Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалу дəрежесі
И.С.Сақтағанова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалу дəрежесі
2014 жылдың 11 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Нұрлы жол -- болашаққа бастар жол атты жаңа экономикалық саясатын жария етті. Бұл əлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басымдығын атап өтетін Жолдауына назар аударатын болсақ, мемлекет жаңа əлеуметтік-экономикалық құрылымға өтудің, келесі сатыға көтерілу кезеңін өткеруде, бұндай жағдайда қызметкерлер құқықтарының дұрыс қамтамасыз етілуі мен қорғалуы өте өзекті болып табылады [1].
Еңбек құқығының, негізінен, пайда болу себептері де əлеуметтік қатынастармен байланыстырылады. Алғашында осы құқық саласының міндеттері болып, бір жағынан, сəйкесінше шарттарды жасау кезінде тараптардың теңдігін жəне олардың мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ететін жалдамалы еңбекті қолданумен байланысты қатынастарды реттеу, екінші жағынан, экономикалық жағынан күштірек жұмыс берушіге қарағанда, экономикалық жағынан əлсіз қызметкерлерді қорғаудың қажеттілігі [2; 241]. Мемлекет өз тарапынан, əрбір адамға өзінің құқықтары мен бостандықтарының бұзылған уақытында, тіптен осы құқық бұзушылықтар ресми тұлғалармен жасалған сəтінде де мемлекеттік органдарға жүгіне отырып, оларды құқықтық қорғау құқығына кепілдік береді [3].
Қазақстанның қазіргі таңдағы жұмыс берушілері көп жағдайда өндіру нарығын кеңейту мен қамту бойынша кəсіпкерлердің бəсекелестік тартыстарының күшеюмен байланысты мəселелеріне көңіл бөледі, бұл қызметкерлердің қорғалуында оны əлсіздендіретіндей көрініс табады. Жұмыс берушінің өз бизнесінің экономикалық көрсеткіштеріне баса назар аударуы жəне оның шығындарын минимизациялауға тырысуы бұл қызметкерлер мүдделерінің ескерілмеуіне, олардың құқықтарының шектелуіне себепші болады. Бұл шектеулер көп жағдайда қызметкерлерге тиесілі əлеуметтік игіліктердің қысқартылуына, еңбекақының өзгеретін бөлігінде қысқаруына, жұмыс беруші тарапынан еңбек шартының заңсыз бұзуына, ҚР Еңбек заңнамасымен бекітілген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының сақталмауы жəне т.б. Осының бəрі еңбек заңнамасын бұзу көрсеткіштерінің өсуіне өз ықпалын тигізеді, сəйкесінше, бұл еңбек құқықтары мен өзінің еңбек құқықтарын қорғауды қажетсінетін тұлғалар санының өсуіне əкеледі.
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың мақсаты -- қызметкерге оның өзінің əлеуметтік жағдайын, яғни конституциялық құқықтарын, еркін түрде қолдана алатынындай жағдай жасау. Осындай қорғаудың қажеттілігі Халықаралық еңбек ұйымының бірқатар конвенцияларында көрініс табуынан-ақ байқауға болады. Оларда аталып өткендей, қызметкер еңбек қатынастарында ең нашар қорғалатын тарабы болып табылады, сол себепті де ол қоғам мен мемлекеттің жағынан жұмыс берушіден қорғалуы қажет. Сонымен қатар 2006 ж. 15 маусымындағы Халықаралық еңбек ұйымының еңбек құқықтық қатынастары туралы сипаттамасында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау ұлттық саясат деңгейіне көтерілген болатын, сəйкесінше, оны қатысушымемлекеттер жетілдіруі мен жүзеге асыруы тиіс делінген [4; 35 - 37].
Қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалу дəрежесін анықтамас бұрын, осы түсінікке анықтама беру қажет. Əр түрлі құқық салаларымен қолданылатын құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау түсінігін анықтау кезінде, оны түсіндірудің бəріне ортақ тəсілдердің қолданылмауы, аталған маңызды құқықтық категориясына қатысты ортақ тұжырымдаманың болмауының өзі аталған түсінікке əр түрлі анықтамалар берудің себебі болып табылады. Аталған құбылыстың қажеттілігіне тоқталмай-ақ, құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау құқықты қорғау сияқты түрлі мамандармен əр түрлі құқық салалары аясында ғана емес, бір саланың ішінде де бірдей қарастырылмайтынын байқауға болады [5].
Ең бастапқы көзқарастарды қолдайтындардың бірі Т.А.Нестерова қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мен еңбекті қорғау терминдерінің ажыратумен байланысты мəселеде тіптен басқаша ұстанымдарды ұстанады, біріншіден, олардың өзіндік сипатқа ие екенін негіздейді, екіншіден, аталған санаттардың анықтамаларын олардың нəтижелері жағынан қарастырады. Ғалымның пікірі бойынша, еңбекті қорғау -- құқықтық жағдайлары өзгерген кезде жағымсыз салдарларды азайтуға жəне оларды жоюды, қатысушылардың табиғи құқықтарының бұзылуын жəне шектелуін тоқтату, ескерту, оларды анықтау жолымен құқықтық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша арнайы құзыреттіліктерге ие арнаулы органдардың қызметтерінің қорытындысы; ал еңбек құқықтарын қорғау -- құқыққа қатердің деңгейімен анықталатын белгілі бір сатыларда іске асатын құқықтың табиғи жағдайын сақтау мен кедергілерді жоюға, басқа біреудің ниеттерін бейнелеуге бағытталған, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін жəне құқық субъектісінің билігіндегі мүмкіндіктерді интеграциялаудың қорытындысы [6; 16, 17].
Жоғарыда берілген анықтамада қарастырылған түсініктер толыққанды автономдық санаттар болып табылатынын байқаймыз. Сонымен аталған ұғымдар ғалымдармен олардың қорытындыларымен байланыстырылады, ал нəтиже сияқты санат, біздің ойымызша, қорғау сияқты арнаулы белгілі бір əрекеттерді жүзеге асырған кезден бастап пайда болатын жағдайлармен сипатталады. Аталып кеткен анықтамалардың негізінде еңбекті қорғау құқықбұзушылықтардың алдын алуға жəне оларды жоюға бағытталған белгілі бір арнаулы органдардың қызметі нəтижесі ретінде, ал еңбек құқықтарын қорғау құқық субъектісінің қызметі болып табылады деген қорытынды жасауға болады.
Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау түсінігін аша отырып, еңбек құқықтарын қорғау құқықтық құбылыс ретінде көптеген өлшемдерге ие (мысалы, субъективті еңбек құқығының элементі ретінде, əмбебап құқықаралық құқықтық категория ретінде жəне т.б.) екендігі туралы Т.А.Нестерованың пікірімен келіспеуге болмайды [6; 6]. Жоғарыда аталғандар А.В.Яковлеваның ғылыми еңбектерінде еңбек құқықтарын қорғау сияқты ғылыми мəселені кешенді ұғынуға қажетті келесі аспектілер тұрғысынан ғана қарастыруға итермеледі: 1) еңбек құқығының қызметі; 2) құзыретті субъектілердің қызметтері; 3) еңбек құқығының жаңа кешенді институты [2; 21, 22]. Осындай түрде қарастырған, біздің ойымызша, дұрыс.
Көптеген ғалымдар еңбекті қорғау мен еңбек құқықтарын қорғау түсініктерін синонимдер ретінде жиі қарастырса да, олардың кейбіреулері еңбек құқықтарын қорғауды еңбекті қорғаудан жеке қарастырып, тіптен бұл түсініктемелердің қажеттілігін жоққа шығарумен байланысты көзқарастар қалдырған. Бұған дəлел ретінде Т.Б.Шубинаның пікірін айтуға болады, ол өз кезегінде еңбекті қорғау термині тіптен керек жоқ деген көзқарасты ұстанған, себебі аталған термин құқыққорғаушылық сипатты иеленбейтін жалпы құқықтық режимді орнатуды көздейді. Құқыққорғаушылық қатынастар еңбекті қорғау терминімен қамтылмайды, сол себепті аталған термин заңды мəнге ие болмайды жəне оны реттеушілік қатынастарды сипаттау үшін қолдану дұрыс емес деп есептеген [7].
Оған қарама-қарсы пікірді Е.Н.Нұрғалиева ұстанады, оның айтуы бойынша, еңбекті қорғау адамдардың тұрақты жəне нəтижелі қызметін қамтамасыз ететін басты жағдайлардың бірі болып И.С.Сақтағанова 130 Вестник Карагандинского университета табылады. Жалдамалы еңбек, жұмыс берушінің басшылығында жəне, ең біріншіден, оның экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған, бөтен шаруашылықтың аясында жүзеге асырылатын қызметкерлердің біріккен қызметі, қорғауды қажетсінеді: 1) шамадан тыс қанаудан; 2) энергетикалық қаныққан машиналы өндіріс кезеңінде өмір мен денсаулықты қорғау. ҚР Еңбек кодексінде (ЕК) еңбекті қорғау -- кешенді іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі [9].
Отандық ғалымдардың көзқарасы бойынша, еңбек құқығы жеке құқықтың да, жария құқықтың да элементтерінен көрініс табатын айырықша ерекшеліктерге ие. Бұл қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау нысанындағы еңбек заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылау жəне қадағалаудың жүргізілуінен байқауға болады. Мысалға, мемлекеттік еңбек испекциясы көп жағдайда жеке құқықтық міндеттерге қарағанда, жалпы əлеуметтік міндеттерді шешеді. Мемлекеттік еңбек инспекциясының басты қызметтері бұзылған құқықтарды қорғауға өтініш білдірген белгілі бір қызметкерлердің құқықтарын қорғауға ғана бағытталмайды, сонымен қатар барлық қоғам мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғауға да бағытталады.
ҚР Еңбек кодексінің (ЕК) 329-бабы мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметтерінің қағидалары мен негізгі міндеттерін айқындайды: мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау жəне қорғау, заңдылық, əділдік, тəуелсіздік жəне жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері: ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды жəне қорғауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мəселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын жəне шағымдарын қарау болып табылады. Байқағанымыздай, аталған бапта міндеттер жалпы əлеуметтік тұрғыдан қарстырылады жəне жария-құқықтық сипатқа ие [9].
Сонымен қатар қазіргі таңдағы заң ғылымдары жазалаушы ғана емес, құқықты қалпына келтіруші жауапкершіліктің жалпы превентивтік анықтамасын да көздейді. Еңбек құқығы ғылымында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау сипатындағы жауапкершіліктің айыппұл сипатындағы түрін қолдану мүмкіндігі қарастырылмайды. Бұл құқық бұзушыларға сəйкесінше санкцияларды қолдану жолымен олардың бұзылуын алдын алуды еңбек құқықтарын қорғау тəсілдері ретінде қарастыру дұрыс па деген сұрақтан туындайды.
Еңбек заңнамасын зерттей келе, аталған сұраққа оң жауапты таптық деп ойлаймыз.
Еңбек инспекциясының құқықтық мəжбүрлеудің басты тəсілі құқық бұзушыларды əкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады. Ешбір жағдайда да қылмыстық санкцияларды қолдануды қарастырмай, əкімшілік санкцияларды қолдануды еңбек құқықтарын қорғау ретінде қарастыру дұрыс емес. Сол себепті де еңбек заңнамасын бұзған жағдайда кінəлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау ретінде қарастыру жөн болар еді. Осыған байланысты жаңадан қабылданған ҚР ҚК еңбек заңнамасының бұзылуымен байланысты төрт бап, яғни 154 баптан 158 бапқа дейін, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сəйкес, əркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығы бар [10]. Аталған құқықтарды бұзу белгілі бір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке əкелуі мүмкін. Аталған қылмыс меншік нысанына қарамастан, еңбек қатынастарындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Еңбекті қорғау саласындағы заңдылықты бұзған жағдайдағы жəбірленуші ретінде тек қана аталған кəсіпорынның, ұйымның жəне мекеменің тұрақты қызметкерлері мен жұмысшылары ғана емес, сонымен қатар уақытша жұмыс істейтіндер де болуы мүмкін [11].
2007 ж. ҚР ЕК-н қабылдаумен қатар еңбек заңнамасының реформасы жүзеге асырылған болатын, бірақ, тəжірибе көрсетіп отырғандай, əлі де ҚР ЕК-ін қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаумен байланысты нормалармен толықтыру қажет. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаумен байланысты еңбек қатынастарындағы қызметкерлердің жағдайын тікелей реттеумен жəне оларға əсер етумен байланысты мəселелер əлі де нақты заңнамалық тұрғыда бекітілген жоқ. Оған дəлел ретінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негізгі ұғымдары арасында, біздің көзқарасымыз бойынша, маңызды болып табылатын, еңбек құқықтарын қорғау, еңбек Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің құқықтарын қорғау тəсілдері сияқты түсініктемелері қарастырылмаған, бірақ еңбек құқығы ғылымында еңбек құқықтарын қорғау термині мен түсінігі бұрыннан бері қарастырылған [4].
Сонымен қатар ұлттық құқықтың жекелеген салаларының нормативтік-құқықтық актілерінде құқықты қорғау термині жиі қолданылуда. Оған дəлел ретінде 1994 ж. 27 желтоқсанында қабылданған ҚР Азаматтық кодексінің 9 жəне 10-баптары азаматтық құқықтарды қорғауға арналған жəне, біздің ойымызша, оның мағынасын толықтай ашады. Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 ж. 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 2-тарауы толықтай некелік-отбасылық (ерлі-зайыптылық) құқықтарды қорғау мен жүзеге асыруға байланысты мəселелерге арналған. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8-бабы азаматтық іс жүргізуге қатысатын тұлғаның құқықтарын, бостандықтарын жəне заңды мүдделерін соттық қорғауға тоқталады. Осылардың ішінде тек қана Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 19-тармағында нақты құқықтарды қорғау мəселесіне көңіл бөлінген жəне келесідей түрде анықтама берілген: қорғауқылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтiрiлген, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz