1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1931-1933 жж. Қазақстандағы ашаршылық

Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде. Кеңес үкіметі кезіндегі айтылмаған, айтылуға тыйым салынған көптеген тарихы құнды деректерімізді зерттеуге бет бұрып жатырмыз. Соның бір жарқын көрінісі ретінде ұлттық демографиямызда орын алып отырған өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары қазақ халқының демографиялық мәліметтерді білуге деген қызығушылығы артып, қазақ ұлты өз жерінде қалай азшылыққа ұшырады деген сауалдар әркімді де ойландырары сөзсіз.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы -- қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20 - 30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе Ұлы жұт қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеуші ғалымдар осы мәселемен айналысып, Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады:
-- 1919 -- 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам)
-- 1931 -- 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам)
-- 1946 жылдары болған аштық.
Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919 - 1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нақ осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті. Екінші ашаршылық, әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930 -- жылдарда 1,5 млн -- нан 2,5 млн. адамға дейін болды. Ал, үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланыты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылық сол жылдары халықтан жасырын түрде ұстады. Осылайша, қазақтар іс жүзінде 15 - 20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Әлемдік тарих мұндай кең ауқымды ашаршылықты білген емес. Сондықтан, осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және есте сақтап, ұмытпауымыз тиіс.
Қазақ жерінде ашаршылық салдарынан демографиялық ахуал күрт төмендеп кеткен болатын. Оның айқын көрінісі ретінде тарих беттерінде қалған 1931 - 1933 жылдары қазақ халқының басына төнген ең бір қасіретті Ұлы жұт кесірінен күні бүгінге дейін қазақ халқы өз жерінде демографиясы жағынан азшылыққа ұшырап отыр.
Батыстық немесе ресейлік ғалымдар ашаршылықтың болу себебі ауа райының қолайсыздығынан, құрғақшылық болып егіннің шықпай қалғанынан немесе жұқпалы аурулардың таралуынан деген сияқты асыра сілтеулерден іздейді. Ашаршылық кезінде қаншама қазақ қыршынынан қиылды. Оған дәлел мұрағат қойнауында сақталған көптеген ресми құжаттар. Ұлт зиялысы М. Тынышбаевтың есебі бойынша Қазақстанда 1917 жылы 2 910 000 қазақ өмір сүрген болса, ал М.Г. Сириустың 1924 жылғы жүргізген санағы бойынша қазақтар саны 1 965 443 әрең жетіп жығылған -- деген мәліметтер көрсетілген. Ал, белгілі демограф -- ғалым М. Тәтімовтің есептеуінше "1931 - 1933 жж. ашаршылық Қазақстанда өмір сүрген 2,5 млн адамның, соның ішінде 2,3 млн қазақтардың және 200 мың келімсектердің қайтыс болғаны анықталды. Отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10% -- ға жетсе, көшпенді қазақтар арасында бұл көрсеткіш 52 -- 53% -- тен асып кеткен. Осыдан 17 - 18% жергілікті тұрғындардың Қазақстаннан біржола көшіп кеткен" -- деген мәліметтерді есепке алсақ, қазақ халқының саны өз жерінде осы кезеңде 70% дейін кемігені көрінеді.
Бұл деректер осыған дейін жарияланған мәліметтердің орташа есебімен сәйкес келеді. Тағы бір естелігінде ағамыз М. Тәтімов: 1879, 1926, 1939 жылдардағы халық санағының нәтижелері жөніндегі мәліметтерді қолға түсіріргенмін. Көзімнің жеткені -- 1939 жылғы санақта қазақ халқының санын айтарлықтай асырып жазғандығын аңғардым. Сонда, озбыр саясат орыс емес ұлттарды аяусыз қырып -- жойғандығын жасырып қалғысы келген, -- деп пайымдаған болатын.
1879 жылғы санақта қазақтар 5 млн. болса, арада 42 жыл өткен соң 1939 жылғы санақта қазақтар 2 млн. 300 мың болды. Яғни екі есе азайды. Осыған қарап отырып, 42 жылда қазақтар азамат соғысы, байларды кәмпескелеу, жаппай колхоздастыру, 1932 - 33 жылдардағы аштық, 1937 - 38 жылдардағы репрессия салдарынан миллиондаған адамынан айрылған деуге әбден болады. Осы екі санақ арасында орыстар -- 30, өзбектер -- 24, қырғыздар -- 16 пайызға көбейсе, қазақтар -- 22 пайызға, украиндықтар -- 21 пайызға кеміген.
Қазақстандық тарихшы А.Н. Алексеенконың еңбектері Қазақстандағы ауыл тұрғындарының табиғи және көші -- қон қозғалысын, халық санының өсу динамикасы және оның ұлттық құрамын зерттеуге арналған. Көптеген мұрағат деректері мен жарияланған материалдары негізінде ауыл тұрғындарының негізгі даму бағыттары анықталады. Сол сияқты 1920 - 1930 жылдардағы ашаршылық және оның демографиялық зардаптары, жаппай қоныс аудару, көші -- қон, 1930 - 1940 жылдардағы қуғын -- сүргінге ұшыраған халықтардың жер аударылуы мәселелер қарастырылған. Яғни, бұл ғалымның зерттеуі бойынша әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде, 1930 -- шы жылдарғы қазақ халқының аштан қырылуы 1 миллион 840 мың немесе қазақтың 47,3 пайызы құрайды.
Бүкілодақтық халық санақтары бойынша әртүрлі авторлардың зерттеулерінде қазақ халқының сан жағынан кему көрсеткішінде шамалы айырмашылықтар байқалады. Мәселен, А.Н. Алексеенконың мәліметтерінде 1939 жылғы қазақтың саны 2 млн. 328 адам делінген. Төмендегі кестеден көре аламыз (1 кесте):
1926 -- 1939 жж. Қазақстанның халық саны

1926 ж.
1939 ж.

Халық саны, мың адам
Үлес салмағы, %
Халық саны, мың адам
Үлес салмағы, %
Жалпы халық саны
6230

100
6395
100
Қазақтар
3628
58,2
2328
36,4
Орыстар
1275
20,5
2636
41,2
Украиндар
860
13,8
677
10,6
Немістер
59
1,0
85
1,3
Басқа ұлттар
408
6,5
669
10,5

ХХ ғасырдың 30 -- жылдар басында өткерген сол бір нәубет ашаршылықты жасаған, жаппай ұжымдастыру идеологиясының негізін салушы, сонымен қатар Қазақстандағы Кіші Қазан төңкерісінің негіздеушісі, Сталиннің ұртоқпағы -- Ф. Голощекин болатын. Голощекиннің келе сала қолға алған ісі -- жаппай кеңестендіру жүйесін енгізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығын өзгертуге бағытталған идеясы. Күштеп ұжымдастыру тәсілдері астық, ет дайындау науқанын көп мөлшерде орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелі өмір салтын отырықшыға айналдыру стратегиясы 1929 жылдан бастап Қоныстандыру басқармасының әзірлеген шаралары негізінде жүзеге асырыла бастады. Ауылшаруашылық өнімдерін күштеп дайындау жоспарына қазақ қоғамы кеңестендіру саясатына мойынсұна қоймады, себебі ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі халықтың ұлттық дәстүрлі шаруашылығы жаңа таптық жүйені жылдам қабылдауға дайын емес еді.
Большевиктік партияның жүргізген ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ жерінің көптеген аудандарында аштық жайлады. Ашыққан шаруалардың басым бөлігі туған жерін тастап қалаларға шоғырланды, шекара асып басқа елдерге қоныс аудара бастады. 1930 - 1933 жылдардағы жаппай кеңестендіру саясаты жергілікті халықтың наразылығын тудырып, алғашқы бастамасы күшпен ұжымдастыру аштық пен халықтың үдере көшуіне әкеліп соқты. Қазақ халқының үдере көшу көлемі туралы қазақтың белгілі ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың И. Сталинге, В. Молотовқа жазған (1933 ж. 9 наурыз) хатында: ...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен -- жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде -- 40 мың, Қырғызстанда -- 100 мың, Батыс Сібірде -- 50 мың, Қарақалпақстанда -- 20 мың, Орта Азияда -- 30 мың қазақ бар.
Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың көші қоны емес, басы ауған жаққа кетуі. -- деген мәліметтерді көрсетеді. Сонымен қатар, аштық кесірінен елде әр түрлі жұқпалы аурулар етек жайып, өлім -- жітім саны ұлғая түсті. Шаруалардың наразылығы халықтың басым бөлігін көтеріліске итермеледі. Қазақстандағы ОГПУ саяси құпия бөлімінің 1931 жылдың 1 -- желтоқсанындағы мәліметтеріне назар аударсақ, 1929 - 1931 жылдар аралығында халық наразылықтары аса белсенді көрініс берген кезең екен. Ресми деректерге сүйенсек, осы жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулеріге, 80 мыңға жуық адам қатысты [1, 239 б.]. Жылдарға шаққанда олардың 54 -- і 1929 жылы, 241 -- і 1930 жылы, 77 -- сі 1931 жылы орын алды. Көтерілісшілер санын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу
Ашаршылықтың халық демографиясына салдары
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Қазақ жеріндегі ашаршылық ерешеліктері
Қазақстандағы лагерлер жүйесімен халық қасіреті
Қазақ халқының аштыққа ұшырауы
Қазақстанда ашаршылық жылдары
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР - інің жеті губерниясының бесеуі
Пәндер