Қазақстандағы мұнай – газ кешендерінің дамуы: Құлсары, Сағыз қалалары
Қазақстан Республикасының ғылым және Білім министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстандағы мұнай - газ кешендерінің дамуы: Құлсары , Сағыз қалалары
Дайындаған: Ист-41 топ студенті,
Байтурсынова А.Ж
Тексерген: т.ғ.к, доцент
Байбулсинова А.С
Орал, 2018 жыл
Жоспары:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І тарау Батыс Қазақстан аймағының мұнай - газ кешені ... ... ... ... ... .
1.1 ХҮІІІ ғасырдан бастау алған мұнайлы өлке - Атырау ... ... ... ... ...
1.2 Құлсары қаласының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ тарау Қазақстанның мұнай - газ өнеркәсіп тарихы ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қазақстанның мұнай - газ өнеркәсібінің потенцалы ... ... ... ... ... ...
2.3 Сағыз өнеркәсібі және оның тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму стратегиясында үлкен орынды еліміздің мұнай - газ кешені алады . Мұнай өнімдерінің қазіргі қоғамдағы алатын орны өте үлкен. Ғылыми - техникалық дамуды шикізаттың бұл түрінсіз елестетудің өзі қиын. Қазақстан үшін мұнай және газ конденсатының қоры үлкен мағынаға ие, себебі мұнда ұлттық экономиканың салаларының мұнай өнімдеріне деген сұраныстары ғана қанағаттандырылмайды, сонымен бірге мұнайдың белгілі бір бөлігі экспортқа шығарылады, бұл мемлекеттік бюджетке табысты түсірудің негізгі көзі болып табылады. Мұнайды экспортқа шығарудан түсетін валюталық түсімдер арқылы, Қазақстан өзінің экономикасын нарықтық экономикаға қайта құруды негізінен аяқтады. Мәселен, мұнай - газ саласынан түсетін түсімдердің нәтижесінде 2001 жылдан бастап, республикамызда Ұлттық Қор қызметін атқаруда.
Мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларының дамуына жағдай жасайды. Олардың қатарына отандық энергетикалық, тасымалдау, машина жасау, химия және мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, авто жолдарын салу және тағы басқа салалар жатады. Көмірсутектің өте үлкен қорына ие. Қазақстанның дамуының жаңа сатысы негізінен осы мұнай-газ комплексінің дамуымен байланысты. Республиканың мұнай-газ саласы негізінен төрт салаға бөлінеді: мұнай өндіру, мұнай өңдеу, газ өндіру, газ өңдеу. Бұл салалар өзара байланысты, өйткені өндіру және өңдеу процесстері бірін-бірі толықтырады. Барланған қордың көлемі бойынша, әлемде біздің ел мұнай бойынша 12-орында, газ конденсаты бойынша 15-орында, ол өндіру деңгейі бойынша 23-орында тұр. Қазақстанның үлесіне әлемдік мұнай қорының 1,5 % келеді, мұнайдың алынатын қоры - 2,2 миллиард тонна, конденсат 690 млн. тонна және 2 трлн. м³ газ қоры бар. Қазақстан Республикасында көмірсутек ресурстарының болжамдық көлемі 17 млрд. тонна мұнайды құрайды, оның 8 млрд. тоннасы Каспиий теңізінің қазақстандық секторына тиеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан энергоресурстары әлемдік нарыққа ықпал ете алатын көмірсутектің бай қорына иеленуші болып табылады. Елдің табиғи-шикі потенциалын отандық және шетелдік эксперттердің бағалауы бойынша бірнеше айырмашылықтар бар. Мысалы, British Petroleum эксперттерінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның мұнай қоры 1,1 млрд тоннаны құрайды және ТМД елдерінің ішінде, Ресейден кейінгі екінші орында тұр.
Тарих беттеріне көз жүгіртсек , мұнай өндірісін Ұлы Отан соғысы кезінде тылда күн - түн демей жанқиярлықпен еңбек еткен мұнайшылар Төреханов Ақбергенді, Жұбатқанов Борашты, Дүтпаев Ермекті, Оразов Әбілді, Қалабаев Әбішті, Оразов Тәжіғалиды, Оразов Мизамды, Дінешов Әбдешті, Шырдабаев Шашпанды және т.б. қалай ұмытамыз. Соғыс жылдарында Ембіде мұнай өндіру көлемі бүкіл революциядан бұрынғы дәуірден 2,5 есе үшінші бесжылдық кезеңінен 15,2 пайызға артты.
1940 ж өндірілген мұнай 695 тонна болса, 1944 жылы ол 788 мың тоннаға жетті. Со,ыстың қиын - қыстауына қарамай Доссорда автокөлік жөндеу зауыты 1944, Қамыскөлде электростанциясы салынды 1945.
Соғыстан кейінгі бесжылдықтар кезінде Қазақстан мұнайшылары күйкі тіршіліктен шығып, күш - жігерін, өндіріс қуатын арттыруға арнады. Ұлы Отан сонғысы тұсында төрт кәсіпшілік өндіріске қосылса да, соғыс аяғына таман шығарылатын сұйық отынның көлемі төмендеп кетті, 1945 жылғы өндірілген мұнай, 1943 жылөғы өндірілген мұнайға қарағанда 20 пайыз кем болды.
Алайда, бұл Қазақстан мұнайының азайғанынан емес еді. Осы аймақ игеріле басталғаннан бергі 40 жылдың ішінде айқын болғандай 1,5 мың кен құрылымының 32 ғана барлаудан өткен еді. Соның 20 - нан мұнай белгілері байқалса, 12 - нен ғана отын қндіріліп тұрды. Жер қойнауындағы тұнып жатқан мол байлықтың кең көлемде игерілмеудің басты себебі - табиғаттың қаталдығынан еді.
0.1 ХҮІІІ ғасырдан бастау алған мұнайлы өлке - Атырау
Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде−ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. XVIIIғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі. И. Лепехин 1768, П. И. Рычков 1772, П. С. Паллас 1773, С. Г. Гмелин 1785, Г. Гельмерсен 1836, тағы басқалары Атыраудың географиялық жіне топографиялық құрылымына, су қорлары мен кен байлықтарына қысқаша геологиялық сипаттама берді. зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды [1].
Атырау өңірін алғашқы зерттеушілердің бірі - Н. А. Северцов. Ол 1860 жылы Горный журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен - деп жазады. Біздің осы өлкемізде 1874 жылы инженер Д. В. Кирпичников келіп, бірнеше кен орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, әлгі Доссор кені жайлы мынадай тұжырым жасады: Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы, шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану өте қиынға соғады. Ол тұста бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймайды. Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келеді. 1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 ұңғымадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі - Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.
Төңкеріс алдындағы мұнайшылар өмірі қиын болды. Міне осындай жағдайда Қазан көтерілісіне дейін республикалық мұнай өнеркәсібі қарыштап дами бастады. Оның нағыз қанат жаюы Кеңес үкіметі жылдарында болды десек, бұл бұрынғы тарихи топшылау емес, ақиқат, шындық.Кеңес үкіметі кешегі көшпелілердің өмірін танымастай өзгертіп, қазақ жұмысшы табын шындады. Мұнайлы Ембі алғашқа кәсіпшіліктерінде жұмыс істеген М.Сартов, М.Жұмағалиев, П.Кочнев, Х.Төрәлиев, Б.Айтмағамбетов, С.Зорбаев, А.Ильясов және т.б. болды. Олар жаңа үкәметті орнатуға ат салысты. Сонау 1919 жылы В.И.Лениннің негізгі отын қоймасы жау қолында қалған кезде, Гурьевті, Жайық сағасын азат етуге болмас па екен деуі тегін емес.Қызыл Армия Доссор, Мақат кәсіпшіліктерін ақ гвардияшылардан азат етпей жатып, В.И.Ленин мұнайды тасымалдау мәселесін күн тәртібіне қойды. 1920 жылы 24 қаңтардағы Москвада болған кен жұмысшылары мен қызыл армияшылар конференциясында В.И.ленин Енді бізде Гурьев мұнайы бар− деп мақтанышпен мәлімдеді, Гурьевті Атырау деп түсінсек, онда Атырау мұнайын өндіру сол кезде - ақ құралған Жайық − Ембі ауданының мұнай кәсіпшілік басқармасына табыс етілді. Бұл жаңа басқарма трест 1920 жылы Отан қоймасына 1,5 млн пұт мұнай құйды. 1922 жылы қазанда басқарма Эмбанефть тресі деп аталып, қайта құрылды. Бұл трест 1924 жылға дейін Москвада болды, кейін Гурьевке қоныс аударды. Қазіргі Атыраудың көптеген мұнайшыларын тоғыстырып отырған Эмбанефть бірлестігі өмірге осы трест негізінде келген кәсіпорын. Жас үкімет жаңа кен орындарын игеруге, бұрғылау, құрал - жабдықтарын тасымалдау, азық - түлік, құрылыс материалдарын жеткізу мақсатында жаңа тас жоы және темір жол қатынастарын қажет етті. 1925 жылы үкіметтің арнаулы қаулысы бойынша Гурьев пен Доссор арасында 93 км табанды темір жол төселді. 1927 жылы іске қосылған бұл жолмен жылына 120 мың тонна жүк тасылды. Бұл тек мұнайлы Ембінің емес, бүкіл қазақ елінің дамуына үлкен әсер етті [[2]].
Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, білімді мамандар жда қажет болды. Сондықтан 1930 жылы Гурьев мұнай техникумы ашылды. Кейіннен бұл оқу орны Политехникум деп аталды. Кезінде И.М.Губкин, С.М.Миронов, т.б. академиктер Атыррау өңірінің болашағын жоғары бағалап, бұл өңірді батыл барлау, жаңа кен көздерін ашып, халығ игңлңгңне жарату мәселелерін ортаға қойды. Кен орындарды игеруді ғылыми тұрғыдан бақылап отыру үшін Эмбанефть тресінің өзінен орталық ғылыми - зерттеу лабораториясы 1934 құрылды.
Осыған орай гравиметрия, электрокаротажсияқты геофизикалық әдістер Атырау өңірінде тұ ңғыш рет игеріліп, тым жақсы нәтижелерге қол жетті. Енді мұнайлы Ембінің Доссор, Мақат сияқты көне кен орындарының қатарын жаңа кеніштер толтыра бастайды. Ескене 1934 , Байшанас 1935, Қошағыл 1935, Сағыз 1938 , Құлсары 1939 сияқты жаңа кен орындар іске қосылды [[3]].
1959 - 1969жж арасында Терістік Каспий ойпаттарында оншақты мұнай газ кен орындары (Прорва, Ақтөбе, Қараарна, Терістік, Тереңөзек, Шығыс - Құлсары, Мартыши, Камышитовый, Таңатар, т.б.) ашылды. Бұл кен орындарын төтенше барлау, өндірістік игеру жұмыстарын басқару жөнінде геолог Маташев Мажиттің еңбегі аса зор деп айтуға болады. Осы маманнның енгізуімен құлсарыдағы XXI-XXII пермотриас горизонттарын жаға әдіспен игеру арқасында көптеген қосымша мұнай өндірілді.
Жаңа кеніштердің қатарға қосылуы мұнай өнімін еселей арттырды. Атырау мұнайын еліміздің шығысына кідіртпей жөнелту үшін 1936 жылы Каспий - Орск мұнай құбыры іске қосылды.Кезінде Гурьев - Қосшағыл су құбырының іске қосылуы үлкен оқиға болды. Еліміздің орталық облыстарына тікелей шығу үшін Гурьев - Қандыағаш кең табанды темір жолының өмірге келуі де маңызды болды. Соғыс басталарда Ембі - еліміздің қоймасына сапалы мұнай беретін жылына 700-750 мың тонна. Сол кездегі үлкен мұнайлы өңірдің бірі еді. Қарап отырсақ бұл күнде қара алтынның қайнар бұлағы атанған мұнайлы Ембі өзінің бастауын Доссор мен мақаттан алғанмен, өмір алға аттанған сайын арнасы кеңейіп өсе берген екен. Тек Ұлы Оттан соғысы жылдарында 15 жаңа кеніш ашылып, Мақат - Комсомол - Қошқар - Сағыз мұнай құбыры төселіпті. Доссорда автомобиль жөндеу зауыты (1944), Қамыскөл электростанциясы тұрғызылды(1945). Сол бір қиын қыстау кезінде мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде талай - талай рекордтар жасалып, небір озық технологиялар енгізіле бастады.
Қазақстан мұнайшылары үшін үлкен сын болған белестің бірі - Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдары еді. Майданға аттанған ер азаматтардың орнын жоқтатпай, өндіріс ырғағын қалыпты ырғағы - мұнайшылардың алдына қойған қатал талабы мен міндеті еді. Қорғаныс қажетіне көптеп мұнай беру үшін қажымай еңбек етіп, ерлер қатары майданға кетіп сиреген соң, солардың орнын толтыратын жқмысшы күшіне мұқтаждық туды. Міне, сондай қажыр - қайрат буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалардың, елңкейген кәрілердің бойынан табылды. Ерлердің мамандығын әйелдер меңгерді. Мысалы, қызыл әскердің жұбайы Сарманова мұнай өндірісі Байшонас кәсіпшілігіне мұнай өндіруші оператор, үй шарушылығындағы Айманова Доссор кәсіпшілігінде балғашы, Сағыздық Бекмағамбетова шофер, екі баласымен үй шаруасына отырған Завалова Доссордағы автотранспрот мекемесінде тракторшы болып жұмыс істеді. Кейіннен осылардың көпшілігі өндірістің майталман маманы атанып, құрметке бөленді. Мұщнайшылар қатары кәсіпшілік училищелерді бітірген жастармен де толықтырылып отырды. Батыстағы ірі кәсіпорындар шығысқа көшіріліп, Өндіріске қавжетті жабдықтар, қосалқы бөлшектер шығарылмай жатқан ауыр кезеңде басқа жақта күтір отыруға болмайтын еді. Сондықтан ішкі резервтерді іздестіріп, бар мүмкіндіктерді толық пайдалану қажет болды.
1.2 Құлсары қаласының тарихы
Жылыой ауданы - Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін аудан. Мұнда мұнай өндіру өнеркәсібі тұңғыш рет 1899 жылы Қарашұңғыл деп аталатын қоныстағы №7 ұңғымадан Қазақстандағы тұңғыш мұнай атқылауы басталды. Қазір мұнай (және газ) Теңіз, Құлсары, Прорва, Королев, Сарықамыс, Қаратонкендерінен өндіріледі. Теңіз кенінде мұнай мен газ өңдейтін өте ірі мұнай-газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Басты кен байлығы - мұнай мен газ. Аудан жерінің қойнауында 40-қа жуық көмірсутек кен орындары бар және олардың жалпы қоры (2,5 млрд т) бойынша республикада 1-орын алады. Ең ірі кен орындары: Теңіз, Қарамылтық, Королев, Прорва, Қаратон, Ақінген, Сарықамыс және Каспий теңізіндегі Шығыс Қашаған. Жылыой өңірінде алғаш мұнай тапқан Қызылбаев Бешім ақсақал. Ол жер бетіне шығып жатқан мұнайды барлаушы-геологтарға апарып көрсеткен. Мұнай халық комиссары Қызылбаев Бешімге осы еңбегі үшін өмірлік зейнетақы тағайындаған. 1930 жылдан бастап ауданда мұнай іздеу жұмыстары қолға алынып, Қаратон, Иманқара, Қарашүңгіл, Қосшағылға бұрғы салынды.1935 жылы Қосшағыл кен орны игеріліп, басқа да мұнай алаңдары ашылғанан кейін, аудан орталығы Қаңбақты (Жилая каса) поселкесінің экономикалық, әкімшілік орталығы ретінде қалу мәні кете бастады. Аудан орталығы 1938 жылы Қосшағыл поселкесіне ауыстырылды. Енді Жылыой өңірінің болашағы мұнаймен байланысты болды. Аудан өнеркәсіппен, ауылшаруашылық бағытында дами бастады. Ауданда бұрғылау жұмыстары кеңінен етек алды. Ұлы Отан Соғысы жылдарында жылыойлықтар Бәрі де майдан үшін, бәрі жеңіс үшін деген ұранмен бүкіл күш-жігерін жеңісті жақындатуға жұмсады. Аудан еңбекшілері майданға жылы киімдер жіберді. Қазақстан, Жаңа жол колхоздарының төрағалары Қалдан Өмірбаев, Батырбай Бөлекбаев, Атыраубай Танкиевтер 100 мың сомнан, Абай атындағы орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары 25 мың сом қаражат жинап, майдан жеңісіне үлес қосты. Сол үшін ауданға Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталиннен алғыс жариялаған хат келді.
Жылыой ауданы 1928 жылы 6 мамырда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен құрылған. Жер көлемі 29,3 мың шаршы км құрайды. 2009 жылы өткізілген санақ бойынша аудан халқы 77 300 адам болса, оның 56 003 қала халқы, 21 297 адамы ауылдық округ тұрғындарын құрады. Жылыой ауданы Атырау облысының шығыс бөлігіндегі Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағалауымен Жем, Қайнар өзендерінің сағалық бойын қамтиды.
Ауданның қазіргі аумағында Кеңес өкіметі орнағанға дейін Орал губерниясының Гурьев уезіне қараған бірнеше болысы болған. Осы өңірді мекендеген ел Орынборға дейін жаз жайлауға көшіп барып жүрген. Бірақ 1868 ж. патша үкіметінің әкімшілік реформасы, губерниялар мен ояздардың (уездердің) құрылуы халықты ол мүмкіндіктен айырды. Ол кезде 200 үй бір болысқа бірігетін еді. Егер үй саны 200-ден кем болса, ол басқа болысқа қосылып отырған. Казақстан мұнайы тарихындағы бірінші мұнай бұрқағы 1899 Аққұдық аулынан солт.-батысқа қарай 12 км жердегі Қарашүңгіл ұңғысынан атқылады. 5 мың тоннаға жуық мұнай берген бұл бұрқақ 18 сағатқа созылады. 1922 ж. Кеңестердің Гурьев уездік съезі құжаттарында Жылыой ауданы туралы сөз айтылады. Сол жылдарда ауданда Ақбас, Жаршық, Жылыой, Карабайлы, Қарашығыр болыстары болған. Аудан аз уақыттан кейін таратылады да, болыстар оязға тікелей бағынады. 1928 жылғы 6 мамырда Қазақстан Орталық Атқару Комитетінін (КазЦИК) 3- сессиясы құрамына Ембі, Ембі -- Атырау, Ақжал болыстары кірген Жылыой (Жыло- косинский) ауданын кұру туралы Президиумның қаулысын бекітеді. Аудан орталығы 1938 жылға дейін Жылыой (Қаңбақты, 1873 ж. іргесі қаланған) кенті болды. Сол кезде ауданда тұрған 21261 адам (1928) негізінен мал шаруашылығымен шұғылданды.
Жылыойда балық кәсіпшілігі болды. Кейін 4 балық ұжымшары құрылады. 1928 ж. жұтта мал саны өте азайып кетеді; бірақ тез өскен мал басы 1932 ж. 18 250-ге (оның ішінде 2083 жылқы, 4366 сиыр малы, 5259 қой, 6373 түйе), ал 1940 ж. тек қойдың өзі 50 мыңға жетеді. 30-жылдары ауданда мұнай барлау жұмысы кең көлемде жүргізіліп, 1935 ж. Қосшағыл мұнай кеніші пайдалануға беріліп, аудан өнеркәсіптік дамуға бағыт алды.
Жылой ауданының орталығы болған Құлсары қаласының - іргесі 1939 жылы осы өңірден мұнай мен газ өндірілуіне байланысты қаланды. Атауы 19-ғ-дың басында осында өмір сүрген және жерленген, ел арасында беделді, көріпкелдігі де бар Құлсары Адай руынан шыққан. Ата шежіресі бойынша Мұңал - Бәйімбет - Сегізбай - Күшік (Ержігіт) - Айғыр - Тінекей - Құлсары.
1934-1938 жж. аралығында бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz