Жаһандық өркениет және жаһандану процесі


Жаһандық өркениет және жаһандану процесі
-Прездент Н. Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл»
кітабын оқығаннан түйген ойлар
Нәбижан Мұқаметханұлы
Ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жарық көрген «Сындарлы он жыл» атты кітабы - қазіргі жаһандық жағдайдағы еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, аймақтық қауіпсіздік және бүкіл дүниежүзінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы мәселелерін жан-жақтылы терең талдап көрсеткен, халықаралық маңызды мәселелерде Қазақстанның өз ұстанымын пайымдаған концептуалдық еңбек болып табылады.
Президен өзінің жаңа кітабында, қазіргі кездегі әлемдік маңыз алып отырған жаһандану мәселесіне де үлкен мән берген. Ол өзінің осы еңбегінде «ең мәндісі де, ең кең тарағаны да жаһандану мен халықаралық терроризм» деп атап көрсеткен. Сондай-ақ ол «Біреулер үшін Жаһандану -халықтар мен халықтарды одан әрі алшақтата түсетін, сәулетшілері мен инженерлерін өз қаңқасының астында көметін Жаңа бабыл (Вавилон) . Енді біреулер үшін жаһандану - қоғамдар мен мемлекеттер қауымдастығының әлеуметтік - мәдени мүделерін бейнелейтін, сөйтіп барша күштің мүдделерін жинақтауға және елеп-ескеруге мүмкіндік беретін әлде қандай Біртүтас Алаң теориясы» болып отырғандығын айта келіп, жаһандануға қарсылар мен жаһандануды жақтаушылардың көз қарастарын келтіреді (10-11 бб. ) .
Ел басы жаһандануды қоғамдық құбылыс ретінде қарастырып, жаһанданудың толып жатқан жетістіктері мен толып жатқан кемшіліктері бар екендігін ескертеді (234 б. ) . Сондай-ақ жаһандану заманында өмір сүріп ортырғанымызды жасырмайды.
Автор: «Қазір жаһандану заманында, өмірдің әлеуметтік, саяси, мәдени және рухани салаларының бәрінде де, адамзат өзінің әр алуан тіршілігінің жазмыштық стадиясын бастан кешіріп отыр» (81) деп есептейді. Сондай-ақ қоғамға тарихи салыстырмалы талдау жасау арқылы, дүниенің бет-бейнесінің өзгергендігіне тоқталып, «Дүние дидары өзгерді дегенде, әсілі, біз ненің өзгергендігін атап көрсетуге тиіспіз» (15 б. ) дейді. Міне, бұл Ел басының ғалымдарға қойып отырған сауалы мен міндеті болса керек деп ойлаймын.
Меніңше, дүниенің дидарын өзгерткен, ол - мәдениет, ол - өркенет болса керек. Олай болса, «Мәдениет» деген не? «Өркениет» деген қаданй? - деген сауалдарға қысқаша жауап беріп көрейік.
Мәдениет дегеніміз - адамзат қоғамдық даму барысында жаратқан барлық заттық және рухани баилықтардың жиныдығы. Мәдениет қоғамдық құбылыс. Ол материяны негіз етеді. Қоғамдық мәдениет әлеуметтік заттық өндірістің дамуына ілісіп дамып, кемелденіп отырады. Әр қандай бір қоғамда өзіне сәйкескен заттық және рухани мәдениеті болады.
Идеология саналатын рухани мәдениет - білгілі бір қоғамдық саяси-экономиканың көрнісі. Соған қарамастан ол белгілі бір қоғамның саяси-эконормикасына аса үлкен ықпал жасайды және әсер көрсетеді.
Жер бетінде ұлттардың қалыптасуы мен дамуына байланысты мәдениетте ұлттық ерекшеліктер орын алған. Ұлттық тіл-жазу, ұлттық мінез-құлық, ұлттық діл - менталит, ұлттық дәстүр және ұлттық өмір тіршілік тәсілдерінің барлығы ұлттық мәдениеттің формалары болып табылады.
Өркениет (цивизация) дегеніміз қоғамдық - әлеуметтік дамудың көрнісі. Ол заттық мәдениет пен рухани мәдениеттің жауһарлары негізінде қалыптасады.
Өркениет белгілі бір қоғамдық өндірістің формасы - технология түрінде де көрініс береді. Ал техника - технологияның қоғамдағы қолданысын, со елдегі табиғат бейнесінің өзгеруінен, адамардың өндіріс формасы мен өмір сүру тіршілік формасының өзгеруінен байқауға болады. Басқаша айтқанда, өркениет ғылым-техника формациясында бейнеленеді.
Өркениет мемлекеттің саяси жүйесінен де көрніс береді. Белгілі бір мемлекеттің саяси - экономикалық және мәдени құрылым жүйесі сол елдегі халықтың өмір сүру мүмкіндігін қаншалықты дәрежеде қамтамасыз еткендігінен, сол елдегі халықтың әлеуметтік еріндігі мен рухани бостандығын қаншалықты дәрежеде сақтағандығынан, қоғамдық және ұлтаралық, тіпті халықаралық қатынастарда қалыптылықты сақтау деңгейінен де өркениеттіліктің өресін көруге балады.
Өркениет жеке адамдардың іс-қимылдарынан да байқалады. Белгілі бір адамның тазалығы, моралдылығы, әдеп-ибалығы, тәртіптілігі, жөншілдігі - заңшылдығы, сөйлеген сөзінің жүйелігі, істеген ісінің тыңғылықтығы мен нәтижелігі - сол адамның өркениеттік деңгейін аңғартады. Демек, өркениет формациялық әрі формациясыз құбылыс.
Жер жаһанда адамдар алғаш жаратқан мәдениет пен өркениеттер де айырмашылықтар аз, ортақтықтар көп болған. Бірақ кейін-келе әр түрлі себептерлің салдарынан әлемнің әр өңіріндегі мәденттің дамуы біркелкі болды. Әлемдік діндерің пайда болуы мен таралуының нәтижесінде жаһандық мәдениетте, зоналық - өңірлік ерекшеліктер мен айырмашылықтар қалыптасты. Оларды типтестіріп айтатын болсақ, дала өркенеті, қала өркениеті, аграларлық өркениет және сауда өркениеті деуге болады.
Орта ғасырдағы өркениеттің өзегі болған әлемдік діндер мен техниканың негіздері алғаш Шығы елдерінде пайда (Буддизм Үндістанда, Дасизм Қытайда, иоедайизм мен хрстиян Таяу шығыста, ислам Орта шығыста пайда болған және оқ дәрі, компос бен баспа техникасы қытайда жаратылған) болып, олар Құрлық жолы немесе «Жібек жолы» арқылы Шығыстан батысқа тараған. Сөйтіп мәдениеттер мен өркениеттердің тоғсыуы мен өзара сіңісуінің нәтижесінде өркениеттің үлкен жіктелуі пайда болды. Оны әдетте Шығыс мәдениеті немесе өркениеті және Батыс мәдениеті немесе өркениеті деп екігі жіктейді.
Батыс елдері Реим империясы ыдырағаннан кейін мың жылға созылған діни үстемдікте өмір сүрді де, ХҮ ғасырдан кейін ғана олар көрею - өркендеу жолына түсті. Батыстықтар алғаш қытайлар тапқырлаған оқ дәріден күшті отты қарулар жасап, қытайлар жаратқан компосты кеме - парохоттарына орнатып, мұқит асып жаңа құрлықтар іздеді және сол қаруларды қолданып Шығыс елдерін жаулай бастады. Сонымен Батыстың индустрия мәдениеті немесе өркениеті «Теңіз жолы» арқылы Азия, Африка және Латын Акерикасына арап, жаһандық өркениеттің алғашқы материялық негізін қаланды.
Батыста өндіріс күштерінің (ғылым-техниканың) дамуына байланысты әлеуметтік даму қарқыны тездеп, капиталыстік қатынастар қалыптасып, буржуазиялық революциялар орын алды. Соның нәтижесінде адамзат тарихы жаңа бір даму кезеңіне - Жаңа заманға қадам басты. Сондай-ақ Батыста ғылым-техника мен гуманитарлық ғылымдардың тез дамуына байланысты «еуро-центризм» қөзқарасы қалыптасты. Сонымен ғылым мен мәдениет тек Еуропада ғана дамиды дейтін түсінік халық санасына сіңірілді.
Бірақ Шығыс елдерінің ХХ ғасырдағы дамуы «еуро-центризм» көзқарасын мансұқтады. Атап айтқанда, Жапонияда индустрияның тез дамуы, Қытай, Үндістан мен Пакстанда ғарыш өнеркәсібінің әлемнің алдыңғы қатарына өтуі - Шығыстың төл мәдениетінде де ғылым-техника мен мәдениетті дамытатын белсенді фактордың бар екендігін айғақтады.
Демек, ХХ ғасырда жаһандық өркениеттің материялық бұйымдары шығыстың өзінде де көптеп өндірілді және Шығыс пен батыс өркениеттері бір-бірімен үштасып, жаһандану процесін тездетті, әсіресе ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін жаһандау қарқын ала бастады.
Демек, ХХ ғасырда батыс пен шығыс индустриясының дамуының теңеле бастауы және әлемдік саяси жүйенің бір үйегі болған Кеңес Одағының ыдырауына байланысты, өткен ғасырдың соңында «Акерика центризмі» қалыптасып үлгірді.
ХХ ғасырда дүниежүзі елдерінің тез қарқынмен индустриялануы жаһандық өркениеттің өрісін кеңейтті. Жаһандық өркениет дегеніміз, президент өз кітабында айтқандай «шектен тыс өндірісті» көздейтін, қалың халық бұқарасының түтыну сүранысын қамтамасыз ететуді мақсат еткен «әмбебапбық мәдениет» болып табылады. Соныдқтан жаһандық өркениет алдымен материя формасында біздің қоғамдық өмірімізде, тіпті отбасындық тіршілік саламызда жүріліп жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz