Жүйелер теориясының жалпы түсініктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІС №2

Дәріс тақырыбы: Жүйелер теориясының жалпы түсініктері.

Дәріс мақсаты: Жүйелер теориясының қосымша түсініктеріне шолу. Жүйелер түрлері

Жоспары:

  1. Жүйелер теориясының жалпы түсініктері.
  2. Ақпараттық жүйелер.
  3. Ақпараттық жүйенің есептері:

Философия жүйелер теориясы деп аталатын жалпылама бағыттың пайда болу көзі болды. Бұл бағыттың негізін қалаушы биолог Л. фон Берталанфи болып табылады. Жүйе - жалпы мақсатқа жету үшін өзара жұмыс істейтін өзара объектілер (элементтер) жиынтығы болып табылады. Жүйелілік белгілері:
1. құрылымдық - жүйені құрама компоненттерге бөлу мүмкіндігі;

2. бөлек бөліктердің байланысы - жүйелер элементері арасында орнықты байланыстардың болуы,
3. интегративтілік - бөлек элементтерге тән емес бірыңғай мақсаттар, қасиеттер, сапалардың болуы.

Жүйеге үшін уақыт өте келе әртүрлі процестерде және сыртқы ортамен өзара байланыс нәтижесінде болатын объектілер жағдайының өзгеруі тән. Мұндай тәртіп нәтижесінде келесі принциптердің сақталуы маңызды:

эмердженттілік , демек бөлек объектілердің тәртібі барлық жүйенің жұмыс істеу позициясынан қарастырылатын жалпы құрылым негізіндегі жүйенің бүтінділігі;

гомеостазис , демек жүйенің орнықты жұмыс істеуі мен жалпы мақсатқа жетуді қамтамасыз ету;

• сыртқы ортаның өзгерулеріне адаптивтілік және жүйенің элементтерін әсер етумен басқарылу;

• жүйенің мақсатының өзгеруіне байланысты жүйенің құрылымын өзгерту жолымен оқытылымдылық .

Жүйелер теориясының қосымша түсініктері:

Элемент - жүйенің қарапайым бөлінбейтін бөлігі

Ішкі жүйе - ішкі мақсаты тұжырымдалған және эмердженттілік қасиеттері орындалатын элементтер жиыны.

Құрылым - элементтер жиыны мен олардың арасындағы байланыстар (графикалық түрде, теориялық жиындық сипаттамалар, матрицалар түрінде берілуі мүмкін

Иерархия - маңыздылық деңгейі бойынша компоненттердің реттілігі Кері байланыстар - оң және теріс, иілгіш және қатты.

Тепе теңдік - сыртқы әсерлер болмаған кезде (немесе тұрақты әсерлер кезінде) жүйенің өзінің жағдайын қаншама болса да ұзақ сақтауы.
Тұрақтылық - жүйенің сыртқы әсерлерге байланысты осы жағдайдан шығарылғаннан кейінгі тепе теңдік жағдайына қайта келу қабілеті.
Даму. Жүйенің ұйымдасуын арттыру. Ұйымдасу деңгейі эмердженттілік қасиетімен анықталады: Q(S) > Σ q i , мұндағы Q(S) - жүйенің жалпы қасиеттері, ал q i - жүйенің i -ші элементінің қасиеті.

Жүйелер келесідей топталады:

- орталықтандырылған және децентрализацияланған;

- белгілік және пәндік;

- стохастикалық және анықталған;

- ашық және жабық;

- қарапайым және күрделі.

Белгілік және пәндік жүйелер олардың сипаты бойынша анықталады. Егер теңдеулер, сандар немесе графиктер қарастырылатын болса, мұндай жүйені белгілік жүйеге жатқызуға болады. Егер белгілі фирмалар, адамдар, құралдар және т. б. болса, онда жүйе пәндік.

Стохастикалық және анықталған жүйелер олардың қалай сипатталғаны бойынша анықталады. Егер Х сипаттамалар жиыны ықтималдық сипатты болса, онда мұндай жүйені стохастикалық деп атайды. Егер Х сипаттамаларының мәндері қатаң анықталса және олардың арасындағы тәуелділіктер, мысалы, аналитикалық функциялар көмегімен анықталса, онла жүйе анықталған.

Ашық және жабық жүйелер оларға жаңа элементтер енгізілуімен анықталады. Егер жүйеге оның жұмысының мақсатын өзгертпей жаңа элемент енгізуге болса, онда жүйе ашық. Егер жүйеде элементтер саны қатаң анықталған және жаңа элементтерді енгізу оның жұмысын өзгертуг әкелетін болса, мұнай жүйе жабық болады.

Жиі жағдайда «үлкен» және «күрделі» жүйені ажыратады. Үлкен немесе кіші жүйе оған кіретін элементтер санымен анықталады (кіші жүйелер - 10 2 элементтер, супер үлкен - 10 200 элементтер ) . Жүйенің күрделі немесе қарапайым болуы олардың арасындағы элементтер санымен анықталады.

Жүйелерді сипаттау тәсілдері формализацияланудың өсу ретіне байланысты топталады.
Сапалық тәсілдерде негізгі назар есептің қойылымына, оны формализациялаудың жаңа кезеңіне, нұсқаларды қалыптастыруға, нұсқаларды бағалау тәсілін таңдауға, адамның тәжірибесін қолдануға негізделеді. Сандық тәсілдер нұсқаларды талдаумен, олардың дұрыстығының сандық сипаттамаларымен, дәлдігімен және т. б. байланысты. Есептің қойылымы үшін бұл тәсілдерде құралдар болмайды және ол адаммен іске асырылады.

Жүйенің жұмысының жалпы сұлбасын сипаттау үшін «агрегат» түсінігі қолданылады. Бұл жағдайда, жүйенің әрбір элементінің жұмысы (жалпы жүйе де) кіріс ақпаратпен (оны Х векторыен белгілеу қабылданған) және шығыс ақпаратпен (оны Y векторымен белгілеу қабылданған ), сондай ақ жүйенің ішкі сипаттамалар жиынымен (оны Z векторымен белгілеу қабылданған) сипатталады деп есептеледі. «Агрегат» түсінігін қолданып жүйені келесідей сипаттауға болады:

X 1 {x 11 , x 12 , x 1n , } Y 1 {y 11 , y 12 , y 1m , }

X 2 {x 21 , x 22 , x 2n , } Y 2 {y 21 , y 22 , y 2m , }

X 3 {x 31 , x 32 , x 3n , } Y 3 {y 31 , y 32 , y 3m , }

Әрбір элементті сипаттау қажет емес жүйелерде Z сипаттамаларын қарастыру қажет емес. Жүйе - «қара жәшік» блогы ретінде көрсетіледі (2 сурет) :

X 1 {x 11 , x 12 , x 1n , } Y 1 {y 11 , y 12 , y 1m , }

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия мамандығы бойынша phd докторантураға түсушілерге арналған материал
Қазіргі кездегі мемлекеттік функцияның түсінігі және жіктелуі
«Жүйелік модель және оның элементі»
Сандар жүйелері
Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйенің есептері
Дерекқорлар мен Ақпараттық жүйелер
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Аударма өнері және көркемдік түсініктері
Байланыс желісінің негізгі түсініктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz