Прокурорлық қадағалау пәні бойынша дәріс тезистері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені Мамандығы: Кеден ісі
Шифр: 5В030400
Прокурорлық қадағалау пәні бойынша дәріс тезистері

1-Дәріс. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУКУРСЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ.

Қазақстан Республикасының прокурорлық қадағалау курсының тҮсінігі, пәні және жҮйесі. Прокурорлық қадағалаудың мәні мен мақсаты.

ҚР прокуратура органдарының ұйымдық-құқықтық және заңнамалық мәртебесі. Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі прокуратураның орны және олардың ара-қатынасы. Прокуратураның конституциялық міндеттері. 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық тұжырымдамасы, 17.08.2010 жылғы Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 29.12.2010 жылғы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы прокурорлық қадағалау жөнінде. Елде заңдылықты нығайту ісіндегі прокуратураның үйлестіруші және басқа да рөлі.

Прокурорлық қадағалау курсының мәні дегеніміз құқықтық реттеу, тағайындау, міндеттері, функциялары, ҚР прокуратура органдарының қызметі мен ұйымдастыру қағидаттары. Оның органдары мен мекемелерінің жүйесі және құрылымы, жоғары қадағалауды іске асыру кезіндегі прокурорлардың өкілеттілігі, сотта мемлекет мүддесін білдіру, қылмыстық қудалауды іске асыру, құқық қорғау органдарының үйлестіру қызметтері, мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарын білдіру.
Прокуратураның және оның мекемелерінің ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынышты прокурор заңдардың дәл және бірыңғай қолдануына жүргізетін жоғары дәрежелі қадағалауды іске асыру барысында қалыптасатын құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы прокурорлық қадағалаудың пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабына сәйкес, прокуратура биліктің ешбір тармағына жатпайтын, тек Қазақстан Республикасының Президентіне ғана бағынышты (оған есеп беретін) дербес мемлекеттік орган болып табылады.
Ал прокурорлық қадағалауды - жоғары қадағалау деп атаудың себебі, прокурорлық қадағалау мемлекет атынан іске асады, яғни жалпы мемлекеттік сипаты болады.
Прокуратура органдары қызметінің негізгі мақсаты:
* Заңның дәл және біріңғай қолданылуын қамтамасыз ету;
* Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
* Заңмен қорғалатын мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау.
Қазақстан Республикасының 21 желтоқсан 1995 жылғы Прокуратура туралы Заңына сәйкес жоғары прокурорлық қадағалау негізгі бағыттар арқылы құрылады.
Аталған нормативтік актіде прокуратура оған жүктелген міндеттерді жүзеге асыру

үшін келесідей бағыттар арқылы әрекет етеді:
1. Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2. Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
4. адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
5. жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
6. анықтау мен тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
7. әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
8. атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
9. өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысады;
10. сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
11. заңда белгіленген тәртіппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
12. статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
13. заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
14. халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
15. Прокуратура туралы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2-Дәріс. ҚАЗАҚСТАНДА ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ.

В.И.Лениннің Политбюроға екі жақты бағыну хатының маңызы және заңдылықты құруда, дамытудағы Кеңес прокуратурасының орны. Заңдардың дәлме- дәл әрі бірыңғай қолданылуына прокурорлық қадағалауды құқықтық реттеу. Прокуратура органдарының тарихы. КСРО-ның 28 мамыр 1922 жылғы прокурорлық қадағалау туралы бірінші Ереже. Қазақстандағы 13 шілде 1922 жылғы прокурорлық қадағалау туралы Ереже.

1302 жылы Филип IV король арденансының негізінде қалыптасты.Оған сәйкес Корольдық соттың жанында Ұлы мәртебелінің прокуроры лауазымы белгіленді.
Жалпы прокурор деген сөз латын сөзінен шыққан, қамқорлық жасаймын, сақтандырамын деген мағынаны білдіреді
Ресей империясында орыстың Ұлы патшасы I Петрдің 12 қаңтар 1722 жылғы жарлығымен құрылған. Бұл органда құра отыра оны мемлекет істерін бақылаушы, мемлекеттің қырағы, көзі деп атаған
28 мамыр 1922 жылы бүкіл Россиялық орталық комиеттің 3-ші сессиясында прокуратураны құру туралы ереже қабылданды.
13 шілде 1922 жылы Қазақ орталық ко митеттің Қазақ автономиялық

Республиканың прокуратурасын құру туралы қаулысы шығарылды. Бұл күн бүгінгі күнде прокуратураның кәсіби мейрамы болы саналады.
Бекмухаметов Шапхат Мухамедович - тұңғыш прокуроры болып саналады.
Әділет халық комиссары, Республиканың прокуроры лауазымдарға ие болды.
17 қаңтар 1933 жылы КСРО одағының прокуратурасы туралы ереже қабылданды.
Прокуратура Жоғарғы Соттың жанынан алынып, өз алдына шығаралды.
КСРО одағы орталық атқарушы комитеті мен халықаралық комиссиялар кеңесі 1936 жылы КСРО одағының Әділет халық комиссияраты туралы қаулы шығарады. Осыдан бастап прокуратура Әділет органынан шығарылып, дербес өз алдына мемлекеттік орган ретінде бөлініп шығарылды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің төралқасының 24 мамыр 1955 жылғы қаулысымен
прокурорлық қадағалау туралы ереже қабылданды.
Кеңес дәуіріндегі соңғы жалпы одақтық нормаивтік акті 30 қараша 1979 жылы КСРО одағы прокуратурасы туралы заң қабылданды.
1991 жылы 6 желтоқсанда ҚазССР-нің Жоғарғы Кеңесі ҚазССР прокуратура органның біріңғай жүйесін құру және олардың тәуелсіздігі мен дербестігін қамтамасыз ету туралы қаулы қабылдады.
1992 жылы 17 қаңтарда Прокуратура туралы тұңғыш заң қабылданды.

3, 4-Дәріс. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ.

Принцип түсінігі және оның прокуратураны ұйымдастыру мен қызметіндегі маңызы. Прокуратуралық жүйені ұйымдастырудың конституциялық негіздері. Прокуратураның біртұтастығы мен орталықтандырылуы қағидасы. Прокуратураның тәуелсіздігі қағидасы (прокуратуралық иммунитет). Прокуратура қызметіндегі заңдылық қағидасы. Прокуратуралық қадағалаудың жариялылық қағидасы.

Прокуратураға қатысты оның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидасы деп - Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының
Прокуратура туралы заңында , өзге де нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген, прокуратураның мақсат- міндеттерін құқықтық тұрпатын айқындайтын, прокурорлар өз өкілеттіктерін іске асыру үшін. Қолданылатын құқықтық құралдарын және әдістерін сипаттайтын ережелерді айтамыз.
Ол ережелер немесе қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясының 83 бабында және Прокуратура туралы заңының 3 бабында шоғырланған.
Прокуратураның біртҰтастығы деп оның құрамына кіретін органдар мен мекемелерінің бір жүйені қалайтындығы, сондай-ақ жоғарғы қадағалауды прокурорлардың бәріне амал-тәсілдерімен, жалпы нысандарда жүргізілгендігі, заңдылықты бұзушылыққа қарсы біркелкі құралдарды қолданылғандығы түсіндіріледі.
Біртұтас жүйеге кіретін аумақтық прокуратура мен мамандандырылғанған прокуратуралар,сондай-ақ мекемелер өз қызметін бір заңның негізінде іске асырады.
Прокуратураның орталықтандырылғандығы - прокуратура жүйесінің тек бір ғана орталықтан тек Бас прокурор тарапынан басқаратындылығымен түсіндіріледі.
Осы 2 элемент прокуратураның бір бүтінділігін және мызғымастығын білдіреді. Ал оны құптайтын заңдағы келесі мәселелер:
1. прокуратураның төменгілерін жоғарғыларының тағайындалуымен (Бас прокурор).
2. төмендегілер үшін жоғарыдағылардың талап-нұсқауларының атқару міндеттілігімен.
3. төмендегілердің қадағалау актілерінің жоғарыдағылардың кері шақырып алу

құқығымен.
4. төменгілердің жоғарғылардың алдында есеп беру міндеттілігімен.
Заңның 3 бабына сәйкес, прокуратура өз қызметін басқа мемлекеттік органдардан олардың лауазымды тұлғаларынан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден, сондай-ақ азаматтардан тәуелсіз түрде жүзеге асырады.
Мұндай тәуелсіздік бірінші кезекте жоғарғы қадағалаудың заңға сәйкес, объективтік тұрғысынан іске асырылуы үшін қажет.
Прокуратураның тәуелсіздігі мынадай кепілдіктермен қамтамасыз етіледі:
1. заңдармен прокуратура жүйесі саясаттан алыстатылған, яғни прокурорларға қандай да болсын саяси партиялардың мүшесі болуға және олардың құқықтарын қорғауға тыйым салынады.
2. прокуратура жүйесі тек республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.
3. заңмен прокуратураның қызметіне араласуға тыйым салынған және оны бұзған жағдайда жауаптылық қарастырылған.
4. прокуратураның заңды талаптары мен қадағалау актілерін орындаудан бұлтару жауапкершілікке әкеп соғады.
5. прокуратура әлеуметтік жән құқықтық қорғаумен қамтамасыз етіледі.
6. прокурорларға ешкімнің тиіспеуі (иммунитет) қамтамасыз етіледі.

ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ.

Прокуратура органдары жүйесінің түсінігі. Прокуратура органдарының құрылымы. Прокуратура органдарын құрудың тәртібі. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жүйесі және құрылымы. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, қызметке тағайындау тәртібі және оның өкілеттіктері.
Облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратура органдары.
Әскери прокуратура және оның органдары. Көлік прокуратуралары. Табиғатты қорғау прокуратуралары.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас Прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғарғы бөлігі болып табылады және барлық прокуратура органдарына және оның мекемелеріне басшылық жасайды. Бас прокуратураны Заңның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Бас прокурорының ұсынымы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада төрағасы ҚР Бас прокуроры және мүшелері: бірінші орынбасары және орынбасарлары (лауазымына қарай), ҚР Бас прокуроры тағайындаған басқа прокурорлық қызметкерлер болып табылатын құрамда Алқалар ұйымдастырылады.
Прокуратура туралы ҚР Заңының 12-бап 5-тармағына сәйкес Бас прокуратура:
1) Республика прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi;
2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды;
3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөнiндегi жұмысын бақылайды;

5) заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi;
7) норма шығарушылық қызметiне қатысады;
8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.
ҚР Бас прокуроры ҚР прокуратура органдарының барлық жүйесін және мекемелеріне және ҚР Бас прокуратурасына тікелей басшылық жасайды.
ҚР Бас прокуроры прокуратура органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды іске асырады.
Прокуратура органдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін ҚР прокуратура жүйесі қызметтерінің ұйымдастыру мәселелерін және көрсетілген қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етілуін іске асырудағы тәртібін реттейтін бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, өкімдерді, ережелерді, нұсқауларды шығарады. ҚР Бас прокуроры бөлінген штаттық құрам және еңбек ақы төлеу қоры шегінде ҚР прокуратуралар мекемелері мен бағынышты прокуратуралардың штаты мен құрылымын белгілейді.
ҚР Бас прокуроры департаменттер, басқармалар және бөлімдер бастықтарын және олардың орынбасарларының, кеңесшілердің, Бас прокурордың ерекше тапсырмалары бойыншакөмекшілерді және олардың орынбасарларын, аға прокурорларды және департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтер босатады.
ҚР прокуратурасы жүйесінің барлық буындарының прокурорларын да ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.
Мамандандырылған прокуратураларға әскери, көлік (темір жол, су, әуе көліктерінде), табиғатты қорғау және ҚР Ішкі Істер министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің (колония және түрме) түзету мекемелерінде заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады.
Әскери, көлік және табиғатты қорғау прокуратуралары аудандық және облыстық прокуратураларға теңестірілген болып бөлінеді.
Әскери прокуратура құрамын Бас әскери прокуратура, әскери округтік прокуратуралары, гарнизондар прокуратуралары, қала және аудан прокуратураларына теңестірілген біріккен және қосылған әскерлер жатады.
Әскери прокуратура органдарын ҚР Бас прокурорының орынбасары- Бас әскери прокурор басқарады. Оны ҚР Бас прокурорының ұсынуы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
ҚР прокуратура органдары жүйесіне ғылыми мекемелер кіреді: С.Есқараев атындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы заңдылық, құқық тәртібі проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты.

5-Дәріс. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН МАЗМҰНЫ. ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ САЛАЛАРЫ.

Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары.
Ӛзінің маңыздылығы бойынша прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі ретінде біртұтас. Мұндай бірлік толығымен ҚР прокуратураның барлық жүйесі үшін біртұтас прокуратыра жүйесінің бірлігімен, прокуратура қызметінің

құқықтық базасы бірлігімен байланысты.
Қазақстан Республикасының 21 желтоқсан 1995 жылғы Прокуратура туралы Заңына сәйкес жоғары прокурорлық қадағалау негізгі бағыттар арқылы құрылады.
Аталған нормативтік актіде прокуратура оған жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін келесідей бағыттар арқылы әрекет етеді:
1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
5) жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
6) анықтау мен тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
7) әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
8) атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысады;
10) сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
11) заңда белгіленген тәртіппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
12) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
13) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
15) Прокуратура туралы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

6, 7-Дәріс. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІ.ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ АКТІЛЕРІ ЗАҢДЫ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ.

Прокуратураның құқықтық актілерінің түсінігі мен жүйесі. Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметін реттеуші актілер және олардың маңызы. Прокурорлық қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз етуші актілер және олардың түрлері. Прокурорлық қадағалау актілеріне қойылатын талаптар.

Прокуратура өз қызметінде жоғары дәрежелі қадағалауды және қылмыстық қудалауды іске асыра отырып, сақталуы мен атқарылуы міндетті нормативтік сипаттағы түрлі актілерді шығарады.
Елбасы өзінің 22 қаңтар 2001 жылғы арнайы жарлығымен Үкімет пен Парламентке прокурорлық қадағалау акілерін орындату міндеттілігін күшейту және жауаптылықты

белгілеу жақтарын қарастырып, ұсыныс енгізуді талап етілген болатын.
Президенттің осы талабы 9 тамыз 2002 жылы заңда көрініс тапты. Мұнда 26-1 бабы пайда болды. Осы бапқа сәйкес қадағалау актілері заңды күшіне енген сот қаулылармен теңестіріліп, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы орындалатындығы көрсетілген.
Қазақстан Республиасының Прокуратурасы туралы заңның 18 бабына сәйкес прокуратураның құқықтық актілері екі топқа жіктеледі:
1) Бұл топқа қадағалау актілері кіреді: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыныс және заңды түсіндіру, үндеу, сақтандыру.
2) Бұл топты прокуратураның өзінің ұйымдастырылуы мен қызметін ретеуші актілерін құрайды. Олардың қатарына: бұйрықтар, нұсқаулықтар, өкімдер, ережелер инструкциялар кіреді. Бұл топтағы актілерді басқаша ведомстволық актілер ретінде атайды.
Прокуратураның ведомстволық актілері оның жүйесіне кіретін органдар мен мекемелердің бәріне қатысты нормативтік күші болады, оларды басшылыққа алу және орындау міндетті болып саналады, ал кейбіреулердің ведомствоаралық күші де болады.
Бас Прокурордың бұйрықтары, нұсқаулары және өкімдері прокуратура органдары мен мекемелерінің жүйесі үшін басшылыққа алуға және орындауға міндетті болып саналады және олардың нормативтік күші болады. Олардың кейбіреулері ведомствоаралық болып саналады. Мысалы, қылмыстар жөніндегі арыздарды, хабарламаларды және шағымдарды қабылдау, тіркеуге және есепке алу, сондай-ақ қарау туралы инструкция прокуратура мен қатар Ұлттық қауіпсіздік органдары, Ішкі Істер органдары, Қаржы полициясы және басқа да қылмыстық қудалауды іске асырушы органдар үшін де міндетті.
Прокуролық қадағалау актілері деп Бас Прокурордың және оған бағынышты прокурорлардың Конституция мен заңнамаға сәйкес және олардың талаптарын орындау мақсатында анықталған заңды бұзушылықты жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, оған кінәлілердің жауаптылығын шешу, және құқық бұзушылықтың себеп-салдарын жою үшін қолданылатын құқықтық құралын айтамыз.
Бұл актілердің органдар мен лауазымды тұлғалардың және азаматтардың атқаруы үшін міндетті күші болады, сондай-ақ нормативтік сипатымен белгіленеді.
Қазақстан Республиасының Прокуратурасы туралы заңның 18 бабының 1-1) п.п. нормативтік құқықтық актілердің заңды күшін тоқтата тұратын қадағалау актілері жариялануы тиіс.
Прокурорлық қадағалау актілері мазмұнына қарай үш топқа жіктелінеді:
1. Заңдылықты бұзушылықты жоюға бағытталған актілер: наразылық, ұйғарым, нұсқау.
2. Бұл топтағы актілер арқылы прокурорлар өздерінің шешімдерін қабылдайды. Олар: санкция, өтініш.
3. Бұл топтағы актілер құқық бұзушылықтың алдын-алу немесе болған себеп- салдарын жою үшін қажет (профилактика). Олар:заңды түсіндіру, ұсыныс.
Әрбір актінің ерекшеленетін сипаты болады. 1. МазмҰнына сәйкес: Наразылық - бұл қарсы тұру (шығу); санкция - біреудің шешімін құптау, қолдау; нұсқау мен ұйғарым - талап қою; заңды түсіндірі мен ұсыныс - ескерту, алдын-алу; қаулы - бұл шешім; талап арыз - бұл өтініш.
2. Орындалу міндеттілігі бойынша: келіспеуге рұқсат етілмейтіндер - ұйғарым, нұсқау, санкция, қаулы, заңды түсіндіру; келіспеуге рұқсат етілгендер - наразылық, өтініш, ұсыныс.
3. ТҰлғаларына және адресатына байланысты: өтініш - тек сотқа жолданады; санкция мен нұсқау - қылмыстық қудалауды іске асыратын органдарға жолданады; наразылық - органдар мен лауазымды тұлғаларға жолданады; заңды түсіндіру - тұлғалардың барлығына қатысты; ұйғарым мен ұсыныс - азаматтардан басқа тұлғалардың

барлығына жолданады; қаулымен прокурор өз шешімдерін қабылдайды.
4. Орындалу мерзіміне байланысты: Прокурордың өзі белгілеген мерзім ішінде атқарылуға тиістілер - ұйғарым, нұсқау, санкция, қаулы, заңды түсіндіру; Заңда белгіленген мерзімде орындалуға тиістілер - наразылық (10 күн), ұсыныс (1 ай), өтініш (1 ай).
Прокурорлық қадағалау актілеріне қойылатын талаптар:
1. Бұл актілердің мазмұны құқық бұзушылықтың сипатына сәйкес болуы тиіс. Мыс: наразылық заңды бұзу арқылы шығарылған актіге қарсы қойылуы тиіс.
2. Қадағалау актілері өз уақытында, қажетті жағдайда шұғыл түрде шығарылуы тиіс, осылайша олардың тиімділігі артады және қажетті нәтижеге қол жеткізеді.
3. Прокурордың түйіндері мен ұсыныстары дәйекті және негізді болуға тиіс. Олар нақтылай деректерден шығуы қажет.
4. Қадағалау актілерінің нысаны мен мазмұны ұйқастығымен байқалуы тиіс. Яғни актілердің нысаны оның мазмұнын ашуы тиіс.
5. Қадағалау актісі заңи тұрғыдан және стилистикалық жағынан сауатты жазылуы тиіс. Егер актілер осы қойылған талаптарға сәйкес болса, олар өз мақсатын орындай алады.

8-Дәріс. ЖАЛПЫ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ.

Жалпы қадағалаудың мақсаттары және оны қамтамасыз етудегі прокурорлардың өкілеттіктері. Прокурорлық тексерулердің негіздері мен тәртібі. Прокурорлық тексерулердің әдістері мен тактикалық амал-тәсілдері. Тексеру барысына мамандарды қатыстыру. Тексеру нәтижесімен анықталған заңды бұзушылыққа қолданатын прокуролық қадағалау шаралар. Әкімшілік өндірістің заңдылығын қадағалайтын мақсат-міндеттері. Әкімшілік өндірістің заңдылығын қамтамасыз етудегі прокурордың өкілеттіктері.

Жалпы қадағалау - прокурорлық қызметтің ең кең және үлкен саласы болып саналады, сондықтан да прокурордың бұл саладағы қызметі өте ауқымды және жан- жақты.
Бұл салада прокурор келесі мақсаттарды іске асырады:
1. Адам мен азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету, органдар мен ұйымдардың, лауазымды және жеке тұлғалардың құқықтық атілері мен іс- қимылдарын заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету.
2. Кез-келген заңды бұзушылықты анықтау мен жою, олардың пйда болуына себеп болған мән-жайларды жою, бұзылған құқықты қалпына келтіру бағытында шаралар қолдану.
Бұл жалпы қадағалаудың пәні болса, оны шектейтін мәселелерге прокуратураның, ұйымдардың, мекемелердің шаруашылық ісіне және азаматтардың жеке өміріне араласпауы жатады.
Бас Прокурордың 2002 жылғы 21 қараша күні № 60 бұйырығымен бекітілген инструкцияға сәйкес прокуратураның осы салада қамтамасыз етуге тиісті басымдық бағыттары мыналар:
1. Заңдар мен нормативтік актілердің Конституцияға, заңдарға және Президенттің актілеріне сәйкестігін қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттік органдар тарапынан адам мен азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтауды қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органдар тарапынан экономика саласындағы заңнаманың сақталуын қаматамасыз ету.
4. Әкімшілік өндірістің заңдылығын қадағалау.

5. Жас өспірімдер мен жастар туралы заңнаманың сақталуын қаматамасыз ету.
6. Табиғатты қорғау және оның ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі заңнаманың сақталуын қадағалау.
7. Саяси партиялардың, бірлестіктер мен ұйымдардыңғ сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің заңдылығын қадағалау.
Жалпы қадағалау тексеруді қҰрайтын элементтері:
1. Тексеруді тағайындау (прокурордың осы жөніндегі қаулысын шығарумен басталады).
2. Тексеру барысын жоспарластыру (тексеруге жататын сұрақ, мәселелерді айқындау, оларды атқарушылар мен орындау мерзімдерін белгілеу).
3. Тексеруге байланысты материалдарды жинақтау процесі (жауап алу, мәлеметтерді сұрату, аудиторлық тексерістер мен сарапаманы тағайындау).
4. Тексеру барысына мамандарды қатыстыру және олардың қорытындыларын алу.
5. Тексеру нәтижесін қорыту және талдау арқылы заңды бұзушылықтың фактілеріне баға беру және дәрежелеу.
6. Тексеру нәтижесімен қабылдауға тиісті шешімдерді шығару (қылмыстық іс қозғау туралы, әкімшілік өндіріс қозғау туралы және т. б.).
Ал кейбір жағдайларда біраз шешімдер тексерудің басында немесе басқа кезеңдерде шығарала берілуі мүмкін.
Бұл тақырыпта жалпы қадағалаумен қатар әкімшілік өндірістің заңдылығын қадағалауды қарастырудың себебі осы салалардың дербестігін сақтай отырып, прокуратура органдарының барлық буындарда бір құрылымдардың атқарылуымен түсіндіруге болады.
Көпшілік жағдайда әкімшілік істерін қозғау мен қарауға құзіретті органдар мен лаузымды тұлғалардың іс-қимылдар мен қабылдайтын шешімдерінің заңдылығын қадағалайды.
Бірақ бұл жалпы қадағалау құрылымы департамент, басқарма, бөлім, соттың қарауына жатқызылған істерді қадағаламайды. Оны сотта мемлекет мүддесін білдіру құрылымдары іске асады.
2001 жылы 30 қаңтарда қабылдаған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мұндай істерді қарау жөніндегі органдардың санын көбейтті. Және бұл кодекстің басқа кодекстерден ерекшелігі - мұнда әрі материалдық әрі процессуалдық нормалар шоғырланғаны бізге мәлім.
Әкімшілік өндірістің заңдылығын қадағалаудың өз алдына мән-маңызы орасан зор. Ӛйткені, жауаптылықты шешу барысында әрқашан біржақта жай азамат, ал екінші жақта үнемі билікті өкілеттіктері бар мемлеке органдарының немесе ұйымдардың лауазым тұлғасы тұрады.

9, 10-Дәріс. АНЫҚТАУ МЕН ТЕРГЕУДІҢ, ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАДАҒАЛАУ.

Жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау пәні және ерекшеліктері. Жедел іздестіру қызметін қадағалаудағы прокурордың өкілеттіктері. Анықтама мен алдын-ала тергеудің заңдылығын қадағалаудың пәні мен мазмұны. Қылмыс туралы арыздардың, хабарламалардың қабылдануы, тіркеуге және есепке алынуы және қаралуының мәселелерін қадағалау. Қылмыстық іс қозғау және оны тергеу барысын прокурорлық қадағалау. Тергеудің аяқталуының заңдылығын қадағалау. Прокурор іске асыратын қылмыстық қудалау түрлері, тәртібі және шектері.

Жедел іздестіру заңдылығын қадағалау прокуратура қызметінің жаңа саласы, өйткені, мемлекеттің бұл арнйы қызметі тұңғыш рет 15.09.94ж. заңдастырылды, яғни

Жедел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңтану мамандығы бойынша нәтижелері туралы
Прокуратура органдарының құрылымы
Шешендік өнерінің негіздері
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Сотта прокурордың мемлекеттік айыптауды қолдауы
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Прокурорлық қадағалаудың ұйымдық-құқықтық негізі
Пәндер