Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып айыққан вирус алып жүруші шошқалар


Шошқаның обасы (Pestis suum, чума свиней) - аса жұғымтал, жіті байқалғанда өлітиіп, гаморрагиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрде өткенде өкпеннің крупозды, ішектің крупозды-дифтериттік қабынумен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Шошқа обасы алғаш 1833ж Солтүстік Америкада анықталып, жазылған болатын. 19- ғасырдың 60-жылдарында оба Еуропа елдерінің көпшілігінде кеңінен тарап, 20-ғасырдың 50-жылдарына дейін шошқа өсірумен шұғылданатын дүниежүзі елдерінде індет ретінде жиі байқалды. Оба вирусын алғаш 1903ж американ ғалымдары Швеиниц пен Досерт анықтады. 1908ж Досерт пен Уленгут обаға қарсы гипериммунді қан сарысуын алып, оны вируспен бір мезгілде егіп, обаға иммундеудің симультанды әдісін пайдаланды. АҚШ-та 1936ж Мак-Браид, КСРО- да 1939ж И. И. Кулеско шошқа обасына қарсы өлтірілген кристаллволет вакцина әзірледі. Үстіміздегі ғасырдың 50-жылдарынан бастап шошқа организміне реактогендік қасиеттері әр түрлі, қоян организмінде өсуге бейімделген әлсіретілген штаммдардан ( Ровак, SFA, Гудзон) дайындалған құрғақ вирусвакциналар пайдаланыла бастады. Сондай-ақ, К штамынан торша өсіндерінде өсірілген вирусвакцина да дайындалды. Бұрынғы КСРО да обаны зерттеп, оған қарсы шараларын ұйымдастыруда П. С. Саломкин, Н. В. Лихочев, И. И. Кулеско еңбектерін атаған жөн. Шошқаның бұл ауруының клиникалық белгілерін алғаш рет Оңтүстік Африкада Хутчен (1903ж) сипаттады, ал Тейлор оны эксперименттік жолмен жұқтыруға болатындығын дәлелдеді. Мартгомери 1911-1912 жылдары жан- жақты зерттеулер жүргізіп, ауруды вирус қоздыратындығын анықтады. Сондықтан, кейінгі уақытта ауру осы зерттеушінің атымен атала бастады. 1957 ж. дейін бұл індет Африканың экватордан төмен орналасқан елдерде ғана байқалды. Кейіннен ауру басқа құрлықтарға да тарап, қазіргі уақытта Партугалия, Испания, Орталық және Оңтүстік Американың шошқа шаруашылығы дамыған бірқатар елдерінде тұрақты орын алды.
Шошқаның обасы (Pestis suum, чума свиней) - аса жұғымтал, жіті байқалғанда өлетеніп, гаморрагиялық диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрде өткенде өкпеннің крупозды, ішектің крупозды-дифтериттік қабынумен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы - European shwinefever pestivirus, құрамында РНҚ бар Togoviridae тұқымдастығына pestivirus туыстастығына жатады. Көлемі 35-40 нм. Тұратын бір типке жатады. А тобына барлық жастағы шошқаларда жіті өтетін індет қоздыратын, қоянға бейімделген және төменгі температурада торша өсінділерінде өсетін вакциналық штаммдар жатады. В тобына жататын штаммдар негізінен торайларды ауыртады, ал басқа топтарда созылмалы немесе телімсіз емес түрін қоздырады. Бұл топтарды бір бірінен ажырату үшін қыздыру арқылы белсенділігін жою әдісін, өзара бейтараптау, иммунофлуоресценция реакцияларын кешенді түрде қолдану және торайларға қойылатын биосынама пайдаланылады. Шошқа обасының вирусы мен сиырдың диареясы вирусының антигендік туыстығы бар.
Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді. Бұл вирусқа тек қана шошқа бейім. Ауырып жазылған жануарлардың қанында вирусты бейтараптайтын, агглютинациялайтын және комплементті байланыстыратын антиденелерді кездестіруге болады [1, 2, 4] .
Вирус шошқа эмбрионының алғашқы торша өсінінде және қайталап егілетін ПК-15 торшасының өсінінде өсіп-өнеді, ЦПӘ тудырмайды. Вирустың өсінде бар-жоғын және індеттік белсенділігін ИФР арқылы анықтайды.
Шошқа обасының вирусын қоян организміне бейімдеп өсіруге болады, соның негізінде олардың шошқаға уыттылығы төмендеп вакцина дайындайтын штаммдар (SFA, К) алынады. Сондай-ақ вирустың торша өсіндерінде өсуге бейімделген штаммдары да бар.
Төзімділігі. Вирус 60°С 10 минутта, ал қайнатқанда сол сәтте күшін жояды. Шошқа қораларда 1 жылға дейін уыттылығын жоймайды. Төменгі температурада жақсы сақталады -5°С-та қандағы вирус 6 ай, ал оған 0, 5% карбол қышқылын қосқанда 1 жылдан артық уыттылығын жоймайды. Тоңазытылған етте 2-4 ай, тұздалған етте 10 айдан артық, ысталғын етте 3 ай, мұздатылған етте бірнеше жылға дейін уыттылығын сақтайды. Өлексе мен көңде 3-5 күнде, топырақта 1-2 аптада күшін жояды. Дезинфекция жасау үшін күйдіргіш натрийдің 2-3%, формальдегидтің 2, 5% ерітінділері, хлорлы әктің судағы 15-20% тұңбасы пайдаланылады. Олар вирусты 1 сағатта өлтіреді.
Өтуі және симптомдары . Аурудың жасырын кезеңі 5-8 тәулік. Көбінесе жіті, жітіден төмен, созылмалы, ал сейрегірек оба аса жіті түрде өтеді. Аса жіті түрінде жануарлардың қызуы көтеріліп (41 және одан жоғары), жүрек соғуы және тынысы жиілеп, құсып, теріде ақ-қызыл дақтар пайда болып, жылдам әлсіреп, 1-2 күнде өледі. Обаның бұл түрі көбінесе ауруға сезімтал жас малдарға тән.
Аурудың жіті түрі негізінен індет жаңа басталған кезде байқалады. Мұндағы инфекцияның басты белгілерінің бірі - дене қызуының тұрақты түрде жоғары болуы (40-41°С) . Жануардың күйі кетіп, әлсіреп, 2-3 күннен кейін құсып, іші қатып, кейіннен іші өтіп (кейде қан аралас), көздің қасаң қабығы қабынып, кілегейлі-іріңді сора ағады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Танаудың кілегейлі қабығы қабынып, кейде қан ағады. Ауру шошқалар көбінесе жатады, селқостанып, шөліркейді, жүргенде белі бүкірейіп, артқы аяқтарын нық баса алмай,
шатқаяқтайды. Санның ішкі бетінің, мойынның, кұлақ түбі, іштің төменгі жағы терісінде сарғыш, сұйыққа толы күлдіреуіктер пайда болады, оларға кейіннен қан құйылып, бір-біріне қосылып, қолмен басқанда кетпейтін қара-қошқыл дақтарға айналады.
1. 2 Аурудың таралуы және созылмалы түрлері
Оба вирусы шошқа организміне енгеннен кейін лимфоидты ұлпаларда көбейіп, 6 сағаттан кейін сол маңдағы сөл түйіндеріне енеді. Бір тәуліктен кейін қанға өтіп, организмге түгел жайылады, бірақ, негізінен көкбауыр, сөл түйіндері, бауыр, жілік майы сияқты лимфоидты торшаларға бай ағзаларда жинақталады. Вирус енген қан тамырларының эндотелий қабаты зақымданып, өліеттенеді. Осындай тамырлар жарылып, көптеген қанталаула кездеседі. Соның салдарынан қан айналу жүйесінің жұмысы бұзылып, оның әсерінен сөл түйіндерінде, ішекте, басқа да ағзаларда өліеттену ошақтары пайда болады. Қан түзу органдарының зақымдануына байланысты қаназдық, лейкопения өрбіп, лимфоидты-макрофагты ұлпалар семіп, соның салдарынан жалпы иммундік жүйенің қызметі бұзылады. Егер оба қосалқы бактериялық инфекциялармен асқынса, ішекте крупозды-дифтериттік қабыну болады. Мидағы және жұлындағы қабыну процестерінің әсерінен іріңсіз энцефалитке тән тамыр төңірегінде іркілген торшалар жиынтығы кездеседі. Жүйке жүйесінің осындай өзгерістерінің әсерінен жануардың күйзелуі немесе қозынуы байқалады. Ауру жіті өткенде бүкіл организмдегі, әсіресе, қан түзу және қан айналу жүйелерінің, морфологиялық зақымдануы өлімге әкеп соғады. Оба жітідентөмен және созылмалы түрінде өткенде жануардың табиғи төзімділігі әлсіреп иммундік жүйенің жұмысы бұзылады. Нәтижесінде организмдегі шартты түрде зардапты микроорганизмдер (сальмонеллалар, пастереллалар, т. б. ) көбейіп, негізгі ауру қосалқы инфекциямен асқынады. Мұндайда көбінесе өкпеде крупозды, тоқ ішекте крупозды-дифтериттік қабыну өрбіп, шошқа әлсіреп, арықтап, өліп қалады. Обаның созылмолы түрі екі айға және одан да ұзақ уақытқа жетеді. Шошқаның оқтын-оқтын іші өтіп, мезгіл-мезгіл қызуы көтеріліп, жөтеліп, арықтап, терісі қыртыстанып, қабыршақтанады. Кейде қүлағы мен құйрығының ұшатары өліеттенеді Аурудың жітіден төмен және созылмалы түрлерді қосымша инфекциялармен асқынған жағдайда аурудың клиникалық белгілері өзгерістерге өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да ауру жануарлар қатарынан қалып өспей қалады. Мұндай шошқалар толық жазылмай, айлар бойына вирус алып жүруші болып, айналасындағы сау малдарға қауіп туғызады [2, 6, 8] .
Иммунитет. Аурудан айыққан шошқалар қайталап ауырмайды. Қазіргі кезде көптеген елдерде обаға қарсы белсенді иммунитет қалыптастыру мақсатында оба вирусының қоян денесінде өсіруге бейімделген немесе торша өсіндісінде өсіріп әлсіретілген штаммдарынан дайындалған құрғақ вирусты вакциналар пайдаланылады. ТМД елдерінде вакцина дайындау үшін қоян организмінде өсіріліп әлсіретілген К штамм пайдаланылады. Иммунитет еккеннен кейін 5-10 күнде түзіліп, ересек шошқаларда 1 жылға дейін сақталады. К штаммынан бұдан басқа торша өсінділерінде дайындаған екі вирусвакциналар қолданылады:
-қозылардың ен ұлпасының диплоидты торшасында өсірілген ВНИИВМи вирусвакцинасы;
-шошқа эмбрионының бүйрегінің торша өсіндісінде өсірілген ВГНКИ вирусвакцинасы. Кейінгі жылдары шошқаны обаға қарсы иммундеудің аэрозольдік және алиментарлық әдістері тәжірибеге енгізілді. Сондай-ақ, оба, тілме, ауески ауруы, пастереллез, сальмонеллезге бір
мезгілде кешенді иммундеу әдісі қолданыла бастады. Жасырын кезеңі 2-22 күн. Аса жіті, жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Аса жіті өткенде, дененің ыстығы кенеттен 40, 5-42, 5°С-қа көтеріледі. Жануар ентігіп, жөтеледі, жемге қарамайды, шөлдейді. 1-2 күн өткенде ыстығы төмендейді. Артқы аяқтары салдана бастайды. Ыстығы басылғаннан соң 2-3 күн өткенде ауырған шошқа өледі. Жіті өткенде дененің ыстығы үнемі жоғары болып, тек өлерден 2-3 сағат бұрын 37-35°С-қа төмендейді. Ауырған шошқаның танауы мен көзінен қоймалжың сора ағып, кейде танауынан қан кетеді. Өкпенің қабынған белгілері байқалады. Терісі, әсіресе, құлақта, талпақ танауында, кеудесінде, төсінде, құрсақ тұсында, құйрығында қөкшіл түске енеді. Аурудың соңғы кезеңінде бұл жерлері қанталайды.
1. 3 Аурудың індеттік ерекшілігі
Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда обамен жасына, тұқымына қа-рамастан үй және жабайы шошқалар ауырады. Асыл тұқымды шошқалар ауруға бейімірек келеді. Жабайы шошқаларда табиғи қалыптасқан төзімділік болады. Ауру қоздырушысының бастауы - ауру және ауырып айыққан вирус алып жүруші шошқалар. Ауруды таратуда және індеттік жағдайдың сақталып, шиеленісуінде анықталмай калған жасырын вирус алып жүрушілер ерекше қауіпті болады. Вирус алып жүру 3-10 айға созылады.
Ауру жануарлар вирусты несеп, нәжіс, танау мен көзден аққан сорааркылы бөліп шығарады. Вирусты сыртқы ортаға бөлу аурудың жасырын кезінде басталып, клиникалық белгілері білінген сайын ұлғая түседі. Берілу факторларына вируспен ластанған су, жемшөп, төсеніш, көң, өлексе, малдан алынған өнімдер мен шикізат, ет комбинаттары, қасапхана мен асхананың зарарсыздандырылмаған қалдықтары жатады. Сондай-ақ, індеттің таралуында механикалық тасымалдаушылардың (үй және жабайы жануарлар) алатын орыны ерекше.
Оба көбінесе ауру және аурудан айыққан вирус алып жүрушілерді жа-нуарлармен бірге ұстағанда немесе шошқаларға вируспен ластанған жем, әсіресе, зарарсыздандырылмаған қасапхана және асхана қалдықтарын бергенде жұғады. Вирус шошқа денесіне негізінен ас қорыту жүйесі, тыныс мүшелері арқылы енеді. Сондай-ақ кілегейлі қабықтар және жарақаттанған тері арқылы да жұғуы мүмкін [4, 10, 12] .
Шаруашылық ішінде ауру негізінен жануардарға бір-біріне көлбеу жолмен (алиментарлық, аэрогендік), ал оба өзіне тән емес түрде өткенде тікелей, яғни вертикальді (плацента арқылы), берілуі мүмкін. Аурудан сау шаруашылықтарға әдетте ауру қоздырушысы зарарсыздандырылмаған асхана, қасапхана қалдықтарымен, әр түрлі көлік-қатынас құралдарымен, вирус алып жүрушілермен енеді. Сондай-ақ, шошқаны сойып, оның өнімдерін өңдейтін кәсіпорындағы ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтамау, алынған өнімдерді бақылаусыз сату аурудың таралу себебі болады. Оба жылдың кез келген мезгілінде байқалуы мүмкін, дегенмен, көбінесе күзге қарай шошқаны жиі араластыру, сату және сою аурудың шығуына әсерін тигізеді. Жаңадан пайда болған індет тез тарап, кең етек алады. Егер оба шаруашылыққа вирус алып жүрушілермен енген болса, әуелі шошқалардың аздаған бөлігі ғана ауырып, тек 10-14 күннен кейін індет жаппай байқалуы мүмкін. Ал егер вирус жеммен әкелінген жағдайда, 2-3 күннің ішінде шошқалардың басым көпшілігі, кейде тіпті түгелдей, ауруға шалдығады. Ауруға шалдығу көрсеткіші 95-100% жетеді.
Оба вирусының сыртқы ортаға төзімділігі және анықталмаған вирус алып жүрушілердің әсерінен ауру шыққан жер бірте-бірте тұрақты індет ошғына айналады. Мұндай жағдай көбінесе індеттен айықтыру шаралары жүйелі түрде жүргізілмей, жоспарсыз вакциналаумен ғана шектелген шаруашылықтарда жиі кездеседі. Әдетте тұрақты індет ошақтарында ересек шошқалар, вакцинаның әсерінен иммунитет болғандықтан олар ауырмайды. Ауырып жазылған не вакциналанған мегежіндерден туған торайлар сүтпен антиденені алатындықтан, олар еметін кезеңде ауруға төзімді келеді, бірақ, енесінен айырылғаннан кейін ауыруы мүмкін.
Сондықтан обадын тұрақты сау емес шарушылықтарда енесінайырған торайлар індеттің сақталуының негізгі себеікері болады.
Обадан сау емес шаруашылықтарда жануарлар иммунитетінің әсерінен вирустың уыттылығы төмендеп, індет сылбыр өтеді де, шошқалар көбінесе созылмалы түрде ауырады, өспей қалады. Көбінесе стресс-факторлардың азық пен күтімнің нашарлауынан, басқа да аурулар (пастереллез, гемофилез сальмонеллез, колибактериоз, т. б. ) қабаттасып, індеттік ахуалды одан сайын шиеленістіреді. Обаны уыттылығы төмен В серотобының вирусы қоздырғанда мегежіндердің іш тастауы, төлдің өлі тууы немесе әлсіз болып кейіннен көп шығынға ұшырауы сияқты аурудың өзіне тән емес түрлері байқалады
1. 4 Аурудан сақтану және одан арылу шаралары
Дауалау және күресу шаралары. Дауалау мақсатында аурудан сау емес шаруашылықтан вирус енбеуін және ет комбинаты, қасапхана, асхана қалдықтарын
зарарсыздандырғаннан кейін ғана шаруашылыққа әкелінуін қатты қадағалау қажет. Шошқа фермаларында тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтап, төменде көрсетілген жағдайларда дауалау мақсатында вакцина егеді;
1. Обамен сау емес шаруашылықтан аурудың ену қаупі туған жағдайда;
- әр жерден әкеліп шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда және жемге
асхана, тағам, қасапхана қалдықтарын пайдаланғанда;
- ет өңдейтін өндіріс орындарына жақын орналасқан және жабайы
шошқалар арасында оба бар немесе соңғы 3 жылда оба байқалған аймақта
орналасқан шошқа шаруашылықтарында [1, 2, 6] .
Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық обадан сау емес деп жарияланып, карантин қойылады. Қатер төнген аймақтың шекарасы анықталады.
Шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда ауру шыққан қорадағы шошқалардың барлығын союға жібереді. Тұқымдық және төл алатын шаруашылықтарда тек қана ауырған, ауруы күмәнді, тыныс алу және ас қорыту жүйелері зақымдануының клиникалық белгілері бар және өспей қатарынан қалған шошкаларды жояды. Қалған жануарларды дене қызуы қалыпты болған жағдайда обаға қарсы егеді. Жаңа туған торайларға туғаннан кейін бірнеше сағаттан соң вакцина жібереді.
Шошқаларды сол ауру шыққан фермада жабдықталған арнайы сою пунктінде немесе ет комбинатының санитариялық қасапханасында сояды. Обамен ауру не ауруы күмәнді шошқаларды сойғанда, олардың терісін сыпырмайды, оны қайнаған сумен шылайды не күйдіреді. Өлексені өртейді [1, 2, 4] .
Сонымен қатар қоздырушыны сыртқы ортада жоюға бағытталған шаралар жүргізіледі. Ауру шыққан шошқа қораларын және станоктарды ауру байқалған сайын механикалық жолмен тазалап, дезинфекциялайды, ал одан кейін карантин алынғанша әр 5 сайын тазалап, дезинфекциялайды. Шошқанын қиын биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады, құнсыз құрал-жабдықтарды өртеп жібереді.
Шаруашылықтан карантинді соңғы обамен ауырған шошқа өлгеннен не сойылғаннан кейін, олардан алынған етті зарарсыздандырып тиісті ветерина-риялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін 40 күн өткен соң алады. Карантин алынғаннан кейін де шаруашылықта 12 айға дейін шектеу сақталады. Сондықтан қалған шошқалар, олардан алынған өнімдер басқа жаққа шығарылмайды (ет комбинатынан басқа) . Қалған шошқалардың барлығын семіртуге қойып, етке өткізеді.
2. 1 Обаны патанатомиялық тұрғыдан зерттеу
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz