Арнайы мектепте тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістері және формалары


Арнайы мектепте тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістері және формалары
Тәрбие қағидалары (принциптері) дегеніміз норма, ережелер, әзірлеу бойынша ұсыныстар, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу арқылы тәрбие процесін белгілейтін, жалпы талаптар.
Жалпы білім беретін мекемелермен бірдей тәрбие принциптері.
- Тәрбиенің өмірмен, практикамен байланыс принципі.
- Тәрбиенің қоғамдық бағыттылығы.
- Бала тұлғасындағы жағымды жақтарына сүйену.
- Тәрбиенің гуманизациясы.
- Тұлғалық ыңғай жасау.
- Тәрбие процесінің барлық компоненттерінің кешенділігі, тұтастығы, бірлігі.
- Педагогикалық басшылық пен оқушылардың дербестік іс- әрекеті, белсенділігі.
- Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу.
- Мектеп, жанұя мен қоғамның әрекеттері мен талаптарының бірлігі.
Тәрбиенің спецификалық принциптері.
· Тәрбие процесінің түзетуге арналған бағыттылығы.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың психикалық-физикалық даму кемшіліктерін арнайы әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып түзету процесінде оқыту мен тәрбиенің өзара байланысын және бірлігін қарастырады.
· Тәрбиенің түсініктілігі. Тәрбие процесін оқушылардың шынайы мүмкіншіліктерінің деңгейінде шынайы ситуацияларға жақындап ұйымдастыруды көздейді.
· Еңбекпен тәрбиелеу. Арнайы мектептің негізгі бағыттылығы - еңбекке баулу. Түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру процесінде баланың келесі қасиеттері қалыптасады: еңбекке деген ынта, әдептілік, бірлесіп жұмыс жасау, еңбек тапсырмаларын орындау процесінде бір-біріне көмек беру, өзара құрметтеу, олардың еңбек іскерліктері жетіледі.
· Тәрбиедегі жеке және дифференциалды ықпал ету. Бала тұлғасын жан-жақты зерттеу және анықталған жеке және типологиялық ерекшеліктерін есепке алып тиісті тәрбиелік әсер ету шараларын белгілеу.
· Тұлғаның қалыптасуында тәрбиешінің шешуші ролі. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар баланың сақталған мүмкіншіліктеріне сүйенуді, жеке және типологиялық ерекшеліктерді есепке алуды, сонымен қоса нақты оқушының қызығушылығын, қажеттіліктерін көздейді. Тұлғаның қалыптасуында шешуші рольді тәрбиеші алады.
· Бала тұлғасын құрметтеу және оны оған қойылатын талаппен, күн тәртібімен ұштастыру. Балаланың жеке ерекшеліктерін есепке алуды, сақталынған факторларға сүйенуді, тұлғаның жағымды жақтарына сүйенуді, сонымен қоса педагогикалық күн-тәртібін сақтау, еңбек пен дем алууды көздейтін, медициналық процедураларды қарастырады.
Тәрбие әдістері - оқушылардың қажетті-мотивациялық аумағының және санасының дамуына, мінез-құлықтың қалыптасуына, оның түзелуіне бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінің тәсілдері, жолдары.
Тәрбиенің жалпы әдістерінің жіктелуі
Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің сипаттамасы
- түсіндірмелі-репродуктивті,
- проблемалық-ситуативті,
- үйрету мен жаттықтыру әдістері,
- ынталандыру мен тежеу,
- жетекшілендіру әдістері,
- өздік тәрбие әдістері.
Тәрбие процесінде алатын орны
- тұлға санасын қалыптастыру әдістері,
- іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері және
қоғамдық мінез-құлықтың тәжірибесін
қалыптастыру,
- іс-әрекет пен мінез-құлқысын ынталандыру
әдістері.
Педагогикалық жіктеу
- мақсатталған күнделікті қарым-қатынас әдістері, іс жүзінде, дос-жаран ретінде, сенімді өзара әрекеттесу: сендіру, педагогикалық талап, құрметтеу, талдау, пікірталас, ұғыну, сенім, ынталандыру, жан ашу, қорғау, сынау,
- педагогикалық әсер ету әдістері, іс-әрекетті, балалардың мінез-құлықтарын түзету, ынталандыру және тежеу, олардың тұлғасына жақындау, оларды өздік реттеуге және өздік тәрбиеге ынталандыру.
Іс-әрекет концепциясы - тұлға санасын қалыптастыру әдістері (сендіру
әдістері),
- іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық
тәжірибесін қалыптастыру әдістері,
- іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру
әдістері.
Денсаулығының мүмкіншіліктері шектелген балалардыңnдаму ерекшеліктерін және жалпы мен арнайы педагогикада қабылданған тәрбие әдістерін еспке ала отырып (ескере отырып), арнайы білім беруде түрлі дәрежеде және түрлі ұштасуда қолданылатын олардың үш негізгі топтарына тоқталайық.
Ақпараттық әдістер : әңгіме, кеңес беру, жалпы ақпарат құралдарын қолдану, әдебиет пен өнерді, қоршаған өмірден келтірілгенмысалдарды, оның ішінде педагогтың өздік мысалы, топсеруендерді, кездесулерді және т. б. қолдану. Арнайы білім берудің алғашқы кезеңіндегі әңгіме, әңгімелеу, түсіндіру, көркем әдебиетін оқудың тәрбиелік мүмкіншілігі жалпы білім беру жүйесіндегіден көп төмен. Сөйлеу тілінің жетілмеуі, ақыл-ойының жетіспеушілігі, тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибенің
кедейлігі дамуында ауытқуы бар балалардың көбісіне толық мөлшерде халық ертегілерінің адамгершілік-этикалық (құлық) потенциалын игеруге мүмкіншілік бермейді, өлен-мәтіндердің мазмұның түсінуге және мәнің бөліп шығаруға кедергі жасайды. Осыған байланысты үлкен тәрбиелік манызды болып визуальді (көріп тұратын) ақпаратқа сүйенуге көмектесетін әдістер саналады. Олар комментарий, педагогтың түсіндірмесімен ұштасады, сонымен қоса баланы қоршаған өмірінен мысалдарды, педагогтың өз тәжірибесін нәтижелі қолдануды көздейді. Айта кететін жай, дамуында ауытқуы бар мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін педагогтың, тәрбиешінің әрекеттері, қылықтары, көзқарастары, пікірлері, көптеген уақытқа дейін еліктеу үлгісі болып саналады, балалардың алдында беделі артады.
Практикалық (тәжірибелік) -әрекетті әдістер - үйрету, жаттықтыру, тәрбиелік ситуациялар, ойын, қол еңбегі, бейнелеу мен көркемдікіс-әрекет, дәстүрлі емес әдістер-арттерапия (өнер құралдары арқылы түзету-педагогикалық көмек), иппотерапия (аттың үстінде шабуқұралдары арқылы түзету-педагогикалық көмек), киностерапия (итпен ойнау құралдары арқылы түзету-педагогикалық көмек) және т. б.
Дамуында ауытқуы бар балалар үшін осы әдістер тобы ең қолайлы, түсінікті болып саналады. Олар мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға нәтижелі, сонымен қоса зиятында ауытқуы бар, психикалық дамуы тежелген балаларға, сөйлеу тілі мен есту қабілеті бұзылған балаларға қолдану барысында да нәтижелі болып саналады. Тәрбиенің практикалық-әрекетті «дістері әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты дағдыларының, тазалық-гигиеналық және шаруашылық-тұрмыстық іскерліктерінің, өздік ұйымдастырушы дағдыларының қалыптасуында қолданылады. Практикалық-әрекетті әдістер түрлі ақпаратты әдістермен бірге қолданылады.
Ынталандыру-бағалау әдістері (педагогикалық талап, мадақтау, талқылау, жазалау) практикалық-әрекетті варианта жүзеге асырылады. Олар балаға түсінікті сөздермен («жақсы», «дұрыс», «жарайсын») және материалды мадақтаумен ұштасады. Мадақтаудың материалдық құндылық дәрежесі ептеп төмендей түседі: тәтті сыйлық, ойыншық - олардың бейнелі алмастырушысы (тәтті сыйлығы, ойыншықтың бейнелері бар суреттерге алмасады) - абстрактілі алмастырушы (фишка басқада мадақтау символы-жұлдызша, «+» белгісі және т. б. ) - тек сөз арқылы мадақтау қолданады. Жазалау әдістері де практикалық- әрекеттік сипаттамаға ие, өйткені сөз арқылы ұрысуды қолдануға болмайды. Жеткілікті тәжірибесі мен мораль мөлшері туралы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz