ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын шет елдікімен салыстыра талдау

Кіріспе
Кіріспе
Шет мемлекеттердің СБЖ қарсы күрес тәсілдері
ҚР СБЖ қарсы күрес тәсілдері
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1: Кіріспе
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін сыбайлас жемқорлық ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады. Сыбайлас жемқорлық сөзі (латын тілінен corumper) көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау,rumpere көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын со қосымшасы сыбайлас жемқорлық - бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге, латынша corruptio параға сатып алу, іріп-шіру дегенді білдіреді, сыбайласу етістігі біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу дегенді білдіреді. Рим құқығында corrumpire сөзі сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу, сондай-ақ құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы деген мағынаны білдіреді. Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині corruptio екі түбірлі сөзден cor (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және ruptum (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания сияқты еуропалық елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық нормаларды сақтауы - мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің кепілі. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарамақайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді.
Швецияда жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігі Ашықтық пен айқындық - швед демократиясының негізі. Швеция - еркін және ашық қоғам, онда азаматтарға демонстрацияларға қатысу, өз-өзін айқындау еркіндігі, баспасөз бостандығы, табиғи жер-суға кедергісіз қол жеткізу құқығы, биліктің іс-әрекетін бақылау құқығы сияқты құқықтар мен бостандықтарға кепілдік берілген. Ашықтық тепетеңдікті қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру үшін алғышарт болып табылады. 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 27 Швецияның конституциялық құрылысын төрт негізгі заң айқындайды: басқару нысаны туралы акті, баспасөз бостандығы туралы акті, өз ойын білдіру бостандығы туралы акті және тақ мұрагері туралы акті. Оларға мемлекеттің барлық басқа да заңдары бағынады. Конституция азаматтарға ақпарат алудың еркіндігін, демонстрациялар еркіндігін, саяси партиялар құру құқығын және өз дінін насихаттауға кепілдік береді. 1991 жылы қабылданған өз-өзін айқындау бостандығы туралы акті басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына - теледидар, кино, радио және электрондық БАҚ баспасөз бостандығы туралы акті ережелерін таратты. Осы заңның мақсаты - еркін пікір, ақпарат және көркем шығармашылық бостандығын қамтамасыз ету. Өз ойын білдіру құқығымен белгілі бір жауапкершілік байланысты. Баспасөз бостандығы және өз ойын білдіру бостандығы туралы заңдарды бұзуы бойынша күмәндану істерін әділет канцлері - азаматтық әкімшіліктің саяси емес органы қарайды, оның басшысын үкімет тағайындайды. Қоғамдық бақылау. Ақпарат бостандығы қағидатының мәні - жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдары да ресми құжаттарға ашық қол жеткізеді. Бұл швед азаматтарына мемлекеттік органдар және жергілікті биліктің іс-әрекетіне кедергісіз бақылау жасауға мүмкіндік береді. Бақылаудың мүмкіндігі демократияның нығаюына, ал билік қызметіндегі ашықтық билікті асыра пайдалануға жол бермейді . Газеттерді оқудың жоғары деңгейі. 2010 жылы Швецияда тегін басылымдарды есептемегенде, күнделікті шамамен 3,5 млн газет басылып шықты. Жұмыс күндері халықтың 81 %-ы таңертеңгілік газеттерді оқиды. Швецияда сатылатын 168 таңертеңгілік газеттің көпшілігін интернеттен де оқуға болады. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, шведтердің 30 %-ы жаңалықтар сайтына кіреді екен. Тәуелсіз радио және теледидар. Швед қоғамдық телеарнасы (SVT) және радио хабар (SR) таратудың арқасында елдің тұрғындары жарнамасыз кең ауқымды бағдарламаларды таңдау құқығымен қамтамасыз етілген. Теле- және радиоарналар мемлекеттен тәуелсіз және қандай да бір экономикалық немесе саяси мүдделерсіз жұмыс істейді . Швеция халқының үштен бірі жаңалықтармен Интернет арқылы танысады. Интернетті қолдану жиілігі Швецияда - Еуропалық Одақ елдері бойынша ең жоғары. 9 миллион халықтың 80 %-ы Интернетті қолданады. Ресми құжаттарға қол жеткізу мемлекеттік қызметшілер мен жария әкімшілік органдарының басқа да қызметкерлері мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына және үшінші тұлғаларға беруге құқығы бар дегенді білдіреді. Алайда құжаттар егер олар мына салаларға қатысты болса құпия болуы мүмкін: ұлттық қауіпсіздік, Швецияның шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынасы, ұлттық салық-бюджеттік, кредиттік-ақша, валюта саясатына, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне, мемлекеттік билік органдарының инспекция, бақылау және басқа да қадағалау іс-шараларын жүргізуі, қылмыстарды болдырмау және мен қылмыстық аңду, жекелеген тұлғалардың жеке және қаржылық мәртебесін қорғау, жануарлар мен өсімдік түрлерін қорғау. Осылайша, швед қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшелігі - демократия болып табылады, ол ерікті баспасөз, демонстрацияларға қатысу құқығын, табиғатты еркін пайдалану және билік басында тұрғандарды бақылау құқығын көздейді.
Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлық превенциясы . Британ қоғамында ағылшын шіркеуі әділ және адал мінез-құлық идеалдарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды таратуда маңызды рөл атқарады. Басты өзегі інжілдік өсиет ұрлама болып табылатын діни этиканың негізін Біріккен Корольдіктің бастауыш және орта білім жүйесінің басым бөлігін құрайтын елдің ағылшындық және католик мектептері бала кезден британдықтардың миына құя білді. Дегенмен Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім бағдарламалары ведомстволық деңгейде іске асырылады. Мысалы, арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар Ұлыбританияның СІМ қызметкерлері, сондай-ақ сауда және өнеркәсіп министрлігінің шетелдегі өкілдері үшін курс бағдарламасына енгізілген. Аталған семинарлар барысында британ бизнесінің қатысуымен көзіне түскен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы дереу хабарлау міндеті түсіндіріледі. Семинарларға ірі британ және трансұлттық компаниялардың қызметкерлері шақырылады. Ұлыбританияның халықаралық даму министрлігінің және сауда және инвестициялар агенттігінің бірлескен жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлық фактілерін танып-білу бойынша арнаулы оқулық шығарылды, ол міндетті түрде сауда өкілдіктеріне және шет мемлекеттердегі елшіліктерге жіберілді. Әскери полиция (МОD Police Fraud Squad, Азаматтық полиция қызметі Қорғаныс министрлігінің қарамағына жатады) елдің полицейлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне оқытады. Соңғы жылдары Әскери полицияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесі Ұлыбританияның өңірлік полиция басқармаларында білім беру бағдарламаларының санын көбейтті. Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі органы - ірі көлемді алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO, Serious Fraud Office) - өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру күш-жігерінде британ бизнесіне негізделеді және Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ауқымды науқанды іске асыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы алдын алу мақсатында әңгімелесу өткізеді. Лейбористік партия қалыптастырған Ұлыбританияның алдыңғы үкіметі кәсіподақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімге ерекше көңіл бөлген. Премьер-министр Г. Браунның нұсқауы бойынша Ұлыбританияның СІМ-і кәсіподақ ұйымдарының басшылығы мен қатардағы мүшелері үшін тұрақты түрде арнайы тренингтер өткізіп отырған, тиісті ақпараттық материалдар басып шығарған. Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғам институттары ерекше орын алады. Ұлыбританияның халқын сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардар ету деңгейін арттыру міндетін парламент, коммерциялық компаниялар, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар атқарады. Британдықтардың бұқаралық санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы басымдықтарды тарату мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аса тиімді тәсілі мен азаматтық белсенді ұстанымның көрінісі ретінде сөз жеткізудің жағымды келбетін қалыптасады.
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлықты ғаламдық түп-тамырымен жою жөніндегі идеясын жақтаушылардың қатарына мыналар жатады: Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы, Transparency International, Кедейшілікке қарсы инженерлер, Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық және басқалар. Ұлыбританияда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz