Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру негіздері



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Сәулет-құрылыс факультеті

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы кафедрасы

Технологиялық практика нәтижесі бойынша есеп беру

Орындаған:
ТПГС-43 тобының

студенті Байтуров А.

Тексерген: Базарбаев Д.О.

АСТАНА 2014

Жоспар

Кіріспе

I. Мекеме жайлы қысқаша мәлімет

II. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Құрылыс жұмыстарын
ұйымдастыру негіздері. Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және
жүргізуді жобалау

III. Жер жұмыстарын орындау
IV. Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қосымша 1

Кіріспе

Мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің СҚФ
факультетінің 3 курс студенті Тайжанова Балжан, 7 шілде мен 9 тамыз
аралығында Астана қаласы ЖШС САО ГРУПП мекемесінде технологиялық
практикамды өттім.
Қазіргі мемлекеттің және мекеменің экономикалық жағдайына байланысты
менің құрылыс болып жатқан алаңға аса көп шығуға мүмкіншілігім болған жоқ.
Бірақ маған негізгі істеліну керек шаралар жөнінде айтылды. Соның ішінде
мен құрылыстағы басты қағаздармен таныстым. Яғни құрылысқа кететін шығын,
оның үнемді болуы, жұмыстың өзіндік құны, жұмыс өндірісінің жобасына
керекті материалдар, жұмыстың еңбек сыйымдылығы т.б.
Компанияда, сонымен қатар, барлық бөлімшелеріндегі жұмыс өндірісін
ұйымдастырумен айналысады. Мен осы құрылыс бөлімінің құжаттарымен таныстым.
Құжаттар озат тәжірибе мен құрылыс және техниканың жаңа жетістіктеріне
негізделуі, оларда еңбек өнімділігімен механикаландыру деңгейін арттыру
және еңбекті көп қажет ететін жұмыстар мен құрылыс құнын азайту жоспарларын
орындаудың жолдарын қарастыруы керек екендігін білдім. Жаңа объектілер
тұрғызу, жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту және жаңғырту құрылыстарын
ұйымдастыру жобалары құрылысты салудың мерзімдерін анықтауға, күрделі
қаржыны және құрылыс жинақтау жұмыстарының көлемін жылдарға кезеңдерге
бөлуге, құрылыстарды материалдық техникалық жағынан қамтамассыз ету
мәселелерін шешуге қызмет етеді.
Жұмыс көлемдері мен материалдық және энергетика ресурстарына деген
қажеттілік, үймереттер мен ғимараттардың ұқсас жобаларының мәліметтері
қазір пайдаланылып жүрген анықтамалардағы ресурстардың ірілендірілген
сметалық құны мен қаржыларды пайдалану көрсеткіштері, үймереттер мен
ғимарттар ұлғайтылған сметалық мөлшерлері, ресурстар және басқа да
материалдардың сметалық құны мен шығындарының көрсеткіштерін назарға ала
отырып оңайлатылған әдістермен есептеп шығарылады.
Құрлысты ұйымдастыру жұмысына: құрылыстың даярлық және негізгі
кезеңдеріне арналған құрылыстың бас жоспары, құрылыстың мерзімдік жоспары
және даярлық кезеңінің бөлек жоспары кіреді. Құрылыстың мерзімдік жоспары
негізінде құрылыстағы құрылыс- жинақтау жұмыстары өндірісінің графигі,
жұмыстарды орындаудың реттілігі көрсетілген объектілерді салудың , ұйымдық-
технологиялық нобайы, негізгі объектілер мен кешендерде және құрылыс
кезеңдеріндегі жұмыстар көрсетілген құрылыс-жинақтау жұмыстар көлемінің
ведомості, жалпы құрылыс бойынша негізгі құрылыс машиналары мен көлік
қажеттілігінің графигі, құрылыс жағдайының қысқы сипаттамасы бар
түсініктеме және негізгі жұмыстар өндірісі әдістерінің сипаттамасы, қажетті
есептер, негіздеме және техникалық көрсеткіштер кіреді.

Біз қызмет жасап жүрген құрылыс компаниясы жайлы мәліметтер

Біздің бизнесіміз құзыреттілікке, адалдыққа және клиенттер мен
серіктестердің алдындағы жауапкершілікке – шүбә келтірілмейтін сөзсіз
қасиеттерге негізделген. ЖШС САО ГРУПП қызметкерлері — жобалауда,
құрылыста және бизнесті жүргізу әдістерінде ең жоғары сапаға ұмтылатын
интернационалды команда. Біздің ұстанымымыз қарапайым әрі айқын – барынша
жоғары сыныпты ғимараттар тұрғызу. Біз баршасында кемелдікке жетуге
ұмтыламыз! Компания тұрғын және әкімшілік ғимараттардың, ірі сауда
орталықтарының сапасының арқасында атаққа ие болды. Біз табысқа жетуде
межелер қоймаймыз және әрдайым жобалау мен дизайн саласындағы жаңа
ұсыныстарға дайынбыз. Біздің тәжірибеміз ұзақ жылдар бойы тірнектеп
жиналды.
Біздің табыстарымыз – құрылыстың ең жоғары сапасына және әрбір клиент
үшін сервистік қызметтердің максималды пайдалы пакетіне қол жеткізуге
біртұтас ұмтылыста жылдар бойы қалыптасқан және жұмылған 10 адамдық
кәсіпқойлар командасының еңбегі. Табандылық және тұрақтылық ЖШС САО ГРУПП
компаниясына құрылыс индустриясының шеберінің, кез келген күрделілікті
жобаны тұрғызылатын нысандардың сапасын нұсқан келтірмей, барынша қысқа
мерзімдерде орындауға қабілетті шебердің айрықша атағына ие болуға
мүмкіндік берді. "Негiз" қызметкерлер - жобалау, құрылыста және
кәсiпкерлiктiң жүргiзуi әдiстерi биiк сапаға өзiне ұмтылатын
интернационалдық команда. Бiздiң позиция оңай және айқын - ең жоғары
сыныптың ғимаратын салу.

Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері

Жинақтау жұмыстары құрылыс-жинақтау жұмыстарының барлық кешенінің
ішінде ең бір қауіптісі болады, ол үлкен биіктікте жұмыс орындаумен және әр
түрлі жүк көтергіш жабдықтар арқылы құралымдардың ауыр элементтерін
ауыстыру және орнатумен байланысты. Сондықтан құрылыс құралымдары және
машиналарының жұмыс сенімділігін көтеру, еңбектің технологиясы мен
ұйымдастыруын толық жетілдіру көбінесе еңбек жағдайлары және жұмыс
өндірісінің қауіпсіздігін болжайды.
Құрылыс-жинақтау жұмыстарын қауіпсіз өндіруін қамтамасыз ету бойынша
шарттар құрылыстың мерзімдік жоспарында, құрылыстың бас жоспарында,
технологиялық карталарда және түсініктемеде бейнелеп көрсетіледі.
Жобалық қалпына орнатылған элементтерді ілмектен босату оларды тек
сенімді және берікті бекіткен соң ғана рұқсат беріледі. Жеткілікті
қаттылығы жоқ элементтер көтеру кезеңінде нығайтылу керек.
Жинақтаушылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі
құралдар қауіпті жерлерді қоршау және қорғану құралдары көмегімен жұмыс
орындарында қауіпсіз жағдайлар жасау болады.
Жабынның шеткі қатар тақталарын көтерер алдында тұрақты немесе уақытша
қоршаулармен жабдықтайды.
Сақтықтың ерекше шараларын желді ауа райында қолдану керек. Жел күші
бес балдан артығырақ болғанда (жел жылдамдығы 7,5-9,8 мс) үлкен желкені
бар ірі өлшемді панельдерді (саңылаусыз қабырға панельдері, табақ металл
құралымдары және т.б.) жинақтау тоқтатылады.
Жинақтау жұмыстарын қауіпсіз орындаудың ең бір маңызды шарты жинақтау
крандарының тұрақтылығын және жүк көтергіш құралдардың сенімділігін
қамтамасыз ететіндей етіп оларды дұрыс пайдалану. Тұрақтылық дәлме-дәл
көлденең және тік қалыпта сенімді негізгі дұрыс орнатумен қамтамасыз
етіледі.
Желдің күші алты балл болғанда (жел жылдамдығы 10-12 мс) крандағы
жұмыстар тоқтатылады және айдауға қарсы тетіктер көмегімен оны рельс жолына
бекітеді.
Кранасты жолын үймеретке жақын орналастырғанда үймереттің шығып тұрған
бөлігі мен кранның айналатын құралымдар аралығы, ең кемінде 75 см, қауіпсіз
арақашықтығын қамтамасыз ету керек.
Қауіпті аймақтың шегі жүкті ауыстырғанда оның құлауы мүмкін деген
жерден көлденең аралығы бойынша анықталады.
Егерде кранмен ауыстырғанда – жүкті көтеру биіктігі 20 м дейін
болғанда бұл аралық 7 м кем емес, биіктігі 20-100 м дейін болғанда – 10 м
кем емес, ал көтергішпен ауыстырғанда – жүк көтеру биіктігінің ¼ кем емес
болу керек. Сонымен қауіпті аймақтың өлшемі планда көтергіш платформасының
ең үлкен өлшемі есебімен және жүкті көтеру биіктігінің ¼ кем емес қосылып
алынады, бірақ барлық жағдайда 5 м кем алынбайды.
Қазіргі мөлшерге сәйкес строптар, қамту және басқа такелаждық
аспаптарды мезгіл-мезгіл сынаудан өткізу керек. Строптарды пайдалану
алдында жүк салмағы шамасынан 2 есе асатын жүкпен сыналады. Траверстер мен
қамту ілмектерін есептен 25% асатын жүкпен 10 мин ішінде сынайды.

1. Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру негіздері

Құрылыс жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы - құрылысты
кешенді әдіспен және технологиялық ретімен жүргізу.

Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге

бөлінеді.

Құрылыс жұмыстары жер жұмыстары, бетон және темір бетон,
құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс прцестеріне бөлінеді. Мысалы,
жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің
қыртысын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты
көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.

Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары
жер астындағы құрылыстар, жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу
жұмыстары.

Құрылыста мөлшерленген уақытты қысқарту үшін құрылыс кезеңін
тасқынды әдіспен жүргізу қажет. Еңбек өнімділігін арттыру және
машина механизмдерді тиімді пайдалануға мүмкіндік беру.

Осы процестің даму қарқынына орай басқа жұмыстардың реті
мен әдістері де өзгереді. Құрылыста тасқынды әдіспен жүргізудің
негізі құрылыс процестерін тоқтатпай, бір мезгілде әртүрлі жұмыстарды
бірден атқару. Ол үшін обьектідегі барлық жұмыстарды кезекті
ретімен істелетін процестерге бөліп, құрылысшылардың мамандық
дәрежесіне лайықты звено, бригадалар құрамын тағайындап, жалпы
құрылыс көлемін тепе тең ауқымдарға (учаске, кесінді, алым) бөліп
жоспарлау қажет. Тең бөлінген ауқымдардың көлемі мен істелінетін
жұмыс мерзімдері бірдей болу керек. Бұл бөлімдер тасқын ырғағы
деп аталады.

2. Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және жүргізуді жобалау

Құрылысты ұйымдастыру жобасы осы жобаны бекітетін және толық жүзеге
асыратын ұйыммен немесе бас жобалаушымен шартқа отырған мамандандырылған
ұйыммен бірлесе отырып екі сатылы етіп жасалады.

Құрылысты ұйымдастыру жобасы тапсырма берушіні, мердігерлермен не
қаржыланыруды, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін ұйымдар
үшін міндетті құжат болып табылады.

ҚҰЖ-ның алғашқы негізгі материалдарына мыналар жатады: техникалық-
экономикалық негіздеулер (ТЭН) немесе техникалық-экономикалық есептеулер
(ТЭЕ); инженерлік ізденістер: мердігерлермен келісілген материалдарды,
құралымдарды және механикаландыру құралдарын пайдалану жөніндегі шешімдер;
материалдар және жабдықтармен қамтамасыз ету шарттары және оларды
тасымалдау; объектілер құрылысының іске қосылатын жиынтықтарын белгілеу;
құрылысты электр қуатымен және сумен қамтамасыз ететін көздер туралы
деректер және тапсырма беруші мен мердігерлердің басқа да талаптары
(өндірістік үймереттер немесе ғимараттар); құрылыстың нұсқаулы мерзімдері.

Жұмыс көлемдері мен материалдық және энергетика ресурстарына деген
қажеттілік, үймереттер мен ғимараттардың ұқсас жобаларының мәліметтері
қазір пайдаланылып жүрген анықтамалардағы ресурстардың ірілендірілген
сметалық құны мен қаржыларды пайдалану көрсеткіштері, үймереттер мен
ғимарттар ұлғайтылған сметалық мөлшерлері, ресурстар және басқа да
материалдардың сметалық құны мен шығындарының көрсеткіштерін назарға ала
отырып оңайлатылған әдістермен есептеп шығарылады.

ҚҰЖ-на: құрылыстың даярлық және негізгі кезеңдеріне арналған
құрылыстың бас жоспары, құрылыстың мерзімдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жасау
Құрылыс жүргізу туралы
Болашақ құрлысшы мамандықта оқыйтын оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлауды әдіснамалық-теориялық тұрғыда негіздеу және оны жүзеге асыруды әдістемелік жүйемен қамтамасыздандыру
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
«Barakat invest» ЖШС-нің экономикалық-қаржылық жағдайы
«Инвестициялық процестегі құрылыс кешенінің рөлі»
Құрылыс конструкциялары даму тарихы. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар. Бетонның класы мен маркасы. Деформация модулі мен серпімділік модулі
Орман және саябақ шаруашылығын басқару
Электронды тахеометрлерді құрылыс өндірісі
Өрт сөндіру көлігі
Пәндер