Жом, күнжара құрамы, құндылығы және әр түрлі малдарды азықтандыру нормасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ветеренария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті
Мал өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жом, күнжара құрамы, құндылығы және әр түрлі малдарды азықтандыру нормасы

Пән: мал азығын өндіру және азықтандыру
Мамандығы: Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Орындаған: Мауленова.С.Ш
Күндізгі оқу бөлімі 3 курс студенті

Жетекші: Габдуллин Ш.С.
___________________
Курстық жұмысты қорғау өткізілді
___ ___________ 2018 ж
Бағасы _____________

Қостанай 2018
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
I. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ...7
1.1. Жом мен күнжараның табиғи кұндылығы мен маңызы ... ... ... ... .7
1.2. Азық және азық қоспаларын өндірудің қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3. Нормалап азықтандырудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..16
II. Есептеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1. Зерттеу әдістері мен әдістемелері ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Зерттеуді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ...19
2.3.Зерттеу қортындыларын талдау ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ..26

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл курстық жұмыста мынандай стандарттарға сілтемелер жасалынды:

МемСТ 80-96 Күнбағыс күнжарасы. Техникалық шарттар.
МемСТ 13979.0-86 Күнжара, шроттар және қыша ұнтағы.
Қабылдау ережесі және сынамаларды іріктеу әдістері
МемСТ 13979.1-68 Күнжаралар, шроттар мен қыша ұнтағы.
Ылғал мен ұшпалы заттарды анықтау әдістері.
МемСТ 13979.2-94 Күнжаралар, шроттар мен қыша ұнтағы.
Майдың және экстрабелсенді заттардың үлестік салмағын
анықтау әдістері.
МемСТ 13979.4-68 Күнжаралар, шроттар мен қыша ұнтағы.
Түсін, иісін, қара қосындылар мен ұсақтардың мөлшерін
анықтау әдістері.
МемСТ 13979.5-68 Күнжаралар, шроттар мен қыша ұнтағы.
Металл қоспаларды анықтау әдісі.
МемСТ 13979.6-69 Күнжаралар, шроттар мен қыша ұнтағы. Күлді анықтау
әдісі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

МемСТ мемлекеттік стандарт
ҚЗ - құрғақ зат
ШП - шикі протеин
ШМ - шикі май
АЭЗ - азотсыз экстративті заттар
ҚП- қорытылған протеин
АЭ-алмасу энергиясы
г - грамм
мг -- миллиграм
л - литр
а.ө-азықтық өлшем
кДж - килоджоуль
МДж - мегаджоуль
% - пайыз

Кіріспе

Халық шаруашылығының маңызды саласы -- мал шаруашылығы. Ол халық шаруашылығының басқа салаларының дамуына елеулі әсер етеді. Қоғамның материалдық қажеттілігін қамтамасыз ету мал шаруашылығының даму деңгейіне байланысты. Ал мал шаруашыларын өркендетуде азық қорын дамытудың және азықтандыруды ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Бүгінгі шаруа қожалары, фермерлер, мал мамандары азықтандыруда қолданылатын негізгі азықтар түрін, химиялық құрамын, қоректілігін және, т.б. көптеген қасиеттерін нақтылы білулері қажет. Сонымен бірге, малдан мол және сапалы өнім алу мақсатымен, әр түрлі малдарды толық құнды азықтандыра білу -- бүгінгі заманда өзекті мәселе. Азық құрамы. Мал шаруашылығын тиімді жүргізудің басты шарты -- мал азығы қорын дұрыс ұйымдастыру және әрбір малдың барынша өнімді болуына, азықты неғұрлым аз жұмсап, жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік беретін азықтандыру болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақстан Республикасының жаппай кірісінің қалыптасу саласының маңызды бөлігіне ауыл шаруашылығының өндірісі жатады. Оның үлесі 30%-ға дейін жетеді.
Еліміздегі ауыл шаруашылығына жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты мал басын көбейту мен мал шаруашылығының тиімділігін арттыру өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі кезде облыстағы мал саны ауыл шаруашылығын қолдауға сәйкес жүргізілген қолдауларға байланысты көбеюде.
Облыс көлемінде мал санын көбейтуге бағытталған мәселені шешу мен оның тиімділігін арттыру негізінен жем-шөп қорын нығайту және мал азығын өндіру өндірісін өндірістік негізге ауыстыру арқылы қол жеткізуге болады.
Елбасының 2013 жылы 30 мамырда № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасында ерекше атап көрсетілген.
Соңғы жылдары мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерін бәсекелестік қабілеттілігін аттыруға және оның экспорттық әлеуетін арттыруға баса назар аударылуда. Осыдан екі жыл бұрын ауыл шаруашылығы министірлігі Елбасының агроөнеркәсіп саласы қызметкерлерінің форумында берген берген тапсырмасын орындау мақсатында, ғылыми мекемелер мен халықаралық жобалардың жетістіктерін негізге ала отырып, мал азығын өндіру бағдарламаларын жасақтап, іске асыра бастады. Ендігі мақсат - қолда бар ғылыми жетістіктерді өндіріске кеңінен өндіру. Сонымен қатар 2015-2020 жылдарға арналған ғылыми технологиялық бағдарлама да заманауи жаңа әдістерді қолдану, қорыта айтқанда республикамыздың агроөнеркәсіп кешенін өркендетудің Агробизнес-2020 бағдарламасы аясында жасақталған мал азығын арттыруға арналған іскерлік жоспарын табысты іске асуына ғылым жетістіктерінегізінде жасақталған Жасыл технологиялар кең жол ашты деп санаймыз.[21]
Индустиралды технолгия ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, алдыңғы қатарлы тәжірибиелерді, егіншіліктің мәдениетін көтеруге, егу мен жинаудың агротехникуалық талаптарын сақтауды, жерді өңдеудің ең аз тәсіліне қол жеткізуге, тыңайтқыштарды қолдануға бағытталған.
Малдың салмағын арттыру мен сауылатын сүттің мөлшерін жаз айларында арттыруға жасыл балауаса азығы қатты әсер етеді. Бұл кезеңге (сәуір-қыркүйек) жылдық сауын сүттің 70%, малдың салмақ қосуының 60% және жүннің 70% -ына дейін қырқуына қол жеткізуге болады. Сонымен қатар бұл кезеңдегі мал өнімдерінің өзіндік құнының бағасы қыс айларымен салыстырғанда 1,5...2,0 есеге дейін аз болады.

Техникалық өндіріс қалдықтары
1) Ұн өндірісінің қалдықтары: кебек, жарма, ұлпа.
2) Май өндірісінің қалдығы: күнжара, шрот.
3) Спирт өндірісінің қалдықтары: сірне бардасы.
4) Қант өндірісінің қалдығы: жом, азықтық сірне- патока.
Олардың химиялық құрамы мен қоректілігі. Техникалық өндіріс қалдықтарына қойылатын МЕМСТ талаптары. Мал түліктеріне өндіріс қалдықтарын беру мөлшері. Оларды үнемдеп пайдалану.
Жом(қызылшаның сығындысы)жас немесе сүрлем түрде сауын сиырға және бордақыланатын малға қолданылады.
Күнжара - дәні майлы өсімдіктерден майы сығылып алынғаннан кейін қалатын мал азығы. Құрама азыққа кіреді.
Мал азығының қоспалары (90-95 %) су және құрғақ заттан тұрады.
Міндеттері:
* Күнжара мен жомның түрлеріне зерттеулер жасау
* Күнжара мен жомның ауыл шаруашылығындағы қолдану рөлін анықтау
* Күнжара мен жомның химиялық құрамын анықтау және оны жетілдіру
Зерттеу обьектісі:
Күнжара мен жомды дайындауда қолданылатын технологиялармен агрегаттар.
Зерттеу мақсаты .
Қазақстан Республикасындағы күнжара мен мен жомды дайындаумен таратудың ағынды технологиясын негіздеу.

4.1. Жом мен күнжараның табиғи кұндылығы мен маңызы

Құнарлы мал азығына энергетикалық қуаттылығы мен қоректілік құнарлылығы жоғары, құрғақ затындағы жасунығы - 19% - дан аспай, 1 кг-дағы қоректік заттар қосындысы -- 0,5 кг-нан, жалпы қоректілігі -- 0,65 азық өлшемінен асатын азықтар жатады. Оларға мал азығына жұмсалатын дән мен дөн қалдықтары және кебегі, өсімдік май өндірісінің күнжара мен шрот түріндегі қалдықтары кіреді.
Қүрғақ затындағы жасуныққа көлемі бойынша ірі жемшөпке жатқы- зылатын шөп ұнын (витаминная мука) жалпы қоректілігі бойынша құнарлы азыққа жатқызуды жөн көрдік.
Техникалық өндіріс қалдықтарына жататындар
Май өндірісінің қалдығына: күнжара
Қант өндірісінің қалдығы: жом жатады
Құнарлы жем: Жалпы энергетикалық қоректілігі мен қоректік құндылығы жағынан құнарлы мал азығына кебек түріндегі үн өндірісінің қалдығы және күнжара мен шрот түріңдегі өсімдік май өндірісінің қалдықтары жатады.

Сурет 1 Күнбағыс күнжарасы

Күнжара. Майлы дақылдардың майын механикалық тұрде престеп сығып шығарғаннан кейінгі қалдығын кунжара деп атайды.Күнжара - құнарлы азықтардың бірі. Күнжарада әқуыз бен май өте көп болады. Сондықтан сауылатын сиырға, тқлге асыл тұқымды малдарға өте пайдалы азық болып есептелінеді.Майдың қандай дәнен шығарылуына қарай қүнбағыс күнжарасы, зығыр күнжарасы, мақта күнжарасы, рапс күнжарасы тағы басқа болып бөлінеді. Кейбір күнжарада малды уландыратын ерекше зиянды заттар болады.оның әсерінен сиыр іш тастауы мүмкін. Дегенмен, оның буаз сиырларға аз-аздан беруге болады. Мақта күнжарасы да басқа күнжаралар сияқты ақуызға бай. Бірақ онда минералдық заттар мен дәрумендераз болады. Алайда мақта күнжарасында зиянды зат болғандықтан мұны аздап бермесе, мал уланып қалуы мүмкін. Күнжара дәмінің, иісінің және басқа заттар қоспасының тазалығының маңызы зор.Қауызы көп олса. Күнжара нашар деп саналады. Ащы дәм, ашыған иіс күнжараның бұзылғандығын көрсетеді.Күнжара ылғал тимейтін, құрғақ жерде сақталуы тиіс. Дақыл майының шығарылуын жеңілдету үшін дәнді алдын ала 130°С дейін қатты қыздырады. Қыздырылған дәннің майының шығарылуы жеңілдегенмен жоғары температурада натурсыздануына байланысты, бір жағынан, белогының қорытылуы төмендесе, екінші жағынан, ондай күнжара дәмі де нашарлайды. Және де қаншама нығыз сыққанменен күнжара құрамында біршама (7-9%) майы қалып қояды. Ол майды қалдырмай толығырақ ендіру үшін өсімдік май өндірісіңде шикізатты бензин секілді түрлі органикалық еріткіштермен өндегеннен кейінгі қалдығын шрот деп атайды. Оның қүрамындағы майдың мөлшері 2 -- 3%-дан аспайды (1-кесте).

кесте 1
Майлы дакылдар күнжарасының құрамы, %

Күнжар түрі
Шикі
протеин
Шикі
май
Шикі
жасунық
АЭЗ
Шикі
күл
Күнбағыс күнжарасы
39,2
10,2
13,0
22,5
6,3
Соя күнжарасы
38,5
7,6
4,8
30,7
5,5
Мақта күнжарасы
37,0
8,2
11,0
37,9
5,8
Рапс күнжарасы
33,0
7,3
12,0
31,0
7,7
Зыгыр күнжарасы
29,2
11,2
9,7
16,9
7,2
Кендір күнжарасы
30,4
10,1
26,6
17,9
7,7

Майы алынған шикізат қалдығы 1 кг-да 0,82-1,29 а.ө., 244-430 г қоры- тылатын протеині бар құнды протеинді мал азығының қосындысы ретінде жұмсалады. Оны мал азығына протеині аз сабан, нашар сапалы пішен мен сүрлем берілгенде протеин мөлшері мен сапасын арттыратын қоспа түрінде пайдаланады. Күнжара мен сүт, сары майы мен сырын сапасыздан-дыратындықтан сауын сиыр азығына шектеп жұмсайды. Сауын сиыр басына берілетін зығыр мен күнбағыс күнжарасы тәуліктік көлемін - 2-4 кг-нан, ал мақта күнжарасы көлемін 1-2,5 кг-нан асырмайды.
Осыңдай шектеумен қатар күнжара құрамында бірқатар улы, зиянды заттар болатынын ескереді. Ол заттарды анықтау үшін ұнтақталған күнжараны жылы суда бөктіріп қойып, 13 -- 15 минуттан кейін иіскейді.
Улы глюкозидтері көп күнжара үлгісінен қыша иісі шыға бастайды. Осыны ескеріп мал азығына жұмсарда күнжара алдын ала зиянды алколоидтары мен глюкозидтерінен, эфир майларынан залалсыздандырады. Мұны оларды протеиндік қосынды ретінде қүрамажемге қосқанда да ескереді.
Күнбағыс күнжарасы. Күнбағыстың тазартылған не тазартылмаған дәнінен май өндіргеңде қалатын қалдығы. Күнбағыс күнжарасында 10%-ға дейін майы қалады. Олардың 1 кг-да, тиісінше, 1,08 а.ө. және 0,93 а.ө. (10,4; 10,2 МДж АЭ), 357 г жөне 383 г қорытылатын протеин болатын мал мен құстың құнды протеинді азығы. Бұл дақыл күнжарасы 1 кг-дағы 392 г шикі протеинде -- 3,3% лизин, 2,4% метионин, 1,5% цистин, 1,4% триптофан; 409 г көмірсуларында -- 1,7% қант, 0,8% крахмал, 6,8% пентозандар, 7,3% целлюлоза, 5,6% лигнин; 110 г күлінде - 7,7 г (күлінің 0,4%) Са, 11,3 г (күлінің 1%) Р, 39 мг Мn, 57 мг Zп, 18 мг Си, 210 мг Со болады. Витаминдерден 4 мг-дай тиамин жиналады.
Күнбағыс қүнжарасы протеині аминқышқылдарға, оның ішінде, әсіресе лизинге бай болатындықтан, жүгері жұмсалған мал азығы мен қоспасына үстемелеп қосқан жөн. Сиыр сүттілігін молайтатын қосынды ретінде күнбағыс күнжарасын сауын сиырға 1 л сауым сүтіне шаққанда 80 -- 100 г мөлшерінде берсе мал түлігінің азығына... торай жеміне -- 4 -- 6%, борда- қылаудагы және сақа шошқа жеміне -- 8 -- 12%, мүйізді ірі қара мал жеміне - 15-20%, балапан жеміне - 8-10%, мекиен жеміне - 12-15%, жұмыс аттарының жеміне 15 -- 20% көлемінде қосуға болады.
Ұнтақталған немесе суға бөктірілген күнбағыс күнжарасы тәулігіне сиыр басына - 2,5 -- 4 кг, шошқа басына -- 0,5 -- 1,5 кг, тана-торпақ басына 1 -- 1,5 кг көлемінде жемге араластырып береді. Майдаланып ұнтақталған күнжара ылғал тартқыш болғандықтан, ұзақ сақталмайтынын ескереді.
Күнбағыс күнжарасы дәнінің қабығын да мал азығына жұмсауға болады. Оны протеинге, майға, витаминдерге бай қосымша азық ретінде төулігіне сауын сиырға -- 2-2,5 кг, тана-торпаққа - 1,5-1,8 кг, бүзауға - 0,8-1 кг, қойға 1-2 кг беруге болады.
Зығыр күнжарасы. Барлық мал түлігі жақсы жейтін бағалы протеиндік азық болып табылады. Сынықтары қатты болғандықтан, майдалау қиын болса да, зығыр күнжарасы мал азығына құрғақ түрінде ұнтақтап пайдаланған жөн. Өйткені піспеген зығыр дәнінде линамарин атгы зиянды циан-глюкзиод липаза ферментінің өсерінен ыдырап, өте улы синил қышқылына айиалады. Піскен зығыр дәніңде синил қышқылын шығаратын глюкозоид қалмайды. 1 кг-да 1,02 а.ө. (11,7 МДж АЭ), 245 г қорытылатын протеині бар зығыр мал азығына кеңінен пайдалануға болатын құнды азықтар.

Мақта күнжарасы. Мақтаның тазартылған немесе тазартылмаған дәнінен шығарылатын құнды протеинді азық. 1 кг-да 1,11 а.ө. (11,1 МДж АЭ), 307 г қорытылатын протеині бар мақта күнжарасы тәулігіне сиыр басына - 3-4 кг, тана басына - 0,2-1,5 кг, қой басына - 0,2 кг, жылқы басына 1 -- 1,5 кг, шошқа басына жалпы жемінің 10% көлеміңце басқа жемдермен араластырып береді. 455 гкг мөлшеріндегі шикі протеинде 4,3% лизин, 1,2% метионин, 1,6% цистин, 1,4% трип- тофан, 1 кг-да 10,2 г Са, 10,4 г Р, 36 мг Мn , 62 мг Zn, 18 мг Сu, 300 мкг Со; 4 мг тиамин, 36 мг никотин қышқылы, 14 мг пантотен қышқылы, 2890 мг холин болады.
Мақта күнжарасы мал азығына пайдаланғанда олардың кұрамында улы госсипол глюкозидының болуын ескеру қажет. Оның улы әсері әсіресе төлге, шошқаға, жылқыға қауіпті. Госсиполмен уланған малдың ас қорытуы бұзылып, тезегі қатып немесе керісінше іші өтіп, тышқаққа ұрынады. Күнжараны госсиполдан астық тұқымдастар дәнінің ұнымен қоса қайнатып босатуға болады.
Мақта күнжарасы мал азығына мақта дәнімен қауызын мүйізді ірі қара мал мен қой азығына пайдаланады. Құрамындағы госсиполы 0,01%-дан аспайтын мақта дәні мен қауызын теулігіне сиырға -- 6-8 кг, құнажынға - 3-5 кг, танаға - 2-3 кг, бордақылаудағы мүйізді ірі қара малға - 10-12 кг, қойға - 1,5-2 кг, тоқтыға 1-1,5 кг басқа азықтармен араластырып береді.
Рапс күнжарасы. Органикалық заттары 67 -- 70% қорытылатын протеинді қосынды. 1 кг-да 1,11 а.е. (11,1 МДжАЭ), 277 г қорытылатын протеині бар рапс құрғақ күйіңде теулігіне сиыр басына -- 2 -- 2,5 кг, шошқа басына 0,5 кг беріп, торай жеміне -- 4 -- 5%, мегежін жеміне - 3%, қабан жеміне 5 -- 8% көлемінде қосады. Малға берер алдында глюкозидтерден арылту үшін ылғалды ыстық өңдеуден еткізіп, улы эрук қышқылымен глюкозинолаттардан тазартады.
Соя күнжарасы. Химиялық құрамы жағынан май өндірісінің ең қоректі де құнарлы қалдықтары болып табылады. Соя күнжарасының 1 кг-да 1,36 а.е. (12,9 МДж АЭ), 346 г қорытылатын протеин, 1,22 а.е. (12,0 МДж АЭ), 350 г қорытылатын протеин болады. Оның 400 -- 430 гкг шикі протеинінде 5,2% лизин, 1,6% метионин, 1,7% цистин, 1,2% триптофан жиналады. Соя шротының 409 гкг шикі протеинде 3,3% лизин, 2,4% метионин, 1,5% цистин, 1,4% триптофан жиналып, 1 кг-да 7,0 г Са, 6,5 г Р, 33 мг Мn , 54 мг zn, 16 мг Сu, 150 мкг Со; 3,5 мг тиамин 30 мг никотин қышқылы, 16 мг пантотен қышқылы, 2800 мг холин болады. Соя күнжарасы мал мен құс құрамажемін аминқышқылдық құрамы құнды протеинмен байыту мақсатында қолданады.
Кендір кунжарасы. Бұл күнжара қабығында қиын қорытылатын жасунық көп болғандықтан, жалпы энергетикалық қуаттылығы онша жоғары болмайды. 1 кг 0,85 а.ө. (8,7 МДж АЭ), 228 г қоры- тылатын протеині бар кендір күнжарасы тәулігіне сауын сиырға -- 1 -- 1,5 кг, бордақылаудағы мүйізді ірі қара малға 2-2,5 кг береді. Олар сиыр сүтінің майлылығын азайтатындықтан, сауын сиыр азығына аздап жұмсайды. Кендір күнжарасы құрамындағы тетано-каннобионин мен каннабин алколоидтары мал бұлшық етінің жиырылуына әсер ететіндіктен, оларды буаз мал азығына қолданудың түсік тастату қаупін өсіретінін ескереді.
Жугері кунжарасы. Жүгері дәнінен май өндіргеңде қалатын бағалы азықтық қалдықтар. 90% құрғақ затында 18,4% протеин, 8,1% май, 15,5% жасунық болатын жүгері күнжарасының органикалық заттары 80% қорытылады. Оны барлық мал түлігі мен құс жеміне қосуға болады. Бірақ жүгері дәніндегідей протеиннің құрамында лизин аминқышқылының аздығын ескереді.
Май өндірісінің бағалы протеиндік азықтық қалдықтарға бұлармен қатар арахис, жержаңғақ, кунзе, жеренқұлық, қышабас қыша, мақсары, күнжұт күнжаралары жатады. Басқа мал азығы сияқты күнжара да сыртқы түрі, біркелкілігі, дәмі, иісі, химиялық құрамы, бөгде (металл, өйнек) қосындылары бойынша келесі кестеде келтірілген стандарт талаптарымен бағалайды (2-кесте).

Кесте 2
Күнжара сапасын бағалау

Күнжаралар

Қүрғақ затындағы, %
Түсі

майы
протеині
күлі

Жержаңғақ күнжарасы
6,5
52
0,2
Боз, ашық-қоңыр
Кендір күнжарасы
9
33
2,0
Бозғылт
Күнбағыс күнжарасы
7
44-50
1,5
Боз
Зығыр күнжарасы
7
34
1,5
Боз, ашық-қоңыр
Рапс күнжарасы
9
37
2
Жасыл-сары
Соя күнжарасы
8
42,5
1,5
Ашық сары
Мақта күнжарасы
8,5
38-45
1-2
Жасыл, боз-сары

Ескерту.
1) Күнжара ылғалы - 8,5-11%-дан аспауға тиіс;
2) Кестеде тұз қышқылында ерімейтін күлінің көлемі келтірілген;
3)Күнбағыс күнжарасында - 4-15,5%, мақта күнжарасында - 13 -- 18% қара-қоңыр, зығыр күнжарасында - жылтыр қоңыр, рапс күнжарасында бозғылт түсті қабық араласады. Сапалық көрсеткіштері стандарт талаптарына сәйкес келмейтін, шіріген, көгерген, майын бактериялар ыдыратып ашыған күнжара мал азығына пайдалануға болмайды. Олардын бәрінде дерлік кездесетін зиянды қосындылардан арылту үшін күнжара малға жегізерде жоғары температуралық өңдеуден өткізеді.
Күнжара-дәні майлы өсімдіктерден майы сығылып алынғаннан кейін қалатын мал азығы.Құрама азыққа кіретін белогы (30-50%) мен майы (6-10%) көп құнарлы азық.Сондықьан майды неғұрлым толық сығып алу үшін ұсақталған әрі кептірілген дәнді май еріткіштерімен араластырып сығып күнжара ұнын дайындайды.Мұнда 1-3% май болады.
Күнжараны белогы аз сабан-топан, тамыржеміс азықтарына аз мөлшерде қосып, олардың сапасын арттыруға болады.Күнжара аминқышқылдарының құрамы және белогының биохимиялық құндылығы жағынан астық тұқымдас жем белоктарынан сапасы жоғары,өйткені мұнда лизин, метионин, цистин, кальций, фосфор едәуір көп болады.Республикада негізінен күнбағыс және мақта күнжарасы өндіріледі.Олардың бірнеше түрлері бар.Күнбағыс күнжарасы қоректік және сіңімділік жағынан сапасы зығыр күнжарасына жуық, малға беру мөлшері де сондай.Ал мақта күнжарасының құрамында госсипол деген улы зат бар, сондықтан оны 2 сағат бойы құрғақ буда қыздырады да, ыстық суға бұқтырады.Жүгері күжарасы малдың барлық түріне беруге болады.Сиыр мен шошқаға көп берілмейді,өйткені сиыр сүтінен алынатын май және шлшқа етінің майы жұмсақ болады.Көкнәр күнжарасы дәмі сүйкімді,жақсы азық, сиырды бордақылауға күніне 1 кг-ға дейін беріледі.Күнжіт күнжарасы да құнды мал азығы, барлық мал түлігіне беруге болады.Алайда күнжара құрамында мал денсаулығына зиян келтіретін заттар болуы мүмкін,мысалы: антитрипсин, рапс, қышабас, синигрин және синалбин глюкозидтері бар. Бұлар малдың ішін өткізуі, уландыруы мүмкін.Сондықтан күнжараны малға берерде лабороторияда зерттеп,сапасын анықтау қажет.
Күнжара майлы дақылдар дәнінен май өңдіргеңде азыкттыкқ фосфатидтер қалады. Фосфатидтің липидтік бөлігіне кіретін холин мал организміндегі майлар мен аминқышқылдарының биотүзуін реттеуге қатысады. Күнбағыс пен соя фосфатидтерінде 39 -- 42% май мен 56-58% фосфолипидтер болады. Фосфолипидтерде 2,1-2,2% фосфор жиналады .
Өндірісте фосфатидтерді күнжара 1:2 -- 1:5 арақатынасында араластырып, мал азықтық фосфатидті-белокты қосынды дайындайды. Оны балапан құрамажеміне -- 1,8-3,6%, мекиен құрамажеміне - 2,7-5,4%, торай қүрамажеміне -- 3 -- 6%, бұзау құрамажеміне -- 4,5-9% көлемінде қосып, жасанды сүт дайындауға кеңінен қолданады. Мақта майын өндіргеннен кейін қалатын фосфатидтердің құрамында госсипол мен сабындар болатынын ескеру қажет.
Энергетикалық қалдықтарға техникалық майлар да жатады. Олардың 93% 1- грамында 9 -- 9,3 ккал (38,2 МДж) қуаты бар майдан тұрады. Энергетикалық қуаттылығымен қоса техникалық майларда майда еритін А мен Е витаминдері қалады.

Сурет 2. Жом

Техникалық қант, ашыту (спирт) және крахмал өндірісінің бірқатар қалдықтары мал азығы ретінде пайдаланылады. Олардың қатарына қант өндірісінің сығынды (жом) мен сірне (патока, мелясса), ашыту (спирт) өндірісінің қойыртпақ (барда), крахмал өндірісінің мезга түріндегі қалдықтары жатады. Негізгі өнім өндірілгеннен кейін олардың құрамы мол сулы (80-90%) болып келетіндіктен бұл азықтық қалдықтарды жеке сулы (водянистые) азықтар тобына бөліп шығарады. Кептірілген техникалық өндірістің азықтық қалдықтарын құнарлы азыққа жатқызуға болады. Олардың бәрі өсімдік шикізатынан өндірілетіндіктен қоректілік сипаттамасын өсімдік тектес жем шөптердің соңында беруді жөн көрдік.
Бұзылмай сақталу мерзімін ұзартып, тасымалдауын жеңілдету үшін, әдетте, зауытта жомды сығымдап, ылғалдылығын 80-85%-ға дейін төмендетіп, арнайы орларда сақтайды. Мұндай сығындының жалпы қоректілігі 0,14-0,16 а.ө.кг жетеді. Оның сақталу мерзімін ұзарту үшін азот, фосфор, күкірт, натриймен байытылған консерванттарды пайдаланса, протеиндік және минералдық құндылығы да жоғарылайды.
Бұл мақсатта В. Максаков, А. Болаев сығымдалып, сүрлемге салынған жомның әр 1 тоннасына салмағынан төрт есе көп суға ерітіліп дайындалған 75%-дық техникалық фосфор қышқылының, 1,4 кг карбамидтің, 2 -- 3 кг глаубер тұзының қосындысынан 130 г қосуды ұсынды. Қажетті жағдайда жомды кептіріп сақтайды. Кептірілген құрғақ жом ұзақ сақталуымен қоса жеңіл тасымалданады. Оның құрамында 8 -- 10% протеині, 58 -- 67% азотсыз экстрактивті затгары, 17 -- 21% жасунығы болады. Оны малға жегізер алдында 5 -- 6 сағат бойы көлемінен 3 -- 4 есе көп жылы сумен бөктіреді.
Қант өндірісінде жоммен (сығынды) қоса және бір сірне (патока, мелясса) түріндегі азықтық қалдық қалады. Оның құрамында 20% су, 4% протеин, 8 -- 10% сілтілік күл мен 40 -- 50% азотсыз экстрактивті заттар болады. Протеині толығымен дерлік белоктан тыс азотты заттардан тұратындықтан, қарапайым қарынды малға еш пайдасыз. Азотсыз экстрактивті заттарындағы қанты кристалданбайтын инвертті түрде болады. Оның судағы ерітіндісімен ірі жемшөпті бүркіп тәттілендіруге, ал жем ұнтақтарын түйіршікке біріктіруге қолданады. Жеңіл қорытылатын көмірсулары көп болғандықтан 1 кг-ның қоректілігі 0,6 -- 0,8 а.ө. құрайтын құнды энергетикалық азықтық қосынды ретінде пайдаланады.
Жом - сығынды, қыспақ (қант қызылшасы өндірісінің қалдығы, көмірсулы азық)
Жом(қызылшаның сығындысы)жас немесе сүрлем түрде сауын сиырға және бордақыланатын малға қолданылады. 1кг сығындының құрамында 1,13МДж алмасу қуаты.16 г қорытылатын протеин, 2,5 г қант, 3 г май, 33 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл салмақты айғырларды азықтандыру
Азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу
Дәнді азықтар және қалдықтарын малдарды азықтандыруда қолдану
Ірі қара төлін бардамен бордақылау
Әр түрлі бағыттағы ірі қара тұқымдары
Шошқаларды азықтандыру және бордақылау
Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері
Ауылшаруашылық малдарын ғылыми əдіспен азықтандыру
Жануар тектес азық
«Сиыр табынын толтыратын ұрғашы бұзауларды азықтандыру»
Пәндер