Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау тәртібі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы _____________________________құқық_ _________________кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырып: Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау тәртібі

Орындаған: Канапиянова А.
Тобы: ЮП-306К
Қабылдаған: Нұрмаханова Ж.М.

Алматы 2018 ж
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1 . Өлім жазасы тағайындалатын қылмыстар.
1.2 Өлім жазасын орындаудың тәртібі.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Өлім жазасы қоғамдағы ауыр қылмыстармен күресу үшін қолданылған. Көне замандарда негізінен патшаның әмірін орындамаған адамды, иесіне қарсыласқан құлды, ұрлық жасаған адамды, бұйрықты орындамаған жауынгерді өлім жазасына кескен. Шыңғысхан әскерінде бір адам шайқас кезінде шегінсе немесе қашса құрамына сол жауынгер кіретін бір ондық түгел өлтірілген. 13 ғасырда Еуропада басталған инквизиция католик шіркеуінің ілімінен дүниетанымы өзгеше адамдарға өлім жазасын (өртеу) қолданды. Ислам елдерінде кісі өлтірушілер, зинақорлар осы жазаға кесілді. Қазақ қоғамында да жазаның бұл түрі ауыр қылмыс жасағандарға қолданылды. Қанға қан қағидасын бірте-бірте құн төлету жазасы ығыстырғанымен, соғыс кезіндегі сатқындық, туыс адаммен көңіл қосу сияқты бірқатар қылмыстар үшін өлім жазасына кесті (ат құйрығына байлау, таспен атқылау). 20 ғасырдың 2-жартысында адам қоғамын ізгілендіру ағымының күш алуы нәтижесінде өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық шаралар іске асырыла бастады.
Еуропа Кеңесі Адам құқықтары мен бостандығын қорғау туралы конвенцияға қосымша 1983 жылғы 28 сәуірде өлім жазасын жою туралы №6 хаттама қабылдады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықар. пактіге қосымша 1989 жылы 15 желтоқсанда өлім жазасын жою туралы екінші қосымша хаттама қабылдап, әлем елдерін сол хаттамаға қол қойып, қосылуға шақырды. Осы шаралардан кейін әлемнің 80-нен астам мемлекеті өз қылмыстық заңынан өлім жазасын алып тастады. Қазақстанда өлім жазасы (ату) тек айрықша ауыр қылмыстар (лаңкестік, геноцид, айуандықпен кісі өлтіру, т.б.) үшін тағайындалады. 18-ге толмаған жасөспірімге, әйел адамға, сот үкімі шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамға қолданылмайды. Рақымшылық жасалған жағдайда өлім жазасы өмір бойына немесе 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Қазақстанда 2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған.

1.1 . Өлім жазасы тағайындалатын қылмыстар.
Ату жазасын әлемде 58 мемлекет қолданады делінгенмен 2014 жылғы санақ бойынша олардың тек 22-сі ғана толық қолданып отыр. Жалпы, ату жазасын осы уақытқа дейін 98 мемлекет толық қолданыстан алып тастаған. Сондай-ақ, әлемнің 35 елінің заңында ату жазасу туралы бап болғанымен, практикалық тұрғыдан әлі қолданылмай отыр. Ату жазасын қолданатын елдердің қатарындда Белоруссия, АҚШ, Ауғанстан, Вьетнам, Иордания, Ирак, Иран, Йемен, КХДР, ҚХР, Малайзия, БАӘ, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Жапония, Палестина, Қытай Республикасы, Египет, Сомали, Судан, Экваторлық Гвинея бар. Барбадос, Гайана, Тринидад и Тобаго, Бангладеш, Бахрейн, Үндістан, Индонезия, Катар, Кувейт, Ливан, Мальдив аралдары, Мьянма, Корея, Таиланд, Шри-Ланка, Алжир, Ботсвана, Гамбия, Гана, Замбия, Зимбабве, Кения, Конго Демократиялық республикасы, Конго Республикасы, Лесото, Ливия, Мавритания, Мали, Марокко және Сахар Араб Демократиялық Республикасы, Нигерия, Сьерра-Леоне, Тунис, Уганда, Оңтүстік Судан елдерінде заң жүзінде ату жазасы бар болғанымен, бірақ қолдан Өлім жазасы- адамды өмір сүру құқынан айыра отырып жазалаудың түрі. Бұл жаза аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге қолданылады.
Әлемде өлім жазасының мынадай түрлері қолданылады:
-Ату жазасына кесу;
-Дәрі (инъекция) егу;
-Дарға асу;
-Таспен ату;
-Бас шабу:
-Электрлі орындық арқылы;
-Газдалған камера;
Ату жазасы - жазаға кесілген қылмыскердің көзін байлап қабырғаға тақап тұрғызады немесе бағанға байлап қояды. Қылмыскерді бірнеше мерген атады. Мергендердің өз оқтарының қылмыскерге тиіп-тимегенін білуді қиындату үшін жазаға тартылушыға арнайы киім кигізеді. Бүгінде ату жазасын Қытай, Сомали, Тайвань, Белорусь Өзбекстан, Вьетнам сияқты елдер қолданады.
Өлім жазасы Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген реттерде, сотталған аса ауыр қылмыстарды жасаған жағдайда және ол сотталған енді түзелмейтін, қоғамға пайдасыз адам деп танылғанда, ең ауыр жаза ретінде қолданылады. Қазақстанда өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа толмай қылмыс жасағандарға және сот үкім шығарған кезде 65 жасқа толған ер адамдарға тағайындалмайды. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен, жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы, өмір бойы бас бостандығынан айырумен немесе 25 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін.
Өлім жазасы үкім күшіне енген сәттен бастап, 1 жылдан кейін орындалады. Бұл мерзімде үкімді жеңілдететін сотқа белгісіз жағдайлар ашылып, жеңіл жазалардың бірі тағайындалуы мүмкін.
Өлім жазасына сотталған адам жеке адамдық камераға орналастырады және сол камерада тамақтанады, олар сыртқа сейілдеуден басқа уақыттарда сыртқа шығарылмайды. Камера қаралып, тінтіліп отырады.
Сотталған, үкім заңды күшіне енгеннен кейін, Қазақстан Республикасының Президентіне кешірім жасау туралы өтініш жасай алады. Өтінішпен бірге, бірінші инстанция сотының үкімі мен кассациялық соттың ұйғарымы бірге жіберіледі. Сонымен бірге, Президент әкімшілігіне сотталған туралы мәліметтер және Жоғарғы сот төрағасының, Бас Прокурордың осы іс туралы қорытындыларынын көшірмелері жіберіледі.
Барлық құжаттарды алғаннан кейін Президент өтінішті қарап, оны қанағаттандыру немесе үкімді күшінде қалдыру туралы шешім қабылдайды.
Егер сотталған кешірім сұрау туралы өтініштен өзі бас тартса, онда бас бостандығынан айыру мекемесінің әкімшілігі прокурордың қатысуымен бұл туралы акт жазады, ол акті - сот үкімін іске асыруға негіз болады.
Өлім жазасы мынандай жағдайларда орындалады:
- сот үкімі заңды күшіне енгенде;
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қадағалау тәртібімен соттың үкіміне қарсылық жасау үшін негіздердің жоқтығы және істі қадағалау тәртібімен қарау үшін де негіздердің жоқтығы туралы қорытындысы болғанда;
- Президент сотталғанға кешірім жасамай, сот үкімін күшінде қалдырғанда;
- сотталғанның кешірім жасау туралы өтініш беруден бас тартқаны туралы акті болғанда.
Өлім жазасына кесілген сотталғандарға қылмыстық-атқару кодексінде көрсетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлім жазасын қолдану туралы
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Бас бостандығын шектеу жазасын өтеу мекемелері
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Жазалар жүйесі және олардың түрлері
Жазаның ұғымы
Қылмыстық құқықтары қатынастар
Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы
Пәндер