Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - дана адам



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мен үшін лидер (эссе)
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында тұңғыш елбасы болды. Елбасымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылды.Елбасының бастауымен менің елім әлемге танылды. Елімнің елдігін көрсетіп, елдігін танытқан да осы елбасым.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.Ол-талантты тұлға өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат.Оның еліне жеріне деген махаббатын естімеу, көрмеу мүмкін емес.Біз оны елбасымызды әрбір ісінен,сөйлеген сөзінен, халыққа жолдаған жолдауынан білеміз.Қазақстанды тәуелсіз елдер қатарына қосып, қажырлылық пен жұмыс жасау арқылы еліміз ең үздік елу мемлекеттің қатарына кірді.Қазақ халқының атын әлемге танытқан алаш баласының абыройын асқақтатқан тұлға-Елбасы.Ол - менің Президентім!Мемлекет басқару - бұл өте қиын іс мәртебелі міндет.Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш- жігерін жұмсайды.Қазақстаның әр облыс орталықтарына,қала,аудандарына барып халықпен кездеседі.Елбасымыз жастарға көп көніл бөледі, олардың тілектерін тыңдап, жастар мәселелерін шешеді.Елбасымыздың игі істерінің бірі- мемлекетіміздің Тәуелсіздігі.Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көркейіп, Астанамыз гүлденуде.Біздің елде тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
Елбасымыз шыдамдылықпен,еңбекқорлықтың арқасында әлемге танылды. Ең үздік саясаткер ретінде бүкіл әлем халықтарына әйгілі тұлға. Елбасымыз біз үшін жастар болашағы үшін жарқын болашақ есігін айқара ашты. Білім алып,елімізді басқа да үлкен мемлекеттерге таныту мақсатында Болашақ бағдарламасын жасады. Қазақ жастары білім алсын деген сеніммен,өзінің атында мектеп және жоғары оқу орындарын да ашты.
Біз ең бай мемлекетпіз, халқымыз ең бақытты халық. Даламыз егісті,Ордамыз қеңесті! Елімнің елдігін көрсетіп, ерлігін танытқан да елбасым. Елбасының үздік еңбегі осы нұрлы күнге жеткізді.
Табандылықпен жасалған істің, әрқашанда жүзеге асатынын біле отыра, біз де елбасымызбен бірге болашақты құру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық шараларға өз үлесімізді қосамыз. Мен де елбасымның еңбегін бағалай келе өз алғысымды білдіремін.
Ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздіктің 23 жылдығын да тойлауда. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.Тәуелсіздік ата- бабаларымыз аңсаған арман! Сол арман елбасымыздың жігерлі еңбегі арқасында орындалды. Осы 23 жылда Қазақстан әлем сахынасында мақтанарлықтай беделге ие. Мемлекетіміз осындай аз уақыт ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің аяғына нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету экономикамыздың жедел қарқынымен дамуы- қазіргі таңдағы стратегиялық бағыттар елбасымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтежиесі.
Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-дана адам. Біз өз болашағымызға сенімдіміз, біз өзіміздің Елбасымызға сенім артамыз!
Әлемдегі танымал зияткер адамдардың барлығы, біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаткерлік қызметіне ең жоғарғы баға береді. Оның куәсі ретінде Татарстан мемлекеті біздің елбасымызға ел ағасы деген атақ беруін атап өтуге болады. Біздің елбасымыз өз елінде бейбітшілікті сақтап қоймай, әлемдік саяси мәселелерді шешуге де, белсене ат салысатын тұлға. Барлық әлемге бейбіт өмір сүріңдер деп ұран салған да біздің елбасымыз.
Қазақстанның жаңғыруының, дамуының басты бағыты ретінді елбасымыздың өзінің Нұрлы Жол- болашаққа бастар жол атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауынан білуге болады. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын дамытып, әлемде ең дамыған отыз елдің қатарына қосу деп білеміз. Біздің елбасымыз Қазақстан халықтарының мүдесі үшін қызымет етеді. Біздің ел басымыз әр сөзінде жастарды экономикалық жағынан дамыған, тәуелсіз және қуатты Қазақстанды салуға белсенді үлес қосуға шақырады.
Нұрлы Жол тұрақтылыққа, тыныштыққа, көркейуге бастайтын жол деп білемін.Еліміздің өркендеуіне халқымыздың жақсы өмір сүруіне, өз ғұмырын арнаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. Ә. Назарбаев шығармаларындағы көркемдік айтылымдар
Егер мен Президент болсам
Елбасы қызметі
Бабаларымыздың арманы
Н. Назарбаевтің саяси портреті
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Бостандыққа жету жолымыз
Тарих толқынындағы және жаңа дәуірдегі Қазақстан
1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні
Тарихтар жеткізген тәуелсіздік
Пәндер