Азық - түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын ашу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . . . . 6
1. 1 Азық-түлік қауіпсіздігінің тарихы және жалпы түсінігі . . . 6
1. 2 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің міндеттері мен мақсаттары . . . 11
1. 3 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қағидалары мен қайнар көздері . . . 13
2 АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛҒЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САЛАЛАРЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРЫНЫ . . . 20
2. 1 Азық-түлік жағдайы және ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуының құқықтық мәселелері . . . 20
2. 2 Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер қатынастарын дамытудың құқықтық жағдайы . . . 24
2. 3 Ауыл шаруашылығы өндірісін сумен қамтамасыз етудің тиімділік жүйесін құқықтық қалыптасыру . . . 29
2. 4 Ауылшаруашылық өнімін өндіруді ұйымдастыру. Өсімдік және мал шаруашылығының құқықтық жағдайы . . . 36
2. 5 Ветеринариялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету . . . 45
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ . . . 50
3. 1 Азык-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдар . . . 50
3. 2 Азык-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде салыстырмалы талдау . . . 52
3. 3. 1 Ұлттық ауыл шаруашылық өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның өнімдерін сатудың көлемін ұлғайту . . . 52
3. 3. 2 Азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етуде шет мемлекеттерінің тәжірибесі . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 6
ҚОЛДАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 63
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмысты зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Он бес жылдан астам уақытта еліміздің тәуелсіздігімен қатар жүргізіліп келе жатқан саяси және экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар көз жетті. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлдеқайда жаңа сапалық күйінде көшуді білдіреді. Мұның өзі тұтастай бірқатар объективті факторлардан көрінеді. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігіне енгізделген тәуелсіздігі болып табылады. Баршаға белгілі өндірістің негізгі факторлары табиғи еңбек және өндірістік ресурстар болып табылады. Осы жағдайда осы факторлардың жұмыс істеп қозғалысқа түсуіне ерекше әсер ететін нақты күні бар. Олар іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатқа жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу қажет. Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қазіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды. Елдің дамуына негізгі экономикалық сектор калай даму керектігіне үлкен жол көрсету керек болды, өйткені советтік кезеңнен қалған ауылшаруашылық жер телімінің ауқымды болуы, көптеген пайдасыз колхоздар мен совзоздардың болуы, тәжірибеде жоқ нарықтық шаруашылықта еңбекке жарамды және жарамсыз ресурстардың болуы әсер етті. Осы жағдайға сәйкес аграрлық сектордың дамуына бір ұшы тиді. Осыдан кейін өзіндік өндіріс дамуы нарықтық экономикада ауыл шаруашылығының тез арада үміті ақтала бастады. 1997 жылы Үкімет деңгейінде мемлекет бірінші рет ауыл шаруашылығының дамыуы туралы 2010 жылға дейінгі бағдарламалық құжаттар жасалды. Онда аграрлық өтпелі кезеңінде нәтижиелі болды, ойдағыдай аяқталмаған және бітпеген шаралардың жоспары ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан өту үшін жасалды. Ауыл шаруашылығын дамытуға және ауылды (селоны) қалпына келтіруге мемлекеттік қолдау қажет болғандықтан 2002 жылғы ел Президентінің концептуалына негізделген, оның себебімен 2003-2005 жыл аралығына Қазақстан Республикасының мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы қабылданды. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін, аграрлық өнімнің тұрақтылғын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік, экономикалық, ұйымдық-құқықтық және басқа да шараларды жүзеге асыруда кейде келісімнің жоқ болуынан, ойланбауынан, артына карамағандықтан осы күнге дейін куәландырылады [1] . Президенттің Қазақстан халқына 2008 жылғы жолдауында, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамамасыз ету жаңаша аграрлық саясаттың бірден бір өкілеттілігі болып табылады. Осы үшін мемлекет басшысы мынаны атап айтты «ауыл шаруашылығына және тамақ өндірісі бойынша керекті инветицияны өсіру керек. Ауыл шаруашылығындағы маңызды секторын, соның ішінде азық-түлікті шет елдерге экспорттауға күшейту қажет. Астық каналының экспортын Каспий және Кара теңіз арқылы және Қытайға бағытын ұлғайту қажет». Бұдан кейінгі экономикалық қайта құрулар қисыны аграрлық бизнестің ұтымды құрылымын қалыптастырумен, агротехноглогиялардың деңгейін көтеру мен, ауыл шаруашылығы өндірісінің маркетингтік стратегиясына, ішкі рыноктоғы импорт алмасуға, жақын және алыс шетелдерге экспортты жандандыруға көшумен байлынысты агарарлық саладағы өсудің жаңа сапасына өтуді талап етеді [2] . Қазақстаның ДСҰ-на қосылуымен байланысты артықшылықтыр мен шығындардың жалпы теңгерімін бағалау үлкен жағдай болып отыр. Басыт міндет - халақаралық саудада құқықтарды шектеуді болдырмау және бқл ретте азық-тілік қауіпсіздік пен елдің аграрлық секторын тиімді дамыту мүмкіндігін сақтай отырып, тауарылар мен қызметтер көрсетудің әлемдік рынокқа қол жетімділігін нақты жақсартуды қамтамасыз ету.
Ғылыми-зерттеудің дәрежесі. Осы жолдағы туындаған мәселелерді қарастыру және оны шешу жолдарын ұсыну. Агрокәсіптік кешенді дамытуды өндіріс тиімділігін, отандық тамақ өнімдерінің бәсекеге қаблеттілігін, олардың сапасының халық аралық талаптарға сәйкестігінің көрсеткіштер басым болуы тиіс. Агрокәсіптік кешеннің жұмыс істеу ерекшелігі, азық-түлік қауіпсіздікті қаматамасыз ету экономиканың басқа салаларына қарағанда, мемлекеттік реттеу және мемлекеттік қолдау үлкен рол атқаруы тиіс осындай аграрлық азық-түлік саясатын жүргізуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі мақсатттары және міндеттері:
Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін қалыптастыру, ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру, тамақ өнімдерінің кауіпсіздігін камтамасыз ету және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатқа жету негізінде мынандай міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін зерттеу, жалпы ұғымын ашу;
- Азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын ашу;
- Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етеуде мемлекеттік реттеуді ашу, сондай-ақ оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде салыстырмалы талдау.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы . Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дипломдық жұмысын жазу барысында алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы диалектикалық, танымдық, логикалық, салыстырмалы, жүйелік және басқа да әдістер қолдандым.
Зерттеу тақырыбының объектісі. Азық-түлік қауіпсіздігін құықтық қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні болып. Қазақстан Республикасыда азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу механизмі табылады.
Зерттеудің теориялық негіздерін. Заңгер ғалымдардың агралық құқық қатынастары және ауыл шаруашылығы туралы ғылыми тұжырымдары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативтік құқықтық деректер еңбектері құрайды.
Зерттеу жұмысының нормативтік базасын. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының ұлттық заңдары, жер туралы заңдар, ауыл шаруашылғына арналған заңнамалар, азаматтық заң актілері, Президент Жарлықтары, Қазақстан Үкіметінің Қаулылары құрайды.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырудағы тәжірибені талдау және азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудегі құқықтық қатынастарының дамуы - құқықтық және басқа бағыттары ғылымдар тұрғысынан терең теориялық зерттеуді талап ететін өте күрделі және кешенді мәселе. Зерттеу нәтижесінде жасалған қорытынды тұжырымдар азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді кешенді зерттеумен сипатталады және Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығына арналған заңдарын жетілдіру мәселелеріне қолданылуы мүмкін.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Азық-түлік қауіпсіздігінің тарихы және жалпы түсінігі.
Қазақ елінің тарихында атам заманнан азық мәселесі ауқымды орын алған. Халық өзін азықпен қамтамсыз ету үшін, ең бірінші жер қажет болған. Жер тайпаның, халықтың, мемлекеттің тіршілігінің негізгі және олардың шаруашылық қызметнің материалдық базасы болған. Ол мал және басқа да мүлік сияқты адам өмірінде аса маңызды мәнге ие болды. Кейбір жағдайларда жер мал мен мүлікке қарағанда құндырақ болатын. Тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасындағы соғыстардың басым көпшілігінің белгілі бір жердегі, аумақтағы билік үшін болуы да бекер емес. Аумақ ретінде пайдаланылатын жерді «туған ел» деп, ал шаруашылық қызмет үшін пайдаланылатын жерді шаруашылықтың бір бөлігі деп санаған. Жерге меншік құқығы оны пайдалану құқығы ретінде қарастырылған. Кейбір ғалымдар бұл құқықты әдет құқығы деп санайды. Өз мазмұны бойынша жер пайдалану құқығы жерге меншік құқығымен бірдей болған.
Жер кеңістікте шектелген ежелгі мемлекеттің қызметінің негізі болған. Аумақсыз ешбір халық, ешбір мемлекет өмір сүре алмайды. Үлкен аумақтарды біздің заманымызға дейінгі бірқатар мемлекеттер - қазіргі ата-бабалары - сақтардың, қаңлылардың, үйсіндердің және ғұндардың мемлекеттері иеленген.
Тайпалар жерді иелене отырып, жерді өңдеумен айналысып, әр түрлі дәнді дақылар егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. Ертедегі қазба дерекетеріне сүйенсек, неолит дәуірінде тайпалар аңшылықпен және балық аулаумен, мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысты. Ал қола дәуірінде, б. з. д ІІ-мыңжылыдқтарда шаруашылық жүргізудің мал шаруашылық жер өңдеу түрлері қалыптасты, жақсы дамыған металлургияда болды. Осыдан кейін де ғұн, үйсін, түркеш және тағы басқа мемлекеттіктер дами келе егін шаруашылығы және бау-бақша өсіріп, оларды жасанды жолдармен суғарып отырғандығы бәрімізге мәлім.
Қазақ хандығы кезеңінде өндірістік қатынастардың сипаты қазақ ауылдарында топырақтық климаттық жағдайларына байланысты жер пайдалану мен жерге меншіктің түрлі нысандары болғандығын көрстеді. Осы жағдайлардың нәтижесінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы басы ролді иеленді. Ауыл шаруашылығындағы дәнді дақылдарды арпа бидай, сұлыны өсіріп егін шаруашылығының дамыған түрімен айналысып, оларды сол кезеңдегі технологиялармен өңдеп, басқа хандықтарға сатқан немесе айырбас жасаған [3] .
Ресейдің үстемді кеткен кезеңіндегі тарихында Қазақ халқы Ресейге қосылуымен байланысты үкімет бұл жерлерді Ресей мемлекетінің меншігі ретінде жойылды. Хан билігі жойылды, жергілікті халық колониялдық басқару органдарына бағынады. Патша билігі жайылымдық жерлерді «бос жерлер» деп санады. Көшіп-қону басқармасының алдында мынандай міндет қойылды - жергілікті халықтың осындай жерлерін қысқартудың есебінен көшіп-қону қорын көбейту. Мал шаруашылығының айрықша ерекшеліктерімен, қажеттіктерімен санаспай билік құрылымдары жергілікті еңбек шаруа халқының жер пайдалану нормаларын аяусыз қысқартты.
Қазақтардың жартылай көшпелі өмірі сипатталды. Жартылай көшпелі шаруашылығының сипаты болып күздік жайлымдардың, қыстаулармен жақын жердегі шөптердің олардағы құдықтар мен ормандармен бірге жекелеген ауылдардың, тіпті, жекелеген отбасылардың меншігінде болып табылады. Сондай-ақ азық-түлік оның ішінде мал, өсімдік, егін шаруашылығымен қазақ шаруалар айналысқан. Ресей мемлекеті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолға алған.
КСРО құрамы кезеңіндегі тарихында азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты көптеген өзгерістер болды. КСРО-ға еген кезден бастап жер, су, орман, тау және басқа құқықтық қатынастарға түбегейлі өзгерістер енгізді. Революциядан кейінгі алғашқы жылдарда патшалық рекрияциялық аграрлық саясаттың саладары байқалатын. Қазақстандағы Ресей империясының отарлау саясатының Қазақстандағы Ресей империясының отарлау нәтижесінде Қазақстандағы 28, 2 млн ондық жыртуға икемді жердің 22, 7 млн ондағы халықтың пайдалануынан алынды [4] .
Шаруашылықтың ұжымдық шаруашылықтарға және ұжымдық шаруашылықтың басқа да нысандарына ауысуын ұйымдастыру тек мәжбүрлеу әдістерімен ғана жүзеге асырылды. Мысалы, ОАК-тың (ЦИК) 1930 жылғы 1-ақпандағы «Ауылшаруашылығын социалистік қайта құру және кулактармен күрес бойынша шаралар туралы» қаулысына сәйкес жергілікті органдарға мәжбүрлі ұжымдастырға кедергі жасаушы ірі шаруашылықтармен күресу, тіпті, олардың мүлкін тәркілеп, қатысушыларды елдің шалғай игерілмеген аудандарына айдап жіберу құқығы берілді.
Ауыл шаруашылғын жаппай ұжымдастыру (1929-1935ж. ж) кезінде ауыл шаруашылық кооперациясының кең тараған түрі болып артель табылды. Көшенді және жартылай көшпенді аймақтарда да біршама ауыл шаруашылғын ұжымдастыру белгілері көрініс тапты [6] .
Жоғарыда айтылғандай, ұжымдастыру ауыл шаруашылығында мәжбүрлі түрде жүзеге асырылды және де мұнда көшпенді және жартылай көшпенді тұрғылықты халықтан барлық мал мен астық мәжбүрлі түрде алынды. Осының нәтижесінде, Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастырудың алғашқы кезеңінде тұрғылықты халықтың екі миллионнан астам адам ашаршылықтан өлді. Ұжымдастыру салдары азық-түлік қауіпсіздігіне кері ықпалын тигізгені айдан анық көрініс тапты. БКП Орталық комитеті 1932 жылғы 17-қыркүйекте «Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы туралы» қаулы қабылдады.
Ауыл ашруашылыңы кезенңінде кеңес заманының жеңіуіне байланысты (1935-1956), осы кезеңде колхоздар шаруашылықтың ұжымдық-құқықтық нысаны болды, козхохдың үлгілі жарғысы ретінде базалық шығарылған заңдары болды. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылғына әскер мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Алайда, республикада мал шаруашылығын көтеруге ешбір жағдай болмады: техника, жұмыс күші жетіспеді, шөп дайындайтын адамдар болмады, мал азығының тапшылығы байқалды. Республика жайылымдық мал шаруашылғын дамытуға бет бұрды. Жалпы соғыс жылдары жартылай көшпенді өндірістегі жайлымдық мал шаруашылығының қажетіктері үшін жайлымдар мен шабындықтардың 20 млн. га жері игерілді [4] .
1953 жылдан бастап КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда тың және бос жатқан жерлерді игеру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде, Республикада тек 1954 жыл мен 1958 жыл аралығында ғана тың жерлерінде 326 жаңа кеншарлар және бос жатқан жерлердің негізінде 206 әл-ауқаты нашарлау кеншарлар құрылды. Жалпы алғанда 1954-1966 жылдары жаңа кеншарлар ұжымдастырылды.
Ауыл шаруашылығы заңдарының социалистік даму кезеңдерінің бірі болды (1956-1985) . Бұл кезең ауылшаруашылық кәсіпорындарды реформалау тұтастай мемлекетке өткізілді, жарым-жартысын жоя отырып, ал бұдан былай колхоздарды қайта құра отырып; өндірістің барлық меншік құралдары толық мемлекеттік болып танылатын бірінші орныды совхоздар құру болды.
Ауыл шаруашылығы дамып, ауыл шаруашылық өндірісінің аталған ерекшеліктері аграрлық құқықтың да ерекшеліктерін көрсетеді, ла бұл олардың байланысын және ұқсастығын білдіреді. Осындай саланы бөліп шығару керектігі туралы сұрақтар ғылымда туындаған 70 жылдардың басында туындаған. Осы кезеңде азық-түлік мәселесі малға қойып әр түрлі бағдарламалар дайындалған және ғылыми еңбектер шығарылған. Аграрлық құқықтық бір саласы ретінде танылған азық-түлік қауіпсіздігі негізгі проблема ретінде алға қойылып отрыған. Заң әдебиеттерінде бұл мәселелер бойынша даулар туындаған. Ол уақытта колхаздық құқық ауыл шаруашылығы саласындағы барлық қатынастарды қамти алмайтын, өйткені совхоздардың - мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындардың саны тез арада өсіп кетті. Экономиканың дамуының жаға жолдарын іздеу, азық-түлік мәселелерін шешу агроөнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың пайда болуына әкелді [5] .
Ауылшаруашылығы заңдарының кайта даму кезеңі (1985-1990), ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің құқығын және жағдайын жоғарлату. сондай-ақ ауылшаруашылық кооперативтері мен шағын кәсіпкерлердің кең ауқымды байланыс құруына дамыту болды. Соған сәйкес «Шаруа шаруашылығы туралы» заң 21 мамыр 1990 жылы қабылданды. Бұл заңда ауылшаруашылық тауар өніруші субъектілернің құқықтық жағдайын анықтау, шаруашылқтың ұжымдық-құқықтық нысаны қарастырылған.
1991 жылы Қазақстан Республикасы КСРО-дан бөлініп шығып өз егемендігін алды. Осы кезеңнен бастап мемлекет нарық заманына көшті, сондай-ақ ауыл шаруашылығын өндірісі де жаңа бағыт алып, азық-түлік қауіпсіздігі жаңаша жолмен жүргізіле бастады. Аграрлық заңнама дами бастады және бірнеше кезеңдерден өтті [7] .
1-кезең
1) «Ауылды (селоны) және агроөнеркәсіптік кешенді басым дамыту туралы» заңы 13 ақпан 1991 жылы қабылданды
2) «Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындардың мүлігін жекешелендіру туралы» заңы 14 қаңтар 1991 жылы қабылданды
2-кезең
1) Қазақстан Республикасның жаңа Конституциясы 30 тамыз 1995 жылы қабылдады.
2) «Жер туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 22 желтоқсан 1995 жылғы жаңа жарлығы қабылданды
3) «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» заңы 1998 жылы 31 наурызда қабылданды
4) «Селекция жетістіктері туралы» заң 1999 жылы 13 шілдеде
5) «Астық туралы» заңы 2001жылы 19 қаңтарда қабылданды
6) «Өсімдікті қорғау туралы» заңы 2002 жылы 1 шілдеде қабылданды т. б көптеген заңдар қбылданды.
3-кезең
1) Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдардағы арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы қабылданды
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы қаралды.
Қабылдаған міндеттемелердің орындалуын және көзделген мақсаттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету азық-түлік немесе қысқаша айтсақ, ас - әр адамның да тіршілігіне, өсіп-өнуіне және ағзаны қалыпта ұстауына аса қажетті өнім, техника тілімен өрнектесек, «жанармай», - дейді.
Жаңа жиырма бірінші ғасыр өткен дәуірмен салыстырғанда, азық-түлік мәселесін алдыңғы шепке шығарды. Бұрын құлаққа естіле бермейтін «азық-түлік қауіпсіздігі» атты тың ұғым-түсінік пайда болды шүкір, біздің елімізде азық-түлік қауіпсіздігі жөнінен өзге өңірлерден көш ілгері. Ең бастысы - нанымыз бар. Бау-бақша өнімдерінен құралақан емеспіз.
Жалпы, азық-түлік мәселесін тәптіштеп айтуымыз да бекер емес. Азық-түліктің жетіспеуінен тарихтан мәлім, талай «күріш», «нан», «тұз» бүліктері болған. Осыдан санаулы айлар бұрын Мысыр, Ауғанстан, Боливия сияқты елдерде болып өткен халық толқулары - кейде азық-түліктің саясат ұранына айналып кететіндігінің бір айғағы [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz