ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қальштасуы Алаш
қозғалысының идеясынан және Алаш партиясьшың бағдарламасынан
бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері. Алашорда үкіметінің
саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы
күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің
қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ
гвардияшылдармен және Совет үкіметі арасындағы қарым-қатынастары,
Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде.
Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен
Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917 жылдың желтоқсан
айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі
ресми мойындады.
1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазак Өлкелік революциялык
комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазак АССР-і
болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің
тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда
үкіметінің құрылуынан басталады.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-
қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық
және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының
мемлекеттігін қалпына келтіріп, халыкты жалпы адамзат
құндылықтарымен таныстыруга ұмтылды.
Рухани жұбанышымызға орай, ағылшын экономикасы, француз
утопиясы, неміс философиясы, славян идеясы іспетті үлттың
саналық рухани болмысын анықтайтын Алаш идеясы қазақ топырағында
да аса күрделі жағдайда қалыптасты. Ұлттық азатгығың, рухани
тәуелсіздігің, жерің-Отаның, тілің- құдіретің, тарихын-тағдырың, саяси бас
бостандығың мен экономикалық дербестігің - Алаштың Азаттығында
дейтін Ортақ үлттық мүддені ұран еткен, оны жүзеге асырған Ұжданды
Ұлдар туды.
XX ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазак қауымына тән
қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялык-демократиялық мәні бар
жалпыұлттық максат-міндеттерді; ұлттық тең құқылық, халықтың
мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз
ету, көшпелілерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қойды. Басқа
сөзбен айтқанда бұл істің басы-қасында болған жаңадан қалыптаса

бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттері жалпы
ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.
Бірінші орыс революциясы дүмпуі Ресей империясының шет
аймақтарында да ұлт-азаттық қозғалыстың өрши тұсуіне әсер етті. Осы
жылдары казақ зиялылары жалпы ұлттық мүдде арнасында іс-әрекеттерге
көшіп, ұлттық бірлікті орнықтыруға, әрі тәуелсіздік жолында ұлттық,
мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы негізінде діндес, бауырлас,
тағдырлас елдер өкілдерімен бірлесе кіріскенді.
Олардын саяси кезқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси
қызметке араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал
жасады. Мәселен, 1903-1909 жылдары Петербургтегі әскери-медициналық
академияда оқыған, кейін Алаш козғалысының белгілі жетекшілерінің-бірі
болған Халел Досмұхамедовтың саяси көзқарасының қалыптасуы мен
саясат саласында белсене көріне бастауы оның осы Петербургте өмір
сүрген кезеңіне дәл келді. Бұған Халел Досмұхамедовтың 1931 жылғы
қыркүйектің 14-інде ОГПУ-дің тергеушісіне өз қолымен жазып берген
мәлімдемесі дәлел бола алады. "Мен, -- деп жазды өз мәлімдемесінде
Халел Досмұхамедов, -- Петербургке бірінші орыс революциясының
қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде
студенттер қауымы да, жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш
студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімімді жетілдіруге кірістім.
Әртүрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен таныстым... Мені және
басқа қазақ студенттерін ешбір саяси партия бағдарламасы
қанағаттандырмады. Социал-демократтар тек қана жұмысшылар туралы
айтса, социал-революционерлер шаруалар жөнінде сөйлеп жататын
Кадеттер орыс халқының ұлылығы жөнінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Қазақ зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбектерімен танысу
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Әлихан Бөкейхан саяси реформатор
Ресей жоғары оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі (хіх ғ. аяғы – хх ғ. 20-30жж.)
Ұлттық терминқор қалыптастырудың алаш кезеңі және қазіргі қазақ терминологиясы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясы
Алаш партиясы программасының жобасы
Пәндер