Агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АГРОӨНЕРКƏСІПТІК КЕШЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылық саласының мемлекет дамуы үшін маңызын ҚР Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңын қабылдаудан көруге болады. Осы заң актісінде бекітілген негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік қолдау мен дамуына мемлекеттің араласу əдістеріне назар аударып, осы саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіру қажеттігін көрсетеді.
Аграрлық құқықтық қатынастарды зерттеуді жүргізу барысында заң ғылымы құқықтық реттеуде ауыл шаруашылығының ерекшеліктеріне, аграрлық нарықты қалыптастыру мен ауыл шаруашылықтық дағдарыстан шығаруға құқық пен заңнаманың əсер етуіне аса назар аударады. Аграрлық саланың даму деңгейі қоғамның экономикалық, əлеуметтік жəне саяси тұрақтылығының көрсеткіші деп айтуға болады.
Тəуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы біраз өзгеріске ұшырады. Колхоздық-совхоздық жүйеден аграрлық сектор жеке меншікке өтті. Агроөнеркəсіптік кешен саласындағы аграрлық реформалар 1991 жылдан басталды.
Олар, жерге жеке меншік енгізу, нарықтық қайта құрылымдар, ауыл деңгейін көтеру, мемлекеттік ауылшаруашылық ұйымдарын жекешелендіру, яғни ұжымдық меншік мүліктік пай мен шартты жер үлестеріне бөлініп, əрбір жер учаскесіне құқығы бар тұлға жеке өзі меншікке шаруашылық нысанын таңдау құқығына ие болуы жəне т.б.
Жер үлестерін алған меншік иелері жеке шаруа қожалықтарын құрып немесе ерікті түрде ауылшаруашылық кооперативтеріне, ауылшаруашылық акционерлік қоғамдарға жəне əртүрлі серіктестіктерге біріге бастады.
Колхоз, совхоздардың орнына жаңа ауылшаруашылық тауар өндірушілер, яғни жаңа шаруашылық субъектілері ауылшаруашылық қызметімен айналыса бастады. Ауылшаруашылық өндірістің мəселелерін өзі шешетін жерге меншік иесі пайда болды. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен өңдеуші кəсіпорындардың арасындағы қарым-қатынастар жетілдірілу үстінде.
Демек, аграрлық реформаның ауылшаруашылық ұйымдарды қайта құру жəне жекешелендіруге байланысты сияқты негізгі идеяларын жүзеге асырудан бөлек, мыналарды жатқызуға болады: ауылшаруашылық өндіріс субъектілерінің құқықтық жағдайының қалыптасуы; ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қаржылық қатынастарға қатысуының, соның ішінде салық салу жəне ауылшаруашылық өндіріске қатысушы субъектілерді қаржылық қолдау шараларын анықтау; ауылшаруашылық қызметтің жекелеген түрлерін мемлекеттік реттеу; ауылшаруашылық өндірісте жер учаскелерін пайдалану ерекшеліктерін анықтау (яғни ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне ерекше құқықтық жағдайы); аграрлық секторда нарықтық қатынастарды қалыптастыру жəне аграрлық нарыққа қатысушылардың шарттық қатынастарын дамыту, яғни ауылшаруашылық өнімін сатып алу-сату шарты, ауылшаруашылық өнімін тасымалдау шарты, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге қызмет көрсету, ауылшаруашылық өндірісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қолдау; ауылшаруашылық өндірістің қауіпсіздігі мен сапасына бақылау жасау; аграрлық саладағы ғылыми зерттеулерді, ауылшаруашылық білім беруді қолдау; ауылдық аумақтарды дамыту.
Аграрлық секторда көбіне аграрлық өндірістің қатысушыларының жеткілікті деңгейде азаматтық, жер жəне осы салаға қатысты өзге де заң актілерінің нормаларын жеткілікті деңгейде меңгермеуі нəтижесінде заңды тұлғалардың мəртебесі туралы құқықтық талаптарды сақтамау немесе білмеу, шарт тəртібі, жəне жалпы құқықтық сауатсыздық орын алады.
Қалыптасқан жағдайда агроөнеркəсіптік кешенді құқықтық реттеу келесі бағыттағы міндеттерді шешу керек:
- Біріншіден, осы саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері мен əдістерін талдап, кемшіліктерінің орнын толтыру;
- Екіншіден, ауылшаруашылық тауар өндірушілердің құқықтық қорғалуын күшейту, яғни ауылшаруашылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру; аграрлық құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің құқықтық қатынастарға қатысуына тұрақты түрде талдау жүргізу;
- Үшіншіден, құқықтық тəртіп пен құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру.
Демек, аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу маңызды əлеуметтік жəне экономикалық мəселелерді шешуге бағытталуы үшін осы саладағы мемлекеттік реттеу бағыттары мен əдістерін анықтау қажет. Нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық қатынастардың дамуына байланысты əр кезеңдердегі реттеу əдістері осы саладағы мемлекеттік саясат негіздерін бекітетін нормативтік құқықтық актілердің мазмұнында көрініс табады.
Агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүргізу аграрлық заңнаманың тұтастай жүйесін қалыптастыру жəне осы саладағы қолданыстағы заңдардың ақтаңдақтарын жоюды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды талап етеді.
Агроөнеркəсіптік кешенді дамытуға арналған негізгі заң актісі ҚР Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңы болып табылады. Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңының 3-бабында агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мынадай мақсаттары бекітілген:
1) ауылдық аумақтардың əлеуметтiк жəне инженерлiк инфрақұрылымын дамыту жəне ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық жəне əлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;
4) бəсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн жəне оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау болып табылады [1].
Ал 9-бабы агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz