Ғылыми танымның әдістері
І. БІЛІМ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Ғылым эволюциясы
Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда
болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды
үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен
тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен
алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге
бағытталған көптеген әдіс – айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз
ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі
болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда
болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен
жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып
табылған, ғылымның тарихи – мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары
көрініс тапқан.
Ғылыми эволюцияның білімді жинауға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа
беруге себеп болған басты фактордың бірі болып жазбаның ойлап табылуы
болды. Шумерлердің пиктографиялық жазбасы б.э.д. 3200 ж.ж. бұрын пайда
болды. Б.э.д. 3000 ж.ж. Египетте иероглифтік жазба деген атқа ие болған
жазбаның жаңа жүйесі пайда болды. Бұл жүйеде әріпті, дыбысты және сөздерді
белгілеу үшін символдар пайдаланылған. Б.э.д. 2800 ж. бұрын шумерлердің
көршілері болған вавилондықтар, ассириялықтар мен парсылар пиктографиялық
жазуды ұшты жазбаға (клинопись) айналдырды. Ақырында б.э.д. 1300 ж. бұрын
Сирияда ең алғашқы алфавит жасалып шығарылды. Онда 32 әріп болды, әріптің
әрқайсысы белгілі бір дауысқа сәйкес болды. Көне гректер осы жазба жүйесін
қабылдап, ол кейін латын алфавитінің негізі ретінде қолданылды.
Көне әлемде білімнің жеткіліксіздігінен табиғат күштері құдайдың
құдіретті күші делініп, табиғатты зерттеушілер құдайдың абыздары деп
саналды. Египеттегі астрономдар деп аталған осындай адамдар күнді аса үлкен
сағат деп санап, ай мен жұлдыздардың орналасуына қарай, Ніл өзенінің тасу
уақытымен көптеген мерекелерді тойлау мерзімдерін анықтап отырды. 365
күннен тұратын ең алғашқы календарды египет астрономы Имхотеп жасап
шығарғандығы белгілі.
Өз кезегінде шумерлер (б.э.д. 4000-3200 жыл бұрын) есептеудің ондық
жүйесін ойлап тауып, өздерін шебер математик және астрономдар ретінде
таныта білді.
Вавилондықтар (б.э.д. 1900-600 жыл бұрын) көп жылдық бақылаулардың
нәтижесінде құрастырылған, планеталардың жылжуын сипаттайтын кестелерді
пайдаланып, жұлдыздар мен планеталардың қозғалуы жайлы жорамал бере білді.
Сонымен қатар вавилондықтар календарды жетілдіріп, болашақты болжауға
тырысты. Вавилондықтар жұлдыздарды өз құдайларының атымен атады.
Вавилондықтардың білімі ертедегі гректер астрологиясының негізі болып
табылды.
Жалпы қабылданған ұғым бойынша қазіргі заман ғылымының бастамасы –
ертедегі грек мәдениеті болып табылды, бұл көзқарасты гректің ойшылдарының
еңбектеріне сілтеме жасаған қазіргі заман ғылымының негізін салушы
Н.Коперник, И.Кеплер, Г.Галилей қуаттады. Ертедегі гректердің адамды
қоршаған әлемді зерттеуінің тереңдігі соншалық, олар түрлі бақылау
жұмыстар, есептеулер жүргізіп, қоршаған дүниені классификациялауының
арқасында, өздерін қоршаған әлемде бақыланып отырған құбылыстар мен
заттарды діни жағынан емес жаратылыстанушылық сипатта зерттеу қажеттігін
түсінді. Ертедегі гректердің ең басты жетістіктерінің ішінде заттардың
атомдық құрылысы жөніндегі ілімді шығарып, академия мен лицейлерді оқу
мекемелері ретінде ашуы болып табылды. Ежелгі гректердің атом жөніндегі
көзқарастары Р.Бойль, И.Ньютон, М.В.Ломоносов, Авогадро, Лавуазье,
Менделеев секілді көрнекті табиғат зерттеушілерінің еңбектеріне үлкен ықпал
етті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінің нәтижесінде, олардың идеяларына
сәйкес атомдық құрылыс тәжірибе жүзінде дәлелденбей тұрып-ақ, заттардың
физикалық-химиялық құрылысы жөніндегі теориясы жасалды. Аталған теорияның
негізінде Х1Х ғасырда химия саласында ғалымдар тамаша жетістіктерге жетті.
Гректердің идеялары Европаға арабтар арқылы таралды. Ежелгі гректердің
барлық еңбектері бізге араб тілінен латын тіліне аудармалары бойынша таныс.
Араб ғалымдары антикалық дәуірдің идеяларын сақтай біліп, оларды
ортағасырлық Европаға жеткізе білді. Ортағасырлық арабтар, кейін римдіктер
ие болған ертедегі гректер философиясы мен білімін тек игеріп қана қоймай,
сонымен қатар аса ірі ғылыми жетістіктерге де жетті. Араб әлемінде әсіресе
900 – 1200 ж.ж. аралығы ғылым мен өнер шарықтап тұрған дәуір болды. Араб
ойшылдары алгебраны ойлап тапты. Тіпті олардың ақындары бірінші болып
математикамен айналысып, кейін ақын болып өлең шығарды. лкен қалалардың
көркейіп, өсуі медицинаның дамуына ықпал етті. Қазіргі Өзбекстанның
жерінен шыққан Абу Али Ибн Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты
еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде
пайдаланылды.
Араб ойшылдары ғылымға тек қана методологиялық нұсқаулар ғана емес,
сондай – ақ көптеген терминдер енгізді: аль хебри - алгебра, аль хемия-
алхимия, аль хогол-алкоголь және т.б. Ғылыми құбылыстар әдетте көптеген
латын және грек сөздерімен белгіленеді де, олар көп жағдайда терминдер
ретінде қалыптасады. Ал араб оқымыстылары болса сол терминдерді ойлап
тапты, ал кейін латын тіліне аударылды. Әрбір ғылымның тек өзіне ғана тән
түсініктері мен терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі. Грек
тілінің көптеген сөздері латын сөздерімен қатар ғылыми терминдер түрінде
қолданылады. Бірақ терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған.
Білім ұрпақтан ұрпаққа кітаптар арқылы жеткізілді, кітаптар қолмен
көшіріліп отырды. Кітаптарды көшірумен жазба жазушылар айналысты. Осы
себепті кітаптар өте аз болды және өте қымбат тұрды. Қағаз бен кітап басып
шығару пайда болысымен, кітапты қолмен көшіруші бір жылда жаза алмайтын
парақты, кітапты басып шығарушы бір күнде басып шығара алатын дәрежеге
жетті. Кітаптар мен брошюралар көпшіліктің қолына тиді, бұл жағдай жаңа
идеялардың кеңінен таралуына тікелей әсер етті.
Ең алғашқы басылым VІІІ ғасырда Жапонияда жарық көрді деп есептеледі.
Бұл ойып жазылған ағаш қалыптардан көшіріліп басылған, түрлі суреттер,
қолтаңбалар салынған дұғалар болды. (Алмас сутра – б.э.д. 868 жылы ең
алғашқы басылып шыққан кітап). Осындай қалыпты жасап шығаруға өте көп уақыт
қажет болды, оның үстіне бұл қалып тек бір ғана бетті басып шығаруға
мүмкіндік берді. Шамамен, 1045 жылы Қытайдың императорлық сотының мүшесі Ли
Чен құрамалы шрифтті ойлап тапты. Ол әрбір қытай иероглифін саздан жасап,
олардың әрқайсысын темірден жасалған арнайы рамаға орналастырды. Бұл
белгілерді қажетінше құрастырып, қайта бөлшектеп, орналастырып, жаңа беттер
жасауға болатын еді.
XV ғасырда қытайдың баспа тәсілдерімен таныс емес, немістің алғашқы
баспашысы Иоганн Гутенберг (1400-1468 ж.) баспа шрифтерін өз бетінше жеке
құрастырып шығарды. Ол әрбір әріпті темірден құйып жасады. Сөздерді
құрайтын әріптер бір ағаш рамаға жиналып, преске орналастырылды, осыдан
кейін оларға бояу жағылып, бір парақ қағаз салынды. Осындай әдіс бір беттің
мыңдаған экземплярын шығарып, одан кейін келесі беттерді басып шығаруға
мүмкіндік берді. 1500 жылға қарай Италияда –100, ал Испанияда – 30 баспа
станоктары іске қосылып, қызмет еті.
Қазіргі заманғы ғылым ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жаңа европалық
цивилизацияның негізінде кітап басып шығару кең таралғаннан кейін пайда
болды. Кітап басу бұл кезде коммерциялық қызмет, яғни пайда табудың бір
түрі ретінде дамыды. Неміс философы К.Ясперс ғылымның қалыптасуының екі
кезеңін көрсетеді:
1 кезең - ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни
ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы
қайнар көздерінің қалыптасуы;
2 кезең- қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып,
XVІІ ғасырда бекінуі. XVІІ ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз қөзғауға
мүмкінді беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы кезеңде ғылымның
радикалды жаңа әдістері мен ұсынылып, танымның жаңа қағидалары ұсынылды.
Рене Декарт - француз математигі және философ, Галилео Галилей –
италияндық астроном, Уильям Гарвей – ағылшын дәрігері, Иоганн Кеплер –
неміс астрономы, Исаак Ньютон – ағылшын математигі, механик, физик және
астроном, Роберт Боиль – ағылшын химигі және физик, голландиялық Ханс Янсен
ойлап тапқан микроскопты жетілдірген ағылшын оқымыстысы Роберт Гук және
басқа да ғалымдар қазіргі заманғы ғылымның негізін салды. Бұл ұрдістің
негізгі себебі, XVІІ ғасырда ғылымның халықтың әл-ауқатын көтеру және
адамның табиғатқа деген үстемдігін орнатудың тәсілі ретінде қарастырылуында
болды. Декарттың замандасы Ф.Бэкон ғылымды табиғатты бағындырудың құралы
ретінде көрсетіп, ғылым дамуының қажеттілігін негіздеуге көп күш жұмсап,
"Күш - білімде" деген әйгілі афоризмін ұсынды. Ф.Бэкон тәжірибені
табиғатты зерттеп, танып табиғат - ананы қинаудың негізгі әдісі деп
қарастырды. Ф.Бэкон тәжірибелік танымның міндеттерін анықтай отырып
"зерттеу", "тексеру","сынау" секілді бірнеше мағыналарға ие “іnquіsіtіon” –
сөзін қолданды. Осындай ғылыми инквизициялардың нәтижесінде табиғаттың
құпиялары ашылды (орыстын “естествоиспытатель” сөзімен салыстырыңыз).
Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес XVІІ ғасырда Лондонда Корольдік ғылыми
қоғам (1662 ж.) және Парижде Корольдік ғылыми Академия (1666 ж.) құрылды.
Осы кезеңнен бергі ғылыми ойды төмендегідей екі түрде сипаттауға
болады: 1) нәтиже беріп, оны қайта тексеруге мүмкіндік беретін тәжірибеге
сүйену; 2) ары қарай бөлшектенуге келмейтін аса қарапайым элементтерді
іздестіруге бағытталған аналитикалық көзқарастың үстемдігі (редукционизм).
Көптеген ғалымдардың көзқарастары бойынша, қазіргі заманғы ғылымның
бастамасының Европада XVІІ ғ. пайда болуы кездейсоқ жағдай емес. Ғылымның
пайда болуының себебі – рационалдылыққа сүйенген жаңа европалық мәдениеттің
ерекшеліктері. Яғни рационалдылық ғылымның пайда болуы мен дамуына орасан
зор ықпал жасап, батыс мәдениетінің феномені болып табылды. Ғылымның
дамуының әлеуметтік қозғаушы күштердің бірі ретінде жаңа табиғи ресурстар
мен машиналарды қажет етіп дамып келе жатқан капиталистік өндірісті
көрсетуге болады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамның
өндіргіш күші ретінде ғылымға деген сұраныс туды. Сонымен қатар жаңа
ғылымға тән жаңа мақсаттары пайда болып, олар ертедегі ғалымдардың ұсынған
мақсаттары мен міндеттерінен елеулі түрде өзгешеленді.
Батыс мәдениеті әдетте рационалды деп аталатындығы белгілі, сол
себепті болар, ол капиталистік өндіріспен өте жақсы ұласып кетті. Батыс
мәдениеті еңбек пен техникалық жаңалықтардың бөлінуі есебінен барынша мол
табыс табуға мүмкіндік беретін аса рационалдық жүйе ретінде қалыптасты.
Қазіргі заманғы ғылымда батыс мәдениетінің өзіне ғана тән ерекшелігі
ғылымның іс - әрекеттік бағытталуы. Себебі, егер де жасалынып жатқан
жұмыстың нәтижелілігіне көзі жетпесе, бір де бір капиталист ғылыми
зерттеулерге қаражат бөлмейді.
Алайда барлық ғылыми жаңалықтар мен пікірлер бірдей оң көзқараспен
қабылданған жоқ. Мысалы, Бартелеми Тимоньенің иненің құлағын, әдеттегідей
иненің соңына емес басына орналастаруы (1830 ж.) тігін машинасын жасап
шығаруға мүмкіндік берді. Бірақ тігін машиналары жасалып шығарыла бастаған
кезде, тігіншілер жұмыссыз қалудан қорқып, 80-ге тарта тігін машинасын
қиратып тастағандығы белгілі. Осыған ұқсас кітап басып шығарудағы
Гутенбергтің жетістіктеріне саудагер Иоганн Фуст назар аударып, Гутенбергке
алғашында қаржылай көмек көрсеткенімен, кейін 1455 жылы тез пайда табу
мақсатында Гутенбергке қарсы сот ісін бастаған. Сот ісін жеңген ол барлық
әріп теретін станоктарды тәркілеп тартып алып, Гутенбергтің көмекшісі болып
жұмыс істеген күйеу баласымен бірге жаңа іс ашқандығы да тарихта белгілі.
Жыл сайын пайда болып жатқан дәлелдемелерге, сондай – ақ 1967 және 1982
жылдары Ватиканның эволюцияның глобальдік сипатқа ие болғандығын ресми
түрде мойындағаның танығандығына қарамастан, эволюциялық теория діни
қайраткерлер тарапынан сенімсіздікке, түрлі сын мен тіпті оны жоққа
шығарушылыққа ұшырауда.
Қазіргі заманның ғылымы қоғам мен адамды қоршаған ортаны өзгертудің
және оны танып-білудің аса қуатты құралына айналды. Оған көз жеткізу үшін
ұялы телефондар мен интернет, автомобильдер мен көшедегі тығырықтар, бай
өмірдің насихатты, жұмыссыздық пен көшелердегі қайыршылықты еске түсіру
жеткілікті. Бұның барлығы капитализм деп аталатын қоғамдық формацияның
өзіне тән белгілері. Осы формацияның және капиталистік қатынастардың негізі
ретінде техникалық мәдениет пен қоршаған орта ресурстарын экстенсивті
пайдалану болып табылады. Қоғамдық қатынастардың бұл түрі
жаратылыстанушылық және техникалық ғылымдардың қоғамның басты өндіруші
күштері ретінде қарастырылып, пайдалануының негізінде дамып, пайда болған.
Басқа сөзбен айтқанда, ғылымның дамуының әлеуметтік қозғаушы күші
болып жаңа табиғи ресурстар мен машиналарды қажет еткен капиталистік
өндіріс болып табылды. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамның
өндіргіш күші ретінде ғылым қажет болды. Сталиндік типтегі социалистік
жүйенің құлауы жаңа капиталистік қатынастардың бүкіл әлемге тарауына әкеліп
соқты. Сол себепті қазіргі сәтте капиталистік техникалық мәдениет өзіне тән
қарама-қайшылықтарына қарамастан қазіргі заманның әлемдік қауымдастығының
идеалы және бас иетін құдайы тәрізді болуда. Сондықтан барлық мемлекеттер
аса қуатты капиталистік елдер секілді пайда табудың жолына түсіп отыр.
1.2 Ғылыми танымның құрылымы
Ғылымды - эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге
негізделген дүние танымның ерекше рационалды әдісі деп таниды.
А.А.Горелов, аңызға айналған Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс
заңның ашылуың мысал ете отырып ғылыми танымның құрылымын оригиналды түрде
талдап қарастырды. Осы аңыз бойынша Ньютонның басына кенеттен алма құлап,
сол мезетте Ньютонның ойында бір керемет ой пайда болып, ол бүкіл әлемдік
тартылыс күші туралы заңды ойлап тапты деп саналады. Бұл жерде алманың
Ньютонға дейін көптеген адамдардың бастарына қанша түссе де, олардың
ойларына ешқандай ойдың кірмегендігі қарастырылмағандығын көрсеткен дұрыс.
Сонымен эмпирикалық факт – яғни алманың түсу оқиғасын қарастырайық.
Бұл жерде көрсетілген оқиға ғылыми зерттеудің бастапқы нүктесі болып ғылыми
фактіге айналды. Шынымен де алмалар үнемі құлап тұрады ма жоқ па деген
сұраққа келесі алманың құлауын күтуге де болады. Біздің бұл әрекетімізді
зерттеудің әдісі немесе тәсілі деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл бақылау
деп аталып, жаратылыстанудың кейбір салаларында ол зерттеудің жалғыз
эмпирикалық әдісі болып табылады. Мысалы, астрономияда.
Алайда алманың өздігінен құлауын күтудің ешқандай да қажеттілігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz