Педагог – менеджер ретінде ұқсастықтары мен айырмашылықтары


Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
ЭССЕ
Тақырыбы: Педагог - менеджер ретінде ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Студент: __ Алиякпаров Д. С ___
Мамандығы: ___ Информатика
Астана 2018ж
«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» -деп, Абай атамыз айтпақшы, ұстаз бала тәрбиелеу жолында үлкен сындардан өтеді.
Халқымыздың Батыр ұлы Бауыржан Мамырұлы: «Ұстаздық - ұлы құрмет, себебі ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды сондай ардақтауға міндеттіміз» - деген еді. Батыр ағамыз айтқандай-ақ ұстаз -қалай қадірлеуге де тұратын ардақты есім. Мұғалім бақыты-шәкірт құрметі, шәкірт алғысы. «Шәкіртсіз-ұстаз тұл» дегендей, арқа сүйер азаматтары шәкіртетері бар ұстаз ешқашан еңбегім еш кетті деп айта алмайды. Себебі, ешбір мамандық иесі мұғалімдей сан-салаға бағыт беріп, бағдар көрсетіп, көп шәкірт тәрбиелей алмайды.
Менің жұмысымның мақсаты - Педагог - менеджер ретінде ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы толық мәлімет беру. Қазіргі таңда, бұл екі ұғымның орны қаншалықты маңызды екенін жеткізу.
- Педагог деген кім, қоғамдағы орны қандай?
- Менеджер дегеніміз кім? Ол қандай қызметтер атқарады.
Педагогикалық жүйе дегеніміз - дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің құралдардың жиынтығы.
Ұстаздық - киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса қажеттілігін жоймаған маңызды мәселе - жас ұрпақты өмірге дайындау. Бұл - қиынның қиыны. Себебі, әр адам қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Уақыт озған сайын, қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын, бүкіл дүние жүзінде мемлекет аралық синтеграция күшейген сайын ұстаздықтың қызметі де қиындай түсері де анық. Ең бастысы - ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын, өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі, адам жанының бағбаны болғаны жөн. Ұстаз шәкіртіне ана да, әке де болады. Шәкіртінің туған ата-анасындай баурап, оның жанын терең түсінетін балажан, кішіпейіл, қайырымды, инабатты жанын сала жақсылық жасайтын ізгіліктің жаршысы - гуманист болуы керек. Яғни ұстаз - гуманист.
Гуманистік функция. Педагогикалық мамандықта тарихи екі әлеуметтік функция бар - адаптивті және гуманистік. Адаптивті функция оқушының немесе тәрбиеленушінің қазіргі әлеуметтік мәдени ситуацияның нақты талаптарына бейімделуі, ал гуманистік - жеке бастың дамуымен, шығармашылық даралығымен байланысты.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне тәлім-тәрбие беріп қана қоймай, оны дүние жүзі білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайда өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді. Бала бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге байланысты.
Болашақтың иесі -жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Мектептегі тәрбие білім тірегі десек, ұстаз-оның жүрегі. Мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен қатар, саналы да тәрбиелі, саяси-экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол, зерделліліік деңгейі жоғары болуы үшін тер төгіп, еңбек етеді.
Адамзаттың негізгі белгісінің өзі оның білімді меңгеруімен анықталады. Әр бала бір шешілмеген жұмбақ, жұмбақта шешу үшін баланың дарынын, ізгі қасиетін, аша білер сабырлы да сарабдал ұстаздар керек бұл іске. Ұстаз- бір елдің болашағы үшін қызмет жасайтын киелі мамандық иесі: Әрбір ұстаз оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны терең меңгерген, өз пәнін жетік білетін ерекше дарынды болуы шартты. Егеменді елдің ертеңі. - ұрпағының оқу-білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты, тәрбиелі, қабілетті жастар. -еліміздің баға жетпес қазынасы. Барлық адамзат баласы, осы білім нәрін ардақты ұстаздар арқылы бойына сіңіреді. Алу ұстаздар жас ұрпақты жан-жақты біліммен сусындату үшін алдына келелі мақсат-міндеттер қояды. Елдің ертеңіне ең алдымен ұстаз жауапты. Ұл ұлағатты, қыз қылықты болсын десек, ең алдымен білім мен тәрбиені ұштастыра жүргізу қажет. Ұрпақ тәрбиесі - үлкен іс. Бұл кез келген адам атқара алмайтын бейнеті мен зейнеті мол іс.
Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен елдің, қоғамның әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі - білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекеттің даму, жаңару жолдарындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде. Өйткені, ел байлығы мұнай мен газ ғана емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын, шешуші фактор - адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасып рухани құндылықтарды, байлықты түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру, білімді де білікті жеке тұлға тәрбиелеу бүгінгі ұстаздың басты борышы.
Ұстаздық шеберліктің, екіншіден пәнді жетік білуді, ойымызды озық білдіріп, оқушыларға жеткізу үшін, негізгі материалды жетік түсініп, олардың алдына жан-жақты дайындалып жақсы дайындықпен баруды, сонымен қатар оқушының бойына әдеп, әдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру үшін моральдық нормаларды білуді қамтиды. Педагог көп біліп қана қоймай, сол білімін оқшыларға бере білуді, яғни белгілі бір класс оқушыларының жас мөлшерімен шама-шарықтарын ескеріп, сабақтың қызық та түсінікті әрі жеңіл өту жайын ойластыру қажет. Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатпен сөйлесе, оқушылармен де солай, тек ересектермен сақ және ықыласпен сөйлесуі керек.
Мұғалімнің бойында болу қасиеттері Байқағыштық:
Бұл педагог маманының маңызды белгілерінің бірі. Байқағыш мұғалім шәкірттің ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл-күйін қабақтарын танып, әр қайсысының мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі оған әрбір оқушының оның сезімдері мен ойларына өз сезімдеріндей қуанып, өз ой-сезімдеріндей күйіп-жанып қабылдануына мүмкіндік береді. Байқағыштық педагогтік мамандық сияқты аңғару, сезу арқылы жүре бара қалыптасады. Адамның жан дүниесіне жол табу тәсілі қалай іздестірілсе, сезімталдық байқағыштық тәсілі де соған ұқсатады.
Сенім.
Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табыстарының ынтыға, тырысуға байланысты екеніне сене білуі тиіс.
Әділдік.
Мұғалімнің қандай қасиетін бағалайсыздар деген сауалға оқушы көбіне әділдігін деп жауап қатады.
Әділ мұғалімнің оқушылар кейбір рәсімшілдігін, бір оғалығын, тіпті дөрекілігін, қате кеткен жерлерін де кешіре салады. Егер мұғалім әділді болғанның үстіне әдебі мол, жайдары болса, мектепте одан беделді адам қайсы!
Төзім және сабыр сақтау.
Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттің үлкен, тіпті көп жағдайда мәні бар. А. С. Макаренка айтқандай мұғалімнің кейде әлденеге шыдамай, түтеп, жырылып кете жаздайтын да реттері бар. Сондай жағдайда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды, өйткені ашу тасыса ақыл төгіледі. Ашу үстінде ешқандай да шешім қабылдауға болмайды. Ашу басылған соң мұғалім басқаша ойлайды, шешім ақылға сыйымды болады. Ол шешімін оқушыға бір қапысын тауып жеткізеді.
Сабырлылық, өзін - өзі білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы қажет. Тәжірибелері аз, жас мұғалімдер көп ретте өздігінен ыңғайсыз жағдайға қалдырып лап етпе міндетін нерв жүйесі жағынан көреді.
Оқуда да, тәрбие мәселесенді де көңіл күйі көтеріңкі болуы - табыс кепілі. өмірге құштар, әдепті педагогтің негізгі белгілері. Егер педагог өз көңіл - күйін өзі игере алмаса, онда ол педагогтік әдепті сақтай алмағандығы. Педагог та - қарапайым адам, оның өмірі басқа көптеген адамдардай тек қана біріңғай шаттықтан тұрмайды.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мазмұны адамдармен өзара қарым-қатынасты құрайды. Педагог мамандығының негізгі міндеті - қоғамдық мақсатты түсініп, басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа жетуге бағыттау.
Іс-әрекет ретінде оқыту мен тәрбиенің ерекшелігі әлеуметтік басқару жағынан екі құралдан тұрады. Біріншісі, егер жетекшіде басқа адамдармен қатынас орнай алмаса, онда ең негізгі басқару функциясы жоқ дейміз. Екіншісі, бұл мамандық адамнан арнайы белгілі бір салада білім, дағды, іскерлікті талап етеді. Педагог оқушылардың іс-әрекетін жақсы біліп, процестің дамуына дұрыс басшылық жасай алу керек. Осыған сәйкес, педагог мамандығы екі - адамгершілік және арнайы дайындықты қажет етеді. Мұғалім мамандығында қарым-қатынасқа түсе алу негізгі сапалардың бірі. Мұғалімдердің тәжірибесіне зерттеуді жүргізген В. А. Кан-Калик қарым-қатынаста өте жиі кездесетін қиындықтарды атап өтеді. Олардың өзі педагогикалық міндеттерді шешуге қиындық келтіретінін айтады:
XIX ғ. ортасының ғалымы, көрнекті педагог, неміс мұғалімдерінің атасы Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег тәрбиенің мақсаты - шындыққа, жақсылыққа, сұлулыққа құлшылық ету деген. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімнің ерекше ролін атап көрсетеді.
«акушеры мысли» - (ойды тудырушы), ал педагогикалық шеберлік түсінігін - «майэвтика - повивальное искусство» - (ойдың кіндігін кесу өнері), - деген яғни, балада ой туғызу, ойлануға көмек. Қазіргі таңда мұғалім - менеджер деген түсінік етек алуда. Менеджмент - управление - басқару . (ағылшын)
Менеджмент
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми- практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі: а) адамдармен қарым - қатынас жасау әдісі, үлгісі; б) билік және басқару өнері; в) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды; г) басқару органы, әкімшілік бөлігі
Жергілікті өзін-өзі басқару -мектептегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының немесе өзін-өзі басқарушы тұрғындардың жергілікті мәселелер бойынша жұмыстарды басқару жөніндегі дербес қызметі. Жергілікті өзін-өзі басқаруға халық билігінің, яғни демократияның айқын көрінісі ретінде қарау керек.
Педагогикалық менеджмент - білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz