Квалиметрия. Сапа көрсеткіштері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

1-дәріс. . Кіріспе. Квалиметрияның пайда болу тарихы. Квалиметрияның практикалық есептері. Басқа пәндермен өзара байланысы

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Квалиметрияның тарихы.
  2. Квалиметрия негізгі бөлімдері.
  3. Сапа ұғымына анықтама беріңіз.

Квалиметрия ( quails латын сөзінен- сапасы бойынша қандай және . . . метрия, өлшеу) - түрлі объекттер сапасын сан жағынан бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми сала. Квалиметрияның негізгі мәселелері: өнім сапасын және қызметін сипаттайтын көрсеткіштер номенклатурасын негіздеу, жобалау кезіндегі объект сапасының көрсеткіштерін анықтау әдістерін құрастыру, объект сапасының деңгейін тиімділеу, бұйымдардың параметрлік қатары мен типтес өлшемдерді тиімділеу, сапаның жалпылама көрсеткіштерін тұрғызу принциптерін құрастыру және сапаны басқару мен стандарттау мәселелерінде оларды қолдану шартын негіздеу.

«Сапа» түсінігі қолданылатын кез келген объектілер квалиметрия объектілері болуы мүмкін. Нақты құралда мұндай объектілер шеңбері қызмет көрсету мен өнімді өндірумен байланысты объектілермен шектелген. Мұнда кез-келген өніммен емес тек өнеркәсіппен, бірақ, ескерген жөн, өнеркәсіптік өнім объектілеріне қатысы бойынша қолданылатын көптеген жағдайлар мен әдістер ауылшаруашылық өнім объектілеріне, «табиғи» өнім деп аталатындарға да, яғни, саңырауқұлақ, жидек, жабайы өсетін жемістер, дәрілік шөптер, болықтар, құстар және т. с. с. - табиғат өндіретін өнімдерге қолданылуы мүмкін.

Квалиметрияның пайда болуы және даму тарихы ондаған жылдардан тұрады, мұнда оның дамуы өз атауын алмай тұрған кезде басталған. Бұл бірінші кезекте кез келген іс-әрекет нәтижесі талап етілетін қасиеттер тұтастығына ие болуымен және осының нәтижесінде, бұл қасиеттердің көрсеткіңштерінің тұтастығымен оларға қойылатын талаптардың сәйкес құжатттарда міндеттті түрде бекітілуімен шартталады. Бұл жағдайдың нәтидесі, құжатқа кіргізілетін өнімге, жұмыс немесе қызмет көрсетуге оларды әрі қарай бақылау мақсатында сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау - квалиметрияның түйінді мәселесін шешу қажеттілігі болып табылады. Квалиметрияның бұл қыры (аспекті) сапа көрсеткішін нормалау тәжірибесінің пайда болуымен қатар туындады деп есептеуге болады, және біздің елімізде оның пайда болу мезетін, 1923 жылмен, еліміздегі ең бірінші стандарттау бойынша - «Эталон және стандарттар Комитетінің Бюллетені» периодты басылымының шығуымен ұштастыруға болады. Салмақ және өлшем Басты палатасы кезінде, 1922 жылы бұл комитет құрылған.

Квалиметрияның басқа негізгі қыры - сапасы апрриорлы бағалау - техниканың күрделілігінің және оның орындайтын қызметтерінің жауапкершілігінің өсуіне байланысты белсенді дамуға ие болды. Жаңа өнімді дайындауда тиімді шешімді іздеуде оның өмірлік кезеңінің ерте сатысынан бастау керек екені айқын. Ал бұл үшін сәйкес есептік әдістерге ие болу қажет. Еліміздің басқару органдарымен қабылданған 1965 жылғы өнім сапасын мемлекеттік аттестатауды жүргізуді қарастыратын «жоспарлау мен өнеркәсіптік өндірісті экономикалық ынталандыруды күшейтуді жетілдіру туралы» қаулыны қабылдаумен байланысты сапаны есептік бағалау әдістеріне ерекше көңіл бөліне бастады. Аттестаттауды жүргізу кезінде бағаланатын өнімді отандық және аналогтармен сәйкестендіруді жүзеге асыруды талап етеді, ол үшін сәйкес әдістерге ие болу қажет.

Елуінші жылдардың басында техникалық құрылғылардың сенімділігін қамтамасыз ету мәселесі өзіне елеулі көңіл аударуды қажет етті. Ол сенімділікті бағалау әдістерінің жедел дамуын тудырады. Бұл қасиет, оны бағалау үшін жалғыз ғана ықтималдылықтар теориясының математикалық аппаратты ғана қолданылуы мүмкін болды, ол объектілер үшін ғана маңызды емес, олардың істен шығуы күйреу нәтижесін тудырмау үшін, сондай-ақ, адам және адам іс-әрекетінің қоршаған ортасына аса қауіпті емес объектілер үшін қолданылуы мүмкін.

Қазіргі кезде техникалық құрылғылар мен жабдықтардың осы заманға сай өнеркәсіптің даму этапының сипаттамалық ерекшелігі күрделі өсу болып табылады, олар қызмет көрсетеді және жұмыстар орындайды, бір автоматтандырылған кешенге біріктірілген жабдықтармен күрделі машина жүйелерін құрады және оларда ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар кең қолданылады.

Техникалық прогресс бұйымдар номенклатурасының үздіксіз кеңеюіне әкеліп соғады, мұнда бұйым сапасы қойылатын қажеттіліктер жоғарылайды, ол өз кезегінде халықшаруашылығын әртүрлі аумақтарында қолданылатын жабдықтардың номенклатурасының өсуімен, қолданылатын материалдар мен заттардың номенклатурасының өсуін шарттандырады, ол бір жағынан соңғы өнімге қойылатын талаптардың жоғарлауына, екінші жағынан жаңа материалдарды алуда өнеркәсіп пен ғылым жетістіктерін қамтамасыз ететін және жүйелендірілген білімге негізделетін жаңа технологиялық әдістерді құрастырумен байланысты.

Көптеген өнеркәсіп салаларының өнімдері көпбөлшектілікпен және күрделілікпен сипатталады. Ғылыми сыйымды техникалық күрделі бұйым түрлерін, олар машина жасау бұйымдары, аэроғарыштық жабдықтар, ғылыми аспаптар, электрожабдықтарды шығаратын өнеркәсіп саласының дамуы ғылым мен техника аумағының түрлі ауқымды

санынан ең кіршіксіз жаңа білімдерді қолдануды талап етеді. Қазіргі заманғы машиналар, технологиялық жабдықтар, коммуникация құралдары, бірнеше жүздеген бөлшектерден тұрады. Жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді жеке түйіндер мен бөлшектерге мүшелендіру мүмкіндігі, технологиялық үрдістерді механизациялау шарттарында оларды жаппай өндіру бойынша мамандандырылған кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды. Мұның нәтижесінде құрастыру мен өндіру процесіндегі байланыстар күрделенеді , ол өндірістің мамандандырылуымен шарттандырылған, соңғы өнімді өндіруде әртүрлі министрліктермен ведомстволардың жүздеген кәсіпорындары қатысады.

Мұндай шарттарда сапа мәселесін тек қана ғылыми негізде шешу мүмкін, ал ұйымдастырылуы-ғылыми-техникалық іс-әрекет пен өнеркәсіптегі басқарулардың барлық деңгейлерінде. Ғылыми негізін, сапасы оларды қамтамасыз ету және олардың орындалуын бақылау бойынша қойылатын талаптардың әдістерін негіздеу туралы білімдер құрайды.

«Сапаны басқару» , қызмет көрсетуде, өнімді құрастыру мен дайындау кезіндегі сапаны басқарудың отандық және шетелдік тәжірибесі жалпыланады. Кәсіпорындағы сапа жүйесі функционалды болып табылғаны, ол осы аумақтың принципиалды жағдайларының бірі болып табылады. Ол, кәсіпорынның ұйымдастырылушылық құрылымының ішкі бөлімшелері арасындағы өнім сапасын басқару бойынша көпжылдық тәжірибені жалпылау негізінде анықталған арнайы функцияларды тарату жолымен қалыптасады. Мұнда, ол белсені түрде ұйымдастырылушылық құрылымға әсер етуі мүмкін, оның өзгерістерін шарттандырады. Мұндай жағдай сапа жүйесінің дамуын талдау негізінде жүзеге асырылады, ол қазірігі уақытта халықаралық құжаттарда - (ИСО) стандарттау бойынша халықаралық ұйымдардың стандарттарында, олардың үшінші версиясы 2000 жылы шығарылған стандарттарда көрініс тапқан сапа жүйесіне қойылатын талаптарды құрастырумен аяқталады.

«Сертификаттау» бөлімі, еліміздегі сертификаттау жүйесін сипаттауға арналған, ол экономиканы қайта құру шарттарында әрекет ете бастады және осы уақытқа заңгерлік және жүйені ұйымдастырушылық пішіні құрылған, оның нормативтік базасы әрекет етуші халықаралық құжаттаумен үйлесімделген. Бөлімде техникалық реттеу жүйесінің ұйымдастырушылық және әдістемелік сауалдары айқындалады, олардың негізгі құралдары-стандарттау саласындағы құжаттар, техникалық регламенттер, сәйкес келуін растайтын процедуралар, аккредиттеу, мемлекеттік бақылау мен қадағалау болып табылады.

Әдебиет:

1. Фомин В. М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. - М. : ЭКМОС, 2000 - 320 с.

2. Кириллов В. И. Квалиметрия и системный анализ: учебник/В. И. Кириллов. -М. : ИНФРА, 2012, -440с.

3. Федюкин З. К., Дурнев В. Д., Лебедев В. Г. Методы оценки и управление качеством промышленной продукции: Учебник. - М. : Филинъ, 2000. - 328 с.

Бақылау сұрақтары:

  1. Квалиметрияның тарихы.
  2. Квалиметрия негізгі бөлімдері.
  3. Сапа ұғымына анықтама беріңіз.

2-дәріс . Өндірістік өнімнің жіктеу. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы. Өнім сапасынының көрсеткіштерін жіктеу. Біртексіздігі бойынша өнім сапасының көрсеткіштерін жіктеу

Өнеркәсіптік өнімді жіктеу және сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы. Өнімнің техникалық деңгейін және сапасын бағалау үшін тағайындау көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Өндірістік өнімнің классификаторы.
  2. Өнімнің біртектілік қасиеті.
  3. Сапа көрсеткіштерінің классификациясы.

Өнімдер классификациясы. Осы құралдағы негізгі қарастырылатын объект - өнеркәсіптік өнім мен қызмет болып табылады.

Пайдалану (қолдану) кезінде оның қасиеттерін жүзеге асыру сипаттамасы бойынша барлық өнеркәсіптік өнімді екі класқа және бес топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа қатыстылар шикізат және табиғи отын , мысалы, мұнай, газ, пайдалы қазбалар, көмір, тас тұзы, табиғи құрылыс материалдары және сәндік материалдар, бағалы минералдар және т. б.

Екінші топқа қатыстылар материалдар және өнімдер , мысалы, бензиндер, моторлы, трансформаторлы, трансмиссионды майлар, майлау, илем, сымдар, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары, кино - және фотоматериалдар, медициналық препараттар, жуу құралдары, және тамақ өнімдері, үшінші топқа кірмейтіндер және т. б.

Үшінші топқа қатыстылар шығын бұйымдары, мысалы, бөшкедегі сұйық отындар, баллондағы газдар, жіптер, орамдардағы және катушкалардағы сымдар және кабельдер, өнеркәсіптік орамдағы және парфюмерлік-косметикалық тауарлар, банкадағы консервілер, кондитер бұйымдары, орамадағы тамақ өнімдері және т. б.

Бұйым - бұл өзін зат немесе заттар жиынтығы ретінде көрсететін өнеркәсіптік өнім бірлігі, мысалы, радиоқабылдағыш, автокөлік, тіркемелі агрегатты трактор, микрокалькулятор, сорғы, телефон, теледидар және т. б. Шығындық бұйымдар саны - үздіксіз шамалар (киллограмм, метр және т. с. с. ) анықталатын, бірақ, ол арнайы өнеркәсіптік орамада шығарылатын өнеркәсіп өнімдерінің бірлігі. Әрбір орам (қорап, бөтелке канистр, катушка және т. с. с. ) шығындық бұйымды көрсетеді.

Шығындық бұйымдарға мысал: қораптағы ұнтақталған кофе, бөтелкедегі ішімдіктер, канистрдегі жанармайлар, катушкадағы сым.

Жөндеуге келмейтін бұйымдар төртінші топқа жатады, мысалы, мойынтіректер, осьтер, тістегіштер, электровакуумды және жартылай өткізгішті аспаптар, сайын бұрандама, кірпіштер және т. с. с.

Жөндеуге келетін бұйымдар бесінші топқа жатады, мысалы, технологиялық жабдықтар, ауыл шаруашылық машиналары, көліктік машиналар және құралдар, радиотехника құралдары, медициналық және тұрмыстық аспаптар және т. с. с.

Бірінші класс өнімі қолдану процесінде шығындалады. Қайта өңдеудің (шикізат, материалдар) кайтымсыз процесі жүреді, тірі ағзалардың (тамақ өнімдері) сіңіру және т. с. с.

Екінші класс өнімін қолдану кезінде оның ресурс шығыны жүреді. өнім техникалық немесе моральдық тозуға дейін қолданылады.

Қолдану саласы бойынша өнімдер халықтық тұтыну тауарлары және әдеуметтік бағыттағы өнімдер, өндірістік-техникалық белгілеудегі өнімдер болып бөлінеді. Өндірістік-техникалық белгілеудегі өнімдер (білдектер, машиналар, шикізаттар, материалдар) өндірістік тұтынуға, ал халықтық тұтыну тауарлары (киім, азық-түлік өнімдері) - жеке, тұлғалық тұтынуға келіп түседі. Әлеуметтік белгілеудегі өнімдерге білім беру спорт, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет саласында, байланыс жүйесіндегі, көліктегі қызмет көрсетуде тұрғындар қажеттерін қамтамасыз ету үшін арналған өнімдер жатады.

Барлық бұйымдар құрылымдық орындалуы бойынша 4 түрге бөлінеді:

  • Бөлшектер;
  • Жинақтық бірліктер;
  • Кешендер;
  • Жинақтар.

Бөлшектер - жинақтық операцияларды қолданусыз, таңбалауы және атауы бойынша біртектес материалдардан дайындалған бұйым. Мысалы, бұрандама, төлке, білікше.

Жинақтық бірлік - құрамдық бөліктері дайындаушы - кәсіпорында жинақтық операциямен (жинақтау, бұрап шығару, тойтару, желімдеу, тігу) өзара біріктірілген бұйым. Мысалы, автокөлік, білдек, компьютер, шарикті қаламсап.

Кешен - дайындаушы - кәсіпорында жинақтау операциясымен біріктірілмеген, бірақ өзара байланысқан қолдану қызметін орындауға арналған екі немесе одан да көп аранйы бұйым. Мысалы, цех жабдықтары, ұщақтың ұшуын басқару кешені және т. б., яғни оларды біріктіруді қодану орындарында жүргізеді.

Жинақ - дайындаушы - кәсіпорындарда жинақтау операциясымен біріктірілмеген және бұйымдар жинағын көсететін, көмекші сипаттағы жалпы пайдалану белгілеуін көрсетеді. Мысалы, автокөлікке арналған құрал-саймандар бөлшек қорларының жинағы, өлшегіш аппаратураның жинағы.

Бөлшек арнайы емес бұйымдар болып табылады, яғни құрамдық бөлігі жоқ бұйымдар.

Жинақтық бірліктер, кешендер және жинақтар арнайы бұйымдар болып табылады, яғни екі немесе одан да көп блөшектерден тұрады. Бұл бұйымдардың құрамы сипаттізім деп аталатын құрамдық құжатпен анықталады.

Үш түрлі критерийлер бойынша классификация өнімдері ірі классификациялық топтамаларға бөлімшелейді. Топтамалау классификациясы үшін жалпы, санына қамтамасыз ету әдістерін құратыру, нормативтік құжатқа, сапа көрсеткішінің номенклатурасын анықтау және сапаға қойылатын талаптарды енгізу сияқты, және оның сапасын қамтамасыз ету бойынша кейбір тәжірибелік мәсәлелерді шешу кезінде өнімдердің мұндай бөлінуі мәнге ие. Осылай, мысалы, «шикзат және табиғи отын »және «материалдар мен өнімдер» классификациясының топтамаларға өнімдер үшін сапаның эргономикалық көрсеткіштеріне сипаттас емес, шектелген қолдану эстетикалық көрсеткіштерге ие болуы мүмкін. Бірақ, егер материалдар немесе өнімдер орамада шығарылып «шығындық бұйымдар» тобына жататын болса, онда мұндай көрсеткіштер өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етіп, аса маңызды болады. Іске асыру аумағы бойынша өнімді бөлу, сәйкестендіріп (салыстырып) бағалау кезіндегі сапа көрсеткішінің маңыздылығын бағалауда әсерін тигізді. әлуметтік белгілеудегі және халықтық тұтыну өнімдері үшін эстетикалық және эргономикалық көрсеткіштер, өндірістік-техникалық белгілеудегі өнімдерге қарағанда әлдеқайда маңыздырақ болады. өнімдерді, олардың қасиеттерін іске асыру сипаты бойынша бірінші немесе екінші классқа жатқызылуы қолданылатын терминологияға : бірінші кластың өнімін қолдану кезінде «тұтыну» термині, екінші кластың өнімін қолдану кезінде «пайдалану» термині қолданылады, әсерін тигізеді.

Өнімді егжей-тегжейлі классификациялау үшін арнайы классификаторлар қолданылады.

Классификаторлар көмегімен келесі мәселелердің шешілуі қамтамасыз етіледі.

  • өнімге құжаттауды тіркеу;
  • міндетті сертификаттауға келетін бірқатар өнімдерді жасап шығару;
  • міндетті түрде сертификатталатын шет елден әкелінетін өнімді жасап шығару;
  • өтпелі кілттер көмегімен қайта ходтау құралдары арқылы, шет ел нарығына жіберілетін отандық өнімдер туралы ақпараттық мәліметтерді жасау;
  • ішкі және халықаралық ақпараттық жүйелерде қатысу, салық салынуы, мемлекеттік статистика бойынша жұмыс шеңберінде есеп жүргізу қызметтерінің іске асырылуы.

Коммуникациялық техника мен есептеуіш құралдарының кең қолданылуы және осының арқасында ақпаратты өңдеу және жіберудің қағазсыз технологияға өту қызмет және өнімдер туралы ақпараттық өңдеу, есепке алу, сақтау және жіберіп көрсету үшін классификаторларды қолдану қажеттілігін азайтады (немесе қиындатады) .

Еліміздегі әреке т етуші классификаторлар тауарларды сипаттау және коддтаудың үйлесімді жүйесімен (үж) - өндірістік, көіліктік және сыртқы сауда статистикасы арасындағы тығыз байланысты және сыртқы сауда туралы әр түрлі мемелекеттердің статистикалық мәліметтерінің салыстырылуын қамтамасыз ету мақсатында және коммерциялық әрекеттің, статистикалық қызметтің, кеден органдарының мәселелерін шешу үшін арналған халықаралық тауарлық номенклатурасымен келісілген.

ҮЖ-нің классификациялық белгілері болып тауарлардың шығуы (өнеркәсіптік, өсімдік, жануарлар т. с. с. ), өңдеу дәрежесі (шикізат, жартылай фабрикаттар, дайын бұйым), тауарды дайындау үшін қолданылған материал, тауардың белгіленуі және әлемдік саудадағы оның маңызы саналады.

Тауарлар классификациясы (классификациялық топтамалар - жайғасымдарға бөлінеді) . Үйлесімді жүйесінде, ҮЖ классификациясының түрлі сатыларының жайғасымы түсініктемелермен ескертулермен жабдықталған, сондай-ақ, түсініктемелері бар негізгі класссификациялық ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Халықаралық тәжірибеде түрлі классификаторлар арасындағы сәйкестік, әдетте, әртүрлі бөлшектену дәрежесімен құрастырылған, өтпелі кілттерді (сәйкестік кестесі) құру жолымен пішімделеді.

ӨӘЖК біріңғай код кеңістігінде классификация үш объектілер бойынша біріктірілген:

  1. Экономикалық әрекет түрлерінің классификациясы;
  2. Өнімдер классификациясы;
  3. Қызмет классификациясы;

ӨӘЖК-да қабылданан жеті разрядты код (төрт разряд- экономикалық әркет түрлерін классификациялау үшін жоғары классификациялық топтамалар, және үш төменгі разряд- өнім мен қызметті классификациялау үшін) қызметтің, өнімдердің және экономикалық әрекеттің барлық белгілі түрлерін кодтауға және сипаттауға мүмкіндік береді.

Әдебиет:

1. Фомин В. М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. - М. : ЭКМОС, 2000 - 320 с.

2. Кириллов В. И. Квалиметрия и системный анализ: учебник/В. И. Кириллов. -М. : ИНФРА, 2012, -440с.

3. Федюкин З. К., Дурнев В. Д., Лебедев В. Г. Методы оценки и управление качеством промышленной продукции: Учебник. - М. : Филинъ, 2000. - 328 с.

3-дәріс.

Өнеркәсіптік өнімді жіктеу. Өнеркәсіптік өнімді жіктеу. Өнеркәсіптік өнім сапасы көрсеткіштерінің номенклатурасы. Тұтыну қасиеттері мен сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау тәртібі.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Өнеркәсіптік өнімді жіктеу

2. Өнеркәсіптік өнім сапасы көрсеткіштерінің номенклатурасы.

3. . Тұтыну қасиеттері мен сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау тәртібі.

Өнім сапасы көрсеткіштерін сапа деңгейін бағалау мәселелерінің сипатына байланысты әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады (кесте) .

Әртүрлі жіктеу белгілері бойынша тауардың сапа көрсеткіштерін топтау

Жіктеу белгісі
Сапа көрсеткішінің тобы
Жіктеу белгісі: Көрсеткіш мәнін анықтау кезеңі бойынша
Сапа көрсеткішінің тобы:

Жобаланатын

жоспарланатын

Жобалық

Өндірістік

Тауар айналым

Қолдану

Жіктеу белгісі: Өрнектелу әдісі бойынша
Сапа көрсеткішінің тобы:

Натуралды бірлікте (кг, м, балл), өрнектелген және өлшемсіз көрсеткіштер

Құндық бірлікте өрнектелген көрсеткіштер

Жіктеу белгісі: Сипатталатын тауар қасиетінің мөлшері бойынша
Сапа көрсеткішінің тобы:

Бірлік

Құрама (топтық, жалпыламы, интегралды)

Жіктеу белгісі: Бағалауға қолданылуы бойынша
Сапа көрсеткішінің тобы:

Базалық

Салыстырмалы

Тамақ өндірісінде, саудада тауарлардың сапасын бақылау тауар сапасының тұтынушылық көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік береді. Оларға функционалды, сенімділік, эргономикалық, эстетикалық, экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері жатады. Қажет болса олардың әлеуметтік тағайындалуын ескереді, тұтынушылардың тауар сапасына қоятын талаптарын анықтайды. Әлеуметтік тағайындалу көрсеткішін бағалау тауарды алдын ала талдау кезеңінде оны өндіру қажеттілігін анықтау үшін жүргізіледі.

Азық-түлік тауарларының сапа көрсеткіштерінің типтік номенклатурасы
Топтық көрсеткіш
Бірлік көрсеткіштер
Топтық көрсеткіш: Әлеуметтік тағайындалу
Бірлік көрсеткіштер: Тауар өндірудің қоғамдық маңыздылығы; тауарлардың әлеуметтік мекен жайы мен тұтынушылық классы; тауарлардың оңтайлы ассортиментке сәйкес келуі; моральды тозу және сәйкес әлеуметтік эффект
Топтық көрсеткіш: Функционалды
Бірлік көрсеткіштер: Негізгі функцияны орындау жетістігі, қолдану әмбебаптығы; Қосымша функцияны орындау жетістігі
Топтық көрсеткіш: Сенімділік
Бірлік көрсеткіштер: Сақталғыштық
Топтық көрсеткіш: Эргономикалық
Бірлік көрсеткіштер: Гигиеналық; антропометриялық; физио­логиялық және психофизиологиялық; пси­хологиялық
Топтық көрсеткіш: Эстетикалық
Бірлік көрсеткіштер: Ақпараттық көрнектілігі; пішінінің рационалдылығы; композиция бүтіндігі; өндірістік орындау жетістігі және тауарлық түрінің тұрақтылығы
Топтық көрсеткіш: Экологиялық
Бірлік көрсеткіштер: Қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттар мөлшері; қоршаған ортадағы қайтымсыз процестер және т. б.
Топтық көрсеткіш: Қауіпсіз тұтыну
Бірлік көрсеткіштер: Қорғау қондырғылары әрекетінің тиімділігі және т. б.

1. Тағайындалу көрсеткіші. Қолдану аймағын орындау үшін негізгі функцияларды анықтайтын өнім қасиеттерін сипаттайды. Тамақ өнімдерінің тағайындалу көрсеткіші өнімдердің энергетикалық құндылығы, өнім құрамы мен құрылымы (белоктық, витаминдік, минералдық, ароматтық және т. б. ) болып табылады. Өнім құрылымын сипаттайтын тағайындалу көрсеткіші ішінен құрылымын қалыптастыратын әртүрлі тағамдық заттарды атап кетуге болады (ұйытындылар, көбік түзгіштер, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, қопсытқыштар, су байланыстырғыш қосымшалар және т. б. ) .

Өнім құрамы (белок, май, көмірсулар және т. б. ) ең алдымен өнімнің тағамдық құндылығын сипаттайды, оның энергетикалық және биологиялық құндылығын көрсетеді.

Құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер ішінен өнімнің органолептикалық көрсеткіші - консистенция (қатты, нәзік, жұмсақ, мазь тәріздес және т. б. ) кең қолданылады.

Тағайындалу - бұл физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті. Ол төмендегідей бөлінеді:

  • функционалды тағайындалу - тағайындалуына сәйкес (материалды және рухани) өз функцияларын тауарлармен қамтамасыз етуді орындау;
  • әлеуметтік тағайындалу - жеке немесе қоғамдық әлеуметтік қажеттілікті тауарлармен қанағаттандыру қабілеті;
  • жіктеулік тағайындалу - бірқатар көрсеткіштер мен қасиеттердің жіктелуі қасиеттері ретінде шығу қабілеті (майлылығы, %) ;
  • әмбебап тағайындалуы - адамға пайдалы қосымша функциялары көрсетілген тағайындалуу бойынша нақты тауарларды қолданудың мүмкіншілігін және жағдайын қамтамасыз ету диапазоны.

Өнімдердің әлеуметтік тағайындалу көрсеткіші

Бұл көрсеткіштер тұтынушылардың әртүрлі топтарына қоғамдық мәніне және қоғамдық қажеттілігіне өнімдердің сәйкестігін сипаттайды. Оларға: шығарылатын тауарлардың қоғамдық бүтін көрсеткіші, әлеуметтік мекен жайы, тауарларды тұтыну классы, тауар ассортименті, әлеуметтік эффект жатады.

Шығарылатын тауардың қоғамдық көрсеткіші - тауардың берілген тобына қанағаттанарлық емес сұраныстың көлемін көрсетеді.

Әлеуметтік мекен жайдың және тауардың тұтыну классының көрсеткіші тауарлардың тұтынушылар қажеттілігіне және қажеттілік ерекшеліктеріне сәйкестігін сипаттайды. Тұтынушылардың анықталған тобына тұтыну классын (типаж) орнатады. Азық-түлік тауарларына, мысалы, емдік өнімдер, диабетпен ауыратын адамдар үшін тағайындалған өнімдер, бүйрек ауруларына арналған өнімдер, балаларға арналған өнімдер, космонавтарға, туристерге арналған және т. б. өнімдер.

Анықталған тұтыну классының тауарлары сорты, түрі бойынша ажыратылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Квалиметрия - сапаны сан жағынан бағалау
Квалиметрия дайын өнім сапасын сандық бағалау әдісі ретінде
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
Сапа деңгейін бағалау
Квалиметрия
Квалиметрия пәні
Ақауларды жөндеуге шығындар
«Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Квалиметрия» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Аяқ киімге арналған аяқ киімнің сапа көрсеткіштерін бағалау
Сапа көрсеткіштерін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz