Мемлекеттiк тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережелерi


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Сәулет-құрылыс факультеті

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы кафедрасы

Реферат

Пәні:

Тақырыбы:

Орындаған: ТПГС-43 тобының

cтуденті

Тексерген: Жунисов Т. О.

АСТАНА 2014

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Тұрғын үй ақаулары . . . 5

Біріккен диспетчерлік қызметі, апаттық - жөндеу қызметін ұйымдастыру және атқаратын қызметі . . . 5

Мемлекеттiк тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережелерi . . . 8

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Апаттық жағдай - ғимараттың және имараттың бүтіндей, немесе құрылыс конструкцияларының техникалық жағдайын, ақауларын және бұзылуларын сипаттайтын, көтергіш қабілеттілігін және қауіп - қатердің (шұғыл апатқа қарсы шараларды өткізу қажеттілігі) болуын дәлелдейтін категория.

Ақау - белгіленген жобамен немесе нормативтік құжаттармен (ҚНжЕ, МемСТ, ТШ, ҚН және т. б. ) жекелеген конструкциялардың қандай да бір параметрлерінің сәйкессіздігі.

Тұрғын ғимаратты күрделі жөндеу - ғимаратты қалпына келтіру мақсатында оның қорларын, қажет болғанда конструктивтік элементтерін және инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстырумен жөндеу, сонымен қатар пайдалану көрсеткіштерін жақсарту.

Тұрғын ғимараттар мониторингі - ғимараттардың көтергіш конструкцияларының және іргетастарының, негіздерінің жағдайын және инфрақұрылым нысандарын бақылау кешені.

Көтергіш құралымдар - ғимараттың кеңістікте тұрақтылығын қамтамасыз ететін және пайдалану жүктемесі мен әсер етуіне бөгет болатын құрылыс құралымдары.

Тексеру - анықтайтын және бақыланатын параметрлердің нақты мәндерін бағалау бойынша пайдалану жағдайын, нысандардың жарамдылығын және тексеру нысандарының жұмысқа қабілеттілігін және олардың пайдалану немесе қалпына келтіру және күшейту мүмкіншілігін сипаттайтын шаралардың кешені.

Техникалық жағдайды бағалау - ғимараттардың және имараттардың бүтіндей немесе зақымдалу дәрежелерін құру және құрылыс құралымдарының техникалық жағдайларының категорияларын жобамен немесе нормативтік құжатпен белгіленген нақты мәндерді қою негізінде сандық мәндерін бағаланатын белгілермен салыстыру.

Бұзылу - алынған құралымдардың дайындау, тасымалдау, монтаждау немесе пайдалану барысында бұзылуы.

Тұрғын үйді қайта құралымдау - шығарылатын өнімнің көлемін және қызмет номенклатурасын жақсарту мақсатын жүзеге асыруда жүйелердің тағайындалуын, құрылымдық және көлемдік - жопарлау шешімдерін, негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін өзгертуге байланысты құрылыс жұмыстарының және ұйымдастыру -техникалық шараларының кешені.

Тұрғын ғимараттарды ағымдағы жөндеу - конструкцияларды және инженерлік жабдықтау жүйелерінің дұрыстығын (жұмысқа қабілеттілігін), сонымен қатар пайдалану көрсеткіштерін қалпына келтіру мақсатында ғимараттарды жөндеу.

Тұрғын ғимараттарға техникалық қызмет көрсету - ғимараттардың элементтерінің және берілген параметрлерінің ақаулық жағдайын, сонымен қатар оның техникалық құрылғыларының жұмыс режимін сақтау бойынша жұмыстардың кешені.

Ғимараттарды пайдалану көрсеткіштері - ғимараттың пайдалану сапасына себепші болатын техникалық, көлемді - жоспарлық, санитарлық - гигиеналық, экономикалық және эстетикалық сипаттамалардың жиынтығы .

Тұрғын ғимаратты эксперттік тексеру - жүйелерінің бүтіндей және оның элементтерінің техникалық жағдайын анықтауға, олардың пайдалану сенімділігін бағалауға, олардың элементтері және қабысуларын жөндеуді, күшейтуді немесе ауыстыруды талап ететін шарттардың анықтамасын, тәртіптерін және қауіпсіз пайдалану мерзімін анықтауға бағытталған жұмыстардың кешені. Техникалық тексеруден айырмашылығы анықтамамен (бағалаумен) қалған қорларын немесе қауіпсіз пайдалану мерзімін бағалау.

Тұрғын үй ақаулары

Тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсетуді тексеру ғимараттың ақауларын дер кезінде анықтау, олардың туындау себебін белгілеу және жою шараларын дайындау мақсатында жүргізіледі. Ғимараттарды тексеру кезінде жалпыға ортақ қосалқы орын-жайлардың (тұрғын үйдің жалпы мүлігі) пайдаланылуына және жалпы жағдайына бақылау жүргізіледі, тексеруге берілген уақыт ішінде жоюға болатын аздаған кемшіліктерін түзетеді.

Тұрғын үйдің техникалық жағдайына тексеру жүргізу кезінде мынадай жұмыс түрлері жасалады:

1) ғимараттың техникалық жағдайын, оның инженерлік желілерін (тіректер мен инженерлік жабдықтарға алып баратын құбыр желілерін оларда орналасқан тіректік-реттеуші арматураларымен қоса) толық тексеру;

2) анықталған ақауларды жою жоспарын әзірлей отырып жақын аумақтардың инженерлік жабдықтарын тексеру және абаттандыру;

3) тұрғын орын-жайларды пайдалану, тұрғын үйдің тұрғын және қосалқы орын-жайларын қалпында ұстап тұру, инженерлік жабдықтарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша тұрғын үй жалдаушылар мен меншік иелеріне нұсқаулықтар беру;

4) анықталған ақауларды жоюға тапсырма беру (қажет болған жағдайда) және оларды жою мерзімін белгілеу, сондай-ақ алдын-ала берілген тапсырмаға сәйкес ақаулардың жөнделуін бақылау.

Тұрғын үйдің жалпыға ортақ мүлігінің техникалық жағдайына тексеру жүргізу үшін пәтер иелері тұрғылықты жері бойынша әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй инспекциясына үйді тексеру және оның техникалық жағдайы туралы акт беруге жазбаша өтініш беруі тиіс.

Тұрғын үй инспекциясы уәкілетті орган ретінде:

1) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкінің техникалық тексерісін ұйымдастырады;

2) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесі мен кезегін анықтайды;

3) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тұрғындардың көмегімен қаржыландырылған шығындары сметасын кондоминимум нысанын басқарудың ұсынылған органына келісуге алып барады;

4) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша комиссияларға қатысады.

2. Біріккен диспетчерлік қызметі, апаттық - жөндеу қызметін ұйымдастыру және атқаратын қызметі

2. 1 Біріккен диспетчерлік қызметі (әрі қарай БДҚ) шағын аудандарда орналасқан тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерінің жұмысын бақылау және тұрғындардың мәлімдемелері бойынша үйді жабдықтаудың ұсақ ақауларын жою жұмыстарын орындайды. Сонымен қатар БДҚ міндетіне ғимараттың конструкцияларының апаттық жағдайларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үй иеленушілердің аумақтарын дер кезінде жинау, қардың және мұздың жамылғыларынан тазалау жұмыстары кіреді.

2. 2 БДҚ инженерлік жабдықтаудың жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады:

- лифтілердің;

- ыстық сумен қамту және жылыту жүйесін (жылу пунктері, бойлерлі, қазандық, элеваторлық түйіндер) ;

- суық сумен қамту жүйесін (сорап қондырғылар, суды айдап тарту), канализацияны;

- газбен жабдықтау жүйесін;

- тұрғын үйлердің электрқалқаны, баспалдақ торларын, подъездерді және аула аумақтарын жарықтандыру кезекшісін.

- тұрғын үйлерде кодпен бекіткен құрылғыларды;

- ғимараттың жоғарғы қабатын автоматтандырылған өртке қарсы қорғау құралдарын және қондырғыларды;

- жертөленің, шатырдың, машина тұрған бөлмелердің, лифтілердің, қалқандардың есіктерін ашу барысында сигнал беруді.

Сонымен қатар, диспетчерлеу жүйесі қамсыздандырады:

- техникалық еденасты және коллекторлардың газбен бүлінуін бақылау;

- қатты сөйлейтін (екі жақты) абоненттермен байланыс (лифтілердің жолаушыларымен, тұрғындармен, аула тазалаушылармен) қызметтік бөлмелермен, тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйыммен, басқа инженерлік жабдықтау нысандарымен (өртке қарсы су өткізетін кұбыр, түтіннен қорғау, өрт сөндіру дабылы және т. б. ) .

2. 3 БДҚ жұмысы тәулік бойы жүзеге асырылады. БДҚ қызметі инженерлік жабдықтау жұмысына үздіксіз бақылау жүргізеді, оның жұмысын тиісті журналға тіркейді және апаттың және басқа ұсақ-түйек ақауларды шұғыл түрде жояды; барлық апаттар туралы немесе сумен жабдықтау жүйелерінің, канализацияның, жылу-, электрмен жабдықтаудың жұмысының үзілістері туралы тұрғын үй қорына қызмет көрсету ұйымына сонымен қатар мамандандырылған ұйымдарға лифтілерге қызмет көрсету, газбен жабдықтау, су өткізгіш - канализациялық құбырлар және т. б. туралы апат қызметіне жедел хабарлайды.

2. 4 БДҚ ұтымды жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық нысандардың, желілер және имараттар, жабдықтау жүйелерінің барлық өшіруші және тиекті түйіндерінің схемалары, жерасты коммуникацияларының жоспарлары, тұрғын үйлердің, жертөлелердің және шатыр асты бөлмелерінің, барлық жұмысшы кілттердің, жұмысшы құжаттама жинағы болуы тиіс.

2. 5 БДҚ негізгі атқаратын қызметінің бірі тұрғындардың мәлімдемелерін қабылдау және жұмыстарды орындау болып табылады. Мәлімдемелерді қабылдау тұрғындармен телефон арқылы тікелей қатынаста болумен, сонымен қатар ғимарат подъездерінде және лифт кабиналарында орнатылған сөйлесетін құрылғының көмегімен тікелей байланысумен жүргізіледі.

Тұрғындардың мәлімдемелерін тіркеу және жұмыстың орындалуын бақылау тұрғындардың мәлімдемелерін тіркейтін журналдың көмегімен немесе есепке алудың автоматтандырылған жүйелермен есепке алу бойынша жүзеге асады.

2. 6 БДҚ жетекшісі (аға диспетчер) қамтамасыз етеді:

- диспетчерлік жүйелерге, уақыт релесінің ақаусыздығына ерекше назар аударуды, пульттағы сигнал беру шамдарын, газбен бүлінгенде сигнал бергіштерді, электрлі фотоажыратқыштарға тәулік сайын байқау жүргізу;

- аппаратураға, құралдарға және аппаратураның ішкі бөліктерін ашпай-ақ байланыс сымдарына апта сайын сақтандыруды жүргізу,

- диспетчерлік пульттегі жанатын шамдарды ауыстыру;

- диаграмманы сызуға арналған құралдардағы ленталарға, құралдарға қара сияларды құю, майлауды жүргізу;

- құралдардың, аппаратуралардың немесе байланыс сымдарының ақаулық жағдайын жөндеуге мәлімдемені тиісті мамандандырылған ұйымға тапсыруды;

- түскен мәлімдемелердің сипаттамаларын және олардың орындалмаған себептеріне талдау жасау;

- ай сайын қызмет көрсетуші ұйымның жұмысын, жөндеу жұмыстары бойынша мәлімдемелердің орындалуын бағалау.

2. 7 Апаттық - жөндеу қызметі (әрі қарай АЖҚ) тұрғын үйлерде көлемді зақымдалған, тоқтап қалған, инженерлік жабдықтаудың және конструкциялардың апаттық жағдайын жедел жою үшін, тұрғын үй қорын, желілерді және нысандарды қалпына келтіру және қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін құрылады.

Апаттық қызмет көрсету нысандары ретінде аудан аумағында орналасқан, меншік түрлеріне қарамастан тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар болып келеді. Апаттық қызмет құрамы қызмет керсететін тұрғын үй қорларының көлеміне және техникалық жағдайына байланысты іріктеледі.

2. 8 Апаттық қызмет жүзеге асырады:

- канализация және қоқыс құбырларының ішкі құрылымында бітеліп қалуын жедел жоюды;

- апаттық қызмет көрсетілетін, меншікті немесе тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдардың меншігінде тұрған суөткізгіш кұбыр жүйелерінің, жылытудың және канализацияның апаттық зақымдалуын жою;

- тұрғын үй ұйымдарының меншігінде тұрған, апаттық қызмет көрсетілетін электрмен жабдықтаудың ішкі желілерінің зақымдалуын жою;

- жұмыстан тыс уақытта азаматтардың қауіпсіздігін, ғимараттың құрылыс конструкцияларының апаттық жағдайда тұрған қауіпті аймақтарын қоршау арқылы, ілініп тұрған конструкциялардың, апатты жағдайда тұрған немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы азаматтарды бөлмеден көшіру, өмір сүру қауіпсіздігі бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;

- апаттық қызметке бекітілген техникаларды ақаусыз жағдайда күтіп ұстау және оларды тағайындалған мақсатта қолдану.

2. 9 Апат туралы немесе суөткізгіш кұбырлардың магистралдарына, канализацияға, жылумен жабдықтауға, телефон желілеріне, жерасты күшті электрлі және торапты желілерге, трансформаторлық қосалқы станцияларға және кіріс шкафтарына, газ құбырларына және газды жабдықтауға зақымдалуы немесе апаттық жағдай туралы сигнал берілген жағдайда апаттық қызмет тиісті мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындарға, олардың апаттық қызметіне хабарлауға міндетті және көрсетілген қызметтермен апаттарды толық жоюға қажетті жұмыстардың орындалуын бақылап отыруға міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғын үйлердi пайдалану
Тұрғын үй құқығының пәні, жүйесі, әдісі, қағидалары, қайнар көздері
Мәліметтер қорын жүйелеу
Қонақ бөлме
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқарудың жағдайы
Тұрғын үй құқығы
Жеке пәтерлерде пәтерлерді жалға беру
Мүлік жалдау шартының нысаны
Тұрғын үйді жалдау шартын тоқтату
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz