Геннің әрекеті
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1 Онтогенез туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1 Эмбриогенез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Постэмбриогенез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
2 Онтогенез механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
2.1 Онтогенетикалық жіктелу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12
2.2 Ұлпалар арсындағы индукциялық қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
16
3 Онтогенездің генетикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
3.1 Гендер жүйесінің ашылуы және геннің әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
3.2 Онтогенездік адаптация және реакция нормасы ... ... ... ... ... ... ... ...
18
3.3 Экспрессивтілік және пенетранттылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
КІРІСПЕ
Онтогенез (гр. ontos -нағыз, genesis-шығу тегі) жеке организмнің даму процесі. Яғни организмнің ұрықтануынан бастап өлуімен аяқталатын даму процесі. Әдетте организмнің даму процесін зиготадан - ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан бастайды. Мұнымен келісу қиын. Негізінде жаралудың және дамудың бастамасын аналықтағы жұмыртқа клеткасымен аталықтағы сперматозоидтың жіктелуіннен бастаған жөн. Ұрықтың дамуының ерте сатыларында клеткалардың бір бөлігі жіктеліп жыныс клеткасын түзетін гаметаларға бастама болады. Бүкіл генетикалық хабар толығымен осы гаметаларда сақталып атадан балаға шексіз берілетін өлмейтін ұрпақтық жол болып табылады. Ұрықтық жолдың бір тармағы секілді сомалық клеткалар ұрықтанудан кейін пайда болады да осы организммен бірге өледі. Жеке организмнің дамуы олардың генотиптерінің қоршаған ортамен өзара байланысының әсерінен туады. Жеке даму генотип жүйесімен анықталады. Онда гендер әсерінің ерекшелігі, уақыты, орын реттілігі бағдарланған.
Организмнің тұқым қуатын негіздерін зерттейтін генетикалық бөлімі 1918 жылы В.Геккердің ұсынысы бойынша феногенетика немесе онтогенетика деп аталған [1].
Курстық жұмыстың мақсаты:
1. Онтогенезге жалпы сипаттама беру
2. Онтогенез сатыларын зерттеу
3. Онтогенездің генетикалық негіздеріне талдау жасау
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Онтогенез туралы жалпы түсінік
Онтогонез - организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін 1866 жылы неміс биологы Э. Геккель ұсынған. Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы - код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай - ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол. Онтогенез - бір тірі ағзаның ұрық біте бастағаннан өлгенге дейінгі даму
үдерісі [2].
Органогенез - мүшелердің түзілу үдерісі. Адамның, барлық омыртқалы жануарлардың және кейбір омыртқасыз жәндіктердің ұрығы реттеліп дамиды. Яғни, ұрық денесінің қай бөлігі қай жасушалардан дамитыны кештеу сатыларда (гаструлаларда) анықталады және қоршаған ұрықтық жасушалардың өзара әрекеттесуіне тәуелді болады. Бұдан өзге ұрықтың теңбілді даму типінің жолы бар, мұнда дененің қай бөлігі қандай жасушадан дамитыны 2 немесе 4 ұрықтық жасушалар сатыларында анықталып та қойған. Ф.Мюллер және Э.Геккель 1864 жылы биогенетикалық заңды: Онтогенез қысқа жөне тез қайталаған филогенез деп тұжырымдады.
Организмнің жеке дамуы, яғни онтогенез - биология ғылымының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Диаметрі небәрі 130 - 140 микрон, ал салмағы 0,0015 мг адамның жұмыртқа клеткасынан ұрықтанғаннан кейін салмағы шамамен 3 кг - дай адам баласы дамиды. Содан біраз күндер, айлар, жылдар өткеннен кейін адам өзін қоршаған дүниені танып, оны өзгерте алу қабілетіне ие болады. Табиғаттың бұл ғажайып жұмбағын шешу үшін ғалымдар организмнің даму процесінің генетикалық заңдылықтарын зерттеуде.
Жеке организмнің дамуы әрқашан ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан басталады. Сонда жұмыртқа жасушасында немесе сперматозоидта болашақ ағзаның белгілері дайын күйінде сақталып тұрмайды. Оларда тек оның дамуының бағдарламасы болып және ол бағдарлама белгілі қолайлы бір ішкі және сыртқы орта жағдайларында ғана жүзеге асады.
Сөйтіп, онтогенез деген ұғымға жұмыртқа клеткасының ұрықтануынан бастап, ағза өз тіршілігін жойғанға дейінгі даму процесі жатады. Онтогенездің тұқым қуалау негіздерін зерттейтін генетиканың саласын онтогенетика деп атайды.
Онтогенез - организмнің жеке дамуы:
а) эмбриогенез(ұрықтық даму)
ә) постэмбриогенез (ұрықтан кейінгі даму) [1]
0.1 Эмбриогенез немесе ұрықтың дамуы
Эмбрион (грек, embryon - ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану -жануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда - сулы ортада жүреді. К.Бэр - эмбриологияның негізін қалаушы. Эмбриондық даму кезеңін эмбриология ғылымы зерттейді [1].
Эмбриогенездің даму сатылары. Эмбриогенездің негізгі 4 даму сатысы бар. Бірінші саты бөлшектену, екінші саты гаструляция, үшінші саты нейруляция, төртінші саты органогенез деп аталады (1 - сурет).
Бөлшектену кезеңі. Бөлшектену (лат. flssio - бөлшектену) - ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулага) айналуының эмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенімен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Бөлшектену кезеңі - бластуланың (қуысы сұйыққа толған көпжасушалы ұрықтың) түзілуімен аяқталады. Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол: сүтқоректілерде - бластоциста (стерробластула), Құстарда, бауырымен жорғалаушыларда - дискобластула, қосмекенділерде -амфибластула, қандауыршада - целобластула деп аталады[3].
1 - сурет. Эмбриогенез сатылары [11].
Гаструляция кезеңі. Гаструляция - бұл эмбриональді жасушалардың қозғалу процесі, нәтижесінде ұрықтың 2 немесе 3 қабаты пайда болады. Екі қабатты гаструла сыртқы жапырақ - эктодермадан және ішкі қабат - энтодермадан тұрады. Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында мезодерма дамып жетіледі. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады.
Алғашқы мүшелердің қалыптасуы (органогенез). Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы - гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін - органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын - системогенез деп атайды (1 - кесте).
эктодерма
мезодерма
энтодерма
Жануарларда жабындары, адамда және өзге сүтқоректілерде терінің үстіңгі қабаты.
Тері туындылары: май және тер (сүт) бездері, шаш және тырнақ, мүйіз және тұяқ.
Сезім мүшелері, жүйке жүйесі (ми және жұлын,т.б.).
Өзге жүйе мүшелері: бұлшықет, сүйектер, байламдар, сіңірлер.
Қантарату жүйесі: жүрек, тамырлар, қан.
Несеп - жыныс жүйесі: бүйрек, несепағарлар, қуық және жыныс мүшелері.
Барлық асқорыту мүшелері: қарын, ішек, өңеш, т.б.
Барлық бездер (тері безінен өзгесі), асқорыту бездері де: бауыр, ұйқыбез, қалқанша без, гипофиз бөлігі, бүйрекүсті безі және т.б.
Тынысалу жүйесі: өкпе, кеңірдек, ауатамыр және т.б.
1-кесте. Ұрық қабаттарынан мүшелердің пайда болуы [3].
Адам ұрығы дамуының сатылары. Үш апталық адам ұрығында жүйке жүйесінің түзілуі басталады. Бұл мерзімдегі ұрықтың ұзындығы небары 2 мм -ге жетеді. Осы кездегі адам ұрығы көптеген белгілері бойынша балық пен бақа ұрығына өте ұқсас болады. Бұл ұқсасатық омыртқалылардың шығу тегінің бір екенін білдіреді. Бірақ, айырмашылығы адам ұрығы сыртқа қабықшамен қоршалып, бала жолдасы (плацента) жатырға бекінеді. Алғашқы кезде баланың жолдасы өте кішкене болады, дамудың соңғы сатысында оның көлемі ұлғаяды.
Жатырдың сілемейлі қабықшасына берік бекінген қағанақ кіндікпен қосылып,
оның ішінен ұрықтың қан тамырлары жүреді. Үш аптадан кейін ұрық дамуының төртінші сатысы - мүшелердің дамуы (органогенез) басталады. Дамудың бұл сатысынада жүйке, асқорыту және қанайналым, т.б. негізгі мүшелер жүйесі қалыптасады, пішіні түтік тәрізді жүрек соға бастайды.
Мүшелердің қарқынды даму сатысында ұрық өте сезімтал болады, егер осы
кезде ана ауырып дәрі - дәрмек қабылдаса, ұрықтың дамуына үлкен әсерін
тигізеді. Үш айлық ұрықтың ұзындығы небары 30 мм, өте кіші екеніне
қарамастан сыртқы ортадан берілген тітіркенулерді тез қабылдауға бейім
болады. Бұған дәлел ретінде мынадай қарапайым мысалды келтірейік.
Дәрігерлер алпысыншы жылдары ұйықтай алмайтын әйелдерге талидомид деп
аталатын дәріні жазып беруді әдетке айналдырған. Осы дәріні жиі пайдаланған
жүкті әйелдердің ұрығының дамуы төрт - бес аптаға созылатыны дәлелденді. Егер ұрықтың дамуының төртінші аптасы мен он екінші аптасында арасында жүкті әйел қызамық ауруымен ауырса ұрықтың дамуына әсерін тигізеді. Себебі осы кезде жүрек, көру мүшесі, есту мүшесі бөлімдері дами бастайды. Нәрестенің дамуына алкаголь ішімдіктері де өте зиянды. Темекі тарту мен әртүрлі есірткі қабылдау, ұрықтың даму кезінде оттегінің жетіспеуіне әсерін
тигізеді. Мұндай жағдайда нәрестенің салмағы кемиді немесе түсік тастайды. Салмағы өте кем болып туған сәбилер бір жасқа толмай өледі.
Іштегі ұрық бес айға толғаннан кейін қимылдай бастайды. Осы уақыттан бастап ұрық тез өсіп, үлкейеді. Осындай даму сатысы кезінде кейбір
мүшелер дамиды. Мысалы, жүйке жүйесі, қантамырлар мен тынысалу жүйелері дамитындықтан, іштегі сәби ана ағзасынан тыс өмір сүруге қабілетсіз болады.
Сирек кездесетін жағдай 20 аптадан кейін өмірге келетін сәбилер болады, бірақ олардың тынысалуы, тамақтануы және дене температурасы тұрақтанғанға
дейін ерекше орта жағдайда ұстайды.
1.2 Постэмбриогенез немесе туылғаннан кейінгі даму кезеңі
Дамудың постэмбриондық кезеңі ағза туылғаннан соң немесе жұмыртқа не ұрық қабығынан босанып шыққаннан кейін басталады. Әр түрлі жануарлар түрлерінде постэмбриондық кезең бірнеше күннен ондаған жылдарға дейін созылуы мүмкін.
Постэмбриондық онтогенезді 3 кезеңге бөледі:
1) жастық (ювенильдік) кезең;
2) жыныстық жетілген (репродуктивтік) кезең;
3) кәрілік кезең.
Постэмбриондық онтогенез ағзаның дүние салуымен аяқталады (2 - сурет).
Онтогенез типіне байланысты жастық кезең екі түрлі жолмен жүреді: тура даму және тура емес немесе түрленіп (метаморфоз - metomorphosis - түрлену) даму.
Тура дамуда жұмыртқа қабығынан босанып шыққан немесе жаңадан туылған жас ағза ересек ағзадан ешқандай айырмашылығы болмайды, олар тек дене бітімінің пропорциясымен ғана ерекшеленеді. Мұндай даму көптеген жануарларға және адамдарға тән.
Түрленіп даму жұмыртқадан ересек ағзаларға мүлдем ұқсамайтын бір немесе бірнеше дернәсілдік формалардың алмасуы арқылы жүреді. Метаморфоз арқылы даму әр түрлі жануарлар өкілдерінде (ішекқуыстылар, жалпақ, жұмыр құрттар, былқылдақденелілер, бунақденелілер, қосмекенділер т.б.) кеңінен таралған.
2 - сурет. Адам баласының постэмбриогенездік дамуы [11].
Постэмбриондық дамудың бірден - бір сипаты болып ағзаның өсуі саналады. Өсу дегеніміз - ағза мөлшерінің, салмағының сандық өзгеруі болып табылады [4].
Ағзалардың өсуін екі топқа беледі: шектеулі және шексіз өсу.
Шексіз өсу - ағзалардың өмірінің аяғына дейін өсуі, бұл былқылдақденелілерге, шаянтәрізділерге, балықтарға, жорғалаушыларға, қосмекенділерге және басқа да жануарларға тән.
Шектеулі өсу - ағза өсуі белгілі бір жас шамасына жеткенге дейін байқалады да тоқтайды. Ол шыбын - шіркейлерге, құстарға, сүтқоректілерге тән.
Өсудің бірқатар жалпы зандылықтары белгілі. Оларды зерттеуге ат салысқандар қатарынан американ зоологі К.Майнотты, орыс ғалымы И.Шмальгаузенді ерекше атауға болады.
Онтогенездің бастапқы сатыларында даралардың өсуі қарқыңды түрде жүреді, ал кейінірек ол біртіндеп төмендейді және дамудың әр түрлі кезеңдерінде өсу қарқыны бірдей бола бермейді. Онтогенезде өсу мен даму қатар жүріп отыратын және бірінсіз - бірі болмайтын құбылыстар болып саналады. Бірақ онтогенездің әр түрлі сатыларында олардың ара - қатынасы тепе - тең болмайды, яғни бір сатыда өсу құбылысы дамудан басымдау болып келсе, екіншісінде керісінше[3].
Адамдардың жастық кезеңі нәрестенің дүниеге келгенінен басталып жыныстық жетілген шаққа, яғни жыныс жасушаларының түзіле басталуына
(12 - 15 жас) дейін созылады. Оны бірнеше сатыларға бөледі: нәресте (емізулі бала), бөбек, бүлдіршін, жеткіншек т.б.
Адамның постэмбриондық дамуының басқа сүтқоректілерден, сонымен қатар приматтардан ерекшелігі оның балалық шағының ұзақ болуы, мысалы қыздарда 11 - 13 жасқа, ұл балаларда 13 - 15 жасқа дейін. Мұның тек қана биологиялық емес, сол сияқты, әлеуметтік те маңызы бар, себебі осы кезде ағзаның физикалық дамуымен қатар оның ұжымдық өмір сүру жағдайларына бейімделушіліктері де қалыптасады. Адамның көптеген морфофизиологиялық белгілері даму барысында айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, омыртқа жотасының дамуы. Нәрестенің омыртқа жотасы түп түзу болса, ересек адамдардың омыртқа жотасының пішіні латын алфавитінің S әрпіне ұқсас болып келеді, яғни оның 2 алға шығыңқы - лордоздары жөне 2 артқа иілуі - кифоздары болады. Бұл екі аяқпен тік жүру нәтижесінде қалыптасқан ерекшілік болып саналады. Ең алғаш мойын лордозы, сосын бала отыра бастағанда 2,5 - 3 айлықта, көкірек кифозы пайда болады. Балапан түрегеліп тәй - тәйлап жүре бастағанда бел лордозы, ал 1,5 - 2 жасқа жеткенде омыртқа жотасының барлық имектері толық қалыптасады.
Бала мен ересек адамдардың дене бөлімдерінің салыстырмалы ара -қатынасы әр түрлі болатыны белгілі. Балалардың аяқтары қысқа, тұлғасы ұзын, басы үлкен болса, ересектерде керісінше - аяқтары ұзын, тұлғасы орташа, басы кішкентай болады.
Бала ағзасында өсу қарқыны біркелкі жүрмейді - жедел өсу кезеңімен өсудің тежелу кезеңдері алмасып отырады. Балалардың ең жедел өсуі бірінші жылы байқалады, бұл кезде оның денесі 23 - 25 см - ге ұзарады. Екінші жылы өсу қарқыны сәл төмендейді, бірақ әлі де болса ол жоғары деңгейде сақталады 10 - 15 см; үшінші жылы 8 см, 4 - 7 жасқа дейін жылына 5 - 7 см өседі. Теменгі мектеп жасында өсу біршама баяулайды, жылына 4 - 5 см ғана өседі. Ал қыздар 11 - 12 жасқа, ұлдар 13 - 14 жасқа келгенде олардың өсу қарқыны қайтадан жоғарылайды, жылына 7-8 см дейін өседі. Оны пубертатты секіру деп атайды. Бұл құбылыс балалардың жыныстық жетілуінің басталуымен тұспа - тұс келеді.
Балалар денесінің ұзарып өсуімен бірге оның салмағының артуы да байқалады. Мысалы, алғашқы 5 айда нәресте салмағы екі еселенеді, ал 1 жасқа жеткенде 3 есе көбейеді. Екі жастан кейін дене салмағының өсуі баяулайды. 10 жасқа дейін қыздар мен ұлдардың дене салмақтарында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды, ал 11 - 12 жаста қыздарда ол біршама жылдамдайды, 15 жастан кейін ұл балалар бұл көрсеткіш бойынша қыздарды басып озады және бұл ұрдіс әрі қарай да сақталады.
Адамдар мен жануарлардың өсуі көптеген эндогендік және экзогендік факторларға тәуелді болады.
Өсу - сандық белгі болып, полигендік жолмен тұқым қуалайды. Сандық белгілердің орта жағдайларына тәуелді болатыны белгілі. Ағзаның өсуі генетикалық, эндокриндік, жүйкелік т.б. жағдайлар арқылы бағдарланып отырады. Сонымен қатар, қалыпты өсу және даму үшін толыққанды қоректену қажет. Ас құрамында ағзаға қажет барлық амин қышқылдары жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Егер де олардың біреуі жетіспесе өсу тоқталады, даму бұзылады және ағза өліп қалады. Сол сияқты, өсу құбылысы үшін дәрумендердің, әсіресе А дәрумені - ретинол, Д дәрумені - кальциферол, В дәрумендер тобының рөлі өте маңызды. Қалыпты өсу үшін, сол сияқты минерал тұздары мен микроэлементтер де қажет. Өсу мен дамуға әсер ететін орта факторларынан оттекті, температураны, жарықты айтуға болады. Ағзаның өсуі үшін жарықтың бірден - бір рөлі ол Д - дәруменінің синтезделуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ағзаның өсуі гипофиз безінің гормоны - соматотропин гормоны арқылы реттелініп отырады. Соматотропин гормоны ұрықтық даму кезінде де бөлінеді, бірақ оның әсері тек постэмбрионалдық кезеңде ғана байқалады. Гипофиздің соматотропин гормонын синтездеу қарқыны ауытқыса (азайса не көбейсе), адамның қалыпты өсуі бұзылады. Мысалы, балалық шақта гипофиз бездің гипофункциясы, яғни гормонды жеткіліксіз мөлшерде синтездеу, гипофизарлық ергежейлікке -- нанизмға алып келеді. Нанизмде ағза өсуі баяулайды, бірақ дене бөлімдерінің дамуының салыстырмалы ара қатынасы өзгермейді. Гипофиздің гиперфункциясы, яғни гормонды артық мөлшерде синтездеуі алыптыққа алып келеді (бойы 2 метрден артық болады). Егер гипофиз гормонының гиперфункциясы ағзаның өсуі тоқталғаннан кейін болатын болса, онда адамның кейбір мүшелерінің шектен тыс өсіп кетуі, ұлғаюы байқалады, мысалы қол саусақтарының, өкпенің, беттің өсуі. Мұңдай құбылысты акромегалия деп атайды [1].
Соматотропин гормонының әсері қалқанша бездің гормондары болған жағдайларда күшейе түседі. Бұл гормондар митохондрияда тотығу құбылысын күшейтіп энергетикалық алмасудың артуына алып келеді. Қалқанша бездің гормоны - тироксин әсерінен ұлпалардың глюкозаны пайдалануы жоғарылайды. Жас жануарлардың қалқанша безін алып тастаса ағзада негізгі алмасудың және жыныстық жетілудің тежелуі байқалады, орталық жүйке жүйесінің тітіркенушілігі төмендейді, рефлекстің түзілуі баяулайды. Адамдарда қалқанша бездің гипофункциясы балалық шақта байқалатын болса кретинизм ауруы дамиды. Ол психикалық кемтарлықпен, өсудің және жыныстық дамудың тежелуімен, дене бөлімдерінің даму диспропорциясымен (түтікті сүйектердің қысқа және қалың болуы) сипатталады.
Акселерация - балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жылдамдауы. Соңғы 100 - 150 жылда балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық жетілуі мен сомалық дамуының жылдамдауы байқалады.
Бұл құбылыс XIX ғасырдың 30 жылдарыңда және XX ғасырдың басында балалар мен жасөспірімдердің сомалық және физиологиялық даму көрсеткіштерін салыстырып зерттеулер негізінде байқалған. Акселерация құбылысы тіпті құрсақ ішіндегі баланың дамуында да байқалған, мысалы XIX ғасырдың 30 жылдарымен салыстырғанда XX ғасыр басында жаңа туылған нәрестелердің денесінің орташа ұзындығы 0,5 - 1 см, салмағы 50 - 100 грамнан көп болғаны анықталды. Емізулі балада да өсудің біршама жеделдеуі байқалады. Ертеде нәрестенің дене салмағының екі еселенуі 6 айда байқалған болса, XX ғасырда 4 - 5 ай аралығыңца байқалған. Сол сияқты, нәрестелерде сүт тістерінің шыға бастауы да бұрынғы кезбен салыстырғанда ертелеу байқалған. Бір жасқа жеткен балалардың салмағы осыдан 50 жыл бұрын қазіргі кезбен салыстырғаңда 1,5 - 2 кг кем болған. 1880 жылдан 1950 жылға дейін Еуропа мен Солтүстік Америкада әрбір 10 жыл сайын 5 - 7 жасар балалардың денесінің ұзыңдығы орташа 1,5 см көбейіп, ал салмағы 0,5 кг артқан. 13 - 15 жасар жасөспірімдерде тиісінше 2,5 см және 2 кг өсіп отырған. XIX ғасырмен салыстырғанда XX ғасырда адам ағзасының өсуі де ертерек тоқталған. Қазіргі уақытта қыздардың өсуі көпшілік жағдайларда 16 - 18 жаста, ал ұл балаларда 18 - 19 жаста тоқталады. Ұзын сүйектердің өсуі эпифиз бен диафиз арасында сүйек ұлпасының өсу жолағы деп аталатын шеміршекті қабаты сақталғанша жүреді. Қашан да оның орнына сүйек ұлпасы дамыса, онда сүйектің ұзарып өсуі тоқталады. XX ғасырдың 70 жыддарындағы әскер жасындағы ұлдардың бойы 40 жылдармен салыстырғанда орташа 8 см ұзын болған. Акселерация себептері туралы бірнеше пікірлер айтылуда. Бір болжам бойынша өсу мен дамудың жылдамдауын тамақтанудың жақсаруы, ағзаға дәрумендер мен ақуыздардың кептеп келіп түсуінен деп түсіндіреді (Таннер, Ленц). Балалар ауруының азаюы, оларға медициналық жәрдем берудің жақсаруы, гигиена және аурудың алдын алу шаралары да дамудың жеделдеуіне өз ықпалын тигізбей қоймайды. Кейбір пікірлер бойынша өсу мен дамудың жылдамдауы жердің магнит аймағының, иондаушы сәуле шашулардың және күн радиацияларының әрекетінің жылдан - жылға күшеюінен де болуы мүмкін. Сол сияқты, көптеген телерадио қондырғылардан шығарылатын электромагнитті толқындардың әсерлері де дамуды тездетуі мүмкін деген пікірлер айтылуда.
Урбанизация пікірі бойынша акселерацияның негізгі себебі қаладағы тіршілік жағдайларының балалардың жүйке жүйесін жоғары дәрежеде тітіркендірулері болуы мүмкін деп болжамдайды.
Дегенмен, жоғарыда келтірілген факторлардың ешқайсысын да акселерацияның негізгі себебі деп қарастыруға болмайды. Шамасы акселерация көптеген факторлардың бірлескен әрекетінің нәтижесі болуы әбден мүмкін. Сондықтан да оны әрі қарай әр түрлі мамандар дәрігерлер, педагогтер, биологтар, юристтер т.б. терең зерттеулері қажет.
Жыныстық жетілу (репродуктивтік) кезеңі қыздарда 11 - 13 жаста, ұл балаларда 12 - 14 жаста басталады. Оның бірден - бір белгісі қыздарда алғаш рет етеккірдің келуі, ал ұлдарда поллюцияның, яғни түнде ұйықтап жатқанда еріксіз шәуеттің бөлінуі болып саналады. Репродуктивтік кезеңді алғашқы репродуктивтік кезең - 35 жасқа дейін, соңғы репродуктивтік кезең 36 - 55 (60) жасқа дейін деп бөлінеді.
Алғашқы репродуктивтік кезеңде де адам ағзасы әрі қарай 18 - 20 жасқа дейін өсе береді.
Осы кезде оның соңғы жыныстық белгілері дамып жетіледі, дене тұрпаты (конституциясы) қалыптасады.
Репродуктивтік кезеңнің аяқталуы әйелдерде менапаузаның (климакс) келуі, ер адамдарда сперматогенездің тоқталуымен байланысты. Көптеген адамдарда бұл кезде кәсіби еңбек ету қабілеті толық сақталған, ақыл естері кемелденген, актив тіршілік ету мүмкіншілігі мол болып келеді.
1 Онтогенез механизмдері
Онтогенез механизмдері және оның факторлары бір - бірімен тығыз байланысқан күрделі жүйе болып келеді. Онтогенезде аса маңызды құбылыс клеткалардың бөлінуі. Ол әр түрлі уақытта, әр түрлі жерлерде, әр түрлі жылдамдықпен өтеді.
Миграция немесе клеткалардың орын ауыстыруы гаструляциядан бастап аса маңызды құбылыс болып табылады. Клеткалар жалғыз - жалғыздан (мезенхима) немесе пласттормен (эпителий) орын ауыстыра алады. Қозғалуы амебалар сияқты. Клеткалар миграциясының 2 гипотезасы белгілі. Біріншісі хемотаксис арқылы дистантты әсер етумен, екіншісі - контактты әсер етумен (клетканың субстратпен әректтесуі). Клеткалардың миграцияларының бұзылуы мүшелердің толық жетілуіне, олардың орындарының ауысуына әкеледі. Мысал үшін: агирия (тегіс ми, яғни ми қыртыстары, үлкен ми сыңарларының жүлгелерінің болмауы).
Клеткалардың сұрыпталуы. Эмбриогенез процесінде клеткалар тек қана орын ауыстырмайды, олар сонымен қатар бір-бірлерін танып жабысады, нәтижесінде белгілі бір клеткалардың жиынтығы түзіледі. Бұл процесс таңдалмалы адгезия деп аталады. Клеткалардың сұрыпталуының негізгі шарты: олардың мембраналарының ерекшеліктеріне және қозғалу деңгейіне байланысты клеткалар бір-бірін беттік заряд шамасы және мембраналарының антигенді қасиеттері арқылы таниды.
Жасушалардың өлуі. Бұл механизм дене қуысы, тамырдың, аяқ қолдардың түзілуі кезінде және орталық жүйке жүйесінде байқалады. Бұған мысал шабақтарда болатын құйрықтың, ішектің, желбезек қақпақшаларының реабсорбциясы. Адамда 9-10 құйымшақ омыртқаларының жоғалып кету [5].
0.1 Онтогенетикалық жіктелу немесе дифференцировка
Онтогенетикалық жіктелу (дифференцировка) дегеніміз - даму барысында организмде (немесе жеке бөлігінде) морфологиялық өзгешеліктердің (мүшелердің) пайда болуы. Бұл процестер нәтижесінде шығу тегі бір клетканың арасында құрылымдық, химиялық, функциональді айырмашылықтар пайда болады. Мысал үшін омыртқалы жануарларда 100 типті дифференциалды клетка бар. Клеткалардың дифференциациясы гендердің дифференциальді экспрессиясы жолымен және цитоплазмамен басқарылады.
Дифференцировканың (жіктелудің) генетикалық негіздері
Онтогенездің барысында клеткалар мен ұлпалар мүшеленуінің генетикалық механизмдері өте күрделі. Онтогенезді генетикалық зерттеудің бастапқы кезеңі: бір ген - бір белгі, немесе ген ДНҚ - РНҚ - белок - белгі заңдылығына сәйкес белгінің қалыптасуындағы геннің әсеріне талдау жасау болып табылады. Клеткалардың жіктелуі (мүшеленуі) деп ұрықтанған жұмыртқа клеткасының бөліну кезеңіндегі бір - бірінен айырмашылығының қалыптасудың соңында әр түрлі мамандандырылған арнаулы ұлпалардың пайда болу процесін айтады. Микроскоп арқылы бір организмнің ұлпаларының клеткалары бір бірінен құрылысы, көлемі, сырт пішіні өзгеше екенін көруге болады. Сонымен қатар әр түрге жататын жануарлардың бір түрлі ұлпаларының клеткаларының ұқсастығы байқалады. Бұл клеткалардың әр түрінің өзіне тән ерекше қызмет атқаруына бейімделуіне байланысты. Клеткалардың жіктелу механизмін анықтау қазіргі биологияның басты мәселелерінің бірі. Жіктелу қайтымсыз процесс болғандықтан кейбір авторлар жіктелу негізінде әрбір клеткаларға гендердің әр түрлі саны болады деп түсінген. Бұл ұғымның қисықтығы дәлелденді. Біздің ғасырдың басында бір сомалық клетканың ұрықтанған жұмыртқа клеткасындағыдай мөлшерде хромосомалары болатыны көрсетілді. Клеткалардың жіктелуі кезінде гендердің түсіп қалуы жөніндегі сұраққа арнаулы эксперименттерде ядроларды ауыстырып салу жауап берді. Дж. Гердон (1962) ультракүлгін сәулемен бақаның жұмыртқа клеткасының ядросын бұзып, оның орнына жаңа туған бақаның ішек эпителиінің ядросын отырғызды. Қалыпты бақалардың дамуын осы ядролардың азғана проценті қамтамасыз етті. Бұл зерттеулер ішек клеткаларының ядролары организмдегі барлық клеткалар типінің жіктелуіне жететін гендері бар екенін көрсетті. Кейінгі жұмыстарында Гердон алғашқы он рет бөлінгенде бақа эмбрионының дамуында ядроларда РНҚ синтезделмейтінін көрсетті. Клетка бұл кезеңде жылдам бөлініп ДНҚ - ны еселейді. Сонымен қатар клеткаларда белок синтезделе береді, оны аналық геномдағы жұмыртқа клеткасының ДНҚ- сында ұрықтанғанға дейінгі пайда болған РНҚ атқарады. Ұрық ядроларында иРНҚ синтезі орта бластула сатысында басталады. Соңғы бластула сатысында жаңа тРНҚ және гаструла сатысында рРНҚ түзіледі де жаңа рибосомалар пайда бола бастайды. Бұл кезде ұрықтың алғашқы клеткаларының үш типі жіктеліп бітеді: эктодерма, эндодерма және мезодерма. Алғашқы зерттеулерде негізгі эксперименттер тікен терілер мен (теңіз кірпілері), қосмекенділерге (бақа, саламандралар) жүргізілді, себебі олардан жұмыртқа клеткаларын алып ұрықтандыру және ұрықтың даму кезеңін бақылау оңай. Құстардың эмбриогенезі жұмыртқаның қалың қабыршығы астында, ал сүтқоректілердікі анасының жатырында өтеді. Бұл олармен жұмыс істеуді киындатады. Тек кейінгі жылдарда ғана тышқандар ұрықтарының ерте сатысын бақылайтын әдіс жасалды[6].
Көп клеткалы организмнің барлық клеткаларында гендердің ұқсас жиынтықтары болады, бірақ түрлі уақытта әр түрлі тканьдерде сан алуан гендер әрекет етеді, солардың арқасында жіктелу іске асады. Ген әсерінің реттелуі әр түрлі: репликация, транскрипция және трансляция деңгейлерінде болады.
Репликация деңгейіндегі реттелу. Реттелудің бұл типі дәл осы мезгілде қажетті немесе қажетсіз гендер көшірмелерінің санын көбейту немесе азайту есебінен жүзеге асырылып отырады.
Кейбір жағдайларда гендердің саны емес, хромосомалардың немесе ДНК молекулаларының саны көбейеді. Дифференцировка процесінің барысында интенсивті қызмет етіп жатқан соматикалық клеткаларда полиплоидизацияның жүруі мүмкін. Егер көп клеткалыларда полиплоидты ядролар тіпті кездеспеуге жақын болса, қарапайымдарда олар ірі системалық категорияларға тән болады. Мәселен, инфузорияларда ядролық дуализм - бір мезгілде қатарынан екі ядроның - диплоидты генеративтік (микронуклеус) және вегетативтік немесе соматикалық (макронуклеус) ядролардың кездесуі орын алады. Кейбір инфузориялардың макронуклеусі жоғары полиплоидты болып келеді.
Жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің мүшеленген тканьдарының клеткаларында эндомитоз және политения құбылыстары байқалады. Мәселен кейбір өсімдіктердің крахмал түзетін клеткаларында, сүтқоректілердің бауыры мен ішек эпителиінде эндомитоз жүреді, соның нәтижесінде полиплоидия орын алады. Бұндай жағдай сілекей бездерінің интенсивті қызмет жасап жатқан ядроларына, ішекке және қосқанаттылар личинкаларының малпигий түйіршіктеріне де тән. Осы мысалдардың бәрі хромосомалардың күйі мен санының организм сомалық клеткаларының морфофизиологиялық жіктелуімен сөзсіз байланысы бар екенін көрсетеді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz