Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар. Сүйек байланыстары



АКАДЕМИЯСЫ
Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар. Сүйек байланыстары.
Орындаған: Шайловбек Ф.
Тобы: ЖМҚА 03-18 «Б»
Қабылдаған: Адильбекова А. Д.
Шымкент 2018 ж
Жоспар:
- Кіріспе;
- Негізгі бөлім;
- Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы
- Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар
- Сүйектердің байланысуы
- Қорытынды;
- Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Сүйек тіні-дәнекер тінінің ішіндегі жоғары мамандан-ған, аралық заты минерализациялан-ған, құрамында 70% ана-органикалық зат болса, оның ішінде ең көбі кальций фосфаты болып табылады. Басқа сүйектің құрамында 30-шақты микроэлементтер болатыны белгілі, оларға:мыс, цинк, барий, магний, т. б. тағы басқалар жатады. Сүйекте аздаған су, хондроэтин күкірт қышқылы және көп лимон қышқылы болады. Лимон қышқылы кальций мен байланысып мықты сүйектің органикалық матриксін түзеді. Сүйек тіні екі топқа жіктеледі:ретикулофиброзды және пластинкалы. жіктелуге сүйек тінінің аралық затының құрылыс ерекшелігімен физикалық қасиеті негіз.
Негізгі бөлім
Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы
Сүйек тінінің физиологиялық регенерациясы - периосттың, эндосттың және остеон каналындағы остеогенді жасушалардың есебіне жүретін өте баяу процесс. Сүйек тінінің жарақаттанудан кейінгі регенерациясы сынған сүйектің ұштары бір-біріне қатысты ығыспаған жағдайда жақсы жүреді. Сүйектің түзілуі тура емес остеогенез бойынша жүреді. Остеобласттар сүйекті құрастырғанға дейін, остеокласттар сүйек ұштары арасында кішкентай саңылау түзеді. Осы биологиялық заңдылыққа байланысты травматологтар сүйек регенерациясы барысында біртіндеп сүйек ұзартатын аппараттар қолданады.
Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар
Сүйек тінінде өмір бойы сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі факторларына байланысты бір-бірімен тығыз байланысты бұзылу мен жаңару процестері жүріп отырады. Остеондардың қайта құрылуы біріншілік остеондардың бұзылуы салдарынан жүреді. Остеокласттар әсерінен остеонның пластинкалары бұзылып, оның орнында қуыс пайда болады. Бұл процесс резорбция деп аталады. Қуыстағы қантамыр айналасында остеобласттар пайда болып, жаңа плпстинкалардың қалыптасуы жүреді.
Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлардың ішінде ерекше орынды пьезоэлектрлік эффект алады. Сүйек пластинкасының иілген жерлерінде дөңес және ойыс жақтары арасында белгілі бір потенциалдар айырымы пайда болады. Дөңес жағы - оң, ойыс жағы - тері зарядталады. Теріс зарядталған бетінде үнемі остеобласттардың активтеліп, аппозициональды сүйек түзілу процесі өтеді. Оң зарядталған бетінде остеокласттар қатысатын резорбция құбылысы байқалады. Нөлдік потенциалғ сүйек тініне физикалық күш түсірмеу остеокласттардың қызметін жоғарылатып, сүйектің тұздардың шығарылуына әсер етеді.
Сүйек тінінің құрылысына витаминдер (С, А, Д), қалқанша, қалқанша маңы және тағы да басқа эндокринді бездердің гормондары әсер етеді.
Балаларда А витамині жетіспеушілігі кезінде сүйектердің өсуі тоқтайды. Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына шалдықтырады. Ең алдымен остеогенез бұзылады: аяқ-қол сүйектерінің, бассүйектің және кеуде сүйегінің деформациясы, тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады. Ересектерде авитаминоз кариес пен остеомаляцияға (сүйектің жұмсаруы нәтижесінде қисаюы), ал қарт кісілерде остеопороз (остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі) байқалады. Сүйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің тапшылығы сүйек тінінен кальцийдің шайылуының күшеюімен және бүйрек каналдарында кальций реабсорбциясының бұзылуымен түсіндіріледі. Д витаминін шамадан тыс қолдану сүйектің деминералдануына, олардың сынғыштығына әкеледі. Қандағы кальций мөлшері артады.
Қалқанша безінің гормоны - кальцитонин - сүйекте оның тіндерінен кальцийдің шығуын әлсіретіп, сүйек тінін бұзатын остеокласттар қызметін тежеп, сүйек тінін түзетін остеобласттар қызметін белсендіреді. Сүйек құрамындағы фосфор қышқылы тұздарының деңгейін төмендетеді. Қалқанша маңы безі гормоны - паратгормон - сүйекте саұталған кальцийді қанңа шығарады. Соған сәйкес сүйектен кері сіңудің басқа өнімдері босатылады. Паратгормонның аталған әсері негізінен остеобласттарды бұзатын ферменттері бар, оның байланыстарынан кальцийді жұмылдыратын жасушаларды белсендіру қабілетіне байланысты. Паратгормон остеобласттардың құрылыс үрдістерін тежейді. Паратгормонның бұл әсерлері бірігіп, кальций мен фосфордың сүйектен шығуына, тіпті ондағы белокты құрамыстың қалыпты жағдайдан бұзылуына алып келеді. Гормон мөлшерден артық болса, сүйекте бос кеңістік пайда болады, яғни остеопороз дамиды.
Сүйектердің байланысуы
Сүйек байланыстары туралы ілім синдесмология деп аталады. (латынша син-байланыс, десмо-байлам, логос -ғылым деген сөздер)
Сүйектердің байланысу түрлерін 3 топқа бөлуге болады:
1. қозғалыссыз немесе синартрозды байланыстар
2. қозғалмалы, буын немесе диартрозды байланыстар
3. жартылай буынды немесе симфиз
Қозғалыссыз байланыс кезінде сүйектердің бірімен-бірі қосылысқан ара жігі білінбей тұтасып кетеді. Сүйектерді жалғастырушы ұлпалардың өзгеру жағдайына қарай синартрозды байланыстар үшке бөлінеді:
А) талшықты немесе синдесмозды байланыстар
Ә) шеміршекті немесе синхондрозды байланыстар
Б) сүйекті немесе синостозды байланыстар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz