Банк жүйесінің қалыптасуы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Ι БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 . Банк және банк жүйесіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ..6

ΙΙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІН МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1. ҚР Ұлттық банкінің экономиканы реттеу тетіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. ҚР.ның банк жүйесінің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..11
2.3. Дағдарыс жағдайындағы банктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
КІРІСПЕ


Халқымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір фактор банк жүйесінің дамуы. Өйткені банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақыт сатысында тиімді, нәтижелі және болашақ бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Ұлттық банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Экономика басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері, мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.Банктер:
1.Тәуелсіз, бос қаржыны жинақтайды;
2. Шаруашылық субъектілерінің кассирлері қызметін атқарады;
3. Эмиссия жүргізеді.
Өзінің дамуында банктер ақша нарығында тауар болатын жаңа талаптар мен міндеттемелер құрады.Қоғам мен экономикадағы нарықтық қатынастардың дамуымен банктердің экономикалық ролі күшейеді. Қазір банктердің кең таралған жүйесінсіз үйлесімді дамыған мемлекетті елестете алмаймыз. Шынында да, банктер экономикада көптеген жүректер жұмысы қызметін атқарады, яғни олар арқылы мемлекеттің экономикалық-саяси қуаты дамуы мүмкін болады. Курстық жұмысымның негізгі мақсаты - банк жүйесінің қалыптасу және даму мәселесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Осы тақырыптың өзектілігіне келсек, біз банкті мемлекетті және қоғамның бүкіл мүшелерін қаражатпен қамтамасыздандыратын генератор деп те қарастыра аламыз. Осыған орай, тұрақты, иілгіш, әрі тиімді банк инфрақұрылымын құрастыру – Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаның ең маңызды және өте қиын мақсаты болып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы.-Алматы, Атамұра, 2007.-42 б.
2. Мақыш С.Б., Банк ісі.-Алматы, ИздатМаркет, 2007.-16-365 б.
3. Мамыров Н.К., Тілеужанова М.Ә., Макроэкономика. –Алматы, Экономика, 2001.37-222 б.
4. О состоянии финансового рынка и финансовых организаций по состоянию на 1 август 2010 года // Банки Казахстана №8.-2010.
5. Основные направления денежно-кредитной политики НБРК на 2007-2009 годы // Банки Казахстана №4.-2009.
6. Ред. басқ. Ғ.С.Сейітқасымов, Ақша, Несие, Банктер.-Алматы,Экономика, 2001.-462б.
7. Об итогох деятельности за 1 полугодие 2009 года // Банки Казахстана №8.-2009
8. Оценка рейтингового состояния банковского сектора Республики Казахстана // Банки Казахстана №8.-2009.
9. ҚР ның Ұлттық банкі. Жылдық есеп 2004 (86-87 б)
10. Мақыш С.Б., Банк ісі.- Алматы, ИздатМаркет, 2007. 33-43 б
11. Заң газеті 2008. №132(3б)
12. 2010ж 1 қазандағы қаржылық жағдай туралы есеп // Қазақстан-Заман газеті №43.(814) 2010. 6 б
13. [режим доступа]: http://www.nationalbank.kz/cont/publish831195_6180.xls
14. [режим доступа]: http://www.nationalbank.kz/?docid=647

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Ι БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. . Банк және банк жүйесіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ..6

ΙΙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІН МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 9 2.1.
ҚР Ұлттық банкінің экономиканы реттеу
тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..9
2.2. ҚР-ның банк жүйесінің қазіргі жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..11
2.3. Дағдарыс жағдайындағы
банктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

КІРІСПЕ

Халқымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикасының дамуына әсер ететін
бірден-бір фактор банк жүйесінің дамуы. Өйткені банктік жүйе-нарықтық
экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Отандық
экономиканы реформалаудың қазіргі уақыт сатысында тиімді, нәтижелі және
болашақ бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Бұл саланың
маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп
отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету
тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Ұлттық
банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Экономика басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық
қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен
мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни
оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені
осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді
қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың
экономикалық әдістері, мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі
буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен
немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет
етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз
қозғалысын қамтамасыз етеді.Банктер:
1.Тәуелсіз, бос қаржыны жинақтайды;
2. Шаруашылық субъектілерінің кассирлері қызметін атқарады;
3. Эмиссия жүргізеді.
Өзінің дамуында банктер ақша нарығында тауар болатын жаңа талаптар
мен міндеттемелер құрады.Қоғам мен экономикадағы нарықтық қатынастардың
дамуымен банктердің экономикалық ролі күшейеді. Қазір банктердің кең
таралған жүйесінсіз үйлесімді дамыған мемлекетті елестете алмаймыз. Шынында
да, банктер экономикада көптеген жүректер жұмысы қызметін атқарады, яғни
олар арқылы мемлекеттің экономикалық-саяси қуаты дамуы мүмкін болады.
Курстық жұмысымның негізгі мақсаты - банк жүйесінің қалыптасу және даму
мәселесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық
стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Осы тақырыптың өзектілігіне келсек,
біз банкті мемлекетті және қоғамның бүкіл мүшелерін қаражатпен
қамтамасыздандыратын генератор деп те қарастыра аламыз. Осыған орай,
тұрақты, иілгіш, әрі тиімді банк инфрақұрылымын құрастыру – Қазақстан
Республикасындағы экономикалық реформаның ең маңызды және өте қиын мақсаты
болып отыр.

Ι БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Банк және банк жүйесіне сипаттама

Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды
құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі
массасын шоғырландырады. Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен
қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, онда
олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегінше, бір жүйе
өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді. Банк жүйесіне бұл принциптердің де
тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі
элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер,
банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т.б. Банк жүйесі құрамдық
бөлік ретінде үлкен жүйе-елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі
елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен
дамуын ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер
мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да
жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен
реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады. Банк жүйесі белгілі бір
өзгешеліктер мен белгілерге ие. Банк жүйесінің белгілері:
1. Банк жүйесінің элементтері алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты
бірліккке бағына отырып әрекеттеседі. Онда кездейсок элементтер
болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен
анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі
белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән
тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас
ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге
болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-
бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ
ақша банкінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай
алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп
тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі
сақталып қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс
үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы
мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың
тек өздеріне тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі,
нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйенің
сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын
экономикалық, әлеуметтік , саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады.
Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады,
экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет
етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға
бағынады .
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ банк
инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін
қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.

Кесте 1-тамыз 2010ж жағдай бойынша Қазақстан банк жүйесінің құрылымы .[4,
3 б]

Саны
Ұлттық банк 1
Екінші деңгейлі банктер 39
Оның ішінде, коммерциялық банктер 35
Мемлекеттік банк 2
Шетелдердің еншілес банктері 14
Шетелдік банктердің өкілдігі 23
Қазақстан даму банкісі 1

Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық қатынастың және
т.б. даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада реттелетініне қарай
банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп көрсетіледі:
- мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер
операцияларының арасына қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға
тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
- барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Батыс және Орталық Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да
өнеркәсібі дамыған елдерде несие институттарының арасындағы дәстүрлі
шекараның жойылуынан байқалып отырған банктерді әмбебаптандыру
тенденциясына артықшылық береді. Функционалдық тұрғыдан мамандандыруды
басқару осы заманғы банктерді өз клиенттеріне 200-ге дейінгі қызмет
түрлерін ұсынуға қабілеті бар көп қызметті несие мекемесіне айналдыруға
мүмкіндік береді. Бұл жағынан клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары
деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін осы заманғы банк технологияларын
қолдану, өз қызметін әртараптандыру арқылы сенімділік пен инвестиция үшін
қаржылық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында банктер өздерін ірілендіруге әрі
капиталдандыруға ұмтылыс жасап отыр. Мұндай тенденция көптеген
мемлекеттерге тән. Мәселен, ХХ ғасырдың 90-шы жылдары АҚШ-та коммерциялық
банктер 15,5 млрд доллар пайда алып, 2,5 трлн доллар сомасындағы активтерді
бақылайды. 2000 жылы жуық шамамен 17 млрд доллар пайда алған, 5 трлн доллар
сомасындағы активтерге ие 9500 коммерциялық банктер ғана қалды.
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз
құрылымы. Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұрғыдан қатар дамып, бір-
бірімен тығыз байланыста болды. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне
қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырды. Бұл арада
банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық
органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған еркін
ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалануы үшін
берді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да
көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге шоғырландырылған қаражат
өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне
тікелей ықпалын тигізді .

1.2 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері

Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы заңмен реттеледі. Осы заңның 1-бабына
сәйкес банк дегеніміз - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-
өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Банктің ресми
мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік
тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы
болуымен белгіленеді. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы заңның 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі
деңгейден тұрады. ҚР банк жүйесінің құрылымын ҚР банктер және банк қызметі
туралы Республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар
жарлығында Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк-
мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіндегі
банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі
банктер делінген жолдардан көруге болады.[1,42 б] Кеңес үкіметі кезінде
Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болмаған, себебі республика аумағында
КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет
етті.
Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық 2 заң-
Мемлекеттік банк туралы және Банктер және банк қызметі туралы заңдар
бекітілді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру
кезінде коммерциялық банктерге айнала бастады. 1990 жылғы Банктер және
банк қызметі туралы Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі
құрылды. Осыдан бастап Қазақстан банк жүйесінің жаңа даму сатысына көшті.
Банк қызметін –банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Казіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге
бұрынғыша салымдар тарату мен қарыздар беру жатады. Коммерциялық банктердің
желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке
тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және экономика
және халықтың қысқы мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану
ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
ҚР-ның экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені
басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету
механизмін құру, банктердің кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде
экономикалық әдістерді қолдану, банк пен клиенттері, сонымен қатар банктің
өз жүйесі шеңберіндегі оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-
қатынастар жүйесін қайта құру, яғни жаңа құбылыстар мен процестерді ескере
отырып, принципті түрде реформалау қажеттігінің мағызы зор. 1990 жылы
желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы
алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін
қамтиды.[1, 43 б]
1995 жылғы банктік реформа Ұлттық банктің Қазақстандағы банктік
жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Қазіргі таңда ҚР
жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын 3 кезеңге бөлуге болады:
1-кезең: 1988-1991 жж.-мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер
қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті
бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер
қатарын құру;
2-кезең: 1992 аяғы 1993 жылдары –рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық
банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі,
коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық
нормативтік базанының қалыптасуының бастапқы кезеңі.
3-кезең: 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа
ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие
саясатының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен
қарым-қатынас орнатудың классикалық принциптерін енгізу, банктердің
қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.[2, 25 б]
Банк жүйесінің қалыптасуын төмендегі ретпен қорытындылап шығуға
болады. Біріншіден, 1990 жылдар басындағы өзгерістер. Алғашқы заң
актілерінің қабылдануы Қазақстан Республикасының жеке банк жүйесінің
қалыптасуы. Осы жылдар ішіндегі ең елеулі оқиғалар: Ұлттық валютамыздың
енгізілуі, Орталық банктің Ұлттық банк болып құрылып, өз саясатын
экономикамызды тұрақтандырып, өсуін қамтамасыз етуде іске асыруы.[2, 26-27
б]
Екіншіден, 1995-1998 жылдар аралығындағы банктік реформалар.
Ең маңыздылары Банктер және банктік қызмет туралы және Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңдардың қабылдануы. Осы реформалар
негізінде инвестициялық, несиелік, қаржылық банк қызметтерінің дамуы. Ел
экономикасын несиелеу және инвестиция тарту мәселелерінің шешімдерін таба
бастауы. Банктік талаптың өсуі және банктердің реттелуі .

ΙΙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің экономиканы реттеу тетіктері

Қазақстан Ұлттық Банкі еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы
ретінде мемлекеттің ақша-несие және валюта саясатының басты бағыттарын
анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, яғни мемлекеттің
ақша-несие саясатын жүргізу және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік ету.
Қазақстан Ұлттық Банкі- бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке түрлендірілген
банктердің банкі болып табылады. Іс жүзінде Қазақстан Ұлттық Банкінде
барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына
түсуі Қазақстан Ұлттық Банкі мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын
толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп
айырысуларды ҚҰБ мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда ҚҰБ-
нен несие ала алады. [6, 462 б]
Қазақстан Ұлттық банкі- бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса
меншікті алтын-валюта резервтерден, басқа да материалдық құндылықтардан
тұратын мүліктерге ие заңды тұлға. ҚҰБ өзінің атқаратын мәні жағынан
біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі.
Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері- 20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары
ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен
бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті
ақшалай қаражаттардан тұрады. ҚҰБ резервтік және басқа да қорларды құрайды.
Оның резервтік қоры жарғылық қор көлемінде құрылып, меншікті пайда есебімен
толықтырылады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен
шығындардың орнын жабуға жұмсалады. ҚҰБ-нің таза табысы жарғылық қорды және
резервтік қорды абсолюттік сомада құруға бағытталады. Таза табыстың қалған
бөлігі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. ҚҰБ және оның
мекемелері ҚР салық кодексіне сәйкес барлық салықтар мен алымдар төлеуден
босатылған. [2, 34 б]
ҚҰБ-нің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады:
- меншікті қарадат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және ҚҰБ-де шартты негізде орналастырылған
ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- Арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар
есебінен.
Ұлттық банктің Басқармасы 9 адамнан тұрады. Ұлттық банктің басқармасының
құрамына:
-ҚҰБ төрағасы және 5 лауазымды тұлғалары;
-ҚР Президентінен 1 өкіл; -ҚР Үкіметінен 2 өкіл кіреді.[2, 35 б]
2004 жылдан бастап, ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңына енгізілген
өзгерістерге сәйкес, ҚҰБ-нің негізгі міндеті-баға тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады. [3, 37 б] Бүгінгі күні Ұлттық банк мынадай классикалық
қызметтерді атқарады:
-ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті банкноталар мен монеталар
шығару;
-мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
-несие беру;
-депозит қабылдау;
-төлем жүйесін ұйымдастыру;
-төлем балансын құрастыру;
-валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі орталық банкі ретінде ақшаны
эмиссиялау құқығы тек қана ҚР Ұлттық банкіне Заңмен бекітіп берілген. ҚР-да
ақшаны эмиссиялау қызметін 1993 жылдың қараша айының 15 жұлдызынан бастап
жүзеге асыруды қолға алды. ҚР Ұлттық банкі эмиссиялық банк болып табылады.
Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті мөлшерден артық мөлшерін
айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті ақша мөлшерден артық шығару
оның құнсыздануына жол береді.
Ақша-несие саясаты –бұл айналыстағы ақша массасын, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Қазақстан Ұлттық банкі ақша –несие саясатын
жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтқанды, ақша-несие саясатының
бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы
анықтайды, Ал Директорлар Кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми
мөлшерлемелерді белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының
басты бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес және
бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарына сай аукционға
қатысушылардың өтініштерін қанағаттандыруға құқылы.Ұлттық банк 2008 жылы
1960,2 млрд теңгеге қысқа мерзімді ноталар шығарды (2007 жфлмен
салыстырғанда 3,5 есе ұлғайды). Ноталардың ең төменгі эмиссиясы (207,7 млрд
теңге) 2008 жылы І тоқсанда қалды, қалған тоқсандарда ноталардың
эмиссиялары үлкен көлемдермен жүзеге асырылды.[3, 213 б ]
Қазақстан Республикасының экономикасындағы жоғары тәуекелдердің
сақталуы және нақты сектор тарапынан кредиттік ресурстарға деген сұраныстың
шектелуі, сондай-ақ банктердің несие портфелі сапасының төмен болуы
кредиттік белсенділіктің өсуіне әсер етпеді. Нәтижесінде сыйақы
ставкаларының төмендеуіне және банктерден тартылатын депозиттер және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын қысқа мерзімді ноталары
бойынша мерзімдерінің ұлғаюына қарамастан банктер Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің құралдарындағы өтімділіктің едәуір көлемін жинақтады.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми
қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ
мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге
асырылатын аумақтағы нарықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Қр-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Пәндер