Шумерлер және қазақ тілі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

СӨЖ
Тақырыбы: Шумерлер және қазақ тілі

Орындаған:
Тексерген:

Алматы, 20..
Жоспар
Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Сына жазуы мен руна жазуындағы ұқсастықтар
2.2. Шумер тілін зерттеген ғалымдар тұжырымы
III. Қорытынды

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Евфрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге Шумер өркениеті деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының фәлсафалық мәйегі, ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.
Ғылыми жобамыздың мақсаты - түркі тілдерінің шығу тегін шумерлерден іздеу әрі түркі тілдерін шумерлер тілімен байланыстыру қаншалықты дұрыс екендігіне көз жеткізу. Сонымен Шумер мен түркі тілінің терең тілдік талдауына бармағанның өзінде, олардың арасындағы түбірлік мәндегі ұқсастықтардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Бұл паралелдер қазіргі кезде татар, азербайжан, хакас, өзбек, түркімен ғалымдары да тарапынан өз тілдерінің тарихымен салыстырмалы түрде қаралу арқылы жасалуда Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мемлекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып тұрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ. Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. Шумерлер -- ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жасаған да осы шумерліктер. Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты. Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жaсады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер -- шумер тілі мен әдебиетімен қатар, математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған. Мектептерде шәкірттердің білімін сараптайтын сынақ жүйесі болды, медицина, сот істері бір ізге қойылды, сәлемхат жазба түріндегі елшілік қарым-қатынас, келісім шарттарға ерекше мән берілді, қазыналық кіріс-шығыс есебі мұқият жүргізілді. Әдебиет пен өнер өркен жайды. Адамзат қауымының тұңғыш әдебиет үлгісі, сына жазу арқылы бізге келіп жеткен даңқты Гиль-гамеш туралы аңыз қасиетті шумер елінде дүниеге келді. Бұл тамаша дастанда адам өмірінің мәні мен маңызы туралы мәселе көтеріліп, өлім мен өмірдің арақатынасы жайында фөлсафалық толғаулар айтылады. Қос өзеннің байырғы түрғындары -- шумерлердің діни наным- сенімдері де, мифологиясы да жан-жақты дамыған. Өз қүдайларын діңгір-тәңір деп атаған шумерлер өлемнің жаралуының басын Ан-Ки деп білген. Аны -- аспан, Киі -- жер, демек олар көк иесіне Ан деген, ал жер иесіне Ки деген атақ берген. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам Құдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил, Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг, Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш және т.б.

2.1. Сына жазуы мен руна жазуындағы ұқсастықтар
Шумер тілінің түркілік түбірі тіпті қазіргі қазақ тілімен жай ғана салыстырғанның өзінде анық байқалады.

Шумер тілінде
Қазақ тіліндегі баламасы
Мағынасы
а-руа

Әруақ
Ғұрыпқа байланысты құрбандық беру рәсімі
аба-уру
ата ру
Ру ақсақалы
ага-уш
Аға күш
Жауынгерлер мен әскерлердің қолбасшысы
Дингир
Тәңір
Құдай
калам
ғалам
Тарап, бағыт
кен
кеңесу
жиналыс

Алғашқы жыр - дастан болып табылатын Шумерлік Гильгамеш жыры (Бильгамеш) түркілік түбірлерге толы. Мысалы: отқа салса күймейді, суға батпайды (Алпамыс секілді), өлімнен қашып, мәңгілік өмір шөбін іздейді (Қорқыт секілді). Мәңгілік өмірге ие болған, топан судан аман қалған ата - бабасы Утнапиштиді (өмірдің қыспағын көрдім, отына пістім, бірақ та адамдар ішінде жалғыз өзім мәңгілік өмірге ие болдым) іздейді.[1]
Сонымен Шумер мен түркі тілінің терең тілдік талдауына бармағанның өзінде, олардың арасындағы түбірлік мәндегі ұқсастықтардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды.
Шумерше
Түркше-қазақша
Дингир (Діңгір)
Тәңірі (Көк, Құдай)
Ене
Ана, ене
Ада
Ата (әке)
Баба
Баба
Ту
Туу
Шоба
Шопан
Ме
Мен
Зе
Сен
Хур (Құр)
Қыр
Кур (күр)
Көр (мола)
Узук (ұзық)
Ұзын
Гештуг (есту)
Құлақ
Дили (тілі)
Тілік, тілу, сызық
Кыз
Қыз
Билге (білге)
Білгір, батыр, көнекөз

Шумерлер жазуында ‒ иероглифі болған, оны кур деп оқыған, кир деген сөз ел, отан, жер деген мағынаны берген. Бір қызығы, көне түркі белгісі ‒ йер, йир, жер деген мағыаны білдіреді. Сонымен бірге көе түркілердің ‒ руникалық белгісі дыбыстық н мағыасында оқылады. [2]
Көне шумерлік жазу сына жазу деп аталады. Сына жазудың жалпы белгісі сына тәріздес таңбалар күйі, жұмсақ саз балшыққа сына тәрізді таяқшамен басу жолымен алынған. Шумер сына жазуы негізінде логографиялы немесе бір белгі бір сөзді көрсетеді. Түркі тілдес халықтар біздің ғасырымыздың бірінші мыңжылдығының ортасында руникалық жазу деп аталатын өз жазу жүйелерін қолданды. ХХ ғ. 60-шы жылдары неміс ғалымы Курт Вальтер Керам: Шумерлер тілі көне түркі тіліне ұқсас деп кесіп айтқан еді. Қазақстан ғалымдары арасында осындай пікірді түрік танушы ғалым А.С. Аманжолов 1969 жылы Германияда өткен конференцияда жасаған баяндамасында айтқан. Кеңес өкіметінің лингвист ғалымдары өре түрегеліп қарсы шықты, ия бұл сол кездегі идеологиялық, шовинистік пиғылдармен сай келмейтін [3]. Расында, бұл тақырып қазақ ғалымдары арасында қолдау таппады. Олар Алдыңғы Азиядағы өлі тілдер бойынша Кеңестік мектептің ірі маман болып табылатын И. Дьяконовтың сөзсіз авторитеті алдында бас иіуге мәжбүр болды. Осы Германиядағы конференцияда И. Дьяконов: В настоящее время шумерский язык приходится считать изолированным и родство его с каким бы то ни было другим языком - неустановленным деген еді. Кейінгі зерттеулер А.С. Аманжоловтың келтірген деректерінің дәлдігі мен ақиқатын айқындай түсуде. Осы уақыт аралығында көптеген шет елдік ғалымдардың, шумерлер мен түркілер тілінің туыстығын растайтын зерттеулері жарық көрді. И.М. Дьяконовтың шумерлер мен түркілер тілінің туыстығығын байқамағандығын көрсете отырып, Олжас Сулейменов оның кітабындағы түркі тіліне ұқсас 60 шумерлік сөздерді атап көрсетті (ада - отец (ата), ама - мать (ана), ту - родить (ту, туу), ере - муж (ер, еркек), рядовой воин (өрен), угу - стрела (оқ), таг - прицепи(тақ), заг - сторона(жақ), бильга - мудрый (білгір), предок, ме - я (мен), зе - ты (сен), ане - вот (әне), гуд - бык, гаш - -птица (құс), кир - грязь (кір), земля (жер), уш - три (үш), у - десять(он), кен - широкий (кең), узук - длинный (ұзын), туш - спуститься (түс), уд - огонь (от), удун - дерево(отын), дрова, дингир - бог (тәңір), небо, тенгир - бог, небо және т.б.). О. Сулейменов әр бір сөзді тыңғылықты талдауға алып, шумер-түркілік түбірінің сәйкестігін анықтай отырып, төмендегідей қорытынды жасады:
а) ұқсастықтардың жүйелілігі бар, өйткені олар өмірмен байланысты;
б) шумер және түркі тілдері ұзақ уақыттар бойы өзара анық ықпалдастықта болған;
в) бұл тілдер генетикалық жағынан емес, керісінше өзара мәдени ықпал етулер нәтижесінде туыстасқан [4].

2.2. Шумер тілін зерттеген ғалымдар тұжырымы
Шумер-түркі тілінің байланыстары туралы 1947 жылдан бастап талмай зерттеу жүргізген түрік ғалымы Осман Недим Тун еді. Өз зерттеулерінің нәтижесімен халықаралық конгресстерде баяндама жасап, көптеген мамандардың кеңесіне жүгініп, тек 1990 жылдан кейін ғана шумер-түркі тілінің байланыстарына арқа сүйей отырып түркі тілінің жасын анықтауға арналған еңбегін жарыққа шығарды. Бұл кітапта О.Н. Тун көне түркі тілімен түбірлес 168 шумер сөздеріне тарихи-салыстырмалық зерттеу жүргізіп, екі тілдің фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін талдауға алған. Нәтижесінде ғалым шумер және түркі тілінің генетикалық туыстығы бар деуге дәлелдердің аздығын алға тарта отырып, осыған дейін табылған материалдар екі тілдің бір-біріне өте қатты ықпал етіп отырғанын атап өтеді [5]. О.Н. Тунның айтуынша түркі тілі 5500 жыл бұрын-ақ, оны пайдаланушылар арасында логикалық дамытылуға ие болып, фонетикалық құрылысы мен грамматикалық жүйеленуі қалыптасқан. Егер де бұл жүйенің дамуына дейін тағы да 5500 жыл қажет болғанын ескерер болсақ, онда түркі тілінің жасы шамамен 11 мың жыл болуға тиіс деді. Ал, түркі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.Бахтидің Шумерлер,скифтер, қазақтар кітабына аннотация
Шумерлер тілінің мәдениеті
Еуразия құрлығындағы сақ империясындағы тәлім-тәрбие
Ежелгі Месопотамия мәдениеті
Ежелгі қосеөзен мәдениеті
Ежелгі қосеөзен мәдениеті туралы мағлұмат
Олжас Сүлейменов және түркітану мәселелері
Шет елдік Азия археологиясы
Месопотомиядағы мемлекеттер
Ежелгі Месопотамия және Иран мәдениеті
Пәндер