SQL сұраныстар тілі. Мәліметтер қорын жобалау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СОӨЖ
Тақырыбы: SQL сұраныстар тілі. Мәліметтер қорын жобалау.
Факультет:ИжФТФ
Топ:АЖ 17-11
Орындаған:Ахтанов Е.
Тексерген: Уйпелакова Д.
2018-2019
МАЗМҰНЫ
SQL сұраныстар тілі. Тілдің мүмкіндіктері, жетістіктері жəне функциялары.
SQL тілінің тарихы
3
4
Мәліметтер қорын жобалау.
МҚБЖ-ның мәліметтермен жұмыс істеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТЕР
5
8
16
17
SQL сұраныстар тіліне кіріспе. Тілдің мүмкіндіктері, жетістіктері жəне функциялары.
SQL тілі - компьютердің деректер қорында сақталатын ақпараттарды таңдауға жəне өңдеуге арналған құрал. SQL (Structured Query Language) - құрылымдалған сұраныстар тілінің аббревиатурасы. SQL аббревиатурасы əдетте сиквел деп оқылады, бірақ эскюэль альтернативті түрде айтылуы да қолданылады. SQL - қолданушының ДҚ өзара қатынасын ұйымдатыру үшін қолданылатын программалау тілі. Деректер қоры (ДҚ) - ұйымның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған логикалы байланысқан деректердің жиынтығы мен оның сипатталуы. SQL реляциялық деп аталатын бір анықталған типтегі деректер қорымен ғана жұмыс жасайды. Есептеу жүйесінде маңызды ақпараттарды сақтайтын деректер қоры болады. Егер қолданушы деректер қорынан ақпараттарды алғысы келсе, онда ол ДҚБЖ - нен SQL көмегімен сұраныс жасайды. SQL Server - ді қолдайтын SQL диалектісі Transact-SQL деп аталады. Бұл Transact - SQL Server қосымшалары қолданатын негізгі тіл. 1- суретте SQL жұмысының сызба - нұсқасы көрсетілген.
Клиент SQL-cервер
Жауап
SQL-сұраныс
Клиент SQL-cервер
Жауап
SQL-сұраныс
Сурет 1 - SQL-серверінің жұмыс принципі
ДҚБЖ сұраныстарды өңдейді де керекті деректерді тауып, оларды қолданушыларға жібереді. Деректерді сұрау жəне нəтиже алу процесі - деректер қорына сұраныс деп аталады. Осыдан келіп ол yyрылымдалған сyраныстар тілі деп аталған.
SQL тілінің тарихы, стандарты мен қолданылуы
Бүгінгі күнде бұл атау шындыққа жанаспайды, себебі SQL тілі тек сұраныстар жасауға арналғандығымен қоса əлдеқайда терең түсініктерді де қамти алады. Деректерді таңдау қазірдің өзінде де SQL-дің маңызды функциясы болып табылады. Қазіргі жағдайда тіл барлық функционалды мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін қолданылады жəне қолданушыға ДҚБЖ - нен атап айтқанда мыналарды ұсына алады:
oo Деректерді yйымдастыру. SQL деректерді ұсыну құрылымын жəне деректер қорының элементтері арасындағы қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді.
oo Деректерді таyдау. SQL қолданушыға немесе қосалқы программаларға деректер қорынан деректерді алуға жəне оларды қолдануға мүмкіндік береді.
oo Деректерді byдеу. SQL қолданушыға немесе қосалқы программаларға деректер қорын өзгертуге: жаңа деректерді қосуға, бар деректерді жаңартуға немесе жоюға мүмкіндік береді.
oo Деректерге yатынауды басyару. SQL көмегімен қолданушының деректерді өзгерту, таңдап алу жəне оларды рұқсатсыз кіріп қолданудан қорғау мүмкіндіктерін шектейді.
oo Деректерді ортаy пайдалану. SQL параллель жұмыс істеуші қолданушылардың деректерді бірге ортақ қолдануын ұйымдастырады.
oo Деректердіy тyтастығы. SQL келісімсіз өзгеруден немесе жүйенің қабылдамауынан қорғай отырып деректер қорының тұтастығын қамтамасыз етеді.
SQL деректер қорының ішкі тілі болып табылады, оған деректер қорын басқаруға арналған қырыққа жуық нұсқаулары кіреді. SQL нұсқаулары негізгі тілге орнатылады жəне деректер қорына қатынауға мүмкіндік береді. Əсіресе С++, Pascal немесе Java тілдерімен салыстырғанда, SQL əлсіз құрылымдалған тіл. Қазіргі кезеңде SQL реляциялық деректер қорымен жұмыс істейтін жалғыз стандартты тіл болып табылады.
SQL тілінің келесідей жетістіктері бар:
oo нақты ДҚБЖ - нен тəуелсіздік;
oo платформа аралық тасымал;
oo стандарттардың болуы;
oo IBM (ДҚБЖ DB2) жəне Microsoft (ДҚБЖ SQL Server, ODBC протоколы жəне ADO технологиясы) компанияларының мақұлдауы жəне қолдауы;
oo реляциялық негіз;
oo жоғары деңгейлі құрылым;
oo арнайы интерактивті сұраныстарды орындауға мүмкіндік;
oo деректер қорына программалық рұқсат етуді қамтамасыздандыру;
oo деректерді əртүрлі ұсынудың мүмкіндіктері;
oo деректер қорымен жұмыс істеуге арналған тіл ретінде толықтығы;
oo деректерді динамикалық анықтау мүмкіндігі;
oo клиент-сервер архитектурасын қолдау;
oo бірлескен қосымшаларды қолдау;
oo объектілі-бағытталған технологияларды қолдау жəне олардың кеңейтілуі;
oo Интернеттегі деректерге қатынасу мүмкіндігі;
oo Java (JDBC протоколы) тілімен интеграция;
oo өнеркəсіптік инфрақұрылым.
Қазіргі кезде SQL тілі деректерді басқаратын əмбебап программалық құралы, ол əртүрлі типтегі көптеген ДҚБЖ-мен қолдау тауып келеді жəне түсіну үшін ыңғайлы болады. Ол көптеген əртүрлі функцияларды орындайды:
oo Интерактивті сұраныстар тілі. Қолданушылар деректерді таңдау жəне оны экранда көру үшін SQL командаларын интерактивті программаларда қолданып сұраныстар жасайды. Бұл арнайы сұраныстарды орындау үшін ыңғайлы жағдай.
oo Деректер қорының программалау тілі. Деректер қорына қатынасу үшін программисттер SQL программаларын қолданады. Бұл əдістеме қолданушының өзі жазған программаларымен қатар деректер қорының қызметші программаларында (есеп берулер генераторлары) қолданылады.
oo Деректер қорын басқару тілі. Жұмыс станциясында немесе серверде тұрған деректер қорының администраторы SQL-ді деректер қорының құрылымын анықтау үшін жəне деректерге рұқсат алуды басқару үшін қолданады.
oo Клиент-сервер қосымшалар құру тілі. Дербес компьютерлерге арналған программаларда SQL жергілікті желі бойымен деректер қорының серверімен байланыстын ұйымдастыру құралы ретінде қолданылады. Онда ортақ қолданылған деректер сақталынады. Корпоративті деңгейдегі қосымшаларда клиент-сервер архитектурасы аса қолданылымды.
oo Интернеттегі деректерге қатынасу тілі. Web-серверлерде SQL корпоративті деректер қорына қатынасуға мүмкіндік беретін стандартты тіл ретінде қолданылады.
oo Деректер қорын тарату тілі. Таратылған деректер қоры басқару жүйелерінде SQL бірнеше өзара байланысты есептеу жүйелері арасында деректерді таратуға көмектеседі. SQL арқылы əрбір жүйенің программалық қамтамасыз етілуі басқа жүйелермен байланысып, оларға сұраныстар жібере отырып деректерге қатынасады.
oo Деректер қорының шлюздер тілі. Əртүрлі ДҚБЖ бар есептеу желілерінде бір типтегі ДҚБЖ-мен басқа типтегі ДҚЖБ-ны байланыстыратын шлюздік бағдарламаларында SQL жиі қолданылады
Сонымен, SQL тілі қолданушыларға реляциялық деректер қорында бар болатын ақпараттарға қатынасу, оларды өңдеу, сақтау, қолдану, ұсыну жəне жинақтауды қамтамасыз ететін пайдалы құрал.
Мәліметтер қорын жобалау.
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған программалық қамтамасыз ету мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады. Мәліметтер қорын басқару жүйелері - бұл мәліметтер қорын құруға, енгізуге және өңдеуден өткізуге арналған тілдік және программалық құралдардың кешені.
Әлемде МҚБЖ-ның 1000-нан астам түрі бар. Мәліметтер қорын басқарудың әр алуан жүйелері мәліметтердің әр түрлі модельдерін пайдаланады. Мәліметтер қорының әр түрлі модельдеріне негізделген МҚБЖ-лардың мысалдарына төмендегілер жатады:
oo Иерархиялық модель - IMS PCFocus, Team-UP, Data Edge;
oo Желілік модель- IDMS, db-Vista III;
oo Реляциялық модель - Dbase, DB2(IBM), FoxBase және FoxPro (Fox Software), Paradox, Dbase for WindowsжәнеInterBase (Borland), Visual FoxPro және Access (Microsoft), Clarion (Clarion Software), Ingress (ASK Computer Systems), Oracle (Oracle), Informix;
oo Постреляциялық модель - Bubba, DasDb;
oo Көпөлшемді модель - EssBase (Ardor Software), Media Multi-matrix (Speedware), Oracle Express Server (Oracle), Cache (InterSystems);
oo Объектілі бағытталған модель - POET( POET Sofyware),Jasmine (Computer Associates), Versant (Versant Technologies), 02 (Ardent software), Iris, Orion, Postgress,ODB-Jupiter.
Мәліметтер қорының сервері ретінде келесі МҚБЖ-ларболуы мүмкін: NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft), InterBase (Borland), SQLBase Serve (Gupta), Intelligent DataBase (Ingress), Oracle, Informix көптеген пайдаланушыларға арналған МҚБЖ болып табылады, ол текті емес ортада жұмыс істейді (әртүрлі ЭЕМ мен ЖЖ).
МҚБЖ-ның негізгі қызметіне келесілер жатады:
oo мәліметтерді құру және бақылау;
oo мәліметтерді қорғау және бақылау;
oo көптеген пайдаланушылардың мәліметтерге қол жеткізуі;
oo пайдаланушыға мәліметтерді манипуляциялау мүмкіндігін ұсыну;
oo қолданбалы программаларды құру мүмкіндігі.
Мәліметтерді құру мен бақылау мәліметтер сөздігінің көмегімен орындалады. Мәліметтердің сөздіккаталогы мәліметтердің құрылымы, мәліметтердің типтері, оларды ұсыну форматтары, мәліметтердің өзара байланысу сұлбалары, пайдаланушылар, мәліметтерді қорғау мен оларға қол жеткізу кодтары туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтауға арналған. Көбінесе сөздіктің қызметін МҚБЖ-лар орындайды және олар жүйелік мәзірден шақыртылады немесе утилиттері арқылы орындалады. Мысалы, Orion атты оқу мәліметтер қорының келесі түрдегі сөздігі болуы мүмкін.МҚБЖ-дағы мәліметтерді тұтастығын сақтау үшін транзакциялар қолданылады. Транзакция деп мәліметтер қорындағы МҚБЖ басынан аяғына дейін қадағалайтын, мәліметтермен жүргізілетін амалдардың қандай да бір тізбегі аталады. Транзакция сәтті аяқталған жағдайда амалдардың нәтижелері мәліметтер қорында сақталады. Құрал-жабдықтың немесе программалық қамтудың жұмысы тоқтаған кезде, сондай-ақ пайдаланушы транзакцияны аяқтаудан бас тартқан кезде транзакция аяқталмаған (үзілген) күйінде қалады. Бұл жағдайда мәліметтермен орындалған амалдардың нәтижелері мәліметтер қорына ауыстырылмайды.
Мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі көптеген пайдаланушыларға мәліметтер қорына жылдам және тиімді түрде жүгінуге мүмкіндік береді. МҚБЖ көптеген пайдаланушылар бір мезгілде қол жеткізуге ие болған жағдайда пайдаланушының бірі мәліметтерге жүгінсе, енді бірі сол кезде оларға өзгертулер енгізіп жататындай келіспеушілік оқиғалардың туындамауын бақылап отырады.
МҚБЖ пайдаланушыларға мәліметтерді манипуляциялауға, мәліметтер қорынан тікелей есеп берулерді сұрауға және алуға, сондай-ақ мерзімді есеп берулерді құрастыру үшін сұраныстарды сақтаудың мол мүмкіндіктерін ұсынады.
Көптеген МҚБЖ-ларда қосымшаларда жасауға арналған ішіне орнатылған программалау тілдері болады. Бұл қосымшалар exe-файлдар тәрізді мәліметтер қорымен дербес түрде, немесе сол МҚБЖ-ның құрамында жұмыс істеуі мүмкін.
МҚБЖ-ның мәліметтермен жұмыс істеу қызметтері екі тілде қамтамасыз етіледі:
oo мәліметтерді сипаттау тілі;
oo мәліметтерді манипуляциялау тілі.
Бұл тілдер көптеген МҚБЖ-ларда екі түрде QBE (Query by Example) үлгісі бойынша сұраныс жасау тілі ретінде және SQL (Structured Query Language) тілі ретінде жүзеге асырылған. QBE және SQL тілдерінің теориялық негізі реляциялық есептеу болып табылады. QBE тілі пайдаланушыларға мәліметтер қорын құру мен манипуляциялау үшін сауалнама формаларын ұсынады, оларды толтыру жұмысты жеңілдетеді.
Тағы да бір айта кететін нәрсе, физикалық деңгейде әр түрлі МҚБЖ-лар мәліметтерді ұсынудың әр түрлі форматтары болады. Әр алуан МҚБЖ-лардың мәліметтері өзара үйлесімділігі үшін арнайы интерфейстер, драйверлер әзірленеді. Мысалы, Microsoft фирмасы ODBC (Open Database Connectivity) драйверін әзірлеп шығарды, ол аса кең тараған МҚБЖ-лар форматтарында мәліметтер қорымен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Көптеген МҚБЖ-лардың басқа форматта ұсынылған мәліметтер қорын оқуға арналған қоса орнатылған интерфейстері бар.
МҚБЖ-ға программалардың келесі негізгі түрлері жатады:
oo толық қызметті МҚБЖ;
oo МҚ серверлері;
oo МҚ клиенттері;
oo МҚ-мен жұмыс істеу бағдарламаларын жасау құралдары.
Толық қызметті МҚБЖ (ТҚМҚБЖ) алдымен үлкен машиналарға арналып, кейіннен мини-машиналар мен ДЭЕМ-дерге арналып пайда болған дәстүрлі МҚБЖ болып табылады. Барлық МҚБЖ-лардың арасында қазіргі заманғы толық қызметті МҚБЖ саны жағынан көп және өзінің мүмкіндіктері бойынша аса қуатты болып табылады. Толық қызметті МҚБЖ-ларға, мысалы, Clarion Database Developer, DataBase, Dataplex, dBase IV, Microsoft Access, Microsoft FoxPro және Paradox R: BASE сияқты пакеттер жатады.
Әдетте ТҚМҚБЖ-лардың меню командалары арқылы МҚ-мен негізгі әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін дамыған интерфейсі болады: кестелердің құрылымын құрып, түрлендіруге, мәліметтерді енгізуге, сұраныстарды құрастыруға, есеп берулерді әзірлеуге, оларды басып шығаруға және т.б. сұраныстар мен есеп берулерді құрастыру үшін прогаммалаудың қажеті жоқ, оның орнына QBE (Query by Example - үлгі бойынша сұраныстарды құрастыру) тілін қолданған ыңғайлы. Көптеген ТҚМҚБЖ-ларға кәсіби құрастырушыларға арналған программалау құралдары кіреді.
Кейбір жүйелердің қосалқы құралы ретінде МҚ сұлбаларын жобалаудың қосымша құралдарында немесе СASE-ішкі жүйелерінде болады. Басқа МҚ-ларға немесе SQL-серверлердің мәліметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін толық қызметтік МҚБЖ-ларды факультативтік модульдер болады.
МҚ серверлері ЭЕМ желілерінде мәліметтерді өңдеу болып орталықтарын құруға арналған. Қазіргі кезде МҚ-лардың бұл тобының аз болып табылады алайда олардың саны біртіндеп артуда. МҚ серверлері басқа программалар (клиенттер) сұратқан мәліметтерді басқару қызметтерін SQL операторларының көмегімен жүзеге асырады.
Келесі бағдарламалар МҚ серверлерінің мысалы болып табылады: NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft), InterBase (Borland), SQLBase Server (Gupta), Intelligent Database (Ingress).
Жалпы жағдайда МҚ серверлері үшін клиенттік программалар ретінде әртүрлі программалар қолданылуы мүмкін: ТҚМҚБЖ, электронды кестелер, мәтіндік процессорлар, электронды пошта программалары және т.б. Бұл жағдайда клиент - сервер жұбының элементтері бір немесе бірнеше программалық қамтамасыз етудің өндірушілеріне жатуы мүмкін.
Клиенттік және серверлік бөліктер бір фирмада жасалған жағдайда олардың арасындағы қызметтердің үлестірілуі ұтымды түрде орындалған деп күту табиғи нәрсе. Қалған жағдайларда, әдетте, мәліметтерге қандай жолмен болсын қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсаты көзделеді. Келесі жағдай осындай қосылыстың мысалы болып табылады: көп қызметтік МҚБЖ-лардың бірі сервер рөлін, ал екінші МҚБЖ (өзге фирма өндірген) - клиент рөлін атқарады. SQL Server (Microsoft) МҚ сервері үшін клиенттік (ауқымдық) программалар ретінде көптеген МҚБЖ-лар болуы мүмкін, мысалы: dBASE IV, Blyth Software, Paradox, DataEase, Focus,1-2-3, MDBS ІІІ, Revelation және басқалары сияқты.
МҚ-лармен жұмыс істеу программаларын жасау құралдары келесі бағдарламалардың әралуан түрлерін:
oo клиенттік программаларды;
oo МҚ серверлері мен олардың жекелеген компоненттерін;
oo пайдаланушылардың қосымшаларын құрастыруға қолданылуы мүмкін.
Бірінші және екінші түрдегі программалар саны жағынан аздау болып келеді, себебі олар негізінен жүйелі программалаушыларға арналған. Үшінші түрдегі пакеттер көптеп саналуда, алайда олардың саны толық қызметтік МҚБЖ-ларға қарағанда аз.
Пайдаланушы қосымшаларын жасау құралдарын программалау жүйелері жатады, мысалы Clipper, түрлі программалау тілдеріне арналған әртүрлі программалау кітапханалары, сондай-ақ әзірлемелерді (соның ішінде клиент-сервер типіндегі жүйелерді) автоматтандыру пакеттері. Аса кең тараған құралдар ретінде келесі құрал-жабдықтық жүйелерді атап кетуге болады: Delphi және Power Builder (Borland), Visual Basic (Microsoft), SILVERRUN (Computer Advisers Inc.), S-Designor (SDP мен Powersoft) және ERwin (LogicWorks).
Жоғарыда аталған құралдармен қатар мәліметтерді басқару мен МҚ қызмет көрсетуді ұйымдастыруға арнап түрлі қосымша құралдар, мысалы, транзакциялар мониторлары қолданылады (4.2 ішкі бөлімін қараңыз).
МҚБЖ-ларды қолдану сипаты бойынша дербес және көп пайдаланушыға арналған деп бөлінеді.
Дербес МҚБЖ-лар әдетте, дербес МҚ-лары мен олармен жұмыс істейтін онша қымбат емес қосымшаларды жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-лар немесе олардың көмегімен жасалған қосымшалар көбінесе көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ның клиенттік бөлігі ретінде қызмет атқаруы мүмкін. Дербес МҚБЖ-ларға, мысалы, Visual FoxPro, Paradox, Clipper, dBase, Access және т.б. жатады.
Көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ларға МҚ сервері мен клиенттік бөлігі кіреді және, әдетте, бір текті емес (ЭЕМ-дер мен амалдық жүйелері әртүрлі болып келетін) есептеу жүйесінде қызмет ете алады. Көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ларға, мысалы Oracle мен Informix МҚБЖ-лар жатады.
Қолданылатын мәліметтер моделі бойынша МҚБЖ-лар (МҚ тәрізді) иерархиялық, желілік, реляциялық, объектілі-бағытталған және басқа түрлерге бөлінеді. Кейбір МҚБЖ-лар бір мезгілде бірнеше мәліметтер моделіне қолдау көрсете алады.
Пайдаланушы тұрғысынан МҚБЖ ақпаратты сақтау, өзгерту (толықтыру, редакциялау және алып тастау) және өңдеу қызметтерін сондай-ақ түрлі баспа құжаттары жасау мен алу қызметтерін жүзеге асырады.
Мәліметтер қорында сақталған ақпаратпен жұмыс істейтін МҚБЖ программалар мен пайдаланушыларға келесі екі тілі ұсынады:
oo мәліметтерді сипаттау тілі - мәліметтердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған декларативтік типтегі жоғары деңгейлі процедуралық емес тіл;
oo мәліметтерді манипуляциялау тілі - мәліметтерімен негізгі амалдарды: енгізу, модификациялау және сұраныс бойынша мәліметтерді таңдауды, орындауды қамтамасыз ететін құрылымдардың жиынтығы.
Аталған тілдердің түрлі МҚБЖ-ларда өзара айырмашылықтары болуы мүмкін. Стандартталған екі тіл аса кең таратылған: QBE (Query By Example) - үлгі бойынша сұраныс тілі және SQL (Structured Query Language) - сұраныстардың құрылымдалған тілі. QBE негізінен мәліметтерді манипуляциялау тілінің қасиеттерінен тұрады, ал SQL өзінде екі түрдегі тілдердің қасиеттерін - мәліметтерді сипаттау және манипуляциялау қасиеттерін жинақтаған.
МҚБЖ-ның жоғарыда аталған қызметтері, өз кезегінде, одан төмен деңгейдегі келесі негізгі қызметтерді қолданады:
oo сыртқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz