Жылқы тұқымдары. Дон жылқысы
Мазмұны
Кіріспе
Әдебиетке шолу
І. Жылқы шаруашылығы
1.1. Жылқы - тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы
1.2. Жылқының пайдасы
ІІ. Дон жылқы тұқымы
2.1. Жылқы тұқымдары
2.2. Дон жылқы тұқымының ерекшеліктері
2.3. Жылқы өнімдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жылқы жарықтықтың атам қазақтың тыныс-тіршілігімен біте қайнасып кеткені соншалық, күні кешеге дейін оны адамнан ажырату қиын еді. Тіпті қазақтың өзі де бұрын жылқы мінезді болса керек. Рас, қазір жылқы мінбек түгілі, одан алыстан қашатын қазақтың баласын көргенде, бұрынғының бәрі көзге ертегідей елестейді.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетілдіе түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып отыр.
Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін- жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.
Әдебиетке шолу
Уолтон, Хэммондар (1938) шайр тұқымы жылқысының биесін шотландияның пони тұқымды жылқысының айғырымен шағылыстырғанда алынған құлындарының салмағы шайрдың да, понидың да таза тұқымды құлындарынан 3 есе үлкен болып шыққан.
П.А.Федотовтың зерттеуі бойынша Дон тұқымының ең жақсы малдары Луговой, Дегерес, Алғабас, Қызыл-ағаш жылқы зауыттарында өсірілген.
Х.Арғынбаев, Ә.Төлеубаев, А.Тоқтабаев т.б. этнограф-ғалымдар төрт түлікке қатысты сүбелі еңбектер жазған.
А.М.Щербак, Э.В.Севортян, Г.Н.Потанин, А.И.Левшин, Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, А.И.Добромыслов, А.Е.Алекторов төрт түлік атауларының тілдік тұрғыдан зерттелуіне келсек, алғашқы деректер осы кездеседі.
Ә.Қайдаров, Р.Сыздықованың еңбектерінде жылқыға байланысты табу мен эвфемизмдер талданған.
Ж.Байтелиеваның "Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі" зерттеулерін атауға болады.
М.Бейсенованың, Ұ.Қайырбаеваның, Қ.Шотаның, Р.Панзарбекованың жұмыстарында өзге түліктермен қатар жылқыға қатысты тілдік бірліктерге талдау жасалған.
А.Жылқыбаеваның жұмысында жылқыдан алынатын тағам атаулары талданады.
М.Оразов жылқы атауларын жіктелуін зерттеді.

Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат (зебр), домбай, құлан, керқұлан (онагра), тарпан, түзат жатады.
Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде жойылған. Ерте кездерде тарпан мен түзат қазақ даласында көптеп кездескен. Тарпан XIX ғасырдың бас кезінде жойылған.
Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады. Жылқысын; бұдан 5 -- 6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолға үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Жылқының Қазақстанда қолға үйретілгендігін дүние жүзі ғалымдары мойындал отыр.
Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті түлігінің бірі - жылқы. Ерте замандарда ең көп өсірген, төрт түліктің ішіндегі пір тұтатыны да - жылқы. Жылқының пірі - Қамбар ата. Жылқы көш көлігі және елді, жерді қорғау мақсатында қолға үйретілген. Қазба қалдықтары біздің заманымыздан бұрынғы жеті мың жылдан бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, қазіргі жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жылқылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен. Қазір Моңғолияда ғана жабайы жылқы үйірлері кездеседі. Оны Пржевальский жылқысы деп атайды. Қолға үйретілген кәдімгі жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол -- ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу үшін және спорттық бағыттарда өсіріледі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50-185 см, салмағы 60-1500 кг болады. Жылқы орта есеппен 18-20 жыл, кейде 40 жылға дейін жасайды. Түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді. Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар; баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқылар; алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар жатады. Жылқы будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады. Жылқы жүк жылқысы (Владимир жылқысы, Першерон жылқысы, т.б.), мініс жылқысы (Араб жылқысы, Ахалтеке, т.б.), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы, Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы), тау жылқысы (кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары, т.б.), солтүстік дала жылқысы (витский, эстон, якут жылқылары, т.б.) болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының 250-дей, Қазақстанда 16 түрі өсіріледі. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болды. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуынын негізін қалады. Әсіресе казақ халқы жылқы түлігін ерекше бағалалаған. Адам - жылқы мінезді дейді қазақ халқы. Бұған жылқы -- малдың патшасы, ат - ердің қанаты, т.б. жүздеген мақал-мәтелдерді қоссаныз, халқымыздың адам мен оның жан серігі жылқыға біртұтас әлем ретінде қарағанына жеткізуге болады. Баласының үлкен азамат қатарына қосылуының өзін ат жалын тартып мінді деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі -- тоқым қағар тойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған халқымыз біреумен жауласса ат құйрығын кесіскен, біреудің алдында кінәлі болып қалса ат-шапан айыбын төлеген. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық ауылына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау коршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер; атқамінер, атқосшы, атшабар, т.б. лауазымдар жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді. Халқымыз жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Қазақ даласында өсірілген жылқылар 1- және 2-дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде өткен Жеңіс парадын КСРО маршалы Георгий Жуков Қазақстанның Луговой (қазіргі Құлан) жылқы зауытында өсірілген Араб есімді ақбоз ат үстінде қабылдауының өзінде символдық нышан бар еді. Екіншіден, қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген. Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Мысалы, бүкіл Қазақстанға танымал Құлагер, Жетісуға мәлім болған Көкбайтал, Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстанның біраз жеріне даңқы жеткен Қараат, 20 ғасырдың 60-жылдарындағы Бәшір Кітапбаевтың Құланқарасы, Бұланқарасы, Желмаясы, т.б. Халыққа жақсы танымал Кербескер, Қара жорға, Бестай, Бозжорға, Тепеңкөк тәрізді әндер мен күйлер, Ақан серінің Құлагер, Маңмаңгер, Құлагердің желісі әндері, Біржанның Телкоңыр, Бурылтай, Керкекіл әндері, Кенен Әзірбаевтың Көкшолақ, т.б. әні жылқыны әспеттеудің үздік үлгілері саналады. Жылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған. Дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек жылқымен ғана өлшенген. Жылқысының саны 5 мыңнан асатындар ғана бай санатына жатқызылған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Еті мен сүті үшін өсірілетін қалған жылқылар жабы деп аталған. Қазақтың жабы жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртіп сойған жабы жылқыдан 53-57%, кейде 60% ет алынған (230-250 кг). Қазақ халқы жылқы етінен қазы, қарта, жал, жая, т.б. дәмді тағамдар әзірлеп, терісі мен қылын да шаруашылыққа пайдаланған. Ал жабы жылқының биелерінен тәулігіне 18-20 литр сүт сауылған. Сүті мол бие мама бие деп аталған. Бие желінінің сүтке толып, сауылатын мезгілін сауым дейді. Ал құлындамай қалған биелерді қысырақ деп атайды. Жылқы төлдерін: құлын (биенің жас төлі), жабағы (6 айдан асқан құлын), тай (1 жастан асқаны) деп атайды. Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды: құнажын байтал (2 жастан асқаны), дөнежін шығар (3 жастағы байтал), дөнежін байтал (3 жастан асқаны), бесті бие (4 жастан асқаны), қасабалы бие (7-8 жастағы бие), кәртамыс бие (11-14 жастағы бие), жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. деп атайды. Айғырдың атаулары: құнан айғыр (2 жастан асқаны), дөнен айғыр (3 жастағысы), сәурік айғыр (3-4 жастағы үйірге салынбағаны), бесті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz