Кеңестік социализмнің мәні мен мазмұны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИЗМНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

Осы күнге дейін 1917 жылы билікке келген большевиктер туралы көп айтылып, көп жазылды. Дегенмен большевиктер партиясының қызметі мен саяси-доктриналық негіздеріне әлі де толық талдау жасалған жоқ. Өткен ғасырдың ортасында большевиктер марксизм-ленинизм идеяларын насихаттаумен шектелмей, социалистік лагерге енген Азия, Африка және Орталық Американың Куба, Никарагуа сияқты елдеріндегі миллиондаған адамдарды ұйқысынан оятып, дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастырды. Осылайша кеңестік кеңістіктегі халықтардың өмір сүру ережелері жасалды.

***

Большевиктердің экономикалық саясаты марксизм идеяларына бағытталды, ал оның негіздерін қалаған Карл Маркс пен оның төңірегіне топтасқан аз ғана адамдар тобы еді.

Карл Маркс пен Фридрих Энгельс ХІХ ғасырдың ортасында Орталық Еуропада өмір сүрген. Олар Германиядағы кішігірім коммунистер тобын басқарды. Марксизм идеялары ХІХ ғасырдың ортасында Еуропада қалыптасқан күрделі саяси жағдайда өмірге келді. Кәрі Еуропа ойшыл философтар (Г.Гегель) мен экономистердің (А.Смит, А.Сен-Симон, Ф.Ланге), тарихшылар мен саясаттанушылардың (М.Вебер) қарқынды интеллектуалды ортасы ғана емес, сонымен қатар олардың кіндік қаны тамған жер болатын. Ол кездегі Еуропа таптық, саяси және этникалық қайшылықтармен, бітпейтен соғыстармен ерекшеленді. ХІХ ғасырдың 70-жылдарындағы Франция, Испания, Англия, Германия, Ресейде (Қырым соғысы) болған оқиғаларды еске түсірейікші, - бұл аймақтағы қырғи қабақ соғыстар мен таптық күрестер жалпы адамзаттың берекесін қашырған-ды. ХХ ғасырдағы Еуропа қантөгісті дүниежүзілік соғыстарды (1914-1918 жж; 1939-1945 жж.) тудырды.

Марксизм классиктерінің өмірбаянында Карл Маркстің шоқынған еврейлер отбасынан шыққаны, ал Фридрих Энгельстің фабрикант отбасынан шыққаны жазылады. Соңғысы жылжымайтын меншік иесі болған. Көп балалы Карл Маркспен салыстырғанда, Фридрих Энгельс жеке өмір сүру салтын ұстаныпты, үйленбеген, бірақ фабрикада жұмыс істейтін бірқатар әйелдермен еркін қатынаста болған адам.

Адам - жаратылыстың негізі. К.Маркс пен Ф.Энгельстің дүниетанымы, қоғамдық-саяси көзқарастары мен ой-тұжырымдарын көбінесе, өздерінің немесе замандастарының естеліктерінен байқауға болады. Олардың теориялық доктриналары ежелгі христиандардың қолжазбаларынан алынған. Маркстік көзқарастар, негізінен бүкіл әлемдегі коммунистердің Библиясы іспеттес, ал оның тұздығы (амальгама) Коммунистік партияның Манифесінен айқын көрінеді.

Адамзаттың әділетті қоғам орнатудағы күрес жолдарын біршама зерттеген марксизм классиктері, оны шешудің тым үстірттеу, әрі қатаң сызбанұсқасын (схема) ұсынды. Оның негізгі қағидалары мынадай болатын:

Әділетті коммунистік қоғам құру үшін, алдымен пролетариат диктатурасын орнату қажет;

Тарихтың қозғаушы күші (локомотиві) мәңгілік таптар қайшылығы екен, яғни құл мен ақсүйек (патриций), шаруа мен феодал, жұмысшы мен фабрикант арасындағы тоқтамайтын күрес... Карл Маркстің пікірінше, қоғамның қозғаушы күші адам да, ой-сана да, ғылым да емес, өзара бітіспейтін қайшылыққа негізделген таптар күресі.

Марксистердің айтуынша, әділетті коммунистік қоғам орнату үшін жеке меншікті жою міндеттеледі, басқа қарым-қатынастарға шектеулер қойылады және қиялдан туған жалпыхалықтық меншікті орнату көзделеді.

Марксизмнің осындай бұлжымас ережелері, социалистік қоғамның идеологиялық және экономикалық саясатын негіздеп берді. Нақтылап айтсақ, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында марксизм идеяларына еліктеушілер саны көбейе бастады.

Бір қызығы, Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің идеялары шыққан жері - Германия мен Еуропаның жетекші елдерінде қолдау тапқан жоқ. Керісінше, германдық коммунистердің утопиялық идеяларын большевиктер, яғни ресейлік социал-демократтардың солшыл тобы өздеріне қару етті.

Большевиктердің жетекшісі В.И. Ульянов (Ленин) өзінің ұстазы Карл Маркстің ілімін барынша насихаттаумен болды. Ресейде К.Маркс пен Ф.Энгельстің жеңімпаз ілімі кеңінен дәріптелді. Есімізге түсірейікші, Мәскеу және басқа да ірі қалалардағы алып ескерткіштер 1920 жылдары марксизм классиктері - Карл Маркс пен Фридрих Энгельске орнатылған жоқ па?.. Соғыстың ауыртпалығы мен кеңселік тауарлардың тапшылығына қарамастан, Коммунистік партияның манифесі, большевиктік рухтағы шығармалар миллиондаған данамен баспадан шығып жатты.

Жаңа қоғам орнатуда большевиктер табандылық көрсетті, яғни бастаған істерін аяғына дейін жеткізбей қоймайтын. Ресейдің ескі мемлекеттік құрылысы қиратылды. Бірақ кейінгі оқиғалар көрсеткендей, социалистік жүйе тиімсіз болып шықты. Себебі, 1917-1919 жылдардағы сайлау, сөз, баспасөз бостандығы шектелді, оларға қатаң тыйым салынды. Пролетариат диктатурасын орнатушылар алғашқыда партиялық басшылықты, кейіннен жеке басқа табынуға және көсемдерін асыра дәріптеуге кірісті. Олар балама партиялардың жетекшілерімен (кадеттер, монархистер, алашордашылар) жақындасқан жоқ, тіпті 1918 жылы үкіметтік коалицияның серіктестері - солшыл эсерлермен аяусыз есеп айырысты. Большевиктерге тірек болған жұмысшылардың өзі - жаппай саяси қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық, қырып-жою сияқты жазалаулардан сырт қалмады. Оған 1918-1921 жылдардағы Бүкілресейлік Төтенше Комиссияның хаттамаларын, ұлттық аймақтар мен орталықтағы Мәскеу, Питер жұмысшыларының ереуілдерін басып-жаншу туралы құжаттарды қарасаңыз, анық көз жеткізесіз. Мысалы, (1918) бір жылдың ішінде 850 000 адам Петроградты тастап кеткен, бұл бұрынғы қала халқының жартысын құрайды екен. 1919 жылдың көктемінде Петроградта Путилов заводының 10 мың жұмысшысы ереуілге шықса, соның 200-ге жуығы бірден ату жазасына кесілген, жүздеген жұмысшылар тұтқындалған. 1918-1920 жж. азамат соғысында Мәскеу тұрғындарының саны 40 %-ға қысқарған. Сондай-ақ, 1920 жылы революциялық трибунал 3 666 теміржолшыларды айыптап, бір жыл ішінде соттап жіберген.

Сол кезде Кеңес Одағының түрмелері жұмысшыларға лық толған, тіпті чекистер оларды жұмыс орнында-ақ жазалап отырған. 1921 жылғы Кронштадтағы матростар көтерілісі де аяусыз басылды. Петроградтағы партия ұйымының жетекшісі Г.Е. Зиновьевтің әйгілі бұйрығымен 2000 - нан астам матростар ешбір тергеусіз, сотсыз атылған, тірі қалғандары концлагерлерге (Соловки) айдалған. Большевиктер елдің шеткері аймақтарындағы халықтарды да қырып жойды.

Осылайша, большевиктер тек қарудың күшімен үстемдігін жүргізді. Жалпы пролетариат диктатурасын билікке жақын номенклатуралық топтың адамдары ғана құраған. Азғындық, надандық, менмендік, адам тағдырына немқұрайдылық - большевиктік партияның табиғатына тән құбылыстарға айналды. Осындай жағымсыз қасиеттерді бойына сіңіріп алған большевизм, социалистік идеяларын уысына түскен аңғал елдердің бәріне тықпалады. Әрине, олардың бұл ойлары көп жағдайда орындалды деуге болады. Құрлықтың социалистік бөлігі аталған елдерге кеңес әскерлері күштеп енгізілді, кеңестік тыңшылар орнығып алды.

Николай Бердяев Истоки и смысл русского коммунизма атты монографиясында былайша жазады: Қалай таңдансаңыз да, большевизм ұлыдержавалық орыс империализмнің үшінші құбылысы... Орыс өміріне большевизм жоғары реакциялық күш ретінде кіріп, мықты қаруланған өктем күш ретінде таралды.

Әлеуметтік теңдік ұранымен большевиктер миллиондаған адамдарды соңынан ертіп әкетті. Бірақ, социалистік елдердің ешбірінде бірыңғай, тең өмір сүру дәстүрі болған емес, бұл - нағыз утопия болатын.

***

Большевизм өзінің билігін нығайту үшін батыл қадамдарға барды, ойларын іске асырды. Мысалы, большевиктердің ашықтық, талқылау, ымыраласу туралы айтқандары сөз жүзінде қалды, олар сорақы әдістерді қолдану арқылы лас, жауыздық әрекеттер жасады. Француз тарихшысы Л.Сервис атап көрсеткендей, мұндай әдістер революцияға дейінгі және одан кейінгі большевизмге тән болатын. Алдау-арбау (мысалы, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын сайлау кезінде), қырып-жою, шексіз және құқықсыз реквизициялар - бәрі бәрі партиялық өмірді толық қамтитын құбылыстар. Осы ретте большевиктердің көсемі В.И. Лениннің мынадай сөздері еске түседі: (Революция все спишет (Революция бәрін көшіреді), Для достижения цели все средства хороши (Мақсатыңа жету үшін барлық тәсілдер жақсы). Қазіргі тарих ғылымында жұртшылықтан жасырылып келген, большевиктердің жауыздық қызметін көрсететін фактілер көптеп кездеседі. 1920-30 жж. ресейлік зиялы қауым өкілдері мен дінбасыларын қуғындау белең алды. Мысалы, 1922 жылы шетелге асқан көрнекті орыс қайраткерлерімен бірге философиялық кемеде Николай Бердяев та болды. Ал, Қазақстаннан кеткен 600 мың адамның ішінде Мұстафа Шоқайды ерекше атаған жөн. Себебі, ол большевиктерге қарсы күресін өмірінің ақырына дейін шетелде жалғастырды, артына кеңестік билік туралы өшпес мұрасын қалдырды. Жалпы шетел эммиграциясы туралы айтқанда, ресейлік эмигранттардың жолы болды деуге болады, олай дейтініміз олардың көбі өз ажалымен көз жұмды. Ал ВЧК-КГБ-ның құрығына түскендердің ажалы уақытынан бұрын келді. Олардың өмірі мен тағдыры қайғы-қасіретке толы болды: олар 1917 жылы-ақ басталған террор, шексіз концлагерлердің ауыр шынжырлары, жаппай қырып-жою немесе кеңестік билікті дәріптейтін іс-шараларға қатысуға мәжбүр болды. Міне, осылайша коммунистік партия әділетті қоғам құрамыз деген желеумен елді әбден әбігерге салып, адастырды.

Партия мен биліктің қызметі бірыңғай өтірік пен аңыздарға құрылды. 1917 жылы билікке келген большевиктер партиялық бүркеншік (лақап) есімдермен өмір сүрді: Владимир Ульяновты - Владимир Ленин, Лев Троцкийді - Лев Бронштейн, Иосиф Сталинді - Иосиф Джугашвили, Вячеслав Скрябинді - Вячеслав Молотов, Григорий Зиновьевті - Овсей-Герш Радомыслький, Лев Каменевті - Лев Розенфельд және т.б. атауға болады. Таң қаларлық жағдай, бірақ тарихи факт, КСРО азаматтары партия көсемдерінің не шын есімін, не нақты өмірбаянын білмеген, кеңестік жүйе халықты ақиқаттан алшақ аңыздарға көбірек сендірді.

Өркениетті елдердегі қарапайым дәстүрлер Ресей үшін де, Кеңес Одағы үшін де орындалған жоқ. Өйткені объективті ақпараттың орнына - жалған фактілер беріліп отырды. Объективті талдаудың орнына - коммунистік партияға шаң жуытпайтын дайын ұрандар көтерілді; ғылыми ізденістердің орнына - жоғарыдан жасалып, бекітілген жобалар іске асырылды. Мемлекеттік жүйеге керегі - партияға жан-тәнімен берілген темір саптағы адамдардың қатарын қалыптастыру болды. Осы идеологияны кеңінен таратуда ұжымдасып жазылған Николай Островскийдің Құрыш қалай шынықты? романын, В.Маяковский мен Л.Вознесенскийдің, сондай-ақ қазақтың ұраншыл ақындарының өлеңдерін атауға болады. Біз де Б.Майлиннің Раушан коммунисті, А.Қарсақбаевтың Біздің Ғани және т.б. фильмдерін шығардық. Сондай-ақ сьезден сьезге, партия қайда болса, жеңіс сонда деген ұрандар кеңес халқының брендіне айналды.

Тек әйтеуір, партия көсемдері 1920 жылдары бұрынғы империяны ұлттық республикаларға бөліп, шекараларын анықтағандай болды. Осы кезде Қазақ Республикасы да дүниеге келген болатын.

Саясаттануда империялық идеология деген ұғым бар. Оның міндеті белгілі бір қағидаларды минут сайын ақпарат құралдары мен пионер, комсомол, коммунистік партия ұйымдары арқылы күні-түні уағыздап, халықтың құлағына құя беру, жоғарының айтқанына көнбеген адамдарды жиналысқа салу, қорқыту, қаралау, түрмеге жабу, мемлекеттік көмектен айыру, оны халықтың жауы деп жариялау. Міне, осыны көрген біз соғыс тұтқындарын тек опасыз және сатқын деп таныдық. Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романындағы көркем образдар арқылы жеңімпаз әскерді ғана білдік. Ал осы сұрапыл соғыстың басқа көлеңкелі қыры - майданда тұтқынға түскен әскер тағдыры жабулы қазан күйінде жатқан еді...

Іс жүзінде мыңжылдық тарихы бар халықтардың өткен өмірі барынша бұрмаланды, әрдайым кеңестік партиялық идеология алға шықты. Мен тарихшы болғандықтан, Кеңес мемлекетінің тарихынан бұрмалаусыз жазылған беттерді таппай-ақ қойдым. Мысалы, кеңестік тарихнамада Түркі қағанаттары, Алтынорда, Қазақстанның Ресейге қосылуы біржақты жазылды. Ал Азамат соғысы жұмысшылар мен шаруалардың жыртқыштанған буржуазияға қарсы әділетті соғысы ретінде көрсетілді; ал индустрияландыру мен ұжымдастыру саясаты - большевиктердің таптық жауы - кулактарды жеңуімен байланыстырылды, колхоз құрылысының тиімсіздігі, ашаршылық нәубеті мен миллиондаған адамдардың қасіреті айтылмай қалды. Шын мәнісінде, соңғы отандық зерттеулер бойынша 1920-1930-жылдарда қазақтар 4-4,5 млн. адамынан айырылған, деректерде 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн 700 мың адам (Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша), 1932-1933-жылдары 2 млн 300 мыңға жуық адам құрбан болған. Зерттеулерде әртүрлі сандар беріледі. Мысалы, кейбір деректерде 1920 жылдардағы ашаршылықтан өлгендердің саны 2,3 млн. адам делінсе, 1931-1933 жылдары кемі 1,5 млн., жоғарысы 2,2 млн. адам шығыны көрсетіледі. Осындай сандық сәйкессіздіктерге қарамастан, отандық және шетелдік ғалымдар ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы алапат ашаршылық кеңестік биліктің солақай саясатының салдарынан болды деген ортақ қорытындыға келіп отыр. Кеңестік бюрократиялық аппарат тойымсыз тажалға көбірек ұқсайтын. Дәл осы 1930 жылдары Қорғас пен Нарынқол шекарасында КОКП-ның болашақ Бас хатшысы К.У. Черненко әскери қызметте болған.

Жалпы КСРО тарихының беттері қайғы-қасіретке толы. Мысалы, Астана қаласының маңында, Ақмол елді - мекенінде (бұрынғы Малиновка), бір кездері АЛЖИР-дың (Акмолинский лагерь жен изменников Родины) штабы орналасқан (атауы қандай қорқынышты!). Осы лагердегі әйелдер тізімінің өзі ұзыннан-ұзынға созылады, қамаудағылардың жалпы саны 13000-18000 адам. Жалпы әйел-аналардың бір-екі күнін түрмеде өткізуі - адамзатқа қарсы жасалған зорлық-зомбылық! АЛЖИР-ге 8 жыл мерзімге сотталғандардың ішінде Тұрар Рысқұловтың жұбайы - Әзиза Рысқұлова, Сұлтанбек Қожановтың жұбайы - Күләндәм Қожанова, Сейтқали Меңдешевтің әйелі - Рәзия Меңдешова, Темірбек Жүргеновтің жұбайы - Дәмеш Ермекова-Жүргенова және т.б. болған. Мұндай лагерлерде зардап шеккен құрбандар миллиондап саналады!

Кезінде Николо Верттің История советского государства деген еңбегінде: ...30-жылдардың аяғында лагердегі тұтқындардың саны 3-4 млн.-нан 9-10 млн.-ға жеткені айтылады. НКВД-ның мәліметтері бойынша 1936 жылдың қазаны мен 1938 жылдың қарашасы аралығында 1 565 041 адам, оның ішінде ұлттық тазартуға 365 805 адам, 00447 бұйрығымен 702 656 адам тұтқындалған, соның 668 305-і атылған, қалғандары лагерлерге айдалған. Сұмдық сандар, тіпті адамның ақылына сыймайды.

Кеңес заманында қоғамның барлық кезеңін толық қамтыған 1920-80 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін туралы үнсіз қалдық. Тіпті, 1937 жылдың құрбандарын ақтауға қорықтық, бұл тек М.Н. Тухачевский, С.В. Косиор, Я.Э. Рудзутак сияқты әскери қолбасшылар мен танымал партия қызметкерлерінің жекелеген топтарына қатысты болды. Ал, Алаштың арыстары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай сынды көрнекті өкілдері 60 жыл бойы халық жауы атанып, қара күйе жағылды, ал олардың ұрпақтарының тағдыры баршаңызға белгілі.

Иосиф Сталин билікке келу үшін В.И.Ленин мен оның жақтастарын жаппай қырып-жойды, сөйтіп ескі гвардияға қарсы күресте Г.М. Маленков, Н.И.Ежов, Н.С. Хрущев, Л.П. Берия, Л.М. Каганович сияқты саясатқа енді араласа бастаған жас мамандарды шебер пайдаланды. Оларды қысқа мерзім ішінде номенклатуралық игіліктермен қызықтырды - керемет пәтерлер мен саяжайларға, қосымша жарнапұлдарға кенелтті... Материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген олар, кеңестік тәртіптің белсенділеріне, социализм идеяларын жан-тәнімен қорғаушыларға айналды. Большевиктердің қиялындағы коммунизм қатардағы халыққа емес, тек партиялық басшылық үшін орнатылғандай болды, алайда оның ғұмыры ұзаққа бармады. Ал, іске аспай қалған социалистік қоғам, сол атауымен қала берді.

***

Кеңестік биліктің алғашқы жылдарында Қазақстанды кімдер басқарды, жалпы орталықтан арнайы жіберілген қолшоқпарлардың шынайы келбеті қандай еді?

Кеңестік тарихнамада орталықтың өкілдері туралы, олардың адамгершілік, кәсіби қасиеттері туралы сыңаржақты жазбалар сақталған. Алайда, кейінгі зерттеулер көрсеткендей, революционерлердің шынайы келбеті, мүлдем басқаша болып шықты. Билік өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарында, радио мен телеарналарда партиялық қызметкерлерді шынайы марксист нағыз лениншіл, интернационалист ретінде асыра дәріптеді. Ал, шындығында, олардың көбінің білімі таяз, ой-өресінің төмендігі байқалды. Оған ұстазым, белгілі академик Кеңес Нұрпейістің ...В.И. Ленин құрған партияның басқару апппаратындағы жетекшілердің кейбіреулерінде тіпті орта білім де жоқ екен, мысалы С.Орджоникидзе бар болғаны бір жылдық ветеринар курсын бітірген. Ал, Алашорда үкіметінің басқару аппаратындағы он бес адамның сегізінде жоғары білім бар және білім болғанда қандай! деген сөздері дәлел.

Партия қызметкерлері біліксіздігімен қоймай, қоршаған ортасына қатыгез, адамдарға мейірімсіз болған. Қызылдардың қолы тиген жерлердің бәрі қанға боялып, елдің демографиялық ахуалы күрт нашарлады. Әрине, бұл құрғақ сөздер емес. Мұның бәрін горбачевтық дәуірде ашылған құпия мұрағат қорлары айғақтайды. Мысалы, 1917 жылы Қызылордадағы (бұрынғы Перовск - Ақмешіт) билік, жасы 20-ға жетер-жетпес Иосиф Гержод деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вилли Брандт - социал-демократ,теоретик,канцлер
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан туралы
XX ғасырдың 60 - 80 жылдардағы халықаралық қатынас. Біріккен ұлттар ұйымының рөлі
XX ғасырдың 60- 80 жылдардағы халықаралық қатынас
Фидель Кастро - коменданте
Меншік түрінің эволюциясы
Жеке басқа табыну және Жылымық кезеңіндегі Қазақстан
Конституциялық құқықтық интернационализациялау
Әлеуметтік экономикалық дамудағы дағдарыстар
Мұстафа Шоқайдың әлеуметтік көзқарастары
Пәндер