Әсерлерді басқару және үйсіз балалар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімАйыпты болмау үшін себепті басқару және үйсіз балалар
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Біз жоғарыда адамдардың күнделікті кездесулерде не істейтініне көп назар аудардық. Бірақ бүл әрекеттерді адамдардың не үшін істейтінін сұраудың да маңызы зор. Әлеуметтанушылар көбіне бұған: «Адамдар қоғамдағы орнын нығайтып, өзіне деген сенімді қалыптастыру үшін істейді», - деп жауап береді (Owens, Stryker, & Goodman, 2001; Guadagno, Cialdini, 2007) .

Басқалардың біз туралы көзқарастарын басқару үшін жасай- тын іс-әрекетімізді әсерді басқару деп атаймыз (Goffman, 1959) . Біз көбіне басқалардың қоғамдық қолдауына ие болу үшін әсерді басқаруға тырысамыз. Сәнді киініп, шашымызды әдемілеп тарап, өзгелермен сыпайы да сырбаз қарым-қатынас жасауға күш саламыз. Дегенмен кейде әсерді басқару, керісінше, әлеуметке ұнамсыз болып көріну үшін пайдаланылады. Мәселен, панктер, готтар, «эмолар» немесе бұзақы топтар басқалар өздерінен қорқып, жиіркенуі үшін ерекше шаш және киім үлгісін таңдайды (Willkins, 2008; PyttsTaylor, 2003) . Бұл тақырып «Америкадағы әркелкілік: Готтар» деген бөлімде көбірек талқыланады.

Қазіргі күндері біз онлайн өмірде де, жүзбе-жүз кездесуде де әсерді басқару әдісін қолданамыз. Facebook-тегі профилімізді өзгертіп, Second Life-тағы аватарымызды жаңартқан сайын өзгелердің алдындағы имиджімізді қалыптастырамыз (Turkle, 2011) . Оның үстіне, өзіміздің іс-әрекетіміз бен таңдауымызды түсіндіру үшін де әсерді басқару тәсілін қолданамыз. Мұндағы басты екі стратегия - айыпты болмау және ықыласқа бөлену.

АЙЫПТЫ БОЛМАУ ҮШІН СЕБЕПТІ ҚОЛДАНУ.

Күнделікті өмірде біздің қоғамдық болмысымыз бен қадір-қасиетімізге кері эсер ететін жайттар жиі болып тұрады. Жүмыстан шығып қалуымыз я емтиханнан құлауымыз немесе аңдамай сөйлеп, өкінуіміз мүмкін. Бізді жаман етіп көрсететін бір әрекет жасап қойсақ өзіміздің қоғамдық бейнемізді сақтап, қадір-қасиетімізді қорғаудың жолдарын іздеуіміз керек.

Біз өзімізді көбіне сұхбаттасу арқылы қорғаймыз. Егер ережеден ауытқығанымыздың себебін дұрыс түсіндіре алсақ, онда жұрттың көз алдында жалпы нормаларға бағынатын адам болып көрінеміз. Біз мұны басқалар күтпеген я қаламаған істі неге істегенімізді түсіндіретін себеп келтіру жолымен жүзеге асырамыз.

Себеп ақталу және негіздеу деген екі санатқа бөлінеді (Scott & Lyman, 1968) . Ақталу кезінде адам істеген ісінің қате, қоғамға қай- шы екенін мойындап, оны болдырмау үшін ештеңе істей алмаға- нын түсіндіреді. Ал негіздеу кезінде ережені бүзу себебін одан да жоғары тұрған басқа ережеге сүйеніп сипаттайды (Scott & Lyman, 1968) .

Әсерді басқару - басқалардың бізге көзқарасын басқару үшін жасайтын іс-әрекетіміз.

Ақталу - істеген әрекеті теріс екенін мойындау, бірақ оны бақылау қолынан келмегенін айту.

Негіздеу - істеген әрекеті теріс болса да оны биік моральдық игілік үшін жасағанын түсіндіруге тырысу.

ГОТТАР

Әсіресе жастар үшін әсерді басқару тым қиын болғанымен, өте маңызды. Балалық кезеңнен өткен, бірақ әлі ересектер қатарына кірмеген жастар өз болмыстарын қалыптастырып, басқаларды сол болмысқа сендіру жолында күреседі Бірақ кейбіреулер қоғам сыртқа тебетін болмысты не үшін әдейі таңдайды? Бүл сүраққа жауап табу үшін әлеуметтанушы Эмми Уилкинс (2008) өздерін «готпыз» деп атайтындарды бірнеше ай бойы ба- қылап, олармен сүхбаттасқан.

Готтар әдетте үстеріне жыртық қара киім киіп, денесіне адамның бас сүйегіне үқсас сурет салып алады. Оған қоса, ерлер де, әйелдері де қап-қара опадалап жағып, шаштарын қалыптасқан нормадан бөлек қара я қызғылт түске бояйды. Таққан стикерлері, киген футболкалары олардың айқай-шулы орталарды, вампирлер мен бейіттерді, қорқынышты фильмдерді, өліммен қатысы бар басқа да нәрселерді ұнататынын паш етіп тұрады.

Бұл сипаттамадан байқағанымыздай, гот ретінде әсер қалдыру үшін біраз тер төгуге тура келеді. Сонда, олар мұны не үшін істейді?

Уилкинспен сұхбаттасқан готтар бүрыннан іштей гот болып жүргенін, жүрек қалауындағы қауымды кездестірген соң соған барып қосылғанын айтқан. Сөйтсе де, Уилкинстің түжырымы басқа. Оның айтуынша, готтардыц барлығы-ақ нәсілді орта тап өкілдері. Олар спортқа қызықпайды, бірақ математикаға, компь­ютер ғылымдарына және ғылыми фантастикаға қатты қызығады. Бір сөзбен айтқанда олар -«қуып кеткендер» Гот болғанға дейін оларды қатарластары командаға алмай, дәліздерде келемеждеп, әлімжеттік жасаған. Олардың спортта жолы болғыш ақ нәсілді жігіттер мен әдемі киініп, шаштарын сәндеп, бұраңдап жүрген ақ нәсілді қыздардікі сияқты қоғамдық мәртебелері болмаған. Олар хип-хоп мәдениетін қолдайтындар жақсы көретін афроамерикалықтар немесе испантектілер сияқты да қоғамдық мәртебеге ие бола алмады.

Гот образынә кіріп, өзгелерге эсер қалдыру арқылы олар бірнеше мақсат- қа жеткен. Олар басқаларды әдейі қорқытқан, сол арқылы өзгелерден зорлықкөру азабынан құтылған. Екіншіден, готтарды «бүзақылар» деп мойындзған қатарластарының қүрметіне ие болған, Үшіншіден, олар өздерінің образдарын, іс-әрекеттерін және хоббиларын түсіндірудің жаңа әдісін тапты, әрі олар өздерімен келіспейтіндердің пікіріне қулақ аспауды үйренді Сол сияқты басқа да ақ нәсілді жастар - суретке, өлеңге не театрға қызығатын ер балалар, күлгенді ұнатпайтын ақылды қыздар мәдени нормаларға орайласа қоймайтын панк немесе эмо болмысы мен обраэын таңдай алады. Осы арқылы олар «ортадан қуылған адамнан» «бұзақыға» айналады.

Әсіресе студенттер - ақталу мен негіздеудің хас шеберлері. Мәселен, бір студент жазба жұмысын кеш тапсыру себебін мектептің талисманы болып рөл ойнағанымен түсіндіреді. Оның айтуынша, үй жұмысы талисман киімінің жеңінде қалып қойыпты, ал костюм спортзалдың киіну бөлмесінде ілулі тұр, демалыс күндері бөлменің есігі құлыптаулы болған (Troop, 2007) . Енді бірі сабаққа келме- ген себебін электронды поштамен мынадай хат жолдау арқылы негіздеуге тырысқан:

Бүгін сабққа келе алмаймын . Себебі жылсайын корпуста Jell-О желе күресін ұйымдастырамыз. Қазір ғана жарысқа арнап әзірлеген 185 литр желенің бүзылып кеткенін бай қадым . Енді кеш кі сағат 9-ға дейінқайтадан 185 литр желе дайындауым керек . . . Мұның тым оғаш жағдай екенін тусінемін, бірақ Jell-О болмаса бізде жарыс өтпей қалады, жарыс болмаса ақшада жиналмайды (Troop, 2007) .

Бұл сияқты ақталу мен негіздеулер - болған оқиға мен болмақ оқиғаның арасындағы айырмашылықтың тігісін жатқызу үшін сөз арқылы жасайтын іс-әрекеттер. Жұрт біз айтқан себептерді қабыл- даса, онда біздің қоғамдық мәртебеміз де, қадір-қасиетіміз де сол қалпы қалады, басқалармен қарым-қатынасымызды әрі қарай жалғастыра береміз. «Концепцияның тұжырымы: себептің екі түрі» де­ ген бөлімде екі вербалды (ауызша айтылатын) стратегияны салыс- тырамыз.

ЫҚЫЛАСҚА БӨЛЕНУ. Қадір-қасиетімізді сақтау үшін өзгелердің айыптауына ұшырамау өз алдына, әрбір жасаған жақсы ісіміз үшін өзге- лердің ықыласына бөленіп отыруды қалаймыз (Guadagno, Cialdini, 2007) . Оның бір жолы - өзімізді мәртебесі жоғары адамдармен, іс-ша- ралармен байланыстыру. Бұл - өзіміз танысқан атақты студенттің бейсболкасынкиіпжүру. , оны қабырғаға іліп қою, саяси шараға көмек ақша жинаған кезде 1 мың доллар қосу сияқты түрлі әдістерді қамтиды.

Біреудің ықыласына бөлену үшін орынды әрекет ету қажет. Мақтану - орынсыз қылық болып саналады әрі адамның абыройын арттырудың орнына одан сайын төмендетіп жіберуі мүмкін. Мұндағы басты қулық - басқалардан мақтау күтпеген сияқтанып өзіңнің артықшылықтарыңды бипаздап жеткізу. Мәселен, егер емтиханда үздік нәтиже көрсетсеңіз: «Жолым болып, бестік баға алдым», - деп өзіңізді төмендетуге тырысасыз.

ӘСЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҮЙСІЗ БАЛАЛАР

Әсерді басқаруды түсінудің ең жақсы тәсілдерінің бірі-мәртебесі өте төмен, Гоффмин (1961) «болмысы бұзылғандар» деп атаған адамдардың бет-әлпетіне көз салу. Бұлардың қатарына кісі зорлағандар, сат- қындар, жарадан бет-аузы бүжырланған адамдар жатады. Болмысы бүлінген адамдар қадір-қасиетін қалай сақтайды? Басқалардың бағалауына қаншалық эсер етеді?

Сан-Францискода қаңғыбас балалар арасында жүргізілген зерттеу осы жалғыз сұраққа жауап іздеді. Энн Рошель есімді ғалым қаңғыбас балаларды апарып тастайтын орталықтарда ерікті ретінде жұмыс істеп, төрт жыл бойы олардың іс-әрекеттерін бақылап, әңгімелерін тыңдаған, балалармен ресми және бейресми жағдайда сөйлескен (Roschelle & Kaufmann, 2004) .

Рошель сөйлескен балалар өздерінің бұзылған болмыстары туралы жақсы білетін болып шықты. Олар жергілікті басылымдардың «қаңғыбас балалар» мәселесін жиі көтеріп тұратынынан да, саясаткерлердің «қаланы қаңғыбастардан тазартамын» деп уәде беріп, дауыс жинайтынынан да хабардар екен. Балалардың бірі: «Бізді жүрттың бәрі жек көреді, себебі қаңғыбастар қоғамды кері тартады. Егер бұл ел шынымен керемет болса, мүнда біз сияқты балалар бол- мас еді», - деп жауап берген (Roschelle & Kaufmann, 2004, 30) . Сонда бүл балалар қадір-қасиетін қалай сақтайды, басқалардың өздері туралы көзқарасына қалай эсер етуге тырысады?

Рошель мен оның әріптесі, екінші автор Питер Кауфман балалар- дың бейімделу және қарсы түру сияқты екі стратегияны қолданаты- нын аңғарады. Бейімделу түрлі формада журуі мүмкін. Балалар өзде- рінің адам ретінде қадірі бар екенін сезіну үшін еріктілермен жәнебасқа қаңғыбас балалармен достасады. Олар сондай-ақ мүмкіндігін- ше қалыпты балаларға ұқсап бағуға, солар сияқты киім киіп, солар сияқты сөйлеуге, жүріп-тұруға тырысқан. Мәселен, олар қайырым- дылық көмек ретінде келген киімдердің арасынан жылы пальтоны емес, ең сәнді пальтоны таңдаған. Өздерінің қаңғыбастығын жасыру үшін сөздерін де ойланып сөйлеген. Олар қаңғыбастарға қарайтын өлеуметтік қызметкерлерді «тәтем» деп, ал үйсіздер жиналатын орта- лық қызметкерлерін «достарым» деп атаған. Үш төсектен кейін жатқан достарын «үш үйден кейін түратын көршім» деп сипаттаған.

Сондай-ақ қаңғыбас балалар, қарсы күресу жолымен де өз бол- мыстарын қорғаған. Біріншіден, олар басқа балаларды қорқыту үшін «гангстер» киімдерін киіп, солар сияқты әрекет еткен. Екіншіден, олар жыныстық мінез-құлық пен көзқарас жағынан өз жастарынан тым ересек болып көрінуге тырысқан және сол саладағы «жеңістерін» айтып мақтануға құмар болтан. Сонымен бірге олар өздерінен де көп құқай көретін көше кезбелерін қатты сынап, өздерінің қогамдық мәр- гебесін көтеріп қалуға күш салған.

Розита: Ана сасық қаңғы басқа қараңыз. Қандай жиіркенішті. Неге душқа түспеген?

Джалиса : Ия, оларды бізбен бірге Хамилтонның ішіне кіргізбегеніне қуанып тұрмын.

Розита: Шынымен де, олар біздің затымызды ұрлап, маңайдысасытып жіберер еді!

Джалиса: Әлде үнемі мас болып жүрер ме еді? (Roschelle & Kaufman, 2004, 37)

Розита, Джалиса және басқа балалар көп кемсітілетіндердің қасында өздерін зор санап, мақтанып қалды.

Жалпы алғанда, әсерді басқару стратегиясының арқасында қаңғыбас балалар өзгелердің алдында өздерін аз да болса жақсы сезінді.

1950 жылдары құрылымдық-функциялық теория әлеуметтанудағы басым бағыт болды. Ол мінез-құлықты анықтайгын институттық нормалардың күшіне баса назар аударды. Алайда 1960 жылдардан бастап әлеуметтанушылар құрылымдық-функциялық теория өмірге келмей тұрғанда адамдар өздерінің іс-әрекетін жақсырақ бақылай- тын дегенді айта бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыстың объектісі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби дамуы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мәселесі
Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу
Қараусыз қалған қаңғыбас иттер
Ақпарат түрлері
Шағын - дәріс "Гиперактивті деген не"
Аутизм түрлері
Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене шынықтырусабағындағы спорттық жаттығулар
«Гиперактивті балалар және оларды түзету»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz