Наполеон империясының әлсіреуінің себептері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Наполеон Бонапарт

Наполеон Бонапарт 1769 жылы 15 тамызда Аяччо қаласында (Корсика) ақсүйектер отбасында дүниеге келді. Ол адвокат Карло Буонапарте мен Летиция Рамолиноның екінші баласы болды. 1779 жылы Бриен мен Парижде әскери мектепте оқып,француз тілін жөнді білмейтін ол 1785 жылы оқуды үздік бітіреді. Жас Бонапарт балистика жөнінде, яғни оқтың ұшу заңдары жөнінде арнаулы еңбек жазады. 1785 жылы артиллерияның кіші лейтенанты шенінде әскер қатарына жіберіледі. Француз ағартушыларының озық идеялары рухында тәрбиеленген Наполеон І Ұлы Француз революциясын қызу қарсы алды. 1796 жылы Якобиншілдер клубына енеді.
Дипломатиялық неке.
Наполеон ұзақ уақыт ойланып, ақыры бірінші әйелі Жозефинамен ажырасуға бел буды. Екеуінде ортақ бала болмағандықтан, тақ мұрагерлерінің болғанын қалап, ол туралы ой императорды іштей мазалап жүрді. Жаңадан отбасы құру арқылы Наполеон бір оқпен екі қоянды атпақшы болады: басты арманы әке болуды және монархтар деңгейіне көтеріліп, олармен теңесу. Сол себепті оның таңдаған жары патша отбасынын көгілдір қанды болуы тиіс еді. Наполеон орыс императоры І Александырдың қарындасы Анна Павловнаға сөз айтып көріп еді, бірақ нақты жауап ала алмады. Оның есесіне австриялық император І Франц өзінің қызы 18 жасар ханшайым Мария-Луизаны Наполеонға айттырды және Наполеон өзінің таңдауын осы қызға тоқтатты. Мария-Луиза өте қатал тәрбиеленді: ешқандай балдарға, театрларға бармады, қымбат киім-кешек, асыл тастар, бүйымдар да тақпады. 1813 жылы Наполеон Мария-Луизаны патшайым, империяның регентшасы деп жариялады.
1793 жылы Тулонды қоршауға алған кезде, Бонапарт артиллерияны өзі жасаған схема бойынша орналастырып қойды. Атыс сәтті болып шықты, ағылшын интервенттері талқандалып, Тулон алынды. Монарзист бүлікшілері мен ағылшын интервенттерінен Тулонды азат ету жоспарын жасағаны үшін 24 жастағы капитан Бонапартқа Конвент Бригада генералы атағын береді. 1795 жылы Бонапарт артиллериядан шүйілте оқ жаудырып, Парижде бүлік шығарған монархистерді талқандады. Көп ұзамай ол Париж гарнизонының қолбасшысы болып тағайындалады. Осыдан кейін Бонапарт австриялықтарға қарсы жорық жасамақ болған армияның бас қолбасшысы болып тағайындалып, 1796 жылы Итальяға жіберіледі.
1795 жылы әскерлері шабуыл жасап келген Франция Пруссиямен бітім жасасты. Бұл бітім бойынша Франция революция кезінде армияның қолы жеткен жеңістерінің жемісіне ие болды. Рейннің сол жақ жағалауындағы Француз әскерлері басып алған жерлер Францияда қалды. Пруссиямен бітімшарты жасалғаннан кейін де Австрияға, Англияға қарсы соғыстары тоқталған жоқ болатын. Бұл соғыста жас генерал Бонапарт ерекше көзге түсті.
Бонапарт алысқа жол сілтейтін, аса зор жоспар ойлап тапты. Бонапарттың әскерлері Итальяға екпіндей баса көктеп кірді. Астриялықтар жеңілген үстіне жеңіле берді. Генералдың Италья жерінен аттап басқаннан-ақ Италья халқын азат етпекшімін деген сөзінде жалғандық болды.Австрия үстемдігінің орнына Франция үстемдігі орнады. Наполеон Италья халқын талан-таражға салып тонады. Итальядағы халық қозғалысын аяусыз талқандады. Бұған мысал ретінде мынаны айтуға болады: қаһарына мінген Бонапарт бір қаланың бүкіл халқы бағынбағаны үшін қырып тастауға бұйрық берді, ал оның солдаттары тұрғындарды аяусыз жаншып тастайды.
1805 -- 1807 жылдардағы француз әскерлерінің жеңістері.
Францияның негізгі жаулары Англия, Австрия, Ресей болды. Ағылшын үкіметі өзінің одақтастарын қаржымен қамтамасыз етуге, Францияда шпиондық әрекет жасауға орасан көп ақша жұмсады. 1805 жылдың күзінде Наполеон Булоньға, Ла Манш жағалауының басқа да пункттеріне аса зор десанттық операция жасау үшін 2300 кеме жинады. Өнер тапқыштар оған көптеген ауа шарларын жасауды. Англияға қарай соғатын қатты желді күтіп, сол жел соққан кезде аэростаттар жіберуді ұсынды. Сондай-ақ императорға қол двигателі бар, бір кісі жүргізетін толып жатқан кішкентай сүңгуір қайықтар жасайық деген ұсыныстар енгізілді. Әзірлік қызу жүріп жатты. Англияға зор қауіп төнді. бірақ француз флоты жан түршігерлік жеңіліске ұшырады. Францияның дүние жүзін билеуге ұмтылған жолына көлденең тұрған ең күшті мемлекет Ресей болатын. 1805 жылдың декабрінде Моравиядағы Аустерлиц (Славков) түбінде Наполеон әскерлері мен австриялық және орыс әскерлерінің арасында шешуші қақтығыс болды. Кутузовтың қарсы болуына қарамастан, I Александр қолайсыз жағдайларда шайқасқа шықты да, ұтылды. Қасиетті Рим империясын басқарып тұрған Австрияны талқандап, Наполеон 1806 жылы бұл империяны жойды. Қасиетті Рим империясының императоры өзінің титулынан бас тартып, тек қана Австрия императоры болып қалуға тиіс болды. Сол 1806 жылы Наполеон Пруссиямен соғысты. Пруссия әскерлері құлақ естімеген жеңіліске ұшырады. Қамалдар ұрыссыз беріліп жатты. Соғыс басталғаннан кейін 19 күннен соң француз әскерлері Берлинге келіп кірді 1807 жылы орыс әскерлерімен бірнеше табан тірескен қан төгіс шайқастардан кейін Наполеон Тильзитте Россиямен, Пруссиямен бітім шартына қол қойды. I Александр Наполеонның жаулап алғандарының бәрін мойындап, Франциямен бітім және одақ туралы келісім жасауға мәжбүр болды. Наполеон Пруссияға контрибуция салды және оның шекараларын мейлінше қысқартты. Соғыс нәтижесінде Франция құрамына Бельгия, Голландия, Германияның солтүстігі, Италияның бөлігі кірді. Ал Европаның басқа бөліктерінде Наполенға тәуелді корольдықтар құрылып, онда оның отбасының мүшелері билік етті.
I Наполеон империясының әлсіреуінің себептері.
1810 -- 1811 жылдары ұзаққа созылған соғыстардың нәтижесінде халықтың қайыршылыққа ұшырап, күйзелуі салдарынан, Франция өнеркәсібі көптеген товарларын өткізе алмады. Жұмыссыздар көп болды, жұмысшылар қобалжи бастады. Үздіксіз соғыстардың салдарынан туған өлшеусіз көп салықтар буржуазияға да ауыр тиді. Армияға үнемі адам жинау шаруалар мен жұмысшылардың да наразылығын күшейтті. Наполеонға тәуелді Европа мемлекеттерінен де көптеген адамдар армияға алынды. Армияның едәуір бөлігі ұрыстарға зорлықпен шығатын, француз тілін білмейтін, әр түрлі ұлттардан құралған солдаттар болды. Наполеонның француз буржуазиясының езгісіне бағындырмақ болған халықтардың, әсіресе Испания мен Ресей халықтарының, француз әскерлеріне көрсеткен тегеуріні Наполеон империясына аса күшті соққы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Термидорлық Конвенттің соғыстары
Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарттың консулдық кезеңі
Наполоенның билікке ұмтылуы
Наполеон соғыстарының халықаралық қатынасқа әсерін зерттеу
XVII-XIX ғғ. аралығындағы Ресей империясы
Осман империясының еуропадағы сыртқы саяси және дипломатиялық бағыттары
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
XIX ғасырдың 40 - 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар
Қырым соғысының басталуы
ҚЫРЫМ СОҒЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
Пәндер