың, тілек - мақсатын бейнеледі.

Сəкен өз шығармалары арқылы қазақ əдебиетіне тұңғыш рет революциялық рух кіргізді.

Оның өлең, поэмаларында өзі өмір сүрген заманның асқақ образы жасалады.

Өткен күндер жинағына кірген өлеңдер сол кездегі қазақ өмірінің əр түрлі жақтарын сөз етеді. Мұнда жазушы жастық, шəкірттік өмірдің жай - күйлерін, феодалдық əдет - ғұрыптың көріністерін, қазақ байларының кертартпа мінез - құлықтарын жазады, ел жастарын өнер - білімге шақырады.

Өнерліге не керек - бəрі дайын,

Білеміз надан байдың тұрмыс жайын

Жарлыларға, жетімге қараспайды,

Ұйқы көз, жуан қарын надан ойын, - деп ақын ауылдың надан байларының мəдениеттің жолында тұрған кедергілері деп таниды.

Оның бұл өлең шумағы тарихи сөздер қорына өте бай. Бұл шумақта Сəкен Сейфуллин бай мен жарлы халықтың тұрмыс - салттың, олардың өмірдегі айырмашылығын айқындайды. Яғни, байды бұл өлеңде ақын надан ретінде, ал жарлыны - жетім ретінде қарастырып отырғаны байқалады. Ақын оларды жетім - жесірге қараспайтынын, қатігез кейпін ашады. Оларға өнерлі адамдарды қарсы қойып, екеуін салыстыра суреттейді.

Сəкеннің «Туған ел» деген өлеңі де ескі ауыл өмірін еске түсіру, сағыну түрінде жазылған. Ақын онда елін, құлын - тайдай ойнап өскен жерін өткен күндерін - мал күзетіп, сауық құрған, жастық шағын, көкшен ауылды бие байлап, қымыз ішкен кездерін, өзенге қармақ салып сауықтағаның еске алады.

«Түс» деген өлеңінде ақын ескіні қорғансыз бақша күйінде қазақ халқын сол бақшадағы құраған ағаштар бейнесінде алады. Мұндай сүренсіздікті ол халықтың қараңғылығынан, ел билеушілердің ынтымақсыз, алауыздығынан, ел қамын ойламайындығынан деп түсіндіреді.

Халықты болашаққа жеткізер жастар деп

Көк шыбықтар көбейсе тал боп жетіп,

Көркейер, сонда бақша, қайғы кетіп,

Я, алла, жеткіз сорлы жастарды - деп

Тіледім шыбықтардын үміт етіп - деп ұғады. Бұл тарихи сөз теңеу қызметін атқарып тұр. Ол Көк шыбықтар деп - жастар келешегінен үміт күтетінін көрсетеді.

Жинаққа кірген тағы бір өлеңі - «Жетім». Мұнда Сəкен туғанынан айрылып жасынан жетім қалған қазақ баласының жайын бейнелейді. Əке - шешенің қолында əлпештеп өскен балалар мен жетімнің күйін салыстыра суреттейді.

Есіркеп сипар маңдайдан,

Мұсылман жоқ қайрылған,

Жəрдемші жоқ ғаріпке,

Туғанынан айрылған, - деп ақын халық ішінен жетімге қол ұшын беріп, есіркер адам тапай күйінеді. Осындағы тарихи сөздер қатарына: есіркеп, ғаріп деген сөздер жатқызылады. Есіркеп деп ақын жалғыз, жетім қалған бала бейнесін береді. Ал ғаріп деп оның қал - күйін, жағдайын сипаттайды. «Ғаріп» сөзі қазіргі кезде шығармаларда кең өріс алуда.

Сәкен шығармаларындағы тарихи сөздерге тоқталып өтейін. Мысал ретінде оның «Сол жылдарда» атты еңбегінде келесідей сөздерді айқын көруге болады: « Герман соғысына жәрдем жинаушы», «пристоп», «көне крейтон көйлегі», «жапон соғыс қылып», «ләнке», «қара дуана», «барымта, «ұрлыққа», «үкіленген», «Ақтабан шұбырынды», «жаугершілік заманы» тағы сондай сияқты сөздерді кездестіруге болады. Осы сөздердің тарихта алатын орны ерекше. Олар сол жылдардың дүр - сілкінісін суреттеп, барлық іс - қимылдарды осы сөздер арқылы көру қабілетін береді.

Бұл сөздердің қайсысын қарастырсақ та олардың тарихи сөз ретіндегі маңызы зор екені сөзсіз деуге әбден болады.

Сәкеннің қай шығармасын алып оқымасам да, оның тілінің өткірлігі, тіл қорының байлығы сезініп тұрады.

Өз шығармаларымен Сәкен Сейфуллин жас ұрпақты патриотизмге шақырады. Шығармаларында халық бостандығы, азаты үшін күрескен сәттерді бейнелеп, жастарымызды тәуелсіздікке үндейді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сейфуллин - қазақ советі әдебиетінің туын көтеріп, іргесін қалаған, оның идеялық жағынан берік қалыптауына көп еңбек сіңірген қайраткер, ақын, жазушы, сыншы әрі ғалым.

Оның «Советстан», «Қызыл ат», «Көкшетау» поэмалары - болмыс, бітім мүлдем бөлек, революциялық рухқа толы, шақтығы биік шығармалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі пікір-тұжырымдар
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
Қазақ әдебиеті - күні бүгінге дейін халықтың ауыз әдебиетімен біте қайнасып дамыған әдебиет
Cәкен Сейфуллин және фольклор
Ноғайлы әдебиеті
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Халық ауыз әдебиеті
Қазақтың үй іші әдет-ғұрып өлеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz