Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Арнаулы білім беру жүйесінің қалыптасуы
Жоспар
1. Кеміс балаларға арнайы білім берудің алғышарттары
2. Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы
3. 1946-1990 жылы отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы
4. Отандық дефектологтардың арнайы білім беруді дамытуға қосқан үлестері
ҚР-да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Бұл білім қиын қыстау кезеңнің мән жағдайын түсіну және осы заманғы арнайы көмектің жағдайын білу үшін керек.басқа ғылымдардың тарихы сияқты арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы бар.
Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды.
Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілермен тенденцияларының анықталуын, әр түрлі уақыт кезеңдерінің қарама-қайшы жақтарын анықтау және дамуында ауытқуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес шарттар құруды қамтиды.ҚР-да арнайы білім берудің теориясымен практикасының дамуы анықталған тарихи кезеңде көрініс тапты.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу туралы педагогикалық көзқарастармен ой-пікірлерінің тарихи қалыптасу үрдісі қазіргі уақытқа дейін арнайы зерттелетін мәселе болып тұр.
Бұл жерде қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен көзқарастары тарихтың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жиі кездеседі. Осы кездегі қазақ халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігімен бостандығы және рухани өрлеу жайында қалтықсыз қызмет етіп, оны осы жолда шыбын жандарын қиған аса көрнекті ғұламалар мен қоғам қайраткерлері қазақ аспанында щоқ жұлдыздай жарқырап, кең далада рухани мәдени-дамуының жаңа іргесін қалаған Ы. Алтынсарин, Абай атамыз, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, А. Байтұрсынов және т.б. болды. Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім-тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің қалыптасуына бағасыз үлес қосқан.
Арнайы педагогиканың қазіргі күнде жетекші парадигмаларының бірі гуманизация. Ал ХІХ ғасырда еңбек еткен Ы. Алтынсаринның шығармаларында педагогикалық гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүрек болу мұғаліммен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың принципінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ы. Алтынсарин өзінің атақты Хрестоматиясында жасөспірімдердің жан дүниесі, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп санаған. Ыбырай - оқу тәрбие үрдісіне мұғалім ролінде айырықша көңіл бөлген мұғалімнің алдына мынандай мінеттер қойды: нағыз мұғалім болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерін мықты санау қажет, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет. Осындай озық ойлар дене және психика дамуында түрлі кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзету-теңгеру жұмыстарының негізгі қағидаларының бірі - әр баланың жеке ерекшеліктерін есепке алу қажет екені әр дефектологияда таныс.
2.Ұлы қазан төңкерісінен кейінгі уақыт. Қазақстанда ауытқуы бар балалардың көбеюі. Азамат соғысы, ашаршылық, эпидемия және т.б. айғақты себептердің соның ішінде: жеткілікті жағдайда мектептер жүйесі, педагог кадрлардың жетіспеуі салдарынан елімізде кемістігі бар балалар, бұзақылар, қайыршылар көбейіп кетті.
Бұл мәселелерді шешу, яғни ауытқушылығы бар балаларды есепке алу және арнайы көмек көрсету қиын жағдайда болды, себебі Қазақстанда бұл бағытта жұмыс істеу тәжірибесі болмаған.Төңкеріске дейін Қазақстанда ауытқуы бар балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу арнайы ұйымдастырылмаған. Алайда ағартушы тұлғалардың ауытқуы бар балалардың проблемасына көңіл бөлгенін теріске шығаруға болмайды. Ауытқуы бар балаларға жеке ұйымдастырылған көмек түрлері болды. Кемістігі бар балаларды және ересектерді оқыту және тәрбиелеу тәжірибесі есепке алынған жоқ.
Қазақстанда ғылыммен ағартушылықтың дамуына сол кезеңнің белсенді данышпандары Ж. Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б. мүмкіндік туғызды.
Қазақстанда ауытқушылықтың алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921 жылы Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды.Бұл конференцияда ең бірінші рет дамуында ауытқуы бар балаларға арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балалар үйіне қабылданатын балаларды тексеру проблемалары, оларды оқыту, тәрбие беретін мекемелерден ажырату, ауытқуы бар балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара байланыстары бойынша мәселелер қарастырылды.
Конференцияда шешілетін сұрақтар арнайы білім беру жүйесін әзірлеуде дұрыс жолда екенін көрсетті. Балалар мен жеткіншектердің еңбек қызметінің негізінде тәрбие үрдісін құрастыру, бөлек, ажырата, білім беруге байланысты сұрақтар өз уақытында және дұрыс көтеріліп отырды.
Балалардың ауытқуына байланысты күрес балалар арасындағы қылмыс пен панасыздықтың алдын алумен қатар жүреді.Мекемелердің көп түрі: балалар үйі, панасыз балаларға арналған коллониялар, жас заң бұзушыларға арналған тәрбие беру түзету пунктері ашылды.Ал ауытқуы бар балаларға арналған мамандандырылған мекемелер біздің Республикамызда баяу дамыды.
1921 жылы Орынборда ең алғаш рет ақыл-ойы кем және естімейтін-сөйлемейтін тұлғаларға арналған балалар үйі ашылды.Олар ауытқуы бар балаларға қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Норма мен патологиядағы психикалық даму заңдылықтары туралы тұжырымдама
Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым интеграция үрдістері
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Қазақ хандығының шығу тарихы
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Электрондық оқыту әдістері Білімді бағалау әдістемелері
Білім саласындағы зерттеулердің бағыттары
Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясына талдау
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Пәндер