Девиантты мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік және биологиялық факторлар


әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Девиантты мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік және биологиялық факторлар
Тексерген: Мамытканов Д. К.
Орындаған: әлеуметтік жұмыс мамандығының
3 курс студенттері
Таймуратова А. К.
2018 -2019 оқу жылы
Девиантты мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік және биологиялық факторлар
«Балаларда кездесетін өзін-өзі сыйлауының төмендігі девиантты мінез-құлықтың барлық түрінде көрініс береді, сондай-ақ қылмыстық топқа ену арқылы құқық бұзушылық әрекетінің болуы, наша қолдану, ішкіштік, агрессия, суицидті мінез-құлық және әртүрлі психикалық бұзылулар орын алады» (В. Т. Кондрашенков) .
Осыған байланысты әдебиеттерде девиацияға мынадай себептер негіз болады:
- Девиантты мінез-құлық көрсетудің негізгі себебі - өзін-өзі сыйлауының төмен болуы, өйткені индивид қоғамдағы өзінің қылықтары арқылы жағымсыз қатынастарды табады;
- Өз-өзін сыйлауы төмен антинормативті мінез-құлқының өсуіне байланысты анти әлеуметтік топтың әрекеттеріне қосылып, өзінің статусын құрдастарының арасында көтеруге тырысады;
- Кейбір жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық өзін өзгелерге сыйлату үшін жасаған шаралар болуы мүмкін.
И. А. Невский және Л. С. Колесованың жүргізген зерттеулері барысындағы сауалнамалар девиантты мінез-құлық көрсетуге әсер ететін сырқы факторларды келесі топтарға бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:
1. Индивидтің әлеуметтік бейімделуінде қиындық туғызатын, асоциалдық мінез-құлықтың алғышартының психобиологиялық деңгейіне ықпал ететін индивидтік фактор;
2. Мектептегі және отбасындағы тәрбиенің олқылығынан пайда болатын психологиялық-педагогикалық фактор;
3. Кәмелетке толмаған баланың отбасындағы, ауласындағы, оқу-тәрбие ұжымындағы жақын құрбыларымен болған жағымсыз қарым-қатынасының ерекшелігін айқындайтын әлеуметтік-психологиялық фактор;
4. Өзі қалаған қарым-қатынас ортасындағы индивидтерді белсенді таңдау қатынасына, қоршаған ортадағы құндылықтар мен нормаларға, отбасының, мектептің және қоршаған ортаның, сондай-ақ өзінің жеке құндылық бағдары мен мінез-құлқын өздігінен реттеушілік қабілетінен туындайтын жеке тұлғалық фактор;
5. Қоғамда өмір сүрудің әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын айқындайтын әлеуметтік фактор.
Көп жағдайда девиантты мінез-құлықтың пайда болуына әлеуметтік факторлар түрткі болады: 1) мектептегі қиындықтар;
2) өмірдегі соққылы оқиғалар;
3) девиантты субмәдениеттің ықпалы;
Білімнің төмен деңгейі, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, психологтың талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ал кейде, психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ, әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады. Жүйке аурулары отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген оқушы өзінің өмірде ешкімге қажетсіздігін сезінеді, соның салдырынан уайымға беріледі, иммунитеті төмендейді. Осындай мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды ғалым А. С. Спиваковская екі топқа бөліп қарастырады. Олар:
И. И. Шурыгина, А. К. Матейчик отбасында балаға дұрыс тәрбие бермеудің төрттүрін көрсеткен. Олар: қабылдамау, гиперсоциалды, қорқақ-секемшіл, эгоорталықты . Осы түсініктерге сипаттама беріп кетейік.
- Қабылдамау. Егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік болмаса, бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезден бастап, баланың дүниеге келуіне қарсы болғаннан пайда болады.
- Гиперсоциалды. Мұндай ата-аналар «дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйықтағысы келсе оны ұйықтатады. Гиперсоциалды бала робот-автомат сияқты өмір сүреді.
- Қорқақ-секемшіл. Бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың балалары шамалы ауырса, оны үйден шығармай, бүкіл отбасы болып соның бетіне қарап, баланың ойын алдын ала ауруға дайындайды.
- Эгоорталықты. Бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік деңгейі жоғары болады. Баланың ортаға деген көзқарасы төмен болады.
Бала мінез-құлқының қиын болып келуі бірнеше факторға байланысты:
1. Биологиялық фактор.
2. Үйішілік фактор.
3. Географиялық фактор .
... жалғасыЖоғарыда қарастырылған факторлардың баланың қалыпты мінез-құлқын сақтай алмауына алып келетіндігін ескеретін болсақ, оның көріну сипаттарын мынадай жайттармен байланыстырып түсіндіруге болады:
1. Оқшаулану кикілжіңді жағдайға ұшыраған адамның өздігінен бұл жағдайдан шыға алмаған кезінде көрінеді. Ол стресстен шығу үшін өзінің «мен»-інің өзін зақымдаған ортадан байланысын үзуге талпыныс жасайды. Бірақ кикілжіңді жағдайдан бұлай кету адам мен оны қоршаған орта арасында күн өткен сайын оқшаулануды, психологиялық арақашықтықты өршіте түседі. «Қашқын» индивидті орта «бөтен, қаңғыбас» адам ретінде қабылдайды. Соның нәтижесінде «Қашқын» индивид жағымды эмоция жетіспеушілігін басынан кешіреді.
2. Дербестігінен айырылу өзіндік «мен»-інен бөлектене бастаған кезде көрінеді, яғни өзін-өзі түйсінуді жоғалтады, кез келген іс-әрекет өзінің маңызын жоғалтады, эмоциясы сөнеді. Егер мұндай күйзелістер ұзақ болса, психиатрдан кеңес алу керек.
3. Депрессия - бұл жағымсыз эмоциялық белгісі бар аффектілі күй. Депрессия кезінде жан дағдарысы мен үмітсіздік сезімі күшті қамығумен қатар жүреді. Депрессия кезінде уақыт өтпей, жұмысқа деген қабілет елеулі түрде төмендейді. Бұл жағдай өзіне-өзі қол жұмсауға алып келуі мүмкін. Депрессияның өту сипаты әртүрлі формада көрінеді.
4. Бақылаудың локусы. Адам маңызды жағдайларда басқа адамдарға деген жауапкершілікті өз мойнына алуға бейім болады. Ал кей жағдайда адам өзінің өмірін толығымен сыртқы күштерге тәуелді деп санайды. Осыдан үмітсіздік пен әлсіздік пайда болады. Мұның өте ауыр формаларында өзін кінәлі сезіну, жақын адамдарын жоғалтудан болған стрестік ситуация, беделді тұлғалар жағынан болған сын суицидті іс-әрекетке әкелуі мүмкін.
5. Дене бітіміндегі кемістігінен күйзелу. Бұл күйзеліс сыртқы түр-тұрпатымен байланысты, яғни бетке түскен секпілден бастап, толықтық, аяқтың жіңішкелігі, бел және т. б. неше түрлі дене мүшелерімен байланысты туындайды. Өзінің дене бітіміне көңілі толмаушылық олардың өзіне деген сенімін азайтып, тіпті бақытсыздыққа соқтыруы мүмкін.
6. Философиялық синдроммен улану. Балалардың тұрмыс мәселелеріне деген қызығушылығы, әдетте, қалыпты құбылыс. Бірақ балалардың кейбірінде бұл қызығушылық басқаша формада көрініс береді: әлемді құрудың жалпы заңдылықтарын қайта жасау, олардың жоспарын жасау секілді мәселелермен байланысты туындаған көзқарастарының болуы.
7. Оқу неврозы мектепке, университетке барғысы келмеудің табанды түрде қарсылығынан көрінеді. Невроз - оқытушы мен сыныптастардан конфликтілі қарым-қатынастан кейбір жекелеген оқу пәндеріне немесе барлығына бірдей қатынасқысы келмеуінен туады. Әсіресе, одан мектеп оқушылары зардап шегеді
Отбасының моральдық-адамгершілік бейнесіне қарай ондағы тәрбиеленіп жатқан баланың әлеуметтенуіне ықпалы да әртүрлі болады. Олар төмендегідей:
1) Тәрбиелік әсері күшті отбасылары. Оның негізгі белгісі - отбасының жоғары құлықтылық атмосферасы;
2) Тәрбиелі-тұрақтылық - жақсы тәрбие бере алуға деген мүмкіндігі бар отбасылары. Мұндай отбасында девиацияның орын алуы басқа институттар арқылы, көбінесе мектептердегі баланың жағдайымен байланысты ауытқулардың орын алуы байқалуы мүмкін;
3) Тәрбиелі-тұрақсыздық - мұнда да толықтай жағымды мүмкіндіктер бар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz