Тауарды шартқа сәйкес тауарға айырбастау


Мазмұны
Кіріспе
Жоғары білім беру барысындағы оқу процесінің маңызды нысанының бірі - бұл студенттің өндірістік тәжірибеден өтуі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту». ., «Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту» қажет деп атап көрсеткен болатын. Осыдан-ақ, Елбасының білім беру мен өндірістік тәжірибеден өту мәселесіне айрықша назар аударғаны аңғарылады.
Өндірістік тәжірибеден өту кезінде студент теория түрінде алған білімін іс жүзіне асырып, құқықтық қызметтің тәжірибесін қалыптастыра бастайды. Жалпы, студенттің өндірістік тәжірибеден өтудегі негізгі мақсаты - дәріс тыңдау барысында алған, меңгерген теориялық материалдарын, басқа да ақпаратты бекітіп, өз бетінше жұмыс істей білу тәжірибесін жинақтауды көздеуі.
Өндірістік тәжірибенің мақсатына байланысты студенттің алдына келесі міндеттер қойылады:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жүйесі мен құқық-қорғау органдарының қарым-қатынастарымен, міндеттері мен құзыреттілігімен, лауазымды адамдардың мәртебесімен және өкілеттігімен танысу;
- оқу орнында алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, олардың тәжірибелік маңызын түсіну және оны заң қолданудың салаларында пайдалану;
- тәжірибелік іс-әрекеттің дағдыларын үйрену мен озық тәжірибені меңгеру және таңдаған кәсібінің ерекшеліктерін түсіну;
- тәжірибеден өту орнындағы ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін қатаң сақтау, кәсіби этикеттің нормаларын меңгеру;
- тәжірибе жетекшісінің нұсқауларын үлкен ұқыптылықпен атқарып, тәжірибе бағдарламасын толық және сапалы орындау;
- құжаттарды дұрыс дайындап, іс жүргізуге үйрену.
Студенттер алдын-ала тәжірибеден өтетін орынды өздерінің талаптарына және болашақ жұмысқа орналасуына қарай таңдайды. Өндірістік тәжірибеден өту барысында студенттер оқу кезінде алған жаңа білімдерін пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің заңдық іс-әрекеттерін талдайды.
1. Өндірістік тәжірибені өту орны туралы мәлімет
Мен өндірістік тәжірибемді Астана қаласында «РЗА-Астана» ЖШС-нің Заң бөлімінде өткіздім. Бұл кәсіпорынның директоры - Шалбаев Нуртас Абдуллаұлы. Мекен-жайы: Астана қаласы, Асан қайғы көшесі, 32 үй. Байланыс телефондары: 8(7172) 201177, 87016874388.
Бұл кәсіпорын Астана қаласында 2012 жылдың 2 сәуірінен бастап «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңға сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. «РЗА-Астана» ЖШС тұрақты түрде дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі.
Құрылыс материалдарының өндірісі ел экономикасының аса маңызды салаларының құрамына кіретін құрылыс кластерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Құрылыс кластері арқылы отандық өндірістегі жоғары сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету қазіргі уақытта күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыруда басым рөл атқарады.
«РЗА-Aстана» ЖШС Ресейден, Түркиядан, Қытайдан тікелей тауар жеткізе отырып, құрылыс компанияларына көтерме сату қызметімен айналысады. «BI Group», «Orda Invest», «Жахан Инжениринг», «Нұр Астана Құрылыс», «Жылу Құрылыс Астана», «К-2 Group» сияқты компаниялармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
«РЗА-Астана» ЖШС тұтынылатын құрылыс материалдары мен құралдарын сатумен, сонымен қатар, екі кәсіпорын арасында келісімшарт жүргізу, сатып алуда қолдау көрсету және т. б. қызметтермен айналысады. Және де жеткізу, тасымалдау қызметі тегін жүргізіледі.
Сондай-ақ, өзіндік құрылыс заттары сатылатын шағын маркеттері бар. Негізгі сатылымдағы құрал-жабдықтар - бұл: электродтар, дәнекерлеу аппараттары, электр құралдары, кесуге арналған машиналар, лазерлік құралдар, таспа шаралар, өлшегіш құралдар, розеткалар, шамдар, арнайы киім, баспалдақтар жасау жабдықтары және т. б. құрылысқа керекті заттардың түрлері бар. Әр клиентке жеңілдік жүйелері бар.
Кәсіпорынға жалпы басшылықты директор жүзеге асырады. Кәсіпорынның ұйымдстырушылық құрылымы дәстүрлі құрылымға ие (Сурет-1) . Ол директорға кәсіпорын жұмысын жедел басқаруға және оқиғалар барысында болуға мүмкіндік береді.
Сурет - 1. «РЗА-Aстана» ЖШС құрылыс компаниясының ұйымдастырушылық құрылымы.
Бас директор- кәсіпорынның барлық түрдегі қызметін басқарады.
Бас бухгалтер - бухгалтерия бөлімінің дұрыс, рационалды қызмет етуі мен «1С Бухгалтерия» компьютерлік бағдарламасы негізінде кәсіпорын дебитті және кредитті балансын қадағалайды. Сонымен қатар қызметкерлердің жалақысы есептемесі, мемлекеттік міндетті төлемдер мен өзге де шығындар ағымын реттейді.
Менеджер - қызметкерлерді бөлімдер қажеттілігіне сай жоспарлау, жасалған жоспар негізінде жұмысқа қабылдау, еңбек нәтижесін бағалау, кәсіпорын аясында қызметкерлерді ынталандыру тетіктерін ойластыру, ұжымдық мәдениет пен рухты қалыптастыру, әр жеке қызметкер жөнінде деректер жинап, архивтеу және болашақ басқарушы кадрлар резервін ойластыру, мамандардың кәсіби дәрежесін жоғарылату мақсатында оқу курстарын ұйымдастыру, жұмыс орнындағы санитарлық - гигиеналық шарттардың сақталуын қадағалау, мемлекет талаптарына сай еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету т. б. бойынша шешімдер қабылдайды.
Құқық бөлімі өзге бөлімдерден біршама ерекше. Бұл бөлім кәсіпорынның, қызметкерлердің тек құқықтық мәселелерін шешуге арналған бөлім.
Экономикалық бөлім басшысы - кәсіпорынның өнімді өткізу және маркетингтік саясатын ойластыру, жарнама және қоғаммен байланыс шараларын ұйымдастыру, жалпы маркетингтік жоспар құру т. б. жөніндегі мәселелерді шешеді.
Бұл кәсіпорында осындай қызмет бөлімшелері жұмыс істейді.
2. Мекеменің құқықтық реттелуі, жарғысы
Менің өндірістік тәжірибемді өткізген мекеме жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Егер серіктестестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір нақты мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - заңды тұлға болып табылады және өзінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.
ЖШС-тің орналасқан жері - оның тұрақты жұмыс істейтін органдарының орналасқан жері. ЖШС өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті. ЖШС коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңдарында тиым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзі орналасқан жерден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдіктер ашуға құқылы. Серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға өз филиалдарын құрғаны және өкілдіктерін ашқаны туралы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы хабарлауға міндетті.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар - Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар. Мекемелер, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік иесінің рұқсатымен ЖШС-ге қатысушы бола алады. ЖШС-тің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. Бір қатысушыдан тұратын ЖШС-те қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке дара қабылдайды және олар жазбаша рәсімделеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары:
- «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы»Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
- Серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;
- Серіктестік қызметінен «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы»Заңға серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;
- Серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін азайтуға заттай алуға;
- «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы»Заңда немесе серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері:
- Құрылтай шартының талаптарын орындауға;
- Құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
- Серіктестік коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді жария етпеуге;
- Серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда ЖШС-тің жарғысында көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады. ЖШС-ті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін:
- бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда;
- серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы-серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат. ЖШС-тің жарғысын өзгерту жалпы жиналыстың қабылданатын шешімі бойынша жүзеге асырылады. Серіктестік жарғының өзгертілгені туралы серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға бір айдың ішінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне жарғының өзгерістеріне сәйкес өзгерістер енгізуді сот тәртібімен талап етуге құқылы. Серіктестік пен оған қптысушылар үшінші жақпен қатынастарында серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны алған кезден бастап не сот шешімі негізінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген күннен бастап он бес күн откеннен кейін серіктестік жарғысындағы өзгерістерге сілтеме жасауға құқылы. Алайда үшінші жақ аталған мән-жайлар мен мерзімдер басталмай тұрып та осы өзгерістерді ескере отырып іс-қимыл жасауға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарын біріктіру жолымен құрылады. Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшерінде бара-бар сомадан кем болмауы керек. ЖШС-ның жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық және өзгеде мүлік (ҚР секьюритилендіру компанияларын ҚР бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын қаржы компанияларын қоспағанда ) болуы мүмкін. Салымдар және мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде енгізуге жол берілмейді. Құрылтайшылардың жарғылық капиталға заттай нысандағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдар барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны айлық жиырма мың есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан асып түсетін болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс.
Пайдалану құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып табылатын мүлікті жалпы жиналыстың келісімінсіз мерзімінен бұрын алуға жол берілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі оның құрылтайшыларының салымдары, серіктестік алған табыстар, сондай-ақ заңда тиым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады. Заң актілерінде немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында резервтік капитал және басқа да қорлар құру көзделуі мүмкін. Егер ЖШС жарғысында өзгеше көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысы қатысушылардың серіктес мүлкіне қосымша жарналар енгізуі туралы шешім қабылдай алады. Шешім серіктестіктің барлық қатысушыларының төрттен үшінің көпшілік дауысымен қабылданады. Мұндай шешімді жинақтап дауыс бермеген қатысушылар өз үлестерін қосымша жарналар енгізуді жақтап дауыс берген қатысушылардың сатып алуын талап етуге құқылы. Қосымша жарналарды жақтап дауыс берген қатысушылар осы үлестерді серіктестіктердің жарғалық капиталындағы өз үлестеріне бара-бар мөлшерде «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы»заңның ережелеріне сәйкес белгіленетін баға бойынша сатып алады. Қосымша жарналар олардың үлестерін сатып алу туралы талап қойған қатысушылармен есеп айырысу аяқталған соң ғана енгізіледі.
Қатысушылардың жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіне қосымша жарналар енгізу тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ оны енгізу мерзімін өткізіп алғаны үшін жауакершілікте болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіне қатысушылар енгізген қосымша жарналар оның жарғылық капиталының және серіктестікке қатысушылар үлестерінің мөлшерін өзгертпейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар арасында серіктестіктің бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын бөлу меріктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі. Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар арасында бөлуден алып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы табысты қатысушылар арасында бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда әрбір қатысушы бөлінетін табыстың серіктестік жарғылық капиталындағы өз үлесіне сәйкес бөлігін алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жасауға тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік жарғылық капиталы толық төленгенге дейін табысты қатысушылар арасында бөлуге құқығы жоқ.
3. Өндірістік тәжірибені өту кезінде орындалған жұмыстың сипаттамасы
Өндірістік тәжірибені мен «РЗА-Астана» ЖШС кәсіпорынының Заң бөлімшесінде өттім. Өндірістік тәжірибені өту барысында тәжірибе жетекшісі Махметова Айнур Хасенқызының көмегімен заңгер қызметінің жұмысымен таныстым.
Алдымен, бірінші күндері, мен мекеменің қызметкерлерімен, жұмыс тәртібімен және құжаттарымен іс-жүргізуді, яғни, бұйрықтар мен келісімшарттарды жасауды қарастырдым.
Әрбір мекемеде қызметкерді жұмысқа қабылдағанда онымен еңбек шартын жасасады. Сол себепті, менің тәжірибе жетекшім маған еңбек шартымен танысуды, оны зерттеуді тапсырды (Қосымша 1) .
Еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының бірі болып табылады. Еңбек шарты - бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясына сәйкес жұмыс беруге, заңнамалық актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Еңбек құқығы ғылымы еңбек шартын өзара байланыстыру үшін үш түрлі мағынада қарастырады:біріншіден, еңбек шарты азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асыру құралы; екіншіден, еңбек шарты еңбектік құқықтық қатынастардың пайда болу негізі болып табылады. үшіншіден, азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты болып табылады.
Азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асырудың ең негізгі нысанына еңбек шартын жасасу жатады, өйткені тек еңбек шартын жасасу арқылы ғана адам ұйымның еңбек ұжымына кіре алады. Еңбек шартын жасасқан күннен бастап қызметкерге барлық еңбек заңнамасы және сол ұйымда қабыладанған локальдық нормалар қолданылады.
Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес, оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында. Мысалы, басқа жұмысқа ауыстыру еңбек қатынасының өзгеруіне, ал еңбек шартының тоқтатылуына әкеледі.
Еңбек шартының мазмұны - еңбек нарығында оның тараптарының - қызметкер мен жұмыс берушінің екі жақты келісіміне байланысты құрылады. Еңбек шартының мазмұнында қарастырылатын еңбек жөніндегі талаптрды топқа бөлуге болады: міндетті болатын талаптар және тараптардың келісімі бойыша еңбек шартына ҚР-ның заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
Еңбек шартының міндетті талаптарына шарттың мазмұнын құрайтын Еңбек кодексінде белгіленген еңбек жағдайлары жатады. Мысалы, тараптардың деректемелері; белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы; қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; және т. б.
Кей жағдайларда еңбек шартында қызметкердің жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап қойылуы мүмкін. Сынақ мерзімінің ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс. Жұмысқа қабыладану кезінде конкурс бойынша тиісті лауазымға қабылданатын адамдарға, мүгедектерге, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кірген адамдарға сынақ мерзімі белгіленбейді.
Еңбек кодексінің 29- бабына сәйкес еңбек шарты: белгіленбеген мерзімге; бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге; жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына; маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін. Егер еңбек шартында оның мерзімі айтылмаса, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.
Еңбек кодексінде еңбек шартының жарамсыз деп танылуы негіздері белгіленген. Мысалы: алдау, күш көрсету, арқылы ықпал ету, жалған еңбек шартын жасау, әрекетке қыбілетсіз деп танылған адамдар, еңбек заңнамасында қараған шарттарды сақтамаған кезде, 14 жасқа толмаған адамдар мен ата-анасының, қамқоршысының, асырап алушысының келісімінсіз, 16 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалған кезде сот оны жарамсыз деп таниды.
Мекеменің негізгі қызметі - бұл тауарды сату және сатып алу болып табылады, тіпті, канцелярлық тауарларды сатып алуға тура келеді. Сол себепті, біз басқа фирмалармен келісімшарт жасаймыз. Ал, бұл, өз кезегінде тауарды сату және сатып алу шарты арқылы жүзеге асырылады.
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz