ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ


Заң факультеті
Мамандық: 5В030100- Құқықтану
Пән: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Дәріс тезистері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . ………. . 6
ЖАЛПЫ БӨЛІМ.
Тақырып № 1. . Адвокатураның дамуы мен құрылуы.
§ 1. Адвокатураның ұғымы, оның міндеттері мен маңызы және мақсаты… . . . 7
§ 2. Адвокаттық қызметті реттейтін заң актілері . . . ……. . 11
§ 3. «Адвокатура және адвокаттық қызмет» оқу курсының пәні, мазмұны және жүйесі . . . . . . . …. …. . 13
Тақырып №2. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі қағидалары …… . . . . . . . ………16
Тақырып №3. Адвокатураның құрылу сатылары.
§ 1. 1917 жылғы октябрь төңкерісіне дейінгі Ресейде адвокатура институтының құрылуы Қазақстандағы адвокатура институтының пайда болуы мен дамуының алғышарты……… . . . …. . 19
§ 2. Қазақстанда 1917 жылға дейін адвокатура институтының бекітілуі…… . . . 23
§ 3. 1917 жылдан кейінгі адвокатур институтының ҚССР-да дамуы… . . . 25
§ 4. КСРО-ның құрамы ретінде Қазақ РОдағындағы адвокатура институтының дамуы . . . …28§ 5. Қазіргі замандағы Қазақстандағы адвокатура және адвокаттық қызметтің дамуының мәселелері мен болашағы . . . ……. 34
Тақырып № 4. Адвокаттық қызметтің ұйымдық және құқықтық негізі.
§ 1. Адвокаттар алқасы және оның органдары…… . . . . . ……… . . . 39
§ 2. Заң консультациялары мен адвокаттар кеңсесі- Адвокаттар қызметінің ұйымдық формасы ретінде . . . ………41
§ 3. Заңды тұлға құрмай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын жеке адвокаттар . . . . . . 42
Тақырып №5. Адвокаттардың құқықтық жағдайы.
§ 1. Адвокаттар алқасының мүшелігіне үміткерлерге қойылатын талаптар… . . . 44
§ 2. Адвокаттардың құқықтары мен міндеттері . . . … . . . 46
§ 3. Адвокаттың көмекшілері мен тағлымадан өтушілері. . ……. . 49
§ 4. Адвокаттардың тәртіптік жауапкершілігі . . . ………. . 51
Тақырып №6 . Адвокаттар еңбегіне ақы төлеу.
§ 1. Адвокаттар еңбегіне ақы төлеу мәселелері……… . . . ………. . ………54
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
Тақырып № 7. Адвокаттың қылмыстық іске қатысуы.
§ 1. Қылмыстық іс бойынша қорғаушы тұлғалар . . . ……57
§ 2. Адвокаттың қылмыстық іске қатысуының құқықтық негізі……… . . . …60
§ 3. Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда адвокаттардың iс әрекетi . . . ……61
§ 4. Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында . . . … . . . 62
§ 5. Алдын ала тергеу кезіндегі адвокат-қорғаушының қызметі……… . . . …64
§ 6. Бұлтартпау шараларын қолдануда адвокаттың қызметі……. . …… . . . …68
§ 7. Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды қолдануы . . . 75
§ 8. Қорғау мүддесi үшiн сот сараптамасын тағайындау және қорытындылау негiздерi . . . ……… . . . 76
§ 9. Алдын ала тыңдау сатысындағы адвокаттың ролi . . . 78
§ 10. Адвокаттың сот процесiне дайындалуы . . . ……. ……79
§ 11. Адвокаттардың сот тергеуiне қатысуы . . . ……. . 82
§ 12 . Қорғаушыдан бас тарту негіздері . . . …. ……. …. . 88
§ 13. Адвокаттың апелляциялық және қадағалау сатысына қатысуы… . . . 89
Тақырып №8. Адвокаттың азаматтық іске қатысуы.
§ 1. Азаматтық істер бойынша адвокаттардың өкілдік етуі . . . 93
§ 2. Азаматтық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы адвокаттың қызметі. . 93
§ 3. Адвокаттың азаматтық істерді сотта қарау сатысында қатысуы……… . . . …96
Тақырып №9. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша адвокаттың қызметі.
ТІРКЕЛДІ
1. Адвокатура пәні бойынша студенттерге арналған Оқу Бағдарламасы (Силлабус)
2. Сызбалар
3. Қылмыстық істер бойынша өндіріс жүргізу үшін адвокаттарға көрсетілетін методикалық нұсқау
4. Адвокаттық қызметті зерттеу үшін ұсынылатын нормативтік актілер мен арнайы әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Демократияның аса маңызды сипатты белгісі мынада, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып қана қоймай, оларға әртүрлі кепілдіктерде беріледі. олар экономикалық, әлеуметтік, саяси және заңдық кепілдіктер болып бөлінеді. Осылардың ішінен заң кепілдігіне тоқталатын болсақ, алдымен кепілдік дегеніміз - қамтамасыз ету деген мағынаны білдіретінін білеміз. Ал заң кепілдігі дегеніміз қолданылып жүрген заңдар арқылы мемлекеттің субъективтік құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыздандыру құралдары мен тәсілдері. Бұл ең алдымен әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, білікті заң көмегін алу құқықтары т. б.
Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасалмайды. Ол үшін әрбір адам заң тұжырымдарын біліп қана қоймай, оны қолдана алатын болуы қажет. өкінішке орай әзірше азаматтардың құқық сауаттылығы жоққа тән.
Сондықтан адвокаттардың (қорғаушылардың, өкілдердің) көмегіне жүгінуге әкеп соқтырады.
Конституциясының 13-бабында: «Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi» - деп жазылуы кепiлдiктiң тағы да бiр көрiнiсi.
Көмектiң түрi әртүрлi. Ол - конституция (заңдарды түсiндiру) ретiнде, не адвокаттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік iстерге байланысты сот iстерiне қатысып, заң көмегiн беруi ретiнде болуы мүмкiн. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының ) көмегiн пайдалануға құқылы.
Адвокатураның қызметi көмек сұраған азаматтар мен ұйымдарды бiлiктi заң көмегiн көрсету жолымен құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге тиiс, ондай көмек, мысалы, сотта қылмыстық, азаматтық және өзге де iстер бойынша олардың мүдделерiн бiлдiру, негiзсiз қылмыстық қудалаудан қорғау және т. б. арқылы көрiнуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасындағы адвокат дегеніміз - заңгерлік жоғары білімі бар, заңгерлік мамандық бойынша жұмыс стажы 2 жылдан кем емес, адвокаттық қызметті іске асыруға құқық беретін лицензиясы бар және адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын Қазақстан республикасының азаматтарын айтамыз.
Оқу құралының мақсаты - заң қызметінің бір түрі ретінде адвокатура адвокаттық қызмет және адвокат ұғымдары нені білдіреді және Қазақстан Республикасындағы адвокаттардың ұйымдық және құқықтық негізі ретінде Адвокаттар алқасының құрылу тәртібі, оның жоғарғы органдары, заң консультациялары мен адвокаттардың қызметтері қандай, осыларды жете зерттеуге ден қойылады. Болашақ заң мамандарына адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлерін, олардың өзін-өзі қаржыландыратын коммерциялық емес ұйымға яғни адвокаттар алқасына бірігетінін және жекеше адвокаттардың да болатынын көрсету.
Ал Адвокатура және адвокаттық қызмет пәнiн оқыту мақсаты- iс жүзiндегi осы қатынастарды реттейтiн заңнамаға және адвокатура органдарының адвокаттық қызметтi қолдану практикасына талдам жасау, сонымен қатар осы негiзде туындалған мәселелерді анықтау мен оларға баға беру және адвокаттық қызмет туралы заңнаманы жетiлдiру жолдарын айқындау болып табылады.
Болашақта адвокаттық қызметпен айналысу үшін заң мамандарының өзіне тән нәтижесі, адвокаттық қызметтің алдағы құрылып жатқан құқықтық мемлекетте алар орны да, мәртебесі де жоғары болатынына сеніміміз мол.
Бiр сөзбен қорыта айтқанда, адвокаттардың әділ шешім шығаруда қылмыстық және азаматтық істерде, сотта мәні бойынша қарап талдауының құқық қорғау үшін азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін, бостандықтарын, құқықтарын қалпына келтіруiнiң негiзгi көзi, қызметi, кәсiби қорғаушылық iсi болып табылады. Сондықтан оқу құралында адвокаттардың азаматтық, қылмыстық және әкімшілік iстерге басынан қалай қатысатынын, құқық қорғау тактикасы ретiнде ненi қолданатынын өзiмiздiң қазақстандық авторлармен қоса шетелдiк авторлардың да еңбектерiн пайдалана отырып, кеңiнен зерттеуге ден қойылды. Адвокатура және адвокаттық қызмет бойынша қазақ тiлiнде шыққан заң әдебиеттерi жоқтың қасы, сондықтан, оқу құралын өзiміздiң ана тiлiмізде жазуға бiраз қиындықтар болды. Бiрақ ол қиындықтарды жеңген сияқтымыз деп ойлаймын, өйткенi алда баяндалар еңбегiміз соның жемiсi.
ЖАЛПЫ БӨЛІМТақырып № 1. Адвокатураның дамуы мен құрылуы.
§ 1. Адвокатураның ұғымы, оның міндеттері мен маңызы және мақсаты
Дамудың демократиялық қағидаларын қамтамасыз етуде адвокатураның алатын орны ерекше. Ол ең алдымен қоғамның әртүрлі салаларында жиі-жиі кездесіп тұратын заңсыздықтарды болдырмау үшін күреседі. Ал қазіргідей өтпелі кезеңде, орын алып отырған келеңсіздіктермен қатар күні кеше ауылшаруашылығында жүргізілген жекешелендіру барысында туындаған проблемалар және әртүрлі жеке фирмалар мен ЖШС-тер өмір сүріп жатқан қазіргі кезеңде орын алып жатқан заңсыздықтардан аяқ алып жүре алмайсың. Сонымен қоса тергеу, тексеру, жауап алу барысында құқық қорғау орындары тарапынан жіберіліп жатқан заңсыздықтар да аз емес.
Соңғы кездері әлеуметтік көмек мәселесі көп проблемаларды туындатып отыр. Көп жағдайларда әлеуметтік көмекті мүшелерінің заң талаптарын жете білмеуі салдарынан кейбір азаматтарға тиесілі әлеуметтік көмек көрсетілмей келеді. Немесе керісінше, алуға тиісті емес азаматтар көмек алып жатады. Әрине, соңғыларына көп жағдайларда қылмыстық іс қозғалатыны да заңды құбылыс. Бірақ, соған тек әлеуметтік көмек алып жүрген адам ғана кінәлі ме? Міне, осындай кездері адвокат қорғаушылардың атқаратын рөлі зор.
Азаматтардың өздерінің сот істерін өздері жеке жүргізуге көптеген жағдайларда мүмкіндіктері бола бермейді. Олар басқа қалада өтетін сот отырысына өздерінің күнделікті шаруасынан қол үзіп барулары керек болады, сондай-ақ ертедегі римдіктердің айтуы бойынша, «өз істерін жеке жүргізу ауруда, жасының келуі де, аяқ астынан жолсапарларда және көптеген басқа себептерде кедергі келтіреді демекші, шын мәнісінде барлық уақытта ойлағанындай, барам деген жеріңе бара алмайсың, айтсам ба деген ойыңды айта алмайсың. Сондықтан кейбір нақты іс-әрекеттерді атқару үшін басқа адамдарға өз атыңнан өкілдік беріп, өз істеріңді атқаруды тапсыру қажеттілігі туындайды яғни соттағы іс-әрекетіңді атқару, соттағы өкілдік дегеніміз - бір тараптың яғни өкілдің екінші тараптың, яғни екінші өкілдік берушінің мүддесін қорғап, іс жүргізуге қатысуы.
Сотта өз істерін табысты жүргізу үшін заңдарды жақсы біліп және сот өндірісінің формальдылығын жете сезініп түсінумен қатар, өз ойын анық бір-бірімен байланыстыра жеткізе білуі керек. Бірақ кез-келген азамат мұндай білімдер мен қасиеттерге ие емес. Осылардың негізінде қажетті заң көмегін алуда сот істерінде тек қана кеңестер беріп қоймай, сот ісін де өзінің сөзімен, сөйлеу өнерімен алып шығатын адамның қажеттігі туады. Сот ісіне қатысып отырған заң көмегін беруші тараптың әрекетіне қосымша оның атынан іс жүргізу құжаттарын толтырып, сот жарыссөзінде азаматтың құқығымен мүддесін қорғап сөйлеуін құқық қорғау деп атайды.
Шынында, құқық қорғау соттағы өкілдіктің жеке оқиғасы іспеттес. Бірақ, егер өкіл негізінен өкілдік берушіні толық сотта ауыстырады, ол юрист-консульт, яғни заң кеңесшісі құқық қорғаушы өкіл берушіні ауыстырмай-ақ бірақ оған іс жүргізуде көмектесе отырып, сот өндірісінде жеке маңызды рөлге ие болады. Құқық қорғау қажеттілігі арқасында адвокатура атты кәсіби мамандық пайда болды. Бұл термин «advokatus» атты латын сөзінен шыққан, яғни шақыру деген мағынаны білдірген. Сонымен римдіктер, өздерін сот ісіне ертіп апарып, сот отырысында кеңестер берген достары мен туыстарын осылай атады. Империя кезінде бұл сөз қандай мағынаға ие боса, қазіргі кезде де сондай-ақ көптеген тілдерде де сол кездегі мағынаға ие болған қалпында сақталып қалды. Яғни Адвокат - бұл маман-заңгер және оратор-шешен болсын, кез-келген істе тараптармен бірге болсын, яғни тараптарсыз болсын, олардың ісін жүргізуші, көмектесуші болып табылады.
Адвокаттық қызметпен айналысу үшін заңмен бекітілген қатаң білім мен адалдық бағасы болуы керек. Адвокаттар өздерінің мүшелерінің заң дайындығы мен моральдық қасиеттерінің сай келуін бақылау мақсатында кәсіби корпорацияларға бірікті.
Ежелгі Римнен бері адвокатура тарихында құқық қорғау өз әрекетімен соттағы өкілдікпен тығыз байланысты. Бұл дегеніміз бірден екі жақты жүгінбей, біреуіне яғни істі шынайы жүргізу де толық және бөлінбейтін жауапкершілік алатын жаққа жүгіну тиімділігін көрсетеді.
1864 жылғы сот реформасынан кейін ресейде құқық қорғау мен өкілдік бағыттары бірге бірігіп кеткінімен, адвокаттардың екі түрі болды, олардың бірі корпорацияға біріккен сенімді өкілдер болса, енді бірі соттарда болатын жеке сенімді адамдар. Біріншісі - адвокаттық элита болса, екіншісі одан бір саты төмен болды. Бұлардың бірігу бағыттарының кері әсерлері де жақтары да бар.
Адвокатура сотта құқықты дұрыс қолданып пайдалану үшін барлық қоғамның мүддесі үшін күреседі. Бұдан шығатын қорытынды, бұл кәсіп қоғамға қызмет ету үшін аянбай еңбек етумен қатар арамдық ойламай, адалдықты қажет ететін кәсіп.
«Ғалым-эксперттен құқық пен сот ораторы ретінде таза құқық қорғау қасиетінен қандай болмасын адвокат заң жағынан маклер, көпшілік арасында құрметке ие, практика іскері ретінде өзінің клиенттерінің мүддесін материалдық тұрғыда биік қоятын кәсіби маман. »1
Қазіргі кезде Қазақстанда өкілдік пен құқық қорғау бағыттары бір-бірінен бөлінген.
Өкілдікті адвокаттар да басқа да тұлғаларға да белгіленген. Ал құқық қорғау бағыттарын сотта прокуратура органдары мен мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сотта қорғау үшін қатысатын қоғамдық ұйымдар мен азаматтар болады.
Сонымен, «адвокатура» ұғымы бірнеше анықтамаға ие, соның ішінде:
1. Адвокатура - сотта басқа адамдардың мүдделерін жүргізуге қатысатын белгілі маман адвокаттардың іс әрекеті.
2. Адвокатура - бұл соттағы өкілдікке қарама-қарсы құқық қорғау.
3. Адвокатура - адвокаттар құрамы, яғни өздерін осы кәсіпке арнаған тұлғалар класы.
Осыларға қарап адвокатураға толық ұғымды былай беруге болады.
Адвокатура - елді мекендер мен заңды және жеке тұлғаларға заң негізінде юридикалық көмек көрсететін кәсіби ұйым. 2
Адвокатураның қызметі, сөз жоқ құқық қорғауға жатады. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде жүзеге асырылады, кәсіпкерлікке жатпайды, өйткені негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздемейді және міндеттері мыналар болып табылады.
1. қылмыстық істер бойынша қорғауды;
2. азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдікті;
3. сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғаларға өзге де заңгерлік көмек көрсетуді алға қояды.
Мәселен, ол консультациялар, түсіндірулер, кеңестер беруден, кәсіпқойлық білімді талап ететін мәселелер бойынша жазбаша тұжырымдамалар жасаудан, талап арыздарын, шағымдарын, құқықтық сипаттағы өзге де құжаттар жазудан, жеке және заңды тұлғаларға анықтау органдарында, алдын-ала тергеуде, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынаста өкіл болудан және оларды қорғаудан көрінеді.
Адвокатура мемлекет кепілдік берген және Конституциямен бекітілген адамның өзінің құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғау және білгірлік көмек алу құқығын жүзеге асыруға көмектесуге міндетті. 3
Адвокаттың өз өкілеттігін жүзеге асырарлықтай жеткілікті құқықтары бар.
Сонымен, барша адамдар заң көмегiн, сондай-ақ ол көмектi адвокаттың қатысуымен алуға құқығы туралы конституциялық ереженi сақтау, сотта тараптардың бәсекелестiгi және тең құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыруға, iс бойынша ақиқатты анықтап, заңды да негiздi сот шешiмiн шығаруға ықпал етедi.
Адвокат азаматтың заңды құқығын қорғағанда ол тек қана нақты тұлғаға ғана емес бүкіл қоғамға маңызы бар іс жасайды. ¤йткені қате сот шешімдерінің кетуіне кедергі жасай отырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпке деген сенімді нығайта түседі. Міне сондықтан, кәсіби және белсенді және шапшаң түрде азаматтардың мүддесін заңға байланысты өзінің дегенінде тұруы азаматтармен қатар қоғам мен мемлекеттің мүддесіне жауап береді.
Қылмыстық және азаматтық істер бойынша әділсотты жүзеге асыру үшін тиімді әрекет ететін мемлекеттік органдармен қатар, сондай-ақ күшті тәуелсіз кәсіби адвокатура қажет.
Адвокат айыпталушы немесе басқа субъектінің өкілі. Дегенмен, адвокаттар қызметі жеке сипатқа ие емес, өйткені оның қызметі тек айыпталушыға ғана емес, сондай-ақ іс жүргізуші мемлекеттік органдар үшінде ауадай қажет. Сондықтан оның құрылу бағыттары тиісті заң бойынша әділсотқа жіберудің маңызды шарттары бойынша адвокатура ролін тез арада көтеру керек.
§ 2. Адвокаттық қызметті реттейтін заң актілері.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыра отырып, адам және азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең басты қазынасы ретінде қарастырады.
Қазақстан Республикасындағы Ата Заңымыз адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты мақсатқа қояды және оларға кепілдік береді. Қазақстан республикасының Конституциясында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған 32 бап бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 3 тармағында «әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайда заң көмегі тегін көрсетіледі» делінген.
Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда «ҚР Адвокаттық қызмет туралы» заңы қабылданды. Бұл заңның негізгі мақсаты- адамның өз құқықтарын бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясымен баянды етілген құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
Адвокатура адвокаттардың азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша қорғау және өкілдік ету жөніндегі, сондай-ақ азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оның іске асырылуына заңгерлік көмек көрсету мақсатындағы қызметін ұйымдастырады. Адвокаттардың адвокаттық қызмет аясында жүзеге асыратын заңгерлік көмек кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
«Адвокаттық қызмет туралы» ҚР. Заңының мазмұнын құрайтын барлық нормативті материалдар 4 тарау 34-бапқа жүйеленген.
Баптар өз кезегінде бөлімдерден, пункттерден, пункт ішіндегілерден тұрады. Олар нормативтік құқықтық актінің құрылымына байланысты:
- жалпы бөлім;
- адвокаттар мәртебесі;
- қорытынды және өтпелі кезеңдерден тұрады.
Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК «Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы» Заң және т. б. ) .
Негізінде, адвокаттық қызметті реттейтін заңдардың тізімін келтіретін болсақ, ол былай шығар еді.
- ҚР Конституциясы 1995. 30. 08. 7. 10. 1998 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген.
- ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңы 5. 12. 1995 жылы.
- Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы12 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысы
- Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы" 2004 жыл қаңтар.
- Қазақстан Республикасындағы Азаматтық Iс Жүргізу Кодексі 1999 жылы 13 шiлде. .
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық Iс Жүргізу Кодексі 13. 12. 1997ж.
- Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 30 қаңтар 2001 жыл.
- Общий кодекс правил для адвокатов. Европейского сообщество. «Адвокат» 1995. №10.
- ҚР Президентiнiң лицензиялау туралы заң күшi бар Жарлығы. 17 сәуiр 1995 жыл.
- «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртiбi туралы Ереже»ҚР Әдiлет Министрiнiң 1998 жыл 21 қаңтар № 19 бұйрығымен бекiтiлген.
Адвокаттық қызметтің кәсіби стандарты - бұл қолданыстағы заңдар мен халықаралық актілерде көрсетілген, адвокаттардың тиімді негіздерде жалпы және нақты бір істер бойынша адвокаттар қызметінің ұйымдастыру құралдары мен адвокаттық практикамен пісіп-жетілген тәсілдерді адвокаттардың іс жүргізуде қолданудағы сапасына қойылатын талаптарды айтамыз.
Адвокаттар қызметінің кәсіби сапасына қойылатын ең маңызды және жалпы талаптар Нью-Иоркте 1990 жылы тамыз айында өткен қылмыстарға ескертпелер негізінде БҰҰ-ның сегізінші конгресінде қабылданған Адвокаттар ролінің Негізгі Ережелерінде бекітілген.
Бірақ бұл Ережелер адвокаттардвң қылмыстық және әкімшілік істерге қатысуы бойынша қарастырылса да ол адвокаттардың азаматтық және басқа да істерге қатысуына қолданылады.
Халықаралық Пакте азаматтардың азаматтық саяси құқықтарымен бірге экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарында БҰҰ Жарғысына сай адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және құрметпен қарау мемлекеттің міндеті екені баса айтылған.
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi.
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы - Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдік азаматтар Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
Адвокаттық қызметті реттейтін нормативтік актілердің қайнар көзіне жатпаса да адвокатураны ұйымдастыру мен қызметін реттеуде тиісті заңдар негізінде жасалған адвокаттар алқасының Жарғысы мен оның Жалпы Жиналысының шешімдері үлкен маңызға ие болады.
Адвокаттардың барлығы осы заң талаптарымен басқа да құқықтық нормативтер, заң актілеріне сүйенеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz