Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Дәріс 1:Кіріспе. Еңбек қорғау мен еңбек қауіпсіздігінің негізгі анықтамалары
Дәріс жоспары:
1.Курстың мақсаты және мазмұны
2.Негізгі анықтамалар мен түсініктемелер
Курстың мақсаты және мазмұны. Негізгі анықтамалар мен түсініктемелер. Еңбек қорғау мен еңбек қауіпсіздігі туралы негізгі түсініктемелер толық көлемде келесі құқықтық және нормативтік құжаттарда көрсетіледі: Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік туралы заң, Қазақстан Республикасының еңбек кодексі және т.б. Кез - келген адамның практикалық қызметтерінде көрініс табатын құжаттардың бірнеше түріне тоқтала кетейік. Бұл анықтамаларды білу адамның еңбек үрдісі және басқа қызметтерде өмір сүруімен байланысты мәселелерді тереңінен түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 1- тарауында еңбек қорғау түсінігіне келесідей анықтамалар беріледі: - бұл еңбек қызметі үрдісінде жұмысшылар өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның құрамына құқықтық, әлеуметтік - экономикалық, техникалық - ұйымдастырушылық, санитарлы - эпидемиологиялық, емдеуші - профилактикалық, реабилитациялық және басқа шаралар мен құралдар кіреді.
Бұл анықтама еңбек қауіпсіздігі анықтамасымен үндес болып келеді - шаралар кешенімен қамтамасыздандырылған, еңбек қызметі үрдісінде жұмысшыларға өндірістік және зиянды факторлардың әсер етуіне жол бермейтін жұмысшылардың қорғалу жағдайы.
Бұл екі анықтамадан көретініміз еңбектің ең негізі екені, ол материалдық, рухтық және де басқа да адам өмірі мен қажеттілігін қанағаттандыратын құндылықтарды құруға бағытталған адамның қызметі. Еңбектің осы анықтамасына байланысты адамның қызмет ету сферасы көпжақты: білімдік, спорттық, мәдени, құрылыстық және т.б.
Қызмет ету түрлерінің ішінде білім алу аса қауіпті емес болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, білім алуға қызметке жүйесіз түрде жақындау уақыттың көп мөлшерін жоғалтуға алып келеді және соңында жүйкелік олқылық пен жүйке күйзелісіне алып келуі мүмкін.
Сондықтан көптеген ата - аналар өз балаларында білімді қалыптастыру кезінде түрлі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарына жүгінеді: бала бақшалар, мектептер, жоғарғы оқу орындары және т.б. Олар балалардың кез - келген қызмет сферасында білім алуға дайындау жүйесінің белгілі тәжірибесін жинақтаған. Бұдан шығатын тұжырым, еңбек қорғанысы мен қызметі аумағында эргономикалық, санитарлық - эпидемиологиялық, психофизиологиялық және басқа да мұқтаждықтарды құрамына кіргізетін нормативтер дайындалу керек. Демек, адам үшін төлемақы жағдайы, жұмыс уақыты режимі мен демалу уақытының нормалануын, уақытша жоқ міндеттемелерінің орындалуын, еңбек қорғанысы мен қауіпсіздігінің орындалуын, өндірістік - тұрмыстық жағдайларды құрамына қосатын еңбек жағдайын құру керек.
Көріп отырғандай, еңбек жағдайлары қоғам мен адамның қарым - қатынастарының түрлі аспектілерін қамтиды. Олар құрамына өз кезегінде қызмет көрсету зоналарының кеңеюін және уақытша жоқ жұмысшы міндеттерін орындау сияқты қарым - қатынастарды кіргізеді. Алайда, бұл қарым - қатынастар еңбек жағдайлары жақтарының келісімімен іске асырылуы керек. Бұдан шығатын тұжырым, келісуші жақтар өздерін қанағаттандыратын оңтайлы шешімдер таба білуі керек.
Қауіпсіздік нормалары - бұл сапалы және сандық көрсеткіштер, өндіріс жағдайлары сипаттамалары, ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлы - гигиеналық, биологиялық және басқа да нормалар қамтамасыз ету көз қарасынан, денсаулықты және жұмысшылар өмірін олардың еңбек қызметі процессінде сақтауға бағытталған өндірістік және еңбек процессі.
Басқа қауіпсіздік және еңбек заңнама түсініктемелері, анықтамалары және арнайы терминдері тіршілік әрекеті қауіпсіздігін оқытудың тиісті бөлімдерінде қарастырылады.
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысының негізгі мақсаты - бұл адамды антропогенді, техногенді және табиғи құрылымдағы кері әсер етулерден қорғау және тіршілік әрекетінің ыңғайлы жағдайларына қол жеткізу.
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысының зерттеу объектілері - тіршілік әрекеті үрдісіндегі адам, табиғи және өндірістік орта және жабдықтар, адамның қоршаған ортамен, өндірістік қондырғымен және технологиялық үрдістермен байланысы, еңбек және өндіріс ұйымдастырулары, сонымен қатар авариялық - құтқарушы және басқа да жұмыстар.
Ғылым ретінде тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысын, еңбек жағдайларын және жұмысшылардың толықтай қауіпсіздігімен қатар олардың өмір сүру әрекетінің жоғарлату жағдайларын жасау шарттарын зерттейді.
Пәннің зерттеу міндеті болашақ мамандардың мемлекет стандарттарына сәйкес мамандықтары бойынша білу талаптарына байланысты болады.
Тіршілік ету қауіпсіздігі - бұл адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым - қатынасына және оның қорғалуына бағытталған шаралар кешені.
Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік ауылшаруашылық өндірістерде және басқа да қоғамның қызмет сфераларында пайдаланылатын ғимараттар, құрылыстар.
Ұйым - белгілі ережелер мен нормалар негізінде әрекет ететін мақсаттар мен бағдарламаларды бірігіп іске асыратын адамдар тобы.
Өндірістегі сәтсіз оқиға - жұмысшыға жұмыс міндеттемелерін немесе жұмыс беруші тапсырмасын орындау кезінде қауіпті өндіріс факторының әсер етіп, нәтижесінде өндірістік жарақаттың болуы, жұмысшы денсаулығының күрт төмендеуі немесе жұмысшының улануының, оның уақытша немесе табанды түрде жұмыс қабілеттігін жоғалтуына, кәсіби сырқатқа немесе өлімге алып келуін айтады.
Тәуекел - физикалық немесе заң тұлғасы әрекеттері нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекеттің мүліктік мүддесіне оның зардаптарының ауырлық деңгейлері есебімен зиян келтіру ықтималдығы.
Қауіп - қатер - белгілі бір жағдайларда қоршаған ортаға зиян келтіруге қабілетті ортаның энергетикалық жағдайымен, адам іс-әрекетімен келісілген кері құбылыс.
Нақты қызметтерде қауіп-қатерді құрушы көздерге төмендегілер жатады:
адамның өзі ағза - тұлға сияқты күрделі жүйе болып табылады, онда адам денсаулығы үшін жағымсыз, тұқым қуалаушылық, ағзанын мүмкіндіктерінің физиологиялық шектері, психологиялық бұзылулары және адамның антропометрикалық көрсеткіштері нақты қызметтерді жүзеге асыру үшін жарамсыз болуы мүмкін;
өмір сүру ортасы элементтері, кез - келген қызметтерде оларға жататындар:еңбектің құралдары және өнімдері, пайдаланылушы энергия, өмірдің климаттық жағдайлары немесе микроклиматтық жағдайлары, өсімдік және жануарлар әлемі, адамдар тобы, жеке адам;
адам және өмір сүру ортасы элементтерінің өзара әсер үрдістері.
Өмірлік циклда адам және оны қоршаған орта үнемі әрекет етуші адам - өмір сүру ортасы жүйесін құрады.
Өмір сүру ортасы - қазіргі уақытта факторлар жиынтығы мен байланысты, адам іс-әрекеті мен денсаулығына, оның ұрпағына тікелей, жанама, дереу, шалғай түрде әсер етуге қабілетті адамды қоршаған орта.
Осы жүйе бойынша әрекет жасау арқылы адам кемінде екі негізгі талаптарды орындайды:
өзінің тағамдағы, су және ауадағы қажеттіліктерін толтырады;
өзіне ұқсас және сонымен қатар өмір сүру ортасы жағынан келетін негативті әсерлерден қорғанысты құрып, оны пайдаланады.
Биосфера - техногенді әсерлер болмаған, атмосфераның төменгі қабатын, гидросфера және литосфераның жоғарғы қабатын құрайтын жердегі өмірді таратушы қабат.
Техносфера - адамдардың өздерінің материалды және әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен жоғары дәрежеде сәйкес келуі мақсатында техникалық құралдардың тік және жанама әсер етуі көмегімен қайта құрылған, биосфера аймағы.
Аймақ - биосфера мен техносфера жағдайларының ортақ сипаттамаларына ие территория.
Өндірістік орта - адамның еңбек әрекеттері іске асырылатын кеңістік.
Биосферадан техносфераға көшуге мүмкіндік туғызған:
жердегі халық санының өсуінің жоғары қарқыны (демографиялық жарылыс) және урбандалу;
энергетикалық ресурстардың шоғырлануы мен оның пайдалануының өсуі;
өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістің қарқынды түрде дамуы;
көлік құралдарды жаппай пайдалану;
әскери және басқа мақсаттардағы шығындардың өсуі.
Төтенше жағдай - адам өліміне себепкер болатын, оның денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне зиян келтіретін, апат нәтижесінде пайда болған белгілі бір территориядағы жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - стихиялы апаттармен (жер сілкінісі, қар көшкіні, су тасқыны және т.б.), табиғи өрттермен, обамен және індетпен, ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандарының ауру және зиянды жәндіктермен зақымға ұшырауынан дамитын төтенше жағдайлар.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар - өндірістік, көлік және басқа да апаттармен, өрттермен, күшті әсердегі улы тастандылар апатымен, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауымен, бөгеттердің жарылуымен, сипатталатын төтенше жағдайлар.
Төтенше жағдайлар зонасы - төтенше жағдай өрбіген белгілі бір территория.
Таралу масштабы және келтірілген зиян көлеміне байланысты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар объектті, жергілікті, аумақты және әлемдік болып бөлінеді.
Апат - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмдер мен қондырғылар және құрылғылардың зақымдануы.
Зілзала - жоюшы құрылыс салдарынан пайда болған төтенше жағдай.
Стихиялы апат - аяқ астынан пайда болып, халықтың өмірлік іс - әрекеттерінің бұзылуына, адамдар мен ауылшаруашылық жануарлардың өліміне, материалдық құндылықтардың бұзылуы мен жойылуына алып келетін табиғат құбылысы.
Катастрофа - аумақтық немесе әлемдік масштабтарда төтенше жағдайларды туғызатын бұзушы құбылыстар.
Төтенше жағдайларды ескерту - төтенше жағдайлардың туу қауіп мүмкіндігінше азайтуға, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, зиян мен материалды шығын көлемін азайтуға бағытталған, алдын - ала жүргізілетін, іс - шаралар кешені.
Төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлардың пайда болуы кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, зиян мен материалды шығын көлемін азайтуға, төтенше жағдайлар зонасын локализациялауға бағытталған құтқарушылық, апаттық - қалпына келтірушілік және де басқа шұғыл жұмыстар.
Бақылау сұрақтары:
Еңбек қорғау дегеніміз не?
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен еңбек қорғаудың мақсаттары?
Қауіп-қатер дегеніміз не?
Төтенше жағдай дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жантасов Қ.Т., Сүлейменов А.Т., Назарбекова С.П., Маханов Б.Б., Кочеров Е.Н. Төтенше жағдайлардағы тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, ЖШС "Дәуір", 2011.
2.Арпабеков С. Өмір- тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2010.
3.Әбдіров, А. Қауіпсіздік техникасы [текст] : Оқу құралы . - Астана : Фолиант, 2010. - 120 б. - ISBN 978-601-292-374-2 : 780-00.

Дәріс 2:Тіршілік әрекет қауіпсіздігінің және еңбекті қорғау нормативті заңдылық актілері (ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтарды қорғау заңы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР СТ OHSAS 18002-2008)
Дәрістің жоспары:
1.Заңдылық құжаттар
2.Нормативті құжаттар
3.Бақылау және қадағалау
4.Кәсіпорында еңбек қорғауды ұйымдастыру
5.Жауапкершілік түрлері
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай және еңбекті қорғау саласында мына заң қабылданған Азаматтарды қорғау заңы 11 сәуір 2014 жыл №188-V 3 ҚР.
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
ҚР СТ OHSAS 18001-2008 Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджмент жүйелері. Талаптар (IDT, OHSAS 18001:2007)
Барлық ұйымдар түрлері іскерлік көрсеткіштері бойынша кәсіби қауіпсіздік және денсаулық аймағында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді, ол үшін тәуекелділікті басқара білу ол ұйымның саясаты мен қол жеткізу болып табылады. Мұнын бәрін заңдылық талаптарының өсуіне, экономикалық саясаттын және де басқа да шараларын жетілдірілуіне байланысты OHSAS аймағында алдынғы қатардағы тәжірибелерді қолдану, сонымен бірге мүдделі талаптардың OHSAS сұрақтарына қызығушылықтары молынан өсіп келе жатқанына да байланысты.
Көпшілік ұйымдар өздерінің көрсеткіштерін OHSAS талаптарына бағалау үшін талдаулар немесе аудиттер жүргізеді.
Бірақта ол талдаулар менаудиттер ұйымның іс-әрекеттерінің сенімділігін осы күндері былай тұрсын келешектілігін де заңдылық және нормативты талаптарына сай келмеуі мүмкін (өздерінің саясаттарына да). Ал ондай талдаулар мен аудиттер тиімділігін арттыруда құрлымдық менеджмент жүйесі талаптарымен жүргізу қажет.
OHSAS стандарттары - OHSAS аймағында менеджмент істерінің сұрақтары қарастырылған. Ұйымдары нәтижелі OHSAS менеджмент жүйелерінің элементтерімен ақпараттандыра отырып, менеджмент бойынша басқа да талаптарымен біріктіріп OHSAS және экономикалық мақсаттарға қол жеткізіуіне көмек береді.
ҚР СТ OHSAS 18002-2010 Еңбекті қорғау және кәсіби ауруларды алдын алу аймағындағы менеджмент жүйелері, ҚР СТ OHSAS 18001-2008 еңгізу бойынша басқару нұсқалары (IDT, OHSAS 18002-2008)
Барлық кәсіпорындар үшін өндірістік үрдістердің қауіпсіздігі ең өзекті мәселенин бірі болып саналады. Құрылған жұмыс ортаның тиімділігіне жұмыс беруші де және жұмысшы мен қызметкерлер де, өз міндеттерін орындау үрдісінде, сенімді болулары қажет. Сәтсіз жағдайлар мен оқиғаларды туындатпау үшін жұмыс үрдісін күнделікті қолдап отырылуы мен бірге міндетті түрде үздіксіз бақылануы қажет. Әлемде ол үшін қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян келтірмейтін басқару жүйенің бірыңғай моделі әзірленген - еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты сақтау менеджменті жүйесі (ЕҚ ж ДҚМЖ).
ЕҚжДҚМЖ әр-бір өндірістін қызметінің барлық нюанстарын егжей-тегжейлі ескеруге мүмкіндік береді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға бағытталған, үрдістерді оңтайландыруға, оларды тиісті деңгейде ұстауға мүмкінддік береді. ЕҚжДҚМЖ қандай болуы қажет талаптары OHSAS 18001 Occupatinal health and safety management systems халықаралық стандартта қамтылған, сонын негізінде жүзеге асырылған жүйенің сәйкестігі анықталады.
Қызметкерлердің нақты жағдайда қалай (қандай) әрекет ету керектігін білу үшін, мүмкін болған жағдайлар мен оқиғалардың алдын алу үшін, өндірістік үрдістерде күтпеген жағдайларды болдырмау үшін (туындатпауда) жұмыс ортанын тұрақты моинторингы мен бірге бақылануы қажет. Бақылау түрінің бірі, жұмыс орнында құрылған (жасалынған), еңбек жағдайын тексеру. Сонын арқасында, өндірістік жарақаттануларды және сәтсіз оқиғаларды, аппаттарды минимум деңгейіне қол жеткізуге болады.
Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын бағалау зиянды және қауіпті өндірістік факторларды анықтау мақсатында жүргізіледі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкес еңбек жағдайлары бойынша шараларды жүзеге асыру үшін.
Бұл процедура (денсаулықты қорғау және қауіпсіздігін менеджмент жүйесін) енгізуде жақсы негізделген және кәсіби мен өндірістік тәуекелерді сәйкестіндіруде басты негізі болып табылады. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты жұмыс орындарын аттестаттау болып табылады және де (денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесін ЕҚжДҚМЖ) енгізуде міндетті түрде қажетті процедура ретінде ескеру қажет. ЕҚжДҚМЖ өңдеуде қызметкерлерге зиянды және қауіпті факторлардың әсерін максимальды түрде төмендету әдістерін табуға көмектеседі. Сонымен бірге, OHSAS 18001 жүйесінде аттестаттау, жұмыс орнындағы қауіптіліктің пайда болуын ықпал ететін, өндірістік факторларды анықтаудың тиімді әдісі болып табылады.
Негізгі нормативтік актілер:
oo 2000 жылдың 23 маусымынан бастап А.Қ қалыптасуы туралы негізгі нұсқау және олардың материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі туралы келтірілген нормалар;
oo 2000 жылдың 13 шілдесінен бастап Қ.Р-да А.Қ енгізу және ұйымдастыру;
oo 2000 жылдың 23 тамызынан бастап эвакуациялық шараларды өткізу және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
2007 жылдың 11 желтоқсанынан бастап инженерлік-техникалық шараларды А.Қ негізінде өткізу туралы нұсқаулық.
Еңбек қорғау саласында келесі нормативтік-техникалық құжаттар бар:
- ҚР ның Конституциясы;
- 2007 жылдың 15-ші мамырынан бері ҚР-ның еңбек кодексі;
Еңбек, әлеуметтік серіктестік, еңбек қрғау және қауіпсіздік саласы заңдық қатынастармен реттеліп отырады. Олар:
- мамандық бойынша техникалық регламент;
- ҚР Президенті жарылғылары, еңбек қорғау мәселесі бойынша Үкімет және Парламент қаулылары;
- еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі;
ССБТ - жұмыскерлердің еңбек ету барысындағы қауіпсіздігі мен денсаулығын, еңбек қабілеттілігін арттыруға бағытталған нормалар мен ережелердің стандарттық жүйесі болып табылады.
- Қауіпсіздік талаптары өнімнің стандарттық және техникалық шарттары бойынша;
- Мемлекеттік қадағалау Министрлігінің органдарының қаулылары мен бұйрықтарымен белгіленген еңбек қорғау сұрақтары бойынша нормалар, ережелер, сілтемелер мен инструкциялар;
- Еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі бөлімі бойынша құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ);
- Еңбек қорғау мәселелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сұрақтары;
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес өндіріс орындарында меншік формаларына тәуелсіз келесі қадағалау түрлері болуы шарт.
1. ҚР-да ұйымдардағы еңбек заңдарының орындалуына байланысты мемлекттік қадағалауды мемлекттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2. Ішкі қадағалауға еңбек жағдайлары мен өндірістік қадағалауда оперативті анализ жүргізу, еңбек қауіпсіздігі саласындағы талаптар сәйкес келмеген жағдайда белгіленетін қауіпті бағалау мен алдын-алу шаралары жатады.
Өндірісте осы ішкі қадағалауды еңбек қорғау бөлімшесі жүзеге асырады. Бұл ҚР Еңбек Министрлігінің 11.03.1994ж №49 Өндірістік еңбек қорғау қызметінің типтік жағдайы атты қаулысында белгіленген. Бұл құжатқа сәйкес өндірістегі еңбек қорғау бөлімшесі осы өндірістің тәуелсіз стуктуралары бөлімшесі болып табылады. Мұндай еңбек қорғау бөлімдері өндірістің басқару түрлері мен меншік формасына тәуелсіз құрылады және оның статусы өндірістің негізі-структуралық бөлімдерімен бірдей. Еңбек қорғау бөлімдерінің шешімдері мен бұйрықтарына барлық жұмысшы құрамы бағынуы тиіс. Яғни еңбек қорғау мәселесі бойынша. Еңбек қорғау мәселесі бойынша. Еңбек қорғау бөлімшесі құрамы мен саны олардың атқаратын қызметі мен орындалуға тиіс талаптарымен анықталады.
3. Еңбек қауіпсіздігін қоғамдық қадағалауды қоғамдық инспектор жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңын бұзған азаматтар ҚР заңдарында бекітілген жауапкершілікке тартылады және төмендегі жауапкершілікке тартылады:
- тәртіптік жауапкершілік
- азаматтық-құқықтық;
-әкімшілік;
-қылмыстық жауапкершілікке.
Жұмыс берушінің жауапкершілігінің міндетті сақтандыруы. Қазақстанда барлық жұмыс берушілер - заңды және жеке тұлғалар жұмысшының денсаулығына және өміріне зиян келу жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыру керек.
Сақтандырудың бұл түрі өндірісте болған оқыс жағдайдың нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгендегі жұмысшылардың мұдделерін қорғауға бағытталған және өліміне байланысты немесе кәсіптік жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуының деңгейін қалыптастырып, өзіне зиянның материалды көрсеткішін қосады. Сақтандыру сомасы барлық жұмысшылардың еңбек ақысының жылдық қорынан кем емес болып бекітіледі.
Сақтандыру төлемі шынайы зақымның көлемінде беріледі, жұмыс берушінің жауапкершілігінің міндетті сақтандыру сомасы беріледі.
Міндетті сақтандырудың реті мен шарттары ҚР - ның 2005 жылдың 7 ақпанынан № 30-ІІІ ЗРК "Жұмысшының қызметтік міндеттерін орындау барысында өміріне және денсаулығына зиян келтіргендегі жұмыс берушінің міндетті сақтандыру азаматтық-құқықтық жауапкершілігі " туралы Заңына сәйкес анықталады.
Материалдық жауапкершілік:
Жұмыс берушінің жұмысшы алдындағы материалдық жауапкершіліктері:
1)Жұмысшының жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айырылу кезіндегі зиян үшін;
2) жұмысшының мүлігіне келген зиян үшін;
3)жұмысшының өміріне және (немесе) денсаулығына келген зиян үшін.
Жұмысшының жұмыс беруші алдындағы материалдық жауапкершілігі:
1)жұмыс берушінің мүлігін зақымдау немесе жоғалтқандағы зиян үшін;
2) жұмысшының әрекетінің (әрекетсіздігі) нәтижесінде болған зиян үшін.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіршілік және еңбек қауіпсіздігі бойынша заңды құжаттар.
2. Еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттар.
3. Еңбек қауіпсіздігі қадағалау және бақылау.
4. Жұмысшы мен жұмыс берушінің жауапкершілік түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жантасов Қ.Т., Сүлейменов А.Т., Назарбекова С.П., Маханов Б.Б., Кочеров Е.Н. Төтенше жағдайлардағы тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, ЖШС "Дәуір", 2011.
2.Арпабеков С. Өмір- тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2010.
3.Әбдіров, А. Қауіпсіздік техникасы [текст] : Оқу құралы . - Астана : Фолиант, 2010. - 120 б. - ISBN 978-601-292-374-2 : 780-00.

Дәріс 3:Мемлекеттік стандарттау жүйесінің құқықтық негіздері және талаптарын қорғау бойынша стандарттау құжаттарын қолдану мен қызмет көрсетуді және қолданушылардың өнім сапасымен процестерін өңдеу.
Дәрістің жоспары:
1.Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2.Стандарт туралы заң
3.Стандарттау бойынша мемлекеттiк басқару жұмыстары
4. Стандарттау және оларға қойылатын талаптар бойынша нормативтік құжаттар
Осы Заң (Стандарттау туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 433-1 Заңы) стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң құқықтық негiздерiн және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен қолдану арқылы өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың) және қызмет көрсетулердiң сапасы мәселелерiнде мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерiн қорғау шараларын белгiлейдi.
Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар.
1) өзара алмасымдылық - бiр бұйымның, процестiң, көрсетiлетiн қызметтiң дәл сондай бiр талаптарды орындау мақсатында басқа бұйымның, процестiң, қызмет көрсетудiң орнына пайдалануға жарамдылығы;
2) мемлекеттік стандарттау - бiр елдiң деңгейiнде жүргiзiлетiн стандарттау;
3) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктегiшi өнiмнің, процестердiң (жұмыстардың), қызмет көрсетулердiң техникалықэкономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктелген топтарының кодтары мен атауларының жүйелендiрiлген жиынтығын бiлдiретiн стандарттау жөнiндегi құжат;
4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалау - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттi талаптардың бұзылу фактілерiн анықтауға, олардың жолын кесуге, оларды жоюға бағытталған қызметi;
5) стандартизация, метрология және сертификация бойынша мемлекеттiк құрылым - метрологияның басқаруы және сертификацияның заңмен сәйкес стандартизация бойынша жұмыстармен басқаруға уәкiлетті мемлекеттiк құрылымы және стандарттау бойынша халықаралық немесе аймақтық ұйымдардағы Қазақстан Республикасының мүддесін қарастырады;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттау жүйесi - өз құзыреттерi шегiнде стандарттау саласындағы, оның iшiнде өнiмдi каталогтау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасында стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың жиынтығы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен, тұтынушылардың қалың көпшiлiгiнiң қолы жетiмдi стандарт;
8) мемлекетаралық стандарттау - мемлекетаралық мүдденi білдiретiн объектiлердi стандарттау;
9) ұлттық стандарт - стандарттау жөнiндегi ұлттық орган қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiнiң қолы жетiмдi стандарт;
10) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжат - тандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне және олардың нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат;
Осы заңның әсер ету саласы. Осы заңның әсерi Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық және басқа да қызметтермен айналысатын Мемлекеттiк басқару құрылымдарындағы, сонымен бiрге жеке және заңды тұлғаларға таралады.
Стандарт туралы заң. Стандартау туралы Қазақстан Республикасының заңы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген және ол осы заңнан және басқа да нормативтiк құқықтық актілерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасында бекiтiлген халықаралық келiсiмшартпен осы заңдарда болатын басқа ережелер орнатылса, онда келiсiм шарттың халықаралық ережелерi қолданылады.
Стандарттаудың мақсаты. Стандарттаудың негізгі мақсатына жатанындар:
1) өнімдерге, процестерге (жұмыстарға) және қызметтерге нормаларды, ережелер мен сипаттамаларды (бұдан әрi - талап) белгілеу;
2) процестер (жұмыс) мен өнімдердің қауіпсіздігін, адамдардың денсаулығын олардың дүниелерін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3) техникалық тосқауылдардың саудасын жою, iшкi және сыртқы нарықтардағы өнiмнiң бәсекеге түсе алатындығын қамтамасыз ету;
4) техникалық және ақпараттық үйлкесімділікті, сонымен бiрге өнiмнiң өзара алмастырушылығын қамтамасыз ету;
5) өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
6) қорлардың барлық түрлерін тиімді қолдану және оларды сақтау;
7) елдiң қорғанысқа қабiлетi және мобилизациялық дайындығын қамтамасыз етуi;
8) болуы мүмкін табиғи және техногендi апаттардың және тағы басқа төтенше жағдайлардың пайда болу мүмкіндігін есепке ала отырып шаруашылық объекттерiнiң қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етуi;
9) өнiм сапасына, жұмысына және қызметіне байланысты тұтынушылардың мүдделерiн қорғау.
Стандарттау бойынша мемлекеттiк басқару жұмыстары. Қазақстан Республикасындағы стандарт бойынша жұмыстарды басқаруды стандарттау, метрология және сертификация бойынша уәкiлетті мемлекеттiк құрылым жүзеге асырады.
Стандарттау, метрология және сертификация бойынша уәкiлетті мемлекеттiк құрылымның атқаратын жұмысы:
1) стандарттау төңiрегiдегiндегі мемлекеттiк саясатты қалыптастырып жүзеге асыру;
2) осы салаға байланысты заңды және жеке тұлға қызметкерлерінің мемлекеттiк құрылымдарының қызмет әрекеттерін үйлестіреді;
3) мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық стандарттау бойынша жұмыстарға қатысу;
4) стандарттау бойынша нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын орындалуға мемлекеттiк қадағалауды өткiзудi ұйымдастыру;
5) стандарттаудың мемлекеттiк жүйесін жасайды;
6) стандартау төңiрегiдегiндегі кадрларды кәсiби даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру;
7) стандартау бойынша халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттар, ережелер және ұсыныстарды қолдану ретiн орнату;
8) стандарттау бойынша техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен әрекет етеді;
9) жеке және заңды тұлғалардыңы бiр-бiрiмен әрекеті, мемлекеттiк басқару құрылымдары, стандарттау, жұмыстарды өткiзудiң ортақ ұйымдастыру-әдiстемелiк және жалпы техникалық ережелерi стандарттарының мемлекеттiк жүйесi мемлекеттiк стандарттары, ережелері және ұсыныстарын орнату.
Стандартаудың мемлекеттiк жүйесiн ұйымдастыру құрылымы мыналардан тұрады:
1) стандарттау, метрология және сертификация және оның мекемеге қарасты бөлiмшелерi бойынша уәкiлетті мемлекеттiк құрылымнан;
2) стандарттаудың төңiрегiн және олардың құзырындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару құрылымдарынан;
3) стандарттаудың орындайтын облысында жұмыс iстейтін жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде стандарт бойынша техникалық комитеттерден;
4) Қазақстан Республикасының стандарттарының мемлекеттiк қорларынан тұрады.
Стандарттау және оларға қойылатын талаптар бойынша нормативтік құжаттар.
Қазақстан Республикасының стандартының мемлекеттiк жүйесінде 0олданылатын стандарт бойынша нормативтiк құжаттарға жататындар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары - ҚР СТ;
2) Техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттiк жiктеуiштерi;
3) Мемлекет аралық стандарттар - МЕСТ, техникалық-экономикалық ақпараттардың жiктеуiштерi және стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстар;
4) стандарт бойынша халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, техникалық шарт, ереже, әдiстемелiк нұсқау және стандарттау жөнiндегi нормалары мен ұсынымдары жатады;
5) ғылыми-техникалық, инжинерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары;
6) ұсыныстар;
7) ұйымдардың стандарттары;
8) техникалық шарттар.
Стандарттау бойынша нормативтiк құжаттарға қойылатын талаптар, ғылымның, техника мен технологияның жетістіктерінің, техникалық регламенттерін пайдалану, халықаралық, аймақтық және шетелдердегі ұлттық стандарттар, ережелер, стандар ұсыныстары, жұмыстың орындалуы және де еңбек шарттары мен талаптарының негізде болу керек және де Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмеуі керек.
Стандартизациялар бойынша нормативтiк құжаттарды өңдеу, халықаралық техникалық регламенттер және стандарттар негізінде жасалады немесе адамдардың өмiрi мен денсаулығының қауіпсіздік талаптарына сай болмаған жағдайда, айналадағы ортаны қорғау және Қазақстан Республикасы қабылдаған техникалық нормалар дұрыс болмаған жағдайда қолданылады.
Өнімдерге байланысты стандарттардың нормативтік құжаттары, процесстер, қызмет, сертификация туралы мәлiметі бойынша талаптарға сай болу керек, өнімді таңбалау және буып-түю ережелері, сертификат бойынша ақпараттар осы талаптарға байланысты, бақылау әдістері іске асады.
Стандартизациялар бойынша нормативтiк құжаттар және олардың өзгерістері туралы шешімдері стандартизация, метрология және сертификация бойынша бекiтуге және уәкiлетті мемлекеттiк құрылымды стандарттаудың мемлекеттiк жүйесiне жатады.
Стандарт жүйесiндегі мемлекеттiк тiзiлiмде тіркелмеген және бекітілмеген стандарттау бойынша нормативтiк құжаттар жарамсыз және қолдануларға жарамсыз болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Осы заңның әсер ету аймағы.
2. Стандарттау заңдылықтары.
3. Стандартизация жұмысын Мемлекеттік басқару.
4. Стандарттаудың нормативтік құжаттары және оларға қойылатын талаптар.
5.Нормативтік құжаттарды қолдану
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жантасов Қ.Т., Сүлейменов А.Т., Назарбекова С.П., Маханов Б.Б., Кочеров Е.Н. Төтенше жағдайлардағы тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, ЖШС "Дәуір", 2011.
2.Арпабеков С. Өмір- тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2010.
3.Әбдіров, А. Қауіпсіздік техникасы [текст] : Оқу құралы . - Астана : Фолиант, 2010. - 120 б. - ISBN 978-601-292-374-2 : 780-00.

Дәріс 4:Еңбек қорғауды басқару. Еңбек қорғауды басқару тапсырмасы. Еңбек қорғау жағдайын бағалау, талдау және есептеу. Еңбекті қорғаудың психофизикалық негіздері. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар
Дәрістің жоспары:
1.Еңбек қорғауды басқару тапсырмасы.
2.Еңбек қорғау жағдайын бағалау, талдау және есептеу.
3.Еңбекті қорғаудың психофизикалық негіздері.
4.Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар
Өндірістердегі еңбек қорғауды басқарудың қызметі мен мақсаты. Еңбекті қорғауды басқару- бұл өндіріс үрдісіндегі адамдардың еңбектік қатнасын реттеу, жайлы және қолайлы еңбек шарттарын қалыптастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сол жердегі қызметтегі тұлғалардың, жалпы ұйымдардың және мемлекеттік, шаруашылық әрекеттегі мақсатқа сай, жоспарлы тұрақты жағдайларын қалыптастыру болып табылады. Ол өндірісті басқарудың бірден - бір ажырамайтын бөлігі. Кез-келген өндірістік басқару әрекеттері немесе шешімдері, сонымен бірге кез-келген жобалар мен өндірісті басқарудың құжаттары әрқашанда еңбек қорғау бойынша шараларды қарастырып отыруы қажет.
Өндірістердегі еңбек қорғауды басқару (біріктіру) келесі қызметтерден тұрады:
- технологиялық үрдістерді орындау кезіндегі туындауы мүмкін, зияндылықтар мен қауіптіліктерді, өндірістегі жұмысты ұйымдастыруды және жабдықтарды қабылдауды болжау, оларды орындай отырып, бақылау жүргізу және сол қалыптасқан жағдайды жою шараларын жасау;
- еңбек қорғауды жақсарту бойынша экономикалық және әлеуметтік, ұйымдық, арнайы техникалық шараларды жасау және олардың орындалуын ұйымдастыру;
- еңбек қорғау бойынша жұмыстарды жоспарлау;
- еңбек қорғау бойынша ұйымдар мен арнайы қызметтер құрылымын жетілдіру, оларды арнайы сәйкес материалдық құралдармен қамтамасыз ету және жинақтау, олардың жұмысының жақсаруының тиімділігін арттыру;
- еңбек қорғаудың жағдайын сипаттайтын және олардың жақсаруының жұмыстарын сипаттайтын көрсеткіштерді жасау, еңбек қорғау сұрақтары бойынша статистикалық және шапшаң түрде мәліметтер жинау, оларды өңдеу, талдау және сақтау, сонымен бірге оларды еңбек қорғауды жақсарту бойынша шараларды қолдану;
- еңбек қорғау жағдайын жоспарлы және шапшаң түрде тексеруді жүргізу және учаскелерді, цехтарда және жеке жұмыс орындарында және адамдар қозғалысы жолдарындағы нормативті құжаттары бойынша нұсқауларды орындау, тексерілген жұмыстар бойынша басшылар мен бөлімшелердің жұмыстарын бағалау, еңбек қорғау бойынша құралдары мен шарттарына құжаттамалар құру;
- тиімді және қауіпсіз еңбек етуге жұмыскерлерді дайындауды бақылауды ұйымдастыру және орындалатын жұмысқа жұмыскерлердің дайындығын тексеру;
- еңбек қорғау бойынша ұйымдық- техникалық құжаттамаларды енгізу және жасауды ұйымдастыру (сонымен бірге жобаларды, төл құжаттарды, өндірістің стандарттарын), еңбек қорғау бойынша нұсқаулар мен нормативті ережелер, талаптар бойынша техника-технологиялық құжаттардың сәйкестігін бақылау және қауіпсіз жұмыс тәсілдерін енгізу және жасауды бақылау;
- апат пен оны жою мен ескерту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, оқыту дабылдарын және жаттығуларын жүргізу;
- еңбек қорғау аймағында үгіт-насихат жүргізуді ұйымдастыру, жарақатсыз және апатсыз жұмыс жүргізетін алдыңғы қатарлы жұмыскерлердің тәжірибесін тарату және үйрету;
- қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайларды және адамдармен жасалған сәтісз оқиғаларда апаттарды зерттеу және келешекте осы жағдайдың қайталанбауына шаралар қабылдау;
- еңбекті қорғауға бөлінген материалды- техникалық және қаржылық құралдарды қажетті жеріне пайдалануды бақылау.
Еңбекті қорғауды басқарудың тиімділігін арттыруға қажетті шарттар:
- еңбек қорғауды жақсартуға ұйымның барлық жұмыскерлерін жұмылдыру;
- әрбір жұмыскерге нақты өзінің міндетін, құқығын және жауапкершілігін анықтап түсіндіру;
-еңбек қорғауға жоспарлы және жүйелі түрде жұмыстар жасау;
- әрбір нақты шарттарды шешуге кешенді және жүйелі түрде шешім қабылдау;
- еңбек қорғау бойынша әрбір шараны нақты қарастыру және құжат түрінде ғана емес, пайдасы тиетіндей етіп орындау;
- еңбек қорғауды жақсартуға ат салысқан жеке тұлғаларды моральді және материалдық түрде марапаттау.
Өндірістегі еңбек қорғауды ұйымдастыру және басқару әдістері.
Көптеген өнідірістерде еңбек қорғауды басқарудың тиімділігін арттыру үшін, еңбек қорғауды автоматты түрде басқару (ЕҚ) бөлімшелері кең қолданылып келеді, олар өндірісті автоматты басқару жүйесінің құрамына кірген (ӨАБЖ). Бұл бөлімше келесі шарттарды жүзеге асыруы мүмкін:
- учаскелердегі, цехтардағы және басқа объектілердегі еңбек қорғаудың жағдайы туралы ақпараттарды шапшаң жинау, өңдеу және сақтау;
- еңбек қорғауды жақсарту бойынша шараларды орындауды тіркеу;
- апаттың алғашқы кезеңдерінде жою бойынша әрекеттерді орындау;
- өндірістік жарақаттар мен апаттың түрін талдау.
Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау наряд берген кезде міндетті түрде жүргізіледі, өйткені еңбек орнындағы жағдай жылдам өзгеріп кетеді және осы өзгерістер еңбек қорғауды қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды жүргізуді талап етеді. Нұсқау ауысым басталар алдында жұмыс орнына сәйкес жағдай бойынша жүргізілуі қажет және онда ескерту және қайталап оқыту түрінде жүргізілуі тиіс.
Еңбекті қорғауды басқару үрдісінде келесі ақпараттық материалдарды қолдануды ұсынады:
- өндірістік жарақат пен апаттың динамикасы (өзгеруі) мен деңгейі туралы мәліметтерді;
- кең таралған жарақат себептерінің тізімі, олардың салыстырмалы қауіптілігі мен жарақаттағы үлесі;
- апат жағдайлары мен адамдармен болған сәтсіз жағдайлардағы техникалық және ұйымдық, субъективті, объективті себептері;
- өте қауіпті орындар мен аймақтардың тізімі және олардың қауіпсіздік дәрежесі;
- өндірістік үрдістердің және технологиялық операциялардың салыстырмалы түрдегі қауіптілігі туралы мәліметтері;
- басты мамандықтардың салыстырмалы қауіпсіздігі туралы мәліметтерді;
- аптадағы күндер, тәуліктегі ауысымдар және ауысымдағы сағат бойынша сәтсіз жағдайлардың салыстырмалы жиілігі туралы мәліметтер;
- апаттар және адамдармен болған әлеуметтік және экономикалық сәтсіз оқиғалар туралы мәліметтер.
Геологиялық ұйымдардағы жұмыстар, арнайы өндіріс түрлеріне байланысты көзге түседі. Басқа кез-келген өндіріс саласынан ерекшелігі, мұнда өндірістің учаскелерінің жұмыс территориларына шоғырланған, тұрақты шарттарда орындалады және кейде зерттелген аудандарда жүргізіледі, ережеге сай, еліміздің тұрғындары аз жерлерінде, тау-таста, жапан далада, суда барлау жұмыстары жүргізіледі, жұмыс орындары жиі ауысады, кейде экономкалық және мәдени орталықтардан шетте қалған (жырақта, алыста) жерлерде барлау жұмыстары жүргізіледі. Геологиялық жұмыстардың көп түрлері бар- олар геологиялық- іздестіру, геофизикалық, гидрогелогиялық, ашық тау-кен барлау, сынама алу және т.с.с - көбінесе мұнда жұмыстар жыл бойы үлкен ұжыммен ашық аспан жағдайында жүргізіледі.
Осы аталған қиындылықтарға қарамастан, геологиялық ұйымдардың жұмыскерлерінің жұмыс шарттары, сәйкес техника қауіпсізігі мен санитарлы нормалар талаптарын қанағаттандыруы қажет. Сондықтан, геологиялық-барлау жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етуі қажет, ол үшін жұмыскерлердің жұмысын ұйымдастыру бойынша шаралардың күрделі кешені қажет болады.
Еңбекті ұйымдастыруға:
- өндіріс үрдісінде адамдарды орындарына қою;
- жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларды қажетті механизмдер кешенімен жабдықтау;
- еңбектің әдістері мен тәсілдері, сонымен бірге жеке жұмыскерлердің арасында жұмысты бөліп беру сияқты жұмыстар кіреді.
Геологиялық ұйымдарда өндірісті тұрақты жетілдіру жүргізіліп отырады. Осы жұмыстардың басты бағыттары:
- жұмысты ұйымдастыруды жақсарту;
- жаңа геологиялық техниканы өндіріске енгізу мен геологиялық-барлау жұмыстарын техникалық қайта жабдықтау, технологияны тиімді етіп жасау және энергиямен жабдықтауды арттыру;
- жұмыстарды басқаруды тиімді етіп жасау және әрбір объектіні арнайы білім бар техникалық маманмен қамтамасыз ету;
- өндірістік және еңбектік тәртіпті тұрақты сақтау.
Геологиялық жұмыстардың техникалық қайта жабдықталуы- еңбек өнімділігінің өсуі үшін негіз болатын, өндірістегі еңбек шарттарын жақсарту мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кешенді шешу. Геологиялық барлау жұмыстарында ескірген гелогиялық барлау техникасының түрлерін жаңа және қауіпсіз түріне алмастырылады.
Еңбек қорғаудың жағдайын бағалау және талдау, тіркеу келесі сәйкес құжаттамамен қарастырылады:
- Еңбекті қорғау саласындағы концепция (саясат);
- Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы ереже;
- Еңбекті қорғау саласындағы мақсаттары;
-Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыстарын жүргізу туралы бұйрықтар;
- Қызметтік нұсқаулар;
- Еңбекті қорғауды басқару жүйесін орындауға жауапты тұлғаларды тағайындау бұйрығы;
- Еңбек қорғау бойынша келісім-шарттар;
-Еңбек қорғау бойынша қызметкерлерді оқыту бағдарламасы (кіріспе және алғашқы нұсқаулар);
- Мамандығы мен жұмыс түрлері бойынша еңбек қорғау бойынша нұсқаулар;
- Еңбек қорғау саласы мен өндірістік қауіпсіздік бойынша жұмыскерлердің білімін тексеру бойынша комиссяиның отырысының хаттамалары;
-Журналдар:
1) нұсқауларды тіркеу;
2) жұмыскерлерге арналған еңбек қорғау бойынша нұсқауларды тіркеу;
3) жұмыскерлерге арналған еңбек қорғау бойынша нұсқауды беру;
4) өндірістегі сәтсіз оқиғаны тіркеу;
5) еңбек қорғау бойынша нормативті құқықтық актілерімен қарастырылған басқада журналдар;
- Жұмыскердің денсаулығы туралы мәліметтер;
- Қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге қажетті рұқсат етілген құжаттамалар (наряд-рұқсаты);
- Өндірістік жабдықтар, көліктер, көтеру құрылғылары, қосымша жабдықтар, құралдар, аспаптарды дайындауға арналған құралдарды сынауға рұқсат етілген актілер;
- Сәтсіз оқиғаларды және өндірістегі кәсіби ауруларды тексеру мен зерттеуге қажетті актілер;
- Еңбек шарты бойынша өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу нәтижелер;
- Еңбек қорғауды жоғары басшылардың басқару жүйесінің талдау және аудит, сәйкес бақылау, ағымды бақылау нәтижелері.
Өндіріс үрдісіндегі адам ағзасына әсер ететін қолайсыз факторлар, кәсіби зияндылықтар деп аталады: қауіптілері кенеттен әсер етеді және жарақатқа алып келеді немесе денсаулығының бірден нашарлауына себептер болатын факторлар, зияндылары ұзақ әсер етеді және ауруларға алып келеді немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Кәсіби зияндылықтардың түрлері келісі:
А) физикалық зияндылықтар: 1) қозғалыстағы машиналар мен механизмдер, олардың элементтері, өнімдері; 2) жұмыс аймағындағы ауа қозғалысының жылдамдығы және шаңданудың артуы; 3) жұмысшы аймағындағы материалдардың беттеріндегі температураның төмендеуі немесе көтерілуі және оның ылғалдылығының төмендеуі немесе жоғарылауы; 4) электр торабындағы қауіпті кернеулер; 5) шудың, дірілдің, ультрадыбыстың деңгейінің артуы; 6) жарықтандырудың жеткіліксіздігі, жоғары жарықтылық және жарықтың ауытқуы, контастың төмендеуі; 7) жабдықтардағы үшкір заттар, ұнтақтар және т.б.; 8) жерден, еденнен жұмыс орнынан жоғары болуы; 9) ультракүлгін, ультрақызыл және электромагнитті сәулеленудің және тұрақты электрліктің жоғары деңгейлері және т.б.;
Б)химиялық зияндылықтар, кілегейлі қабаттарды жалпы уландырады, қоздырады, аллергиялық және басқа әсерлерді туындатады;
В)биологиялық потегенді, ауруға алып келетін факторлар- бұл микроағзалар (бактериялар, вирустар) және өсімдіктер және жануарлар текті макроағзалар;
Г)психофизиологиялық:физикалық жүктемелер (статистикалық, динамикалық, гиподинамиялық) және жүйкелі- психикалық (ойлау қабілетіне күш түсіру, талдауыштардың қозуы, жұмыстың сарындылығы және эмоционалды жүктемелер).
Статистикалық жүктемелер- бұл талап етілген күйдегі тұру уақыты және жұмсалатын күш (отыру, тұру, еңкею және т.б.); динамикалық- көтерілетін жүктің қосынды салмағы немесе максималды салмағы, гиподинамиялық- қозғалыс белсенділігінің шектелуі.
Өндірістегі сәтсіз жағдайлар (СЖ) - бұл өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың әсері нәтижесінде болады. СЖ аяқталады: жарақатпен, күші кәсіби аурумен (зиянды фактордың ауысымда бір рет әсер етуі кезінде), уланумен, жылулық соққымен, күйікпен және т.б. Жарақат- бұл ағзаның анотомиялық тұтастығының бұзылуы немесе оның сыртқы факторлардың кенеттен әсер етуі кезіндегі қызметінің бұзылуы (механикалық, физикалық, химиялық). Кәсіби аурулар зиянды өндірістік факторлы мамандықтар үшін арнайы әсер ету кезінде туындайды немесе басқа кәсіби аурулардан туындайды. Олардың латентті кезеңі (жабық түрі)- 30 жылға дейін болуы мүмкін.
СЖ және кәсіби аурулардың себептері: 1) техникалық (барлық СЖ ~50%)- бұл технологиялық жабдықтардың, ғимараттардың, жолдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнекерлеу кезінде зиянды заттар
Темекінің адам денсаулығына әсері
Сыра өндірісі
Оңтүстік Қазақстан обылысы Ордабасы ауданы «Бағлан» шаруа қожалығында жыртылған жерлерін орналастыру жобасы
Алматы-Тараз жолы құрылысын экономикалық жобалау
Интернет желісімен байланыс
Ауаны ластайтын ластағыш заттар
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Шоколад өндірісі
Қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат
Пәндер