Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың құқықтық негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҒАРЫШТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҒЫМСЫЗ САЛДАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасындағы ғарыштық қызметті құқықтық реттеу туралы айтқанда, алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес, яғни 4-ші баптың 3-ші тармағына сəйкес «Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады жəне халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады».

Осыған байланысты, өзінің ғарыштағы қызметін жүзеге асыру кезінде, өзі қатысушысы болып табылатын ғарыш саласындағы халықаралық келісімдердің ережелерін басшылыққа алады.

Сонымен қатар, халықаралық құқыққа басымдық бере отырып, ғарыш кеңістігін зерттеуші мемлекеттердің ғарыштық қызметін реттейтін, ұлттық құқықтық нормаларының рөлі мен мəнін жетік бағаламауға болмайды.

Осы жағдайға байланысты француз заңгері Ж. Дютей де ля Рошер өзінің «Ғарыш құқығының қағидалары» деген мақаласында былай деп жазған, яғни, ұлттық заңнама өзінің оң рөлін көрсетеді, егер де ол халықаралық нормалардан туынды болып қарастырылса жəне олардың пайдаланылуының толық тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған болса. Дегенмен, бірыңғай ғарыш құқығын бұзып алудың белгілі бір қаупі бар, егер де ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге тырысу, бастапқы халықаралық шарттарда бекітілген негізгі қағидаларды салғырт қарауға əкеліп соғатын болса.

Біздің ойымызша, аталған автордың пікірімен келісу дұрыс сияқты. Жоғарыда айтылғанға сəйкес, ғарыштық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, ұлттық құқықтық нормалардың пайда болуын, қалыптасуын жəне даму процестерін зерттеу белгілі бір ғылыми қызығушылық тудырады.

Қазақстан Республикасында ғарышты зерттеуге бағытталған ғарыштық қызметті құқықтық реттеу, толықтай алғанда ұлттық ғарыштық қызметті жүзеге асырудың тəртібі мен ережелерін бекітетін отандық құқықтық нормалардың жүйесінің бөлінбейтін бөлшегі болып танылады.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, Кеңес одағы кезеңінде ғарыштық қызметті құқықтық реттеу тек заңға тəуелді актілер деңгейінде, негізінде жүзеге асырылады: қаулы, шешім, бұйрық жəне басқалары сияқты. Кеңестік космонавтика кезеңінде ғарыштық қызмет туралы қандай да бір заң актілері қабылданбайды.

Біздің елде ғарыштық қызметті заңнамалық құқықтық реттеу тек Кеңес Одағы құлағаннан кейін ғана басталады.

Ғарыш саласындағы заңның туындауы ғарыштық қызметтің құқықтық жүйесінің заңнамалық негізін жасауға көмектесер еді.

Космонавтиканың ғылыми-техникалық дамуы үшін іс шаралар жүргізу қажет, зымыран - ғарыштық саланың құрылымдық қайта құрылуы мен басқару механизмін жетілдіру жөніндегі, заңдардың дайындалуы мен қабылдануына байланысты көп көңіл бөлу қажет, ғарыштық қызмет саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін заңның дайындалып, қабылдануын қамтамасыз ету. Ғарыштық қызметтің негізгі мəселелерін нормативтік құқықық дамыту бойынша идеологияны қабылдау жəне «негізгі» заңды толықтырып дамытатын бірқатар жеке заңдарды дайындап, қабылдау қажет.

Төмендегі негізгі қағидалардың негізінде «Ғарыштық қызмет туралы» заңның жобасын дайындау қажет:

- ғарыш саласындағы ұлттық мүдделерді, айқын мақсаттарды жəне ғарыш саясатының міндеттерін, ғарыштық қызметті жүзеге асырудың негізгі қағидаларын бекіту;

- Қазақстанның ғарыш қызметінің басымдықтарын анықтау, елде жəне əлемде болып жатқан саяси өзгерістер мен экономикалық жағдайды, мемлекеттік билік жəне басқару құрылымдарын ескере отырып;

- Қазақстанның ғарыштық қуатын, экономиканы, ғылымды жəне халықаралық əріптестікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті бекіту мақсатында кешенді дамыту мен тиімді пайдалану;

Ғарыштық қызмет пен ғарыш құқығының режиміне қатысты мемлекеттермен қабылданатын ұлттық ғарыш құқығының нормалары мен ережелері халықаралық құқықтың, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, егеменді теңдігі, аумақтың біртұтастығы жəне саяси тəуелсіздік, күш қолдануға тыйым салу, күшпен қауіп төндіру жəне тағы да басқалары сияқты қағидаларын жоққа шығармай, керісінше оларды толықтырып, дамытып отырады. Ғарыштық қызметтің қандай да бір ерекшелігі мен оның баламасыздығына сілтеулер бұл қағидаларды бұзуға негіз бола алмайды. Ғарыш кеңістігін пайдаланудың нақты бір түрінің құқыққа сəйкестігі халықаралық құқықтың жалпымен мойындалған қағидаларымен анықталуы тиіс. Ғарыштық қызмет барлық мемлекеттер мен халықтардың мүддесі үшін, тыныштық пен қауіпсіздікті сақтап тұру, əріптестікті дамыту мен өзара түсініспеншілік мақсатында болуы тиіс. Сондықтан да бұл бастама 27 қаңтар 1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, Айды жəне басқа аспан денелерін қоса зерттеу мен пайдалануға қатысты мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарттың 1-ші жəне 3-ші баптарында өз орнын тапты.

Бүгінгі таңда ғарыш саласы адамзат қызметінің айтарлықтай басымдыққа ие жəне ғылыми зерттеуді қажет етеін салаларының бірі. Ғарыштық қызметке қатысу қазіргі таңда мемлекеттің саяси беделін айқындайды, оның экономикалық, ғылыми-техникалық жəне қорғаныс қуаттылығын көрсетеді. 25 қаңтар 2005 жылы №1513 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту туралы» мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты, ғарыштық технологияларды тиімді пайдалану жолымен Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық, ғылыми- техникалық дамуына, ұлттық жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, ғарыштық қызметті дамыту.

Ғарыштық қызметтің қазіргі кездегі даму қарқыны мен факторлары талдау көрсеткендей, əлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің өзінің ғарыштық қуатын арттыру үшін көп күш- жігер жұмсап жатқаны белгілі. Қазақстан халықаралық ғарыштық қызмет саласында өзінің орнын табуы тиіс жəне міндетті. Үлкен ауқымды аумақ пен тұрғындардың қоныстануының шашыраңқылығы, табиғи жағдай мен минералды ресурстардың əртүрлілігін ескере отырып, республика өмірі үшін маңызды бағыттардың бірі спутниктік байланыс жүйесін жəне ғарыштық мониторинг жүйесін ары қарай дамыту болып танылады. Стратегиялық тұрғыдан маңызды басымдықтардың бірі ол бірлескен ғарыштық жобаларды жүзеге асыруды көздейтін Ресей Федерациясымен əріптестікті дамыту. Жоғарыда айтылғандардың барлығы, Қазақстанда ғарыштық қызметтің дамуының объективті ғылыми, технологиялық жəне ұйымдастырушылық алғышарттары қалыптасқан. Оның ары қарай мақсатты жəне жүйелі түрде дамуы үшін, біріншіден, Қазақстан Республикасының «Ғарыштық қызмет туралы» Заңын дайындап, оны қабылдау қажет; Екіншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байтерек» ғарыш кешенін жасау туралы келісімді жүзеге асыру; Үшіншіден, Қазақстан Республикасының ғарыш технологиясын бақылаудың халықаралық Режиміне қосылу үшін, қажетті сыртқы саяси шараларды жүзеге асыру. Төртіншіден, Қазақстанның ғарыштық қызметінің дамуының басымдықтарын анықтау, жүзеге асырылатын жобалардың экономикалық тиімділігі мен олардың бағытталған, ғарыштық қызметтің дамуын мемлекеттік ынталандырудың тікелей жəне жанама шаралары мен механизмдерін дайындау, мемлекеттік тапсырыстың салықтық, несиелік, кедендік реттеудің жəне басқалардың негізінде. Бесіншіден, ғарыштық қызмет салдарынан қоршаған ортаны қорғауды басқару саласындағы мемлекеттік басқару механизмінің тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету жəне басқалары.

Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметтің даму бағыттары мен мемлекеттік басымдықтарын анықтау мақсатында, Бағдарламаның жүзеге асырылу барысына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін, 31 қазан 2005 жылы №1087 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан кеңес беру-кеңесу органы құрылды - «Ғарыш бойынша Кеңес» . Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен басқарылады жəне ғарыштық қызмет саласында жұмыс істейтін мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерінен жəне ұйымдардан тұруы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық-құқықтық қорғау
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары
Қоршаған ортаны қорғау міндеттерімен мақсаттары. Атмосфера экологиясы. Атмосфералық ауа жағдайы және оны негізгі ластаушылар
Организмдер сапа көрсеткіштері ретінде
Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру
Экология пәнінен лекциялық сабақтар тезисі
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін қағидаларға адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы жəне оның табиғатты қорғау міндеті
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz