Алаш ардақтылыры көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Эссе

Алаш ардақтылыры көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.

Алла тағала әрбір пендесін жаратқанда оның ұлтын, соған орай дінін, тілін айқындап берген. Дүниеге келген әрбір адам - өз ұлтының бөлшегі . Өлшеп берген ғұмырын мәнді де мағыналы өткізу үшін рухани құндылықтарды бойына сіңіре отырып, кейінгілерге де соны үлгі-өнегі ретінде қалдырса, нұр үстіне нұр. Ұлт перзенті ретінде менің міндетім - сан ғасырлық тарихи қазынаны нар жүгіндей көтере білу деп білемін. Себебі тарихты білмей, болашақты болжау қиын. Өткенімізбен бүгінгіміз тығыз байланыста екенін бала болсақ та сезініп білеміз.

Үлкендердің айтуына қарағанда, мектеп қабырғасында олар көптеген тарихи шындықтан мақұрым болып келген екен. Сондай шындықтың бірі- Алаш қозғалысының мақсаты мен мүддесі. Тарихи шындық бұрмаланып кеткендіктен ұлтын ұлықтағандарға деген көзқарас Кеңестік кезеңде мүлдем теріс болған. Бүгінде жағдай енді басқаша . XX ғасырдың басындағы дүрбелең кезеңде «елім», «жерім» деп шырылдағандар тарихи тұлғаға айналатындарын сол кезде сезініп біліп пе?!

Не нәрсеге де белгілі бір себеп пен салдар түрткі болады. Қай кезде де қазақтарды «бұратана» халық деп санап, оларды басын көтермейтіндей ұстағысы келген Ресейдің зұлым саясатын сол уақытта болжап білгендер некен-саяқ еді

Сол сияқты, қазақ хандығы жойылып кетпес үшін Ресейдің қол астына кірген Әбілқайыр ханның ендігі арманы тәуелсіз ел болу еді. Ондай атты күннің оңайлықпен келмейтінін тереңінен түсінген Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышпаев сияқты ұлт зиялылары алған беттерінен қайтпауға бекінді. Ақыры 1913 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен жалпы қазақ съезінде Алаш автономиясы жарияланғаны тарихтан белгілі. Енді бұлардың алдына көптеген күрмеуі шешілмеген мәселелер тұрды. Алашордашылардың ең ұлы мақсаты - ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясы және сауатсыздықтың түндігін түру. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасуымен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен. Бұл жағынан сан ғасырдан ұйықтап жатқандай күй кешкен халқын ояту оңайға соқпайтынын, әрине, танып білді.

М. Дулатовтың:

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!

Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.

Алашағың аз ба мына дүниеден,

Болашағың емес пе еді зор ғажап-

деген сөзінің қазір де құнын жоғалтпауы көп нәрсені аңғартпай ма?! Жарқын болашаққа жету үшін білімнің қаншалықты маңызды екенін аз сөзбен -ақ жеткізе білді .

Құрғақ үндеумен шектеліп қана қоймай, аз уақыттың ішінде сөз бен істі жымдастыра білгені қаншалықты жанкештілік болғанын біз тарихтан сезініп отырмыз. Мемлеткеттік нышандар мен негіздерді қалыптастырып, әскер құрды, заң ережелерін бекітті. Сол қайраткерлеріміз атқарып кеткен қыруар шаруа республикасының негізін қалыптастырды. .

Кеңестік кезеңде «алашордашылар» деген атақпен жағымсыз кейіпкер болып келгендер бүгінде мүлде басқа қырынан танылып, білінуде. Ұлт болашағы үшін аз уақытта тындырып кеткен толағай істері 100 жыл өтсе де маңызын жойған жоқ. Олардың көре алмай кеткен армандары бүгінде артығымен орындалды деп айтуға толық негіз бар.

Бүгінгі таңда Алашордашылардың ізімен жалғасын тауып жатқан жұмыстар жетерлік. Соның бірі Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру атты Елбасының мақаласы. Бұл бастамадағы еліміздің басты мақсаты көштен қалмау емес, көш бастаған елдердің қатарында болу. Бұндай қадам тек, саяси экономиканың дамуымен ғана шектелмей рухани жаңғыртуды да талап етеді. .

Қай мемлекет болса да білімді ұрпағымен өркендейді. Ата - бабаларымыз қорғап кеткен жерімізде тәуелсіз еліміз өсіп - өркендеуде. «Бұратана» деген халқымыз кім де болса бұрылып қарайтындай дәрежеде, аллаға шүкір. Әрине, бұған жету үшін қыруар тер төгіп, еңбектену керек. Сонда ғана басқалармен тереземіз тең болады. Жан дүниемізді рухани жаңғырта отырып, әлі де болса биіктен көрінетінімізге кәміл сенімдімін Соған қарай батыл қадам жасайтындардың ішінде болатыным үшін мен өзімді бақытты сезінемін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз
Махамбет өлеңдеріндегі ( Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс, Еңселігім екі елі ) ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдау
Әдебиеттанудың философиялық әдістемелік мәселелері жайлы
Әдебиет - тарихтың айнасы
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Алашорда
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны
Конституциялық құқықтық интернационализациялау
Көнеден жаңаға бет алған образ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz