Тұрғын үйлердi пайдалану


Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Сәулет-құрылыс факультеті
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы кафедрасы
Реферат
Пәні:
Тақырыбы:
Орындаған: ТПГС-43 тобының
cтуденті
Тексерген: Жунисов Т. О.
АСТАНА 2014
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Мемлекеттiк тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережелерi . . . 4
Тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi қызметтер . . . 4
Жеке тұрғын үйлердi салу мен пайдаланудың сапасы үшiн жауапкершiлiк . . . 6
Тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсету . . . 7
Кіріспе
Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады жэне соған орай белгілі бір саясатты жасап шығармау мүмкін емес. Әрине, ол оны бірден шешпейді, бірақ бірте - бірте азаматтарды тұрғын үймен неғұрлым тиімді түрде қамтамасыз етуге қол жеткізе отырып, бұл осы мәселені бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Тұрғын үй қатынастары аясында жүргізілетін саясаттың мазмұнын жалпылама түрде анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы тұрғын үй қатынастарына тиісті түрде ықпал етеді.
Азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу жағдайын жақсартуға бірқатар шаралар арқылы қол жеткізу көзделген болатын. Олар:
1) тұрғын үй құрылысы процесінде қатысатын азаматтар мен заңды тұлғалар үшін жеңілдіктер жүйесін кұру;
2) қолда бар тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, тұрғын үйді пайдалану мерзімін ұзарту;
3) кезекке тұрушылардың тұрғын үйге деген құкықтарын сақтауға қатысты тұрғын үй саясатының сабақтастығын сақтау.
Тұрғын үйді (тұрғын үй - жайды) тұрғын емес мақсатта пайдалануға тек заңнамада көзделген жағдайларда ғана жол беріледі. Тұрғын үй корын мақсаты бойынша және басқа да мақсаттар үшін пайдаланған жағдайларда тұрғын үй қорын бұзуга немесе бүлдіруге жол бермеу талап етіледі. Тұрғын үйлерді пайдаланушылар басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтірмеуге тиіс.
Тұрғын үйдегі тұрғын үй-жайлар тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесінің келісімімен және жобаның кұрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келуіне жауап беретін заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау басқа меншік иелерінің мүдделерін козғайтын жағдайда олардың алдын-ала жазбаша келісімі талап етіледі.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережелерi
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерi iшiндегi инженерлiк жүйелердiң ұйымдастырылуы мен құрылыс конструкцияларының техникалық жағдайын бақылау және аумақтарды көркейту жалпы және iшiнара кезектi (кезектен тыс) байқаулар жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
2. Ғимараттың немесе объектiнiң жағдайы туралы қорытындыланған мәлiметтер техникалық жағдайды есепке алу жөнiндегi құжаттарда (техникалық төлқұжатта) жыл сайын көрсетiлуi тиiс.
3. Тұрғын үй қорының сақталуы техникалық пайдаланудың қолданылып жүрген ережелерi мен нормаларының талаптарын орындаумен және:
- ағымдағы және күрделi жөндеулердi;
- алдын ала шараларды, сондай-ақ ұсақ ақауларды және авариялық жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзумен қамтамасыз етiледi.
4. Күрделi жөндеу кезiндегi барлық қолданылған конструкциялар мен тетiктердiң ақаулары жойылады, қалпына келтiрiледi немесе берiк және үнемдi бөлшектермен ауыстырылады. Қайта жаңартылған үйлердiң сейсмикалық төзiмдiлiгi арттырылады, пайдалану және сындарлық көрсеткiштерi жақсартылады.
5. Ағымдық жөндеу кезiнде күрделi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлетiн кезге дейiн құрылыс конструкцияларының, инженерлiк жүйелер мен жабдықтардың пайдалану көрсеткiштерiн қолдау мақсатында олардың жұмыс қабiлетi қалпына келтiрiледi.
6. Ұсақ ақаулар (инженерлiк жүйенiң тығынды құрылғыларынан су ағуы, канализация жолдарының бiтелiп қалуы) мүмкiндiгiнше алдын ала байқаулар кезiнде немесе тұрғындардың өтiнiштерi бойынша кешiктiрмей жойылуы тиiс. Авариялық жағдайларды жою дереу жүзеге асырылады.
7. Тұрғын ғимараттарға жөндеу жүргiзудiң мерзiмiн зерттеулер нәтижелерiнiң және тиiстi актiлердiң негiзiнде тұрғын үй-пайдалану ұйымы анықтайды.
Тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi қызметтер
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуы мен оның лайықты пайдаланылуын, сондай-ақ азаматтардың үй-жайды және iргелес аумақты пайдалану ережелерiн сақтауын бақылауды қамтамасыз ету үшiн әр қалада (ауданда) белгiленген тәртiппен тұрғын үй-пайдалану қызметтерi құрылады немесе таратылады. Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорындағы аталған қызметтер қызметкерлерiнiң санын жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорында - тұрғын үй қорының сындарлық элементтерiне, инженерлiк жабдықтары мен жүйелерiне қызмет көрсетудiң белгiленген нормативтерiн ескере отырып, кәсiпорындардың әкiмшiлiктерi белгiлейдi.
Тұрғын үй қорын пайдалану жөнiндегi буындардың қызметi шарттық негiзде жүзеге асырылады.
2. Қызметтер жергiлiктi атқарушы органдардың, не мемлекеттiк тұрғын үй қорын пайдалану мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк кәсiпорындар әкiмшiлiктерiнiң (одан әрi тұрғын үйлердi пайдалану қызметтерi) атынан қордың сақталуына және оның ақаусыз күйде ұсталуына жауап бередi.
3. Тұрғын үйлердi пайдалану қызметтерi:
- тұрғын үйлер мен тұрғын жайларға орналастыру, не оларды босату кезiнде заңдармен белгiленген нормалар мен мерзiмдердiң сақталуын;
- ведомстволық тұрғын үй қорының алғаш есепке алынуын, оның тiркелуi мен техникалық түгенделуiн;
- тұрғындардың мемлекеттiк үй-жайларды пайдалану, тұрғын үйдi және үймен iргелес аумақты ұстау, өздерi тұрған жайларды не ортақ мүлiктiң жекелеген бөлiктерiн қайта жабдықтау және қайта жайғау ережелерiн сақтауын;
- үй-жайларды айырбастаудың және сақтап қою ережелерiнiң сақталуын;
- жергiлiктi атқарушы орган құрған комиссияның құрамында мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына берiлетiн жеке меншiктi немесе ведомстволық үй-жайлардың балансқа қабылдануын қамтамасыз етедi.
4. Тұрғын үйлердi пайдалану қызметтерi қорды сақтау мақсатында:
Тұрғын үйлердi техникалық тексерудi, ағымдағы және күрделi жөндеудi уақытында жүргiзуге мiндеттi. Күрделi және ағымдағы жөндеу үшiн тұрғын үйлердi iрiктеп алу олардың техникалық жағдайына қарай жүзеге асырылады, осы мақсатта:
- құрылыс конструкциялары мен инженерлiк жүйелердi жоспарлы (кезектi) және кезектен тыс байқауды жыл сайын жүргiзуге;
- конструкциялардың, құбыр желiлерi мен жабдықтардың одан әрi жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы шешiмдер қабылдауға;
- авариялық, тозығы жеткен үйлердiң, сондай-ақ тұрғын ғимараттардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн зерттеу үшiн мамандандырылған ұйымдарды тартуға;
- жаңа салынған не күрделi жөндеуден өткiзiлген тұрғын үйлердi пайдалануға бергеннен (өткiзгеннен) кейiнгi кепiлдiк мерзiм iшiнде анықталған ақауларды жоюды қамтамасыз етуге;
- жабдықтар мен құрылғылардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн, инженерлiк қамтамасыз етудiң диспетчерлiк және авариялық қызметтерiмен шарттардың уақытында жасалуын қамтамасыз етуге;
- ғимараттарды, жабдықтар мен коммуналдық торапты ұстау және жөндеу атқарушыларды конкурстық негiзде iрiктеп алуды жүргiзуге;
- Жалдаушылардың коммуналдық қызметтердi тұтынудың есебiн жүргiзуге, жеке (әр пәтерге) есептеу-реттеу құралдарын орнатуға;
- тұрғын үйлердi қыс кезiнде пайдалануға жыл сайын дайындауды жүргiзуге мiндеттi.
4-бап. Тұрғын үйлердi пайдалану
1. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi.
2. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс.
3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй-жайлардан оқшау болуға тиіс және ортақ кіру (шығу) есігі болмауға тиіс. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган растайды.
Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.
Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай:
өзгерістер тіреуіш конструкцияларды қозғаған;
өзгерістер ортақ мүлікті қозғаған жағдайларда, талап етіледі.
Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004. 12. 20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007. 07. 06 N 276, 2009. 06. 08 N 163-IV, 2011. 07. 22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Жеке тұрғын үйлердi салу мен пайдаланудың сапасы үшiн жауапкершiлiк
12-бап. Жобаның сапасы үшiн жауапкершiлiк
Жеке тұрғын үй құрылысы жоба бойынша жүзеге асырылады. Жобада тұрғын үйлерге арналған ең төменгi мемлекеттiк қалыптар мен стандарттардан кем болмайтын қауiпсiз тұру шарттарына сай келетiн конструкциялық және жоспарлау шешiмдерi көрсетiледi.
Жеке тұрғын үй құрылысына арналған, соның iшiнде құрылыс салушының өзi жасаған жобаның сапасы үшiн жауапкершiлiк жобаны талдап жасаушыға және өзiмен келiсiлген бөлiгiнде келiсушi ұйымға жүктеледi.
13-бап. Құрылыс сапасы үшiн жауапкершiлiк
Жеке тұрғын үй құрылысының сапасы үшiн құрылыс жұмыстарын орындаушылар жауапты болады.
14-бап. Жеке тұрғын үйдi пайдалану мен қоныс учаскесiн пайдалану үшiн жауапкершiлiк
Тұрғын үйдi, басқа да құрылыстар мен ғимараттарды пайдалану және осы мақсатқа жұмсалған шығында, сондай-ақ күрделi жөндеу мен қоныс учаскесiнiң шегiндегi аумақта инженерлiк қорғау жөнiндегi қажеттi шаралар (бұл талап етiлетiн жерде) үшiн жеке тұрғын үйдi меншiктенушi жауапты болады. Меншiктенушiге қоныс учаскесiн нысаналы мақсат бойынша, санитариялық-экологиялық қалыптарды сақтай отырып пайдалануды қамтамасыз ету де жүктеледi.
15-бап. Жеке тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарын өз бетiмен салғаны үшiн жауапкершiлiк
Тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарын өз бетiмен сала бастаған немесе оны салған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
16-бап. Жеке тұрғын үйлердi пайдалануға қабылдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz